Газет 1921 жылдың 1 маусымынан



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата15.03.2017
өлшемі2,76 Mb.
#9707
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бағдат   айтмұқаева.

17 ақпан  2017  жыл

№ 10 (8853) 

9

«Жаркент  өңірі»

 

Көшпелі қазақ  шаруашылықтары  Алмалы ауылының 



айналасындағы  Бестөбе  қырқаларының  баурайындағы  

Қарабастау, Дөңгене,  Қайырма , Жермәлі атауымен аталатын  

қыстақтарға  шашырай орналасқан еді. 

     


Кеңес өкіметі орнап,   азамат соғысының дүрбелеңі 

тоқталып, қазақ елі тыныштық кезеңге аяқ  басқан тұста  ағарту 

жұмыстары басталды.

    Алмалы ауылындағы тұңғыш бастауыш мектеп  1929  жылы  

ашылғаны белгілі. Адамдарды жаңа  кеңестік  жүйеге тартудың  

алғашқы қадамы  сауат ашудан басталды.  Жан- жақтан   жинаған  

балаларды оқыту  ең алғаш  Алмалы ауылының ортасын қақ  бөліп 

ағатын Алмалы өзенінің сол жағындағы  ауылдың оңтүстігіндегі  

кішкене тар бір бөлмелі  үйде   жүргізілді.   

      


Бүкіл өзінің  саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған  

ұрпағының білімді де  тәрбиелі болып өсуіне жан – жақты ықпал 

еткен   « Қазақ  ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері»  атанған  

Өмірзақ  Ыбырайымұлы алғашқы өмірге  осы бір қарапайым 

қадамын  өздері үшін  білім ордасы саналатын бір бөлмелі мектеп-

тен  бастаған еді.

     

1938 жылы  бірінші  сыныпқа  барып сол кездердегі   ең 



алғашқы мұғалімдер   курсын  бітіріп, кейіннен   Сарқант ауда-

нында  комсомол  комитетінің  хатшысы болып істеп келіп , 1932 

жылдан  Алмалы бастауыш мектебіне  мұғалім болып келген  

Садықов  Қожахметтен  сабақ алған.  Ұлы   Отан соғысы  кезінде 

ерен ерлігімен  көзге түсіп , Кеңес  Одағының   Батыры атағын алған   

Хамит   Көбіковте    сабақ берген .   Кейіннен  осы кісілерді  мақтан   

тұтып , есімін атап жүретін. Көпті көрген ұстаздардың  шәкірттеріне  

де берері мол болды.  Жастайынан зердесіне  айналасында  болып 

жатқан өзгерістерді  тоқыған оқиғалар  барысын  тез аңғарған  бала  

14 жасынан бастап  колхозда  егіс басында мал шарушылығында   

есепшілік қызметтер атқарды. 

     


Ел  басына  күн  туған  заманда  ел қорғауға жасы 

жетпесе де  майдан даласындағы  жауынгер бауырларына  көмегін 

тигізу үшін  1942 – 1945 жылдары  Қарағанды қаласындағы шах-

тада  жұмыс  істеді. Ұлы Отан  соғысы басталғанда , өнеркәсіп 

орындарындағы  жұмысшылар  майданға  әскер қатарына  алынып, 

олардың  орнын  өрімдей жастар басты. Жұмысшы қолы  жетіспеді. 

Жастар  ФЗО – ( фабрично – заводское  обучение)   деп аталатын  

оқу орындарында  өндірістен  қол үзбей оқып, еңбек етті.   

   

   Жұмысшы қатарында болып үш жылдай өмір өткелінен 



өткен жігіт өзінің ендігі  еңбек жолын  таңдай алды.  1946 жылы  елге 

оралып,  Жаркент қаласындағы педагогикалық  училищеге  түсіп,  

үздік аяқтап,  туған ауылына оралып,  бастауыш мектептің  мұғалімі  

әрі меңгерушілігіне  бекітілді. Өмірзақ  Ыбырайымұлының баста-

уымен  қарауында істеген  ұстаздар  қауымы  шәкірттерін  арман 

жолына   бастай  білді.  ХХ  ғасырдың басындағы  қиын кезеңдерде  

туылған ұстаздар  өздері  мектепте кезекпен   пешке ағаш отын 

жарып, пешке отты  жағып,  оқушылары   келгенше  қыстың  аязды 

күндері   жылытып  қоятын  болған.   Жаркент қаласындағы   архив  

материалдарын  қарап отырып,  соғыс жылдарында  оқып жүріп,  

колхозда  жұмыс жасап  еңбеккүн  тапқан,  Алмалы ауылының  

оқушыларының  аттары жиі кездеседі. Әне солар  тылдағы  

ауыртпашылықты  үлкендермен  бірге  көтеріп,  кейін  мұғалімдік 

мамандықты  таңдап ұзақ жылдар  еңбек етті.    

 

Бұрханбеков  Садық,   әйелі    Рахымжанова     Ұлдархан   



бастауыш сынып мұғалімдері,   Балғабеков Айтмұқаш  -  биология,  

Тоқмолдаев   Нұрсағат – тарих ,  Қорғасбаев Өміржан , Сембеков 

Қажы   ағаларымыз -  қазақ тілі    мен  әдебиеті пәнінің  мұғалімдері 

болды.Еселеп білім  беріп, тәрбие сапасын жолға қойды.   Бұл 

күндері аты аталған ұстаздарымыздың   бәрі   о дүниелік болып 

кетті.  Ауыл жылдан жылға өскен сайын  оқушылар саны да  артып,  

бірақ  төрт кластық  мектеп   болғандықтан,  балалар  Жаркент 

қаласындағы  интернаты бар мектептерге,  Басқұншы  ауылындағы  

интернатқа жатып оқитын.  Осы жағдай   арқасына  аяздай батқан 

ағамыз жоғарғы   органдардың  алдына  мәселе қойып  жүріп,  

1964 жылы төртжылдық бастауыш мектептің сегізжылдық мектеп 

болуына қаулы  шығартты.  Сол сегізжылдық  мектептің  алғашқы  

түлектері біздер  1967 жылы бітіріп  шықтық.   

 

Содан бері  зымырап  елу жыл өте  шығыпты.  



Оқушылар  бұрынғыдай    жан-жаққа бытырамай , өз үйлерінде  

тұрып, қосымша  ыңғайластыра   салынған мектепте оқыды. Білім 

сапасы жақсарып,  үздік бітіріп жатқан оқушы саны  артты. Сол 

жылдары мектептің көркемөнерпаздарының  жұлдызы   жарқырай 

түсті.  Өмірзақ ағаның  өнерге  құмарлығы  өзінің ,әсіресі, домбы-

раны жақсы шертіп, күй өнерін  қадірлеуінде ме деймін.   Мектеп  

сегізжылдыққа айналғанда,   мектеп директоры   жас  мамандар-

ды  тартуға   қатты  көңіл бөлгеніне  қуандық.  Көптеген   ұстаздар  

сабақ   жүргізумен   қатар    оркестрді  басқару,  би үйірмелерін , 

пән үйірмелерін жүргізіп,  оқушылар қызыға   қатысатын.   Осынау  

жылдары    

 

 



Алмалы  сегізжылдық   

мектебінде   Сатыбалдиев  Қазқан   математикадан  сабақ  берді.   

Кейіннен  Сарыбелдегі  Хамит Көбіков  атындағы  орта мектеп-

ТҰҒЫРЛЫ    ТҰЛҒА

ЕСIМIЊ  Т¦РАР  ЖАЊЃЫРЫП...

 

  

Ұстаз! Осынау бір ауыз сөзді  естігенде  



көз  алдыңа білімді, мейірімді, парасатты, жан 

келері  сөзсіз. Әр  шәкіртін  өз баласындай  бау-

ырына  тартып, оларға  өнер, білім үйретіп  сәтті  

қадамына  қуанып, оларды  алға жетелеуден 

жалықпайтын жан ол  - ұстаз. 

       Осындай  ұстаздардың  ұстазы Өмірзақ  ағай  

еді. Мектептегі ұстаздарға  ақылшы, үйретуші, 

қамқоршы  болатын. Мектеп  директорының тәрбие  

ісі  жөніндегі орынбасары болып істеген  кезінде  

әрбір мұғалімге  тапсырылған  істің  дұрыс орында-

луына қатал  талап  қоятын, бұл Өмірзақ  ағайдың 

талапшылдығын көрсететін және әр ұстаз соған  

лайық еңбек  ететін, шәкірттерді  халқымыздың 

тарихын, салт- дәстүрін, тілін, өнерін үйренуге оны 

құрметтеуге отаншылдыққа тәрбиеледі. Өмірзақ 

ағай- жомарт жанды, кең  пейілді  кісі еді, білген 

түйгенін жастарға  жеткізу, түйсіндіруді өзінің  

парызы деп  есептейтін. Қай жерде болсын, ұстаз 

білім- ғылым сәулесін  шашуға ұмтылатын орта-

мызда өзінің жаңа көзқарасымен, идеяларымен, 

ойларымен  биіктен  көрініп жүретін асыл да бірегей  

тұлға  болатын.

           

     Тохтархан БАТЫРБЕКОВА,

зейнеткер  ұстаз

ПАРАСАТТЫ  

ЖАН  ЕДІ...

 

Ауылымыздан    шыққан 



алғашқы  ұстаздардың  бірі,  «Қаз 

ССР-  нің  халық  ағарту  ісінің  озық 

қызметкері»  Ибрагимов Өмірзақ ағаны 

танып білуім бала күнімнен – ақ бастал-

ды.  Әрқашан  есімде  жүретіні  ағаның  

біріншіден  біздің  көршіміз  болатыны 

болса,  екіншіден  менің  әкем  Әлібаев 

Дәулетбек  пен  шешем  Әлібаева  Буби-

намен  сонау ел басына күн туған Ұлы 

Отан соғысының қиын қыстау кезеңінде 

колхоздың  басқа  да  еңбеккерлерімен 

бірге  тылда  еңбек  етіп,  егін  ору,  мал 

бағу,  астық  бастыру,  жер  жырту 

жұмыстарын  бірге  атқарған  Өмірзақ 

ағаның  замандастары  еді.          Жай  

күндері Өмірзақ аға біздің отбасымызға 

келіп әке шешемен өткен жылдар тура-

лы,  еңбек  адамдарының  ерен  еңбегі, 

майдан даласында қаза болған жерле-

стер  туралы  жиі  әңгімелесіп  отырушы 

еді.

              Кез  келген  жаңалық  болса 



мүмкіндігін  тауып  ауылға  алып  ке-

луге 


құштар 

қарапайым 

еңбек 

адамдарының пікірімен де жиі  санаса-



тын. Олай дейтінім әкемнің  бірде  «Ба-

лалар    орысша    білмесе    болашақта  

қызметке  іліне  алмайды,    сондықтан 

Өмірзаққа  айтып  мектептен  орыс  кла-

сын  ашқызсақ  па  екен»  -  деген  сөзін 

САҒЫНЫШ

естіген болатынмын.

                Біздің  отбасымыз  көп 

балалы  (8 бала)  еді . Әкем  

Әлібаев  Дәулетбек             11 

жасынан  еңбекке  арала-

сып 

қажырлы 


еңбегінің 

нәтижесінде  «Еңбек  қызыл 

ту» орденінің екі мәрте иегері, 

жүгері  алқабының  звено 

жетекшісі  болса,  шешем 

Әлібаева  Бубина  мектепте 

еден  жуушы  болып  еңбек 

етіп,    зейнетке  шықты.      Со-

дан  кейін  болар    5-сынып-

та  оқып  жүргенімде,  озат  

оқушы  ретінде    мені  Бүкіл 

Одақтық    «Артек»    пионер 

лагеріне 

жіберу 


жөнінде 

құжат жинағаны есімде. Үлкен 

ағайым    Әлібаев    Дәуренбек  

1970    жылдардың    басын-

да    Алматы  қаласындағы  

Мемлекеттік    Құрманғазы  

атындағы    консерваторияда  

оқып жүріп демалысқа  келген  

кезінде,  «Сен студентсің, мен 

саған  қаражатпен  көмектесейін,  сен 

мектеп  оқушыларына,    балаларға 

арналған  жаңа  ән,  күйлер  үйрет»- 

деп    тапсырма беріп  жұмыс істетті.    

Соның      нәтижесінде      «Атамекен», 

«Қызылсұңқарлар», 

«Соғыстан 

НҰРЛЫ   БЕЙНЕСІ   ЖАДЫМДА

ке  директор болды .  Тазабеков Ораз – ағылшын тілінен ,   Ағынтаев   Көшен  

-  ағылшын тілінен  сабақ бере жүріп,   оркестрге  жетекшілік  жасады.  Асанов  

Әнуар  - математика,  Асанов  Мырзахан -  математика , Танекеева   Камшат – 

еңбек пәнінен ,   Кебебаев  Байтұрсын  - тарих, Сегізбаев Әділхан -  бастауыш 

сыныптарға ,  Байнөсеров   Қабдолла  -  химия, ерлі  - зайыпты  Сейтов Сілем -  

математик  әрі шахмат  үйірмесін,  әйелі  Қуаныш  - физика пәнінен сабақ берді.    

          Алмалы  сегізжылдық   мектебінің     көркемөнерпаздары    аудан 

көлемінде  шын мәнінде  дүрілдеп тұрды. Өмірзақ ағаның   ұйымдастырушылық,  

бақылау  басшылығының  арқасында  оқушылар  мектепішілік шараларға 

көптеп  қатысты . Футбол, баскетбол, шахматтан аудандық жарыстарда алдыңғы 

орындарға шығып жүрді.  Осындай бір кезде  мұғалім апайларымыздың   кейбір 

сөздері ойға оралады. Сегізінші класта  физика үйірмесіне  жазылып  қойып 

,  кейде қатысып , кейде түстен кейін оркестрге  қатысып,  одан  шыға ал-

май  қатыса алмағанымда  физикадан үйірме жүргізіп  жүрген  Қуаныш апай :  

«Неге үйірмеге келмедің ?»-  деп қысымға алды. Не  дейсің,  күмілжіп:  « Апай, 

домбырадан  жаңа  күй  үйреніп едік , оркестрден  кете алмадым»   дегенімде,    

«Көрем ,  ертең   Солтанаевтың   домбыраның екі ішегімен  айға  ұшып бара 

жатқанын» - деп  отырғызып қойды.   Басшы  талабы солай  қойылған соң ,   

мұғалім   әр оқушының  жауапкершілігін   сұрап   жүреді.  

 

«Естілердің  айтқан  сөздерін  ескеріп   жүрген  кісі өзі де  есті 



болады» -  демей ме  ұлы   Абай.  Мұны  келтіріп  отырған  себебім , Өмірзақ 

ағайымыз   мектеп оқушылары   мен    мұғалімдерді сол кездегі  Жетісудың  

бұлбұлындай  болған  халық ақыны Темірғали  Рүстембековпен   кездесу 

өткізіп ,  республикаға  белгілі  айтыскер ақынмен   жүздестіруі.   Домбыра   

шертуі ,  көмейден  күмбір қағып шыққан  үні  бала көңілімізге    қатты  ұнады.  

Көзі  көрмесе де,  қасындағы серігінің   айтуымен  біраз көрсетіп айтып тұрған 

нәрселерді қосып  жыр төкті.    Сол кездесуде  мектепке  алғаш  мұғалім болып  

орналасқан   «Алғашқылар»   кітабының   авторы   марқұм   Н.  Бекқұлиевтің  

арнау өлең оқығаны.    Төгілте  жырлайтын  жыр майталманының   алдында  

терлеп – тепшіп,  өз арнау  өлеңін оқып , сынға  түсіп шыққаны есімде.   Елге  

сіңірген   еңбегі  үшін  «Қазақстанның  Халық ақыны»   атағына ие болған    

Темірғали  Рүстембеков   Алмалыда  екі -үш күн  қонақ болғанда , көптеген  

дастан -  жырларымен  ауылдағы ел-  жұртты риза  етіп қайтты.

    


    Мектеп бітірген  басқа  көптеген ұлдар мен  қыздар  ұстаздық  са-

лада  талмай  ізденіспен еңбек етті.  Ағамыздан   сабақ  алып,  сонау 1951 жыл-

дары 1 – ші, 3- ші сыныптарда  оқыған  шәкірттерінің  қатары бұл күндері сиреп 

- ақ   қалды.  Сонау аласапыран заманда  Қытай жеріне  өтіп кеткен туыста-

рымен     хабарласа   отырып,  әкесінің інісі  Сәдуақастың ұлы  інісі  Мәкеметті    

50   жылдары  ең алғашқылардың  бірі етіп  кеңес  жеріне  өткізіп алуы  ерлікке  

пара- пар екені рас .

    


 «Елорда»   баспасының  директоры, Қазақстан  Республикасы  

ақпарат министрінің     орынбасары болып қызмет атқарған,  «Қазақстанның  

үздік  полиграфисі»  Тұрлығазы Сабырбайұлы,   60 жылдары   Жаркент 

қаласында  күрес мектебінің  жаттықтырушысы болған  Тұрған  Момбеков,  

ауыл шаруашылығының  айтулы   мамандары    зоотехниктік  

білім  алған  Бұрханбеков Әжінұр , агроном   Әлиер  

Бекқожаевтар  мектепке келген  шағынан  есейгенше    жетелеп 

жолға салған шәкірттері еді.  Аға қайтыс  болғаннан кейін 

олар да келместің тұңғиығына кетті. 1969 жылы  Өмірзақ 

Ыбырайымұлының   іскерлік  қабілетін  білетін  аудандық  

партия комитеті мектеп директорлығынан  «Красный  Вос-

ток»   колхозының партия ұйымының   хатшысы етіп бекітті.  

Партия  тапсырған   жұмысты   барынша   ынта - жігерімен   

жүргізді.   Саяси  әлеуметтік  мәселелер  болсын  барлығын 

жоғары  дәрежеде ұйымдастыра білді.  1968 жылы  Қазақ  

ССР   оқу министрлігі  ұзақ  жылғы  ұрпақ тәрбиесіне  сіңірген  

еңбегін жоғары  бағалап  «  Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  

озық   қызметкері»   төс белгісімен    марапаттады .  Ұлы Отан 

соғысының жеңісінің 30 жылдығы   мерекесі  қарсаңында  

бұрынғы  Алмалы  сегізжылдық мектебінің алдындағы алаңға  

мектептің мұғалімдері Н.Тоқмолдаев, А.Балғабеков және 

өзі бас болып, Алмалы ауылынан  майданға  аттанған ер  

азаматтардың аты – жөнін жаздыртып,  елді жинап, ескерткіш  

орнатқызудың өзі көптеген ұрпаққа  патриоттық рух беретін  іс. 

 

       1957  - 1967ж.ж  Алмалы ,   Басқұншы ауылдық        



кеңесінің        депутаттарының    2 рет  (1971 – 1975 ж.ж)     

Алматы облыстық еңбекшілер  депутаттары  кеңесінің  

депутаттығына  сайланды.   Еңбектері мен  педагогикалық   

саладағы   жетістіктері  үшін  бірнеше  рет   Алматы облыстық   

мұғалімдер  съезіне  делегат  болып  қатысты. КСРО  жоғарғы  

кеңесі   Президиумының   қаулысымен 1970 жылы  « В.И. 

Лениннің  100 жыл»  медалімен  және  Ұлы Отан  соғысы  

жылдарындағы  тылдағы  еңбегі бағаланып,   «Ұлы Отан  

соғысындағы  ерен  еңбегі»  үкіметтік  медальмен  марапат-

талды.   Өмірзақ  ағамыздың ең алғашқы  шәкірттері мен  

кейінгі   зейнетке шыққанға  дейінгі   оқушылары арасындағы  

алшақтық      36 жылдай екен.  Қазіргі кезде  еселі  еңбек еткен   

аға   ұстаздың   атын мақтанышпен   атайтын  шәкірттерінің 

арасында  Қазақстан Республикасы Парламенті    Мәжілісінің   

депутаты – Қуаныш  Сұлтанов , ТуркПА - бас хатшысы  

-   Асанов    Жандос,  Әубәкірова    Сандуғаш  -   араб  тілінің  

маманы , Президент аппаратында    туризм  жөніндегі  маман.    

Генерал – майор Кененбаев  Ерлік   – Қазақстан          Ре-

спубликасы  бас прокурорының    орынбасары  қызметін    

атқаруда.   

 

Армансыз адам - қанатсыз   құспен тең. Бала 



кезімізде  ағадай   киінсек,   ағамыздай   ел  алдына шығып 

, ой  -  пікір  айтып жүрсек дейтінбіз.  Болмасақ та  ұқсауға  

тырысып   жүрміз.  2005 жылы 20    шілдеде   Басқұншы 

ауылында      Қуаныш  Сұлтанов   ағамызбен  кездесу  кезінде  

«Қазақстандағы  және Қытайдағы   реформалар»   кітабына  

қол таңба алып тұрып,   Қуаныш аға , Өмірзақ ағамыз сіздің  

ұстазыңыз , ол кісіге  Алмалы ауылының  бір   көшесіне  атын 

берсек» -  дегенімде,  «Дұрыс, ол менің  ұстазым деген» -  еді.   

Ардақты  ағалар есімін  ауылдағы  көшелердің біріне  беру  

жөнінде  ұсыныс  көтергенімде,  біраз қиындықтар  кезікті.  

Кей азаматтар  бетіме қарап күле сөйлеп,  айнала бере  

күңкілге  басатын.   Олардыкі де   жөн  шығар,  ағамыздың 

аты аталғанымен,  Өмірзақ Ибрагимовтың  өмірінің белестері 

мен  атқарған   қызметі туралы материалдар  баспасөз бетінде     

берілмеді. Өмір  жолындағы  еңбектері ашып  көрсетілмеді.    

    


  Заманымыздың  біртуар ұлы тұлғаларының  

бірі  Қазақстан  Коммунистік партиясының  бірінші  хатшысы  

Дінмұхамед   Ахметұлы  Қонаевтың  Жаркент  - Арасанда 

дем алып жүрген  кезінде ,қаумалаған  көп адамдармен   

кездесіп  болып, Өмірзақ   ағамен   жекелей   әңгімелеседі   

екен  


(суретте).  Айтар ойын,  сөзін жеткізе айтар  жүрегі бар  

азаматты қасына алып,  суретке  түсуі ағаның  көп елден  

деңгейінің  биік  екендігін  көрсетеді.   Ештен - кеш жақсы.  2016  

жылдың 16  қыркүйек айында  Өмірзақ Ибрагимовке  Алмалы 

ауылынан  көшенің  есімі  берілді.   Бәрінен бұрын ағамыз 

ұзақ жыл басқарған  бұрынғы Алмалы  орта мектебінің  қазіргі  

Елтінді   батыр атындағы орта мектебінің  ұжымы қуанышта.  

Ұлағатты  ісі мен ел құрметіне бөленген ұстаздардың  есімін  

есте қалдырудың  лайықты шарасы  жасалып  жатыр емес 

пе?   Аудандық   білім  бөлімі де   бұл істі  қостап,  мектептегі  

география  кабинетіне  Өмірзақ   Ибрагимовтың есімін беруге 

келісімін берді. Тегінде   қазақ  әдебиетінің  классигі  ақын   

І.Жансүгіровтің  «Өз  ұлын,  өз  ерлерін ескермесе, Ел  тегі  

қайдан алсын  кемеңгерді» -   деген қанатты сөзге айналған  

өлең жолдары   нағыз көрегендік.   Егеменді елдің  тарихына  

үлес қосқан  әрбір ұрпақтың  қалдырар  жарқын  ісі  әрдайым  

ұлықтауға лайық.

М. СОЛТАНАЕВ ,

 ақын, ҚР білім беру ісінің үздігі,                                                                                                                     

Елтінді батыр атындағы орта мектеп директоры.  

қайтқан  солдаттар»,  «Майданға»,    «Біз 

өмірдің  гүліміз»,  «Жол  жыры»-  деген  әндер 

мен «Мереке», «Комсомол», «Партия» - деген 

күйлерді  үйретіп  мектеп оқушылары  оркес-

трде    орындап,  мектеп  көркемөнерпаздары  

аудандық      өнер    байқауларында      алдынғы  

орындардан    көрініп  жүрді.  «Красный  Вос-

ток» колхозының партия ұйымының хатшысы 

болып  жүргенінде  мал  қыстату,  мал  төлдету 

науқаны    кезінде    шопандармен  өткізілген 

жиналыстарға  мектептің  көркемөнерпаздары 

мен  сол  кездегі  айтыс  өнерінің  майталма-

ны,  жерлесіміз  Асылақын  Қалиевты  да  ертіп 

барып  концертпен  шопандардың  көңілін 

көтере отырып, кеткен кемшіліктерді ақынның 

тілімен әзілдеп, жұмысына олақ шопандарды  

ұялтушы еді.

    Ағамыздың ұйымдастырушылық  қабілеті -  

қарымы өте жоғары еді.       Бұл күндері өзімде 

шәкірттер тәрбиелей жүріп, Өмірзақ   ағадай   

ұлағатты  ұстаздан  тәлім  тәрбие  алғанымды 

мақтаныш    тұтып,    әрдайым    ағамыздай  

болуға ұмтылып жүрмін.



Нұрсағат      ӘЛІБАЕВ,

  Елтінді  батыр  атындағы  орта  мектебі    

              директорының  тәрбие ісі 

жөніндегі   орынбасары.

ЖҮРЕКЖАРДЫ

17 ақпан  2017  жыл

№ 10(8853) 

10

«Жаркент  өңірі»



Ќазаќстан Республикасыныњ «Ќазаќстан Республикасындаѓы 

сайлау туралы» Конституциялыќ Зањыныњ 104- бабыныњ      

6-тармаѓына сєйкес Панфилов аудандыќ мєслихатыныњ  шыѓып 

ќалѓан депутаттыњ  орнына сайлау жµніндегі № 6 округтік сайлау 

комиссиясы аудандыќ мєслихат депутаттыѓына келесі кандидаттар 

тіркелгендігі туралы хабарлайды:

Кандидаттыњ 

тегі, аты, 

єкесініњ аты

Туѓан 

к‰ні, айы 

жєне 

жылы

Атќаратын лауазымы (ж±мысы),                  

ж±мыс орны жєне т±рѓылыќты жері

Панфилов  аудандыќ  мєслихатыныњ № 6 Шекаралыќ

 сайлау округі 

Бексейтов 

Медет 

Арманович



05.01.1992

Панфилов ауданыныњ «Жаркент ќаласы 

єкімініњ аппараты» мемлекеттік мекемесініњ 

жастар ісі жµніндегі єдіскері.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, 

Жаркент ќаласы.

Иемберген 

Айдын 


Рахымжан±лы

02.07.1982

Алматы облысы єкімі аппаратыныњ 

«Шаруашылыќ басќармасы» коммуналдыќ 

мемлекеттік мекемесініњ єкімшілік 

ѓимаратыныњ мењгерушісі.

Алматы облысы, Панфилов ауданы, 

Жаркент ќаласы.

Шокпаров 

Ергали 


Отаргалиевич

20.05.1961

Панфилов ауданы єкімдігініњ шаруашылыќ 

ж‰ргізу  ќ±ќыѓындаѓы «Панфилов 

Су ќ±быры» аудандыќ мемлекеттік 

коммуналдыќ кєсіпорныныњ зањгері.

Алматы облысы, Панфилов ауданы,

 Ќоњыролењ ауылы.



№ 6   Шекаралыќ округтік

сайлау комиссиясыныњ тµраѓасы                   

 

Е. Әлжанов

 

С  1  января  2017  года  на  на-

чальном  этапе  набором  кандидатов  в 

сотрудники  полиции  будут  заниматься 

работники Национального бюро по проти-

водействию    коррупции  Министерства  по 

делам госслужбы. 

 

Для  поступления  на  право-



охранительную  службу  граждане  будут 

проходить  тестирование  на  знание  за-

конодательства,  оценку  личных  качеств. 

Успешное  прохождение  тестирования  бу-

дет являться условием дальнейшего уча-

стия конкурсанта в процедурах отбора, по 

результатам тестирования на знание зако-

нодательства  экзаменуемым  будет  выда-

ваться сертификат, по результатам оцен-

ки личных качеств – заключение, которое 

действуют в течение года, что дает право 

кандидатам участвовать в конкурсах всех 

правоохранительных органов.

 

Остальные этапы конкурсного 



отбора  –  проведение  полиграфического

 

Қазақстан  Республикасы  ІІМ  Алматы,  Қостанай,  Ақтөбе 

және  Қарағанды  Академиялары  бюджеттік  негізде  үміткерлерді  оқуға  

қабылдайды.  Академия  күндізгі  оқыту  факультетінде  «Құқық  қорғау 

қызметі» (тергеу-криминалистикалық, жедел-криминалистикалық, жедел-

іздестіру,  әкімшілік-құқықтық  мамандандырулары  және  «Ақпараттық 

жүйелер»  мамандықтары  бойынша  кәсіби  мамандарды  даярлауды 

жүзеге асырады. Оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі. Ака-

демияда  оқу  мерзімі  4  жылды  құрайды.Сонымен  қатар  Қазақстан  Ре-

спубликасы ІІМ Ақтөбе Заң институтына бюджеттік негізде үміткерлерді 

оқуға  қабылдайды. Үміткерлерге қойылатын талаптар: жасы 25 жастан 

аспаған жоғары білімі бар (заңгер, құқықтану мамандығы болмауы тиіс), 

Қазақстан Республикасының азаматы қабылдана алады. Оқу мерізімі 2 

жыл. 


       

Қазақстан  Республикасы  ІІМ-нің  оқу  орындарына  оқуға 

қабылдау ережесіне сәйкес, Академияға арнайы орта және жалпы орта 

білімі бар, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарға 

жауап  беретін,  оқуға  және  әскери  қызметке  денсаулығы  жарамды,  17 

жасқа толған және 25 жастан аспаған Қазақстан Республикасының аза-

маттары  қабылданады.  Кешендік  тестілеу  азаматтардың  қалауы  бой-

ынша қазақ немесе орыс тілдерінде және негізгі пән (дүниежүзі тарихы 

мен  математика)  бойынша  көрсетілген  мамандықтар  тізіміне  сәйкес 

жүргізіледі.  ІІМ-нің  білім  беру  мекемелерінде  күндізгі  оқу  түрі  бойынша 

толық курсты бітірген тұлғалар үшін, оқу мезгілі шұғыл әскери қызметті 

өтеумен тең болады.

  

Қазақстан Республикасы ІІМ Академияларының тыңдаушылары 



оқу  кезінде  казармалық  үй-жайда  тұрады,  республикалық  бюджет 

есебінен  тамақтанады  және  киінеді,  шәкіртақы  алады.  Алматы  облысы 

Ішкі істер департаменті ІІМ Академияларының түлектерін ІІД-нің қалалық, 

аудандық ішкі істер бөлімдеріне қызметке орналастыруға кепілдік береді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет