Ақжайық ауданындағы «Өз өлкеңді өзгеден бұрын
таны!» ғылыми-өлкетану экспедициясы XVIII-XIX
ғасырдағы көне қорымдардағы араб жазулы эпигра-
фикалық ескерткіштерді зерттеуді жалғастырды.
те 1904 жылы қазақ балаларын
оқытуға беркітілген жауапты
зиялылар қатарында Орынбор-
да Мейірман Бисенұлы, Жымпи-
тыда Әбдуғали Құмайұлы, Кал-
мыковта Ибрагим Шынарұлы, Қа-
рашығанақта Үмбетқали Дүй-
сенбіұлы, Ілбішінде Құрманғали
Сүйірбайұлы, Соналыда Мұха-
меджан Сарықожаұлы, Өлеңтіде
Мұзафар Омарұлы болып, бала-
ларды қазақ тілі, орыс тілі жә-
не математикадан оқытты деп
көрсетілген.
– Экспедиция Байшөрек күті-
ріндегі Сүгір жырау қорымына
бір күнін арнады, – деді газет
тілшісіне Ж. Әбілпейісов.– Ол
1868 жылғы патша реформасы-
на қарсы Кіші жүз қазақтары
ұйымдастырған «Ел ауа» көтері-
лісіне қатысқан. Байшөрек же-
рінде ата-бабасының қонысын-
да қалған шаруа Есқали Шы-
мыров төрт түлік мал көбейтіп,
тірлігін дөңгелетіп отыр. Қожа-
лығының аты – “Шымыр мешіті”.
Есқали атақты Сүгір жырау Мыр-
залыұлының шөбересі, Шымыр
ишанның немересі. Шымыр осы
жерден екі мешіт салдырған
үлкен ғұлама, ишан болған. Қа-
жылыққа бес мәрте барыпты. Біз
бұрын да бұл жерге екі рет келіп,
Сүгір жырау туралы сыр тар-
тып кеткенбіз. Осы жолы Мұрат-
бек пен Қазбек сенсациялық
жаңалық ашты. Құлпытасы жо-
ғалған деп жүрген Сүгір жырау-
дың біз жорамалдаған бейіті-
нің қате топшылау екенін дә-
лелдеп, Сүгірдің құлпытасын
тауып, мәтінін оқыды. Осылай-
ша тарихтағы ақтаңдақтың бірі
кетіп, Сүгір жыраудың туған, өл-
ген жылдары мәшһүр болды.
Осы хабарды Есқалиға келіп:
«Байшөрек – айналасы жайыл-
ма бел, Есқали – төрт түлік мал
қайырған ер. Атаңның құлпы-
тасын тауып келдік, Есақа, сүйін-
шіңді дайындай бер!», – деп жет-
кізгенде, ол қуаныштан ертесі-
не ағайынын жиып, садақа бер-
ді, Қазбек пен Мұратбекке жыл-
қы атады.
Сонымен қатар Байбарақ ба-
тыр кесенесі маңындағы көне
қорымдағы құлпытастар нөмір-
ленді.
Байғұтты-Шолаққамыс қоны-
сындағы қорымның былтыр нө-
мірленіп, картаға түскені істі же-
ңілдете түсті. Құлпытастар карта
бойынша оңай табылды, көбінің
мәтіні оқылып, қағаз бетіне түс-
ті. Шолаққамыс көлдігінің қыр
бетіндегі көне қыстау орында-
ры байқалды. 12 қыстау ор-
ны картаға түсірілді. А. Сәлімов
осы жерден патша эмблемасы
мен жазуы таңбаланған әтір құ-
тысы мен тасқайрақ және темір
үзеңгінің қалдығын тауып, Ата-
мекен ауылындағы «Жерұйық»
мұражайына тарту етті.
Б
айшөрек елді мекенінен
үш шақырым қашық-
тықта батыс бетте Қу-
құлақ деп аталатын ескі қорым
бар екен. Жоспарда болмаса да,
экспедиция Есқали Шымыров-
тың жол бастауымен сол қо-
рымға келіп, зерттеу жүргізді.
тоғыз құлпытас нөмірленіп, су-
ретке түсірілді.
Базаршолан ауылындағы қо-
рымдағы 31 көне құлпытас, Ескі
Есім ауылы маңындағы Есім хан
жерленген зиратта 46 көне құл-
пытас анықталды. Ағаларының
қасында жүрген оқушылар – Жә-
нібектің шәкірттері құлпытас-
тағы көне сандардың қалай таң-
баланатынын үйреніп, арабша
сандарды оқи алатын дәре-
жеге жетті. Сөйтіп, бес күн жо-
рықта Кенжеғара, Байшөрек,
Байбарақ, Қуқұлақ, Базаршолан-
дағы бес қорым түгел оқылып,
нөмірленіп, картаға түсірілді,
Есім хан қорымында бұл жұмыс-
тар әзірге жартылай орындалды.
Болат ҚОСЖАНҰЛы,
Ақжайық ауданы
Алғыс айтамын
Ақ халатты, абзал жанға қаншалықты алғыс
жаудырсаң да, артық болмас. Белгілі тіс дәрігері Зәуре
Ғазизова Орал қаласынан екі стоматологиялық орын ашып,
игі іс жасаған болатын. Зәуре Нәсіпқалиқызы басқаратын емдеу
мекемесі сапалы қызмет көрсететініне көзім жетті. Кімнің басы ауы-
рып, балтыры сыздамаған? Тісім ауырып, жанымды қоярға жер тап-
пай келгенде, бірден қабылдап, басшы болса, кішіпейілділік танытып,
қажетті ем-домын көрсетті. Сондай-ақ емдеу мекемесінің ұжымына да
алғыс білдіремін. Құрметті Зәуре Нәсіпқалиқызы, игі кәсібіңіз өркен-
деп, барша мақсат-мұратыңызға жетіңіз. Ғұмырыңыз ұзақ бол-
сын. Биіктерден көріне беріңіз. Қолыңыздан әлі талай жан ши-
па табатынына бек сенімдімін. Отбасыңыз аман болсын!
Ізгі тілекпен: емделуші
Н. ИСМАҒҰЛОВ
ТіРКЕЛіМі ЖОҚ АДАМДАРДың ДА
ЖЕКЕ КӘСіБіМЕН АЙНАЛыСУыНА БОЛА МА?
– Мен Орал өңіріне Оңтүстік Қазақстан облысы
нан келдім. Орал қаласында нақты тұрғылықты
мекенжайым болмағандықтан, әзірге қала тұрғыны
ретінде тіркеле алмай жүрмін. Отбасы жағдайымен
осы жерде әлі біраз уақыт тұратын болғандықтан, бостан
босқа отырмай, қала ғимараттарының бірінен орын жалдап, шаш
қиюмен немесе баспа ісі қызметімен айналысқым келеді. Сұрайын
дегенім, мен секілді қалада тіркелімі жоқ кісілерге жеке кәсіпкер ре
тінде халыққа қызмет көрсету ісімен айналысуға бола ма?
Назгүл БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Орал қаласы
Андрей БОЛДыРЕВ, – «Орал қаласы бойын-
ша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ
басшысының орынбасары:
– ҚР қолданыстағы Салық кодексінің 565-бабы
1-тармағына сәйкес жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретін-
де тіркеу есебіне қою ҚР 2015 жылғы 29 қазанында
қабылданған Кәсіпкерлік кодексінің 36-бабы бойын-
ша жүргізіледі. Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік
тіркеу үшін жеке тұлға мемлекеттік кірістер органына
тікелей немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемле-
кеттік корпорациясы арқылы мына төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс. Бі-
ріншісі - салықтық өтініш, екіншісі - дара кәсіпкердің орналасқан жерін
растайтын құжат. Сондай-ақ мекенжай анықтамасы немесе жылжымай-
тын мүлікке меншік пен оны пайдалану құқығын растайтын құжат да-
ра кәсіпкердің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.
Егер Орал қаласына басқа аумақтан келген азаматшаның тұрғылық-
ты мекенжайы болмаса және келісімшарт арқылы жасалған тұрақты
орны болмаса, онда бұл жағдайда ол жергілікті мемлекеттік кірістер
органына дара кәсіпкер ретінде тіркеле алмайды. Ал егер әлгі аза-
матша қалада тұрғылықты мекенжайы болмаса да, жеке адамдардан келісім-
шарт арқылы мүлікті, тігін ательесін, фотосалон, шаштараз секілді ны-
сандарды жалға алса, онда оның осы келісімшарт арқылы жергілік-
ті мемлекеттік кірістер органдарына дара кәсіпкер ретінде тіркелуі-
не болады. Және аталған құжаттар оның жылжымайтын мекенжайды пай-
далану құқын растайтын құжаты болып табылады. Ол үшін жеке кәсіп-
керлікпен айналысқысы келетін азамат немесе азаматша тұрақты ме-
кенжайы бар жеке тұлғалармен жасалған келісімшартты, жылжымайтын
мүлікті немесе коммерциялық мақсаттағы нысандарды жалға берген жеке
тұлғалардың жеке меншігін анықтайтын құжаттарын салық органдары-
на көрсетуі тиіс. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды салық органдары-
на ұсынған кезде жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты қо-
лында болуы керек.
К
өп тілді оқыту – жас ұрпақ-
тың білімін кеңейтіп, өз қа-
білетін таныта білуге мүм-
кіндік беретін жобалардың бірі деп
білеміз. Осы мақсатта Теректі ауда-
нының Талпын орта мектебінде де
«Үш тұғырлы тіл – жарқын бола-
шақ» атты сайыстар, өзге де шара-
лар жиі ұйымдастырылады. Мем-
лекеттік тіліміздің мәртебесін көте-
ру, өзге тілдердің дамуына жағдай
жасау, оқушыларымыздың білім
бәсекесіне қабілетті болуын мақ-
сат еткен түрлі шараларға мектеп
оқушылары да белсенді түрде қа-
тысады. Ұйымдастырушы пән мұ-
ғалімдері Венера Отарбаева, Назы-
кен Мұхамбетова осы бағытта өте-
«Үш тұғырлы тіл -
жарқын болашақ»
тін шараларды жоғары деңгейде
өткізуге атсалысып келеді. Мек-
теп оқушыларының тіл білуге де-
ген құштарлығын осындай шара-
лар кезінде байқауға болады. Қа-
зақ, орыс, ағылшын тілдерінде өт-
кен осы бағыттағы шараларда оқу-
шылар өз ойларын ортаға салып,
білімдерін көрсете білді. Мектеп
мұғалімдері де балалардың қызы-
ғушылығын арттырып, сан түрлі ша-
раларды өткізу арқылы оқушыла-
рымыздың білімін шыңдап келеді.
Майра тЕМІРОВА,
талпын ауылы,
теректі ауданы
Ж
7
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
АҚПАРкесТе
Жолаушы және жүк
тасымалдарының
көрсеткіштері
2016 жылдың қаңтар-маусым аралығы
Тасымалданған жүк көлемі
Облыс көлігімен
18057,2 мың тонна
әр түрлі жүк
тасымалданды
Автомобиль көлігімен –
180 55,3 мың тонна
өзен көлігімен –
1,8 мың тонна
Әуе көлігімен -
0,1 мың тонна
Жүк айналымының көлемі
1162,8 млн. тонна/шақырым
Автомобиль
көлігімен
1162,7 млн.
тонна/шақырым
Әуе көлігімен
0,1 млн.
тонна/шақырым
өзен көлігімен
0,6 мың
тонна/шақырым
Автомобиль көлігімен –
213317,7 мың адам
Әуе көлігімен –
367,2 мың адам
өзен көлігімен –
6,8 мың адам
Облыс бойынша
213691,7 мың жолаушы
тасымалданды
Тасымалданған адам саны
Ақпаркесте облыстық Статистика департаменті берген мәлімет негізінде дайындалды
8
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
шАңыРАҚ
«Келіндеріміз көңілімізге қарап,
немерелеріміз «ата-әжелеп» тұрады...
- Үш ұлымыздан көрінген неме-
релеріміздің бәрінің басын қосып,
бір үйде оқыттық. Ең үлкен неме-
реміз жоғарғы оқу орнын бітіріп,
қазір жұмыс жасап жүр. Одан
кейінгі немере-ұлымыз әскерде.
Өмір болған соң бәрі болады ғой.
«Өз балаларыңды өсірдің. Енді
демалсаңшы. Өздері өсірсін өз ба-
лаларын» деп жанашырлық таныт-
қандар болды. Бірақ немерелерім
еш қиындық келтірген жоқ. Бар
тілегіміз солардың үстінде. Солар
аман болса екен, бір-бірімен тату
болып, араласып тұрса екен деп
тілейміз, - дейді Қырмызы апай.
Отбасындағы балаларының тату-
лығына баса мән беріп, олардан
өрген немерелерінің бір-біріне
сүйеу болып өсуін мақсат тұтқан
ата-әже немерелерінің тәртібі мен
оқу үлгеріміне көп көңіл бөледі.
Былтыр күзде Ақтауда әскери бо-
рышын өтеп жатқан немерелері-
нің ант қабылдау рәсіміне қаты-
сып, әскерде болып жатқан әр
түрлі оқыс оқиғаларға қарамас-
тан, «Әскерге барамын» деп тұрып
алған немерелерінің батыл ше-
шім қабылдағанына іштей риза
болып қайтқандарын да жасыр-
майды.
- Тағы бір өсіп қалған немере-
міз «Әскерге барамын» деп құлшы-
нып жүр. Өзінің қалауы сол болса,
біз бетінен қақпаймыз. Олардың
әр басқан оң қадамына тек сәтті-
лік тілеп, қолдау білдіреміз, - дей-
ді олар. Әлпештеп өсіріп отыр-
ған немерелерінің бірі, №42 «Ақ
ниет» мектеп-гимназиясының 11-
сынып оқушысы Ерасыл атасы ту-
ралы былай дейді:
- Менің атам балалық шағы ту-
ралы көп айтады. Олар мектепте
оқыған кезде оқу құралдары же-
тіспей, газеттің шетіндегі ақ жері-
не жазған кездері болыпты. Кітап
салатын сөмкелері болмай, әжеле-
ріміз киізден немесе қалың мата-
дан қолдан тігіп берген, дорбаға
салып жүрген. Ол кездегі мектеп
дегеніміздің өзі жатаған үй бол-
ған. Мектепті жылыту үшін жаға-
тын отын болмай, көкпек деген
шөпті пайдаланған екен. Ол шөпті
отқа жаққан кезде жағымсыз иіс
шығып, класс түтін болып, сабақ
оқуға мүмкіндік болмаған. Бірақ
осындай қиын жағдайларға қа-
рамастан, ата-әжелеріміз жақсы
оқуға талпынған. Өздерінің қиын
жағдайда білім алғанын әңгіме-
леген атам: «Мынадай қазіргі за-
ман талабына сай жабдықталған,
жарқыраған мектепте білім алып
жатқан сендер бақытты ұрпақсың-
дар! Елімізде сіздер жақсы білім
алу үшін бар жағдай жасалған. Осы
мүмкіндікті бағалай біліңдер!» деп
ақылын айтады. Мен де атамның
ақылын тыңдап, барынша жақсы
оқуға тырысып жүрмін.
Ата-әжесін мақтан ететін Ер-
асылдың ата-әжесі туралы тырнақ-
алды туындылары облыстық, Қара-
төбе аудандық басылымдарында
жарияланыпты. Немересінің өз-
дері туралы жазған жүрекжарды
туындыларын ата-әжесі де көзі-
нің қарашығындай сақтап, мақтан
етеді.
Бір-бірін бала кездерінен жақ-
сы білетін біздің кейіпкерлеріміз
1972 жылдың қаңтар айында отау
құрып, шаңырақ көтереді. Қара-
төбе ауданының әр ауылындағы
білім ошақтарында екеуі бірдей
ұстаздық қызмет атқарады. Бірінен
соң бірі дүниеге келген балала-
рын өсіре жүріп, өздерінің жүрек
қалауымен таңдаған мамандықта-
рына да кір келтірмеуге тырыса-
ды. Отыз жылға жуық білім ошақ-
тарының директоры болып қыз-
мет атқарған Қайролла ағай сол
жылдарды, сол кездегі шәкіртте-
рін сағынышпен еске алады.
- Ол кездегі балалар мұғалімді
қатты сыйлаушы еді. Мен Сона-
лы ауылындағы мектепте дирек-
тор болып біраз уақыт қызмет
атқардым. Сонда көшенің арғы
бетінен мұғалімді көрген балалар
бас киімін шешіп, ол өтіп кеткенше
күтіп тұратын. Ол кезде «мұғалім»
деген сөздің өзінің мысы басып
тұратын, - деп еске алады.
Көп жылғы атқарған еңбектері
бағаланып, олар «ҚР білім беру
ісінің құрметті қызметкері» және
«ҚР оқу ағарту ісінің үздігі» белгі-
сімен марапатталды. Мектептегі
балалар мен үйдегі балаларын
бірдей тәрбиелеуге күш салған
Қырмызы апай «Балаларым бір-
біріне қарап өсті» дейді.
- Үйіміз мектептің қасында бол-
ды. Қоңырауда жүгіріп үйге келе-
мін. Тамақтандырып, жуындырып,
жүгіріп кері кетемін. Үйде үлкен
әжеміз болды. Балаларымның үл-
кендеріне сол кісі қарайласты. Үл-
кендері кішілерін бақты. Жұмыс
жасап жүріп, баламызды өсірдік.
Мектепке де, отбасыма да тең кө-
ңіл бөлуге, бәріне үлгеруге тырыс-
тым, - дейді Қырмызы апай.
Ұлдары өсіп, үй бола бастаған
жылдары олар екі бала-келін, не-
мерелерімен жеті жылдай бірге
тұрады. Сол кезде де Қырмызы
апаға «Екі келініңмен қалай тұра-
сың?» деп сұрағандар да, «Екі ке-
лінімен бір шаңырақтың астында
тату-тәтті тұрып жатыр» деп мақ-
тағандар да болыпты.
- Маған ақ сүт емген, текті жер-
дің қыздары келін болып түсті.
Келген күндерінен мен оларды
үлкенді сыйлауға, қонақ күтуге,
мезгілсіз келген қонаққа ренжі-
мей, оны күте білуге үйреттім.
Үйде үлкен әжеміз болды. Сол
кісінің бабын таба білуіне көңіл
бөлдім. Аллаға шүкір, үш келінім
де тәрбиелі, көңілімізге қарап
тұрады. Немерелерімізді де өзіміз
өсіргеннен кейін әлі күнге «Атаң
не дейді, әжең не дейді» деп біз-
дің ыңғайымызға жығылып тұра-
ды. Бұл – кісіліктің, кішіліктің бел-
гісі. Екінші келінім Аққозы орта
мектебінің директоры қызметін
атқарады. Сол келінім «Мамамның
арқасында жақсы мұғалім бол-
дым» деп жиі айтады. Шынында да,
алғаш жұмысқа орналасқан жыл-
дары тәрбие сағаттарын, сабақ
жоспарларын өзім жазып беріп,
көмектесіп жүрдім. Кейіннен ба-
ғыт алып, өзі жақсы мұғалім бо-
лып қалыптасып, мектеп директо-
ры қызметіне дейін жоғарылады.
Біз де өз тарапымыздан олардың
алаңсыз жұмыс жасауына жағдай
жасап келеміз, - дейді Қырмызы
апай.
Ұл-қыздары мен немерелерінің
ортасында бақытқа бөленген ата-
әже «Арайлап атқан әрбір ақ таңға
ризамыз» деп ағынан жарылады.
Осы жылдың көктемінде отағасы
Қайролла ағай Лондонда қызмет
атқарып жүрген қыз-күйеу бала-
ларының шақыртуымен шет елде
демалып қайтты. «Ол елдегі та-
залық, тәртіп, адамдардың спорт-
пен шұғылданып, денсаулықта-
рына көңіл бөлетіндіктеріне қатты
қызығып қайттым» дейді ол.
Олар өздерін бақытты ата-әже-
міз деп есептейді. Өйткені олар
бауырынан тараған балаларына
жарасымды жанұя құрудың құпия-
сы ауызбірлік пен ынтымақта еке-
нін ұғындырумен келеді. Қазіргі
күнде ұл-қызынан өрген 10 неме-
ре мен төрт жиен – көңіл қуаны-
шы. Жақында бала-шағасы мен
туыстарының ортасында 70 жаста-
рын атап өтуге ниеттенген бақыт-
ты ата-әжеге біз де өз тарапымыз-
дан шөбере қолынан су ішетін
күнге аман жеткейсіздер деп ті-
лейміз!
Гүлжамал ЖОЛДыҒАЛИ,
«Орал өңірі»
Қайролла Айтқалиұлы мен Қырмызы Әйіпқызы өздерінің
үш ұл, екі егіз қызымен қоса, үш ұлдан көрінген неме-
релерін де өз қолдарына алып, қара шаңырақта өсіріпті.
«Бір-біріне жатбауыр болмай, бірге өссін, аралассын,
туыс екендіктерін сезінсін» деген мақсатта өсірген
немерелерінің алды ата-әже үмітін ақтап, бірі қызметте,
енді бірі әскери борышын өтеп жүр. Шыны керек, қазіргі
заманда балалардың басым бөлігі ата-әже жылулығына
шөлдеп өсіп келеді. «Қазіргі ата-әжелер немере
бақпайды» деген ұғым қалыптаса бастаған заманда бір
немерені емес, бірнеше немеренің басын қосып, бірге өсіру
көп ата-әженің қолынан келе бермейтіні анық. Біз олардан
«Барлық немерені бірге өсіру қиын болған жоқ па?» деп
сұрадық.
Биыл бұл шара аудандық ауыл
шаруашылығы жәрмеңкесінен бас-
тау алса, Қамысты, Борсы, Жақсы-
бай, Талов ауылдық округтерін-
де қайырымдылық концерттері
ұйымдастырылып, түскен қаржы
аталған округтерге қарасты мек-
тептердің ата-аналар қауымдас-
тығына тапсырылды.
Жаны жомарт жандар Е. Елеме-
сов, А. Аяпов, Ғ. Әліп, Қ. Татранов,
Қ. Нығметов, С. Сатанова, С. Сәр-
сенғалиев, М. Тастанов, С. Исаева-
лар акцияға белсене атсалысса,
ауылдық округтердің әкімдіктері,
жалпы білім беретін мектептердің
педагогикалық ұжымдары, мем-
лекеттік ұйымдары қызу қолдау
көрсетіп келеді.
Аталмыш акцияда қазірге де-
йін 204 оқушыға 676 600 теңге кө-
лемінде көмек көрсетіліп, мектеп
сөмкелері, оқу құралдары, мектеп
формасы, спорттық киімдер мен
аяқ киімдер табыс етілді.
А. ИСПЕНБЕтОВА,
Жәнібек аудандық білім
беру бөлімінің бас маманы
Кәсіпкердің
қолдауы
Орал қалалық әкімдігі
білім бөлімінің «Мектеп-
тен тыс жұмыс орталығы»
ҚМКҚК-ның залында «Мек-
тепке жол» қайырымдылық
акциясы өткізілді.
Акцияға жергілікті кәсіпкерлер
қолдау көрсетті. Атап айтсақ, «Ве-
селая идея» дүкенінің директоры,
жеке кәсіпкер А. Ищенко 40 бала-
ға мектепке қажетті кеңсе оқу
құралдарын сыйға тартты. Қазақ-
стан халқы ассамблеясы Жастар
қанатының басшысы И. Спиридо-
нов МТЖО психолог кабинетіне
қол моторикасын дамытуға арнал-
ған ойын жинақтарын сыйлады.
Аталмыш шара МТЖО шығар-
машылық ұжымдарының балалар
концертімен басталды. Д. Ере-
тенко басшылық жасайтын «Шоу
Лэнд» қуыршақ театрының ұжымы
балаларға «Жол әліппесі» бағдар-
ламасын ұсынды. Концерттік бағ-
дарламадан кейін білімге ерекше
қажеттілігі бар балалардың ата-
аналары шараны ұйымдастыру-
шыларға өз алғыстарын білдірді.
Нұргүл МҰРАтОВА,
МтЖО-ның қосымша білім
беру педагогы
Өткен жылы «Мектепке
жол» акциясы барысында
Жәнібек ауданы бойынша
1382 оқушыға 5 млн. 95
мың теңге көлемінде көмек
көрсетілген болатын.
Қараусыз қалған
балалар жоқ
9
oral_oniri@inbox.ru
Бейсенбі, 18 тамыз 2016 жыл
дАғдАРысТАн дАмуғА
Б
ұл бағдарлама көптеген
салалық бағдарламаның
басын біріктірген кешен-
ді құжат десек те болады. Атал-
мыш бағдарлама аясында еліміз-
де жүздеген әлеуметтік жобалар-
дың жолы ашылып, ел экономи-
касының дамуына қызмет ететін
бірқатар
жаңа
кәсіпорындар
ашылды. Осы бағдарлама аясын-
да біздің өңірімізде де ел игілігі-
не қызмет ететін бірқатар жаңа
жобалардың тұсауы кесіліп, тағы
бірнешеуі жұмысқа кіріскелі тұр.
Осыған орай, жақында біз об-
лыстық кәсіпкерлік және индус-
триалдық-инновациялық даму бас-
қармасының басшысы Миржан
Сатқановпен хабарласып, ҮИИДБ
және индустрияландыру картасы
шеңберінде атқарылып жатқан
жұмыстар жөнінде сұрадық.
– Аталмыш бағдарламаның
еліміз үшін маңызы зор. Өйтке-
ні осы бағдарлама аясында көп-
теген өндіріс орындары ашылып,
олар ел экономикасын дамыту-
ға оң үлестерін қосуда. Мысалы,
индустрияландыру бағдарлама-
сының бірінші бесжылдығында,
яғни 2010-2014 жылдар аралы-
ғында өңірімізде жалпы құны
257,6 млрд. теңгенің 31 инвести-
циялық жобасы іске қосылды.
Осының нәтижесінде 1828 тұрақ-
ты жұмыс орны ашылды, – деген
Миржан Мұнайдарұлы одан әрі
Индустрияландыру картасының
екінші бесжылдығына жоспарлан-
ған жобалардың орындалу бары-
сы жөнінде баяндады.
– Индустрияландыру картасы-
ның екінші бесжылдығында, яғ-
ни 2015-2019 жылдар аралығын-
да 72 млрд. теңгеге 11 жобаны
іске қосу көзделуде. Соның нәти-
жесінде 469 жұмыс орны құрыл-
мақ. Жоспарланған 11 жобаның
екеуі өткен жылы жүзеге асырыл-
ды. Олар: “Батыс Пауэр” ЖШС-ның
«ГТЭС 200 МВт. 100 МВт бірінші
іске қосу кешені» жобасы жә-
не Бөкей ордасы ауданындағы
сүт өнімдерін өндіретін цех. Өз-
деріңізге белгілі, “Батыс Пауэр”
ЖШС-ның «ГТЭС 200 МВт. 100 МВт
бірінші іске қосу кешені» жоба-
сының маңызы зор. Өйткені «Ба-
тыс Пауэр» ЖШС-ның жобасы өңі-
рімізді энергетикалық тәуелді-
ліктен біржолата құтқармақ. Атал-
мыш компания бұл жобаны то-
лықтай жүзеге асыруды 2017-2019
жылдарға жоспарлаған. Өткен
жылдың аяғында компания қуаты
200 МВт болатын газтурбина-
лы станса құрылысының бірін-
ші кезеңін пайдалануға берді. Егер
осы газтурбиналық станса жос-
парға сәйкес жұмыс жасаған жағ-
дайда, өңіріміз өзімізден шыққан
қуатпен толықтай қамтамасыз еті-
леді. Зеленов ауданының Белес
ауылында орналасқан жаңа өнді-
ріс ошағының болашағы зор. Жы-
лына 100 МВт электр қуаты өн-
дірілетін газтурбиналы электр
стансасы облыс аумағындағы
электр стансаларының ішіндегі
ең қуаттысы болмақ. Стансаның
екінші кезеңінің құрылысы да
жоспарланған, жоспар бойынша
екінші кешеннің өндірістік қуаты
да бірінші кешендегідей жылына
100 МВт шамасында болмақ. Стан-
сада электр қуаты табиғи газды
жағу арқылы алынатын болған-
дықтан, турбинадан шығатын ыс-
тық газды пайдаға асыру жағы
да ойластырылған. Соған орай,
қазандықтар орнатылып, онда өн-
дірілетін жылу қуаты есебінен
станса іргесінде жылыжайлар са-
луға мүмкіндік бар. Индустрия-
ландыру картасы арқылы жүзеге
асырылған екінші жоба – Бөкей ор-
дасы ауданындағы сүт өнімдерін
өндіретін цех. Бұл жоба бойынша
жаңа өндіріс орны тәулігіне 500
литрге дейін өнім шығара алады.
Сайқын ауылында орналасқан бұл
цехта пастерленген сүт, қаймақ
және айран өндіріледі. Өнімді Ре-
сейге шығару да көзделуде.
Жоспар бойынша тағы жеті жо-
ба биыл іске қосылуы тиіс. Олар:
«Конденсат» АҚ-ның жобасы бо-
йынша экологиялық К5 класты
мотор майын өндіретін зауыт құ-
рылысы, «Батыс Нык» ЖШС жо-
басы бойынша ет өңдеу зауыты-
ның құрылысы, “Фирма Родник”
ЖШС жобасы бойынша бөтелке-
лерге құйылған ауыз су өндірісі
кешені, бөлшек бетон бұйымда-
рын өндіретін зауыт құрылысы
(«СпецстройСервис» ЖШС жоба-
сы), темірбетонды жабын плита-
ларын өндіруді ұйымдастыру
(«Орал Полимер» ЖШС жобасы),
600 тонналық жаңа класты теңіз
кемелерін жасауды ұйымдасты-
ру («Орал «Зенит» зауыты» АҚ),
қара уылдырық және бекіре та-
уары өндірісі бойынша ірі аква-
мәдени кешенін құру («Аквамәде-
ни тәжірибе-өнеркәсіптік өндіріс
оқу-ғылыми кешені» ЖШС), сұйық
натрий әйнегі мен пеноәйнек
және минералды ұнтақ өнімдерін
өндіруге арналған зауыт құры-
лысы («Foamsil» Орал пеносили-
кат компаниясының жобасы), ке-
ме жасау құрылысын жаңарту жә-
не кеңейту мақсатында шағын
катерлер өндіру ісі («Гидропри-
бор» ҒЗИ» АҚ жобасы). Осы жеті
жобаның үшеуі ағымдағы жылдың
алғашқы жартысында жүзеге асы-
рылды. Бұлардың қатарына «Кон-
денсат» АҚ-ның жобасы бойын-
ша экологиялық К5 класты мотор
майын өндіретін зауыт құрылысы,
«Батыс Нык» ЖШС жобасы бойын-
ша ет өңдеу зауытының құры-
лысы, “Фирма Родник” ЖШС жо-
басы бойынша бөтелкелерге құ-
йылған ауыз су өндірісі кешені
жатады.
Осы үш жобаны жүзеге асыру
үшін 46,6 млрд. теңге жұмсалып,
169 жұмыс орны ашылды. «Кон-
денсат» АҚ-ның К-5 экологиялық
класты жоғары стандартқа сай
жанар-жағармай өндіру жобасы
ағымдағы жылдың 1 шілдесінде
Елбасының қатысуымен Телекө-
пір шеңберінде іске қосылды. Қа-
зіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу
жұмыстары жүргізілуде. Кәсіп-
орынның алғашқы өнімдері қыр-
күйек айында шығарылмақ. «Кон-
денсат» АҚ-ның жобасы респуб-
ликалық Индустрияландыру кар-
тасы аясында жүзеге асырылуда.
Бұл жоба 2012 жылдан бастап қол-
ға алынды. Кәсіпорын АҚШ пен
Франция технологиясы бойынша
заманауи
құрал-жабдықтармен
жабдықталған. Осы жобаның ая-
сында 28 жаңа жұмыс орны
ашылды. «Конденсат» АҚ елімізде
тұңғыш рет экокласты К5 бензин
өндірісін іске қосуда. Өндіріс Ке-
ден Одағының техникалық рег-
ламент талаптарына сай жоғары
октанды этильденбеген бензин
шығаруға бағытталған. Кәсіпорын-
да болашақта 200 мың тонна-
жұмыс орны құрылмақ. Осы төрт
жобаның бірі – ұсақ бетондық
бұйымдарды шығару бойынша
зауыт құрылысы. «Спецстройсер-
вис» ЖШС-ның бұл жобасы бойын-
ша бүгінде құрылыс-монтаждау
жұмысы аяқталды. Қазіргі уақыт-
та зауытқа неміс жабдықтары
жеткізіліп, кәсіпорынды іске қо-
су жұмыстары жүргізілуде. Екінші
жоба - «Орал Полимер» ЖШС»-
ның темірбетонды жабын плита-
ларын өндіруді ұйымдастыру ба-
ғытындағы жобасы. Бүгінде бе-
тондық бұйымдарды шығаруға
арналған жобаны іске қосу жос-
парлануда, мұндағы құрылыс-мон-
таждау жұмыстары толық аяқтал-
ды. Іске қосу жұмыстары жүргі-
зілуде. Үшінші жоба – «Зенит» Орал
зауыты» АҚ-ның құрғақ салмағы
600 тоннаға дейін болатын жаңа
класты кемелер өндірісін игеру
және ірі габаритті өнімдер шыға-
ру жобасы. Кәсіпорында бүгінде
құрылыс-монтаждау жұмыстары
жүргізілуде. Төртінші жоба – бекі-
ре балықтар және қара уылдырық
шығару аквакешенінің құрылы-
сы. «Тәжірибе-өнеркәсіптік аква
өндірісінің оқу-ғылыми кешені»
ЖШС-на қарасты бұл жоба «Па-
расат» ННТХ АҚ-ның қатысуымен
жүзеге асырылуда. Аквакешен то-
лық қуатында жұмыс істегенде
131 тонна балық еті, 10 тонна уыл-
дырық өндірілмекші. 42 адам осы
жерден өз нәпақасын табатын бо-
лады. Қазір инженерлік желілер
тартылуда. Зауытқа қажет құрал-
жабдықты жеткізу мен монтаж-
дау бойынша технологиялық се-
ріктес ретінде бұл салада үлкен
тәжірибесі бар ресейлік компа-
ния таңдалып алынды. Ал құрал-
жабдық Еуропадан жеткізілмек-
ші. Бұл жоба бойынша ғылыми-
технологиялық өнеркәсіп аква-
кешенінің негізінде тұнық сумен
қамтамасыз ету жағдайында бекі-
ре балықтар өсіріліп, қара уыл-
дырық шығарылады. Бұл қазіргі
таңда тым азайып кеткен бекіре
балығы мен қара уылдырық өн-
дірісін қалпына келтіруге мүм-
кіндік береді. Жоба жылдың аяғы-
на дейін іске асырылмақ.
Бір сөзбен айтқанда, өңіріміз-
дің кәсіпкерлігін қолдау картасы
шеңберінде, яғни Индустриялан-
дыру картасының бірінші жә-
не екінші бесжылдығында облыс
бойынша жалпы сомасы 329,6
млрд. теңгеге 42 жоба жүзеге
асырылуы тиіс. Бұл жобалардың
қайсысы қаншалықты деңгейде
жүзеге асырылып жатқанын жо-
ғарыда айтып өттім. Бұйырса, қал-
ған жобалар да жоспарға сәйкес
іске қосылады деп ойлаймын. Жо-
ғарыдағы жобалар толықтай жү-
зеге асқан жағдайда 2297 жаңа
жұмыс орны құрылады, яғни бұл
осыншама адам тұрақты жұмыс-
пен қамтылады деген сөз, - деген
Миржан Сатқанов бұдан басқа
2018-2019 жылдар аралығында
құны 2,4 млрд. теңге болатын та-
ғы екі жоба жүзеге асырылаты-
нын айтты. Бұл жобалардың бірі
- «Foamsil» Орал пеносиликат-
тық компаниясы Орал қаласы»
ЖШС-на қарасты минералдық ұн-
тақ, сұйық натрийлық шыны жә-
не пеностекло шығаратын зауыт
құрылысы болса, екіншісі - «Гид-
роприбор» ҒЗИ» АҚ-ның шағын
кемелер өндірісін кеңейту және
жаңарту бойынша жобасы. Бұл
жобалар жүзеге асқан жағдайда
тағы 103 жұмыс орны ашылатын
болады. Миржан Мұнайдарұлы-
ның сөзінше, жоғарыда аталған
жобалардан басқа Индустриялан-
дыру картасына шамамен 200 жұ-
мыс орнын құрумен жалпы со-
масы 3,4 млрд. теңгеге тағы үш
жаңа жобаны енгізу жұмыстары
жүргізілуде. Олар: Кірпіш өндіру
бойынша зауыт құрылысы («134»
ЖШС), ет өңдеу кешені («Кублей»
ЖШС), ірі қара мал мен ұсақ мал
терісін өңдеу цехы («Пош Руно»
ЖШС).
екінші бесжылдықта
11 жоБА іске ҚосылмАҚ
Достарыңызбен бөлісу: |