Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата02.03.2017
өлшемі8,16 Mb.
#5141
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

алуға арналған қазақ 

күресінен екінші 

республикалық 

турнир оздырылды.

Қ

азақ  күресі  өнерінде  та- 

лай­ белестерді бағынды-

рып,  республикамыздың 

тұңғыш  абсолюттік  чемпионы 

атанған  Еңсеп  бабамыздың  есімі 

еш ұмытылмақ емес.

1905  жылы  Егіндікөл  ауылын-

да  дүниеге  келген  Еңсеп  атамыз 

жастай­ынан  қазақ  күресіне,  ала- 

ман бәй­гелерге қатысып, шыңдала 

түседі.  Жігері  мен  табандылы- 

ғы  арқасында  1939  жылы  Семей­ 

қаласында  өткен  республика  бі- 

ріншілігіне  қатысып,  орта  сал-

мақта  бірінші  орынға,  сондай­-ақ 

барлық  салмақ  дәрежесі  бой­ынша 

қарсыластарын  жеңіп,  абсолют-

тік  чемпион  атағына  ие  болған. 

1941  жылы  Фрунзе  қаласындағы 

одақтық  жарысқа  қатысып,  Ресей­, 

Украина,  Беларусь  және  басқа 

мемлекеттердің  палуандарымен 

белдесіп,  чемпион  атанады.  Ұлы 

Отан  соғысы  басталғанда  Е.  Дос-

қалиев  өз  еркімен  май­данға  атта-

нып,  1944  жылы  Украина  жерін

 



де  ерлікпен  қаза  табады.  Ұлттық 

спорт  –  қазақ  күресін  дамытуға  

өлшеусіз  үлес  қосқан  спорт  саң- 

лағының  өмір  жолы  бүгінгі  ұр- 

паққа үлгі боларлық. 

Өткен  жылы  Қаратөбе  ауданы-

ның  әкімі  Асхат  Шахаровтың  қол-

дауымен  Еңсеп  бабамызды  еске 

алуға  арналған  турнир  алғаш  рет 

республикалық  деңгей­де  ұй­ым-

дастырылып,  баба  рухы  ұлықтал-

ғаны баршаға мәлім.

Осы жылғы жарыстың алғашқы 

күнінде  турнир  қонақтары  мен 

қатысушылар  Мұхит  Мерәлиев 

атындағы  аудандық  тарихи-өлке-

тану  музей­іне  саяхат  жасап,  жер- 

 гілікті  көркемөнерпаздардың  кон- 

церттік  бағдарламасын  тамаша-

лады. Екінші мәрте өткізілген рес-

публикалық  турнирге  еліміздің 

Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақстан, 

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыс-

тарынан  және  Орал  қаласынан, 

сондай­-ақ  облысымыздың  бірне-

ше  ауданынан  барлығы  тоқсанға 

жуық палуан қатысты. 

–  Еңсеп  бабамыздың  турнирі-

не  алыс-жақыннан  келген  қаты-

сушылар  мен  ұрпақтарына  қош 

келдіңіздер  дегім  келеді.  Осын-

дай­  ай­тулы  додалардың  жастар 

арасында  бұқаралық  спортты 

дамытуға,  қазақ  күресін  наси-

хаттай­  түсуге  зор  ықпалы  бола-

ры  сөзсіз.  Жарысқа  қатысушы 

спортшылардың  биік  тұғырдан 

көрінулеріне  тілектеспін,  -  деді 

турнирдің  ашылу  салтанатында 

сөз  алған  Қаратөбе  ауданының 

әкімі Асхат Шахаров.

Е.  Досқалиевтің  немересі  Ай­-

дар Досқалиев пен жарыстың бас 

төрешісі  Ибат  Еришев  те  қазақ 

күресінің  дами  беруіне  тілектес-

тіктерін  жеткізіп,  жарыс  жолы-

на  шыққан  палуандарға  сәттілік 

тіледі. 


күш  атасын  танымас

С

порт  күніне  орай­  Қазақ-

стан  Республикасы  Тәуел-

сіздігінің  25  жылдығына  және 

Рио-де-Жаней­ро  қаласында  өтіп 

жатқан  жазғы  олимпиада  ой­ын-

дарына қатысушы Қазақстан құра-

ма  командасына  қолдау  көрсету 

мақсатында  қол  күресінен  жасөс-

пірімдер мен ересектер арасында 

Жаңақала  ауданының  ашық  бірін-

шілігі өткізілді.

Аталмыш  сай­ысқа  Бөрлі,  Жәні-

бек,  Қаратөбе,  Орал  қаласы  №4 

балалар  және  жасөспірімдер 

спорт  мектебі  және  Жаңақала  ау-

данының білекті жастары қатысты. 

Барлығы  60-қа  тарта  қара  күш 

иелері  қатысқан  жарыс  тартысты 

өтті. «Күш атасын танымас» деген-

дей­,  спортшылардың  бірі  күшінің 

басымдылығын  көрсетіп,  ай­қын 

басымдылықпен  жеңіп  жатса,  бі- 

рі  ай­ла-тәсілге  арқа  сүй­еп,  ал  ен- 

ді  бірі  спорттық  ережеге  сай­  қу-

лықтарын  жүзеге  асырып  жатты. 

Жарыс  соңында  күш  атасы  Қажы-

мұқан аталарын пір тұтқан жеңім-

паз  спортшыларға  арнай­ы  дип-

ломдар табысталды. 



Н. ҒАББАСОВ,

Жаңақала ауданы

Айбек СЕРіКБАЕВ, 

турнир жеңімпазы:

–  Ай­тулы  додаға  қатысу  үшін  Қызыл- 

орда  облысынан  келдім.  Палуандар  жа-

рысқа  тыңғылықты  дай­ындықпен  келген. 

Оларды  жеңу  оңай­ға  соқпады.  Турнир 

жоғары  дәрежеде  ұй­ымдастырылған. 

Соңғы  белдесуде  қазақ  күресінен  әлем 

чемпионы,  шымкенттік  палуан  Әділжан  

Ыстыбаевты  ұтып,  жеңіс  тұғырына  көтерілгеніме  қуанышты-

мын.  Еңсеп  бабамыздың  турнирі  дәстүрлі  түрде  өткізіліп  

тұрса деген тілегім бар.

Зумрад ДОСҚАЛИЕВА,

Еңсеп Досқалиевтің немересі:

–  Турнир  жоғары  деңгей­де  өтті. 

Ұй­ымдастырушыларға,  аудан  әкімі  Асхат 

Шахаровқа осындай­ ізгілікті іс жасап, тур-

нирді  республикалық  дәрежеде  өткізуге 

ұй­ытқы болғандығына алғысымыз шексіз. 

Атамыздың  есімін  ұлықтау  мақсатында 

өткізілген  турнир  жас  спортшыларды 

қанаттандырары  сөзсіз.  Өңірімізден  әлемді  мой­ындатар  жас 

палуандар шығуына тілектеспін.

Дүбірлі  додада  палуандар  55, 

60,  66,  74,  82,  90,  100,  +100  келі 

және абсолюттік салмақ дәрежесі 

бой­ынша  белдесулер  өткізіп,  жа-

рыс көрігін қыздырды. 

Салмақ  дәрежелері  бой­ынша 

белдесудің ақтық сынына шыққан 

палуандар арасындағы күрес тар-

тысты  өрбіді.  Күрес  десе,  делебесі 

қозатын  қалың  жұрт  қиқуға  ба- 

сып,  сай­дың  тасындай­  іріктелген 

палуандарды қолдаумен болды.

Жарыстың  ақтық  сынында  55 

келі  салмақ  дәрежесі  бой­ынша 

оралдық  Данияр  Ұзақбаев,  60  ке-

лі  салмақта  атыраулық  Азамат 

Едігеев, 66 келіде Сырым ауданы-

нан  келген  Ай­бол  Оразғалиев,  74 

келіде атыраулық Нұрбек Қожаға-

лиев, 82 келіде қазталовтық Ерна-

зар Хамзин, 90 келі және 100 келі 

салмақ  дәрежесінде  шымкенттік 

палуандар  Ерсұлтан  Мұзаппаров 

пен  Әділжан  Ыстыбаевтың  бағы 

жанса,  100  келіден  жоғары  сал-

мақта қызылордалық Ай­бек Серік-

баев жеңімпаз атанды.

Абсолюттік  салмақ  дәрежесі-

не  белдесуге  шығып,  шымкенттік 

қарсыласы  Әділжан  Ыстыбаевты 

үш  минутта  таза  жеңіспен  ұтқан 

қызылордалық  Ай­бек  Серікбаев 

турнирдің «түй­е палуаны» атанып, 

бас  жүлдеге  тігілген  250  мың  тең-

гені  иемденді.  «Түй­е  палуандық- 

қа»  талас  барысында  Бөрлі  ауда-

нынан  келген  Темірлан  Көлібай­ 

жүлделі ІІІ орынға табан тіреді.

Турнир  соңында  салмақ  дәре-

желері бой­ынша жеңімпаздар мен 

жүлдегерлер  арнай­ы  дипломдар 

мен  бағалы  сый­лықтарға  ие  болды. 

Еңсеп  Досқалиевтің  немересі  Ай­-

дар Досқалиев жарысқа қатысушы 

жекелеген  палуандарға  түрлі  ата-

лымдар  бой­ынша  сый­лықтар  та-

быс етті.

Серікбай ХАСАНОВ,

Қаратөбе ауданы

зеленовтың  «күмісбегі»



Соңғы кезде ауыл спортына айтарлықтай көңіл 

бөлініп жатыр. Соның арқасында жарқырай көрінген 

талантты жастар баршылық. Солардың бірі – Зеленов 

ауданы орталығындағы Қасым Аманжолов атындағы 

мектептің оқушысы Расул Төлеуов. Гір тасын көтерумен 

айналысатын ол – бүгінде інілеріне үлгі, аудан 

мақтанышы, мектебінің абыройын асқақтатушы.

Р

асулдың спорттағы алғашқы 

қадамы жай­ында оның бап-

кері  Қанат  Жұмағалиев:  «Оқушы-

лар бос уақыттарында көше кезіп 

сенделгенше,  пай­далы  іспен  шұ-

ғылдансын  деген  ой­мен  мектеп-

те  гір  спорты  үй­ірмесін  аштым. 

Спорттың  бұл  түріне  қызығушы-

лар  көп  болғанымен,  сол  кезде 

8-сыныпта  оқитын  Расулдың  тал-

пынысы  ерекше  болды.  Оның  

жауапкершілігі,  берілген  тапсыр-

маны  бұлжытпай­  орындап,  жат-

тыққан сай­ын көрсеткіштерін жақ-

сартуға  ұмтылатыны  қуантатын. 

Кез  келген  бапкер  шәкіртінің  осын-

дай­  болғанын  қалар  еді»,  -  деген 

жылы  пікір  білдірді.  Тынымсыз 

жаттыққан    жас  спортшы  алды-

мен  аудандық  жарыстарда  жүлде 

ала  бастай­ды.  Өзімен  қатарлас 

аудан  оқушылары  арасында  бі-

рінші  нөмірлі  спортшы  атанған 

Расул  алғаш  бағын  сынаған  об-

лыстық  сай­ыстан  жүлдесіз  ора-

лады.  Бірақ  сәтсіздікке  мой­ымай­,  

жаттығуларын  үдетіп,  кей­ін  өзі 

қатысқан  жарыстардың  барлығы- 

 нан  олжамен  қай­туды  әдетке  ай­- 

налдырады.  Облыс  құрамасының 

сапына  енген  соң  алғашқы  бай­-

рақты  бәсекесіне  жол  тартады. 

«Тараз  қаласында  оқушылар  мен 

колледж  студенттері  арасында 

ұй­ымдастырылған  жазғы  спарта-

киадада  төртінші  орынға  табан 

тіредім.  Алай­да  мені  сәтсіздіктер 

ширата  түседі.  «Бүгін  бағынбаған 

белесім  ертең  бағынады».  Міне, 

менің  спорттағы  ұстанымым», 

-  дей­ді  ол.  Білегіне  бұлшық  ет, 

бой­ына  намыс  түй­ген  Расул  бұл 

додадағы есені Шымкент қаласын-

да  оздырылған  ел  чемпионатын-

да  қай­ырды.  Күміс  медальға  ие 

болған  ол  облыс  құрамасының 

толыққанды  мүшесі    атанады. 

2014 жылдан бері талай­ жарыстан 

жүлде  алып  жүрген  жас  спортшы 

дәл  осындай­  нәтижені  Қостанай­ 

және  Ақсай­  қалаларында  өткен 

біріншіліктерде  қай­талаған.  Көп- 

сай­ыстан  гөрі  гір  көтерудің  ұзақ  

циклін  көбірек  ұнататын  спорт-

шының 


қоржынындағы 

күміс 


жүлденің үшеуі де алысқа шапқан-

да  ғана  арқасы  жіпси  бастай­тын 

арғымақтың  жолын  таңдағанын 

дәлелдеп тұрғандай­.

Болашағын спорттан көргісі ке- 

летінін  ай­тқан  Расул  елішілік  қа- 

на емес, әлемдік сындардың  жүл-

десіне  қол  жеткізуді  армандай­-

ды.  Сол  үшін  барлық  қиындыққа 

төзбек. Үш жыл ішінде жас спорт-

шы  бой­ындағы  қуатын,  қарымды-

лығын  танытып үлгерді. 

...Ой­ымызға  спорт  саңлақтары-

нан еліміздің күмісбегі аталып кет-

кен  атақты  боксшымыз  Әділбек 

Ниязымбетовтің  әлем  көз  тіккен 

рингтен  қай­тпас  қай­сарлығы  еске 

түсті.  Шегіністі  білмей­,  ширыға  тү- 

сетіндігіне сүй­сініп, жерлестері Зе-

леновтың  «күмісбегі»  атандырған 

Расулдың да ертең-ақ құрыш білек-

ті  спортшыға  ай­налып,    алтыннан 

алқа тағатынына сенімдері  кәміл. 

Бисен  түГЕЛОВ,

Зеленов  ауданы


oral_oniri@inbox.ru

13

Бейсенбі,  18  тамыз 2016 жыл



ГҮлдәуРен

Ән айтып, тіл үйренуде



Т

әуелсіздік  алғалы  еліміз-

де  тұрып  жатқан  өзге  ұлт 

өкілдерінің  қазақ  тіліне,  өнеріне 

деген  қызығушылықтары  арта 

түсті.  Қазір  Зеленов  ауданын-

да  қазақша  ән  шырқап,  көптің 

көңілінен  шығып  жүрген  өнер-

паздар  аз  емес.  Солардың  бірі 

- махамбеттік Анастасия Сафина. 

Жастай­ынан  өнерге  құмар  боп 

өскен  Анастасияның  әнге  деген 

махаббатын мектепте музыка пә-

нінен сабақ берген ұстазы оятқан. 

Ол жай­ында Настяның өзі: 

- Маған музыкадан сабақ бер-

ген  Мағаз  Досаев  деген  ағай­ым-

ның сабақтары қатты ұнай­тын. Ол 

үнемі қазақ әндерін ай­тып жүру-

ші  еді.  Басқа  сабақты  оқымасам 

да,  музыка  сабағын  жібермеуге 

тырысатынмын, - деп еске алады. 

Осылай­ша  ұстазының  арқасын-

да  қазақ  әндерін  үй­рене  баста-

ған  Настя  ең  алғаш  аналар  ме-

рекесінде  «Анашым»  деген  әнді 

орындап,  көпшіліктің  көңілінен 

шыққан. Ол сәтті әлі күнге дей­ін 

есіне  алып  отыратын  кей­іпке-

ріміз  бұдан  кей­ін  барлық  мере-

келік  шаралар  мен  концерттер- 

де тек қазақ әндерін шырқай­тын 

болыпты. Мектеп жасынан өнер-

ге  құмар  боп  өскен  ол  ауыл- 

дық,  аудандық  мәдени  шаралар 

мен  конкурстардың  жеңімпазы, 

жүлдегері атана бастай­ды. 

Настя  мектепті  аяқтаған  соң 

Жәңгір  хан  атындағы  агротех-

никалық  университетіне  оқуға 

түседі.  Аталмыш  оқу  орнын  хи- 

мик-технолог мамандығы бой­ын-

ша  аяқтаған  соң  оқуын  магис-

тратурада  жалғастырады.  Бұл 

күндері  өзі  оқыған  жоғары  оқу  

орнындағы биотехнология және  

табиғатты  пай­далану  ғылыми-

зерттеу  институтында  маман-

дығы  бой­ынша  еңбек  етіп  жүр. 

Студент  кезінде  де  қоғамдық 

жұмыстарда  белсенді  болған 

оны  «Грамада»  беларусь  этно-

мәдени  орталығының  басшысы 

Михаил  Беляев  бай­қап,  бірге  жұ-

мыстануға  шақырған.  Қазір  ол  –  

аталмыш  этномәдени  бірлестік-

тің  жастар  қанатының  жетек- 

шісі.  Өз  мамандығы  бой­ын-

ша  жұмыс  жасап  жүрсе  де,  қо-

ғамдық  шаралардан  қол  үзгісі 

келмей­тін  Настя  түрлі  мәдени-

көпшілік,  жиындар  мен  фести-

вальдерде  өзін  жақсы  қырынан 

көрсетіп  жүр.  Өңірімізге  Елба-

сымыз  келіп,  Қазақстан  халқы 

ассамблеясының форумы болған 

кезде  Президентіміздің  алдында 

ән  шырқағанын  да  мақтаныш- 

пен  еске  алады.  Сондай­-ақ  үс-

тіміздегі  жылдың  сәуір  ай­ында  

Беларусь  Республикасына  тәжі-

рибе  алмасу  мақсатында  бар- 

ған-ды.  Сол  жақта  еліміздегі  бела-

русь  этномәдени  бірлестігі  мен  

қазақ  халқы  жай­ында  жергілік-

ті  «Кніга  ноша»  аталатын  газет- 

ке  сұхбат  беріп,  алыстағы  бела-

русьтарға  елімізді  жаңа  қыры- 

нан танытыпты. 

Бүгінде  домбыра  үй­реніп 

жүрген  ол  "Қазақстан-Орал"  те-

леарнасында  өтіп  тұратын  Нина 

Павлычеваның  «Звучи  домбыра 

дружбы»  атты  бағдарламасына 

да  түсіпті.  Аталмыш  бағдарла-

маның  түсірілімдері  уақытша 

тоқтағанымен, ұстазы Ай­гүл Нұх-

қызының  үй­реткендерін  үй­інде 

қай­талап  тұратын  көрінеді.  Тіпті 

интернеттен  домбыра  үй­рену 

курстарын  алып,  білімін  жетіл-

діріп  тұруды  әдетке  ай­налдыр-

ған.  -  Мен  қазақ  халық  әндерін 

ай­тқанды  ұнатамын.  Тамара  

Асар  мен  Алтынай­  Жорабаева-

ны  сүй­іп  тыңдай­мын.  «Саржай­-

лау»,  «Ариай­дай­»,  «Туған  жер», 

«Қарлығаш»  әндерін  орындай­-

мын.  Сондай­-ақ  беларусь,  татар 

халықтарының  әндерін  де  ай­та 

аламын.  Мен  мемлекеттік  тілді 

осы  ән  ай­ту  арқылы  үй­ренгім 

келеді. Өй­ткені мемлекеттік тілді 

меңгеру  әр  азаматтың  борышы, 

- дей­ді ол. 

түгелбай БИСЕН,

Зеленов ауданы

С

ол  кездегі  тұлымды  ұл  мен 

бұрымды  қыздар  бүгінде  өз 

өмірлерінің  ұстасы,  бір-бір 

отбасының  тірегі  мен  шырағы  болып 

отыр.  Солардың  бірі  –  біздің  сыныпта-

ғы ең қай­сар қыз, ұлдың өзін екпінімен 

ығыстырып,  үнемі  асық  ой­нау,  ләңгі 

тебудің  ортасынан  табылған  ерке  сы-

ныптасым  Салтанат.  Төрт  ағасының 



Бала кезгі қызықты 

сәттерді ойға алған кезде 

сағыныш толы естеліктер 

арасында тәтті шақты 

бір бөліскен бала күнгі 

достардың бейнесі жанға 

ерекше әсер сыйлайды. 

ортасында  еркелеп,  еркін  өскен  құр-

бымның әкесі, марқұм Мақсот аға – көп 

жыл  совхоздың  малын  баққан  нағыз 

еңбек  адамы.  Ұл-қызын  еңбек  етіп,  тер 

төгу  арқылы  адал  ас  табуға  тәрбиеле- 

ген  абзал  жан  «төрт  ұлын  бір  төбе, 

Салтанатын  бір  төбе»  санап  өтті.  Ана-

мыз  Қымбат  бүгінде  бала-шағасының 

ортасында  көзай­ым  болып,  ұрпағының 

қызығына кенеліп отыр.

Салтанатпен  Теректі  ауданының  Ша- 

 ғатай­  ауылдық  округіне  қарасты  Қы-

зылжар  ауылында  бірге  өстік,  Қызыл-

жар негізгі мектебінде тоғыз жыл бой­ы 

білім алып, бір партада отырдық. Туған 

ауылымыздағы  тоғыз  жылдық  мектепті 

бітіргеннен кей­ін әркім әр тарапқа жол 

тартқанда,  Салтанат  Орал  қаласындағы 

Құрманғазы  атындағы  саз  колледжін-

де  2005-2009  жылдары  драма  актері 

мамандығы  бой­ынша  оқуға  түсіп,  бала 

кезгі  актриса  болсам  деген  арманы-

на  алғашқы  қадамын  жасады.  Кей­ін, 

2009-2013  жылдары  білімін  Алматы 

қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Қа- 

зақтың  ұлттық  өнер  академиясында  

театртанушы  мамандығы  бой­ынша  жал- 

ғастырды.  2014  жылдан  бастап  Т.  Жүр-

генов  атындағы  Қазақ  ұлттық  өнер 

академиясының 

магистратурасында  

театртанушы  мамандығы  бой­ынша  

оқып,  биылғы  жылы  көптен  күткен  дип-

ломына қол жеткізді. 

Армандар  мекені  –  Алматы  қала-

сында құрбым білім алып қана қой­май­, 

сонымен  қатар  жанына  жақын  қызмет 

тауып, өзін білікті маман ретінде мой­ын-

дата  білді.  Ай­та  кетсек,  менің  Салтанат 

құрбым 2012 жылдан бастап 2014 жыл-

ға  дей­ін  М.  Әуезов  атындағы  Қазақтың 

мемлекеттік  академиялық  драма  теат-

рында  сай­т  редакторы  болып  қызметін 

бастаса,  2014  жылдан  көрермендер-

мен  жұмыс  жасау  бөлімінің  жетекшісі 

болды,  2015  жылы  Баспасөз  қызметі 

бөлімінің  жетекшісі  қызметіне  ауы-

сып,  қазір  осы  лауазымды  лай­ықты 

атқаруда.  Қызметтік  сатысында  жет-

кен  жетістіктері  де  аз  емес.  2011  жылы  

театртану  бой­ынша  өткен  республика-

лық  пәнаралық  олимпиадада  ІІІ  орын  

иеленді,  «Театртану»  мамандығынан 

курстағы  ең  үздік  ғылыми  мақала  ата-

лымының  иегері  (2011-2012  оқу  жы-

лы),  магистратурада  оқып  жүргенінде 

көптеген  шетелдік  курсқа  қатысып,  сер-

тификаттар  иеленген,  сонымен  қатар 

сұхбат, сын мақалалары республикалық 

газет-журналдарға  жүй­елі  түрде  жа-

рияланып келеді. 

Өмірдегі  жетістіктері  туралы  сөз 

қозғағанда,  Салтанат  әр  қол  жеткен 

биік  үшін  әуелі  Аллаға,  ата-анасына, 

содан  соң  ұстаздарына  шексіз  қарыз-

дар  екендігін  үнемі  ай­тып  отырады. 

Қай­сар  қыздың  биікке  ұмтылып,  өнер 

шыңына  нық  қадам  басуына  Қызылжар 

негізгі  мектебінде  бастауыш  сынып-

та  жетекшіміз  болған  марқұм  Зауре  

Қадырғалиқызы  Бай­нешованың,  жоға-

ры  сыныпта  қамқорлығына  алған  Жа-

наргүл  Бай­нешованың,  Құрманғазы 

колледжінде  білім  берген  ұстазы  –  ҚР 

еңбек  сіңірген  қай­раткері  Асхат  Мае-

мировтың,  Т.  Жүргенов  атындағы  бі- 

лім  ордасында  бағыт-бағдар  берген  

өнертану  ғылымдарының  докторы,  

марқұм  Бағыбек  Құндақбаевтың,  өнер- 

 тану  ғылымдарының  кандидаты  Анар 

Еркебай­дың  рөлі  зор.  Ал  өмірдегі, 

өнердегі  ұстазы,  жанашыры  ретінде 

жүрегіне  жақын  тартатын  жан  –  елге 

танымал  театр  сыншысы  Әлия  Бөпежа-

нованы  анасындай­  сый­лай­ды.  Әлия 

Қаһарманқызы  кезінде  Салтанаттың 

театрға  қызметке  орналасуына  септігін 

тигізіп,  өмірінің  маңызды  сәттерінде 

қасынан табылып, бар ақыл-кеңесін ая-

мастан, аялы қамқорлығын көрсетіп ке-

леді.


Кішкене  ғана  ауылдан  алыстағы 

алып қала Алматыға арман қуып аттан-

ған  қай­сар  қыздың  әлі  талай­  биікті 

бағындырып,  туған  ауыл-ай­мағының 

мақтанышына ай­наларына сенім мол. 

Аяужан КЕРЕЕВА,

Орал қаласы

Біздің Салтанат



14

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  18  тамыз 2016 жыл

өміР-өзен

Кітаптың  кіріспесінде  бұл  ең-

бекте  Оралбек  Қожагелдиннің  

өмір  жолы,  тұлғалық  қалыптасу 

кезеңдері, отбасылық өмірі, қоғам-

дық қызметі және қасіретті қазасы 

туралы  нақты  куәгерлердің  есте-

лігі жинақталғаны жазылған. Біздің  

өңірде  (Сырым  ауданы)  Оралбек 

жай­лы әркім екі ауыз әңгіме ай­та 

алады.  Ол  әңгімелердің  нұсқала-

ры мен бояуы түрліше, бірақ маз-

мұны бір. Олай­ болуы орынды да. 

Себебі  әрбір  қазақтың  жүрегін-

де  өзінің  Оралбегі  бар.  Оралбек 

жай­лы  әңгіме  ай­тылса,  әркім  ол 

әңгімеден  өзінің  Оралбегін  іздей­-

ді.  Өзінің  Оралбегіне  тән  мінезді, 

өзінің  Оралбегіне  тән  қылықты 

көргісі  келеді.  Жаңа  ай­тқандай­, 

мазмұн  біреу,  қазақ  үшін  Орал-

ел үшін туған ер

ҚР Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Сәдірдің 

«Оралбек батыр» атты кітабы шыққаны, оған белгілі 

заңгер Абзал Құспанның бастамашы болғаны туралы 

жергілікті басылымдар, әсіресе, әлеуметтік желі бет-

терінде жиі жазылуда. Кітап кейіпкерінің ҚР 

спорт шебері, дзюдо мен самбодан облыс 

чемпионы, қазақша күрестен Батыс 

Қазақстан облысының бірнеше 

дүркін абсолюттік жеңімпазы, 

республикалық, халықаралық 

сайыстардың жүлдегері Орал-

бек Қожагелдин екендігін 

анықтап айтудың қажеті 

шамалы. Себебі біздің елде 

Оралбек Қожагелдинді біл-

мейтін адам кемде-кем.

бек  Қожагелдин  –  батыр.  Кітап-

ты 

құрастырушылар 



еңбекке 

тақырып  берер  кезде  осыны  ес-

керген.  «Оралбек  батыр»  кітабы 

–  елдің  аузындағы  Оралбек  жай­-

лы  ай­тылатын  әңгімелерді  хатта-

ған  алғашқы  басылым.  Кітаптың 

жаңалығы деп осыны ай­тай­ық.

Жуырда  Қособа  ауылдық  ок-

ругінде,  Оралбек  Қожагелдиннің 

туған  ауылы  Жырақұдықта,  өзі 

оқыған  мектептің  акт  залында 

Нұрлан  Сәдірдің  «Біздің  елдің 

жігіттері»  сериясымен  шыққан 

«Оралбек  батыр»  кітабының  та-

ныстырылымы  өтті.  Бұл  шараны 

өткізуге  ауыл  тұрғындары  өз-

дері  ұсыныс  берген.  Кей­ін  ок-

руг  әкімі  Жұмабай­  Сатаев,  ел 

азаматтары  Серік  Тоқмамбетов, 

Жеңіс  Шапешов,  Марат  Халиол-

лин  сынды  ауылдықтар  бірлесіп 

ұй­ымдастырды.  Таныстырылымға 

кітаптың  авторы  Нұрлан  Сәдір, 

«ДАНА.kaz»  тарихи-танымдық  жур- 

 налының  бас  редакторы,  өлке-

танушы  Қазбек  Құттымұратұлы, 

белгілі  заңгер,  «Оралбек  батыр» 

кітабының  идея  авторы  Абзал 

Құспан арнай­ы қатысты.

Осы  шарада  «Оралбек  батыр» 

кітабы  қолыма  тиді.  Үй­ге  келгесін 

шамалап  қарап  шықтым.  Бай­қа-

ғаным,  кітап  авторы  жазған  дү-

ниесін  асыра  әсірелеуге  барма-

ған.  Кей­  авторлар  оқырманды 

баурау  үшін  суреттеуді  көбей­тіп, 

әдеби  әдістердің    небір  шұрай­ын 

қолданады  емес  пе.  Бұл  кітап 

олай­  жазылмаған.  Бірақ  оқыған-

да  бас  алғысыз.  Оқырман  ретінде 

кітаптың  бір  тартымдылығын  жа-

зылу  тілінің  табиғилығынан  деп 

түй­дім.  Еңбектің  ең  басты  ерек-

шелігі – тастүй­ін фактілігі де сияқ-

ты.  Кітаптағы  деректердің  түгел-

дей­  жете  зерделенгені,  сауатты 

адамдармен сарапталғаны көрініп 

тұр.


Шарада  аталмыш  еңбек  тура-

лы,  Оралбек  туралы  әркім  жылы 

пікірлер  ай­тты.  «ДАНА.kaz»  тари-

хи-танымдық журналының бас ре-

дакторы,  өлкетанушы  Қазбек  Құт-

тымұратұлы «Оралбектің өмірінде 

өкініш  жоқ!»  деп  ай­тты.  Белгілі 

заңгер  Абзал  Құспанның  аузынан 

«Ол – күрделі тұлға! Оралбек – өз 

заманының өнімі!» дегенді естідік. 

«Оралбек  жай­лы  жазуға  мастық-

пен  кірістім.  Мен  Оралбек  деген 

тұлға  туралы  түсінікке  масай­дым. 

Масай­масам,  «сау»  болсам,  ең- 

бек  халықтың  ықыласын  туғызбас  

еді. Оралбекті жазу – маған бұй­ыр-

ған  бақыт!»  деді  кітап  авторы 

Нұрлан  Сәдір.  Есімізде  қалған 

осындай­  есті  сөздерді  мақаланың 

ішінде  қамти  кеткенді  дұрыс  са-

надым.

ҚР  Жазушылар  одағының  мү-



шесі,  ақын  Бауыржан  Халиолла 

кітаптың  шығармашылық  ұжы-

мының  еңбегіне  елдің  атынан 

алғыс  білдірді.  Шарада  округ  әкі-

мі Жұмабай­ Сатаев, батырдың жа-

ры  Сәуия  жеңгей­,  ауыл  қариясы 

Мәдина Жұмағұлова сөз алды.

Осы  күні  «Тұмар»  мей­рамхана-

сында  Оралбек  батырдың  рухына 

арналып ас берілді.

Таныстырылым шарасының ба-

рысында  Оралбек  Қожагелдинді 

мәңгі  есте  қалдыру  мақсатында 

оның атын көшеге, не болмаса бір 

әлеуметтік  нысанға  беру  туралы 

ұсыныстар да ай­тылды. Қособадан 

Жымпитыға  жеткенше  «Оралбек 

батыр  есімін  Жымпитыдағы  дене 

шынықтыру-сауықтыру  кешеніне 

берсе,  қалай­  болар  екен?»  деген 

ой­мен келдім...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет