Газет 1932 жылғЫ 12 СӘуірден шығады газет аптасына 2 рет шығады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі10,8 Mb.
#9917
  1   2   3   4

ҚАРМАҚШЫ

таңы


ГАЗЕТ 1932 ЖЫЛҒЫ

12 СӘУІРДЕН ШЫҒАДЫ

Газет аптасына 2 рет шығады

E-mail: Karm_tany @ mail.ru

ҚАРМАҚШЫ  АУДАНДЫҚ  ГАЗЕТІ

№11

(9364)

Сәрсенбі

11 ақпан

2015 жыл

Аймақ жаңалықтары

Жақында «Нұр Отан» партиясы 

аудандық  филиалында  Жеңістің 

70  жылдығына  орай    бүгінде 

еліміздің  барлық  аймақтарында 

өткізіліп  жатқан      республикалық 

«Ардагерлерді ардақтайық»  жобасы 

аясында  жерлесіміз, КСРО  Батыры 

Тәйімбет  Көмекбаевтың  есімін 

ұлықтау  мақсатында    «Ерлік-  елге 

мұра,  ұрпаққа  -үлгі»  тақырыбында   

мекеме,  бөлім  қызметкерлері  мен 

үкіметтік  емес  ұйымдар  өкілдері 

және  жастардың  қатысуларымен 

дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек  үстелді  «Нұр  Отан» 

партиясы 

аудандық 

филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

Күлжауһар  Раева  ашып,  оның 

өткізілу  мақсатымен  таныстырды. 

Ауданда  батыр  есімін  ұлықтауға 

және  Жеңістің  70  жылдығына  

байланысты атқарылған  жұмыстар 

мен 


жоспарлар 

 

жайында 



әңгімелесе,    содан  кейін    сөз 

алған    аудандық  «Қармақшы 

таңы»  газетінің  бас  редакторы, 

аудандық мәслихат депутаты  Алтай 

Үсенов  Батырдың  өмірбаянымен 

таныстырып, әр жылдары аудандық   

басылым  беттерінде    мақалалар 

жарияланғанын, 

халықаралық 

«Қазақ  тілі»  қоғамы  аудандық 

филиалының  төрағасы  Әбдірахман 

Құлдүйсенов  Ұлы Отан соғысында 

неміс  фашистерімен    ерлікпен 

шайқасқан  батыр бабаларымыздың 

ерлік істері  бүгінгі өскелең ұрпаққа 

үлгі екеніне тоқталды. 

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде  

Жосалы  кенті  ардагерлер  кеңесінің 

төрағасы 

Жақсыбай 

Жәкеев, 

аудандық  денешынықтыру  және 

спорт  бөлімінің  басшысы  Нұрбол 

Мырзабаевтар    Т.Көмекбаевтың  ау-

дан дық  қорымға  қойылған    бьюсті 

мен  аудан аумақтарында орналасқан 

қорымдарда  жерленген  басқа  да  

соғыс  ардагерлерінің  бейіттерін 

күтімге  алу  керектігін  және    жыл 

сайын аудан орталығында самбодан 

ересектер  арасында    өткізіліп  келе 

жатқан  батыр  атындағы  халық-

аралық мемориалдың маңыз дылығы 

жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ,  шарада    облыстық 

«Жастарды қолдау орталығы» МКМ-

нің  аудандық  бөлімінің    басшысы 

Мұхтар  Ибраев,  аудандық  «Жас 

Отан» жастар қанатының  атқарушы 

хатшысы  Айдынбек  Скендіров, 

№183 орта мектептің тарих пәнінің 

оқытушысы  Қайырхан  Тұрымтаев,  

Қармақшы 

аграрлы-техникалық 

кол ледждің 

 

кітапханашысы 



Бейбіткүл  Тоқабаева  және  №121 

ор та  мектеп  дирек торының  тәрбие 

ісі  жөніндегі  орынбасары  Айбол 

Қозыбақовтар сөз сөйлеп, өздерінің 

ле біздерін білдірді. 

Тағылымды  да  тәрбиелік  мәні 

зор  болып  өткен  дөңгелек  үстелде 

оған 


қатысушылар 

өздерінің 

ұсыныс-пікірлерін 

пайымдап, 

ойларын ортаға салды.

Дөңгелек  үстелді  «Нұр  Отан» 

партиясы 

аудандық 

филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

Күлжауһар Раева қорытындылады.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ЕРЛІК — ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА — ҮЛГІ

Жақында    Орал  қаласында  1998-1999  жылдары  туылған 

жасөспірім  ұлдар  мен  қыздар  арасында    еліміздің  барлық 

аймақтарының  ең  үздік  деген  жас  дзюдошылары  арасында 

республика чемпионаты болып өтті.

Міне, осы додалы жарыста біздің жерлестеріміз,  аудандық 

№15 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар және 

жасөспірімдер мектебінің жаттықтырушысы Қайрат Үсеновтің 

үкілеген  шәкірті  Дамир  Әбдеков    60  келі  салмақ  дәрежесінде  

6  рет    белдесу  өткізіп,  І  орын  үшін  өткен  белдесуде  қазақ 

күресінен  Қазақстан  Республикасының    4  дүркін  жеңімпазы, 

дзюдодан  екі  дүркін  финалисі  тараздық  Ришад  Махмудовты 

айқын басымдықпен жеңіп, өз салмақ дәрежесінде ел чемпионы 

атанса,  48  келі  салмақ  дәрежесінде  өнер  көрсеткен  енді  бір 

жерлесіміз, аталмыш спорт мектебінің жаттықтырушысы Дархан 

Алмахановтың  шәкірті  Диана  Тілеумұратова  жүлделі  үшінші 

орынды иеленіп, аудан абыройын асқақтатты.

Енді жас дзюдошылар наурыз айының басында Түркия елінде 

жасөспірімдер  арасында  дзюдодан  өткізілетін  халықаралық 

жарысқа қатысады.

Сонымен  қатар,  газетіміздің  нөмірі  қатталып  жатқанда  

Дамир мен Диана және бір топ аудан спортшылары Петропавл 

қаласында  жасөспірімдер  арасында  самбодан  өткізілетін  ел 

чемпионатына аттанып кетті. 

Жас палуандарға сәттілік тілейміз.



Н.ӘБІЛАХАТҰЛЫ.

ДАМИР МЕН ДИАНА ТҮРКИЯҒА БАРАДЫ

Кеше  аудан  әкімдігінің  мә-

жіліс  залында  аудан  әкімінің 

орынбасары 

А.Қаржаубаевтың 

жүр гізуімен 

кәмелетке 

тол-

мағандардың  ісі  және  олардың 



құқықтарын  қорғау  жөніндегі 

аудандық  комиссия  отырысы 

болып өтті.

Күн 


тәртібіндегі 

бірінші 


мәселе  «Жетім,  ата-ана  қам қор-

лығынсыз  қалған  бала лар  мен 

жасөспірімдердің  құ қық  тарының 

сақталуы 

ту ралы» 

аудандық 

білім 

бөлімі 


басшысының 

міндетін  атқарушы  Б.Дүйсенбаев 

хабарлама жасады.

Аудандық  білім  бөлімінің 

«Қорғаншылық  және  қам қор-

шылық  жөніндегі  функ цияларды 

жүзеге  асыратын  органында» 

аудан  бойынша  жетім  және  ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қал-

ған  бала  саны  бүгінгі  күні  60, 

оның ішінде тұл жетім бала саны 

19  (11  қорғаншы,  8  қамқоршы), 

ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған 

бала  саны  38  (33  қорғаншы,  5 

қамқоршы),  патронаттық  тәр-

биелеуге  3  бала  3  тәрбиешіге 

берілген.  Аудан  бойынша  жетім 

және 


ата-анасының 

қам қор-


лығынсыз  қалған  бала ларды 

тұрғын  үй  кезегіне  қоюға  жұ-

мыс тар 

жүргізілген. 

Бүгінгі 

күні  жетім  және  ата-анасының 

қамқорлығынсыз 

қал ған 


60 

баланың  34-і  тұрғын  үй  кезегіне 

қойылса,  8  баланың  заңды 

мұрагерлікке 

қалған 

үйлері 


бар.  Олардың  барлығы  қор-

ғаншы-қамқоршылықта 

және 

патронаттық тәрбиеде. Жетім және 



ата-анасының  қамқорлығынсыз 

қалған  балалар  жүз  пайыз 

бір  мезгіл  ыстық  тамақпен, 

киіммен  қамтылған  және  жазғы 

тынығу-  сауықтыру  орындарына 

жіберілген. 

Аудандық 

білім 


бөлімінің  жанынан  5  адамнан 

құрыл ған  «Қорғаншы  және  қам

-

қоршы  тағайындау»  жөніндегі 



комиссия жұмыс жасайды. 

Аудандық  комиссияның  күн 

тәртібінде қаралған екінші мәселе 

«Құқық  бұзушылық,  суицидтің, 

нашақорлықтың  алдын  алу» 

жұмыстары  жөнінде  Қармақшы 

аграрлы- техникалық колледжінің 

әдіскері Р.Елдесбаева баяндады. 

Аудандағы  аталмыш  кол-

леджде  320  студент  мем лекеттік 

тапсырыспен, 

35 


сту дент 

«Жұмыспен  қамту-2020»  бағ-

дар ламасы  бойынша  білім  алуда. 

2014  жылы  колледж  студенттері 

арасында 

суицид 


фак тілері 

тіркелмеген.  Колледжде  «Құқық» 

клубы, жастар мен жасөспірімдер 

арасында  наша қорлықтың  және 

есірткі  биз несінің  алдын  алу 

бағытында «Наркобекет» тұрақты 

жұмыс жасайды. 

Колледжде  құқық  бұзушылық 

пен қылмыстылықтың алдын алу, 

зиян  әдеттер:  есірткі  бизнесі  мен 

ішімдікке қарсы күрес, салауатты 

өмір  салтын  сақтау  мақсатында 

іс-шаралар  жоспары  жасалынып, 

түрлі  шаралар  жиі  өткізіліп 

отырылады. 

Комиссия  отырысын  оның 

төрағасы  А.Қаржаубаев  қоры-

тындылады. 



«Қт» ақпарат. 

БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 

БАСШЫСЫ АУЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА.  ҚазАқпарат  -  Облыс  әкімінің  2015  жылғы  5  ақпандағы 

өкімімен  Сайлыбаев  Бахытжан  Әбдіқалықұлы  Қызылорда  облысының  білім 

басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бахытжан  Әбдіқалықұлы  1955  жылы  Жаңақорған  ауданында  дүниеге 

келген.  Н.В.Гоголь  атындағы  Қызылорда  педагогикалық  институтын 

математика  пәнінің  мұғалімі  мамандығы  бойынша  бітірген.  Педагогика 

ғылымдарының докторы, академиялық профессор.

Еңбек жолын 1976 жылы орта мектеп мұғалімі ретінде бастаған. 1981-1993 

жылдары - Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының оқытушысы, аға 

оқытушысы, 1993-2011 жылдары - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік 

университетінің  бастауыш  білім  берудің  педагогикасы  мен  әдістемесі 

кафедрасының  меңгерушісі,  оқу-әдістемелік  басқармасының  бастығы,  оқу-

әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, бірінші проректоры, 2011-2012 

жылдары  -  Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің 

бірінші проректоры қызметтерін атқарған. 

2013  жылдан  осы  кезге  дейін  Қызылорда  облысының  білім  басқармасы 

басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.



КӘСІПТІК БІЛІМ КӨКЖИЕГІ

ҚЫЗЫЛОРДА.  ҚазАқпарат  -  М.Мәметова  атындағы  Қызылорда 

гуманитарлық  колледжінде  облыстық  оқу  орталығымен  бірлескен 

«Жаратылыстану  ғылымдары  -  қазіргі  ғылыми-техникалық  прогресті 

жеделдетудің  негізі»  тақырыбындағы  облыстық  техникалық  және  кәсіптік 

білім  беру  оқу  орындары  арасында  студенттердің  ғылыми-практикалық 

конференциясы болып өтті.

Оған  облыс  көлеміндегі      техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  оқу 

орындары    бойынша    16  оқу  орнынан  67  студент  қатысты.  Олар  ғылым 

мен  техника  жетістіктерін  пайдалана  отырып  жаратылыста  болып  жатқан 

физикалық  құбылыстарды,  табиғат  пен  экологияны,  химия-биологиялық 

қосылыстарды,  нанотехнология  мен  математикалық  есептеулерді  ғылыми-

зерттеу жұмыстарына арқау етіп, ойларымен бөлісті.

Конференция 

қорытындысы 

бойынша 


М.Мәметова 

атындағы 

гуманитарлық колледжі,  Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, 

Шиелі  индустриалды-аграрлық  колледжі,  «Болашақ»  медицина  колледжі,  

Қызылорда  құрылыс  және  бизнес  колледжі  және  Қармақшы  аграрлы-

техникалық  колледжінің студенттері облыстық білім басқармасының  арнайы 

дипломдарымен  марапатталып,  қалған  қатысушыларға  облыстық  оқу 

орталығының (әдістемелік кабинет) сертификаты табысталды. Сонымен қатар 

студенттердің жаратылыстану ғылымдары бойынша ғылыми жетекшілерімен 

бірлесе зерттеген жұмыстарының жинағы дайындалып, таратылды. 



ЕҢБЕКАҚЫ БЕРЕШЕГІН 

ӨТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат  - Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен 

дағдарысқа  қарсы  штаб  отырысы  өтті.  Мәжілісте  еңбекақы  берешегін  өтеу 

мәселесі қаралды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бүгінгі  таңда  елімізде  әрбір  адамды  жұмыспен  қамтамасыз  етіп,  оған 

уақытында  еңбекақы  төлеу  басты  назарда  тұр.  Облыстағы    жеті  кәсіпорын 

жұмыскерлердің  жалақыларын  төлемеген.  Бүгіндері  бұл  кәсіпорындардың 

еңбекақы  берешегі  1327  жұмысшыға  162  млн.  теңгеден  асып  жығылады. 

Облыс  әкімі  жұмысшылардың  маңдай  терімен  тапқан  жалақыларын  төлемеу 

кикілжіңге алып баратын жағдай екенін қатаң ескертті.

«Мекеме басшыларына сөгіс жариялап, ескерту жасап отыратын уақыт жоқ, 

еңбек заңнамасына сай құқық бұзылса, тиісті жауапқа алу керек», - деді аймақ 

басшысы.

Айта  кетейік,  өндіріс  процесін  тұрақтандыру  және  жұмысшылардың 

еңбек  құқығы  мен  кепілдігін  қамтамасыз  ету  бойынша  Қызылорда  облысы 

әкімдігі  және  ірі  және  орта  кәсіпорындар  арасында  ынтымақтастық  туралы 

меморандумдарға қол қойылған болатын. Облыс әкімі шаруашылық жағдайы 

қаншалықты  ауыр  болғанымен  де,  еңбеккерлердің  ақысын  уақтылы  өтеу 

бірінші кезекте тұруы тиіс екенін айтып, кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық 

қызметіне және жұмыс қуаттылығына апта сайын мониторинг жүргізуді және 

ақпанның  15-не  дейін  барлық  берешектен  құтылу  жөнінде  тиісті    мекеме 

басшыларына қатаң тапсырма берді.  



Ау

дандық к

омиссияда

БАЛАЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫ 

БАСТЫ НАЗАРДА



Өзінің 

қанқұйлы 

шай қас-

тарымен,  аяусыздығымен  көптеген 

халықтың жадында мәңгі сақталып 

қалған  екінші  дүниежүзілік  соғыс 

зардабын адамзат баласы әлі күнге 

дейін  ұмытқан жоқ.

Осы  бір  сұрапыл  соғыста 

біріміз  аяулы  әкемізден,  енді 

біріміз  бауырымыздан  айырылдық. 

Көптеген  атпал  азаматтар  сол 

соғыстың  ұрыс  даласында  із-

түссіз  жоғалып  кетті.  Олардың 

қайда,  қай  жерде  қаза  болғаны, 

яки  қайда екенінен әлі күнге дейін 

туысқандары  хабар  ала  алмай 

отырған жайы бар.

Енді  бірі  сол  бір  арам  ниетті 

фашистерді  өздерінің  шыққан 

індеріне 

қайта 


тығып, 

елге 


оралғасын бейбіт өмірде туған елінің 

экономикасының  дамуына  сүбелі 

үлестерін  қосып,  отбастарында 

тәрбиелеген    ұрпақтарымен  бірге  

бақытты ғұмыр кешіп, бірі  өмірден 

озса,  енді  бірі  өздерінің  қарттық 

бақытты шақтарын жалғастыруда.

Міне,  туған  Отаны мен халқы 

үшін жанқиярлық сұрапыл соғыста 

от пен өлімнің ортасында   жаумен 

соғысып  жүріп,  көптеген  ерлікті 

істері  үшін  жауынгерлік  орден-

медалдарға  ие  болған    және  де 

соғыстан  кейінгі  жылдары  туған 

елінің  өсіп-өркендеуіне  өзінің 

сүбелі  үлесін  қосқан,  отбасында 

ардақты  әке,  аяулы  жар  атанып, 

бұл  өмірден      тек  алғыс  арқалап 

өткен  менің  әкем  Талғат  Әбуов  те 

солардың қатарында.

Ал,  енді  мен  өзімнің  әкемнің 

Алла  тағала  пешенесіне  жазып 

берген  ғұмыры  жайлы  айтар 

болсам, ол кісі талай дарын иелері, 

ақын-жазушылар  мен  басқа  да 

есімдері елге танылған азаматтарды 

тәрбиелеп-өсірген 

қасиетті 

Қармақшы 

өлкесінің 

қазіргі 

Алдашбай ахун ауылындағы шаруа 

отбасында  дүниеге келген. 

Бала    Талғат  жасынан  ата-

анасына  жәрдемдесу  мақсатында 

ауылдағы 

жұмысқа 

ерте 


араласады.    Ол  жұмыс  істей 

жүріп,  өз  замандастары  сияқты  

ауыл  орталығындағы    Ворошилов 

атындағы  жетіжылдық  мектепте 

тәлім алып шығады.

Неміс  басқыншылары  соғыс 

өртін шарпып, елімізге қатер төндіре 

енген  1941 жылы ол небәрі он алты 

жаста  болатын.  Әкем  елді  неміс 

фашистерінен  азат  етуге    аттанған 

ауылдас  ағаларының  соңынан  өз 

өтініші  бойынша    аудандық  соғыс 

комиссариаты  арқылы    майданға 

аттанады.

Алдымен    ол  еліміздің  шы-

ғысында  Мацевский  стансасында  

жауын герлік  дайындықтан  өтіп, 

әскери басшылықтың ұйғары мымен 

іріктеліп  алынып,  Ленинград-

ты  қорғауға  жіберіледі.  Содан 

Ленинград  майданындағы  №92 

двизия ның  9  полкіндегі  8  ат қыш-

тар  ротасында    қаһарман  қала  

Ленинградты  жаудан  қорғауға 

қатысады.  Өзінің  қаруластарымен 

бірге көптеген ұйқысыз түндер мен 

мазасыз  күндерді  өткізеді.  Кейін 

неміс  фашистерінен  Ленинград 

маңын  тазартып,    Кингиссеп  қала-

сында  бекініс  жасайды.  Жаумен 

қоян-қолтық  жүргізген қанды ұрыс-

тарды  өткізіп,  ол  қаланы  да  азат 

етеді. Бірақ әкем сол қанды шайқаста 

қатты  жарақат  алып,  Ленинград 

қаласындағы  әскери  госпитальда 

емделіп, қаруластарының  қатарына 

қайта  келіп қосылады. 

Иә, осы бір сұрапыл соғыста екі 

жақтан  қаншама  адам  жараланып, 

қаза  болды  десеңші.  1944  жылдың 

шілде  айында  менің  әкем  Талғат 

Әбуов    Кеңес  әскерлері  қатарында  

Эстонияның Нарва қаласын фашис-

терден  азат  етуге  қатысады.  Нарва 

қаласын  азат  етудегі  шайқаста 

көрсеткен  ерлігі  үшін  ол    «Қызыл 

жұлдыз» орденімен марапатталады. 

Бірақ,  ол  кісі  өзі  де    бес  жерінен  

ауыр  жарақат  алып,    қайтадан 

Ленинград  қаласындағы  әскери 

госпитальге емделуге жіберіледі.

Сөйтіп  әкем  Талғат  Әбуов 

Жеңісті  сол  жерде  қарсы  алады. 

Ол кісі жарақатынан жазылған соң 

әскери міндетін жалғастырып, 1945 

жылдың  қыркүйек  айында  жапон 

милитаристерімен  болған  соғысқа 

қатысады  және  соғыс  біткеннен 

кейін  әкем  өзінің  ұқыптылығымен  

соғыс  комиссариатының  көзіне 

түсіп,  біршама  уақыт,  яғни  1950 

жыл ға дейін  өзі қызмет ететін  әс-

кери  бөлімнің    штабында  қызмет 

етеді. 


1950  жылы  ол  кісі  әскери 

қызметтен  босап  елге  оралған  соң 

анамыз  Кенжеғаным  Камаловамен 

отау  құрады.  Содан  соң  көп 

ұзамай 

аудан 


басшылығының 

ұйғарымымен  Львов  қаласындағы 

арнайы    мили ция  мектебіне 

оқуға  жіберіледі.      Әкем  аталмыш 

мектепте    арнайы  дайындықтан 

өткен  соң  лейтенант  шенін  алып, 

елге  оралғаннан  кейін    Қармақшы, 

Қазалы  және  Арал  аудандары 

мен  Байқоңыр  қаласы  бойынша  

қауіпсіздік  комитеттерінде  1964 

жылға  дейін  абыройлы  еңбек  етіп,  

майор  атағымен    зейнеткерлік 

демалысқа шығады.  

Ал, 


1965-1971 

жылдары 


«Жаңақала»  кеңшарындағы  әуе-

жайда, содан кейін 1985 жылға дейін  

атал  мыш  кеңшардың  кадр  бөлімі 

инспекторы болып еңбек етті. 1996 

жы лы  Қызылорда  қаласы,  Белкөл 

кен тіне  отбасымен  көшіп  келген 

соң  әкем    сол  кентте  ардагерлер 

кеңесінің 

төрағасы 

қызметін 

атқарып, кенттің өркендеуіне сүбелі 

үлесін қосады. 

Марқұм  әкем  қай  салада 

қызметте жүрсе де  бірге қызметтес 

болған  азаматтармен  сыйластық 

қатынаста  жүріп  еңбек  етті.  Ол 

кісі кішіні кіші деп ақылын айтып, 

үлкенді  үлкен  деп  сыйласа  білді.  

Әкем  тәртіпке  өте  жақын  болды. 

Ұрпақтарын  да  соған  үйретті. 

Бүгінде  біз  әкеміздің  берген  

тәрбиесінің  арқасында  өмірден 

өзіміздің 

жолымызды 

тауып, 

балаларымызға    әкеден    қалған 



аманат  ретінде  алған  тәрбиемізді 

беріп келеміз. 

Міне,  сондай  елеулі  еңбектері 

мен  ерліктері  үшінде  әкеміз   

жауынгерлік  «Қызыл  жұлдыз» 

және  «І  дәрежелі  Ұлы  Отан 

соғысы»  ордендерімен,  сонымен 

қатар  «Германияны  жеңгені  үшін», 

«КСРО 

маршалы 


Г.К.Жуков», 

«1941-1945  жылдардағы  ҰОС-ғы 

Жеңіске  20,30,40,50,60 жыл» және  

«КСРО Қарулы Күштеріне 50,60,70 

жыл»  мерекелік  медалдарымен,  

«Еңбек  ардагері»  төсбелгісімен 

марапатталды.

Міне,  туған халқына ақжарқын,  

адамгершілік  қасиетімен  танылған 

әкем Талғат анамыз Кенжеғаныммен 

екеуі  5  ұл,  1  қыз  тәрбиелеп  өсіріп, 

ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.  

Олардан  тараған  немерлерінің 

алғашқылары  еліміздің  түкпір-

түкпірінде  ел  экономикасының 

дамуына өздерінің сүбелі үлестерін 

қосып,  ата  аманатын  адал  атқарып 

келеді. 


Бүгінде  ардақты  әкеміз  тірі 

болғанда  оның  90  жасқа  толған 

туған 

күнін 


және 

Жеңістің 

70  жылдық  торқалы  тойын 

бірге  мерекелейтін  едік.  Бірақ, 

«Жазмыштан озмыш жоқ» дегендей  

тек  әкеміздің  рухына  арнап  құран 

ғана    бағыштаймыз.  Жатқан  жерің 

жайлы,  жаның  жәннатта  болғай, 

жан әке.

Ертарғын ӘБУОВ,

баласы.

ЖАУЫНГЕР 

БЕЙНЕСІ ӨШПЕЙДІ


ҚАРМАҚШЫ

таңы


2

11 ақпан, 2015 жыл

Бос кеудеден дым шықпас

                                 қазсаң- дағы,

Айдан сәуле төгілер аспандағы.

Танымаған тарихын ел 

                                              болмайды,

Белшесінен байлыққа батса-

дағы.


Анау-аспан, мынау-жер

 табаныңда,

О, Тәңірім! Басқаға таба 

қылма.


Көк түріктің баласы ек көк

 тіреген


Қайсарлығы аңыз боп қалған

 қырда.


Керей менен Жәнібек хандық

 құрды,


Бағындыру керек ед талай

 шыңды.


Керегесін жаю үшін

 келешектің,

Бел бүгіліп, ой қажып, найза 

сынды.


“Мың тіріліп, мың өлген қазақ

 едік”,


Жан дүниемде жүйткиді ой боп 

елік.


Сақтап қалу үшін де елдігімді

Даламызда қалған-ды сансыз

 өлік.

Тұтқиылдан шапса деп жауың



 бөтен,

Ер тоқымын басына жастап

 өткен.

Керме жіптен босатпай кер 



тұлпарын,

Бес қаруын бойына тағып 

өскен.

Тереңіне тағдырдың кім



 бойлаған,

Тоғым ханның қайғысын бар ма

 ойлаған?!.

Тоғыз ұлмен шайқаста бірге 

алды,

Ажал шіркін құлқыны бір



 тоймаған.

Жоңғарлар да құртам деп сан 

ұрынды,

Естен кетпес “Ақтабан



 шұбырынды”.

Ішін жарып әйелдің, балаңызды

Найза ұшына.. Көргенбіз

 сұмдығыңды.

Орысың да жасады сансыз

 айла,


Талай жерді басынып алғаны

 ойда.


Аталардың жалғаған ерлік

 жолын


Кенесары бабамның басы

 қайда?!.

Маңызды іс шешпейді құрған

 егес,


Жеткізбейді қусаң да құрғақ

 елес.


Өткеніңе қарасаң ой жіберіп,

Ел болуы қазақтың оңай емес.

Не қиындық көрсе де берілмеген,

“Арым үшін садаға жаным” 

деген.

Қазақ деген халықпыз көк



 бөрідей

Жауларынан ешқашан 

жеңілмеген.

Тәуелсіздік алғанда танып

 әлем,

Тізгінімді мен қалай жатқа



 берем?..

Бабалардың аңсаған арман 

күнін

Жүрегіне жұртымның жеткіз



 өлең.

Өз ұясы болады құстың-дағы,

Толғандырған елімнің 

болашағы.

Алшаң басып жүргенің өз еліңде

Білгендерге ғұмырдың асқан

 бағы.

Жақсы өмір көктемнің



 сәуіріндей,

Далам жатыр қазақтың 

көңіліндей.

Бақытыңды бағалап басыңдағы

Тарихыңа табын сен, 

Тәңіріңдей!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет