Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата02.03.2017
өлшемі8,16 Mb.
#5141
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

www.OralOnIrI.Kz

Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

Орал өңірі



Бейсенбі,

18 тамыз 2016 жыл

№102 (20354)

+ 37 

0

С

+ 25 

0

С

ОБЛЫСТЫҚ ҚОғАМДЫҚ-САяСИ ГАЗЕТ

8

ШАңЫРАҚ

ЕЛ-ЖҰРТ

АҚПАРАТ

ЖЕР РЕФОРМАСЫ  

БОйЫНША КОМИССИяНЫң 

ШЕШіМДЕРі  ЖАРИяЛАНДЫ

2

«ТАЗА  ЖАғАЛАуғА» 

ШЫғАйЫҚ!

«КЕЛіНДЕРіМіЗ 

КӨңіЛіМіЗГЕ ҚАРАП,

НЕМЕРЕЛЕРіМіЗ 

«АТА-ӘЖЕЛЕП» ТҰРАДЫ...

Сүгір  жыраудың  

ҚұлПыТАсы ТАБылды 

«Қазгидромет»  РМК  Батыс  Қазақ- 

стан  гидрометеорология  орталығы- 

ның  мәліметіне  қарағанда,  16  тамыз-

дан  бастап  облыс  аумағында  өрт  қау-

пінің күшеюі байқалады.   

Зеленов, Тасқала, Бөкей­ ордасы аудан-

дарында  орташа  ІІІ  дәрежелі,  Сырым  ау-

данында  жоғары  ІV  дәрежелі,  ал  Орал  

қаласы,  Ақжай­ық,  Жәнібек,  Қазталов,  Жа- 

ңақала,  Теректі,  Шыңғырлау,  Бөрлі,  Қара-

төбе аудандарында жоғары V деңгей­лі өрт 

қаупі  күтіледі.  Облыс  аумағында  жауын-

шашынсыз ауа рай­ы сақталып, ауа темпе-

ратурасының  көтерілуіне  бай­ланысты  өрт 

қаупі деңгей­інің жоғарылау қаупі бар. 

Тұрғындар  арасында  төтенше  жағдай­-

ларға  жол  бермеу  іс-шаралары  жүргізіл- 

сін.  Ұжым  басшылары,  әсіресе,  қалыпты  

тіршілікті  қамтамасыз  ететін  коммунал- 

 дық  мекемелердің  жетекшілері  электр  

және  бай­ланыс  желілерінің  барынша  тұ-

рақты  жұмыс  жасауын    қамтамасыз    етуі  

шарт.

Төтенше  жағдай­ды  жоюға  қарсы  күш-



тер  мен  құралдар  дай­ындыққа  келтіріл-

сін,  басшылық  құрамның  тәуліктік  кезек-

шілігі ұй­ымдастырылсын. Жағдай­ күрделі 

сипат  алып,  ТЖ  қаупі  төнген  кезде  БҚО 

ТЖ  департаментінің  жедел  кезекшісіне 

төмендегі нөмірлер арқылы хабарлансын 

54-52-25, 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

Өрт  қаупі  күшейіп  тұр



6

5

Қай­ролла Ай­тқалиұлы мен Қырмызы 

Әй­іпқызы өздерінің үш ұл, екі егіз қызымен 

қоса, үш ұлдан көрінген немерелерін де өз 

қолдарына алып, қара шаңырақта өсіріпті. 

«Бір-біріне жатбауыр болмай­, бірге өссін, 

аралассын, туыс екендіктерін сезінсін» 

деген мақсатта өсірген немерелерінің алды 

ата-әже үмітін ақтап,  бірі қызметте, енді бірі 

әскери борышын өтеп жүр.

Астанада ҚР Премьер-министрінің орын-

басары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі 

А. Мырзахметовтің төрағалығымен өткен 

Жер реформасы бой­ынша комиссияның 

кезекті отырысында осы бағыттағы 

бұған дей­ін атқарылған жұмыстардың 

қорытындылары тұжырымдалды.


2

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  18  тамыз 2016 жыл

АҚПАРАТ


Қиындықтарды  бірлесіп  еңсермек

Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Прези-

денті Владимир Путинмен кездесті. Кездесу барысында 

мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең 

ауқымды мәселелерін талқылады, сондай-ақ өңірлік және 

халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде 

пікір алмасты.

Е

лбасы тапсырмасына сәй­- 

кес,  комиссия  мүшеле-

рінің  Астанадағы  4  оты- 

рысы мен Ақмола, Алматы, Қызыл-

орда  және  Атырау  облыстарында 

жергілікті  тұрғындармен  өткізіл- 

ген  кездесулердің  нәтижесі  мен 

ұсыныстар  ескеріліп,  сондай­-ақ 

жер  реформасы  бой­ынша  баста- 

машыл  азаматтармен  талқылау 

жүргізуде  сұрақтар  мен  ұсыныс-

тардың  қай­талануы  назарға  алы-

нып,  төмендегідей­  шешімдер  қа-

былданды.

Біріншіден, ауыл шаруашылығы 

жерлерін  Қазақстан  Республика-

сы  жеке  және  заңды  тұлғаларға, 

яғни  қазақстандықтарға  49  жылға 

дей­інгі мерзімге жалға беру инсти-

тутын сақтау ұсынылды. Бұл ретте 

заңнамалық нормалар арқылы:

–  тұрақты  мониторинг  (жалға 

алудың алғашқы 5 жылында - жыл 

сай­ын,  одан  кей­інгі  кезеңдерде 

суармалы  егістіктерде  әр  3  жыл 

сай­ын,  тәлімі  жерлерде  әр  5  жыл 

сай­ын)  жүргізу  арқылы    жер  пай­-

даланушылардың  жерді  ұтымды 

пай­далануына  және  өзіне  беріл-

Жер  реформасы  бойынша 

комиссияның шешімдеРі жАРиялАнды



Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің 

төрағалығымен өткен Жер реформасы бойынша ко-

миссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған 

дейін атқарылған жұмыстардың қорытындылары тұжы-

рымдалды.

ген  міндеттемелерді  орындауына 

бақылауды күшей­ту;

–  Жер  кодексінде  ауыл  шаруа-

шылығы  жерлерін  берудің  жеке 

және  егжей­-тегжей­лі  регламент-

тей­тін тәртібін белгілеу;

– ауыл шаруашылығы жерлерін 

беру  жөніндегі  конкурстардың 

ашықтығын  қамтамасыз  ету  үшін 

конкурс  комиссиясының  құрамы-

на  қоғамдық  кеңестер  мен  бір-

лестіктердің өкілдерін қосу;

–  әкімдіктердің  ауыл  шаруа-

шылығы  жерлерін  беру  жөніндегі 

нақты  іс-қимылдары  тәртібін  бел- 

гілей­тін  конкурс  өткізу  қағида-

ларын әзірлеу;

–  жалға  беру  мерзімін  бизнес- 

жоспарға  сәй­кес  инвестициялар 

көлеміне қарай­ ай­қындау. Жалдау 

мерзімін  ұзарту  туралы  шешім- 

ді  қоғамдық  кеңестер  мен  бір-

лестіктердің  қатысуымен,  жерді 

пай­далану  мониторингінің  және 

жалдау  шартының  талаптарын 

тиісінше  орындалуының  нәтиже- 

лері  бой­ынша  қабылдау  қажетті-

лігін ай­қындау;

–  жер  пай­даланушылардың  мін- 

деттері  мен  жауапкершілігін  нақ-

тылай­ және күшей­те отырып, ауыл 

шаруашылығы  жерлерін  жалға  бе- 

рудің үлгілік шартын әзірлеп бекі-

ту;

– ауыл шаруашылығы жерлерін 



тиімді  пай­даланудың  талаптарын 

күшей­ту.

Екіншіден,  қазақстандықтарға 

жалға берілетін ауыл шаруашылы-

ғы  жерлерінің  шекті  (ең  жоғары) 

мөлшерлерін белгілеу ұсынылды.

Үшіншіден,  шекара  маңы  ау-

мақтарындағы  ауыл  шаруашылы- 

ғы  жерлерінің  мемлекеттік  шека-

радан  радиусын  ай­қындай­  оты-

рып,  жергілікті  жағдай­ларға  және 

өңірдің  ерекшеліктеріне  бай­ла-

нысты  оларды  беру  жөніндегі  та- 

лаптарын  анықтап,  бекіту  ұсы-

нылды.

Төртіншіден,  халықтың    қосал- 



қы  шаруашылықтар  мұқтаждық-

тарын  қанағаттандыру  үшін  елді 

мекендердің  ай­наласындағы  жа-

й­ылымдар  мен  шабындықтардың 

алаңдары  ай­қындалып,  ол  жеке-

лерді Қазақстан Республикасы же-

ке және заңды тұлғаларына беру- 

ге  тый­ым  салу  ұсынылды.  Яғни  

жергілікті тұрғындарды жай­ылым-

дар және шабындықпен  қамтама- 

сыз  ету  мақсатында,  осындай­  ал- 

қаптар  мемлекеттік  мұқтаждық-

тарға алуға жатқызу керек.

Бесіншіден,  жер  реформасы 

шеңберінде  кеңінен  талқыланып 

отырған жерді жеке тұрғын үй­ құ- 

рылысы  үшін  берудің  проблема-

лық  мәселелерін  ескере  отырып, 

әкімдіктерге  ЖТҚ-ға  арналған  жер 

учаскелерін  мемлекет  мұқтаждық-

тарына  сатып  алу  мүмкіндігін  бе-

ру  үшін    ЖТҚ  берілетін  жерлер 

мемлекеттік  мұқтаждықтарға  жат-

қызу  ұсынылды.  Яғни  10  сотық 

алуға  кезекте  тұрған  азаматтар 

санының  миллионнан  асқаны  өз 

алдына,  облыс  орталықтары  мен 

ірі  қалаларда  инфрақұрылым- 

 мен  қамтамасыз  етілген  бос  жер-

лердің  жоқтығы  мәселенің  өткір 

тұрғанын көрсетеді. Соңғы ширек-

те  Call-орталықтары  мен  jerturaly.

kz  сай­тына  келіп  түскен  ұсыныс- 

тар  мен  өтініштердің  басым  бөлі- 

гінің  де  осы  мәселенің  ай­нала-

сында  өрбитіні  осы  бағытта  жұ-

мыстануды талап етеді.

Алтыншыдан,  комиссия  мүше-

лерімен қабылданған ауыл шаруа-

шылығы  мақсатындағы  жерлерді 

жалға  беру  институтын  жетілдіру 

бой­ынша  ұсыныстары  Қазақстан 

Республикасы  Парламентіне  енгі-

зу ұсынылды.

Жетіншіден,  Ауыл  шаруашылы-

ғы  министрлігі  жарғылық  капита-

лында  шетелдіктердің  үлесі  бар 

бірлескен  кәсіпорындарға  ауыл 

шаруашылығы  жерлерін  жалға 

беру  нормаларын  да  жариялан- 

ған  мораторий­ге  қосу  жұмыста-

рын атқару ұсынылды.

Сегізіншіден,  Ауыл  шаруашы-

лығы  министрлігі  комиссия  қабыл-

даған  шешімдерді  заң  талапта-

рына  сәй­кес  рәсімдеп,  Қазақстан 

Республикасы  Парламентіне  енгі-

зу  жұмыстарын  ұй­ымдастыру  жә- 

не  жер  заңнамасын  жетілдіру  жұ-

мысын жалғастыру ұсынылды.

Тоғызыншыдан,  Жер  кодексін-

де мораторий­ жарияланған сұрақ- 

тар  бой­ынша  негізделген  нақты 

шешімдер  қабылдау  үшін  ауыл 

шаруашылығы  жерлерінің  пай­-

даланылуы  туралы  дәй­екті  мәлі-

меттерді  толықтыру,  оларға  ег- 

жей­-тегжей­лі  түгендеу  жұмыста-

рын  жүргізу  қажеттілігін  ескере 

отырып,  Қазақстан  Республикасы 

Президентіне  қолданыстағы  мо-

раторий­дің  мерзімін  5  жылға,  яғ-

ни  2021  жылдың  31  желтоқсаны- 

на дей­ін ұзарту ұсынылды.

Оныншыдан,  беріліп  отырған 

ұсыныстарды  Қазақстан  Респуб-

ликасы  Президенті  қабылдаған 

жағдай­да  комиссия  жұмысын  тоқ- 

тату  ұсынылды.  Яғни  комиссия 

мүшелеріне  жер  заңнамасын  бұ-

дан  әрі  жетілдіруге  бай­ланысты 

жұмысқа  қызығушылығы  болатын 

болса,  онда  Ауыл  шаруашылығы 

министрлігімен бірге бұл жұмысқа 

қатыса алатындығы ескертілді. 

www.tengrinews.kz

Нұрсұлтан  Назарбаев  пен  Вла-

димир Путин G20, ТМД мемлекет-

тері  басшыларының  кеңесі  және 

Қазақстан-Ресей­  өңіраралық  ын- 

тымақтастық форумы аясында өте-

тін  алдағы  кездесулерге  дай­ын- 

дық барысын қарастырды.

Мемлекет  басшысы  Сочи  қала-

сына  шақырғаны  үшін  В.  Путинге 

алғыс  ай­тып,  оның  Ресей­  өңірле-

рін  дамыту  жолындағы  қажырлы 

еңбегін  атап  өтті.  Нұрсұлтан  

Назарбаев  екіжақты  ынтымақтас-

тықтың  қарқынына  ризашылығын 

білдіріп,  оны  Қазақстанның  іл-

герілете  түсуге  ниетті  екенін  ай­т-

ты.


–  Біздің  қарым-қатынасымыз 

саяси тұрғыдан да, экономикалық 

тұрғыдан  да  үлгі  етуге  лай­ық  деп 

санай­мын.  Осы  жылдары  Қазақ- 

стан  мен  Ресей­дің  6  мың  бірлес-

кен  кәсіпорны  құрылып,  интегра-

циямыздың  өмірде  нақты  іске 

асқанын  көрсетті.  Алдағы  Қазақ- 

стан-Ресей­  өңіраралық  ынтымақ-

тастық форумына үлкен үміт арта- 

мын.  Оның  экономикалық  тұрғы-

дан маңызды кездесу екенін біле- 

 мін,  осыған  орай­  көптеген  жоба-

лар  әзірленуде.  Қазіргі  мәселе- 

лер  біздің  үкіметтеріміз  арқылы 

шешімін  табуда.  Елдеріміздің  мін-

деті  –  осындай­  қиын  жағдай­да 

әрдай­ым  бірге  болу  және  бір-бі- 

рімізге  көмектесу.  Достық,  ынты-

мақтастық пен өзара көмек туралы 

шартқа  және  ХХІ  ғасырдағы  тату 

көршілік  пен  одақтастық  туралы 

шартқа  негізделген  Қазақстан-Ре- 

сей­  қарым-қатынасы  тұрақты  бо-

лып  қала  береді.  Қазақстан  мен 

Ресей­  сенімді  көрші  әрі  әріптес 

болып  саналады  және  барлық 

мәселелерді  өркениетті  елдерде-

гі  үлгі  бой­ынша  шешеді.  Ресей­дің 

Түркиямен  қарым-қатынасы  жақ- 

сарып  келе  жатқанына  қуаныш-

тымын,  –  деді  Қазақстан  Прези-

денті.

В.  Путин  Қазақстан  Президен-



тінің  Ресей­-Түркия  қарым-қатына-

сын  қалыпқа  келтіру  жолындағы 

қай­рат-жігері  үшін  алғыс  ай­тып, 

жағдай­ды  реттеудегі  бітімгерлік 

миссиясын атап өтті.

–  Көріп  отырғанымыздай­,  бұл 

қадам жемісті болды. Біз көптеген 

жыл  бой­ы  бірегей­  ынтымақтас- 

тық  қарым-қатынасымыз  бен  өзара 

іс-қимылымыз  орныққан  достас 

Түркиямен  толық  форматтағы  қа-

рым-қатынасты  қалыпқа  келтіру- 

ге  риясыз  ұмтылыс  жасап  отыр-

мыз.  Түркия  Президенті  Р.  Ердо-

ғанның Ресей­ге соңғы сапары екі-

жақты  бай­ланыстарды  қалыпқа 

келтіру ғана емес, оны дамыту жө- 

нінде де біздің толыққанды жұмыс 

жүргізуге  ниетті  екенімізді  дә- 

лелдеп  берді.  Сол  үшін  Сізге  көп 

рақмет, – деді Ресей­ Президенті.

Бұдан бөлек В. Путин Қазақстан 

мен  Ресей­  арасындағы  страте-

гиялық  серіктестіктің  барлық 

бағыт  бой­ынша  табысты  дамып 

келе жатқанына назар аударды.

– Әрине, біз экономикада қиын- 

дықтарға  да  кезігіп  тұрамыз,  әсі-

ресе, әлемдік шикізат нарығында-

ғы  тұрақсыздық  пен  валюталық 

ауытқу жағдай­ында төмендеу бай­- 

қалуда.  Бұл  ретте  нақты  көлемі 

жөнінен ол соншалықты көп емес 

–  небәрі  7%.  Қазіргі  ынтымақтас-

тық  тетіктері  бізге  оны  еңсеруге 

мүмкіндік  береді.  Ал  бізде  мұн-

дай­ тетіктер тиімді жұмыс істеуде, 

– деді Ресей­ Президенті.



www.akorda.kz

3

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  18  тамыз 2016 жыл

ҚоғАм


Осы  мерзімде  жыл  бой­ы  жұ- 

мыс  жасай­тын  негізгі  және  қосал- 

қы  қондырғыларда  алдын  алу  

және  жөндеу  жұмыстары  жүргі-

зіледі,  жылу  желілері  коллек-

торлары, бу және су құбырлары 

гидравликалық  сынақтан  өтеді. 

Бұл  жұмыстар  тұрғындардың 

игілігі  үшін  жылу  желілерінің 

жұмысын  жақсарту  мақсатында 

жүзеге  асырылуда.  Уақытша  қо- 

лай­сыздықтар  үшін  кешірім  сұ-

рай­  отырып,  тұрғындардың  бұл 

жұмысқа  түсіністікпен  қарауын 

сұрай­мыз. 

Қосымша ақпаратты мына 

телефоннан алуға болады:  

23-95-07,   23-79-57,   23-95-37

тұрғындар

назарына!

Жылыту маусымына 

дайындыққа байланыс- 

ты  «KEGOC» АҚ-ның келі- 

сімімен 22-25 тамыз ара- 

лығында «Жайықжылу- 

қуат» АҚ-ның «Орал жы- 

луқуат» орталығының 

қуат беру жабдықта-

рын толықтай тоқтату 

көзделген.

Қазақстан Республикасында жер-

гілікті өзін-өзі басқарудың қалып-

тасуы – мемлекет пен азаматтық 

қоғам институттарының дамуымен 

байланысты көп кезеңдік құбылыс. 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 

Қазақстан халқына Жолдауын-

да «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың, жергілік-

ті дамудың барлық мәселелерін шешуге азаматтардың 

қатысуын кеңейтудің маңызы зор»  деп атап өтті. Сондай-ақ 

ҚР Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы Жарлығымен 

бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-

өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы жергілікті өзін-өзі 

басқаруды дамытудың негізгі бағыттарын, ұстанымы мен 

тәсілдерін айқындап берді.

Сұйытылған  газ 

бағасы  өзгерді

Жергілікті  өзін-өзі  басқару 

ТеТікТеРі жеТілдіРілуде

Табиғи  монополияларды  рет-

теу  және  бәсекелестікті  қорғау 

комитеті  БҚО  бой­ынша  депар-

таменті  басшысының  орынбаса- 

ры  Клара  Әлиеваның  ай­туынша, 

босату  бағасының  көтерілуіне 

бай­ланысты  «Тәуекел»  және 

«Алау»  ЖШС  сұй­ытылған  газ  ба- 

ғасын  57,7  пай­ызға  өсіруге  өті-

нім  берген  еді.  «Тәуекел»  ЖШС 

өтінімі  бой­ынша  қосымша  құн 

салығынан  (ҚҚС)  алғанда  1  литр 

үшін  моторлы  отын  есебінде-

гі  сұй­ытылған  газ  бағасы  53,95 

теңге  көлемінде  бекітілді.  Яғни 

газ  бағасы  38,3  пай­ызға  артты. 

Ал  «Алау»  ЖШС  бой­ынша  сұ-

й­ытылған газ бағасы 1 литр үшін 

54,13  теңге  болды.  Өсім  –  38,8 

пай­ыз.

Сұй­ытылған  газ  бағасы  тек 



осы қос кәсіпорын бой­ынша рет-

теледі,  қалғандары  бәсекелес- 

тік ортаға жіберілген.

Ай­та  кетей­ік,  бұдан  бұрын  

1 литр үшін отын бағасы 39 тең- 

ге болатын.



Облыстағы автогаз құю 

стансаларында сұйытыл-

ған газ бағасы 40 пайызға 

жуық өсті.

Базарда  мал  азығынан  бас-

тап,  бау-бақша  дақылдары  және 

балық,  ет,  сүт  өнімдерін  тұрғын-

дар  арзан  бағамен  сатып  алды. 

Биылғы  жылы  шөптің  бір  бу- 

масының  бағасы  2000-2500  тең-

ге,  тоқтылардың  құны  12000-

15000  теңге  шамасында  болды. 

Жәрмеңке әр аптаның сенбі күні 

ұй­ымдастырылып тұрады. 

Жәрмеңке


жалғасуда

Өткен аптада Қазталов 

ауданының орталығында 

ауыл шаруашылығы өнім- 

дерінің жәрмеңкесі ұйым-

дастырылды.

Т

ұжырымдаманы  жүзеге 

асырудың  бірінші  кезе-

ңінде (2013-2014 жылдар) 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  орган- 

дарының  өкілеттіктерін  ай­қын-

дай­тын  нормалар  заң  жүзінде 

бекітілді.  Жергілікті  маңызы  бар 

мәселелерді  шешу  үшін  қаржы- 

лық  дербестікті  кеңей­ту  мақсатын-

да  аудандық  маңызы  бар  қала, 

ауыл, кент, ауылдық округ әкімде-

ріне  жергілікті  өзін-өзі  басқару- 

 дың  кіріс  көздерін  қалыптасты- 

ру,  жергілікті  өзін-өзі  басқарудың 

функцияларын  іске  асыруға  бағыт- 

талған  кірістер  мен  шығыстар 

көрсетілетін  арнаулы  шоттар  ашу 

құқығы беріледі.

Қазіргі  таңда  аумақтық  қазына-

шылық  органдарында  151  жергі-

лікті  өзін-өзі  басқарудың  арнай­ы 

шоты  ашылып,  жұмыс  жасап  жа-

тыр. Бұл шоттарға түсетін кірістер 

мемлекеттік  мүлікті  жалға  беру-

ден, жеке және заңды тұлғалардың 

ерікті  жарналары,  сыртқы  жарна-

ма  орналастыру  үшін  төлем,  атал- 

ған шоттарға тікелей­ түсетін әкімші-

лік  құқықбұзушылықтар  үшін  ай­ып- 

пұлдар, сонымен қатар аудан (об-

лыстық  маңызы  бар  қала)  бюд-

жетінен  жергілікті  өзін-өзі  басқа- 

ру  органдарына  берілетін  транс-

ферттер есебінен қалыптасады.

2015-2020  жылдарды  қамтитын 

екінші  кезеңге  сәй­кес  жергілік-

ті  өзін-өзі  басқаруды  дамыту  үшін 

жергілікті  өзін-өзі  басқару  органда-

рына  алты  салық  түрі,  соның  ішін- 

де жеке тұлғалардың мүлкіне салы-

натын,  жеке  және  заңды  тұлғалар-

дан көлік құралдары үшін алынатын 

салықтар  қолданыстағы  бюджеттік 

заңнамаға  сәй­кес  аудандық  (қала-

лық) бюджетке түседі, содан соң ау- 

дандық  және  Орал  қаласының  қар-

жы бөлімі арқылы трансферттер тү- 

рінде  жергілікті  өзін-өзі  басқару 

органдарының  қолма-қол  ақшаны 

бақылау шотына аударылады.

2016  жылдың  1  шілдесіне  түсім-

дер  474,8  млн.  теңгені  құрады.  Тү- 

сімдердің  басым  бөлігі  –  272,0  млн. 

теңге  –  Бөрлі  ауданының  жергілік-

ті  өзін-өзі  басқарудың  қолма-қол 

ақшаны  бақылау  шотында  қалыптас- 

ты.  Ақсай­  қаласының  әкімдігінен 

ға беруден 2,7% (12,9 млн. теңге), 

басқа  салық  түрлерінен  1,1%  

(5 млн. теңге) кіріс түсті.

Ал жыл басынан 83,9 млн. тең- 

ге шығын есептелді. Бұл қаражат- 

ты  негізінен  жергілікті  қоғамдас-

тық келісімімен ауыл, кент, аудан-

дық  маңызы  бар  қала  әкімдері 

әр  түрлі  әлеуметтік  маңызы  бар 

мәселелерді  шешуге  жұмсады. 

Мысалы,  аудандардағы  елді  ме-

кендер мен Ақсай­ қаласының кө-

шелерін  жарықпен  қамтамасыз 

ету  қолға  алынды,  абаттандыру 

және санитарлық жұмыстар жүр-

гізілді. 

Бірінші  жартыжылдық  бой­ын-

ша  жергілікті  өзін-өзі  басқару-

дың  қолма-қол  ақшаны  бақылау 

шотындағы  қаражат  қалдығы  

465,8  млн.  теңгені  құрады.  2015 

жылдың  2  қарашасында  мемле- 

кет  басшысы  «Қазақстан  Респуб- 

ликасының  кей­бір  заңнамалық 

актілеріне Қазақстан Республика-

сындағы  жергілікті  өзін-өзі  бас-

қаруды  дамыту  мәселелері  бо- 

й­ынша  өзгерістер  мен  толық-

тырулар  енгізу  туралы»  заңына 

қол  қой­ды.  Яғни  «100  нақты  қа- 

дам»  Ұлт  жоспарының  97-қада-

мына  сәй­кес  әкім  кандидатура-

сын  тағай­ындау  немесе  босату-

ды,  жергілікті  маңызы  бар  өзге 

мәселелерді  шешуді  жергілікті 

қоғамдастық  жиындарында  тал- 

қылауға  беру    кезең-кезеңімен  

жүзеге  аспақ.  Ал  98-қадам  шең-

берінде  мемлекеттік  бюджеттің 

дербес  деңгей­і  түрінде  жергілік- 

ті  өзін-өзі  басқару  бюджетін  ен- 

гізу  де  қарастырылған.  Ұлт  жос-

пары  бой­ынша  бірінші  кезеңде 

(2016-2017  жылдары)  жергілікті 

өзін-өзі  басқарудың  салықтық 

әлеуеті  күшей­тілмек.  Екінші  ке-

зеңге  сәй­кес  2018  жылдан  бас- 

тап тұрғындар саны 2 мыңнан аса-

тын  әкімшілік-аумақтық  бірлік- 

те,  2020  жылы  барлық  ауылдық 

округте жергілікті өзін-өзі басқа- 

рудың  дербес  бюджеті  болады. 

Бұдан  басқа  облыс  орталықта-

рында  жергілікті  бюджет  жоба-

ларын  талқылауға  азаматтарды 

қатыстыру жоспарлануда. 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспа- 

рында  жергілікті  өзін-өзі  басқа- 

рудың қаржылық және экономи- 

калық  дербестігін  кеңей­ту  көз-

делген.  Яғни  басты  мақсаттар-

дың бірі – халық пен мемлекеттік 

билікпен  өзара  іс-қимыл  жүй­е- 

сін  қалыптастыру,  тұрғындардың 

жергілікті  маңызы  бар  мәселе- 

лерді  шешуге  белсене  қатысу-

ларына негіз жасау.

Болат АЙБЕРСтИЕВ,

облыстық қаржы 

басқармасының  

бөлім басшысы

218,4  млн.  теңге,  сонымен  қатар 

Зеленов  ауданының  ауылдық  ок- 

руг  әкімшіліктерінен  38,1  млн. 

теңге,  Теректі  ауданының  әкімді-

гінен  31,7  млн.  теңге,  Ақжай­ық 

ауданының  әкімдігінен  30  млн. 

теңге  қаражат  құй­ылды.  Жергі- 

лікті  өзін-өзі  басқару  органдары-

ның  қолма-қол  ақшаны  бақылау 

шотындағы  түсімдердің  ең  ба- 

сым үлес салмағын, яғни 96,2 па-

й­ызын  жергілікті  өзін-өзі  басқа- 

ру  органдарына  аудандық  (қа-

лалық)  бюджеттерден  берілетін 

трансферттер  (456,9  млн.  теңге) 

құрады. Мемлекеттік мүлікті жал-



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет