14 тамыз. 2014 жыл.
5
таңы
ЖАЙЫҚ
www.zhaikpress.kz
әуелГі бАйлық
Аудан бойынша
биыл осы уақытқа
дейін бруцеллездің
адамға
жұғуынан
10 жағдай (2013
жылы-5
жағдай)
тіркелді (Тайпақ,
Қабыршақты, Чапаев, Бударин, Базаршолан, Қа-
рауылтөбе ауылдарында). Яғни, былтырғы жылмен
салыстырғанда бұл 5 жағдайға көбейіп отыр.
Ауылшаруашылық малдары, кейде үй жануар-
лары (ит, мысық) да бруцеллез ауруының таралу
көзі болып табылады. Адамдарға аурудың жұқпа
көзі жеке меншік сектордағы ауылшаруашылық мал
(ұсақ және мүйізді ірі мал) болып отыр. Жұқпа көзі
70% жағдайда – ұсақ малдан, 17-18% – ірі қара
малдан.
Адамдардың осы аурумен сырқаттануы көктем,
жаз айларында күрт өседі. Бұл ауылшаруашылық
малдарының төлдейтін кезеңіне байланысты, яғни
қоздырғыш ағзаға мал төлдеу кезі – ақпан - сәуір
айларында түссе, инкубациялық мерзім – 1-1,5 ай
өткен соң, ауру белгілері біліне бастайды.
Кесел малды төлдету кезінде, қойдың жүнін
қырқып, одан өнім алу, сондай ақ ет, сүт өнімдерін
дайындау кезінде жұғады. Сүт зауыттарында да
ауруды жұқтырып алу әбден мүмкін. Ауру адамға
қайнамаған сүт, қаймақ арқылы, мал қораларын
тазалау кезінде ауадағы шаң – тозаң арқылы да
жұғады. Ең қауіптісі – төлдеме кезіндегі малдың
шуы, қағанақ суы. Қозымен балалар ойнап жүріп
те жұқтырып алуы әбден ықтимал. Арнайы киім-
сіз, рәзеңке қолғапсыз жұмыс істеп, малдың
шуын жинамай, итке тастай салу үлкен қателік.
Балаларды мал қораларына, мал төлдетуге
қатыстырмауға тырысыңыз.
Бруцеллез қоздырғышы азық өнімдері мен
сыртқы ортада: сүт, қымыз, шұбат, жаңа
сойылған ет, ағын су, жүн, тері, топырақ, қи,
тезекте бірнеше күннен бірнеше айға дейін
сақталады.
Сүтте 55 градусқа дейінгі температурада
микробтар 1 сағаттан соң, 70 градусқа дейінгі
аралықта 10 – 15 минөттан кейін, ал қайнатқан
кезде бір сәтте жойылады. Көптеген науқас
қайнамаған сүт ішкенін, кәуап жегенін айта-
ды, дұрыс термиялық өңдеуден өтпеген азық
өнімдерінен де ауру жұғуы мүмкін.
Аурудың алғашқы клиникалық белгілері
– кешке қарай дене қызуы көтеріледі, де-
нені тер басып, әлсіздік пайда болады.
Негізінен буындар ауырып, бұлшық еттер
мен жүйке жүйелері зақымданады. Жы-
ныс мүшелеріне әсер еткен жағдайда ер-
лерде – орхит, әйелдерде – түсік тастау,
жатырдың қабынуы, мастит ауруларына
әкеліп соқтырады. Дер кезінде қаралмаған
немесе дәрігерге кеш келген жағдайда бру-
целлез асқынып, созылмалы түріне айна-
лып, мүгедектікке әкеліп соқтырады.
Малды төлдету кезінде сақтық үшін ар-
найы қолғап, аяқ киім киген дұрыс, қолды
сабынмен әлсін-әлі залалсыздандыру
керек. Сонымен қатар сапалы өңдеуден
өткен ет, сүт өнімдерін тұтыну қажет.
Көшелерде ветеринарлық анықтамасыз
сатылып жатқан сүт және сүт өнімдерін
сатып алып, тұтынудан сақ болыңыз.
Ауладағы малдың арасында түсік тастау,
өлі туу жағдайын дереу мал дәрігеріне
хабарлау керек. Көбінесе ондай дерек-
тер мал дәрігеріне хабарланбай, тек
адам ауырған кезде айқындалып жата-
ды.
Бруцеллезге түліктерді дүркін-дүркін
тексертіп тұрған абзал.
Айгүл ҚУАТОВА,
аудандық тұтынушылар
құқықтарын қорғау басқармасы
басшысының міндетін
атқарушы.
Б
ұл қырсықтан
өзіңізді
қорғаңыз
Өткен күндердің бірінде Аста-
нада, орталық коммуникациялар
орталығында өткен брифингте
ауыл-елімізде жалған дәрілердің
айналымда жүргені жан-жақты
баяндалып, сол жағдай халыққа
қаперленді,
жалғандықты
әшкерелеуге көпшіліктен көмек
қажеттілігі айтылды. Интернет
арқылы жарнамаланып, кең тара-
латын сондай дәрілерге халықтың
жекелеген тобы имандай сенетін-
дігі де шындық. Әр адам дәріні
қандай
дәріханадан
алудың
қажеттігін мықтап ескергендігі ке-
рек. Екіншіден, дәрінің сапасы,
түр-түсі, салмағы, т.б. деректері
жазылған анықтаманы оқуы тиіс.
Үшіншіден, дәрінің шыққан уақыты
мен жарамдылық мерзімін мұқият
қадағаламаса, бола ма.
Чапаевтағы «Талап» АҚ-ның
№24 дәріханасы бірегей антибио-
тиктерді сататын орын. Мұнда зат
арнайы жабдықталған автомаши-
намен тасылады. Тоңазытқышпен
жабдықталған камералар жұмыс
жасайды.
- Келген дәрілерді қабылдамас
бұрын, құжаттарын қадағалаймыз,
оны
қорабындағы
шыққан
уақытымен салыстырып, жарам-
дылық
мерзімімен
сәйкестігін
анықтау басты міндет. Сондай-ақ,
әр антибиотиктің сақталу жайын
мықты қаперлейміз. Тоңазытқышқа,
болмаса желдетілетін қалыпты
бөлмеде, таза, арнайы әйнекті
сөрелерге, күн көзі түспейтін жерлер-
де ұстаймыз,-дейді осы дәріхананың
меңгерушісі Сәуле Сапарғалиева.
Біз бұл мекемеде болғанда,
біраз
іске
барынша
дендеп,
сұрақтарымызға толыққанды жа-
уап алдық. Ауа температурасын
және салыстырмалы дымқылдығын
есепке алу, дәрі-дәрмектің тегін
берілетін түрлері, дефектураны
(аса қажет дәрілер) есепке алу
журналы, жарамдылық мерзімін
айқындайтын картотекасы, шектел-
ген жарамдылық мерзіміне сәйкестік
сертификатын есепке алу журналы,
т.б. сайма-сай. Құжаттар мөрленген,
беттері есептелген.
-Дәріні
әлбетте,
дәрігердің
кеңесімен қабылдаған жөн. Оны
қолдан, болмаса базардан алуға
болмайды. Сондай-ақ, дәріден пай-
да болатын жағымсыз әсерлердің
қаншалықты қауіпті екенін түсіну ке-
рек. Сөйтіп, мерзімі өткен, жағымсыз
жайы
нұсқауда
көрсетілмеген,
дәрігер пайдалануға кеңес бермеген
нәрсені пайдаланғанда адам өлім
шегіне дейін жететінін баса айтамын,-
Д
әрінің бәрі дәрменді ме?
деді Сәуле Абузарқызы.
Иә, дәрі алар адам сол өнімінің си-
паттамасына көңіл бөлуі керек. Оның
жарамсыздығын көрсе, сырқат жер-
гілікті денсаулық сақтау мекемесіне
арыз жаза алады. Сол дәріханаға
барып, «сары карточка» толтыруға
да болады.
Чапаевтағы ауруханаға қарсы
орналасқан жеке дәріханаға да
соқтық. Мұнда тұтынушыларға Әлия
Измағамбетова қызмет көрсетеді.
-Мерзімі өткен дәрілерді ұстауға
ешқандай құқығымыз жоқ. Нұсқауға
сай сақтаймыз. Талап бәрімізге де
ортақ. Кейде үлкенді-кішілі жан-
дар дәрінің жарамдылығын, қандай
әсері барын менен сұрап жатады.
Мен алдымен дәрігерлерге қаралып,
солардың кеңесін алу қажет екенін
ескертемін. Саттықтағылардың құны
әрине, әр түрлі. Бәрін жазып қоямыз.
Мүгедек жандар мен қариялар көп
келеді. Оларға кеңес беремін,-деді
Әлия.
Аудандық ауруханада орналасқан
дәріхананың
фармацеві
Дидар
Қуаналиева да біршама ой бөлісті.
- Ауданның кейбір тұрғындары
көршілес Ресейде дәрігерге қаралып,
солардың берген рецептісімен бізге
келіп дәрі сұрайды. Әрине, шекара
асып келген дәрі-дәрмек бізде қымбат
тұрады. Сол жақтан алып келген жөн
секілді. Екіншіден, өзіміздің Алматы,
Шымкент, Қарағанды қалаларында
дәрі жасайтын орталықтардан келген
дәрі-дәрмек қазір бәсекеге қабілетті
бола бастады. Ресейден, Герма-
ниядан келген екен деп «атағына»
қарай алаламайық. Ол елдердің
дәрі жасау тарихтары әріден баста-
лады. Тәжірибесі мол. Бізде де соған
теңеліп келеді,-дейді жас маман.
Сондай-ақ, оның сөзінен тұрғындар
шөптен, жапырақтан жасалған, энап,
эном сияқты қан қысымына қатысты
қолданыстағыларды көбірек іздейді
екен. Адам жанарына әсері мол тау-
фон, топрадекс, антибиотиктер: ци-
пралет, роксибел, түрлі сироп бүгінгі
күні ең өтімді екенін аңғардық.
Саттықта тұрған дәрілердің бәрі
жарамдылық мерзіміне толық сай.
Бұрын сатылған дәрілер қайтадан кері
алынбайды. Бұл да әрине, тиісті ере-
жені айтпағанда, сақтықтың қамы.
-Бұдан 10-12 жыл бұрын базар-
ларда, дүңгіршіктерде дәрі саты-
латын еді. Сатып алатынбыз. Қазір
ондай орындар көрінбейді. Тіпті
«жалған дәрі жасайды екен» деген
жағдай ойымызда жоқ болатын. Ондай
жағдай болып, дәріханаларда жасан-
ды дәрілер тұрар болса, ол масқара
ғой. Аудан орталығындағы «Талап»
дәріханасына келіп, дәрі алушылар
жетерлік. Қызметкерлері мұқият, жа-
уапты, дәріхана туралы жағымсыз
әңгіме естіген жоқпыз. Бұл міндетке
адалдықты танытса керек. 8 жылдан
бері осы дәріханадан дәрі аламын. Есеп-
те тұрамын. Жоқ дәрілерді кейін әкеліп
береді,-дейді ауыл тұрғыны, зейнеткер
Қуаныш Ғалымжанов.
Мерген ауылдық округінің дәрігерлік
амбулатория
меңгерушісі
Майра
Досқалиевамен
хабарласқанымызда,
өздерінде 1569 халық тұратынын, бірақ
дәріхана жоғын әңгімеледі. Талапқа сай
орын, екіншіден, арнайы оқыған маманның
болуы керек. Ал дәріхананы әр елдімекен
барлық талапқа сай ұстап тұруға қаржы
қажет екені анық. Осы талап орындала ма?
Сөйтіп, таза антибиотиктерді халықтың
қолына жеткізу біршама жұмысы көп ша-
руа екенін айтты ол. М.Досқалиева да
дәрілерді дәрігердің кеңесінсіз қабылдау
тіпті де көңілге қонбайтын дағды екеніне
назар аударды.
Чапаевтағы 3 дәріханада болдық.
Тұтынушылар керекті дәрі-дәрмектерін
сатып алып жатыр. Өкінішке қарай, оның
қорабына үңіліп, жарамдылық мерзімін, т.б.
мәліметтерді қарап жатқан жан сирек екенін
байқадық. Сірә, баяғы бейқамдығымыз...
Дәрі дәрменді болмаса, денсаулыққа
келер қырсық жайында айтып жату артық
қой. Әрі қыруар ақшаң айдалаға ке-
тетіні өз алдына шығын. Сонымен қатар,
сол көзбояушылықтан фармацевтикалық
нарыққа адал қатысушылар көп зардап ше-
геді. Яғни, өз өнімдерін өткізе алмайды. Міне,
жалғандықтың кесірі мол, қасіреті ауыр.
Тілес ЖАЗЫҚБАЙ.
«Жайық таңы».
*Суреттерде: «Талап» АҚ №24
дәріханасының меңгерушісі Сәуле
Сапарғалиева келушілермен бірге; аудан
орталығындағы емханада орналасқан
дәріхана фармацеві Дидар Қуаналиева.
*Суреттерді түсірген автор.
14 тамыз. 2014 жыл.
6
таңы
ЖАЙЫҚ
www.zhaikpress.kz
әріптес әріптес туралы
Тұңғыш мұғалімің жаңа
өмір есігін ашып қана қоймай,
сәби жүрегіңді шуаққа бөлеп,
нұрландырады. Міне, сондықтан
алғашқы оқытушысын шәкірт-
тері ешуақытта ұмытпақ емес.
Бүгінге дейін 30 жыл еңбегін
бастауышқа
арнаған
аяу-
лы жандардың бірі – Бибігүл
Өтеғалиқызы.
Ол кісінің ең басты қасиеті
– өз жұмысына деген үлкен
жауапкершілігі, әр нәрсені
уақытында орындауы, үнемі із-
деніс үстінде жүретіндігі. Озық
ойлы,
шығармашылықпен
жұмыс істейтін тәжірибелі
ұстаз. Әрдайым жұмысына
жарты сағат бұрын ерте келіп,
шәкірттерін
қарсы
алып,
асықпай балалармен аманда-
сып, сосын көрнекі құралдарды
үстел үстіне қойып, балаларға
ерекше бір мейіріммен қарап
тұратын сәті қандай сұлу!
Әрқайсысының
жеке-жеке
хал-жағдайларын
сұрап,
маңдайларынан
сипайды.
Сабақ аяқталғанда, үйлеріне
шығарып салады.
Оның оқытушылықты таң-
дауы жүрегінің нағыз қалауы
еді. Бала күнгі қиялына қанат
бітіп, 1981 жылы Орал педучи-
лещесіне оқуға түсіп, 1984 жылы
бітіріп шықты. Осы жылдан бас-
тап Есенсай орта жалпы білім
беретін мектебінде бастауыш
сыныпқа мұғалім болып кіріп,
дәл бүгінге дейін бастауышты
баптап келеді.
Бибігүл Өтеғалиқызы оқу-
шыларды
саламаттылыққа
үйретіп, олардың тұлға ретінде
қалыптасуына көп көңіл бөледі.
Білімді, өнерлі шәкірттерінің
көп болуынан-ақ оның еңбегінің
жемісін
аңғаруға
болады.
Бастауыштағы
балалар
–
жазылмаған ақ қағаз. Ақ қағазға
жазылған өрнек қалай түссе,
солай із қалады деп, бар күш-
жігерін, білімін мына дүниедегі
ең мерейлі, қасиетті, қымбат іс
– тәрбиеге арнап келеді. Өзіне
де, өзгеге де жоғары талап қоя
отырып, педагогикалық шебер-
лігін шыңдауда. Сабақтарында
қазіргі заман талабына сай да-
мыта оқытудың жаңа техноло-
гияларын пайдаланып, әртүрлі
әдіс-тәсілдерді
қолданып,
ұл-қыздардың
оқуға
деген
қызығушылығын арттырып, өз
бетінше білім алуға құштарлығын
оятуы көптеген әріптестеріне
үлгі.
Жан-жақтан
онымен
бастауыштағы әріптестері ха-
барласып, тәжірибе алмасып
жүреді.
Ізденістің, тынымсыз еңбектің
нәтижесі сол, оқытқан шәкірттері
жоғары сыныпта да жақсы оқып,
мектеп ұжымының ризашылығын
естіп жүреді.
Қазіргі таңда Бибігүл апайдың
3 «а» сыныбында 16 оқушы
бар. 7 оқушы үздік, 4 оқушы оқу
екпіндісі, бесеуі 1-2 сабақтан
ғана орта. Оқушылары мұқият,
мәнерлі жазады. Оқығандарын,
естігендерін ауызша да, жаз-
баша да жүйелі түрде баяндай
біледі.
“Ұстаз бақыты – шәкірт
жетістігінде”,-дейді
30
жыл
бойы бала оқытқан Бибігүл
Өтеғалиева. Ол отбасында аяу-
лы жар, екі ұл, бір қыз өсірген
абыройлы ана.
Одан білім алған түлектері
бүгінде айталық, тележүргізуші,
мектеп директоры, мұғалім,
дәрігер сияқты маман иелері бо-
лып еңбек етуде. Олар алғашқы
қолға қалам ұстатқан, өмірдің
ғажайып есігін ашып берген
апайларының еңбегіне әрдайым
тағзым етеді.
Ұстаз жолы қиынырақ
басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа
шықпаған.
Шаршасада осы жолдың
бойында,
Қандай жақсы шын бақы-
тын тапса адам,- деп ақын
жырлағандай, Бибігүл Өте-
ғалиқызы өз бақытын бала
тәрбиесінен
тапқан
біздің
мақтаулы әріптесіміз.
Жаңыл ҚОЖАХМЕТОВА,
Есенсай орта мектебі бас-
тауыш сынып бірлестігінің
жетекшісі.
ЕСЕНСАЙ.
Б
ақытын бала тәрбиесінен тапқан
емдеуге жатқызу бюросы
порталы және емдеуге жол-
дау дегеніміз не? осындай
сұрақтар дүркін-дүркін естіліп
жатады.
Портал – тегін медициналық
көмектің
кепілдік
берілген
көлемі шеңберінде пациент-
терді стационарға жоспарлы
түрде жатқызу жолдамаларын
электрондық тіркеудің, есепке
алудың, пысықтаудың және
сақтаудың бірыңғай жүйесі.
Емдеуге жатқызу бюро-
сының негізгі мақсаты –
азаматтардың медициналық
ұйымды еркін таңдау құқығын,
тегін медициналық көмектің
кепілді көлемі шеңберіндегі
жоспарлы госпитализацияның
қол жетімдігі мен ашықтығын
қамтамасыз ету болып табы-
лады.
Сондай-ақ соңғы жыл-
дары «жоспарлы түрде ем-
деуге жатқызу» деген ұғым
қалыптасты. Бұл – тиісті
көрсетілімдер
анықталған
жағдайда, созылмалы ауру-
лар және жедел дәрігерлік
араласуды талап етпейтін,
өмірге қауіпсіз жағдайларда
дәрігердің науқас адамды
емдеуге жолдауы. Жоспарлы
түрде емдеуге жатқызу бірне-
ше күн ішінде портал арқылы
науқастың
медициналық
ұйымды таңдауына байланыс-
ты іске асырылады.
Жоспарлы түрде емдеу-
ге жатқызу үшін қажетті
жағдайлар: тіркелген мекен-
жайы бойынша дәрігерге бару;
науқас адам дәрігерге жүгінген
жағдайда емдеуші дәрігер оны
қарап, ауруды нақтылау үшін
қажетті зерттеулерді толық
көлемде өтуді жазып береді;
поликлиника жағдайында ми-
нималды көлемде (қажеттілері)
зерттеулерден өту.
Емдеуші дәрігер стационар
бөлімшесінің
меңгерушісімен
бірігіп емдеуге жатқызу қажеттілі-
гі туралы шешім қабылдайды.
Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу
үшін көрсетілімдер анықталған
жағдайда,
науқас
адам
медициналық ұйымды таңдауы
тиіс. Науқас өз таңдауын емдеуші
дәрігермен келісуі қажет. Емдеуге
жатқызу қажеттілігі туралы шешім
П
ортал арқылы емделуге
байланысты мәселелер
қабылданған жағдайда, дәрігер
жолдаманы рәсімдейді (науқастың
медициналық ұйымды таңдау
бойынша шешімі міндетті түрде
ескеріледі). Жолдамада емдеуге
жатқызу коды мен күні көрсетіледі.
Осыдан кейін науқас туралы
мәліметтер емдеуге жатқызу пор-
талында тіркеледі.
Дәрігер
науқас
туралы
мәліметтерді емдеуге жатқызу
бюросының порталына енгізіп,
науқастың қолына «Жоспарлы
түрде емдеуге жатқызу талонын»
береді, талонда науқастың коды
көрсетіледі. Осы код бойынша
науқас www.bg.eisz.kz сайтында
өзінің жоспарлы түрде емдеуге
жатқызу кезегін бақылай алады,
сондай-ақ стационардағы бос
орындар туралы ақпарат алады.
Мәліметтер құпия болып табыла-
ды.
Порталда өтінім тіркелгеннен
кейін 2 күн ішінде стационар ем-
деуге жоспарлы түрде жатқызу
күнін белгілейді. Сосын дәрігер
науқасқа жолдама береді. Науқас
жолдаманы емдеуші дәрігерге ба-
рып өзі алады немесе үйге жеткі-
зуді сұрайды. Емдеуге жатқызуды
күткен мерзімде науқас емдеуші
дәрігердің бақылауында болады.
Науқасты үздіксіз бақылау міндетті
болып табылады.
Ал таңдалған медициналық
ұйымға науқас белгіленген күні ке-
луге міндетті.
Енді мынадай дерек жайында
айта кетейін. 2014 жылдың 7 айын-
да бізде 854 науқас портал арқылы
емдеуге жолданды. Соның ішінде
республикалық мекемелерге – 5,
облысқа – 310-ы жолданды, осы-
лар бойынша емнен бас тартқандар
саны – 28. Жаңақала сауықтыру
орталығына – 70 (бұдан бас
тартқаны – 2), Теректі аудандық
ауруханасының «Мейірбике күтімі»
бөліміне – 9, аудандық ауруханаға
– 460 науқас жолданып, емдерін
қабылдады.
Жатқызу бюросының порталы-
нан бас тартқандар көп жағдайда
– жедел вирусты ауруларымен
және дене қызуы көтерілген ауру-
лар, сонымен қатар қаражатының
жоқтығына байланысты себеп-
термен. Қандай жағдайда да
мұны дәрігерге барынша ертерек
хабарлаған абзал. Мұндай болма-
ған жағдайда дәрігер қызметінде
күрделіліктер қалыптасады.
Дәрігерге көрініп, жолданған
кезде жолдама қағазына мұқият
қарап, ауруханаға бару қажет. Тағы
да қайталап айтамыз, аяқасты бір
жағдайлар болып қалған кезде
(басқа ауыр дерттің болуы, жол
жүру билеттердің болмауы, т.б.)
аймақтық дәрігерді мезгілінде ха-
бардар ету қажет.
Ұлдай ҒАЙСИНА,
аудандық орталық
аурухананың дәрігер-статисі.
Қарым-қатынастың
дұрыс
құрылуына адамның жасы
мен
жынысының
ықпалы
болатындығын да ескеру қажет.
Осы шағын мақалада біз мүге-
дек адамдармен қарым-қатынас
туралы аз-мұз айтамыз.
Мұндай жандармен байла-
ныс жасағанда сан қиындық тууы
ықтимал.
Күлімдеп, жылы түспен қабыл
ала білу – бұл жан-жағындағы
адамдарды өзіне баули білетін
адамның ең бірінші қасиеті. Жанға
жайлы мәдени ұстанымдар: мими-
касы, қозғалыс мәнері, жарасым-
ды қимыл дағдылары жағымды
болатындығы анық. Олар барлық
адамның мүмкіндіктері бірдей,
тең жағдай жасалған қоғам құруға
көмегін тигізеді.
Мүгедектер қозғалысы белсенді
мемлекеттерде оларға аяушылық
сезімі мен теріс ұғымдар ту-
дырмайтын анықтамалар мен
түсініктемелерді
насихаттай-
ды. Қазақстанда бұл үрдіс
жаңа ғана күш алып келеді.
Түсініспеушілік тудыратын, не-
гізінде мүгедектерге деген теріс
көзқарас қалыптастыратын басты
себептердің бірі – олар туралы
жеткілікті ақпараттың жоқтығы.
Мұндай білмеушілік көп жағдайда
дұрыс емес әрекеттерге, қарым-
қатынас құрмауға әкеліп соғады.
Олардың арасында да әрине,
білімге, өнерге ұмтылыстары ерек-
тер аз емес. Сөз бен сөз тіркестерін
таңдау барысында стереотиптер-
ден аулақ болған жөн. Сыпайы
және ұқыпты болуға тырысып,
жалпылау мен болжаушылыққа
әуес болмау керегін ұмытпаңыз.
Біздің сөйлеу өнеріміз әдептілікпен
байланысты. Бірақ қанша сы-
пайы сөз тіркестерін қолдансаң
да, адамның мүгедектігіне байла-
нысты кейбір ерекшеліктерді ес-
кере алмасаң, өзіңді де, сөйлесіп
отырған адамды да ыңғайсыз
жағдайда қалдыруың ықтимал.
Дамуында кешігу бар балалар
жаңа дағдыларды жай үйреніп,
жаңа ақпаратты жай қабылдайды.
Алайда бұның бәрі шартты нәрсе
және түрлі факторларға, атап
м
үгеДектермен
Достарыңызбен бөлісу: