Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#9296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

-  Қаржылық  сауаттылықты 

артыру үшін ҚР Ұлттық банкпен 

қандай жұмыс жүргізілуде?

­  ҚРҰБ  Қаржылық  қызметтер­

ді  тұтынушылардың  құқықтарын 

қорғау  және  сыртқы  коммуника­

циялар  басқармасының  басшысы 

Александр  Терентьев  өзінің  жа­

қын  арадағы  сұхбатында  Үкімет 

пен  Ұлттық  банктің  2016­2018 

жылдарға арналған экономикалық 

және  әлеуметтік  тұрақтылықты 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  дағда­

рысқа  қарсы  іс­қимыл  жоспары 

шеңберінде  халықтың  қаржылық 

сауаттылығын  арттыру  бағдарла­

масының  жобасы  дайындалуда, 

бұл  жоба  екінші  деңгейдегі  банк­

термен бірлесіп, іске асырылатын­

дығын атап өтті.

Филиалда  «Қаржылық  сауатты­

лықты  арттыру  кабинеті»  жұмыс 

жасайды.  Бұл  бағытта  біздер  ха­

лықпен,  әсіресе,  облыстың  және 

қаланың  оқу  орындарымен  бел­

сенді  жұмыс  жасаймыз.  Сонымен 

қатар  мемлекеттік  органдармен, 

қоғамдық  бірлестіктермен,  пар­

тиялармен,  үкіметтік  емес  ұйым­

дармен  және  облыстың  басқа  да 

ұйымдарымен  белсенді  жұмыс 

жүргіземіз.



Сұхбаттасқан:

Сәндібек ЖОМАРТҰЛЫ

Қаржылық  қызметтерді 

тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау

Ж

ҚАРжы-ҚАРАжАТ



10

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл

Е

р  басына  күн  туып,  етегі­ 

мен  қан  кешкен,  ат  ба­ 

сына  күн  туып,  ауызды­

ғымен  су  ішкен»  ауыр  сында    қа­ 

зақстандықтар  да  ерлік  пен  ба­

тырлықтың  баға  жетпес  үлгісін 

көрсетіп,  орасан  зор  жігері  мен 

қайтпас  қажыр­қайрат  жұмсады. 

Қанды  қырғын  шайқаста  жаумен 

айқасып ажал құшқан ағаларымыз 

бен  апаларымыздың  рухы  алдын­

да  мәңгілік  қарыздармыз.  Өйтке­

ні  солардың  арқасында  біз  бүгін 

бақытты  ғұмыр,  салтанатты  тірлік 

кешіп келеміз.

Сұрапыл  кезеңнен  сыр  шер­

тетін мағлұматтар мен деректерді 

мұрағатта  сақтау  арқылы  тарих 

тәбәрігін ұрпақтан ұрпаққа мирас 

ете  аламыз.  Осы  орайда  облыстық 

мемлекеттік  мұрағатта  Ұлы  Отан 

соғысы  ардагерлерінің    жеке  тек­ 

тік  құжаттары  көздің  қарашығын­

дай  сақтаулы  екенін  айта  кеткен 

жөн.  Солардың  қатарында  соғыс 

және  еңбек  ардагері  Мұхтар 

Әжіғұловтың  құжаттары  да  (био­ 

графиялық  мәліметтері,  мақала­ 

лар,  шақырулар,  құттықтау  хатта­

ры,  журналдар,  құрмет  грамота­ 

лары,  анықтамалар,  фотосурет­

тері)  бар.  Онда  Ұлы  Отан  соғы­

сында  жаумен  арпалысып,  Отан 

үшін от кешкен, өмірде кездескен 

ауыртпалықтарға  мойымай,  кері­

сінше алға ұмтылып, елін, жерін ту 

етіп,  таудай  талабы  мен  еңбегінің 

арқасында  еленген  жанның  өмір 

жолы көрініс тапқан.

Күрмеулі тұстарда көрегенділік 

жасай  алу  да  пайымдылық  пен 

парасаттылықтан  туындайтынын 

ескерсек,  Әжіғұлов  Мұхтар  аға 

тамырын  тереңге  тартқан  бәйте­ 

Бейбіт  күннің    

  қадірі  қымбат

Әлі күнге екінші дүниежүзілік  соғыстың қасіреті  

жаныңды  түршіктіреді әрі  аға ұрпақтың ерлігіне 

басыңды иіп таңғаласың.  Ел басына күн туған  

кезде  рух пен намыстың мықтылығы сыналды.  

Ерлеріміз қанға бөккен даласы, аңыраған ана­

сы, жетім қалған баласы үшін кектенді. Қарсы 

келген ажалға  қасқайып қарсы тұрды.

рек,  мейірімділік  пен  адам­ 

гершіліктің  нұрын  төгіп, 

адамдық  пен  адалдық 

сынды  асыл  қасиеттер­ 

ді  дәріптеп  жүретін,  бой­ 

дағы  тума  таланты  мен    ішкі 

қуаты  біте  қабысқан  парасатты 

жан деп есептейміз.  Ұлы Отан со­ 

ғысынан  соң    ол  мектепте  ұстаз, 

кейін  директор  болып,  партия, 

кеңес  органдарында  зейнеткер­

лікке  шыққанша  абыройлы  қыз­ 

 мет атқарды. Тынымсыз  еңбекте­

ну  мен  үздіксіз  ізденудің  арқа­

сында сарбаздан сардарға, бейбіт 

еңбекте  қосшыдан  басшыға  де­ 

йінгі  баспалдақтан  өтіп,  өз  уақы­ 

ты  мен  дәуірінің  азаматы,  жай 

ғана  ел  ағасы  емес,  адамгершілігі 

үлгі,  өнегесі  мол  ұстаз  бола  біл­ 

ді.  Абзал  аға  талай  талантты  жас­ 

ты  демеп,  іскер  маман  болып  қа­ 

лыптасуына себепші болды. 

Бітімі кесек, байламы бөлек, бі­

лімі  мен  білігі  елден  ерек  Мұхтар 

Әжіғұловтың      майдандағы  ерлігі 

мен бейбіт күндегі еңбегі  мемле­

кет тарапынан  I және II дәрежелі  

«Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», 

екі  рет  «Құрмет  белгісі»  орденде­

рімен,  «Сталинградты  қорғағаны 

үшін»,  «Ерлігі  үшін»  және  т.б.  көп­

теген  медальдармен  лайықты 

бағаланды.  

М.  Әжіғұлов  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың  қатысуымен  өткі­

зілген  «Әлем:  XXI  ғасыр  манифесі»  

атты  шараның  қазақ  жерінде  бұ­ 

рын­соңды  болмаған  елеулі  оқи­

ғалардың бірі екенін тілге тиек етіп 

отырады.  Күмәнді  көбейтіп,  тұ­ 

манды  қоюлатқан  сұрапыл  жыл­

дарда көңілді көлегейлеген күдікті 

үкілі  үмітке  сеп  қылған,  әлемді 

фашизмнің  бұғауынан  азат  етіп,  

бейбіт  өмірдің  бақуатты  күнде­ 

рін  сыйлаған  сарбаздар  мен  сол 

жолда жанын қиған боздақтардың 

есімі,  қандыкөйлек  майдандаста­

рының  бейнесі  мен  Жеңіс  күнінің 

қадірі  Мұхтар  ата  үшін  тым  қым­ 

бат. Бұл соғыс оның жүрегіне өш­ 

пес  жара  салған  болатын.  Сон­

дықтан ол  қазақ елінде желкілдеп 

өсіп келе жатқан жас ұрпақты бү­ 

гінгі  бейбіт  өмірдің  қадірін  баға­

лауға шақырады. 

Бүгінде  Елбасымыздың  сараб­

дал  саясатының  және  ұлттар  ара­

сындағы  достық  пен  бірліктің  ар­ 

қасында  елімізде  тыныштық  ор­

нап  тұр.  Жаһандық  мәселелер 

шиеленісіп  отырған  тұста  аса  та­ 

бысты 30 елдің қатарына кіру жо­

лында  ұлы көшке ілескен мемле­

кетіміздегі    халқымыздың  мінезі­

не  тән  төзімділік,  сындарлылық, 

салмақтылық,  мейірімділік,  праг­

матизм  сынды  ұлы  қасиеттеріміз 

Мәңгілік ел құру жолындағы арма­ 

нымызды  жүзеге  асыратын  қа­

сиетті құндылықтар болмақ.

«Қара  көзге  қара  су  іліндірген» 

кезеңдерді  көрген  аға  ұрпақтың 

өкілі ретінде жеткіншектерге өне­ 

гелі  ісімен  үлгі  болып,  арамызда 

отырған  Мұхтар  атамызға    аман­

дық тілейміз.

Айжан САУҒАБАЕВА, 

БҚО мемлекеттік 

мұрағатының директоры

«

Ж

ымпитыда 

дүниеге 


келген  Лев  Иванович 

герман­фашистеріне 

қарсы  сұм  соғыс  тұсында  17­ақ 

жасында әскер қатарына алынған. 

Сол  майданда  ерен  ерліктің  үлгі­

сін  көрсете  білген  байланысшы 

жауынгердің  жорық  жолы  Ұлы 

Жеңістен кейін жапон мелитарис­

терімен болған ұрыста жалғасты. 

Әскер  қатарынан  1950  жылы 

ғана  елге  оралған  майдангердің 

омырауында  соғыс  кезінде  алған 

ІІ  дәрежелі  Отан  соғысы  ордені, 

екі  бірдей  «Ерлігі  үшін»  медалі 

жарқырайды.  Қос  медальдің  бірі 

иесін  арада  70  жыл  өткенде  ғана 

тапты.

Ақжайық  селолық  кітапхана­



сында  майдангерді  торқалы  тоқ­

санымен  құттықтаған  аудан  әкімі 

Мұрат  Мұқаев  Лев  Иванович­

ке  қазақы  салтпен  шапан  жап­

ты.  Сондай­ақ  жиын  барысында 

сөз  алған  аудандық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  С.  Кукашев, 

мәслихат  хатшысы  Ә.  Нұрғалиев, 

Ақжайық  ауылдық  ардагерлер 

алқасының  төрағасы  Т.  Ашықов, 

ауыл  ардагерлері  М.  Исқақов,  

Майдангердің  

мерейжасы

Тамыздың 1­і тамылжып тұрды. Бұл – Ұлы Отан соғы­

сының ардагері, ақжайықтық Лев Иванович Дорофеевтің 

90 жасқа толған күні.

С.  Ахметжанов,  М.  Молдағалиева 

ардагерді  құттықтап,  ол  туралы 

жылы  лебіздерін  білдірді.  Ме­

рейжас  иесіне  осындағы  ЖОББМ, 

полиция  бөлімі,  аурухана    ұжым­

дары атынан сый­сияпаттар табыс 

етілді. 


Таңат Жексенбаев, Мерей Шай­

драхманов  орындаған патриоттық 

әндер  де  Лев  атайдың  құрметіне 

арналды.


Мектеп  оқушысы  Айбар  Қой­ 

шығалиев пен «Теректі жаңалығы» 

газетінің  тілшісі  Әділет  Орынба­

саровтың  көкейлерінен  шыққан 

өлең­жырлар  майдангердің  ғана 

емес,  көрермендердің    көз  алды­

на соғыс зұлматын елестеткендей 

болды.


Өз кезегінде  мерейтой иесі осы 

шараны  ұйымдастырушылар  мен 

құттықтаушыларға  алғысын  жау­

дырып, ақ тілегін айтты.

Шара  ақжайықтық  әнші  Нұр­

болат Бекесов орындаған «Атаме­

кен» әнімен тәмамдалды.

Мұхамбет ЖҰБАНДЫҚОВ,

Теректі ауданы

ө

кінішке  орай,  соғыстан 

аман­есен  оралғаннан 

кейін  оның  майдан  жо­ 

лы,  ерлігі  туралы  өз  аузынан  ес­

телік  алынбаған.  Сол  олқылық­ 

тың  орнын  толтыру  мақсатында 

атамыздың  ортаншы  ұлы  Марс  

Елеуғалиевтің  сұратуымен  Ресей  

Федерациясының  Қорғаныс  ми­ 

нистрлігінің орталық мұрағатынан 

алынған  награда  парақтарының 

көшірмесінде  қандай  майданға 

қатысып,  марапатты  қандай  ер­

лігі  үшін  алғаны  түгел  жазылып­

ты.  Сол  құжатқа  қарап  отырып, 

оның  жарты  Еуропаны  жаудан 

азат  етіп,  неміс  жеріне  дейін  бар­ 

ғанына  куә  болдық.  86­ауыр  гау­ 

бицалық  артбригаданың  І  диви­

зионының  барлаушысы  ефрей­ 

тор  Тасболат  Елеуғалиевті  ІІІ  дә­ 

режелі  Даңқ  орденімен  мара­

паттауға  ұсынылған  құжатта  бы­ 

лай жазылыпты: «Отан үшін ұрыс­

тарда  табандылық  пен  ерлік  көр­

сетіп,  Радом  губерниясының  Ан­

дженов  селосы  маңындағы  жау 

қорғанысын  бұзу  кезінде  1133­

атқыштар  полкінің  жауынгерлік 

қатарынан суырылып алға шықты. 

Снаряд  шұңқырынан  үш  сағат 

бойы  жау  шептерін  бақылаған  бар­

лаушы өте құнды мәліметтер (ми­

номет батареясын, пулемет нүкте­

сін)  тапты.  Барлаушы  орындар  

берген  нүктелер  біздің  батарея­

лар  күшімен  талқандалып,  біздің 

әскердің шабуылға шығып, жауды 

құртып  жіберуіне  мүмкіндік  бер­ 

ді».  1945  жылдың  қаңтар  айының  

18  күні  339­атқыштар  дивизия­

сының  1133­атқыштар  полкінің 

тағы  да  алдына  түскен  барлаушы, 

орманға тығылған неміс сарбазда­

рын кездестіріп, екі немісті табанда 

жайратып салды. Қашып құтылмақ 

болған  үшеуін  тұтқынға  алып,  ал­

дына  салып  айдап,  полк  штабы­

на  дейін  келді.  Жауынгер  ерлігін 

жоғары  бағалаған  Отан  ержүрек 

ұлына  ІІІ  дәрежелі  Даңқ  орденін 

берді.  І  Беларус  майданының  16 

мамыр  1945  жылғы  Елеуғалиев  

Тасболатты  ІІ  дәрежелі  Даңқ  ор­

денімен  наградтау  туралы  бұй­

рығында да барлаушының істеген 

ерлігі  атап  көрсетілген.  Сардарды 

ұрыс  даласынан  алып  шыққаны 

үшін  Елеуғалиев  Тасболат  үкі­

мет  наградасы  ІІ  дәрежелі  Даңқ 

орденімен  марапатталды.  1944 

жылдың  24  маусым  күні  де  жаяу 

әскер қатарында барлауда жүрген 

ол  жаудың  екі  пулемет  нүктесін 

тауып,  олардың  орнын  дәл  берді. 

Нүктелер  талқандалғаннан  кейін 

өзі  жаралы  болған  пулеметшінің 

орнын  басып,  қарсы  шабуылға 

шыққан жауға оқ жаудырды. Кры­

мок  селосының  маңында  болған 

бұл  ұрыста  ондаған  жауды  жер 

жастандырып, тағы ерлік көрсетті. 

Бұл  ерлігі  де  елеусіз  қалмай,  бар­

лаушы «Ерлігі үшін» медалін алды. 

22  жасында  соғысқа  аттанып,  29 

жасында  Жеңіспен  оралған  ата­ 

мыз  бейбітшілік  кездегі  еңбек  

майданында  «Құрмет  белгісі»  ор­ 

денімен,  «Еңбек  ардагері»  ме­

далімен марапатталды. Соғыс зар­ 

дабын  көп  шеккен  оның  денсау­

лығы  кеміп,  1968  жылы  дүниеден 

озды.  Еліміздің  егемендік  алып, 

көркейіп,  қарқынды  дамып  келе 

жатқанын, сол мемлекетте, бейбіт 

өмірде  өсіп­өніп  жатқан  немере­

шөбере  қызығын  көре  алмай  кет­ 

ті.  Бірақ  артында  қалған  үш  ұл,  

төрт  қыздан  тараған  ұрпағы  ата 

ерлігін мақтан тұтады.

Миржан ЕЛЕУҒАЛИЕВ,

Бостандық ауылы,

Қазталов ауданы

1938 жылы азаматтық борышын атқаруға аттанған атам 

Тасболат 1939­1940 жылдары ақ финмен шайқасып, 1941­

1945 жылдары Ұлы Отан соғысына бастан­аяқ қатысты. 

Жеті жыл Отан үшін от кешкен жауынгер. Соғыс кезінде 

атамыз екі рет ерекше ерлік жасап, Даңқ орденінің ІІІ, ІІ 

дәрежесімен марапатталған. Даңқ орденінің үш дәрежесі­

мен толық марапатталған жауынгер Кеңес Одағының Ба­ 

тыры атағын алғандармен бір қатарда есептелетінін ес­

керсек, осы орденнің екі дәрежесінің иегері атамыздың 

майдандағы ержүректігі – біз үшін зор мақтаныш. Одан 

басқа «Ерлігі үшін», «Варшаваны алғаны үшін», «Берлинді 

алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Үздік артил­

лерист» медальдары табыс етілген. Майдандағы көрсеткен 

ерлігі үшін жоғары Бас қолбасшының бірнеше мәрте 

алғысына ие.

Екі  Даңқ  орденінің  иегері  

жеҢімПАЗдАР


11

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл

ел-жұРТ


Сағыныш-мұңға         

 

бөлейтін ақын 

О

қырман  қауымға  бұдан 

бұрын  да  бірнеше  жи­ 

нағын  ұсынған  Закария  

Сисенғалидың «Шындық шырайы»  

кітабының  баспадан  шыққанынан 

хабардар  болғаннан  кейін­ақ  «Қа­ 

шан қолыма тиер екен?» деген ой  

маза  бермеді.  Жыр  әлеміне  ерте 

араласқан ақын ағамызды бұрын­ 

нан білеміз, шығармаларымен ете­ 

не  таныспыз.  Неге  екенін  қайдам, 

есіме  ақынның  Махамбет  баба­

мызға арнаған бір шумағы түсті. 



Оян, баба! Оянатын күн бүгін.

Ашты елің тар қапастың түндігін. 

Тұршы, баба! Ереуіл атқа ер салшы, 

Тіліп  түсші  дүниенің  сұмдығын!  

Күнделікті  күйбең  тірліктің  әді­

қылын  шерте  жеткізген  автор 

балдәурен  балалығын,  жасындай 

жарқылдаған  жастығын,  ақжарма 

арманын,  ертегідей  елін  ерек­

ше  тебіреніспен  өлеңге  қосады. 

Ақын  өмір  қыспағына,  тағдыр 

талайына  қайғырмайды,  мұндай 

жағдайда оқырманның жігерін жа­

нып,  болатын  оқиғаның,  күтілетін 

жағдаяттың  қалыпты  нәрсе  екен­

дігін,  өмірдің  қара  бояуы  мен  ақ 

бояуының  кезектесе  келетінін, 

ол  өмірдің  бұлжымас  заңдылығы 

екендігін  сабырмен  сендіре  ай­

тып өтеді. Өмір жолында ақынның 

ештеңеден,  ешнәрседен  аянбай­

тынын  сезінесіз  және  автор  сол 

сезімін екпіндетпей­ақ, жалындат­

пай­ақ  санаңызға  байыпты  түрде 

жеткізеді. 

 «Білемін, білем базардан біз де 

қайтармыз, 

  Не  айтар  екен  алдағы  күндер 

байқармыз. 

Елу жыл бойы еркелетіп келген 

ел­жұртым, 

Өмірдің жырын әлі де бірге ай­

тармыз», – деп не көрсе де, көппен 

бірге,  елмен  бірге  екендігін  тағы 

бір  қайтара  еске  салады.  Лирика­

лық кейіпкер­автор – қаншалықты 

мұңлы  болса,  соншалықты  жігері 

жасымаған жан. 

Автор  туған  жері  туралы,  сол 

аз ғана ауылдың қазыналы қария­

ларын,  аңқылдаған  азаматтарын, 

ақкөңіл  жеңгелерін,  жігерлі  жігіт­

терін,  албыраған  аруларын,  бал 

қылықты  бүлдіршіндерін  зор  сүйіс­

пеншілікпен жырға қосады.

«Құмдағы  ауыл,  қимай  да  сені 

жүреміз,


Алаңдап  ылғи  өзіңе  құлақ  тү­

реміз. 


Қанатпен ұшып, құйрықпен қо­

нар құсыңбыз, 

Өзіңнің бір кез қойныңа барып 

кіреміз»,  ­  деген  соңғы  шумағы 

ойлы пенденің жүрегіне біраз жүк  

артып  қойғандай  болады.  Иә... 

өмірге  қонақ  екенімізді  әрқайсы­

сымыз  жақсы  түсінсек  те,  күндегі 

тірлікте  сағат  сайын  кездесетін 

адалдық  пен  арамдық,  обал  мен  

сауап,  қулық  пен  сұмдық,  еңбек  

пен  жалқаулық,  білім  мен  сауат­

сыздық,  мансапқорлық  пен  қана­ 

ғат сияқты көреғар сезімдерді өзі­

міз кейде байқап, кейде байқамай, 

«адамсып» кететініміз де бар­ау. 

Күнделікті  тұрмыстағы  сәт  са­

йын  кездесетін  оқиғалардан  терең 

ой  тербеп  қисынды  түйін  жасау 

«Қызыл  тұсақ  хикаясы»  өлеңінде 

тұнып  тұр.  Тәрбие  тағылымының 

күштілігі  сол  –  үйретілсе,  жануар 

сезіміне  де  қозғау  салуға  бола­

тындығы, жерде де, көкте де «ана» 

атаулының 

ұрпағын 


қорғауға 

жандәрмен  кірісіп,  көз  жасын 

көлдете  баласына  жабысатынын  

сенімді  суреттейді.  Суреттей  келе  

«көкек  аналармен»  қызыл  тұсақ­ 

ты  «қатар  қояды».  Шешімін  оқу­

шының  өз  қалауына  қалдырып, 

түйінді  оқушының  өз  санасына 

береді. Содан кейінгі өлең жолда­

ры  өзіңізге  үлкен  жауапкершілік 

жүктей салады. Кітаптың біраз бө­ 

лігі  арнау  өлеңдерге  берілген 

екен.  «Шың­Қаршығадан»  бастау  

алған толғаныстар айтулы азамат­ 

тарға,  мәңгі  мекенін  тапқан  біраз  

жандарға  да  арналған.  Екінші  

бөлімнің  «Шабыт  шағаласы»  про­

залық  шығармалары,  ауыл  бей­ 

несі, жекелеген жандардың кейін­ 

 гіге  үлгі  болатын  келісті  кемел  

өміртарихы,  қазіргі  кездегі  үзең­

гілес  ақын­жазушылар  еңбектері­

не сараптама және асқаралы Әбіш 

Кекілбаевтың  шешенсөздері  мен 

көсемсөздерінен  мол  мағлұмат 

аласыз. 


Ақынның  бірталай  өлеңіне  ән 

жазылғанынан  хабардар  бола­

тынбыз.  «Ән  тербейді  жүректі» 

бөліміндегі  әндердің  ішінде  бар­

ша  буын  өкілдері  тұтас  айтатын 

«Ақжайық  –  ару  мекенім»  (әнін  

жазған  Д.  Қажымов)  және  «Жа­ 

ңақала  –  гүл  қала»  (әнін  жазған  

Ә.  Бейсеуов)  рух  беретін  әнұран 

есепті  туынды.  Әдетте  қай  кітапты 

оқысақ та,  тек автордың өз ойла­ 

рын ғана оқитынбыз. Бұл кітаптың  

тағы  бір  ерекшелігі,  «Әріптестер 

лебізі»  деп  аталатын  соңғы  бөлі­ 

мінде ақынның өзі туралы жазыл­

ған  қаламдастарының  біраз  шы­ 

ғармаларын,  өзінің  әр  жылдары 

берген  сұхбатын  оқып,  жанымыз­

да  жүрген  жанды  жаңа  қырынан 

танығандай  боламыз.  Ақындығы 

мен әкімдігін қатар ұстаған азамат 

төрт    аяғын  тең  басқан  жорғадай 

ешқайсысын  жолда  қалдырмай­ 

ды,  өзі  айтқан:  «Қызметім  –  хал­

қымның әлемі, поэзия – жанымың 

әлемі». Кітаптың соңғы бетін жап­

қанымда,  мен  әлі  «осы  суреттер­

дің» ортасында болатынмын, олар 

мені әлі «тастай алмай» тұрған... 

Ақмарал САПАРОВА, 

Жаңақала мектебінің

 қазақ тілі және әдебиеті 

пәні мұғалімі

Б

ауетдиннің  санасында  «Му­

зыканың  шыңына  жетемін»  

деген  арман  бала  кезде­ақ  оян­ 

ған.  Сезімтал  жігіт  көкірегіне  ұя­

лаған  әуенмен  ерте  достасты. 

Орал  қаласындағы  мәдени­ағарту 

училищесінде  халық  аспаптар 

оркестрінің  дирижері  мамандығы 

бойынша  дәріс  берген  ұстаздары 

Сайын  Ғұбашев  пен  Қырымгерей  

Қажымовтың  әр  сөзін  есте  сақ­

тап  қалуға  тырысатын.  Әсіресе, 

Қырымгерей  ағайы:  «Дирижердің 

таяғы  суретшінің  қылқаламы  іс­

петті.  Ақ  параққа  сурет  салғанда 

сенің өз бейнең көрінеді. Қағазды 

бей­берекет  шимайлап  тастасаң,  

ішкі  буырқанған  сезім  сыртқа 

шықпайды. Шығарма жан дүниең­

мен  үндескенде  ғана  оркестрді 

еркін иіріп алып кетесің», – дегені 

есінде жақсы сақталды.

Талапты  шәкірт  тәлім  берген 

аяулы  жандармен  басқа  уақытта 

да  сөйлесіп  қалуға  тырысып,  ты­

нымсыз ізденіп, өзін толғандырған 

сұрақтарға  жауап  алуға  асығып 

тұратын.  Оны  өзі  сүйетін  маман­

дықтың ерекшелігі қызықтыратын. 

Қырымгерей  ағайы:  «Оң  қолың 

– жүрегің, сол қолың – миың» дей­

тін.  Оркестр  алдында  тұрғанда 

сол  ұстазы  айтқан  сөздер  ерік­

сіз  ойға  оралады.  Сезімталдық  –  

дирижердің  ерекше  қыры.  Саз 

иірімін  бар  болмысыңмен  қабыл­

дамасаң, оркестрге жетекшілік ете 

алмайсың.  Жүректен  шықпаған 

соң  жүрекке  жетпейді.  Бұл  –  Ба­ 

уетдиннің өмірлік ұстанымы. 

Орал  мәдени­ағарту  училище­

сінде  оқып  жүргенде  ұстазы  Са­

йын Ғұбашев нота үйретті. Жалпы, 

сол оқу орнындағы оқытушылары 

мықты  болғанға  ұқсайды.  Білікті 

музыканттар  дауыс  екпініне  мән 

беруге,  өзара  үндестігін  аңғара 

білуге баулыды. 

Үнемі  бетегеден  биік,  жусан­

нан  аласа  болып  жүретін  Баует­

дин  көкірегі  пісіп,  асып­тасқан 

жандардан  емес.  Қашан  да  қара­

пайым,  ішкі  әлемінің  түсініксіз 

сырларымен  тілдесіп  жүргені. 

Әрине,  бұл  –  өнер  адамдарына 

тән  құбылыс.  Ғаламтор  арқылы 

ізденіп,  күрделі  музыкалық  туын­

дыларды  орындауға  құлшынатын 

ол  өзінің  осал  тұстарын  ой  еле­

гінен  өткізгенді  қалайды.  Жаңа 

Әулетінде анасы 

Нәсіпқаным мен 

нағашысы Қатиолла 

аға домбыраны 

шебер тартатын. Бұл 

өнер Ғабдоллиндер 

отбасының 

балаларының бәріне 

дарыған. Мұны 

сегіз шаңырақтың 

әрқайсысының 

төрінде ілулі тұрған 

домбыраға қарап 

біле беруге болады. 

шығарманы  әріптестерімен  бірге 

тыңдап,  музаның  бүтін  болмы­

сын  жан­жақты  талдай  отырып, 

пікірлерін  ортаға  салу  –  өнер 

адамдарының  әдемі  үрдісі.  Әркім 

осылай  қобыз,  баян,  контрабас, 

прима,  домбыра,  флейта,  сыбыз­ 

ғы,  барабан,  дауылпаз,  виолон­

чельден  төгілген  әуездің  үндесе 

«құлпыруына»  үлес  қосады.  Музы­

ка  құдіретіне  сүйсінетін  Бауетдин 

күрделі  туындыларды  оркестр 

сүйемелдеуімен  жарыққа  шыға­

руды  армандайды.  Әйтсе  де,  бұл 

мақсатқа  жұмылуға  оркестр  құ­

рамы жеткіліксіз. «Кейде бес адам 

атқаруы  тиіс  шығармашылық  жұ­

мысты үш маманның орындауына 

тура  келеді.  Бетховеннің  соната­

лары,  Нұрғиса  Тілендиевтің  180 

актілі  «Шаттық  Отаны»  –  иірімі 

күрделі,  орындауға  өте  ауыр 

туындылар.  Аспаптың  аздығынан 

әуеннің  «жұпыны»  естілетіні  рас. 

Оркестрдегі  осы  олқылықты  тол­

тыру  үшін  мамандарды  қаладан 

әкелу керек», – деді дирижер. 

Иә,  өнер  әлемі  шынайылықты 

қалайды.  Талант  табиғаты  таза­

лықты,  адалдықты  сүйеді.  Бақыт­

тың бастауы – тынымсыз еңбекте. 

Бауетдиннің  әріптестері  Бауыр­ 

жан  Темірәлиев  барабанда,  Нұр­

жан  Темірбаев  контрабаста,  Аза­ 

мат  Зайноллин  бас  домбырада, 

Қанат  Бекеев  виолончель  аспа­

бында  ойнайды.  Олардың  орнын  

басатын  мамандар  жоқ.  Нарын  

топырағының  перзенттері  өнер­

ден  кенде  емес.  Әсіресе,  марқұм 

Шамғон  Қажығалиев,  Тұяқберді 

Шәмеловтей  ағалар  –  осы  киелі 

жердің перзенттері. Арғысы, атақ­

ты  күйшілер  Құрманғазы,  Сейтек, 

Дәулеткерейлерді қоспағанда... 

Аудандық  демалыс  орталығы­

ның  дирижері  Бауетдин  Ғабдоллин 

былтыр  Тәуелсіздік  күніне  орай 

ҚР  Президентінің  Құрмет  грамо­

тасымен  марапатталды.  Бұл  ма­

рапат  –  еңбектің  әділ  бағалануы. 

Шаңырақта  аяулы  жары  Жанар 

мен  ұлы  Айбек  –  отбасылық  өмі­

рінің  мән­мағынасы.  Ендеше,  осы 

жыл  да  жарқын  істердің  ұйытқы­ 

сы болсын, Бауетдин!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет