Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі
немесе бейіні бойынша жоғары білімі, тиісті мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Қосымша талап: бұрын сотталмаған болуы.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
– конкурстық комиссия төрағасы атына қоса берілетін құжаттардың
тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты
тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
– лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы
құжаттардың көшірмелері;
– еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15
күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайларға тапсырылуы тиіс:
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Ұялы ауылы,
Х. Маданов көшесі №1 мекенжайы бойынша орналасқан Бөкей
ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш. Жексенбаев атында-
ғы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының» қабыл-
дау бөлмесі. Тел.: 87114044118, эл. мекенжай: shakir@mail.kz
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш. Жексенбаев
атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы»
КММ (оқыту тілі – қазақ тілінде) төмендегі азаматтық
қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:
Мектепалды даярлық тобының мұғалімі – 1 бірлік;
Математика пәні мұғалімі (уақытша декреттік демалыстағы қыз-
меткер орны) – 1 бірлік;
Информатика пәні мұғалімі (уақытша декреттік демалыстағы қыз-
меткер орны) – 0,5 бірлік;
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі
немесе бейіні бойынша жоғары білімі, тиісті мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім.
Қосымша талап: бұрын сотталмаған болуы.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
– конкурстық комиссия төрағасы атына қоса берілетін құжаттардың
тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
– жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
– толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты
тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
– лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы
құжаттардың көшірмелері;
– еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
– алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.
Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күн-
тізбелік күн ішінде мына мекенжайларға тапсырылуы тиіс:
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы,
М. Бегалиева көшесі №2 мекенжайы бойынша орналасқан Бөкей
ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М. Бегалиева атындағы
жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қабылдау бөлмесі.
Тел.: 87114044118, эл. мекенжай: shakir@mail.kz
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М.Бегалиева
атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (оқыту тілі –
қазақ тілінде) төмендегі азаматтық қызметшінің бос лауазымын
иеленуге ашық конкурс жариялайды:
2016 жылғы 08 қыркүйек сағат 11.00-де Зеленов ауданы, Белес
ауылының мәдениет үйі ғимаратында
«Ростошинское кен орнын-
дағы ұнғымаларды жою және тоқтау жобасын» жобасы бойынша
қоғамдық тыңдаулар өткізіледі.
Мүдделі тұлғалар мен қоғамдық ұйымдар ҚОӘБ құжаттарымен
төмендегі мекенжай арқылы хабарласа алады: БҚО, Орал қаласы,
А. Карев көшесі, 43/1, «Жайықмұнай» ЖШС, байланыс телефоны:
8-7112-93-39-00 (6153).
ТҮЗЕТУ
2016 жылдың 16 тамызында-
ғы №101 «Орал өңірі» газетінде
жарияланған: «Батыс Қазақстан
облысының қаржы басқарма-
сы» мемлекеттік мекемесі
2016
жылдың 2 қыркүйек күні (Ас-
тана уақытымен)
сағат 11.00-
де www.gosreestr.kz Мемле-
кеттік мүлік Тізілімінің веб-
порталында облыстық ком-
муналдық мүлікті сату бойынша
электрондық
сауда-саттық-
тың бағаны төмендету аук-
ционын өткізеді.» Сауда-сат-
тық туралы ақпараттық хабар-
ламадағы электрондық аук-
ционды өткізу күні:
«2016
жылдың 13 қыркүйек» деп
есептелсін.
«Қазақстан көшбасшысы – 2013»,
«Сала көшбасшысы – 2015» ұлт-
тық сертификаттардың және Қа-
зақстанның коммуналдық шаруа-
шылықтары арасында алғаш рет
Қазақстан Республикасы Прези-
дентінің Жарлығымен бекітілген
бизнестің әлеуметтік жауапкер-
шілігі «Парыз – 2014» республи-
калық бәйгесінің «Ең үздік ұжым-
дық шарт» аталымы бойынша ал-
тын жүлденің иегері атанған кә-
сіпорынның тыныс-тірлігі өзге
ұжымдарға өнеге қылғандай.
Бұл мекемеде тәжірибелі және
өз ісіне жауапкершілігі мол жұ-
мысшылар қызмет атқарады. Олар-
Жұмысы ырғақты «Жайық жарығы»
Облыс орталығы Оралдың жыл санап көркейе түсуіне
және қала тұрғындарының қауіпсіз тірлігін қамтамасыз
етуге үлес қосып отырған коммуналдық кәсіпорындардың
бірі – «Жайық жарығы» ЖШС. Қазіргі уақытта серіктестік
қала көшелерін жарықтандыратын 17 мың нүктенің, 49
бағдаршам нысанның, 13 субұрқақтың қалыпты жұмыс
ырғағын қадағалайды.
дың қатарында Ж. Рашитов, А. Ер-
мекбаев, В. Гонтарук, С. Сисенов,
Т. Сапиев, Е. Жұмағалиев, М. Са-
марханов, Ф. Абдрахманов, Е. Бел-
хайыров, Е. Чернышев, Е. Кубашев,
А. Мырзағалиев сынды азаматтар
бар.
«Жайық жарығы» ЖШС-ның жұ-
мысындағы жетістік «Үздік басшы
– 2015» ұлттық сертификат иегері
Нұр Хамитұлы Төлеуғалиев бас-
шылық жасайтын кәсіби деңгейі
жоғары және ұйымшыл мекеме
ұжымының күнделікті ынтымақты
жұмысының нәтижесі екені сөзсіз.
Өз тілшіміз
алтынға бергісіз күміс!
Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы
олимпиада ойындарының оныншы күні Қазақстан
ұлттық құрамасы боксшылардың алатын жүлдесін
есептемегенде, медальдар санын 10-ға жеткізді.
24
oral_oniri@inbox.ru
кеРуен сАРАй
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
«Орал өңірі» газетінің
100 жылдығына
344
күн қалды
орамалы
вертикальді
горизонтальді
мультифактуралы
сюжетті
ысырмалы қақпалар
Орал қ., еуразия даңғылы, 87,
қалалық әскери комиссариатқа қарсы
тел: 8 (7112) 26-94-42, 8-707-676-79-80
10% шегерім
10% шегерім
орамалы
вертикальді
горизонтальді
мультифактуралы
сюжетті
ысырмалы қақпалар
ЖалюзДер
Құттықтаймыз!
Б
ірден айтайық, дүйсенбі
қазақстандық боксшы-
лар үшін сәтсіздіктерге
толы, ауыр күн болды. Алдымен
52 кг салмақта рингке шыққан Ол-
жас Сәттібаев әзірбайжан жігіті
Эльвин Мамишзадеден үш раунд
бойы басым түссе де, төрешілер
жеңісті қарсыласына берді. Ал
75 кг салмақта қазақстандықтар
алтын алады деп үміттенген Жә-
нібек Әлімханұлы 1:2 есебімен
тағы бір әзірбайжан Камран Шах-
суварлыдан ұтылды. Бұл жерде,
біздіңше, алғашқы екі раундта
Жәнібек белсенділік көрсетіп, қа-
зыларға еш күмән қалдырмауы
керек еді. Үшінші раундта алға
ұмтылғанымен, кеш қалды. Бір
қызығы, 25 жасар Камран Ақтө-
беде туып-өскен, Жәнібекпен жас
шағында талай кездескен. Қазақ-
стан спорт шебері атағына қол
жеткізгенмен, ұлттық құрамаға
ілінбегеннен кейін 2013 жылдан
өзінің тарихи отанының атынан
шыға бастаған. Әйтеуір, қандай
себеппен болсын, Ж. Әлімханұлы
қол созым жерде тұрған жүлдеден
қағылды. Қазақстан ұлттық құра-
масының капитаны, жерлесіміз
Данияр Елеусінов 69 кг салмақта
жартылай финалда француз Су-
лейман Сиссоконы айқын басым-
дылықпен ұтып жатқан. Алайда
екінші кезеңде басынан жарақат
алғандықтан, дәрігерлер кездесуді
жалғастыруға рұқсат бермеді. Де-
генмен жеңіс бірауыздан Д. Елеу-
сіновке берілді. «Бұл олимпиа-
да ойындары ғой. Сондықтан әр
боксшы жеңіс үшін түрлі құйтырқы
әрекеттерге барады. Қарсыласы
Даниярды баспен сүземін деп, өзі
жарыс жолынан шығып қалды»,
деді Қазақстан құрамасының бас
бапкері Мырзағали Айтжанов бә-
секеден кейін. Даниярдың жара-
қаты ауыр болмаса, бүгін түнде 69
кг салмақта өзбек боксшысы Шах-
рам Гиясовпен өткен соңғы шай-
қас алтын жүлде иесін анықтады.
Төрешілер тарапынан әділет-
сіздіктің көкесі қазақстандық Ва-
силий Левит пен ресейлік Евгений
Тищенконың кездесуінен кейін
болды. Екі кезең қорытындысы
бойынша олардың бәсекесі тең
дәрежеде деп бағаланса, үшінші
раундта Василийдің қарсыласын
қуып жүріп сабағанына қарамас-
тан, жеңіс Е. Тищенкоға берілді.
Бұған риза болмаған залдағы кө-
рермендер гуілдеп, «Қазақстан!»
деп айқайлап жатты. Ысқырық, шу
спортшыларды марапаттаған кез-
де де басылған жоқ. Қайта В. Ле-
виттің өзі қолын көтеріп, оларды
тыныштандыруға тырысты. Дәл
осындай жағдай 2004 жылғы Афи-
ны олимпиадасы кезінде орын
алған еді. Онда ресейлік атақты
гимнаст Алексей Немовқа төмен
баға берілген кезде көрермендер
жарысты жалғастыруға мүмкіндік
бермей, шулап тұрып алған еді.
Осы жолы да төрешілер шешімі
дауға айналып, мамандар арасын-
да қызу талас туғызды. Қазақстан-
дықтарды айтпай-ақ қояйық, Ре-
сей құрамасының бапкері Эдуард
Кравцовтың өзі В. Левиттің жеңі-
сін мойындады. Ал белгілі ресей-
лік промоутер Владимир Хрюнов
қазақстандық боксшыға Вэл Бар-
кер кубогын беру керектігін, егер
өзімен келісімшартқа қол қойып,
кәсіпқой боксқа ауысса, әлем
чемпионы атануға мүмкіндігі бар
екендігін мәлімдеді. Тағы бір аты-
шулы промоутер Лу Дибелла
АИБА-ның (халықаралық әуесқой
бокс қауымдастығы) былыққа бат-
қанын айтып, отқа май құйса,
кәсіпқой бокстан орта салмақтағы
әлемнің экс-чемпионы, аргенти-
налық Серхио Габриэль Марти-
нестің пікірінше де, бұл кезде-
суде жеңген – В. Левит. Кейбір
спортшылардың түрлі себеппен
алтын алмағанмен, атақ-даңқы ша-
рықтап кететін кезі болады. Сон-
дықтан қазақстандық боксшының
бұл күмісі алтыннан артық.
Оның алдында Олжас пен Жә-
нібектің жеңілмегендігін айтқан
Мырзағали Айтжанов Е. Тищенко-
ның өзі келіп, кешірім сұрағанын
жеткізді. Алайда соны күллі әлем
алдында мойындауы керек еді.
Ауыр атлетикадан Қазақстан-
ның соңғы үміті Александр Зай-
чиковтың 105 кг салмақта қос-
сайыс қорытындысында екінші
орынға көтерілетін мүмкіндігі
болды. Бұдан тағы да төрешілер
айырды. Жұлқа көтеруден кейін
193 кг салмақты еңсерген Алек-
сандр үшінші орында тұрса, серпе
көтеруді 223 келіден сәтті баста-
ды. Әйтсе де екінші әрекетінде
227 келіні көтере алмады. Үшінші-
сінде әуелі төрешілер есептеген-
мен, артынан қазылар алқасы
(жюри) бұл шешімнің күшін жой-
ды. Сөйтіп, қазақстандық атлеттің
жолына нүкте қойды. Бұл салмақ-
та Илья Ильин болмағандықтан,
өзбек спортшысы, 24 жасар Рус-
лан Нурудинов өзін суда жүзген
балықтай сезініп, 431 кг (194+237)
көрсеткішпен чемпион атанды.
Ал 19 жасар армениялық Симон
Мартиросян қоссайыс қорытын-
дысында 417 келіні (190+227)
бағындырып, күміс жүлдені іліп
әкетті. А. Зайчиков одан небәрі
1 келіге қалып қойды. Қызылорда
облысында туып-өскен, қазақшаға
судай, 17 тамыз күні 24 жасқа
толған Александр Зайчиков енді
Токио олимпиадасына әзірленеті-
нін жасырған жоқ. Тек халықара-
лық ауыр атлетика федерация-
сының президенті Томаш Аян Рио
олимпиадасынан кейін допинг
дауына байланысты Ресей, Қазақ-
стан, Беларусь сынды елдердің
құрамалары бір жылға жарыс-
тан шеттетілетінін мәлім етті. Бұл
спорттың осы түрінде барынша
таза өнер көрсетудің маңызы зор
екендігін дәлелдейді. Сондықтан
сыннан сабақ алып, Токио олим-
пиадасына тастүйін күйде бару
үшін бәрін дұрыс жолға қою ке-
рек.
Олимпиаданың он бірінші күні
бокс сайысында Жайна Шекербе-
кова 51 кг салмақта франциялық
Сара Урамуннан ұтылып, кемін-
де қола жүлде әперер жартылай
финалға шыға алмады. Есесіне
аса ауыр салмақтағы Иван Дыч-
ко нигериялық Эфе Аджагбуды
тізе бүктіріп, келесі кезеңге аса
қиналмай өтті. 20 тамыз күні ол
ұлыбританиялық, жұдырығы жой-
қын Джо Джойспен қолғап түйіс-
тіреді. Қола қолда, финалға өту
үшін барын салуы керек енді.
81 кг салмақта Әділбек Ниязымбе-
тов сауатты бокстасудың үлгісін
көрсетті. Ол тағы бір британдық,
Әділбектің сыралғы қарсыласта-
рының бірі, өзбек Елшод Расулов-
ты ұрып құлатқан Джошуа Буат-
сиді соққымен күтіп алып, адымын
аштырмады. Финалда ол үш мәрте
әлем чемпионы, кубалық Хулио
Сесар Ла Круспен шаршы алаңға
шығады. Әлемдік додаларда, со-
ның ішінде Лондон олимпиадасын-
да кілең күміс алып жүрген Әділ-
бектің бағы жансын деп тілейміз.
Ғайса БӘЙМЕН
Тасқала ауданы Амангелді ауылы-
ның тұрғыны, аяулы құдамыз
Асқар
СДыҚОВТы
адам өмірінің айтулы бе-
лесі 63 жасқа толуымен шын жүректен
құттықтаймыз. Сіз Ғайша құдағайымыз
екеуіңіз өнегелі өмір сүріп, бақыттың
бағында ұл-қыздарыңыздың қызығы
мен қуанышына, немере-жиендеріңіздің
сүйіспеншілігіне бөленіп, ағайын-туыс
ортасындағы алтын көпірдей қадір-
лісіздер. Ғайша құдағай екеуіңіз ұрпақ
қызығына бөленіп жүре беріңіз.
Тәй-тәй басып қадамды алғаш басқаның,
Бұл өмірде басталды алғаш дастаның.
7 жаста қадам бастың мектепке
Білімнің бір белесінен өтпекке.
25-те әке болдың, жар сүйдің,
Қамын ойлап. Халін ойлап қанша үйдің.
Адамдықты мақсат қылдың ғұрыпқа
Орда бұзар отызда, қамал бұзар қырықта.
Елге елеулі қыла білді елуің,
Қандай жақсы абыроймен келуің.
Одан кейін келіп жеткен алпысың,
Аумай тұрған төбедегі тал түсің.
Алпыс үш жас құтты болсын ал енді,
Жырмен тарту қылып тұрмын кәдемді.
Аман болып айналаң мен жан-жағың
Орындалсын өмірде бар арманың.
Ізгі тілек білдіруші: Жәнібек ауданы тау ауылынан
құда-құдағайыңыз Жеңіс-Гүлнар және құдашаңыз Жанна
Жуалыой ауылында туып-өскен, бұл күнде Жаңақала шаһары-
ның тұрғыны, құрметті
Күләш ТАЛАПҚыЗыН
асқаралы 70 жасқа
толу күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге деніңіздің сау-
лығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық
жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. От-
басыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын. Дос-жаран мен
туған-туыс, құда-жекжат, бала-келіндеріңіздің алдында абыройы-
ңыз әрдайым артып, немере-шөберелеріңіздің қызығын көріп,
жастан-жасқа жете беріңіз.
тілек білдірушілер: Жуалыой ауылының
В. Куйбышев жетіжылдық мектебінде бірге оқыған
түлектері Нұрсұлу, Алтай, Қадырғали
Қазталов ауданы Жас ауылының
тұрғыны, сүйікті ата, ардақты әкеміз
Қанатқали Мусаұлы МУСИНДі
20 та-
мыз күні толатын 80 жасымен құттық-
таймыз. Сізге әлемдегі бар жақсылықты
тілейміз. Алла сізге ең алдымен мықты
денсаулық берсін. Жүзіңізден күлкі
кетпей, біздің арамызда шаттыққа ке-
неліп, бақытқа бөленіп жайқалып жүре
беріңіз.
Игі тілекпен: бала-келіндеріңіз
Мұрат-Жеміс, Нұрхат-Нұргүл, Салауат, қыз-күйеу
балаларыңыз Мәншүк, Алғыс-Мәдина, Нұрлан-
Мансила, Бейбіт-Оралгүл, Аян-Алмагүл, немерелеріңіз
Берік-Мария, темірбек-Набия, Алпамыс-Раушан,
татьяна, Қобыланды, Кәусар, Ажар, Айна, Аяулым,
Айнамкөз, жиендеріңіз Аңсар, Алтынбек, Ұлпан,
Дәурен, Айдана, Айсана, Аэлита, Асан, Айсана,
Орынай, Асылхан