Газет 1934 жылѓы 1 ќазаннан шыѓады



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.02.2017
өлшемі3,95 Mb.
#3531
1   2   3   4   5   6

Н.Ә. Назарбаев:

«Біз  ұлттың  тарихи  са-

насын 

қалыптастыру 



жұмысын  жалғастыруымыз 

керек...


Тағылымы  мол  тарихы-

мызбен,  ұлы  бабалардың 

ұлағатты  өмірінен  алар 

тәлімімізбен біз алдағы асу-

лардан алқынбай асамыз...

Қазақстан  халқы  ұлы 

тарихтың 

иесі 


атануға 

лайық...»



көк бөрілердің көз жасы кітабынан

Инаныш ханның екі ұлы

(Жалғасы бар).

Н а й м а Н



Тұрсынхан зӘкеНұлы

(Жалғасы. 

басы өткен санда)

4 бет

ақсу өңірі

 20 наурыз 2014 жыл

Ж

ер  ананың  тілейтіні  тыныштық, 



Заман  алмасып,  ұрпақ  жаңарған 

сайын  кейбір  ұлттық  тағамдар  да 

күнделікті тұрмыс дастарқанымыздан 

ұмытылып  бара  жатыр.  Мұндай 

тағамдар өте көп. Алдағы уақытта бұл 

тақырып  жайлы  тағы  да  тоқталатын 

боламыз.  Наурыз  мерекесіне  орай 

сіздерге ұмыт бола бастаған бірнеше 

түрлі  тағамдар  жөнінде  түсінік 

Ұмытыла бастаған Ұлттық 

тағамдар

береміз. Бұл тағамдар жайлы арнаулы суреттер болмағандықтан, 

тек жазба түрі

1. Мипалау – тағамның аты айтып тұрғандай малдың миынан 

әзірленеді. Сұйық тағам. Бастың миын алып, оған бауыр, құйрық 

майы, бастың құйқасын әбден араластырады. Бұған қымыз, ай-

ран немесе тұзды сүзбе қосып, майлы сорпа құйса мипалаудың 

дәмі де, маңызы да арта түседі. Семіз ет жеп отырған қонақтарға 

мипалау  жасап  ұсыну  да  қазақша  дәм  берудің  тағы  бір  жақсы 

үлгісі.  Мипалауды  ортаға  үлкендеу,  терең  ыдысқа  құйып  ішіне 

бірнеше қасық салып, үлкен кісілерден бастап ауыз тиеді.



2.  Дәл  сондай  ұмыт  бола  бастаған  астың  бірі  –  Шалжығар. 

Қазақ сөзінде «Шалжығар қымыз» деген тіркес бар. Бұл дөнен, 

бесті  қымыздарды  айтса  керек.  Қымыздың  күштілігіне  қарай 

«Шалжығар  қымыз»  деп  аталған.  Бірақ,  мұнда  айтпақ  болған 

ас-тағам  мүлде  басқа.  Шалжығар  тағамы  былай  жасалады 

екен.  Жаңа  сойылған  қойдың  етін  құйрық,  өкпе-бауырымен 

қоса  түгел  қарынға  тығып,  тұз,  бұрыш,  сарымсақ,  пияз  қосады 

да  аузы  тігілген  қарынды  шұңқырға  жағалаған  оттың  шоғына 

көміп,  топырақпен  бастырып  тастайды.  Қарындағы  еттің  демі 

шығып тұруы үшін қойдың асық жілігінен түтік жасап, бір басын 

қарынға тығып, екінші басын пештің мұржасы секілді, топырақтан 

шығарып қояды. Бұл жайлы Шәкен Аймановтың: «Бұл астың аты 

–  Шалжығар.  Баяғыда  шопандар  байдың  бір  қойын  ұрлап  сой-

ып алып, қарынға тыққан етті шұңқырдағы шоққа тәңертең көміп 

кетсе,  кешке  былқылдап  пысып  тұрады  екен.  Бар  қуаты  өзінде 

қалатын  бұл  асты  кейбір  кәрі  шалдар  көтере  алмай,  жығылып 

қалады. Шалжығар атанғаны содан» дегені бар екен.

3.  Бұқпа  –  марқаның  жіліктері  мен  омыртқа,  қабырғаларын 

балтамен ұсақтап, қазанға салып, үстіне аздаған су құйып, бетін 

жауып дайындайды.

4. Томыртқа – қыста ыстық сорпаға бір түйір таза мұз салып, 

дәмін сәл өзгертіп ішеді. Мұны томыртқа деп атайды.



5.  Ал,  өзімізге  белгілі  қуырдақтың  да  бірнеше  түрі  болады. 

Қуырдақ жайлы осыдан біраз бұрын осы сайытта жазылған бо-

латын.

Қуырдақ  –  соғым  сойғанда  етін,  өкпесін,  жүрегін,  бүйрегін, 

бауырын  ұсақтап  турап,  майға  қуырып  жасайды.  Бауырды  көп 

қайнап, қатайып кетпес үшін соңынан салады.

Кісе қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе, бауыр, бүйрек, 

ішек,  қарынын  турап,  майға  қуырып  әзірлейді.  Етті  аз  қосып, 

сарымсақ, бек деп аталатын шөптерді салады.

Сырбаз қуырдақ – жаңа сойылған малдың етінен үстіне бие 

сүтін  құйып,  тұз  салып  қайнатып,  жасайды.  Оны  кей  жерлерде 

«Бұқпа қуырдақ» деп те атайды. Піскен кезде сағыздай созылып 

тұрады. Аталған дәм сыйлы кісілер мен қарт адамдар үшін дай-

ындалады.

Манас қуырдақ – негізінен аң етінен (киік, арқар, елік) жаса-

лады.  Етті  ұсақтамай  турайды.  Тұз  салып  қазанға  қайнатады. 

Пісе бастағанда үстіне қаймақ құйып, ұн сеуіп араластырады да 

қуырады. Дастарқанға манас қуырдақ майымен қоса қойылады.



6.  Қарма  –  бұл  қазақ  даласында  бұрыннан  бар,  балық 

шаруашылығымен  айналысатын  ру-тайпаларда  болады.  Әйгілі 

халық  ақыны  Нұрхан  Ахметбековтың  «Мекен  еттім  жапалақтай 

жар  басын,  азық  қылдым  ақ  балықтың  қармасын»  деген  өлең 

жолдары  бар.  Балық  сүйегін,  оған  аздап  балық  етін  де  қосып 

қазанға қарып қуырады. Келіге салып, ұнтақтайды. Сосын кәдімгі 

диірменге тартса, одан қызылқоңыр талқан шығады. Қарма де-

ген  тағам  осылай  жасалады.  Балық  жармасы  деп  те  атайды. 

Денсаулыққа өте пайдалы тағам есептеледі. Балықшы ауылдар-

да әлі күнге осы тағамды жасайтындар бар. Бірақ, көп жерлердегі 

халықтар мұны біле бермейді.

Наурыз – тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың 

мейрамы. Бұл күнді халқымыз жаңа өмірдің жаршысы, береке - бірліктің 

бастауы  деп  білген.  Наурыз    мерекесін  тойлау  дәстүрі  дүниежүзі 

халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері 

орын алған. Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. 

Ұлыс  күні  қазақ  елі  үшін  әрқашан  қасиетті,  киелі  саналған.  Бұл  күнді 

қарсы алу алдында біздің халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың 

ер  адамдары  бір-бірімен  қос  қолдасып,  төс  қағыстырса,  әйелдер 

құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтқан. Көпшілік қауым бірін-бірі ме-

рекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырған. Оған қойдың 

басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен  қоштасуды, құрамына 

ақтың қосылуы – жаз тағамымен қауышуды білдірген. Әдетте, осы күні 

адамдар  арам  пиғыл,  пендешілік  атаулыдан  тазарып,  ар-ожданы  ал-

дында арылады деген сенімде болған. Ауыл ақсақалдары араларына 

жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастар-

ханнан  дәм  таттырып,  табыстырған.  Жұтқа  ұшырап  қиналғандарға 

жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылған. 

Дәстүрлі ұлттық ойындар тойланған. 

Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар 

да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер 

бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам ба-

ласына  құт-береке,  бақ-дәулет  сыйлайды.  Самарқанның  көк  тасы 

ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде 

қызғалдақтар  құлпыра  өсiп,  бел-белестерге  қызылды-жасылды  кiлем 

төселедi.  Ұлан-байтақ  Қазақстанның  халқы  жетi  түрлi  дәмнен  наурыз 

көже  жасап,  ұлттық  салт-дәстүр,  әдет-ғұрыптарды  сақтап,  ай  бойы 

Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрам-

да  араздасқандар  татуласып,  дүйiм  халық,  мұқым  ел  ауызбiршiлiкте 

болады.  Бұл  дәстүр  біздің  қазақ  халықына  да  тән.  Қазір  жүзден  аса 

ұлт пен  ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан күмбезі 

көркем  биік  шаңыраққа  ұқсайды.  Ынтымағы  жарасқан  көп  ұлтты 

елiмiздiң  осы  бiрлiгi  Мәңгілік  Еліміздің  мәңгі  арқауы  болып,  ұзағынан 

сүйiндiрсін.  Еліміз  өркен  жайып,  Наурыз  баршамызға  ынтымақ  пен 

сәттілік алып келсін. Жаңа жылға жаңа тілек, игі үмітпен аяқ басайық. 

Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты 

болсын, ағайын!

                               



 Б. қожақМетова,

 аудандық ХқКо бөлімінің инспекторы.

22  наурыз  –  еліміздегі  ең  үлкен 

мерекенің  бірі.  Бұл  күні  жер  бу-

санып,  көк  әлемінен  нұр  төгіледі. 

Көктемнің  көгілдір  күні  адамзатты 

да, бар жан-жануарды да шаттыққа 

бөлейді.  22  наурыз  Ұлыстың  Ұлы 

күні.


Бұл  күнді  әлемдегі  ең  әдемі  

мереке  деуге  болады.  Себебі, 

жер  анамыз  көктемнің  жәйсары 

шуағына бөленеді. Бұл күні көгілдір 

көкке,  ақбасты  шыңдарға,  жазира-

лы    жазықтарға  қарасаңыз  да  ақ 

көрінісінен  арылған  дүние  толқып, 

балқып  көк  сағымға  оранады. 

Бұл  күні  бар  табиғат,  тіршілік  дүр 

сілкініп,  келер  күнге  жаңа  сенім, 

жаңа көзқараспен қарайды.

22  наурыз  –  Жыл  басы.  Қазақ 

халқының  ең  сүйікті  жануары 

Жылқы  табалдырықтан  аттайды. 

Бұл  күні  бүкіл  қазақ  елі  жылы-

жұмсағын  шығарып,  көп  көжені 

дайындайды.  Бұл  қазақтың  ежелгі 

дәстүрі.


Биылғы наурыз ерекше. Ел басы-

Қыс біткелі аязы жоқ үскірік,

Күн күлімдеп, шуақ шашты ес кіріп.

Құстар ән сап, сүйіншілеп келгендей,

Бұлақтағы су сылдыры естіліп.

Ай менен Күн теңескенде көгіме,

Наурыз! Көктем! Құт дарытшы еліме.

Берекелі қонағым бол төріме,

Несібеңді аямай шаш жеріме.

Жақсылықты күтем сенен жыл басы,

Жаңалыққа жол бастаған жылғасы.

Аналардың мерекесін тойлатқан,

Наурыз тойдың көктем мәңгі құрдасы.

Ақ батасы ақ сақалды атаның,

Ақ тілегі ақ жаулықты ананың.

Ақ мол болсын, пейілі кең халқымның,

Дархандығы кеңдігіндей даланың.

Жер – Ананы жасыл желек жалғасын,

Бәйшешек гүл көбейіп еш салмасын.

Бейбіт өмір бесігінде тербелер,

Болашақты Тәңір өзі қолдасын!

Диана тҰрЛЫБеК,

қаракемер орта мектебі мектеп-

ке дейінгі шағын орталығымен 

коммуналдық мемлекеттік 

мекемесінің 6-сынып оқушысы.

Алтынарық ауылы.

Табиғаттың арайлансын ажары,

Болмаса екен тартар оның азабы.

Табиғатқа тазалықты тарту ет,

Тарқамасын аң мен құстың базары.

Жүрекпен аялайық Жер – Ананы,

Байқаймысың, жаны оның жаралы.

Табиғатқа азаматтық танытар,

Санын көбейт адамдардың саналы.

Нұрыңды шаш табиғат жанарына,

Жақсылық қос даламның самалына.

Алақанмен аялап күш, қуат бер,

Заманды алға сүйер саналыға.

Әрбір адам ойлап бассын қадамын,

Шалдықтырма зардабына заманның.

Ынтымағы, тұтастығы бұзылмай,

Жолы болсын табиғат пен адамның.

Табиғат арқау болсын ән мен жырға,

Бөленсін атамекен шуақ нұрға.

Ұлылыққа ұмтылған намысы бар,

Көбейсін елімізде дара тұлға.

Мән берейік ақыл – ой асқарына,

Аққу ұшып самғасын аспанымда.

Аялы алақанын аямайтын,

Салиқалы сана бер жастарыма.

Мұңды неге пәк табиғат – Анамыз,

Қазір біздің уланған ба санамыз?

«Балаңа арнап бақ өсір» - деген сөзді,

Қалай ғана тауып айтқан бабамыз.

Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,

Айналсын құтты қоныс тұрағыңа.

Жайқалсын өлкемізде жасыл әлем,

Бөленіп алақанның шуағына.



а. ИМаНаЛИқЫЗЫ,

қарасу орталау мектебінің 

биология пәнінің мұғалімі.

Еңбек ауылы.



КӨКТЕМ КЕЛДІ

таЗалықты 

табИғатқа тартУ Ет!

* * *

Қыдыр дарып, бақ қонсын!



НАУРЫЗ - ЖЕР АНАҒА НҰР ШАШАДЫ

мыз  Қазақстан  халқына  арнаған 

Жолдауында  алдыңғы  қатарлы 

30–елдің  қатарына  қосылуды 

мақсат  етіп  қойды.  «Қазақ  елі» 

деген атауға ие болуға шақырды. 

Ұлтымызды  әлемге  паш  ету  үшін 

Қазақ  елі  атанғанымыз  жөн  емес 

пе?  Олай  болса  Ақсу  халқы  осы 

Жолдауды  серік  етіп,  жылқы  жы-

лын  табысты  бастап,  сәттілікпен 

жемісті  қорытындылайды  деген 

сенімде болайық.

Ғасырлар  бойы  адамзат  күн 

мен түннің теңелуіне ерекше мән 

беріп,  өткеніне  үңіліп,  келешекке 

үміт  артқан.  Ендеше  бұл  жыл-

да  әрқайсымыздың  отбасына 

береке-бірлік  орнасын.  Ұлыстың 

Ұлы күні айтылған әр тілек орын-

далады 

десек, 


баршаңызға 

жақсылық тілеймін.



с. ИМаНжаНова,

аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі.

Жеткен кезде наурызымыз жапан біткен 

                               жаңғырар,

Тұман орап тау басын аспан үрпі салбырар.

Жансыздарға жан бітіп, әуен билеп маңды бар,

Жер көгеріп, шөп қаулап, мерейін бір қандырар.

Күнге тосып арқасын жан – жануар албырар,

Аунап – қунап барлығы түгін қалдырар.

Келе сала наурызым жоқ нәрсені бар қылар!


5 бет

ақсу өңірі

 20 наурыз 2014 жыл

Н

аурызбенен  келе  берсін  ырыс - құт!



Ұмытыла бастаған Ұлттық 

тағамдар


«Ағы бАрдың бАғы бАр» деп қазақ 

халқы    сүт  тағамын  бақыт,  несібе  деп 

білген. Сүтті соншалықты қастерлеудің бас-

ты  себебі-  ол  тіршілік  арқауы,  одан  неше 

алуан  құнарлы  тағамдар  әзірлеп,  дастар-

хан  молшылығын  көбейтеді.  Әр    жасаған 

тағамдарына ат қоя білген.

Сүт.  Сиыр,  қой,  ешкі  сүттерін  сау-

ып  алғаннан  кейін,  жақсылап  пісіріп,  сол 

күйінде  қолдана  береді  және  ұйытып,  айран,  қатық,  құрт,  қаймақ,  май, 

ірімшік жасайды. Түйе сүтінен шұбат, бие сүтінен қымыз жасайды. 

  Қатық. Көбінесе қойдың, ешкі мен сиырдың қаймағы алынбаған сүттен 

ұйытқан, аса қою айранды қатық деп атайды. Оны ұйытудың жолы – піскен 

сүт  қан  жылым  дәрежесіне  дейін  салқындатылады  да,  бұрынғы  айран-

нан  ұйытқы  құйып  (Бір  шелек  сүтке  бір  кесе  )  арластырады.  Сонан  соң 

бетін  жауып,  қымтап  қояды.  Ұйыған  уақытта  қатықтың  бетін  ашып,  біраз 

салқындатады.  Жақсы  ұйыған  қатыққа  шаңышқы  қасық  тік  тұрады.  Оның 

қатық атауы да осыдан.

Сүзбе.  Жақсы  ұйыған  қатықты  қапқа  құйып,  асып  қойып  сорғытып 

сүзеді. Пісілген, майы алынған, ашыған айранды жинап, қазанға құйып, бір 

қайнатып,  ірітеді.  Оны  бөз  матадан  дорбаға  құйып  сүзеді.  Сүзбені  көжеге 

қатуға  пайдаланады.  Тұз  қосып  арластырып,  құрт  жаяды.  Ет  асқанда, 

сорпаға қатып ішеді.

Іркіт. Құрт қайнату, кейде майын алып, іркітін сусынға ішу үшін сабаға 

күбіге жинап ашытқан айран –қатық, шикі сүт. Іркіттің басын піскен сүттен 

ұйытып  алып  сабаға  құяды.  Кейде  іркітті  пісіріп,  сапырып,  сусын  орнына 

да  ішеді.  Іркіт  өте  тоқ  сусын.  Қойдың  іркіті,  сиырдың  іркіті,  пісілген  іркіт, 

пісілмеген іркіт, сабаның іркіті, күбінің іркіті дейтін түрлері бар. 

Қаймақ. Бұл тағамның бірнеше түрлері бар: піскен қаймақ, шикі қаймақ, 

кілегей  қаймақ,  бал  қаймақ  тағы  басқалар.  Олар  май  айыру,  шәйға  қату, 

талқан  былғау  және  әртүрлі  тағамдарға  қосу  үшін,  кейде  қаймақ  күйінде 

пайдалану немесе басқа тамақтарға (нанға, бидайға, тарыға және басқа да 

кондитердік тағамдарға) жағып жеу үшін әзірленеді.

Уыз.  Жаңа  төлдеген  малдың  төлі  емгеннен  кейінгі  алғашқы  сүтінен 

пісіріледі. Өте дәмді ірімшік болады. Төл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, 

ішекке  құйылып,  етпен  бірге  пісіріледі.  Бұл  уыз  қазақ  халқының  мал 

төлдейтін айлардағы сүйсініп жейтін тағамы.



Майдың сүті. Қаймақтан сары май айырғанда іркіліп шығатын қышқыл 

сүт.  Оны  кейде  сол  күйінде  сусын  ретінде  ішкен,  кейде  қайнатып,  ірімшік 

жасаған.

Тұрнияз.  Сүтке  май,  су,  ұн,  езген  құрт,  ақтаған  тары  қосып  қайнатқан 

соң, бұқтырып қойып, жейтін оңтүстік қазақтарының сүйікті асы, ұнды бөлек 

қуырып алып, тұрнияздың үстіне себелеп те әзірлейді.

Ежегей, көбінесе, қой сүтіне езілген құрт қосқан қойыртпақ, ол адамды 

тез оңалтады.



Ашытқы.  Нан  үшін  ұн  езіп  ашытқан,  беті  алынбаған  сүт.  Оны  кейде 

сырқат адамға тез таралу үшін сусын ретінде берген.



Ақірім.  Сүр  еттің  сорпасына  айран  қосып,  қатық  немесе  қымыз  қосып, 

сапырып  ішетін  қышқыл  сусын.  Ол  әрі  сусын,  әрі  бойға  жақсы  таратады. 

Әдетте, ертеректе, сүр етке тойғаннан кейін, құр шай ішу немесе ақірім ішу 

салт болған. 

  Ірімшік.  Жаңа  сауылған  жылқы  сүтін  мәндірмен  (кей  жерлерде  мәйек 

дейді)  ұйытып,  одан  кейін  суалғанша  қайнатады.  Қайнауы  жеткен  ірімшік 

қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп алып, дорбаға салып, 

желге, күнге қойып кептіреді. Кепкен ірімшік бұзылмайды, көп сақталады.



Құрт. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін, түбіне май 

жаққан үлкен қазанға құйып, қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның 

түбі күйіп кетпес үшін, арнаулы құрт былғауышпен (басында қырғыш темірі 

болады)  әлсін-әлсін  қазанның  түбін,  ернеуін  қырып,  араластырып  отыра-

ды. Әбден қойылған құртты қапқа құйып, керегеге асып қояды, сонда оның 

қалған суы тағыда ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, 

шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді.

Қымыз – қазақ  халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дас-

тархан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие 

сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде, күбідегі немесе сабадағы саумалдың 

үстіне құяды. Содан соң оны, міндетті түрде, 30-40 минут пісіп, аузын бай-

лап немесе тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ащытарда бие сүті сабаға, 

арнаулы ащытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны, көбінесе, 

сүр жаяның немесе қазының сынық сүйегін салып, сүттен, ол жоқ болғанда, 

сүтке  нан  ащытқысын  езіп  әзірлейді.  Қор  дегеніміз  іскі  қымыз,  ол-жақсы 

ащыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.

Уыз қымыз. Бұл бие сүтінің уыз дәмі тарамаған кезде ашытылған қою 

қымыз.  Кейде  оны  май  қымызы  деп  те  атаған.  Бұл  алғашқы  қымызды 

сапыруға ауылдың үлкен – кішісі  жиналып, ақ ниетті тілек білдіріп, бөліп 

ішу салт болған.  

Наурыз  мерекесі  әлемнің  ең 

көне  мерекелерінің  бірі.  Орта  Азия 

халықтарында  бес  мың  жыл  бойы 

аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы 

тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген 

мағынаны береді.

Бұл  мереке  Ислам  дәуіріне  дейін 

тойланып,  халық  арасында  ерекше 

қолдауға ие болып келеді.

Наурыз мерекесінің туу тарихы ту-

расында талас көп. Көбі ел аузындағы 

аңызға  жүгінеді.  Аңыздың  өзі  сан 

алуан.  Дегенмен  аңыздың  түбінен 

ақиқаттың бір ұшы қылт ететіні рас... 

Кейбір  ғалымдар  бұны  зороастризм 

кезеңіне  дейінгі  уақытпен  байла-

ныстырады.  Кейбіреулер  Парсы 

патшасының  жорықтарымен  байла-

ныстырып жүр. 

Парсы патшасы Джамшид өз елінің 

аумағын аралап жүріп, Азербайджан 

атты мекенге тап болыпты. Осы жер-

де уәзірлеріне күнгей бетке қаратып 

үлкен  тақ  орнатуды  бұйырған  екен. 

Күн  сәулесі  тақпен  шағылысып, 

айналаға  ерекше  нұр  шашыпты 

деседі.  Содан  кейін  жұрт  осы  күнді 

жаңа жыл есебінде тойлауды әдетке 

айналдырған екен. 

Қалай  болғанда  да,  бұл  мереке 

18  ғасырға  дейін  Ежелгі  Грекияда, 

Ежелгі  Римде,  Ұлыбританияда  ата-

лып  өтіліп,  1700  жылға  дейін  ежелгі 

Русьте тойланып келген. 

Көктем 

мерекесі 



туралы 

мәліметтер 

антикалық 

және 


орта 

ғасырлық 

жазушылардың 

еңбектерінде 

кездеседі. 

Шығыс 


жыл  санағы  бойынша,  мереке 

ирандықтардың  жаңа  жылы  Навруз-

бен  жанасады.  Наурыз  мерекесін 

түркі  тілдес  халықтар  тойлайды. 

22 - наурыз мейрамының тарихы

Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", 

"Гүлгардон" не "Гүлнавруз", татарлар 

"Нардуган",  бирмалықтар  "Су  мейра-

мы",  хорезмдіктер  "Наусарджи",  бу-

ряттар "Сагаан сара", армяндар "На-

васарди", чуваштар "Норис ояхе" деп 

атаған.


Ежелгі  жыл  санағы  бойынша, 

22  наурызда  күн  мен  түн  теңеседі. 

Наурыз  –  жылдың  бірінші  күні,  жыл 

басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз 

мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз 

Наурыз»,  «Әз  болмай,  мәз  болмас» 

деп қарсы алған. 

Наурыз  мейрамы  –  діни  мереке 

емес.  Бұл  қалың  қыстан  аман-есен 

шығып,  күн  нұрына  бөленіп,  жаңа 

жылды  қарсы  алу  мерекесі.  Наурыз 

мерекесінде көріскен жандар бір-бірін 

құшақ  жая  қарсы  алып,  игі  тілектер 

айтады. Қазақ халқы бұл күні дүниеге 

келген  қыз  балаларға  Наурыз, 

Наурызгүл, Наурызжан, ер балаларға 

Наурызбай,  Наурызбек,  Наурызхан 

деген есім берген.  

1926 жылдан бастап тоталитарлық 

жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін 

тойлауға  тыйым  салынды.  Көп 

жылдар  бойы  ұмытылып,  сынын 

жоғалтқан  мереке  1988  жылдан  бері 

қайта  жаңғырып,  Наурыз  мейрамын 

тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз  мерекесі  1991  жылы,  15 

наурызда  Қазақ  СCР  Президентінің 

қаулысының  негізінде  мемлекеттік 

мәртебеге  ие  болды.  Елбасы  нау-

рыз  айының  22  жұлдызын  "Наурыз 

мейрамы"  деп  жариялады.  Ал  2009 

жылдың  24  сәуірінде  ҚР  Президенті 

Н.Ә.Назарбаев  наурыз  айының  21, 

22,  23  күндеріне  "Наурыз  мейрамы" 

деген атақ берді.

Жапан шөлін қандырып, нұр тарайды қуысқа,

Тақырларда қақ тұрып, су толады ыдысқа.

Қозғалғанның бәрі де бірі шебер бірі ұста,

Бұлбұл салса әніне, елеу салар құмырсқа.

Өз даусын біреуі естіртуге тырысса,

Тумай жатып біреуі шығарсыңды ұрысқа.

Келе сала наурызым өмір Заңын жар қылар 

Жыл басы көктем келді әз Наурыз

Салт –сана ұлт болуға арқауымыз.

Осындай бейбіт күнге куә болған,

Арналсын елімізге  арнауымыз.

Ел тілегі ақ бата қабыл болсын 

Бала дана, қарттарым абыз болсын.

Бозторғай  жұмыртқалап қой үстіне,

Заманымыз әрқашан нұрға толсын!

Биік болсын әр үйдің шаңырағы,

Салт-дәстүр ұлтымыздың шам-

                                              шырағы.

Көңілден күй, езуден күлкі кетпей,

Аспандасын қазақтың әнұраны. 

Құт келсін Наурызбен күллі өңірге,

Мейірім ұяласын әр көңілге.

Дін мен тілді жоғалтпай құрметтейік,

Иман кірсін жастардың жүрегіне!

 

Жылға жылап сайдан су сарқырады,



Гүлге оранды  ауылдың атырабы.

Мәз болған екі езуі  құлағында,

Ақ әже ақ көжесін сапырады. 

Тілеу тілеп, бата алып, көже ішіп,

Жатыр әне апамыз іркіт пісіп.

Ақ түйенің қарыны жарылғандай

Келіндер жүр қуанып құрақ ұшып

Жауқазындар қылтиды қыраттағы,

Күн күлімдеп жер анаға сыр ақтарды.

Наурызды көппен бірге тойламаққа

Жыл құсы да келді әне жырақтағы.

Қабыл болсын қарттардың тілектері,

Қуансын сәбилердің жүректері.

Бүршік жайып, құлпырып,  

                                         өркендесін,

Көже ішкен қазақтың түлектері.

Мерекеге сайлансын домбырамыз,

Наурыз дәстүріміз  мол мұрамыз.

Келіңіздер ақ үйге қадам тастап,

Жеті түрлі тағамнан дәм татыңыз.

Ата салты ұлтымның әз Наурыз,

Ақ үйді ән мен күйге толтырамыз.

Төрт түлік ақты болып қазан толып,

Жамағат құтты болсын 

                                    мейрамымыз!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет