Газет 1931 жылғы 7 қыркүйектен шығады №33 (7048) 14 тамыз, 2014 жыл. 14 августа 2014 года



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#9966
1   2   3   4   5   6   7

ЦинЦиннати турнирінің екінші 

айналымына шыҚты

Цинциннатиде (АҚШ) теннистен өтіп жатқан ірі 

халықаралық турнирде қазақ қызы Зарина Дияс 

бірінші  айналымда  румыниялық  Ирина  Бегуді 

7:6, 7:6 есебімен ұтты.

З.Дияс  екінші  айналымда  чехиялық  азулы 

теннисші,  әлемдік  рейтингте  16  орында  тұрған 

Люси  Шафаржовамен  күш  сынасады.  Люси 

алғашқы кездесуінде американдық Винус Уиль-

ямсты  үш  партияда  тізе  бүктірді.  Зарина  Дияс 

осы жеңісімен-ақ алдағы аптада әлемнің ең үздік 

елу теннисшісінің қатарына енуі әбден ықтимал 

және  ол  Ярослава  Шведованың  алдына  түсіп, 

қайтадан  Қазақстанның  бірінші  ракеткасы  ата-

нады.

Өлер алдында 4 фильмнің 

жұмысын аяҚтаған

Танымал  комедия  әртісі  Робин  Уильямс  64 

жасқа қараған шағында өмірден озды. Кеше Ка-

лифорния штатының шерифтері оның өзіне қол 

жұмсағанын растады.

Әртіс  бұған  дейін  4  фильмге  қатысты 

жұмыстарын  аяқтап  кеткен  екен.  Мәселен,  «Му-

зейдегі  түн:  Қабірдің  құпиясы/”Ночь  в  музее: 

Секрет  гробницы”  фильмінде  ол  тіріліп  кететін 

экспонаттардың бірі - Теодор Рузвельт мүсінінің 

рөлін сомдаған. Басты рөлде Бен Стиллер ойнаған 

бұл  картинаның  түсірілім  жұмыстары  биыл  ма-

мыр айында аяқталыпты. Фильмнің тұсаукесері 

АҚШ-та  желтоқсан  айында  өтіп,  Ресейде  2015 

жылдың қаңтарынан бастап көрсетілмек.

жалаҚысының аздығына

шағымданып...

Британияда  Африка  істері  бойынша  министр 

Марк Симмондс жалақысының аз болуына бай-

ланысты жұмыстан кетті. Оның біржылдық табы-

сы 120 мың фунтты (200 мың доллар) құрайды. 

Шетелдік басылымның жазуынша, Симмондстың 

бір  жылдық  жалақысы  84 435  фунт  (150  мың 

доллар) болған. Сондай-ақ мемлекет оның жалға 

алған пәтеріне жыл сайын 27 875 фунт (47 мың 

доллар) төлеп отырған.

Шенеуніктің айтуынша, ол Лондонда қонақүйде 

тұруға  мәжбүр,  ал  отбасына  қаладан  100 

шақырым қашықтықта үй жалдаған. Ал барлығы 

бірге  бөлінген  қаражатқа  астанада  тұру,  оның 

ойынша, мүмкін емес.

Ұлыбританияның  Премьер-министрі  Дэвид 

Кэмерон Симмондстың отставкасына қол қойды.

инкассаторға шаБуыл жасалды

Чилиде  қарақшылар  инкассаторлар  көлігіне 

шабуыл жасап, 11 млн. доллар көлемінде ақшаны 

тонап  кетті,  деп  жазады  ИТАР-ТАСС  жергілікті 

БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Чили тарихындағы ең ірі ақша тонау оқиғасы 

Сантьяго  әуежайында  болған.  Қылмыскерлер 

әуежайдың  рұқсат  арқылы  ғана  кіретін  жүк 

тиеу  аймағына  қарау-жарақпен  кіріп,  инкассар-

торлар  ұшақ  бортына  ақша  тиегелі  жатқанда 

шабуылдаған.

Дереу із суытқан олар жолға шеге төсеніштерін 

лақтырып,  соңына  түскен  қуғыншыларды  адас-

тырып  кеткен.  Жеке  фирмаға  жататын  инкас-

саторлар  әуежай  талаптары  бойынша  жүк 

айлағына қарусыз кіргендіктен, қарсылық таныта 

алмаған. Ұрылардың қару-жарақтары ғана емес, 

сол  аймаққа  кіретін  арнайы  рұқсат  қағаздары 

да  болған.  Осыған  байланысты  елдің  Ішкі  істер 

министрі Родриго Пеньяйлильо бұл ұйымдасқан 

қылмыстық  топтың  әрекеті  болуы  мүмкін  деп 

мәлімдеме  жасады.  Полиция  тергеу  амалдары 

мен іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

аБаҚтыдан Қашты

Гаити астанасы Порт-о-Пренстен 13 шақырым 

жерде  орналасқан  абақтыға  белгісіз  топ  ша-

буыл  жасады,  деп  жазады  24.kz.  Оқиға  кезінде 

ғимараттан  329  қылмыскер  қашқан.  Олардың 

біреуі де қазірге дейін полицияның қолына түскен 

жоқ.

Жалпы,  түрмеде  шамамен  700  сотталушы 



болды.  Гаитидің  әділет  министрі  полицияның 

тергеу  ісін  бастағанын  хабарлайды.  Шекара 

қызметкерлері де күшейтілген күзет орнатты. Га-

ити  үкіметі  көрші  елдердің  билік  басшыларына 

да болған оқиғаны хабарлап, ескерту жасады.

Жас маман – жаңа күш

университет  түлегі  Ұлдай  Ғайсинаға  осы 

ауқымды  қызмет  сеніп  тапсырылды.  Не-

месе  мысалы,  Битілеудің  түлегі  Қанат 

Мырзаболатұлы  осындағы  медпункте, 

Қабыршақтының  түлегі  Дәурен  Құдесов 

жалпы  тәжірибе  дәрігері  мамандығымен 

орталық аурухананың учаскесінде қызмет 

жасауда.  Қазір  өткір  тұрған  бір  жайт, 

Тайпақтағы  аудандық  аурухана  бойын-

ша  кадр  тапшылығы  бар.  Сондықтан 

еліміздің  оқу  орындарында,    Мәскеуде, 

т.б. шалғайда оқитын болашақ денсаулық 

сақшыларымен,  барлығы  150-ге  жуық 

ақжайықтық  қыз-жігіттермен  байланыс 

ешқашан үзілмейді.

–  Бақыт  –  еңбекте.  Мұны  дәлелдеп 

жату 

артық. 


Ізденіңіздер, 

білімді 


жетілдіріңіздер,  қызметте  әманда  кіші-

пейілділік, 

инабаттылық, 

көргенділік 

танытыңыздар.  Алдарыңызға  келген  кісі-

ге  жақсы  сөздің  өзі  ем,  қуат.  Өздеріңізді 

осылайша 

көрсетсеңіздер 

ғана 

өркендейсіздер,  ерлейсіздер,  қызметте 



де 

жоғарылайсыздар,-деді 

Нариман 

Төреғалиұлы.

Қабылдауда 

Н.Т.Төреғалиев 

жас 

мамандарға  тиісті  жағдайдың  жасалуы, 



көтермеақыға  байланысты  мәселелер 

жайында  айта  отырып,  олардың  ауыл-

елдің  тілегіне  сай  жарқырап  жұмыс  жа-

сауына  зор  сенімін  арнады.  Алғашқы 

еңбек  қадамдарының  құрметіне  осы 

қабылдаудан 

естелік 

ретінде 


жас 

ақжелеңділерге сыйлық тапсырылды.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары 

Меңзипа  Жұматова,  аудандық  орталық 

аурухананың  директоры  Дархан  Хайру-

шев қатысты.



Бекем БЕКұлы.

Суретті түсірген Нұрбек ИХСаН.

Кеше  аудандық  мәсли-

хаттың  кезектен  тыс  ХХІІ 

сессиясында  аудан  әкімі  На-

риман  Төреғалиев  мәслихат 

депутаттарының 

алдында 

есебін берді.

Жыл сайынғы бұл дәстүрлі 

есептегі 

баяндамада 

ау-


данның  барлық  саласынан 

талдаулар,  деректер  кеңінен 

келтірілді. 

Бюджеттің  игерілуі  бірін-

ші 

жартыжылдықта 



99,1 

пайызды  құраса,  жергілік-

ті  салық  түсімдері  121,3 

пайызға  орындалды.  Салық 

түсімін молайтуда әрине, мал 

шаруашылығын,  кәсіпкерлікті 

өрістетудің  орны  айрықша. 

Ауданда 


қазір 

былтырғы 

осы  кезбен  салыстырғанда 

Ірі  қара  2,9,  қой  мен  ешкі 

10,7,  жылқы  15,7  пайызға 

көбейіп,  ірі  қара  72699,  қой-

ешкі  242950,  жылқы  21994 

басқа  жетті.  Асыл  тұқымды 

мал  саны  артып  келеді. 

Биылдың  өзінде  258  бұқа 

мен  281  бас  қашар  сатып 

алынды,  бұл  өткен  жылмен 

салыстырғанда  23,8  пайызға 

көп. 


Жеке 

тұрғындардың 

малы үшін 7 ауылда 9 раскол 

жасалды.  Бір  үлкен  баяулық 

жеке  тұрғындардың  малын 

асылдандыруда кездесуде. 

Жылма-жыл 

шаруа 


қожалықтарының 

иелері 


бірігіп,  көлтабандарды  ба-

рынша  ретке  келтіру  ісі  жан-

данып келеді. Сондықтан мал 

азығын  дайындайтын  шаруа 

қожалықтарының  саны  ар-

туда.  Өткен  жылы  40  шаруа 

қожалығы  13400  гектарға  су 

алған  болса,  биыл  49  ша-

Депутаттар алдындағы 

дәстүрлі есеп

руа  қожалығы  15650  гектар 

алқабын  суландырды.  Бұған 

қоса,  бұрынғы  істен  шыққан 

каналдарды  жөндеу  арқылы 

тоғандарға су шығарып, шалғай 

жайылымдарды  дамыту  қолға 

алынуда. Ауыл әкімдерінің ша-

руа  құрылымдарын  біріктіруі 

арқылы  Соқыр  каналының 

Ақжол  және  Ақсуат  ауылдық 

округтері  аумағынан  өтетін 

бөліктері  жөнделіп,  қазір  су 

берілуде.  Бұл  қосымша  7850 

га.  жайылымды  іске  қосуға 

мүмкіндік береді.

- Ветеринарлық қауіпсіздікті 

сақтау 

да 


өте 

маңызды 


шаралардың 

бірі 


екенін 

білесіздер,-деді 

Нариман 

Төреғалиұлы.  –  Құрамында 

98  қызметкері  бар  ветстан-

са  жоспарлы  жұмыстарды 

уақтылы 

атқарып 


келеді. 

Биылдан  бастап  бруцеллез 

ауруына  шалдыққан  ірі  қара 

малын  арнайы  техникамен 

мал  сою  орындарына  тасы-

малдау  және  ауырған  малға 

нарықтық құнының 30 пайызы 

мөлшерінде  өтемақы  төленуі 

мемлекет тарапынан көрсетіліп 

отырған  нақты  көмектің  бірі. 

Бүгінгі  күнге  ет  комбинатына 

тапсырылған  350  басқа  16,3 

млн. өтемақы төленді.

Қазіргі  таңда  ірі  қара 

малының 

залалдануы 

былтырғы жылғы осы кезеңмен 

салыстырғанда  0,3  пайызға 

төмендеді  (2013  жылы  591 

бас  2,0  пайыз,  2014  жылы 

801  бас  1,7  пайыз).  Талдау-

лар  бруцеллез  таралуының 

себептерінің  ең  бастысы  – 

түліктердің  есепсіз  қозғалысы 

екенін  көрсетіп  отыр.  Жалпы, 

ветеринариялық  қауіпсіздікті 

қамтамасыз  ету  бүгінгі  күн 

тәртібіндегі  басты  мәселенің 

бірі. Сондықтан біз биыл бұған 

жетекшілік 

ететін 

арнайы 


бөлім ашу жұмыстарын бастап 

кеттік.


Ауданымызда  егістікті  там- 

шылатып  суаруда  алғашқы 

қадамдар 

бар. 


Көкөніс 

өсірушілерге 

берілетін 

демеуқаржының  көлемі  5,5 

млн.  теңгеге  жеткендігі  есеп-

те  атап  көрсетілді.  Сондай-

ақ  «Сыбаға»  бағдарламасы 

бойынша 7 шаруа қожалығына 

75,6 млн. теңге бөлінді. Өзге де 

қаржы  ұйымдарынан  19  адам 

61,8  млн.  теңге  несиеге  қол 

жеткізгендігі жақсы нышан. 

Аудан  бойынша  кәсіпкерлік 

субъектілерінің 

саны 

6,4 


пайызға 

көбейіп, 

1733-

ті 


құрады. 

Қазір 


шағын 

кәсіпкерлік  саласында  341 

инфрақұрылым бар, оның 237-

і сауда, 40-ы тамақтандыру, 3-і 

дәріхана, 9-ы жанар-жағармай 

құю  бекеттері,  32-сі  шағын 

цехтар болып табылады. 

Аудан әкімі несие алуда Ба-

заршолан, Қарауылтөбе, Жам-

был  ауылдық  округтеріндегі 

еңбеккерлердің 

белсенділігі 

төмен екендігін атап көрсетті. 

Ол  көкейкесті  басқа  да 

мәселелерді  ортаға  салды. 

Биылғы 


Ұлттық 

бірыңғай 

тестілеуде 

ауданымыз 

түлектерінің  көрсеткіші  көңіл 

қанағаттандырмады. Бұл сала 

басшылары 

оқушылардың 

тиянақты  әзірлігін  жолға  қою 

керек.  Оқушылар  мен  жастар 

арасында  дін  мәселесін  өткір 

қоюдың  қажеттігі  анық.  Бұл 

бағыт  қазір  аудан  көлемінде 

қалыпты жағдайда. 

Қоғамдық 

қауіпсіздікті 

сақтауда  да  тиісті  шаралар 

жүзеге  асуда.  Ауданда  тір-

келген 

қылмыстар 



өткен 

жылдың 


осы 

кезеңімен 

салыстырғанда  5,7  пайызға 

азайды.  Қылмыстардың  көбі 

мал  ұрылығы  болып  табыла-

ды.


Сессияда  күн  тәртібіндегі 

бұл алғашқы мәселе бойынша 

Чапаев  орман  және  жануар-

лар дүниесін қорғау жөніндегі 

мемлекеттік мекемесінің бас-

шысы, депутат Мәлік Мұхтар, 

оралықтандырылған  кітапха-

налар  жүйесінің  директоры, 

депутат  Роза  Мұсағалиева 

сөз  сөйлеп,  аудан  әкімінің 

есебін қуаттады. 

Сессияда 

Ақжайық 

аудандық 

мәслихатының 

«2014-2016 

жылдарға 

арналған 

аудандық 

бюд-


жет  туралы»  2013  жылғы 

27  желтоқсандағы  №16-1 

шешіміне  өзгерістер  енгізу 

туралы,  ауылдық елдімекен-

дерді дамыту бойынша 2014-

2018 


жылдарға 

арналған 

аудандық  жоспарды  бекіту 

туралы  аудандық  экономика 

және қаржы бөлімінің басшы-

сы  Берік  Дәулетов,  ауылдық 

елдімекендерге 

жұмыс 


істеу  және  тұру  үшін  келген 

денсаулық сақтау, білім беру, 

әлеуметтік  қамсыздандыру, 

мәдениет,  спорт  және  вете-

ринария  саласының  маман-

дарына  әлеуметтік  қолдау 

шараларын көрсету жөніндегі 

комиссия құрамына өзгерістер 

енгізу  туралы  аудан  әкімі 

аппаратының    ұйымдастыру-

бақылау  бөлімінің  басшысы 

Артур  Ермұқанов  хабарлама 

жасады. 

Сессия  тиісті  шешімдер 

алды.

Тілес ЖаЗыҚБаЙ.

«Жайық таңы».


14 тамыз.  2014 жыл.

4

таңы



ЖАЙЫҚ

www.zhaikpress.kz

Ұлы Отан соғысының аяқталғаны-

на  міне,  70  жылға  таяды.  Талай 

тағдырды  тас-талқан  еткен  осы 

зобалаңның  адамзатқа  салған  тән 

жарасы  жазылғанмен,  жан  жарасы 

жазылар  ма!  Өткеннің  орны  толды 

десек те, өшкеннің оты жанар ма?

– Біз өзі жанұяда тоғыз бала болдық. 

Әкеміз  Жүніс  Сейітқалиев  осы  Чапа-

евта  туып-өскен.  Жаратылысынан  мо-

мын,  бірақ  атқарған  жұмысына  епсекті, 

есепті кісі еді. Соғыс алдында «Чапаев» 

ұжымшарының  №2  қой  фермасында 

меңгеруші  болды.  10  мыңның  үстіндегі 

уақ  жандықтың  қысқы-жазғы  мігірсіз 

жұмысында  жүрді,-дейді  82  жастағы, 

қазір  Алматының  тұрғыны,  кезінде  Ча-

паев ауылындағы қазақ орта мектебінде 

ұзақ жыл ұстаздық жолдан өткен Тойдық 

Жүнісқызы.

Оның  ағалары:  Сағын  1918  жылы, 

ал  Сәрсен  1922  жылы  туған  болатын. 

Көп  баланың  ортасы  оларды  керемет 

бауырмал  етіп  өсірді.  Бір-бірін  жете-

леді,  мәпеледі.  Аналары  Жұмазия  да 

ферманың  қарбалас  жұмыстарында 

жүрді.  Үйге  ерте  кетіп,  кеш  келетін. 

Сағынды 1939 жылы Фин соғысына ала-

ды. 5-6 айда бір рет хат келіп тұрған.

ІІ  Дүниежүзілік  соғыс  басталғанда 

көптеген  ел  осы  зұлмат  аумағында 

қалды,  соның  зардабын  тартты.  Кеңес 

Одағында  «Бәрі  де  майдан  үшін,  бәрі 

де  Жеңіс  үшін!»  деген  ұран  тасталды. 

Уақытпен  санасу  былай  қалды.  Жұрт 

жұдырықтай  жұмылды.  Барлық  жерде 

майданға  алынған  жігіттермен  қатар 

соғысқа  өз  еріктерімен  сұранғандар 

қатары 

да 


қалың 

еді. 


Дұшпан 

тұтқиылдан  шабуыл  жасағандықтан, 

басында  майдан  жақтан  жақсы  хабар 

болмағаны  мәлім.  Біреуді  әкесінен, 

біреуді  жалғызынан,  біреуді  бауырынан 

айырған  «қарақағаздар»  келе  бастады. 

Фин  соғысына  алынған  Сағын  содан 

Ұлы Отан соғысына араласып кетеді. Ең 

соңғы хаты 1941 жылдың қарашасында 

Белоруссия жерінен келіпті. Міне, содан 

бері 73 жыл, хабар-ошар жоқ.

–  Екінші  ағам  Сәрсен  мектепті  бітір-

ген  соң,  азырақ  ауыл  Кеңесіне  хатшы 

болып еңбек етті. Кейін 1942 жылдың 12 

қаңтарында  аудандық  әскери  комисса-

риаттан  соғысқа  алынды.  Бұл  кезде  10 

жастағы  мен соғыстың  сойқанын едәуір 

түсініп  қалған  едім.  Ағамның  енді  елге 

келмейтінін,  одан  айырыларымызды 

білгендей,  мойнынан  құшақтап,  жібер-

мей тұрдым. Ол менен сытылып шығып 

кетті.  Міне,  содан  бері  72  жыл...  Оны 

біздің  соңғы  көруіміз  сол  екен,-деп  ана-

Р

жев жеріне жеткізілген 



бір уыс топырақ

мыз көзіне жас алды.

Басты 

майдан 


болып 

табылған 

Мәскеу  түбіндегі  шайқас  екі  жақтан  да 

көп мөлшерде қару-жарақ, әскери техни-

ка,  адам  күшін  қажет  етті.  Осы  бағытта 

101-ші  атқыштар  бригадасы  құрамына 

соғысқа  түскен  Сәрсеннен  хат  жиі  келіп 

тұратын.  Ең  соңғы  хаты  1942  жылдың 

27  қараша  күні  жазыпты.  Содан  бері  еш 

хабар  болмады.  Тек  1945  жылы  27  ма-

мырда  «хабарсыз  кетті»  деген  әскери 

комиссариаттың  біржапырақ  қағазын 

алады. Сөйтіп, бір шаңырақтан екі бірдей 

азамат осындай күйге ұшырайды.

Уақыт  өтті.  Талай  жауынгердің  дәл 

сондай  жағдайға  тап  болғаны  мәлім. 

Солардың  көбінің  опат  болған  жерінен 

жылдар  жүзінде  қысқаша  мәліметтер  де 

келді.  Жерлеген  жерлері  көрсетілген. 

Соңынан  барып  бауырының,  болмаса 

әкесінің  басына  дұға  етіп  келген  жандар 

да баршылық.

–  Біз  де  іздестіруді  қоймадық,-дей-

ді  Тойдық  апа.  –  Қызым  Меңсұлу 

ғаламтор 

арқылы 


талай 

жерлерге 

сұрау  салды.  Мәскеудегі  Орталық  ар-

хивке  екі  рет  хат  жолдадық.  Бірақ, 

баяғы  бір  «хабарсыз  кетті»  деген  жау-

апты  алдық.  Тек  2014  жылдың  20  сәуірі 

күні  ғаламтор  Мәскеу  маңындағы  Ржев 

әскери  комиссариатының  алматылық 

әскери  жазушы  Кәкен  Әбеновтың  «Опе-

рация  «Марс».  Казахи  в  «Долине  смер-

ти»  деген  кітабынан  алып,    қаза  болған 

қазақстандық  жауынгерлердің  тізімін  бе-

реді.  Содан  ағам  Сәрсеннің  опат  болған 

күнін,  сүйегі  қойылған  бауырластар 

зиратының  орнын  анықтауға  мүмкіншілік 

алдық.


Олар бір жылап, бір қуанып, әйтеуір бір 

хабар  тапқандарына  мықты  шүкіршілік 

етті. Кейін Ржев қаласындағы бауырлас-

тар  зиратында  ашылған  мемориалдық 

тақтаға  101-ші  айрықша  атқыштар 

бригадасының 

жауынгері 

Сәрсен 


Жүнісовтің де есімі жазылды. 

Ржев  қаласы  үшін  шайқас  та  Кеңес 

жауынгерлеріне орасан қымбатқа түседі. 

Жау Ржевті алса, Мәскеу алыс емес. Ой-

ланбастан  берілетін  кейбір  бұйрықтар, 

білімсіз әскери орта буын басшыларының 

қауқарсыздығы, 

әскери 


техниканың 

дәрменсіздігі,  т.б.  себептер  Қызыл 

Армияның  құрбандығын  еселеп  жібер-

ген.  Сөйтіп,  Бас  Қолбасшы  И.В.Сталин 

осы жайларды халықтан құпия ұстау үшін 

«Марс»  операциясы  жүрген  аймақты 

құпияландыруға  қол  қойған.  Уақыт  өте 

келе  бәрі  оңала  бастады.  Бұл  аймақтан 

«құпия» грифі алынады.

Аталған  кітапта  тек  Сәрсеннің  аты-

жөні  емес,  біздің  өңірімізден  “Исмагул 

Рахматуллин,  Байданский  с/с,  Чапаевс-

кий р/н, Турегали Ишанов, 1922 г.р. отец 

Жумағали Ишанов, п. Харькино Тайпакс-

кий  р/н,  колхоз  Микоян,  Жанда  Сарбаев 

ЗКО, Тайпакский р/н, №2 ауыл, 1916 г.р., 

Башетгерей  Базаров  (Бақтыгерей  де  бо-

луы  мүмкін),  1922  Тайпакский  р/н,  п.  Ба-

зартобе,  колхоз  Емай”,  т.б.  аты-жөні  жа-

зылыпты.


–  Бауырымның  хабарын  білген  соң 

қарап жатпадық. Ржев қаласына, ондағы 

қорғаныс  бөлімшесіне  сұрау  салдық. 

Қазір байланыс деген жақсы ғой. Әп-сәтте 

өзімізге  қажетті  мәліметтерді  алдық,-деп 

апамыз  әңгімесін  одан  әрі  сабақтады. 

–  Шалым  Ғилаж  Дүйсемалиев  екеуміз 

балалармен 

ақылдасып, 

ағамыздың 

жатқан  жеріне  баруды  жөн  деп  таптық. 

Біріншіден,  оның  жерленген  жерін  көру, 

екіншіден, оған осындағы әкесінің жатқан 

жерінен  топырақ  апару,  ол  жақтан  да 

осындай  топырақ  әкелу  өзіміздің  пер-

зенттік борышымыз деп білдік. Бәрі солай 

болды да.

Бауырға  бауыр  шыдай  ма.  Со-

дан  Мәскеудегі  Қазақстан  елшілігі-

не  хабарласып,  жағдайды  түсіндірген. 

Олар  ерлі-зайыптының  құжаттарының 

көшірмесін сұратқан. 15 күннен соң бұлар 

тағатсыздана  күтіп  жүрген  хабар  да  ке-

леді.  Сөйтіп,  бас  айналасы  бір  айдың 

ішінде  бауыры  Сәрсеннің  зиратына  ба-

рып,  дұға  оқыды.  Сартап  сағыныштарын 

басқандай болды.

–  Жолда  ешқандай  қиындық  көрген 

жоқпыз. 

Шереметьево 

халықаралық 

әуежайына  қонған  соң,  біздің  елшіліктің 

ұйымдастыруымен бірден Ржев қаласына 

бағыт  алдық.  Жол  теп-тегіс.  250  кило-

метр  жерді  2  сағатқа  жетер-жетпесте 

жүріп  өтіп,  Сәрсеннің  қала  іргесіндегі 

жатқан  жеріне  бардық.  Жергілікті  жердің 

басшылары  күтіп  алды.  Салқын  ызғар 

сезілетін  соғыс  даласын  басып  тұрмыз. 

Тұлабойымызды  бір  тітіркендірген  бел-

гісіз  сезім  жайлап  алған.  Аяғым  дегені-

ме  көнбей,  бүгіле  береді.  Сөйтіп,  аз-кем 

кідіріп қалдым. Біршама адамның тып-ты-

ныш тұрғаны да кейде адамға жайсыздық 

әкеледі  екен,-деп  иегі  кемсеңдеп  кетті 

апаның.  Қарияның  әңгімесінен  өздерінің 

осы 

сапарын 


қолдап-медегендердің 

бәріне  зор  ризашылық  аңғарылады. 

Соғыс  көрген  елдің  адамдарынан  Жеңіс 

сарбаздарының  туысқандарына  деген 

жанашырлық,  жаныңды  түсінер  табиғи 

тазалық  аңқитындығын  байқапты.  Зи-

рат 

аумағы 


Сухуша 

деревнясына 

қарасты,  Ржев  қаласындағы  №5  мек-

теп  осы  қазақстандық  арнайы  атқыштар 

бригадасының  атында  екен.  Мектеп  ди-

ректоры  Валентина  Александровна  Се-

менова  қонақтарды  жайдары  қарсылап, 

дастарқан  жайып,  дәм  ұсынған.  Мектеп-

тегі  мұражайды  аралатқан.  Мұнда  қаза 

болған көптеген қазақстандық жауынгер-

лер туралы нақты деректер жинақталған.

Бауырды 


іздеу 

әлбетте, 

үлкен 

азаматтық  борыш.  Бұл  жолда  апамыз 



Тойдықтың  үлгісі  ерек.  Ал  өзінің  басы-

на барғандарға боздақтың рухы да разы 

екені анық. Отанның, туған жердің бір уыс 

топырағы  бұл  рухты  нұрландырғаны  да 

кәміл.

Тілес ЖаЗыҚБаЙ.

«Жайық таңы».

Суретте: ғилаж аға мен Тойдық 

апа Ржев жерінде.

«Беларусь  Республикасын    не-

міс-фашист  басқыншыларынан  азат 

етудің  70  жылдығына»  медалі  Ұлы 

Отан  соғысы  жылдарында  осы  ел 

аумағында  жаумен  шайқасқан  май-

дангерлерге  (қазір  солардан  ара-

мызда  жоқтарының  отбасыларына) 

тапсырылатын  болады.  Осыған  бай-

ланысты,  Беларусь  майдандарында 

болғандардың  әскери  құжаттарының, 

сондай-ақ  мысалы,  марапаттарының, 

Алғысхаттарының 

көшірмелерін 

аудандық ардагерлер кеңесіне тапсы-

руды сұраймыз.

аудандық ардагерлер кеңесі.

Тел.: 91-8-08.

Б

еларусь  



майдандарында 

болғандарға –  

медаль

Тәуелсіздік 



жыл-

дарында 


елімізде 

жаратылыстану  және  экология  ғылымдары  бойын-

ша  көптеген  термин  нақтыланды,  мемлекеттік  тіл-

ге  аударылғандары  да  аз  емес.  Аудандық  туризм 

және  экология  орталығының  қосымша  білім  беру 

педагогі,  М.Әуезов  атындағы  орта  мектеп  ғылыми 

қоғамының  мүшесі  Ерлан  Хұсайынов  соларды  біріз-

ділікпен  жинақтап,  биологиялық  және  экологиялық 

терминдердің, омыртқалы жануарлар мен омыртқасыз 

жәндіктер атауларының қазақша-орысшасын, орысша-

қазақшасын, өсімдік, балық, құстар атауларын үш тілде 

арнайы топтап, жинақ қылып шығарды. 

Білім бөлімі бұл еңбекті аудан мектептеріне ұсынғалы 

отыр. 


Жинақта Е.Хұсайынов өзі пайдаланған әдебиеттерді, 

ақпарат көздерін толық көрсеткен.



Бекем БЕКұлы.

Чапаев.

А



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет