Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі10,8 Mb.
#9917
1   2   3   4

Нұртілеу САЛЫҚОВ,

Қазақстан Журналистер 

Одағының мүшесі.

ШЫҚҚАН БИІГІ АЛАСАРМАҒАН АҒА



Ғибратты ғұмыр

ҚАРМАҚШЫ

таңы


3

11 ақпан, 2015  жыл

Қазақ  қыз  бала  тәрбиесіне  аса 

назар  аударған  халық.  Қанаттыға 

қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай, 

аялап-мәпелеп 

өсірген. 

Қыз 

баланы болашақ ұрпақ тәрбиешісі, 



отбасы  ұйытқысы,  ел  мен  елді 

табыстыратын,  туыстыратын  өрі-

сім  деп  санаған.  Ұқыптылықты 

көр генде: “қыздың жиған жүгіндей 

екен”  деп  тамсанып,  жақсы  баға 

бер ген. Қыз баланы қазақ босағаға 

отыр ғызбаған. “Қыз–жат жұрттық” 

деп,  болашақ  өмірге  дайындаған. 

Ба сына  үкілі  бөрік  кигізіп,  төрден 

орын берген. Қыз әдебіне үлкен мән 

беріп,  оның  жүріс-тұрысына,  киім 

киісіне, сөйлеу мәдениетіне, рухани 

жан  дүниесіне  жауапкершілікпен 

қараған. 

Қызды  әлпештеп,  аялаумен 

қатар,  “Қызға  қырық  үйден  тыю” 

деп,  жаман  әдет-құлықтардың 

алдын алып, тыйым салып отырған.

Себебі,  бүгінгі  ару–ертеңгі 

ди дары  нан  нұры  тамған  келін, 

болашақ ана. 

“Отан–отбасынан  басталады” 

дегендей,  отансүйгіштік,  ұлт жан -

дылық,  адамгершілік  қасиет  тер 

әдет  те отбасындағы ата-ана тәр  би-

е

 



сі   мен бала бойына сіңеді. Әсіре се, 

ана  лардың  перзент  тәр биесіндегі 

ор ны, 

отбасындағы 



берекесі, 

қонақ жай лылығы,  қазақ  әйеліне 

тән  ізеті  мен  төзімі  жер  бетіндегі 

көп теген ұлттар мен ұлыстарға үлгі 

болғандай.

Жанұяның  жарасымы  мен 

үндестігін 

сақтауда 

ана лары-

мыздың  еңбегі  өлшеусіз.  “Бұлақ-

бастауы нан” демекші, ана еңбегінің 

қай нар  көзі  –  келіндік  міндеттен 

өріс алады.

Айсұлу  Әбдиевтер  отбасына 

2002  жылы  келiн  болып  түсті. 

Мұнайлы 


Маңғыстаудың 

ақ-


құба  қызы  болашақ  жарын 

Сыр  өңірінен  тапты.    Жас  келін 

қармақшылық  Әби  Әбдиев  пен 

Жанат  Есдәулетованың  отбасына 

көптен  күткен  қуаныш  әкелді. 

Жиған-тергенін  тойға  шашатын 

қазақ  емеспіз  бе?  Ата-енесі  жас 

келіндерін  “үйге  құт  кірді”  деп 

жылы  қабақпен  өз  қыздарындай 

қарсы  алды.  Өйтпегенде  ше?! 

Қарашаңырақтың  иесі,  соңынан 

ерген  үш  бірдей  қарындастың 

қамқор ағасы Тимурының бір басы 

екеу болып, отау тігіп жатса.

Айсұлудың аты ғана емес, жаны 

да  сұлу  болып  шықты.  Жарының 

жанұядағы  жалғыз  тұяқ  екенін, 

жас  келінге  сын  көп  болатынын 

жақсы 

ұқты. 


Маңғыстаудың 

тумасына  жаңа  елге  етене  сіңісіп 

кету  алғашында  оңай  болған  жоқ. 

Бұл заңды да. Үй болғасын қызық-

қуанышы, қиындығы қатар жүреді.  

Үлкен  шаңырақтың  шаруасын 

дөңгелетіп  алып  кетуге  уақыт  та, 

шыдам да керек. Қаршадай қыз ата-

ене,  ағайын-туыс,  көрші-көлемнің 

ойынан  шығуға  тырысты.  Бекет 

атаның  киелі  топырағынан  өніп-

өскен  қыз  осылайша  алдындағы 

қиындықтарды  жеңе  білді.  Оның 

ибалы  келін  атануына  енесі 

Жанаттың  да  септігі  бар.  Көреген 

ене келініне аналық ақылын айтып, 

көмекке  келе  қоятын  сәттері  аз 

болмады.


Халық  қаһарманы,  халқы-

мыздың біртуар батыр ұлы Ба уыр-

жан  Момышұлының  келіні  Зейнеп 

Ахметова  бір  сөзінде:  “Кез  келген 

әйел  келінге  ене  бола  алады,  ал 

кез  келген  әйел  келінге  ана  бола 

алмайды”  деп  ене  мен  келіннің 

арасындағы 

қарым-қатынастың 

маңыздылығын  тілге  тиек  етсе, 

баласы  Ержан  үйленгенде  жаңа 

түскен  келініне:  “Айналайын,  мен 

бір  Момышұлының  келіні  болсам, 

сен  екі  Момышұлының  келінісің, 

сон дықтан  да  менің  жауап кер-

ші лігім нен  сенің  жауап кершілі-

гің  екі  есеге  артық”  деп  ке ліні нің 

арқасы нан  қағып,  сенім  білдіргені 

еріксіз  ойыма  түсті.  Оқырман 

қауым Зейнеп апамыздың “Шуақты 

күндер”  атты  кітабында  атасы 

туралы  жазған  естеліктерінен 

жақсы хабардар болар.   

Қазақ  халқының  даналығы, 

дала  философиясы  өзінше  бір 

ғалам  десек  болады.  Оны  дана 

ететін  атадан  балаға  мирас  болып 

келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-

ғұрпы.  Ұлттық  құндылықтардың 

ішінде бүгінде ұмыт бола бастаған 

“ат  тергеу”  дәстүрі  бар.  Бұл 

дәстүрдің тәрбиелік мәні өте зор. 

Менің 

кейіпкерім 



босаға 

аттап,  келін  аталғалы  озық  

дәстүрлерді берік ұстануда. Ол кент 

орталығындағы Сүлеймен Есқараев 

атындағы  №27  орта  мектепте 

информатика пәнінен сабақ береді. 

“Нұр  Отан”  партиясының  белді 

мүшесі.  Жолдасы  Ибайділдаев 

Тимур  ҚР  Мемлекеттік  қызмет 

істері және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  агенттігінің  Қы-

зылорда  облысы  бойынша  депар-

таментінің  тәртіптік  кеңес  хат-

шылығының  консультанты  бо-

лып  қызмет  атқарады.  Жуырда 

Айсұлумен әңгімелесудің сәті түсті. 

Ару қыздар мен жас келіншектердің 

құлақ тарына алтын сырға дегендей, 

жүрегі  пәк,  жаны  таза  кейінгі  жас 

буын өкілдеріне пайдасы тиіп қалар 

деген мақсатпен сөзге тартқан едім.

-Ибалы, 

инабатты 

келін 

атану дың формуласы қандай?

-Халқымыздың  салт-дәстүрін 

ұстануыма  ата-анамның  тәрбиесі 

негіз  болды.  Мен  отбасындағы 

жеті  ұл-қыздың  екіншісімін.  Көп 

балалы  отбасынан  шыққанмын. 

Келіннің  қайын  жұртының  атын 

атамауы  –  сыйластықтың  белгісі, 

екі  жұрттың  ортасына  салынған 

алтын  көпір  деп  білемін.  Әулиелі 

мекеннің  ұрпағы  болғандықтан 

жастайымыздан 

әке-шешеміздің 

ақылын  тыңдап,  көкейге  түйіп 

өстік. Келін болып келгенімде Сыр 

елі  мені  жатырқамай  бауырына 

тартты.  Ибалы  да  инабатты  келін 

атануыма  енемнің  тәрбиесі  көп 

көмектесті.  Киелі  табалдырықтан 

аттағалы  бері  сол  кісінің  жылы 

сөзі,  тәлімді  тәрбиесімен  өсіп-

өніп  келемін.  Енемнен  үйренерім 

көп  болды.  Келін-әулеттің  ырысы, 

болашақ  ана,  адал  жар,  ұрпақ 

жалғастырушы.  Алла  тағаламыз 

қыз  баланы  балиғат  жасына 

толғаннан  кейін  тұрмыс  құрып, 

Адам  ата  мен  Хауа  ананың  үрім-

бұтағын  көбейту  үшін  жаратқан. 

Келін  де  біреудің  әлпештеп 

еркелетіп  өсірген  перзенті.  Келін 

жақсы  болса,  енесіне  туған 

қызындай  сіңісіп  кетеді.  Ене 

де  келініне  оң  қабақ  танытып, 

орынсыз  өкпелетпеуі  керек.  Ене 

мен келіннің көзқарастары әртүрлі 

болуы  мүмкін.  Қандай  жағдай 

болса  да  келін  енесіне  ешқашан 

қарсы  сөйлемей,  өз  анасындай 

көруі тиіс. Келін енесінің алдында 

кішіпейілділік  таныта  білуі  қажет. 

Кешегінің  келіндері  атасы  мен 

қайынағаларына иіліп сәлем салып, 

дәстүр бойынша қайынағаларының 

аттарын  атамай,  оларға  жанама  ат 

қойған. Қазіргі күні өкінішке орай, 

салт-дәстүрдің  осы  түрі  шетте 

қалып бара жатқандай.       

-Ат  тергеу  –  ертеден  келе 

жатқан  дәстүр.  Бүгінді  жедел 

дамудың заманы деп жүрміз. Екеуі 

бір-біріне қайшы емес пе?

-Жоқ.  Қанымыз  бен  жанымыз 

қазақ  болғандықтан  біз  ешқашан 

ұлттық  байлығымыздан  ажырамақ 

емеспіз. Менің үш қайынсіңлім бар. 

Ешқайсысының  да    төлқұжаттағы 

атын  атап  көрмеппін.  Гүлнарды 

Балғын,  Әсемді  Балауса,  өзіммен 

аттас  қайынсіңлімді  Еркежан  деп 

атаймын.  Немере  қайынсіңлім 

Мейрамкүлге  Жарқын,  немере 

қайынінілерім  Серікке  Ақжігіт, 

Бақытжанға  Нұржігіт  деп  ат 

қойған мын. Жарымның туған бөле-

лері  Жәмиланы  Аппақ,  Назымды 

Әдемі деп атап жүрмін. Мен қойған 

есімдерімен  атағанымда  олардың 

көз   деріндегі  сәулені  көрсеңіз  ғой. 

Өзім нің де бойымды қуаныш сезімі 

билей ді. Үш қайынсіңлім де Астана 

қа 


  

ла сында тұрады, Самат, Серікбол 

есім ді күйеубалаларымыз бар. 

Мені    отбасылық  тәрбие 

мәселесі  толғандырады.  Қазақ 

қоғамында ене мен келіннің өзіндік 

орындары  бар.  Ене  мен  келін 

бір-бірін  жақтырмай,  амалдың 

жоқтығынан  бір  шаңырақ  астында 

тұрмас үшін ең алдымен екеуі тату 

болуы  керек.  Барлық  жағдайда 

ашық  сөйлесіп,  мәселені  шешіп 

алып отырулары тиіс. Ене келіннің 

әрбір қателігін теріп, бетіне басып 

отырса, келін үй тіршілігін жасауды 

үйренер, ал бірақ оның өзіне деген 

құрметін жоғалтады. Мен енеммен 

жақсы 


қарым-қатынастамын.

Сырласып,  ой  бөлісеміз.  Дәмді 

тамақ  жасау,  қонақ  күту,  тазалық 

болсын  енем  маған  үйретуден 

жалыққан  емес.  Жалпы  келін  мен 

ене  арасындағы  байланыс  сол 

үйдегі азаматтарға да байланысты. 

Анасын  қадірлеп,  сыйлайтын 

ақылды  ұл  келіншегіне  де  анасын 

сыйлатқыза  алады.  Шаңырақтағы 

Данияр, Арайгүл, Аяулым атты ұл-

қыздарымды  бағып-қағу,  олардың 

сабаққа 

дайындығы 

енемнің 

құзырында.  Қателігімді  түзеп, 

кеңес беріп отыратын енеме қатты 

ризамын.


-Статистикалық 

мәлімет-

терге  сүйенсек,  облыс  бойынша 

әр бір төртінші отбасының некесі 

бұзылады 

екен. 

Жанымызда 

тұрған Байқоңыр қаласында әрбір 

екінші  отбасының  заңды  некесі 

ажырайды екен. 

-Ажырасу  –  қазақ  халқы  үшін 

трагедия  деп  есептеймін.  Бәлкім 

оның  түрлі  себептері  де  болар. 

Дей  тұрғанмен  мен  ажырасу 

дегенге  мүлде  қарсымын.  Ер  мен 

әйел екеуі екі жаққа кетер. Ортада 

бала  қиналады,  балапан  жүрек 

жараланады.  Ондайда  баланың 

болашағын ойлаған абзал. 



-Жас келіндерге нендей тілегің 

бар?

-Ене 


келінінің 

кемшілігін 

түзеп, білмегенін үйретіп, қателігін 

кешіріп,    қызындай  көрсе–ақ 

жау лық ты  ананың  көрегенділігі 

болар.  Келін  де  болашағына  бей-

жай  еместігін  аңғартып,  ата-ене 

алдындағы 

келіндік 

міндетін 

естен шығармағаны, ұрпақ бойына 

ұлттық тәрбие ұрығын сеуіп, тіліміз 

бен  ділімізді  дәріптегені  жөн,-

дейді, Айсұлу  сырымен бөлісіп.

Міне,  кейіпкеріммен  болған 

арадағы  әңгімеден  соң  “Адамның 

сыртқы 

сұлулығы 



алдамшы 

болуы  мүмкін,  ал  ішкі  жан 

сұлулығы  ешқашан  алдамайды” 

деген  даналыққа  тағы  бір  көз 

жеткізгендеймін.  Бір  күнін  емес, 

жеті  ұрпағын  ойлайтын  көргенді 

келіндеріміз  бен  келінге  өз 

анасындай  қамқор  болатын  дана 

енелер көп бола берсін, деп тілейік!  

Сәрсенкүл 

ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ. 

КЕЛІНІ ЖАҚСЫ ҚАНДАЙ

-

ДЫ, ...


Қазіргі  кезде  заман  ағымы  мен 

талабына сай тілімізді, әдебиетімізді және 

музыкамызды  жаңаша  түрде  дамытуда 

көптеген  жұмыстар  атқарылып  келе 

жатыр.  Соған  қарамастан  «Өзге  тілдің 

бәрін біл, өз тіліңді құрметте» - деп ақын 

ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, өз тіліміз 

бен мәдениетімізге деген қошемет қандай 

деген  сауалға  келгенде  кібіртіктейтініміз 

жасырын емес...

Олай  дейтін  себебім:  жетпіс  жыл 

Кеңестер  Одағының  отарында  болған 

тіліміз  бен  мәдениетімізді  қоқыстан 

аршып,  сара  жолға  сала  алмай  келеміз. 

«Мәскеу  бір  күнде  салынған  жоқ,  уақыт 

өте кең сара жолға түседі...» яғни, «уақыт 

керек» деп жүргенімізде керісінше уақытты 

өткізіп  алып  жатырған  сияқтымыз.  Сол 

шұбарланған  тіліміз  бен  мәдениетімізбен 

ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз. Бұл кеселден 

арылу  үшін  мықты  күш  керек.  Ол  үлкен 

күш – музыка.

Көпшілігіміз  үйреніп  қалған  дағды 

бойынша,  музыка  пәні,  сурет  және  дене 

шынықтыру  пәндері  негізгі  пәндерге 

қосымша  іспетті  қаралып  жүргені 

жасырын  емес.  Содан  келіп  туындайтын 

мәселе,  бұл  пәндер  бойынша  қойылған 

бағада 

шарттылық 



басым. 

Егерде 


математика, орыс тілі, т.б. пәндер бойынша 

оқушыға нақты білім көрсеткіші бойынша 

баға  қойылатын  болса,  музыка  пәнінде 

оқушыға қандай білім көрсеткіштері үшін 

баға қойылуы керек? 

Әрине,  жалпы  білім  беретін  орта 

мектептерде 

музыка 


пәні 

арнайы 


музыкалық  білім беру  мектептеріндегідей 

оқытылмайтыны 

түсінікті. 

Бірақ 


мектептегі 

музыка 


пәнінің 

өзімен 


көптеген мәселені шешіп тастауға болады. 

Музыка  пәніне  арналған  бағдарламалар 

да  жеткілікті,  мазмұны  оқушылардың 

қабылдауына ыңғайлы. Мектептегі музыка 

пәнінің  негізгі  бағыты  кәсіби  музыкант 

тәрбиелеп  шығару  емес,  білім  көрсеткіші 

бойынша  оқушы  жалпы  «музыка»  деген 

не, оның қандай бағыттары болады, музыка 

теориясының  негізгі  қағидалары  қандай, 

музыканың  тәрбие  құралы  ретіндегі  рөлі, 

қазақ  музыкасы  және  қазақ  сазгерлерінің 

өмірі мен шығармашылығы туралы түсінігі, 

т.б.  мәселелерді  біліп  шығуы  қажет. 

Қарапайым мысалмен айтқанда, мектептегі 

музыка  пәні  балаға  тек  ән  жаттатумен 

шектелмейді. Қазақ музыкасының алдында 

да  заман  ағымына  байланысты  өте  өзекті 

мәселелер  туындауда.  Оның  ең  бастысы 

–ұлттық  музыкамызды  сақтап  қалу, 

ұлттық ән-күйлеріміздің тінін бұзбай, ата-

бабамыздан келе жатқан саф күйінде келесі 

ұрпақтарға  жеткізу.  Ал,  осы  тұрғыдан 

алғанда мектептегі музыка пәнінің рөлі де 

айтарлықтай жоғары болуы міндетті.

Қазақтың  біртуар  перзенті  М.Әуезов 

«Қалың  қазақ  елі  тартқан  сыбызғыдағы 

салқын  саз,  қобыздағы  қоңыр  күй, 

домбыраның да екі ішекті ғана емес, әдейі 

күйге арналған үш ішекті тіліне оралған көп 

күйлердің ескі-жаңасы тегіс — тарих үшін 

елеулі  бұйым»  десе,  атақты  Э.Вульфсон 

(шотландық әнші-сазгер, ақын, продюссер, 

пианист)  «Әннің  қазақ  өмірінде  алатын 

зор  маңызын  басқа  халықтан  кездестіру 

екіталай.  Қазақтар  тіпті  жай  сабақты  да 

балаларға  ән  көмегімен  оқытады»  деуі 

бекер айтылмаған.

Бізге ұлтжандылық, ұлтжандылық рух 

жетпей  жататыны  жасырын  емес.  Осы 

ұлтжандылықтың  ұрығын,  дәнін  себу 

үшін  қандай  қадамдар  жасап  жатырмыз. 

Бүгінгі  жастарымыздың  алпыс  екі 

тамырын  идіретін  музыканың  құдіретін 

сезінтіп, «Мен – қазақпын!» деп басын тік 

ұстап,  кеудесін  кере  мақтанышпен  айта 

алатындай ұрпақ тәрбиелеп жатырмыз ба?!

Бір-ақ  мысал  келтірейік:  Алмас 

Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат 

Зейіпханның  «Көк  тудың  желбірегені» 

әнінде  осындай  рух  жатыр.  Әннің  бағын 

ашатын  әнші  деп  жатамыз.  Шебер 

орындаушы  ретінде  осы  әнді  Ибрагим 

Ескендір халықтың жүрегіне жеткізе білді.

«Көк тудың желбірегені –

Жаныма қуат береді.

Таласқа түссе жан мен ту – 

Жан емес маған керегі,

Көк тудың желбірегені»

Сөзі  мен  әні  үндескен,  жүректі 

тербетер мұндай патриоттық әндер некен-

саяқ.  Осы  әннің  қатарына  «Сәлем  саған, 

туған  ел»,  «Әлия»,  «Қызыл  сұңқарлар», 

«Домбыра туралы баллада», «Отырардағы 

той»,  «Атамекен»,  т.б.  жатқызуға  болады. 

Бұлардың қайсысын алсаңыз да патриоттық 

әндер.  Қазақтың  жүрегінен  орын  алған, 

толғандыратын,  ойландыратын,  өмірге 

құштарлық 

сыйлайтын 

туындылар. 

Осындай  әндеріміз  неге  жоғалып  кетті, 

оның есесіне жастарды өмірге жетелейтін 

емес, өмірден түңілдіретін түсініксіз әндер 

пайда болды.

Теледидар қарап отырып, ойға қалдым. 

Бүгінде не болса соны ән қылып, бейнебаян 

түсіріп  жатыр.  Оларға  балалардың 

қызығушылығы  күшті.  Оқушы  баладан 

«Қандай  ән  білесің?»  деп  сұрасаңыз, 

осындай  түк  мән,  мағынасы  жоқ  әндерді 

айнытпай жатқа айтып береді. Бұған себеп 

музыка пәнінің негізгі пәндердің тасасында 

қалып қоюында. Мына бір «әнді» тыңдап 

көріңізші:

«Көзімді ашамын, инстаграм басамын,

Махаббатымды әлемге шашамын…».

Не  түсіндіңіз?  Мен  өз  басым  ештеңе 

түсінбедім. Есесіне мектептегі Жалғасбаева 

Света апайдың ән-күй сабағы, патриоттық, 

достық,  ынтымақ,  бірлік,  туған  жер,  одан 

қалса ата-әже, әкешім, анашым, тіпті моп-

момақан  қошақан,  тастан-тасқа  секіріп 

ойнайтын  лақ  туралы  жаттатқан  әндері 

есімде.


Мен  бала  күнімнен  армандаған 

мамандығымды  таңдадым.  Бұл  жолда 

қателеспедім.  Бірақ,  дипломыңды  қолыңа 

алып, тұрақты жұмыс таба алмай жүргенде, 

«бәлкім, қателестім бе?» деп қаласың. Ол 

менің  біліксіздігімнен  деп  ойламаймын. 

Бұл  жалғыз  менің  ғана  мәселем  емес, 

дипломын  қолына  алып,  «ағылшын, 

орыс  тілін  оқуым  екем»  деп  жүрген 

жастар  қаншама.  Оған  себеп,  музыка 

пәніне  сағат  жоқ,  700-дей  оқушы  оқитын 

мектеп  балаларын  жоғарыда  айтылғандай 

ұлтжанды, музыка деген ұғымды түсінетін, 

білетін  тұлға  тәрбиелеп  шығару  үшін  бір 

ғана  музыкант  жеткілікті  екен.  Немесе, 

музыкасыз да еліміздің жарқын болашағы 

болатын  тұлға  тәрбиелеп  шығара  аламыз 

деген түсінік бар сияқты.

Білім  мен  тәрбие  беруді  заман 

талабына  сай  жаңартамыз  деп  жүргенде, 

құнды  мәдениетіміз  бен  саф  алтындай 

музыкамыздан адасып қалмайық.



Жауһар СӘРСЕНБАЕВА, 

№2 «Жұлдыз» балабақшасының 

әуез жетекшісі.

Бүгінгі күн тақырыбына

МУЗЫКА 


 

БАҒДАРЛАМАДАҒЫ АРТЫҚ 



ПӘН БЕ?!

Жуырда  аудандық  мәдениет  үйінде 

Т.Салқынбайұлы  атындағы  балалар 

әуез  мектебінің  мұғалімдері  мен 

оқушыларының  «Өнерлі  өрге  жүзеді» 

атты есепті концерті болып өтті.

Көрермендерге  жақсы  көңіл-күй 

мен  әсем  әуен  сыйлаған  концертті 

ұйымдастырушылар  көпшілік  қоше-

метіне бөленді. Онда мектеп оркестрінің 

Түркештің 

«Көңіл 


ашар» 

күйін, 


республикалық 

«Айгөлек» 

балалар 

шығармашылық  байқауының  І  орын 

иегері,  қобыз  класының  оқушысы 

Бибімариям  Серік  «Қазақ  елі»  мен 

Ш.Қалдаяқовтың 

«Ақмаңдайлым» 

әндерін,  аудандық  «Жас  музыкант» 

байқауының  І  орын  иегері,  фортепиано 

класының 

оқушысы 


Алданыш 

Мейрамбекова Йозеф Гайднның «Соната-

Партита», облыстық «Бозторғай» балалар 

шығармашылық  байқауының  І  орын 

иегері,  домбыра  класының  оқушысы 

Мадияр  Жасаңбаев  Иоганн  Себастьян 

Бахтың 

«Скерцо», 



республикалық 

«Жас 


музыкант» 

байқауының 

дипломанты,  прима  класының  оқушысы 

Нұрислам  Ахметов  «Венгер  биі»  шы-

ғармаларын,    орындады.  Аудандық 

«Жас  музыкант»  байқауының  І  орын 

иегері,  домбыра  класының  оқушысы 

Ұлпан  Батырбекова  орыстың  халық  әні 

«Коробейники»,  жыраулар  класының 

оқушылары  Жұлдызай  Тұрлығұлова, 

Нұрсара 

Әбсәлімова, 

Меруерт 

Ұзақбаева,  Жұлдызай  Абдуллаевалар 

жыр-термелерін  және  де  осы  есепті 

концертті  ұйымдастырушы  мектептің 

түлектері  облыстық  «Жас  музыкант» 

байқауының  жүлдегерлері,  Қызылорда 

қаласындағы Қазанғап атындағы музыка 

колледжінің  баян  бөлімінің  студенттері 

Пірназар  Жансая  Астор  Пьяцолланың 

«Либертанго»  әнінтарту  етті.  Облыстық 

«Жас 

музыкант» 



байқауының 

дипломанты 

Айжан 

Тойбазарова 



Құрманғазының  «Арба  соққан»  мен 

Айтқали  Жайымовтың  «Шалқыма» 

күйлерін,  Азат  Ысқақ  Александр 

Панайотовтың  «Балалайка»  мен  Людвиг 

ван  Бетховеннің  «К  Элизе»,  Жаңагүл 

Аязбекова 

Нағым 

Меңдіғалиевтің 



«Степь»  туындыларын  орындаса,    сол 

мектептің  қызметкерлері  Нағашыбек 

Бижанов 

Анатолий 

Новиковтың 

«Смуглянка»,  Виталий  Гевиксманның 

«Березовые сны», фортепиано класының 

мұғалімі  Ардақ  Ысқақ  «Кеш  you» 

тобының  орындауындағы  «Ризамын» 

әнін,  ерлі-зайыпты  Рүстем  мен  Ардақ 

Ешмановтар  «Айналайын»  әнін  және 

әкелі,  балалы  Аққалиев  Берік  пен 

Мадиярлар күй-тартыстан шашу шашып, 

сахна төрінде өз өнерлерін көрсетті.

Шара  соңында  аудан  әкімінің 

орынбасары  Арман  Қаржаубаев  аудан 

әкімінің  Алғыс  хатын  әуез  мектебінің 

директоры Талғат Қуаңбаевқа табыс етіп, 

аудан  әкімдігі  атынан  естелік  сыйлық 

тапсырды.



              Алтыншаш КЕТЕБАЙ.

Ру

ханият

ӨНЕРЛІНІҢ ОРНЫ 

 ӨРДЕ


Жуырда  Омар  Шораяқұлы  атындағы 

№30  орта  мектепте  аудандық  білім 

бөлімінің  ұйымдастыруымен      мектеп 

мұғалімдері  арасында  өзара  тәжірибе 

алмасуды 

ұйымдастыру, 

арнайы 

сыныптардың  сабақ  өту  процесіндегі 



мұғалім  мен  оқушының  танымдық  іс-

әрекетін  бағалау,  сонымен  қатар  ар-

найы  сыныптар  мұғалімдерінің  жаңа 

оқыту 


технологияларын 

пайдалану 

ерекшеліктерін  саралау  және  оларды 

шығармашылыққа 

жұмылдыру 

мақсатында  «Инклюзивті  білім  беруге 

қойылатын 

талаптар» 

тақырыбында 

дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек  үстелді  аудандық  білім 

бөлімінің  әдіскері  Ләззат  Есханова 

ашып,  шараның  өткізілу  мақсатымен 

таныстырды.

Содан  соң    №30  орта  мектеп  дирек-

торының  міндетін  атқарушы  Майра 

Тұрғанова  «Инклюзивті білім беруді жү-

зеге  асыратын  жалпы  білім  беру  ұйым-

дарында  оқытудың  ерекшеліктері»  та-

қырыбында хабарлама жасап, инклюзивті 

білім  берудің  мақсаты  мен  ерекшеліктері 

және  онда  кімдер  білім  алатыны  сабақ 

беру тәсілі, мұғалімдердің міндеттері мен 

басқа да шарттары жайлы баяндады.

Сондай-ақ, 

шарада 


№30 

орта 


мектептің  арнайы  сынып  жетекшілері 

Аяш Сарыбаева мен Райзада Жүнісовалар 

өздері  оқытатын  арнайы  сыныптарда 

білім  алатын  оқушылардың  үлгірімі, 

олардың  сабақ  арасындағы  бір-бірімен 

қарым-қатынастары 

мен 

тәрбиелері 



жайлы,  сонымен  қатар  өздерінің  сабақ 

беру  тәсілдері,  оқушы  мен  ұстаз  ара-

сындағы  қарым-қатынастары  туралы 

слайд  арқылы  таныстырылым    жасаса, 

№80  мектеп-гимназиясының  дефектологі 

Жайна Жанжұмаева  «Психикалық дамуы 

тежелген  (ПДТ)  балаларды  жалпы  білім 

беретін мектепте оқытуды ұйымдастыру» 

тақырыбында  өзінің жүргізген  тәжірибесі 

мен  қол жеткізген жетістіктері жайлы ой  

бөлісті.

Дөңгелек  үстелде    Қазалы  кентіндегі 

№234  орта  мектептің  дефектологы 

Гүлмира  Бекбаева  «Инклюзивті  білім 

беруді жүзеге асыратын жалпы білім беру 

ұйым дарында    оқытудың  ерекшеліктері» 

тақыры бында баяндама жасап,  өзінің күн-

делікті сабақ барысында қолданып жүрген 

әдістемелік  жұмыстары  жайлы  айтты. 

Және қол жеткізген көрсеткіштері туралы 

айтып, қатысушылар тарапынан қойылған 

сауалдарға тұщымды жауаптар берді.

Дөңгелек  үстелде  аудандық  білім 

бөлімінің  психологиялық-педагогикалық 

түзету  кабинетінің  меңгерушісі  Гүлнар 

Қауқаева, №30 орта мектеп директорының 

ғылыми-әдістемелік 

істер 


жөніндегі 

орынбасары  Серік  Тұрымтаев,  бастауыш 

сыныптар  жөніндегі  орынбасары  Жүрсін 

Айтбаева,    Ә.Егізбаев  атындағы  №121 

орта  мектеп  директорының  оқу  ісі 

жөніндегі орынбасары Гүлмира Қазыбаева 

мен  мектеп  психологі  Қанат  Ерназаров, 

«Толғанай»  ясли-балабақшасының  әдіс-

кері  Гүлзада  Оңғарова  мен  «Тоғжан» 

балабақшасының  психологі  Айгерім 

Ибрагимовалар    сөз  сөйлеп,  тақырып  ая-

сында  көтерілген  мәселелер  бойынша 

өздерінің  ойларын  саралады,  ұсыныс-

пікірлерін зерделеді. 

Тағылымды  да  тәрбиелік  мәні  зор 

болып  өткен  дөңгелек  үстелді  мектеп 

директорының  міндетін  атқарушы  Майра 

Тұрғанова қорытындылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет