Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#9296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Батиха  ПАЙДИНА,

Орал  қалалық  білім  

беру  бөлімі басшысының   

орынбасары

Құрметті 

«Урал Тех Сервис»  ЖШС-ның  

ұжымы!


Сіздерді  тамыз  айының  алғашқы  жексенбісінде 

тойланатын төл мерекелеріңіз – көлік қызметкер- 

лері күнімен құттықтаймын! Аса жауапты, аса  

талапты қажет ететін біздің «Урал Тех Сер-

вис» ЖШС-да барша техника атаулының кәсіби  

мамандары  мен  өз  ісінің  шеберлері  маңдайының 

терін  төгіп,  адал  еңбек  етіп  келеді.  Сіздердің 

тәжірибелеріңіз  бен  кәсіби  шеберліктеріңіз,  өз  іс-

теріңізге  деген  адалдықтарыңыз  ұжым  жұмысын  

жетілдірудің жаңа тетіктерін табуға көмектесіп 

отыр. Дәстүрлі мейрамдарыңыз тағы да құтты 

болсын! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, еңбек-

теріңізге табыс және отбасыларыңызға бақ-береке 

тілеймін. 

Құрметпен: Александр БАклАн

«Урал Тех Сервис» ЖШС-ның 

директоры

Кони Сент­Луи – Лондон  қала­

лық университеті журналис­

тика факультетіндегі ғылыми 

журналистика бөлімінің же­

текшісі. Еңбек жолын «Би­Би­

Си» телерадиокомпаниясында 

радиожурналист болып бастап

онда табан аудармастан жиыр­

ма жылдай қызмет атқарыпты. 

Еуропаның біраз елінде меншік­

ті тілші болған.  Міне, он жыл­

дан бері аталмыш оқу орнында 

тәлім­тәрбие беріп келе жатқан 

Кони Сент­Луимен Лондонға 

барған сапарымыз барысында 

сұхбаттасқан едік.


14

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  28   шілде 2016 жыл

Бөкей хандығының төл тарихымыздан 

маңызды орын алатынына ешкімнің шүбә 

келтіре алмасы анық. Еділ мен Жайық 

арасындағы осы киелі атамекен талай 

тұңғыштарды дүниеге әкелуімен де құнды.

Бөкей хан тарихындағы

Хан Бөкейдің тұсында

Шекер шайнап, бал іштік...



Халық сөзі

Тарихнама не дейді?

Бөкейдің  ата­тегі  Қазақ  хан­

дығының  негізін  салған  Жәнібек 

ханнан  бастау  алатын  хан,  сұл­

тандар  әулетінен.  Әйгілі  Әбіл­

қайыр ханның тұңғыш ұлы Нұралы 

хан  шаңырағында  дүниеге  кел­

ген  Бөкейдің  анасы  да  төре  тұ­

қымынан.  Ол  жөнінде  Бөкей  1806 

жылы 22 ақпанда әскери министр 

С.  Вязмитиновке  жолдаған  хаба­

рында  «Бірге  туған  ағайынды 

үшеуміздің әкеміз хан, ал шешеміз 

хан  қызынан  тарайды»  деп,  өз 

тегінің  таза  ақсүйектер  әулетінен 

екендігін  алға  тартады  [Матери­

алы  по  истории  Казахской  ССР 

(1785­1828  гг.).  Т.  IV.  Под  рук.  

М.  Вяткина.  –  Москва­Ленинград: 

Изд.  АН  СССР,  1940.  268­б.].  Князь  

Г.  Волконскийге  жазған  хатында  

да  Бөкей  өзінің  хан  мен  хан  қы­

зынан  туғандығын  айтып,  ата­тегі 

бойынша өзін ақсүйек санаған. 

Алайда  Бөкейдің  анасының 

нақты  есімі  әрі  қай  әулеттен  та­

райтыны  осы  күнге  дейін  құжат­

тық  деректермен  нақтыланған 

емес. Өткен ғасырдың 60­70 жыл­

дары  Атырау  өңірінде  өмір  сүр­

ген  шежіреші  Ыбырай  Қорқытов 

Бөкейді  Нұралы  ханның  үшінші 

әйелі  Аққолтықтан  өрбіген  үш 

ұлдың  ортаншысы  деген.  Біздің­

ше,  Бөкейдің  анасы  Орта  жүздегі 

төрелер  тұқымынан  болуы  мүм­

кін.  Себебі,  Бөкей,  оның  інісі  Шы­

ғай  есімдері  Орта  жүздегі  Жәдік 

әулетінен  тарайтын  төрелерге  

тән.  Әрі  бабаларының  есімдерін  

өз  балаларына  қайталап  қою  тө­

релер тарихында жиі кездеседі. 

Бөкей  ханның  дүниеге  келген 

уақыты  жөнінде  де  бірізділік  жоқ. 

Бүгінде  отандық  зерттеушілердің 

иек  артып,  табан  тірер  дерегі  

1901 жылы «Астраханский листок» 

газетінде  жарық  көрген  зерттеу­

ші  И.  Ивановтың  еңбегі  болып  та­

былады.  Ол  бойынша  1811  жылы 

төменгі  Орал  шебінде  Бөкеймен 

жүздескен  Орынбор  кеденінің 

директоры  сұлтанның  жасын  60­

тан  асқан  деп  шамалаған.  Осыны 

негізге  алған  И.  Иванов  Бөкейдің 

дүниеге  келуін  XVIII  ғасырдың  

40­жылдарының  соңына  жатқы­

зады  [Иванов  И.  К  столетнему 

юбилею  Внутренней  (Букеевской) 

киргиз­кайсацкой  орды  //  Исто­

рия  Букеевского  ханства.  1801­

1852 гг.: Сб. документов и матери­

алов. – Алматы: Дайк­Пресс, 2002. 

940­б.]. Осы дерекке сай тарихшы  

И.  Ерофеева  Бөкейді  шамамен 

1748 немесе 1749 жылы туған десе, 

мұрағатшы  Б.  Жанаев  1749/1750 

жылдарды топшылайды. Ал Ө. Қа­

жымғалиев  пікірінше,  Бөкей  хан 

1757  жылы  туған  [Қажымғалиев  

Ө.  «Бөкей  хан  таңдап  қонған  На­

рын еді...» // Ана тілі. – 2015. – 21­27 

мамыр. – № 20. 9­б.]. 

Оның  үстіне  Бөкейдің  Нұралы 

ханның  нешінші  ұлы  екендігі  де 

дәл  анықталды  деу  қиын.  Тарих­ 

шы  Ж.  Қасымбаевтың  анықтауын­

ша,  Бөкей  Нұралының  тұңғышы 

[Касымбаев  Ж.  Государственные 

деятели  казахских  ханств.  XVIII 

– первой половины ХІХ вв. Жангир 

хан  (1801­1845  гг.).  Т.4.  –  Алматы: 

Наш Мир, 2001. 10­б.], А. Самиғол­

лаұлының  саралауынша,  екінші 

ұлы  [Самиғоллаұлы  А.  Қазақтың 

мақтанышы  //  Президент  және 

халық. – 2011. – 28 қаңтар.], И. Еро­

фееваның  есебінше  Есім,  Пірәлі 

хандардан,  Қаратай  сұлтаннан 

кейінгі  төртінші  ұлы  [Ерофеева  

И.  Внутренняя,  или  Букеевская, 

Орда в первой половине ХІХ в.: ис­

тория и историография // История 

Букеевского  ханства.  1801­1852 

гг.:  Сб.  документов  и  материалов. 

–  Алматы:  Дайк­Пресс,  2002.  8­б.]. 

Жазушы  Әнес  Сарай  алғашында 

Бөкейді  Нұралының  тұңғышы  деп 

анықтағанымен,  [Сарай  Ә.  Иса­

тай­Махамбет  тарихы.  Зерттеу.  –  

Алматы:  Өлке,  1997.  9­б.],  кейін­

нен «Бөкей – осы Нұралының көп 

ұлдарының  бірі.  Орынбор  әскери 

губернаторы  Г.  Волконский  оны 

хан  тағайындау  тұсындағы  мінез­

демесінде  «сұлтандардың  үлке­

ні»  деп  көрсеткен.  Бұл  анықтама 

–  Нұралының  тұңғышы  дегендік 

пе,  жоқ,  Нұралы  ұлдарының  көзі 

тірісінің  арасындағы  қазіргі  үлке­

ні  дегені  ме  –  анық  емес.  Қайсы­

бір  жазбалар  Бөкейді  Нұралының 

тұңғышы  деп  көрсетеді.  В.  Вос­

кресенский  Бөкейді  Нұралының 

кенжесі  деп  жазады.  Олай  болуы 

мүмкін  емес.  Бөкейдің  Сығай  де­

ген  туған  інісі  болғаны  және  бел­

гілі.  Бұл  мәселе  әлі  де  анықтай 

түсуді  қажет  етеді»  [Ә.  Сарай  Екі  

тарлан.  Исатай­Махамбет  тарихы  

туралы  зерттеу.  –  Алматы:  Арыс, 

2003. 11­б.] деген тоқтамға келді. 

Жалпы,  Бөкейдің  қашан  туған­

дығын,  соған  орай  Нұралының 

белінен өрген 40 ұлдың нешіншісі 

екендігін  анықтау  үшін  ханның 

өзге  балаларына  тоқталу  қажет. 

Орынбор,  Мәскеу  мұрағатының 

құжаттары  Нұралының  тұңғышы 

Есім,  екінші  ұлы  Пірәлі  екенін 

дәлелдейді.  Нұралы  ұлдарының 

есімдері  орыс  деректеріне  1750 

жылдан  бастап  түскен.  Өйткені 

бұған  дейін  Әбілқайыр  хан  ұлда­

рын  аманатқа  алып  келген  Орын­

бор әкімшілігі осы кезден Нұралы 

ұлдарын  ала  бастады.  1750  жылы 

Әбілқайыр  ұлы  Әділдің  орны­ 

на  Орынборға  аманатқа  алынған 

Нұралының  баласы  Пірәлінің 

бес  жаста  болғанын  А.  Левшин,  

Л. Мейер, В. Витевский, А. Доб

 

рос­


мыслов  секілді  орыс  зерттеуші­ 

лері  атап  өтеді.  Нұралы  хан 

1751  жылы  баласы  Пірәліні  елге  

қайтаруды  сұрап,  орнына  Мұха­

метәліні  (Мәмбетәлі)  ұсынғаны­

мен,  орыс  үкіметі  сұлтанның  жас­ 

тығын,  яғни  үш  жасқа  да  тол­

мағанын  алға  тартқан.  Осыған 

байланысты үкімет Нұралыдан үл­

кен  ұлы  Есімді  сұрағанымен,  хан 

оған келіспеген. Міне, осы аманат 

төңірегіндегі  текетіресте  Нұра­

лы  ұлдарының  үлкендері  ауызға 

алынған. 



Деректер не дейді?

Егер  де  жоғарыдағы  зерттеу­

шілер  айтқандай,  Бөкей  сұлтан 

1748/1749  жылдары  шамасын­

да  дүниеге  келсе,  неліктен  орыс 

үкіметі  ол  жөнінде  үнсіз  қалған. 

Әлде  Нұралы  хан  айналасын 

«бес  саусақтай»  білетін  Орынбор 

ұлықтарының  хан  балалары  ту­

ралы  мәліметтері  болмаған  ба? 

Алайда  Орынбор  мұрағатындағы 

құжаттарға  тиянақты  зер  салған 

адам  олай  дей  алмайды.  Өйткені 

1750­1770  жылдары  Нұралы  ұл­ 

 дарын  кезекпен  Орынборға  ама­

натқа алып отырған патша үкіметі 

олар  жөніндегі  ақпараттарды  әр­ 

дайым  кеңсе  журналдарына  мұ­

қият  тіркеп  отырған.  Мәселен, 

1750  жылы  Пірәлі,  1752  жылы 

Мұхаметәлі,  1753  жылы  Жана­

лы, 1754 жылы Бегәлі, 1756 жылы 

Абылай, 1757 жылы Бердәлі, 1758 

жылы  Айтөре,  1759  жылы  Артық­

қали,  1760  жылы  Бекғали,  1763 

жылы  Бердіғали,  1765  жылы  Абы­

лай,  1767  жылы  Бегәлі,  1768  жы­

лы  Оразғали,  1769  жылы  Нәдір­ 

ғали  сұлтандар  аманат  ретінде 

Орынборға  келген.  Тарихи  дерек­

терге  сүйенсек,  Нұралы  ұлдары 

Есім 1744 жылы, Пірәлі 1745 жылы, 

Мұхаметәлі  1748/1749  жылы  ша­

масында  дүниеге  келген.  Бүгінде 

Есімнің  басына  қойылған  құлпы­

тас  табылып,  онда  ханның  1797 

жылы  53  жасында  опат  болғаны 

жазылған  [Қ.  Құттымұратұлы  Құл­

пытас  сырын  ашайық.  –  Орал:  ЖК 

«ADIL PARASAT», 2014. 16­17 бб.]. 

Олай  болса,  Нұралының  тұң­

ғышы  Есім  сұлтан  1744  жылы  ата­ 

сы  Әбілқайыр  ханның  көзі  тірі­

сінде дүниеге келген. Нұралы хан­

ның  орыс  үкіметінен  өзіне  мұра­ 

гер  тағайындау  мәселесі  бойынша 

1768  жылы  наурызда  Кіші  жүзге 

келген  Я.  Гуляев  жазбасында  Есім 

23 жаста, Пірәлі 22 жаста деп көр­

сетілген  [ОрОММ.  3­қ.,  1­т.,  88­іс, 

133­п.].  Оған  қоса  1767­1768  жылғы 

мұрағат  құжаттарынан  Есім,  Пір­

әлі,  Мұхаметәлі  сұлтандардың  Кі­

ші  жүздің  оңтүстігінде  түрікменге 

қарсы  күресте  қол  бастап  жүрге­

нін  байқаймыз.  1770  жылы  күзде 

Әбілқайыр  хан  немерелері  Пірәлі 

Нұралыұлы  түрікменге,  Сүйікәлі 

Айшуақұлы  қарақалпаққа,  Ағым 

Әділұлы  Хиуаға  хан  сайланды 

[РИССМ.  122­қ.,  122/2­т.,  1769­

1773,  19­іс,  184,  189  пп.].  Ал  1771 

жылғы  «шаңды  жорыққа»  Нұралы 

хан  бес  баласымен  бірге  аттанды. 

Ол  19  ақпанда  өзінің  Есім,  Жа­ 

налы,  Арыстан,  Абылай  атты  ұл­

дарымен  жорыққа  шығып,  Пірәлі 

сұлтанға  шақыру  жібергенін  Ре­

сейдегі ұлы Бекәлі сұлтанға хабар­

лайды.  Бұл  туралы  князь  Н.  Уру­ 

 сов та 1771 жылы 16 сәуірде Аст­

рахан  губернаторы  Н.  Бекетовке 

жазған  рапортында  айтып  өтеді 

[ОрОММ.  3­қ.,  1­т.,  119­іс,  389­п.]. 

«Қалмақ  қашу»  кезінде  қазақ  да­

ласына  келген  капитан  Н.  Рычков  

3 мамыр күні Нұралы ханмен кез­

десуін:  «Хан  қалың  кілем  үстінде,  

екі  ұлы  Есім  және  Пірәлі  сұлтан­

дардың  ортасында  отыр  екен.  

Есім  сұлтан  үлкен  болғандықтан,  

оң  жағында  отырды,  екіншісі,  тү­

рікмен  ханы  болғанына  қарамас­

тан,  сол  жағына  отырыпты»  деп 

сипаттайды  [Рычков  Н.  Дневные 

записки  путешествия  в  Киргиз­

Кайсацкую степь в 1771 г. – Санкт­

Петербург: Императорской Акаде­

мия Наук, 1772. 49­50 бб.]. 

Тарихшы  И.  Ерофеева  Нұралы­

ның  ұлы  Қаратай  сұлтанды  қал­

мақ  тұтқыны  Рыстан  1746/1747 

жылы  туған  дейді.  Қаратай  тари­

хын  арнайы  зерттеген  А.  Ряза­

нов,  А.  Ахмет,  Ә.  Мұқтар  сынды 

ғалымдар  осы  әулеттің  ұрпағы 

Бақытжан Қаратаевтың қалдырған 

мәліметтеріне  сүйеніп,  Қаратай­

ды 1771 жылы туған, Бөкейдің іні­

сі  десе,  тарихшылар  А.  Рязанов,  

М. Вяткин, Ж. Қасымбаевтар Қара­

тайды  Нұралының  екінші  ұлы  деп 

жаңсақтыққа жол берген. Мұрағат 

құжаттары  мен  төңкеріске  дейін­

гі  орыс  авторларының  еңбектері 

Қаратайдың  жас  жағынан  Бөкей­ 

дің  ағасы  екендігін  айғақтайды. 

Бұған  1811  жылы  19  тамызда  Ай­

шуақ  сұлтанның  Орынбор  әскери 

губернаторы Г. Волконскийге жаз­

ған  хатында  «үлкен  ағасы  (Қара­ 

тай  –  Ж.  А.)  ханды  (баласы  Жан­ 

төре  –  Ж.  А.)  өлтірді,  ал  кішісінің 

(Бөкей – Ж. А.) хан болуды қалауы 

маған  соншалықты  жағымсыз» 

деген  хабары  дәлел  бола  алады 

[ОрОММ. 6­қ., 10­т., 716­іс, 259­п.]. 

Кіші  жүз  хандарын  зерттеуші  

Ж. Қасымбаев «Хан Айшуак (1719­

1810)» атты еңбегінде Айшуақ хан­

ның  1810  жылы  қайтыс  болғанын 

келтіреді.  Ал  Л.  Мейер,  А.  Доб­ 

 росмыслов,  И.  Ерофеевалар  Ай­

шуақ  ханның  1811  жылы  бақи­

лық  болғанын  жазса,  А.  Рязанов, 

Ә.  Мұқтар,  А.  Ахмет  секілді  та­

рихшылар  1812  жылы  фәниден 

озғанын  алға  тартады.  Орынбор 

мұрағатының  деректері  соңғы 

пікірді  құптайды.  Ол  бойынша 

Айшуақ  хан  1812  жылы  сәуірдің 

соңында  дүние  салған.  Сонымен 

бірге  Ж.  Қасымбаев,  И.  Ерофеева­

лар  Жантөре  ханды  Айшуақтың 

үлкен ұлы деп, тағы да жаңсақтық­

қа  жол  береді.  Себебі,  1768  жы­

лы  көктемде  Кіші  жүзге  келген 

Я.  Гуляев  Нұралы  ханның,  Ералы 

сұлтанның  үлкен  ұлдарымен  бір­

ге Айшуақтың тұңғышы Сүйікәліні 

16  жаста  деп  анықтаған  [ОрОММ. 

3­қ., 1­т., 88­іс, 133­п.]. Олай болса, 

Айшуақ  шаңырағындағы  алғашқы 

ұл бала 1751 жылы дүниеге келген 

Сүйікәлі  еді.  Осы  әулеттің  ұрпағы 

Сейітжафар  Асфендиарұлы  1898 

жылы  21  қазанда  Ташкентте  өз 

қолымен  жазған  өмірбаянында 

өзінің  туған  атасы  Сүйікәлі  сұл­

танды  Айшуақ  ханның  үлкен  ұлы 

деп  көрсетеді  [ӨРОММ.  1­қ.,  27­т., 

30­іс.  http://kungrad.com/history/

doc/ avtobiog/]. Сейітжафар әйгілі 

Санжар  Асфендияровтың  әкесі  

екендігін  ескерсек,  Сүйікәлі  сұл­ 

тан  оның  тікелей  атасы:  Санжар  

–  Сейітжафар  –  Асфендиар  – 

Сүйікәлі – Айшуақ – Әбілқайыр.  

Сүйікәлінің  інісі  Жантөре  хан  

ТАРИх


Сағыныш-мұңға         

 

бөлейтін ақын 

15

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл

ТАРИх


Ж.  Қасымбаев,  И.  Ерофеева  жаз­

ғандай  1759  жылы  емес,  1760 

жылы  дүниеге  келген.  Бұған  Те­

ректі  ауданының  Шағатай  ауыл­

дық  округіне  қарасты  Қызылжар 

ауылындағы  «Хан  зиратынан»  та­

былған  Жантөре  хан  басындағы 

құлпытас  дәлел.  Онда  ханның 

1809  жылы  49  жасында  өмірден 

озғаны  оймышталған  [Нұрманова 

А.  Жантөре  Айшуақұлы  құлпыта­ 

сы // DANAkaz. – 2015. – № 6­7 (20). 

75­б.]. 

Сайып  келгенде,  мұның  бар­

лығы  өлкеміздегі  хан,  сұлтандар 

тарихын саралауда дәйекті дерек­

термен  байыпты  байлам  жаса­ 

май  тұрып,  тиянақты  түйін,  тұжы­

рымға  ерекше  көңіл  бөлуді  біл­

діреді.  Мәселен,  И.  Казанцевтің 

Қаратай сұлтанды 70 жастан асқан 

шағында  қайтыс  болды  деуі  [Ка­

занцев  И.  Описание  киргиз­кай­

сак.  –  СПб.:  Типография  Товари­

щества  «Общественная  польза», 

1867.  75­б.],  Орынбор  әскери  гу­

бернаторы  П.  Эссеннің  1825  жы­ 

лы  2  желтоқсанда  Сыртқы  істер  

министрі  К.  Нессельродеге  жол­

даған  хабарында  Қаратайды  «өзі­

нің  өте  қарттығына  қарамастан» 

[Материалы по истории Казахской 

ССР  (1785­1828  гг.).  Т.IV.  Под  рук. 

М.  Вяткина.  –  Москва­Ленинград: 

Изд.  АН  СССР,  1940.  478­б.]  деп 

сипаттауы,  сұлтанның  егде  жаста 

екендігін, яғни 1771 жылдан бұрын 

туғандығын растай түседі. 



Атан ханым хақында 

не білеміз?

Ал 2011 жылы Бөкей хан басы­ 

на  тұрғызылған  келбетті  кесене 

ішіндегі  жаңа  құлпытаста  оның  

1747  жылы  дүниеге  келгені  көр­

сетілген.  Астрахандық  ағайындар 

бұрынғы  ескі  кесене  жанында 

құлпытас  болғанын  айтады.  Еділ 

өңірінің  тумасы  Ләтифолла  Қапа­

шев Сейіт бабадағы Бөкей ханның 

бұрынғы  кесенесі  туралы:  «Ол 

– тік бұрышты (жобамен 40+5,7 м²)  

күйдірілген  кірпіштен  қаланған 

қоршау  ішінде  темір  күмбезді  ке­

сене. Қоршаудың бұрыштары төрт 

жағына  қарайды.  Кесене  қасында 

сұлтан  таңбасы  бар  құлпытас  ор­

натылған.  Араб  әріптерімен  Нұ­

ралы  ханның  баласы  Бөкей  аты 

жазылған,  оған  қоса  62  жасында 

қайтыс  болды  деген  жазу  бар» 

[Л.  Қапашев  Қайран  да  қайран 

Еділ жұрт... // Ана тілі. – 2008. – 25 

желтоқсан.– № 52 (941). 15­б.] ­ деп 

баяндайды. 

Алайда  этнограф  Серік  Әжі­ 

ғали  Бөкей  хан  кесенесіне  қашық 

емес  жерде  жатқан  сұлтан  таңба­

сы  бар  құлпытастың  Бөкейдің 

жұбайы  Ғатан  ханымға  арналға­

нын  анықтады.  Онда  «Бөкей  хан 

Нұралыұлының  жұбайы  һижра 

бойынша  1239  (1823/1824)  жылы 

52  жасында  Ғатан  ханым  офат 

болды» деген жазу қашалған [Ажи­ 

гали  С.  Архитектура  кочевников 

–  феномен  истории  и  культуры  

Евразии  (памятники  Арало­Кас­ 

пийского  региона).  –  Алматы: 

Ғылым,  2002.  169­б.].  Бұл  құлпы­

тас  бүгінде  Бөкей  хан  кесенесі 

жанындағы  Атан  ханымға  арна­

лып  салынған  кесененің  ішіне 

қойылды.  Шын  мәнінде,  Атан 

ханым  Бөкей  ханның  екінші  жұ­

байы,  Жәңгір  ханның  анасы  еді. 

Жергілікті  тұрғындардың  «Ғатан» 

деп  атауы  да  ханымның  дұрыс 

ныспысын көрсетеді. Ол араб қар­

пімен  жазылған  ханым  есіміндегі 

алғашқы «айн» мен «ғайн» әрпінің 

өзара  ұқсас  болуына  орай  оның 

қазақша  оқылу  кезінде  өзгеріске 

ұшырауына  байланысты  еді.  Ал 

Тілекқабыл  Боранғалиұлы,  Өтеп­

берген  Әлімгереев  секілді  жазу­

шылардың ханым есімінің дұрысы 

Әтен  болуы  керек  деген  пікірі­

мен  келісу  қиын.  Себебі,  Атан  ха­

нымның өзі 1815 жылы 8 маусым­

да  Орынбор  әскери  губернаторы 

Г. Волконскийге жолдаған арабша 

түпнұсқа  хатының  соңына  «хан 

Бөкей  Нұралыұлы  халалы  ханым 

Атан  Нұралиева»  деп  қол  қойған 

[ОрОММ.  6­қ.,  10­т.,  1286­іс,  8­п.]. 

Бұл  жазуды  қазақ  тіліне  Қазбек 

Құттымұратұлы  тәржімалаған  еді. 

Оның  үстіне  қиямет  күні  махшар 

алаңында  азан  шақырылған  аты­

мен  шақырылатын  болғасын  құл­

пытасқа  марқұмның  дұрыс  есімі 

жазылатын.  Тастағы  төре  таңбасы 

Атанның  да  ата­тегі  ақсүйек,  яғни 

хан  әулетінен  шыққанын  айқын­ 

дап  тұр.  Өлкетанушы  Ө.  Әлімге­

реев  «Кейбір  деректерде  оны 

Қаратай  тұқымы  деп  көрсетеді» 

[Әлімгереев  Ө.  Бөкей  хан.  –  Аты­

рау: «Атырау­Ақпарат» ЖШС, 2015. 

235­б.]  дегенімен,  атақты  Жан­

ұзақ  жырау  Жәңгір  ханға  арнаған 

толғауында:

 Ал Шыңғыс ханның әулеті,

 Хандар өтті хан соңы, 

Хан ұлының кенжесі

Патша  иемнің  ана  сойын  сұ­

расаң,


Қарабай ханның нәсілі

[Шайыр.  Құрастырған  М.  Ізім­

ұлы.  –  Алматы:  Арыс,  2002.  54­

б.]  –  деп  жырға  қосқан.  Бұдан 

Жәңгір  хан  анасы  Атан  ханымды 

Қарабай  хан  тұқымынан  тарай­

тынын  нақтылай  түсеміз.  Жырау 

келтірген  Қарабай  хан  –  өлке  та­

рихында өзіндік орны бар тарихи 

тұлға.  Ол  –  Бөкейдің  атасы  атақ­

ты  Әбілқайыр  ханның  замандасы 

Батыр  сұлтанның  ұлы.  Батырдың 

өзі  әз  Тәукеден  кейінгі  қазақтың 

аға  ханы  Қайып  Хұсырауұлының 

баласы.  Бұлар  Қазақ  хандығының 

негізін  қалаған  Жәнібек  ханның 

Жәдік  атты  баласынан,  ал  Әбіл­

қайыр  әулеті  Жәнібек  ханның 

Сүкәлі  (Сөк,  Өсеке,  Сүйік)  деген  

баласынан  тарайды.  Яғни  екі  әу­

леттің  арғы  тегі  Жәнібек  ханнан  

барып  қосылады.  Қазақ  ақсүйек­

теріне тән құдандалық дәстүр бұл 

әулет  арасында  XVІІІ  ғасырдан 

басталып,  одан  әрі  өз  жалғасын 

тапқан.  Әбілқайыр  ханның  неме­

ре  қарындасына  үйленген  Батыр 

сұлтан  оған  күйеу  бала  болса, 

Айшуақ  сұлтан  Батырдың  қызын 

қалыңдық қылған. Нұралы ханның 

қарсылығына  қарамастан  анасы 

Бопай  ханым  өзінің  туған  қызын 

Батырдың  баласы  Қарабай  сұл­

танға  ұзатқан.  Әулет  арасындағы 

құдандалық  ілік­шатыс  тек  осы­

мен  шектелмей,  кейін  бөкейлікте 

дәстүрлі  түрде  кең  өріс  алды. 

Бөкейдің  інілері  Шығай  сұлтан 

Қарабайдың  туған  немересі  Ифақ 

ханым  Асанқызына  [М.  Жахатов 

Шығай сұлтанның зайыбы // Орал 

өңірі.  –  2015.  –  9  сәуір.]  үйленсе, 

Меңдікерей  сұлтанның  бәйбішесі 

Ұлпеш  Құлман  Қарабаевтың  қы­

зы.  Ал  Жантөре  хан  Айшуақұлы 

Қарабайдың  Меңді  атты  қызын 

алған.  Орынбор  мұсылмандары 

діни басқармасының тұңғыш мүф­

тиі  Мұхамеджан  Хұсайыновтың 

Қарабай  сұлтанның  Қаракөз  де­

ген  қызымен  1800  жылы  1  тамыз­

да  Орынборда  өткен  неке  қию 

рәсіміне  қазақ  қоғамының  бар­

лық  билеушілері  қатысқан.  Бұған 

қоса  М.  Хұсайынов  түріктің  Ана­

па  бекінісінен  шыққан  Кәрима 

бике  Жұмалықызына  үйленіп, 

одан  туған  Фатима  тоташ  Жәңгір 

ханның  жұбайы  болды.  Бөкей 

ханның  үлкен  ұлы  Тәуке  сұлтан 

Жібек  Қарабайқызымен  отбасын 

құрса,  Бөкейдің  Қазына  деген 

қызына  Қарабай  немересі  Бажақ 

Қасымұлы үйленген. 

Өзінің  туған  ағасы  Батырұлы 

Қайып  ханның  1758  жылы  Хиуа­ 

дан  кетуінен  соң  Қарабай  сұлтан 

төрт  айдай  уақыт  Хиуаның  хан 

тағына отырған. Академик В. Бар­ 

тольдтың  зерттеуінше,  Хиуада  

хандыққа  отырған  Қайыптың  іні­

сі  Абдолла,  сондай­ақ  түрікше 

Қарабай  есімін  иеленген  [Бар­

тольд В. К истории орошения Тур­

кестана.  –  С.­Петербург:  Типогра­

фия  «Сельского  Вестника»,  1914. 

111­б.].  Қарабайдың  хан  атануы 

осымен  байланысты.  Оның  Әбіл­ 

қайыр  ханның  кенже  қыздары­ 

ның  біріне  (Айдархан  ханым  деп  

те  айтылады  –  Ж.  А.)  үйленіп, 

Нұралы  ханға  күйеу  бала  болуы, 

әкесі  Батыр  хан  басқарған  Әлім­

ұлы руларынан Байұлы руларына, 

яғни Нұралы хан ұлысына келуіне 

ықпал  еткен.  Бұл  жерде  Қарабай 

сұлтан  шеркеш  руын  басқарды. 

Ел  аузында  сақталған  әңгімелер 

бойынша,  XVIII  ғасырдың  екін­

ші  жартысында  шеркеш  руының 

старшыны  Тұрмамбет  бидің  қол­

дауымен  Қарабай  осы  руға  хан 

сайланды  [История  киргизских 

султанских родов // Астраханские 

губернские  ведомости.  –  1898.  –  

№4.  3­б.].  Қарабай  сұлтан  өз  әу­

летімен  (27  ұлы  болған)  1802  жы­ 

лы  Бөкейдің  соңынан  ішкі  тарап­

қа  бет  бұрса,  кейін  1810  жылдың  

басында  түпкілікті  өтіп,  сол  жыл­

дың  жазында  өмірден  озды.  Бұл  

жөнінде  Бөкей  сұлтан  1810  жылы  

11  тамызда  Орынбор  комендан­

ты  полковник  А.  Тарарыкинге  ха­

барлаған.  Алматы  мұрағатындағы 

осы  құжатқа  қарамастан  тарих­

шы  И.  Ерофеева  соңғы  еңбегінде 

Қарабайдың қайтыс болуын негіз­ 

сіз  1822  жылдан  кейін  деп  көрсе­

теді.  Бүгінде  өздерін  «Қарабай 

төреміз»  дейтін  ұрпақтары  баба­

лары  табан  тіреген  бөкейлікте, 

Қазталов ауданында өмір сүруде. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет