Газет 1930 жылғы қарашаның 7 жұлдызынан шыға бастады аудандық қоғамдық-саяси газет


Мәдениет қоғаМды ілгері бастырады



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата12.03.2017
өлшемі2,74 Mb.
#9071
1   2   3   4   5

Мәдениет қоғаМды ілгері бастырады 

7

24 қаңтар  2015 жыл

2014-2015  оқу  жылында  ауданның  білім  беру

жүйесінде 48 жалпы білім беретін мектеп (оның ішінде

27 орта, 13 негізгі, 8 бастауыш мектептер), 4 мектепке

дейінгі білім беру мекемелері, 35 мектеп жанындағы

шағын орталықтар, 2 қосымша білім беру ұйымдары

мен олардың бөлімшелері, 2 мектеп жанындағы ин-

тернаттар жұмыс жасайды. Жалпы білім беретін мек-

тептерде  5735  оқушы  оқып,  білім  алса,  мектепке

дейінгі мекемелерде (шағын орталықтарды қоса есеп-

тегенде)  1690,  мектеп  жанындағы  интернаттарда

(Қарқаралы 

қаласындағы 

№44, 


Егіндібұлақ

селосындағы №43 орта мектептер жанындағы интер-

наттар) 152 бала тәрбиеленіп отыр, 618 бала мекте-

палды  даярлық  топтарына,  ал  мектептен  тыс

мекемелерге 1901 (Саз мектебі – 375, балалар мен

жасөспірімдер орталығы – 598, облыстық бағыныстағы

балалар  мен  жасөспірімдердің  спорт  мектебі  -  928)

білім  беру  ұйымдарындағы  233  үйірмеге  1546,  99

спорттық секцияларға 1298 оқушы тартылған.

Арнайы автобустармен балаларды тасымал-

дау бағдарламасы бойынша 6 орта мектепте (Бесоба,

Нүркен, Ақжол, Матақ, Аппаз, Бүркітті ауылдарындағы

№8,10,12,15,18,20 орта мектептер) 69 оқушыға тасы-

мал ұйымдастырылған.

Мектеп жасына дейінгі балалардың 99,6 па-

йызы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мекемелерімен

қамтылған.  Ынталы,  Көктас,  Тегісшілдік,  Бесоба,

Нүркен,  Ақжол,  Жаңатоған,  Матақ,  Аппаз,  Талды,

Бүркітті,  Бақты,  Татан,  Теректі,  Ақтасты,  Қоянды

ауылдарындағы 

№3,4,6,8,10,12,14,15,18,19,20,

21,23,30,32,35  орта  мектептер  жанындағы  шағын

орталықтарда 16 топ толық күндік (8 сағат) режимде

жұмыс  жасайды  (шағын  орталықтардың  45,7%).  Де-

генмен, ауданда 19 жалпы білім беретін мектептерде

шағын орталықтар 4 сағаттық күн режимімен жұмыс

жасап  отыр  (54,3  пайызы).  Бұл  бағытта  2015  жылы

Томар, Татан, Абай ауылдарындағы №22,23,31 орта

мектептерде 3 топ ашу жоспарлануда. Қазіргі уақытта

Қарқаралы қаласында және Қарағайлы кентінде мек-

тепке  дейінгі  тәрбие  мекемелеріне  тапшылық  сезі-

луде,  341  бала  кезекте  тұр.  Сондықтан  Қарқаралы

қаласында 2016 жылы 320, ал 2018 жылы Қарағайлы

кентінде  140  орындық  балабақша  құрылысын  салу

жоспарлануда.

2014 жылы Көктас ауылындағы №4 орта мек-

тепке  10  млн.теңгенің,  ал  5  млн.500  мың  теңгеге

Қарағайлы  кентіндегі  №16  орта  мектептің  жылу

қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы Республикалық Еңбекпен қамту «Жол кар-

тасы  2020»  бағдарламасының  бірінші  бағыты  бо-

йынша 126 млн.теңгеге 5 мектепке ағымдағы жөндеу

жұмыстары  жүргізіледі.  Қарағайлы  кентіндегі  №17

орта мектепке – 50 млн., Егіндібұлақ селосындағы №5

орта мектепке – 10 млн., Талды ауылындағы №19 орта

мектепке – 10 млн., Ақжол ауылындағы №12 орта мек-

тепке 7 млн., Қарқаралы қаласындағы №1 орта мек-

тепке 49,1 млн.теңге бөлінеді.

Оның 113,4 млн.теңгесі республикалық бюд-

жеттен, 12,6 млн.теңгесі қосымша қаржыландыру жер-

гілікті бюджеттен бөлінеді.

Білім беру ұйымдарын жаңа модификациядағы пән ка-

бинеттерімен  жарақтандыруда  біршама  жұмыстар

атқарылды.  Аудан  мектептерінің  физика,  биология,

химия кабинеттерімен жабдықталу көрсеткіші – 38,1%

(облыс көрсеткіші - 52%). 2014 жылы республикалық

бюджет есебінен 16 млн. 88 мың теңгеге 4 химия ка-

бинеттері (№5,8,10,12 орта мектептер), жергілікті бюд-

жет  есебінен  9  млн.теңгеге  2  физика  (№8,18  орта

мектептер),  2  млн.  264  мың  теңгеге  1  мультимедия

(№30  орта  мектеп)  кабинеттері,  ал  «Алтайполиме-

таллы»  ЖШС  демеушілігімен  Теректі  ауылындағы

№30 орта мектепке 4 млн. 597 мың теңгеге физика,

орыс тілі мен әдебиеті кабинеттері алынса, 2015 жылы

жергілікті бюджеттен 10 млн.теңгеге 2 химия, 2 биоло-

гия,  2  млн.теңгеге  сенсорлық  кабинеттер,  1

млн.теңгеге робот техникасы жабдықтары алынатын

болады.


Қарқаралы қаласындағы №2, Қарағайлы кентіндегі

№16, 17, Егіндібұлақ селосындағы №5,43 орта мекте-

птерге  бейнебақылау  камералары,  ал  Көктас

ауылындағы 

№4, 

Қарағайлы 



кентіндегі 

№16,


Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектептерге «Білі-

мал»  автоматты  басқару  жүйесі  орнатылса,  2015

жылы республикалық бюджет есебінен Көктас, Тегіс-

шілдік,  Жарлы,  Матақ  ауылдарындағы  №4,6,9,15,

Егіндібұлақ  селосындағы  №5,43  орта  мектептер

электрондық 

оқыту 

жүйесімен 



(е-ленинг)

жабдықталатын болады.

Ауданда  31  жалпы  білім  беретін  мектеп

(64,5%)  кең  жолақты  интернет  желісіне  қосылған

(облыстық көрсеткіш – 86,5%). Жергілікті бюджеттен

бөлінген  1  млн.  319  мың  теңгеге  12  орта  мектепті

(Ақжол, Жаңатоған, Талды, Бақты, Томар, Темірші, Те-

ректі,  Ақтасты,  Қарабұлақ,  Қоянды,  Қарағаш,

Қызылшілік 

ауылдарындағы

№12,14,19,21,22,23,30,32,33,35  орта,  №28,41  негізгі

мектептер)  спутниктік  ғаламтор  желісіне  қосу

жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылдың қаңтар айының

соңына дейін білім беру ұйымдарының кең жолақты

интернетпен қамтылу көрсеткіші 81 пайызға жеткізіле-

тін болады.

Аудан  мектептерінде  1450  компьютер  бар.

2014  жылы  жергілікті  бюджеттен  3  млн.  400  мың

теңгеге 40 компьютер алынып, ескі буынды компьютер

саны  6,5  пайыздан  3,9  пайызға  (97  компьютер)

төмендеді.  1  компьютерге  4,1  баладан  келеді.  Бұл

бағытта әлі де жұмыстар жүргізіліп, 2016 жылы 1 ком-

пьютерге  3,8  баладан  келетін  деңгейге  жеткізу

көзделуде.

Ағымдағы 

оқу 


жылында 

мектеп


оқушыларының 70 пайызы ыстық тамақпен қамтылды,

оның ішінде жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен

әлеуметтік  қолдауды  қажет  ететін  360  балаға  тегін

ыстық тамақ ұйымдастырылған. 

2014 жылы жалпыға бірдей білім беру қорына

бөлінген  32  млн.теңге  қаржының  (1,7%)  90  пайызы

әлеуметтік қолдауды қажет ететін мұқтаж отбасы ба-

лаларына  ыстық  тамақ,  материалдық  көмек  беруге,

жазғы сауықтыру шараларына жұмсалды. Жыл сайын

тұрмысы төмен, көп балалы отбасы, қорғаншылық пен

қамқоршылықта тұрған балалар тегін оқулықтармен бі-

рінші кезекте қамтылады.

Сауықтыру  алаңдары  мен  маусымдық  жұмыстарға

5539 оқушы (94,9%) тартылды. 36 орта, негізгі мекте-

птерде ыстық тамақпен ұйымдастырылған лагерь мен

алаңдарда 920, қаладан тыс «Қарқаралы» сауықтыру

орнында 300 оқушы тегін тынықты. 21 орта, негізгі мек-

тептерде  500  бала  аудандық  кәсіподақ  ұйымының

қаржысымен сауықтырылды.

Қазіргі 


уақытта 

мүгедек 


балаларды

оқшауламай, ортаға бейімдеу жағы қарастырылуда.

Осыған 

байланысты



№1,2,3,4,5,6,8,10,16,17,19,20,21,43,44  орта,  №13,42

негізгі, №37 бастауыш мектептерге 20 оқушыға үйде

оқыту, 

19 


оқушыға 

инклюзивті 

білім 

беру


ұйымдастырылған. Қарқаралы қаласындағы №1 орта

мектеп  инклюзивті  білім  беру  бойынша  тәжірибе

алаңы болып бекітілген. 2015 жылы аталған мектепте

сенсорлық кабинет жабдықталатын болады.

Аудан мектептерінің 77,08 пайызы (37 жалпы

білім беретін мектеп) шағын жинақты мектептер, онда

оқушылардың 41 пайызы (2357 оқушы) білім алуда.

Шағын жинақты мектептердің оқу-тәрбие жұмысының

сапасын көтеру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Сондықтан Көктас, Бесоба ауылдарындағы №4,8 орта

мектептерде  6  магниттік  мектептерді  біріктірген

(№3,6,9,15 орта, №11,13 негізгі мектептер) ресурстық

орталықтар жұмыс жасайды.

Аудан 2014 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу-

ден  2013  жылмен  салыстырғанда  жоғары  нәтиже

көрсетті  (орташа  балл  –  77,06,  2013  жылғы  аудан

көрсеткіші – 75,61 балл). 2014 жылғы облыс көрсеткіші

77,02  балл,  селолық  аудандар  бойынша  орташа

көрсеткіш  –  68,5  балл.  Ауданның  орташа  көрсеткіші

облыс нәтижесінен 0,04, селолық аудандар бойынша

5,  ал  2013  жылғы  аудан  нәтижесінен  1,45  балға

жоғарылап, 

оң 

динамика 



көрсетті.

№12,43,16,18,1,44,32,6,2,23  орта  мектептер  аудан

көрсеткішінен,  ал  Егіндібұлақ  селосындағы  №5,

Қарағайлы  кентіндегі  №17,  Матақ,  Талды,  Томар,

Айнабұлақ ауылдарындағы №15,19,22,31 орта мекте-

птер облыс бойынша селолық аудандар көрсеткішінен

жоғары нәтиже көрсетті. 2015 жылы 11 сыныпты 327

оқушы аяқтайды. Оның 289-ы ҰБТ (88%), 38-і емтихан

тапсырғалы отыр. ҰБТ-ға дайындық жұмыстары аудан

мұғалімдерінің наурыз айында өтетін форумында жан-

жақты айтылатын болады.

Жалпы  білім  беретін  пәндер  бойынша  облыстық

пәндер  олимпиадасында  Егіндібұлақ  селосындағы

№5, Қарқаралы қаласындағы №1 орта мектептердің

11  сынып  оқушылары  Якупов  Александр,  Өмірбай

Әнел  орыс  мектебіндегі    қазақ  тілі,  математика

пәндерінен І, ІІІ орындарды иеленді (пән мұғалімдері;

З.Қасымбекова, А.Әменова).

Ауданда 

спорттың 

бұқаралылығын 

арттыруда,

оқушыларды  салауаттылыққа  тәрбиелеуде  оң  іс-

тәжірибе қалыптасқан. Аудан халқының 27,7 пайызы

(10962 адам) спортпен шұғылданады. Қалалық бала-

лар  мен  жасөспірімдердің  спорт  мектебі  мен  оның

Қарағайлы кентінде, Нүркен, Егіндібұлақ, Жаңатоған,

Теректі, Көктас, Қарабұлақ, Татан ауылдарында оның

бөлімшелері  жұмыс  жасайды.  99  спорт  акциясына

2124 оқушы тартылып, 4, 7, 9, 11 сыныптардан 2022

оқушы президенттік тест сынақтарын тапсырды. 2014

жылы дене шынықтыру пәнінің оқу – материалдық ба-

засын  нығайтуға  бюджеттен  10  млн  теңге  бөлініп,

спорттық бұйымдармен жарақтандырылды.

Қарқаралы қаласындағы №1, 44, Қарағайлы кентіндегі

№16 орта мектептер жанында хоккей, шаңғы, футбол-

дан сауықтыру алаңдары, Қарқаралы қаласындағы ба-

лалар  мен  жасөспірімдер  орталығы  жанында  «Жас

түлектер» аула клубтары жұмыс жасайды. 2014 жылы

Қарқаралы қаласындағы №44 орта мектеп жанынан

шағын футбол ойын алаңы ашылды.

Оқушылар  мен  жастар,  ардагерлер  арасында  жыл

сайын  «Қыс  мерекесі»,  қазақ  күресінен  «Қарқаралы

Барысы», мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Біз

- біргеміз» атты аудандық жарыстар, аудандық жазғы

спартакиада өткізілсе, облыстық ХХVІІІ жазғы ауылдық

«Сары  –  Арқа  -  2014»  жазғы  спартакиадасы

Қарқаралы қаласында ұйымдастырылды.

2014  жылы  «Ақбота»  республикалық  марафонына

«Парасат»  зияткерлік  ойынына  аудан  бойынша  957

қатысып, №1,2,5,6,10,12,14,16,19,23,31,32,43,44 орта,

№34 негізгі мектептерден 85, ал жас зерттеушілердің

шағын  ғылыми  академиясының  1-4  сыныптар

аралығында ұйымдастырған «Мен зерттеушімін» фе-

стивалінде №5,10,12,19,32,33 орта, №34 негізгі мек-

тептерден  29  оқушы  І,  ІІ,  ІІІ,  ал  Қарқаралы

қаласындағы 

саз 


мектебінің 

оқушылары

республикалық  «Ақ  көгершін»,  «Күншуақ»,  «Сәлем,

Астана»,  І-Халықаралық  Тұлға  –  2014,  облыстық

байқауларда бас жүлде мен жүлделі орындарды ие-

ленді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық

ғылыми жобалар жарысында Тегісшілдік ауылындағы

№6 орта мектептің 9 сынып оқушысы Құрымбай Айжан

республикалық  сайысқа  жолдама  алды  (жетекшісі:

Д.Ағадилов).

Білім беру саласында 1148 педагог, тәрбиеші

еңбек  етеді.  Олардың  951-і  жоғары  білімді  (82,8%),

орта арнаулы білімдісі – 197 (17,16%). Жаңа оқу жы-

лында 12 жас маман келді. Аудан бойынша жоғары са-

натты ұстаздар саны – 126 (11%, 2013ж. – 9,67%). І

санатты  ұстаздар  саны  –  430  (37%,  2013ж.  -  36%).

Жоғары және І санатты ұстаздар үлесі өткен жылмен

салыстырғанда 2,8 пайызға жоғары. 2013-2014 жыл-

дары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 21

мұғалім 129 мың 640 теңгеден көтерме жәрдемақы, ал

15 ұстаз 32 млн. 789 мың теңгеге жеңілдетілген несие

алды.


«Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен Кем-

бридж университеті сарапшыларымен бірлескен білік-

тілікті  арттыру  институтының  жалпы  білім  беретін

мектептерге арналған біліктілікті арттыру курстарынан

3 деңгей бойынша 2012-2014 жылдар аралығында 113

мұғалім мен мектеп басшылары өтті (оның ішінде 2014

жылы  курстан  өткені  –  53  мұғалім).  Қарқаралы

қаласында «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру

ұлттық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен

әдебиеті, тарих, география, өзін-өзі тану пәндерінен

өткізілген біліктілікті арттыру курстарына 100 мұғалім

қатысты.


«Ауданның үздік мұғалімі» байқауында әртүрлі номи-

нация бойынша 14 мұғалім, мектеп басшылары, мек-

тепке  дейінгі  мекемелер  қызметкерлері,  әдіскерлер

аудан әкімінің сыйақысын алды. Облыстық «Орта білім

беретін 

үздік 


ұйым» 

байқауында 

Егіндібұлақ

селосындағы  №43  орта  мектеп  «Сапалы  білімді

қамтамасыз ету» номинациясы бойынша дипломмен

марапатталса, ал Ақжол ауылындағы №12 орта мек-

теп  «Ауылдық  шағын  жинақты  мектеп:  2014  –  даму

стратегиясы» 

облыстық 

қашықтықтан

ұйымдастырылған  байқаудың жүлдегері атанды.

Қарағанды  облысы  білім  беруді  дамытудың  оқу-

әдістемелік  орталығы  тарапынан  ұйымдастырылған

тестілеуге  жаратылыстану  –  математика  цикліндегі

пәндерден 314, ал қоғамдық-гуманитарлық пәндерден

248  мұғалім  қатысты.  Математика,  физика,  химия,

биология, география пәндерінен 120 мұғалім жазғы,

күзгі  оқу  сабақтарына  қатысып,  сертификаттарын

алды.  Алдағы  уақытта  осындай  оқулар  қоғамдық-

гуманитарлық  циклдегі  пән  мұғалімдері  үшін  де

ұйымдастырылатын болады.

Ж.Жетибаев,

Аудандық білім,

дене шынықтыру және спорт 

бөлімінің басшысы.

Білім сапасын арттыру көзделген

Қызмет ел әлеуетін көтеруге

бағытталады

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының бірінші бағыты бойынша

2014 жылы 5 нысан бойынша жөндеу жұмыстар жасалынды. Атап айтқанда, Көктас

аулындағы  орта  мектептің  жөндеу  жұмыстары,  Қарағайлы  поселкесі  ішіндегі

жолдардың жөндеу жұмыстары, Қарқаралы қаласының айналма жолының орташа

жөндеу  жұмыстары,  «Мүгедектерді  оңалту  орталығы»  КММ-не  күрделі  жөндеу

жұмыстары, Қарқаралы қаласының Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары.

Осы  нысандарда  жалпы  69  адам  жұмыспен  қамтылса,  оның  ішінде  40  адам

Бағдарлама бойынша тартылды.   

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 21 адам қолдарына 52,3 млн. тг. несие

алды. Оның 13 адамы несиені мал шаруашылығына алып отырса, 2 адам асхана

ашуға, 1 адам наубайхана ашуға, 2 адам техникалық байқау стансасын кеңейтуге,

1 адам сүт қабылдайтын орын ашуға, 1 адам балық сату павильонын ашуға, 1 адам

қонақ үй ашуға несиені алып отыр. 

Бағдарламаның үшінші бағытына жалпы 36 адам қатысты. Атап айтсақ, әлеуметтік

жұмыс орындарымен жыл басында жоспар бойынша 10 адамды қамту керек болса

жыл ішінде бұл көрсеткіш 20 адамға дейін жетті. Сәуір айында 5 азамат қайта да-

ярлау оқу курстарына жіберіліп, бүгінгі күнге барлығы жұмыспен қамтылып отыр.

Шілде айынан бастап Жастар практикасы басталды, бекітілген жоспарға сәйкес 5

адамды қамту болса оған 6 жас түлек қатысып шықты. 

Қыркүйек айында 5 адам Саран қаласының колледжіне кәсіптік даярлау оқуына жі-

берілді,  кейін  оларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мақсатында  жұмыс  беруші

«Алайғыр» кәсіпорынымен келісімшарт жасалып отыр.

2015  жылға  Бағдарламаның  бірінші  бағыты  бойынша  бүгінгі  күнге  10  нысанды

жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде білім беру саласы бойынша 6

нысан, энергетика мен ТКШ саласы бойынша 4 нысан. Бұл жұмыстарда жалпы 117

жұмыс орындары құрылатын болса, оның 65-не бағдарлама қатысушылары тар-

тылатын болады.

Екінші  бағыт  шеңберінде  несиелендіруге  212  млн.тг.,  жетіспейтін  инженерлік-

коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 9 млн.тг. беру жоспарлануда. Со-

нымен  қоса,  осы  бағыт  аясында  37  адамды  кәсіпкерлік  негіздеріне  оқыту

қарастырылған. 

Бағдарламаның  үшінші  бағыты  бойынша  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  32

адамды,  жастар  практикасына  30  адамды,  кәсіби  даярлауға  11  адамды,  кәсіби

қайта даярлауға 10 адамды қатыстыру жоспарланып отыр.

К.Бабайбеков,

Аудандық жұмыспен қамту

орталығының директоры.        


8

24 қаңтар 2015 жыл

Шаруашылық құрылым басшыларының назарына !!!

Қ

арқаралы ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министірлігінің  2014 жылдың 19 қарашадағы  «Асыл тұқымды



мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау  қағидаларын бекіту туралы» № 3-1/600 бұйрыққа сәйкес, ауданның шаруа

қожалықтарынан асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға субсидиялар төленеді. Осы хабарландыруға аталған

қағиданың тиісті субсидияларды алуға үміткер тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар көрсетілген №2 және №3 қосымшалары қоса беріліп отыр. Аталған қосымшалардағы

өлшемдермен талаптарға  сәйкес келетін шаруа қожалықтары басшыларының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне келіп, тиісті субсидияларды алуға өтінім берулерін сұраймыз.

Анықтама телефоны: 8(72146) 32-7-57; 

Аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды,

мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына 2-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бюджеттік субсидияларды беруге үміткер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

Р/с



Субсидиялау

бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

2



3

1

Ipi кара малдың



аналык мал ба-

сымен селек-

циялык және

асыл тұқымдық

жұмысты

жүргізу 


1. Барлық  малдарда бiрдейлендiру немiрлерiнiң болуы жене олардың  АЖС-да тiркелуi.  2. Ipi қара малдың барлық мал басының АТЖ-да тiркелуiнiн, болуы.  З.Өcімін молайту ушiн пайдала-

нылатын  тұқымдық бұқаларға асыл тұқымды  куәліктерінің болуы.  4. Тұқымдық түрлендiрумен  камтылған  ipi кара малды өсірумен  айналысатын тауар өндірушілер үшін қосымша:  1) эо-

отехникалык  нормативтерге  сәйкес  еттi  багыттағы  асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды шағылыстыру кезеңі бойында және  ротациялауда  өсімін молайтуға пайдалану және бұрын өсімін

молайту үшін пайдаланылмаған етті бағыттағы бірінші және екінші санаттағы тұқымдық бұқаларға алмастыру (отыз бас шағылыстыру контингентіне бір бұқадан кем емес, бұқаны қатарынан

екі  шағылыстыру  маусымынан артық пайдаланбау); 2) АЖС үзiндiсiндегi акпаратпен  расталатын өсімін  молайту үшiн      пайдалануға  жол  бермеу мақсатында осы тауарлы табынның барлық

тұқымсыз бұқаларын піштіру; 3) алынған бұқашықтардың жартысынан кем емесін бірінші және екінші   деңгейлі  өндiрiстегi бордақылау алаңдарына және/немесе дайындау     ұйымдарына

өткізу.  5. Еттi және  cүттi бағыттағы асыл тұқымды ipi кара мал басын өсірумен      айналысатын тауар өндiрушiлер үшiн қосымша: 1) мал басын тиiстi тұқым бойынша Республикалык пала-

тада тіркеу;  2) тиiстi тұқым бойынша Республикалық  палатаның немесе тиicтi тұқым    бойынша Республикалық  палата ұсынған  жеке және эаңды тұлғалардың    консалтингтік сүйемелдеуi;

3) eтri мал шаруашылығында:  бiрiншi санаттағы асыл тұқымды  мал табыны үшін - шағылыстыру    контингентін ұрпағының  сапасы  бойынша бағаланған  бiрiншi санаттағы   асыл тұқымдық

бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану   жене/немесе өсімін молайтуда тиісті тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бi-

рiншi санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану; екiншi санаттағы асыл тұқымды мал табыны үшiн – шағылыстыру контингентін  ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бi-

рiншi санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда тиісті тұқым бойынша  Республикалық палата ұсынған,

ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;  4) cyттi мал шаруашылығында – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бо-

йынша бағаланған және тиісті тұқым бойынша Республикалық  палата ұсынған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен 100% қолдан ұрықтандыруда пайдалану.

2.

Қойдың аналық



басымен

селекциялық

және асыл

тұқымдық


жұмысты

жүргізу


1. Барлық  малдарда бiрдейлендiру нөмiрлерiнiң  және олардың   АЖС-да тiркелуiнiң болуы.  2.Қойдың барлық мал басының АТЖ-да тiркелуiнiң болуы.  3. Қойдың 300 бастан кем емес ана-

лык мал басының болуы.   4. Тұкымдық  түрлендірумен  қамтылған койды өсірумен  айналысатын тауар  өндiрушiлер үшiн косымша: 1) асыл тұқымды   тұқымдық кошқарларды шағылыстыру

кезеңi  бойында  зоотехникалық  нормативтерге  сәйкес  және  өсімін  молайту  үшiн  пайдалану  және    бұрын  өсімін  молайтуға  пайдаланылмаған  асыл  тұқымды  қошқарларды  алмастыру

(шағылыстыру контингентінің  отыз басына бiр қошқардан кем емес, тұқымдық қошқарды қатарынан eкi шағылыстыру маусымынан артык пайдаланбау) немесе аналық  мал басын өз  өнiмдiлiгi

бойынша бағаланған асыл тұқымдық қошқарлардың  ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану; 2) АЖС үзiндiсiндегi ақпаратпен расталатын өсімін  молайту үшiн пайдалануға жол бермеу

мақсатында осы тауарлы табынның барлық тұқымсыз қошқарларын  пiштiру;  3) колдан ұрықтандыруды жургiзу үшiн технологиялық жабдықтын болуы немесе дистрибьютерлiк орталықпен

бiрлесе отырып қойлардың аналық  мал басын қолдан ұрықтандыруды пайдалану (қолдан ұрықтандыруды пайдаланған кезде).  5. Асыл тұқымды қойларды өсірумен  айналысатын тауар

өндiрушiлер үшін қосымша:  1) шаруашылық өсіретін қой тұқымы бойынша маманданған бейiндi ғылыми ұйымның немесе ғалымның консалтингтiк сүйемелдеуi;  2) аналық  мал басын өз

өнiмдiлiгi бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруды пайдалану және/немесе өсімін молайтуда өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл

тұқымды тұқымдық қошқарларды пайдалану;  3) қолдан ұрықтандыруды жүргiзу үшiн технологиялық жабдықтың болуы немесе дистрибьютерлiк орталықпен бiрлесе отырып қойлардың аналық

мал басын қолдан ұрықтандыруды  жүргiзу (қолдан ұрықтандыруды пайдаланған кезде).

3.

Тауар 



өндiрушiлердiң

асыл 


тұқымды және

селекциялық  ipi

кара малды

сатып алуы 

1. Сатып алатын ipi қара малдың  жасы оларды тауар өндiрушiде карантинге қойған  сәтте: кашарлар - 18 айдан, құнажындар және бұқалар - 26 айдан аспайды

2. Зоотехникалық  қырылу нормасының шегiнде өсімін молайту мақсатында сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын кемiнде екі  жыл, асыл тұқымдық бұқаларды - кемiнде екі

шағылыстыру  маусымында пайдалану (жеке қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан калыптастырылған, жалпы табында өсiмiн молайту үшiн сатып алынған асыл тұқымды тұқымдық

бұқаларды есепке  алмағанда),  3. Табын өсімін  молайту үшiн сатып алынған  ipi қара малды тек Қазақстан Республикасының  аумағында  үш жыл iшiнде пайдалану.  4. Асыл тұқымды  ipi

кара малды өсірумен айналысатын тауар өндiрушiлер үшiн косымша:  1) тиiстi тұқым  бойынша Республикалық  палатаны немесе тиiстi тұқым бойынша Республикалык палата ұсынған жеке

және заңды тұлғаларды  консалтингтік сүйемелдеу;  2) етті мал шаруашылығында:  бiрiншi санаттағы асыл тұқымды  мал табыны үшiн – шағылыстыру контингентін ұрпағының сапасы бойынша

бағаланған бiрiншi санаттағы  асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану  және/немесе өсімін молайтуда тиiстi тұқым бойынша Республикалық палата

ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша  бағаланған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;  екiншi санаттағы асыл  тұқымды  мал табыны үшiн – шағылыстыру кон-

тингентiн ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бiрiншi санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың ұрығымен қолдан ұрықтандыруда пайдалану және/немесе өсімін молайтуда тиісті

тұқым бойынша Республикалық палата ұсынған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған бiрiншi санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану;  3) cүттi мал шаруашылығында -

шағылыстыру контингентiн ұрпағының сапасы бойынша бағаланған және тиісті тұқым бойынша Республикалық  палата ұсынған бірінші санаттағы асыл тұқымды тұқымдық бұқалардың

ұрығымен  100 % қолдан ұрықтандыруды пайдалану. 

4.

Тауар өндірушілердің



асыл тұқымды

қойларды,

жылқыларды,

түйелердi,

шошқапарды және ма-

ралдарды сатып алуы.

1. Сатып алынатын асыл тұқымды малдың жасы сатып-алу/лизингiлеу шартты жасасқан сәтте мынадай жастан аспайды:  қойлар: тұсақтар-18 айға дейiн; қошқарлар - 18 айға дейiн; жылқылар:

байталдар – 3 жасқа дейiн; сәуріктер – 5 жасқа дейiн; түйелер: аналықтар - 3 жасқа дейiн; аталықтар - 5 жасқа дейiн; шошқалар: аналықтар - 12 айға дейiн; аталықтар -14 айға дейiн;  марал-

дар аналықтар - 18 айға дейiн, аталықтар (алғаш төлдегендер) - 24 айға дейін.   2. Асыл тұқымды малды отандық және шетелдiк асыл тұқымды зауыттардан және шаруашылықтардан сатып

алу.  3. Зоотехникалық  қырылу нормалары  шегiнде  сатып алынған асыл тұқымды аналық мал басын өсiмiн молайту мақсатында кемiнде екі жыл, асыл тұқымды тұқымдық аталықтарды –

кемінде екі шағылыстыру маусымында пайдалану . 

5.

Жеке қосалқы



шаруашылықтардағы

мал басынан

қалыптастырылған,

жалпы табында өсімін

молайту үшін пайда-

ланатын асыл

тұқымды етті сүтті

және қос бағыттағы

тұқымды тұқымдық

бұқаларды күтіп-бағуы

1. Жеке  қосалқы шаруашылықтардағы мал басынан қалыптастырылған жалпы табында осы асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды бекіту және пайдалану жөніндегі елді мекеме тұрғындары

жиынын өткізу.  2. Асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды зоотехникалық нормативтерге сәйкес табында өсімін молайтуда пайдалану (қатарынан екі шағылыстыру маусымынан артық емес). 3.

Оларды өсімін молайту үшін пайдалануға жол бермеу мақсатында осы жалпы табынның барлық  тұқымсыз бұқаларын піштіру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет