тік тіркеу туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл Заңның 20-бабының
өзгеретін, тоқтатылатын құқықтар электрондық тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Яғни, «Е-но-
тариат» бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі. Осы Заңға сәйкес нотари-
алды түрде куәландырылған мәмілелер ХҚКО орталығы арқылы тіркелмейді.
Электрондық тіркеу дегеніміз – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық
ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық
белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын
мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін мін-
детті түрде көрсете отырып, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы мемлекеттік тір-
кеуге алым төлейді.
3) тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым
төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын тексереді.
Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас
тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге,
сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жі-
береді.
талап ету деректері анықталған.
өткіземін және оның оңды нәтижесі болу үшін ақша талап еткен.
мектептерінің басшыларына қатысты да орын алған.
Аталған алаяқтық деректері бойынша қылмыстық істер қозғалған.
алданып қалмауға аударамыз.
сұраймыз: 31-2-38, 31-4-31.
Қарқаралы ауданының прокуратурасы.
«Ардағым» десек артық па...
Өнегелі өмір
5
24 қаңтар 2015 жыл
Қасиетті Қарқаралы
төңірегі табиғи сұлулық, та-
рихпен тылсым жұмбақтарға,
дарын мен таланттарға ғана
емес, қазыналы кенге бай
өлке.
Кен қазу Қарқаралы
қазағына жат емес, арғысы
Кент
тауындағы
«Алат»
аймағындағы
көне
кен
балқыту пештері болғаны
белгілі.
Ақтеректің
жанындағы
бұрынғы
ағылшындардан қалған Кон-
стантинополь
зауытын
атауға болады.
Қарағайлы кенті 1954
жылы
кеніш
ретінде
құрылған болатын. Кенттің
құрылуына басты себеп
аймақтың түсті металл кен-
деріне бай болуы. Металл
кендері жөніндегі алғашқы мәліметтер 1886 жылы өндіруші кәсіпкер С.Поповтың
Вознесенск кенішін құрып, алғашқы мыс және корғасын кендерін өндіруден ба-
стау алады. Кеңестік дәуірде М.П.Русаков, М.П.Ваганов, Ж.А.Айталиев, И.В.Дю-
гаев, Г.Р.Бекжанов, В.Г.Ли тағы да басқалардың және С.Х.Хамзиннің еңбектерінде
жарық көрген.Кеніште геологиялық зерттеу жұмыстары 1950 жылы Қазақстан, ке-
йіннен Қарағанды геология барлау басқармасымен жүргізілді. Қарағайлы кентін-
дегі «Алматинка» елді-мекенінің атауы алматылық Қазақстан геологиясының
құрметіне беріліп, тарихи атау қалған.
Кен барлау экспедициясы тарапынан барлау жұмыстары кеңінен жүргізіліп,
нәтижесінде, Қарағайлы кенішінде барит-полиметалл кендерінің бай қорын
анықтауға қол жеткізілді. Кенішті 4 аймақ құрады: Үлкен және Кіші линза (Бас карь-
ері), Алыс және Оңтүстік.Кендердің минералдық құрамы әртүрлі. Негізгі басым
кендер барит, қорғасын, мырыш, мыс.Бұлардың құрамында бағалы металлдар-
дан тыс сирек кездесетін селен, теллур, висмут элементтері бар, яғни
Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі жасанды жолмен алынған элементтер-
ден тыс 99% құрайды.
1952 жылдан бастап, кенді ашық әдіспен қазу басталды. Кен қорымен ондағы
пайдалы элементтер анықталған соң, 1963 жылы Қарағайлы кен байыту
фабрикасының құрылысы басталып, жылдық қуаты 100,0 мың тонна кен игеретін
№1 фабрика жұмысын бастап кетті.Фабриканың негізгі өнімдері қорғасын,
мырыш, барит байытпалары болды.Өндіріс орнының кең құлаш жайып, өрлеуі
Қарағайлы жұмысшы кентінің іргетасын қалануына себеп болды.1953-1991 жыл-
дар аралығында кент аймағында 40-тан артық ірі-ұсақ кәсіпорындар мен
мекемелердің (Кентөбе кен басқармасы, жылжымалы механикаландырылған ме-
кеме ПМК, темір-бетон цехы, ағаш өңдеу, кірпіш зауыты, асфальт-бетон зауыты,
орталық қазандық, азықпен қамту-Продснаб, еңбекпен түзету колониясы, тігін
цехы, бірнеше дүкендер мен бала-бақшалар, Ақтерек қосалқы шаруашылығы)
жұмыс жасауына мүмкіндік туды.Әсіресе, мекеме саны 1977 жылы Қарағайлы
кенті Талды ауданының орталығы болып құрылған кезде белең алды.Халық
санының өсу деңгейі әртүрлі мәліметтерге қарағанда, 14000 адамға дейін жеткен.
Өндіріс орнының өркендеуі, Отандық мұнай өнеркәсібінің баритке, ядролық
технологияның қорғасынға, қара және түсті металлургияның мырышқа деген
сұранысының өсуі, 1978 жылы жылдық қуаты 1,5 млн. тонна кен өңдейтін №2
фабриканың іске қосылуына мұрындық болды.Фабриканы іске қосуға Қазақстан
Компартиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаев және сол кездегі облыстық партия
комитетінің хатшысы, қазіргі Елбасы Н.Ә.Назарбаев келді.
Қарағайлы кен-байыту комбинатының стратегиялық маңыздылығына сол кез-
дегі Кеңестер Одағының астанасы Москва баса назар аударды. Кенішті жабдықтау,
оны қамтамасыз ету тікелей Москва тарапынан жүзеге асырылып отырды. Кент
аумағында көп қабатты зәулім үйлер Ленинград қаласындағы үйлердің жобасы-
мен салынса, «Кенші» мәдениет үйінің сыр-сымбаты сарайдай болды.
Қайта құрудың екпіні 1986 жылдан бастап, Қарағайлы кентіне де салқынын ти-
гізді.1988 жылы Талды ауданының орталығы ресми түрде жабылса, 1991 жылы
Тәуелсіздіктің алғашқы қиындықтары, нарықтық экономика республикадағы
өндірістік қалаларға тән болғандай, Қарағайлы кен-байыту комбинатының да
шаңырағын қатты шайқалтты.Комбинаттың базасы негізінде құрылған АҚ
«Қарағайлы кен басқармасы» Сарытөбе, Көктасжал, Үштөбе кеніштерін игермек
болғанмен, қиын жағдайдан шығып кете алған жоқ.Бір кездері Кеңес Одағының
түсті металлургиясының флагманы болған Қарағайлы кен-байыту комбинаты жо-
йылу қауіпіне тап болды.1994-1997 жылдары комбинатты басқаруға алған инве-
стор «Поставалов и К» өндіріс тізгінін жетелеп кетпеді.1994-2004 жылдар
аралығында өндірісті өлке өлместің күйін кешті.
2004 жылы қаңырап бос қалған, кенді өлкеге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ті-
келей тапсырмасымен сол кездегі облыс басшысы К.Е.Мұхаметжанов пен ЖШС
«Қазақмыс корпорациясының» басқарушысы Р.Б.Юн Қарағайлы байыту фабри-
касын 2 жылдың ішінде қайта түлетті.Еселі еңбек қажырлы кеншілердің,
жұмыскерлердің маңдай тері ақталды.
Өткен 2014 жыл Қарағайлы кенті үшін Қарағайлы байыту фабрикасының
қайта дүниеге келгеніне торқалы 10 жылдық мерейтойымен есте қалды.
Тарихтағы өндірісті өлкенің өрлеуіне абзал ағалар Қаратай Тұрысбеков, Ев-
гений Александрович Немов, Гинаят Рахметтолаұлы Бекжанов, Қожагелді Жа-
ныспанов, Ерсыланбек Букетов, Серікбай Хамзинді және Қарағайлы топырағында
еңбек жолын алғаш бастаған қаншама ардақты азаматтарды ерекше атап өтуге
болады.
Іргедегі көршіміз қытай елінің «Өткенді ұмытпау-болашақ әліппесі» мақалы
еске түседі. Кенді өлкенің байлығы ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Мұнда әлі де болса
геологиялық, технологиялық, экологиялық, тарихи зерттеу жұмыстары жалғасуға
тиіс.
Кенді өлке Қарағайлы, Абыз туралы, кейінгі ашылып жатқан Көктасжал,
Айғыржал кеніштері туралы Қарқаралы қаласындағы мұражайда Қарқаралы
төңірегіндегі кен жыныстары мен минералдық қазба байлықтары, тау-кен метал-
лургия саласындағы ғалымдар, кеншілер мен байытушылар жөнінде арнайы та-
рихи өндірістік таным бұрышы ашылса, нұр үстіне нұр болар еді.Бұл Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың Индустриялды-инновациялық саясатын одан әрі жүзеге
асуына себеп болатына сенімдімін.
дария егешова,
Қарағайлы кенті.
1978 жыл.Қарағайлы кен-байыту
комбинатының №2 фабрикасын алғашқы рет
іске қосылу кезеңі. Солдан оңға қарай: Талды
ауданының бірінші хатшысы Б.А.Ракишев,
Қазақстан Компартиясының бірінші хатшысы
Д.А.Қонаев, сол кез Қарағанды облысының хат-
шысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаев, партия
қызметкері, жерлес ағамыз М.Қағазбаев
Өткенсіз ел, тарихсыз жер болмайды
Қарағайлы - кенді Өлке
Бәрекелді!!!
Жас боксшылар топ жарды
Теректі ауылында бокс үйірмесі ашылғаннан бері ауылдың
балғын спортшылары біршама жетістікке жетіп үлгерді. Комбинат-
тан бөлінген жаттықтырушы Геннадий Ким балаларды бокс
өнеріне үйретіп, талмай жаттықтыруда. Күні кеше ғана Қарағанды
қаласында 1999-2000, 2001-2002, 2003-2004 жылы туылған бала-
лар арасында өткен қысқы демалыс жарысында да теректілік жас
боксшыларының бағы жанып, жеңіс тұғырынан көріне алды. Мұрат
Жанарыс, Тілеуқабыл Акишев, Темірлан Зағиев қарсыластарынан
басым түсіп, І орын алып, жеңімпаз атанса, Асхат Асқаров, Келді-
бек Қабыкен, Науан Ерланов ІІ орыннан көрініп, Шыңғыс Тілеутай
ІІІ орын алып, жүлде иеленді. №30 орта мектепте оқитын бұл
балаларға дене тәрбиесінен сабақ беретін Дәулет Қасымов осы
үйірменің қосымша тәлім-тәрбие беруде, балаларды жан-жақты
шыңдап, спортқа баулуда ерекше үлес тигізіп отырғанын айтады.
Өз тілшімізден.
Мектеп өмірінен
Бейінді оқытудың жемісі
Бейінді оқыту оқытудың саралануы мен даралануына, оқушының
білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына
ықпал ететін талабы мен қызығушылық ниетімен сәйкес. Сондықтан
Қарқаралы қаласындағы №2 орта мектепте бейінді оқытуға ерекше
мән беріледі. Оған дәлел ретінде осы мектептің түлегі Ырымғали
Мәди Жүнісұлы жайлы айтуға болады.
Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-
қалпы, жақсы ұстаздан қалған тәрбие болса керек. Мектептің
ұлағатты ұстазы химия пәнінің мұғалімі М.Р. Рахимжановаға Е.А.Бу-
кетов атындағы ҚарМУ-ң химия факультетінің деканы Е.М.Тажба-
евтан Ырымғали Мәди Жүнісұлын химия пәнінен үздік
дайындағаны үшін алғыс хат келді.
Ырымғали Мәди Жүнісұлы №2 орта мектепті 2011 жылы аяқтап,
Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ-ң химия факультетінің грантын ие-
ленді, қазір үшінші курс студенті , оқу озаты, жоғары стипендия
алып оқиды. Мәди әлі студент болса да бүгінгі күннің өзінде оны
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі
Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы «Фитохимия» халықаралық
ғылыми-өндірістік холдингіне жұмысқа шақырды. Жақында Мәди
Ресейдің Новосибирск қаласындағы академқаласында болып
қайтты.
Оқушының өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет се-
зімін қалыптастыратын - мектеп . Жақсы мектептен білім, ұлағатты
ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғам қайраткері, ұлы тұлға
болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Халықтың
нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған №2 орта
мектеп ұстаздарының еңбектері жемісті болып, Ырымғали Мәди
Жүнісұлы сияқты шәкірттері еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін
көгертер асыл азаматтар боларына сенеміз.
Өз тілшімізден.
Озық ойлы оқушылар
Озық ойлы оқушылар
Қарқаралы ауданының білім беруді да-
мыту орталығының ұйымдастыруымен
мектеп оқушыларының арасында жалпы
білім
беретін
пәндерден
өткен
олимпиадаға қатысқан оқушылардың
ішінен 5 оқушы аудандық олимпиада
жеңімпаздары
атанған
болатын.
Жеңімпаз оқушылар облыстық білім
беру басқармасы мен «Сарыарқа да-
рыны» аймақтық ғылыми-практикалық
орталығы бірлесіп өткізген облыстық
олимпиададан да жүлдемен оралды.
Атап айтқанда, Егіндібұлақ селосындағы
№5 орта мектептің 11-сынып оқушысы
Якупов Александр орыс сыныптарындағы
қазақ тілі мен әдебиет пәнінен І орын иеле-
ніп, алтын медаль мен республикалық
олимпиадаға жолдама алса, Қарқаралы
қаласындағы №1 орта мектептің 11-сынып
оқушысы
Өмірбай
Әнел
математика
пәнінен ІІІ орын иеленіп, қола медаль алды.
Пән мұғалімдері-Қасымбекова Замзагүл
Зекенқызы
мен
Әменова
Айнагүл
Өмірзаққызы.
Аудан абыройын асқақтатқан жас
өрендердің бұл қуанышы мен жеңісі
баршаға ортақ жеңіс болды. Алдағы
уақытта жеңімпаз атанған оқушыларымыз
басқа да биіктерден көріне береді деген сенім білдіреміз.
Б.Жүнісова,
Білімді дамыту орталығының әдіскері.
6
24 қаңтар 2015 жыл
Әлеуметтік
сала - басты
назарда
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басты мақсаты - әлсіз топтарына әлеуметтік қолдау
көрсету (оның ішінде: жұмыссыздарды жұмысқа орнала-
стыру,
ақылы
қоғамдық
жұмыстарды
ұйымдастыру,
жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа қайта оқыту, өз ісін
ашуға материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жұмыс орын-
дарын ұйымдастыру, мүгедектер және аз қамтылған отбасы-
ларына арналған мемлекеттік әлеуметтік көмек пен
жәрдемақыларды тағайындау және төлеу және т.б.).
Жұмыссыздықтарды реттеу сектор бойынша есепті мерзім
ішінде жұмыс сұрап барлығы 710 адам тіркелсе 2014
жылдың ағымында жұмыс сұрап тіркелгендердің 650- і
жұмыспен қамту бөлімінің жолдамасы арқылы тұрақты,
уақытша, мерзімді жұмыстарға қамтылды. Жұмыспен
қамтылғандардың басым көпшілігі ауылшаруашылық, кіші
бизнес саласына және Қарағайлы поселкесінде орналасқан
ірі өнеркәсіп орындарына жұмысқа орналастырылды.
Аталған бағдарлама бойынша 2014 жылы бекітілген
аудандық бюджеттен бөлінген 20340,0 мың теңге көлемінде
479 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде:
- ақылы қоғамдық жұмысқа 420 жұмыссыз адам;
- кәсіби даярлау және қайта оқытуға – 21 адам ;
- әлеуметтік жұмыс орындарын үйымдастыруға 13 адам ;
- өз ісін ашуға берілетін біржолғы қаржылай көмек 15 адам ;
- жастар іс-тәжірибесі – 10 адам тартылды .
Ауданымыздың барлық қала, кент, село, селолық округте-
рінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жылдан
жылға төмендеу тенденциясы сақталып отыр.
2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға 91 отбасы
өтініш түсірген, оның ішінде 332 адамға атаулы әлеуметтік
көмек 13560,7 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушыларды санаттар бойынша
қарастырғанда алушылардың 61,1 пайызын 18 жасқа дейінгі
балалар құрайды.
2014 жылы АӘК алушылардың арасынан «Жұмыспен қамту-
2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 1 адам
жұмыспен қамтылды.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, 18 жасқа де-
йінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы 352 отба-
сына, оның ішінде 1066 балаға 18225,5 мың теңге
тағайындалып төленді.
Үйде
оқитын
мүгедек
балаларға
материалдық
қамсыздандыруды тағайындау және төлеу есебі бойынша 23
мүгедек балаға 435 мың теңге тағайындалып төленді.
Әлеуметтік қорғау шараларының бір түрі - Қарқаралы
аудандық Мәслихаттың 2012 жылдың 13 сәуірдегі № 4/36
шешімімен бекітілген «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй
көмегін көрсету Қағидасына» сәйкес төленетін тұрғын үй
көмегі. Тұрғын үй көмегі 2014 жылдың ішінде 60 отбасына
1491 мың теңге көлемінде тағайындалып төленді.
2014 жылдың 1 қаңтарындағы аз қамтылғандар отбасы 120,
оның ішінде 515 адам болса, ал 2014 жыл аяғында 90 от-
басы, 384 адам болды, осы көрсеткіш жыл ішінде 25 пайызға
азайды.
Ауданда 01.01.2015 жылдың жағдайымен барлық санаттағы
мүгедектердің саны 1891 адамды құрайды. Оның ішінде: 1,2
топтағы мүгедектер - 947 адам, 3 топта - 792 адам және 152
мүгедек балалар.
Негізгі мақсат оңалту жүйесін жетілдіру, мүгедектерді
әлеуметтік қолдауды күшейту және олардың өмір сүру сапа-
сын жақсарту. Осы орайда облыстық бюджеттен, аудандық
бюджеттен, сондай-ақ ҚР заңнамасы тыйым салмаған басқа
да қаражат бағытталған болатын.
Медициналық әлеуметтік сарапатама орталығының жеке
оңалту бағдарламасына сәйкес берілген анықтамаларымен
жүріп-тұру құралдарымен 1 мүгедек арнайы кресло-арбамен,
13 адам есту аппаратымен, 12 адам ұялы телефонмен, 4
адам тифломагнитофонмен, 15 адам көпфункционалдық да-
былды жүйесімен, 12 адам телефакспен, 13 адам жетек-ар-
бамен, 7 адам балдақпен, құлағы нашар еститін мүгедектер
9 диктофонмен, 1 адам видео компьютермен, 19 адам плее-
рмен, 16 адам көзі нашар көретін адамдарға арналған
сағатпен, көзі нашар көретін 18 адам таяқпен, 14 адам нашар
еститін адамдарға арналған сағатпен, нашар еститін 19 адам
дыбыс жазбасын шығаруға арналған плеермен, 12 адам кор-
сетпен, 12 адам реклинатормен, 6 адам төсті протездумен
және
24
мүгедек
протездік-ортопедиялық
көмекпен
қамтамасыз етілді.
Жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 2014 жылы арнайы
гигиеналық құралдармен 108 мүгедек, оның ішінде жөргекпен
98 мүгедек, 10 мүгедек арнайы құралдармен қамтамасыз
етілді және жүріп-тұруда қиындық көретін 1 топтағы
мүгедектеріне 93 адамға көмекші, құлағы естімейтін
мүгедектерге ымдау тілінің маманын беру іс-шарасы
аудандық бюджет арқылы қамтамасыз етіліп, бұған 2014
жылда 24712,0 мың теңге бөлінген.
Мүгедектерді оңалту жүйесінде санаторлық-курорттық
сауықтыру бір жүйеге қалыптастырылған. 2014 жылы жеке
оңалту бағдарламасына сәйкес (ИПР) барлығы аудан бо-
йынша 58 мүгедекке жолдама беріліп, Бурабай қаласындағы
«Discovery-Borovoe» санаториясында ем алып қайтты және
29
зейнеткер
Қарағанды
қаласында
орналасқан
мүгедектерге,
жалғызілікті
зейнеткерлерге
арналған
медициналық-әлеуметтік мекемесінде дем алды.
Аудан бойынша ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық-педогогикалық түзету арқылы қолдау туралы»
Заңына сәйкес, «Жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге және
мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан асқан мүгедек
адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету»
бөлімшелерінде штат бойынша 3 бөлімше меңгерушісі, 1
консультант және 60 әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жа-
сайды. Аудан бойынша бүгінгі күні 303 адамдарға үйде ар-
наулы әлеуметтік қызмет көрсетіліп отыр.
Сонымен қатар, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бо-
йынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек
бағдарламасы бойынша 7353,0 мың теңге бөлініп толығымен
игерілді, оның ішінде: Жеңіс күніне байланысты 3 ардагер-
лерге 316,7 мың теңге, туберкулез ауруына шалдыққан аз
қамтылған 70 адамға 777,8 мың теңге, ауған соғысының ар-
дагерлеріне 30 адамға 750,0 мың теңге, Чернобыль АЭС-ін-
дегі апатты жоюға қатысқан азаматтарға – 2 адамға 10,0 мың
теңге, 310 тыл ардагерлеріне 930,0 мың теңге, 75 жастан
асқан 1081 қарт адамдарға 3243,0 мың теңге, 18 жасқа
толмаған 198 мүгедек-балаларға 594,0 мың теңге және же-
келеген өтініштері бойынша 52 адамға 1257,5 мың теңге
қаржылай көмек көрсетілді.
Б.Жұманбаев,
аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің басшысы.
аудан әкімінің есебіне
Өнермен, рухани мәдениетпен тәрбиеленген ұрпақ қашанда
рухы биік, туған жерін, халқын сүйетін болады. Өнердің
қайнар көзі болған Қарқаралы ауданының мәдениет және тіл-
дерді дамыту бөліміне 80 мекеме қарасты. Олар: 44 кітап-
хана, 3 КМКП «Мәдени-сауық орталықтары», 28 селолық
клубтар, 3 музей, 2 «Зерде» бейнемобилі, 9 «халықтық»
атағы бар өнер ұжымдары, 2786 қатысушылары бар 221
клубтық бірлестіктер, 144 көркемөнерпаздар үйірмелерінде
2143 адам және кітапханалар жүйесі бойынша 18
қызығушылар клубтары жұмыс жасап, аудан халқына мәдени
қызмет көрсетеді. Бүгінгі күні Қарқаралы мәдени-сауық
орталығы жанында – 10, Егіндібұлақ мәдени-сауық орталығы
жанында – 9, Қарағайлы мәдени-сауық орталығы жанында –
9, барлығы 28 селолық клубтар аймақтар (регион) бойынша
жұмыс жасайды, яғни аудандағы 300 халқы бар елді мекен-
дер бүгінгі күні кітапхана, клуб үйлерімен 100 пайыз
қамтылған.
Жыл ішінде іске асырылған барлық жұмыстар «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған
даму бағдарламасына» сәйкес жүргізілді.
Бөлімде жұмыс істейтін адамдар саны 343 адам – 176-ы ма-
мандар. Соның 60-ы жоғары білімді, 95-і арнаулы орта бі-
лімділер.
Кітапханалар бойынша 69-і кітапханашының 20-ы жоғары,
46 орта арнаулы мамандар.
86 адам Мәдени-сауық орталықтары мен селолық клубтарда
қызмет етуде. Оның 20-сы жоғары білімді, 41-і орта арнаулы
білімдері бар
9 мұражай қызметкерлері 3-нің білімі мәдениет саласына
қатысты болса, 6 маманның білімі басқа салаға тиесілі
Мәдени мекемелерді ұстауға және дамытуға 2013 жылы
309884,0 мың теңге бөлінсе, 2014 жылға қаралған қаржы
272084,0мың теңгені құрайды. Оның ішінде клуб мекемеле-
ріне 151177,0 мың теңге, орталықтандырылған кітапханалар
жүйесіне 80545,0мың теңге, мұражайларға облыстық бюд-
жеттен 17519,0мың теңге бөлінген. Бөлінген қаржының
28234,0мың теңгесі 2014-2015 жылғы қыс айларына мәдени
мекемелердің жылуына, 20185,0мың теңгесі материалдық-
техникалық базаны нығайтуға берілді. Оның ішінде
орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 4,0 млн теңгеге
кітап қоры толықтырылды, 2688,0 мың теңгеге компьютер,
ксерокс, стеллаж, пожарный щит алынды, 3300,0 теңгеге
мерзімді басылымға жазылды.
Клуб мекемелерінің материалдық- техникалық базасына
бөлінген 10197,0 мың теңгенің 1430,0мың теңгесіне Сарыо-
балы, Қарағаш , Бесоба, Қызылту клубтарына сахналық киім,
6.0 млн. теңгеге «Салтанат» ән- би ансамбліне киім тігіліп
2768,0 мың теңгеге Бүркітті, Талды клубтарына музыкалық
аппаратура және Қарағаш клубына кресло алынды.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тарихи-
өлкетану мұражайына жалпы 17967,0мың теңге бөлініп, оның
292,0 теңгесі қысқы жылуға, 250,0 теңгесі материалдық-
техникалық базаны толықтыруға ( телевизор, лицензиялық
бағдарламаны қамтамасыз ететін компьтер) алуға
жұмсалды.
Биылғы 2014 жылы жергілікті бюджеттен 5,0 млн. қаржы
бөлініп, Ақжол клубына ағымдағы жөндеу жүргізілді, мерді-
гері ТОО «Самат құрлыс». Республикалық бюджеттен 15,0
млн. қаржы бөлініп Қарқаралы қаласындағы мәдениет үйінің
ағымдағы жұмыс жүргізіліп, желтоқсан айында толық
аяқталды, медігері ТОО «ҚамқорKZ».
2014 жылы «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы
бойынша селолық округ әкімдерге Көктас 1676,0 мың теңге,
Қаракөл ауыл клубтарына 286,0 мың теңге теңге қаржы
бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мәдениетіміздің дамуында кітапхананың алар орны
ерекше. Аудандағы кітапханалар жүйесі облыстағы ең ірі кі-
тапханалар жүйесі болып табылады.
Кітапханадағы кітап қоры бүгінгі күнге 585,6 мың дана, мер-
зімді басылым 130 атаумен 1098 дананы құрайды. Бір меке-
меге басылымдардың 25-30 түрлері беріледі. Түскен кітап
саны 10479 дана. Сыйға тартқан кітаптар саны 400 дана.
Оқырмандар саны 22 038 .
11 кітапхана бүгінгі күн талабына сай техникамен
жабдықталған «модельді кітапхана» мәртебесімен жұмыс жа-
сайды. Аудан кітапханаларында 37 компьютермен 23 кітап-
хана компьютерлендірілген,
24 кітапханаға телефон тартылып, 8 кітапхана интернет
жүйесіне қосылған.
Орталықтандырылған
кітапханалар
жүйесі
бойынша
оқырмандармен 800-ге тарта мәдени-көпшілік шаралар
ұйымдастырылған. Оның ішінде; 1 онлайн конференциясы, 6
семинар, 660 кітап көрмелері, 40 сұхбат кештері, 32
оқырмандар конференциялары, 62 тәрбие сағаттары, 5 биб-
лиодесант, 32 кездесулер тағы да көптеген кітапханалық
шаралардың саныда көп, маңызы да мол. Мысалы:
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050» «Бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ», «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты
Елбасының Қазақстан халқына жолдауын насихаттау
мақсатында кітап көрмелері мен дөңгелек үстелдер
ұйымдастырылды.
«Туған жер – тұнған шежіре» атты өлке жайлы энциклопе-
дияларды
ауыл
кітапханашылары
жалғастырып,
толықтыруда, «Бір ел – бір кітап» атты акция бойынша кітап-
ханалар Қазақстандық ақын-жазушылардың еңбектерін на-
сихаттайды, Қарқаралы қаласының 190 жыл толуына орай
«Тарихы терең, тұғыры биік, Арқаның алтын тәжі -
Қарқаралы» атты бейне-ғаламтор конференциясы өткізілсе,
«Атақоныс –арқадағы, шежірелі Қарқаралы» атты энцикло-
педия шығарылды, аудандық әдіскерлік бөлім «Өр кеуде, биік
еңсе Арқадағы, ел сүйген ертегілі Қарқаралы» атты
әдістемелік ұсыныс құрастырып ауыл кітапханашыларына
ұсынылды.
Аудандағы 31 клубтық мекемелерде, 221 клуб бірлестікте-
рінде 14 жасқа дейінгі балаларға арналған 39 үйірме болса
оған 600-ге таяу балалар қатысады. Клуб бірлестіктерінің 17
техника, 22 қолөнер, 100 көркемөнерпаздар үйірмелері
жұмыс жасайды.
Жыл басынан дәстүрлі түрде жоспарланып, көптеген түрлі
мәдени-көпшілік шаралары өткізіледі. 2014 жылы 3 мыңнан
астам мәдени шаралар ұйымдастырылып, 10 мыңға жуық
көрермен тамашалады.
Жалпы 2014 жылы 12 аудандық байқаулар мен фестиваль-
дер ұйымдастырылды. 6 мәрте ұйымдастырылған «Жаңа
есімдер», І – ші аудандық «Қазақ келіні», XIII - ші аудандық
«Жас қанат», 3-ші мәрте өткізілген М.Тоқмырза атындағы
«Жымиясың сен неге?» әзілкештер фестивалі, 6-шы рет
өткізілген Н.Әбдіров атындағы «Жас сұңқар» патриоттық
әндер байқауы, «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты, Ұлы
Отан соғысы Жеңіс күніне арналған «Ардагерлер ән салады»
атты 22 хор ұжымы, 500-дей соғыс және еңбек ардагерлері
хор ұжымдарының ХХІУ облыстық фестиваль өтті. Қарқаралы
190
жылдығына
арналған
жол
қозғалысы
жас
инспекторларының облыстық ХУ слеті, Қарқаралы жерінде
жыл сайын ұйымдастырылатын Республикалық «Қарқаралы
дауысы» байқау-фестивалі 6-шы мәрте ұйымдастырылды. 6
жыл ішінде 600-ге жуық өнерлі өрендер байқауға қатысса,
оның 100-ге тарта өнерпазы қарқаралылықтар. Елімізге та-
нымал өнер тарландары қазылық ететін бұл байқаудың
қатысушыға тигізер септігі мен берері мол. Жаз айларында
орталық саябақта Қарқаралы қаласының 190 жылдық
жылдық мерейтойына «190 мәдени шара» аясында
«Қарқаралы – Арқадағы гүлстан» селолық округтердің фе-
стивалі, «Атыңнан айналайын, Қарқаралы» атты аудандық
мүшайра, республикалық ақындар айтысы, «Арқаның алтын
тәжі Қарқаралы» атты театрландырылған мерекелік көрініс
өтті. Халықтық «Қайран жастық» ардагерлер хор ұжымының
20 жылдық мерейтойы аталып өтті.
«Мемлекеттік тіл- болашағым» атты мемлекеттік тілді өзге ұлт
өкілдері арасында дамыту, қазақ тілін оқып үйренуге
қызығушылығын арттыру мақсатында байқауына ММ
“Қарқаралы ауданының білім, дене шынықтыру және спорт
бөлімінің» спорт бойынша әдіскері Смолин Николай Ген-
надьевич қатысып, гран придің жеңімпазы атанып
республикалық байқауға жолдама алды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жолдамасымен
облыстық «Абай оқулары», «Тіл шебері» байқауларына әр
пәннің ұстаздары қатысып арнайы дипломдармен марапат-
талып қайтты.
Қарқаралы ауданының өнерпаздары республикалық,
облыстық деңгейдегі өткізілетін мәдени-көпшілік шараларға
қатысса, Республикамыздың жер-жерінен көптеген өнер
ұжымдары және танымал өнер иелері келіп, аудан халқына
қызмет көрсетеді. Мысалы, 2014 жылы Қарқаралы ауданына
С.Сейфуллин атындағы театр, симфониялық оркестр, Ж.Ке-
малов жеке концерттерін берсе, Қарқаралы қаласының 190
жылдық мерейтойы бағдарламасына Қазақстанның халық
әртісі Алтынбек Қоразбаев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали
Мыржықбай, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова, әнші Қасым
әндерін насихаттаушы Гүлбаршын Тергеубекова, «Қыздар-
ай», «Шаншар» әзіл-сықақ театры, «Тарлан» тобының
мүшесі Қазбек Әбікеев, күйші қызымыз Әсел Алиналар өз
өнерлерін қалын жұртшылыққа тарту етті.
Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерейтойы қарсаңында
«Тарихи тұлғалар» туралы деректі фильмдердің салтанатты
ашылуы өтті . Шакен Айманов атындағы «Қазақфильм» ак-
ционерлік қоғамы «Жүсіпбек Елебеков», «Әлжаппар Әбішев»,
«Қасым Аманжолов», «Мәди» кино қойылымдарын халыққа
тарту етті.
«Сарыжайлау» кинотеатры «Қазақфильм» киностудиясы
түсірген 10 киноны барлық елді-мекенге көрсетіп, жұртшылық
ризашылығына бөленді. Балаларға арнап Қарағанды
қаласының «Қуыршақ» театры, Алматы қаласының «Большая
медведица», «Феерия» циркі көрсетілімдерін қойды.
Қарқаралы қаласы А.Шанин атындағы халық театры
Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты спек-
таклімен елді-мекендерді аралап, концерттік бағдарламасын
ұсынды.
Егіндібұлақ халық театры С.Жүнісовтың «Аманай-Зама-
най»
спектаклімен
елді-мекендерді
аралап,
ауыл
жұртшылығына өнерлерін көрсетті.
Биыл екінші рет аудан әкімінің «Жыл үздігі-2014» байқауы
өткізілді.
Бұл байқауда Мәдениет бөлімінен мәдени сауық
орталығының көркемдік жетекшісі Ардақ Мұсатаев жеңімпаз
атанды.
Жыл бойына өтіп жатқан іс-шаралар жергілікті «Қарқаралы»
газетіне жарияланып тұрады.
Атқарылған жұмыстардан келесі жылы атқаратын жұмыс
көлемі ауқымды. 2015 жылға 2939 мәдени шара
ұйымдастыру жоспарлануда.Мысалы, ҚР Конституциясының
20 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы,
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, шертпе күйдің шебері Тәттімбет
Қазанқапұлының 200 жылдығы, мемлекеттік және қоғам
қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 120 жылдығы, Қазақ
хандығының 550 жылдық мерейтойларына арналған іс-ша-
ралар өткізіледі.
Атылмыш мерейтойларды өткізу аясында «халықтық» атағы
бар А.Шанин атындағы театр, М.Рымжанов атындағы Абыз
халық театры, Егіндібұлақ халық театры, Тәттімбет
ауылындағы халық театрлары мен «Салтанат», «Аңыз» ән-
би ансамблі, Егіндібұлақ селосының Тәттімбет атындағы ұлт-
аспаптар
оркестрі
мен
Егіндібұлақ
селосындағы
«Замандастар», Қарқаралы қаласындағы «Қайран жастық»
ардагерлер
ансамбльдері
өз
репертуарларын
жаңа
бағдарламамен толықтырып аудан жұртшылығына жоғары
деңгейде өнерін көрсетеді.
Осы күнтізбелік шаралармен бірге ауылдық клубтардың
ұйымдастырушыларына келесі жылға арналған жұмыс жос-
парларына мемлекеттік және кәсіптік мерекелерді өткізіп
қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында
түрлі спорттық шаралар онкүндігін, концерттік бағдарламамен
елді-мекендерді аралау, ауыл тұрғындары арасында
байқаулар мен сайыс апталығын, кітапхана қызметкерлері,
мұғалімдермен бірлесе отырып, акциялар мен дөңгелек
үстелдер отырыстарын, сенбі, жексенбі күндері Қарқаралы
қаласының орталық саябағында «Ауыл кеші көңілді»
бағдарламасы көрермен назарына ұсынылып, мәдени
көпшілік шаралар өткізіледі.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәдениеті өскен ел -
өркениетке көшкен ел» дегендей, мәдениетімізді өркендету
мәдениет қызметкерлерінің басты міндеті.
Р.Жылтыбаева,
аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің бастығы.
Достарыңызбен бөлісу: