Қаратөбе аудандық
сотының сот мәжілісінің
хатшысы, бас маманы
1940
жылы
Ленинград
облысына әскер қатарына
алынып, сол жерде кіші
командирлік курста оқып жүріп
соғысқа аттанған.
Майдан шебі Ленинград
блокадасына қатынасып, Гаубица
зеңбірегінде
атқыш
болып
фашистерге қарсы ерлікпен
шайқасып,
жау
офицерін
қолға түсірген. Кескілескен
шайқастардың бірінде 1943
жылы қатты жараланып, бұрынғы
Герцен атындағы университеті
болған әскери госпитальда
жатып, денсаулығына байла-
нысты елге қайтарылған. Елге
келген соң еңбек жолын шәкірт
тәрбиелеуден бастап, кейін
совхозда есепші, жүргізуші
болып еңбек еткен. 1955 жылы
зейнеткерлікке шыққан.
Сандуғаш БҰЗАуБАҒАРОВА,
немересі
Атам жайлы
естелік
Ұлы Отан соғысының
70 жылдығына орай
ардагер атам Байғұтты
Бұзаубағаров туралы
айтуды жөн көрдім.
Менің атам Қаратөбе
ауданы Сулыкөл
ауылдық округіне
қарасты «Байғұтты
Шолақ қамыс» деген
кішкене өзен бойында
1922 жылы 5 мамырда
дүниеге келген.
Ерлік - ұрпаққа үлгі
Адамзат баласының жадында мәңгі қалатын Жеңіс
күні – тарихи маңызы зор ерекше күн. Биыл Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіске-70 жыл. Қаратөбеден майданға
аттанып ұрыс даласында қаза болған жерлестеріміздің
ұмытылмас ерлік істерін, соғыстан елге аман-есен
оралған майдангерлердің бейбіт замандағы елеулі
еңбектерін дәріптеп, болашаққа үлгі ету міндетіміз.
– Шынар Сүйінғалиқызы,
сот
жүйесіндегі
жаңа
технология
жетістіктері
туралы не айтасыз?
– Сот жүйесі – мемлекеттің
негізін құрайтын, еліміздің
әлеуметтік және саяси жаңғыруы
жолындағы демократиялық даму
тетіктерінің бірі болып табылады.
Тәуелсіз сот билігі мемлекет пен
азаматтық қоғам арасындағы
үйлесімді өзара байланыстың
принципті
кепілінің
бірі,
азаматтардың конституциялық
құқықтарын қорғаудың басты
құралы болып табылады. Ал,
сот жүйесіндегі жаңа технология
жетістіктеріне келер болсақ,
заманауи технология сот жүйесіне
көптеген артықшылықтар алып
келді. Қарапайым азаматтардың
сотпен байланысы жанданды.
Жаңа технологияларға тоқталып
өтсек, яғни «Сот кабинеті»
электрондық ақпарат сервисі,
сот мәжіліс залдарының дыбыс-
бейне жазу, сотқа электронды
шақырту қағазы, гибридтік
электрондық пошта жүйесі іске
қосылды.
– Осы айтылған жаңа
технологияларға жеке-жеке
тоқталып өтсеңіз?
– Республика судьяларының
VI съезінде Елбасы әділ сот
төрелігінің халықтың барлық
топтары үшін қолжетімді болуын
қамтамасыз етуді, бұл істе
электронды ресурстарды кеңінен
пайдалануды тапсырған болатын.
Міне, бүгінгі күні ҚР азаматтары
мен заңды тұлғалары үшін
сот жүйесіне қолжетімділікті
арттыру және оңтайландыру
мақсатында «Сот кабинеті»
ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Азаматтар
осы
ақпараттық
сервистің арқасында өз үйлерінен
шықпай-ақ, ғаламтор арқылы
сот
құжаттарымен
таныса
алады. «Сот кабинеті» бұл
– сот органдарының сервисіне
электронды түрде қолжетімді
біртұтас терезе. Бұл жоба сот
өндірісінің қызметін жеңілдетуге,
сондай-ақ
азаматтардың
уақыты мен қаржысын, бюджет
қаражатын үнемдеуге, сонымен
қатар, сот жүйесінің жеделдігін,
азаматтардың сот ақпаратына
қолжетімділігі
мен
жалпы
соттың ашықтығын қамтамасыз
етуге бағытталған. Қазіргі таңда
«Сот кабинеті» электрондық
ақпараттық сервисі арқылы
сотқа құжаттарды электронды
түрде
ұсынуға
мүмкіндік
туды. Осының нәтижесінде
талап арыз беру, сот отырысы
хаттамасының
көшірмесін
алу, сот отырысы хаттамасына
ескерту беру осы сервис арқылы
жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда
«Сот кабинеті» электрондық
ақпараттық сервисі арқылы талап
арыздар мен арыздар түсуде.
– Сот мәжіліс залдары
соңғы үлгідегі дыбыс-бейне
жазу жүйесімен жабдықталды.
Дыбыс-бейне жазу жазбасының
басты мақсаты – сот процестерінің
ашықтығын көрсету, халықтың
сотқа деген сенімін арттыру
және сот төрелігінің барынша
қолжетімділігін қатысушыларға
жеткізу. Өйткені, сот билігінің
халық үшін ашық әрі қолжетімді
болуы - Елбасы мен мемлекет
тарапынан қойылып отырған
басты талап. Сонымен қатар, сот
жұмысының ауыртпашылығын
азайтып, яғни сот отырысының
хаттамалары
электронды
форматқа өтіп, қағазбастылықтан
арылуға бірден-бір себепші
болуда.
– Қағазбастылықтан арылған
жүйе жаңа бастаманың
арқасында
кіріс-шығыс
құжаттарын электронды нұсқада
жүргізуді жолға қоя білді. Бұған
«Бірыңғай автоматтандырылған
ақпараттық-талдау
жүйесі»
бағдарламасының үлесі өте зор.
Қазіргі кезде кіріс құжаттары
БААТЖ бағдарламасы арқылы
кіріске
алынып,
тіркелген
құжатта (арыз, талап арыз,
өтініш) бойынша талон беріледі,
байланыс
телефоны
(ұялы
телефон)
көрсетілетіндіктен,
сотқа
жүгінушіге
арыз
қабылданғаны,
қаралуға
тағайындалғаны, қаралып шешім
шығарылғаны туралы мәліметтер
ұялы телефонның абоненттік
нөміріне СМС арқылы хабарлама
ретінде жолданып отырады.
Сотқа жүгінуші үйінде отырып
ақ істің қозғалысы туралы
мәліметтер алып отырады.
Келесі жаңа сервис «Сот
шақыруы» деп аталатын қызмет
сервисі іске қосылды. Тараптарға
шұғыл хабар беріп, сотқа шақыру
мақсатында республика соттары
тараптардың ұялы байланыстағы
абоненттік номеріне азаматтың,
немесе
заңды
тұлғаның
сотқа
шақырылатындығы
туралы
қысқаша
мәтіндегі
хабарлама жолдайды. Аталған
қызмет азаматтар мен заңды
тұлғалаларға қолайлы болуы
үшін қолданылып отыр. Сонымен
қатар, мысалы сотқа шақыруды
жұмыс берушіге көрсету қажет
болған
жағдайда,
қысқаша
мәтіндік хабарламаны басып
шығаруға мүмкіндік жасалған.
Осы мақсаттарда Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Сотының
(wwww.sud.gov.kz)
ресми
сайтында қысқаша мәтіндік
хабарламаны
қарап,
басып
шығарып алуға арналған «Сот
шақыруы» деп аталатын қызмет
сервисі ашылды. Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы
7 қаңтардағы «Электронды
құжат және электронды сандық
қолтаңба
туралы»
№370
заңына сәйкесті электронды
сот шақыруы қағаз жүзіндегі
құжатқа тең келетін ресми құжат
болып табылады. Міне, осындай
артықшылықтардың көмегімен
қазір сот отырысына шақыру тез
жүргізіледі және азаматтар да
отырысқа кешікпей, дер кезінде
келіп, судьяның кедергісіз жұмыс
істеуіне мүмкіндік береді.
– Тағы бір жаңашылдық 2014
жылдың қазан айынан бастап
«Гибридтік электрондық пошта»
пилоттық жобасы ендірілген
болатын. Гибридтік электрондық
пошта - бұл электрондық
құралды пайдалану арқылы
алушыға жеткізілетін қағаз
пошта. Осы жағдайда тапсырыс
беруші пошта қызметкеріне
электрондық
құжаттарды
пайдаланушыға
электрондық
тасығышта берілетін немесе
пайдаланушының
дербес
компьютеріне
жіберілетін
электронды
хабарламаны
жолдап, ол пошта мекемесінде
қағаз
түрінде
шығарылып,
конверттерге салынып шұғыл
жеткізіледі. Бұл, бір жағынан,
тапсырыс берушінің хат-хабарды
жіберу
шығынын
азайтып,
ал, екінші жағынан, пошта
қызметкеріне қағаз хаттарды
жеткізу
бойынша
қолайлы
және сапалы қызмет ұсынуға
мүмкіндік береді.
– Сот
жүйесіндегі
заманауи
технологияларды
енгізу және қолдану туралы өз
қорытындыңыз?
– Сот жүйесіне заманауи
технологияларды енгізу және
қолдану сот ісін жүргізуді
оңайлатады,
төрешілдік
тосқауылдарды жояды, сот
жүйесі
қызметкерлерінің
азаматтармен
байланысын
азайтады,
азаматтардың
уақытын
және
қаражатын
үнемдейді,
халықтың
сот
жүйесінің жариялылығына және
қолжетімділігіне көз жеткізуге
мүмкіндік береді.Бүгінгі сот
жүйесінің жұмысы барынша
ашық, халыққа қолжетімді.
Мұндай
жетістіктің
кілті
тереңде. Сот құрылымындағы
оңды өзгерістер жаңа, тиімді
реформалардың нәтижесі.
– Сұхбатыңызға рақмет.
Сұхбат жүргізген:
Серікбай ХАСАНОВ,
«Қаратөбе өңірі»
Сот саласындағы
соңғы өзгерістер
Сот жүйесіндегі
соңғы өзгерістер
туралы аудан
халқын құлағдар
ету мақсатында
аудандық
соттың кеңсе
меңгерушісі Шынар
Тұңғатаровамен
сұхбат жүргізген
болатынбыз.
Сұхбат желісін
назарларыңызға
ұсынамыз.
Жұма
27 ақпан 2015 жыл
4 бет
мерей
Қуаныш Талап Таймасұлы
1965 жылы, наурыз айының 1-
і күні Қаратөбе ауданы Мұхит
ауылында, «Ақбақай» қыратында
қарапайым малшы отбасында
дүниеге келген.
Балалық шақтың балдәурен
шағы сал Мұхиттың әні ескен
көлмек жағасы мен қыратында
қозы-лақ, тай-құлын, қаз-үйрек
арасында өтті.
1972-1982
жылдар
ара-
лығында орта мектептің оқушысы
болды.
1983-1985
жылдар
аралығында әскер қатарында
борышын өтегеннен кейін, 1986
жылы Орал педагогикалық
институтының
филология
факультетінің студенті атанып,
1991 жылы бітірген.
Талап Таймасұлының еңбек
жолы туған ауылында қарапайым
көлік жүргізушісі қызметінен
басталды.
Ұстаздық
еңбек
жолы да туған топырағының
табалдырығынан,
Б.Қаратаев
атындағы мектепте, өзіне сабақ
берген ұстаздарының ортасынан
өріс алды. Мектепте директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
және
ауылдық
өлкетану
мұражайын
ұйымдастырушы
болды.
Осы
жылдарда
халық
педагогикасына және өлкетану
жұмыстарына қосқан үлесі үшін
ұстаздық еңбегі бағаланып, 1994
жылы жоғары санатты ұстаз кәсіби
біліктілік санаты берілді. Қазақ
тілі мен әдебиеті мұғалімдері
үшін «Әдебиет сабақтарында
жергілікті ақын-жазушылардың
шығармашылығын ұштастыра,
оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу» атты көмекші құралы
жарыққа шықты.
Аудандық «Қаратөбе өңірі»
газетінің
белсенді
тілшісі,
көптеген
публицистикалық
мақалалардың
авторы
(Тәлімгері Хасанов Қайыржан)
және аудан, облыс көлемінде
ұйымдастырылған
мәдени
шаралардың бел ортасында
жүреді.
1995 жылы Орал қаласына
қоныс
аударғаннан
бері
Орал қаласындағы №29, 27,
44 мектептерде қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінен сабақ
беріп, қалалық білім беру
басқармасында
әдіскерлік
қызметте болды. №44 мектепте
директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары қызметін атқарды.
2003 оқу жылынан Батыс
Қазақстан
гуманитарлық
академиясының
филология
кафедрасының әдіскер-ғалымы,
аға оқытушысы ретінде дәріс
беріп келеді.
Бұл қызметте «Әдебиет
сабақтарында көрнекіліктерді
тиімді пайдалану», «Поэзия –
жүрек тілі» көмекші-әдістемелік
құралы, «Ежелгі дәуір әдебиеті»,
«Халық ауыз әдебиеті» бойынша
дәрістер жинағы, абайтану
жұмыстарынан
жинақтар
құрастырған.
2012
жылы
белгілі
ақын
Жанғали
Набиуллин
шығармашылығына
арналған
«Жайықтың жыр жампозы» атты
монография, «Әдебиетті оқыту
әдістемесі» оқу құралы, 2014
жылы «Поэзияны оқыту әдістері
мен талдау технологиясы» оқу
құралы жарыққа шықты.
Түрлі тақырыптағы ғылыми
мақалалары
республикалық
«Ақиқат», «Жұлдыз», «Жалын»,
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
журналдары беттерінде жарық
көрген.
Алғашқы
өнер
жолын
студенттік айтыста бастаған.
Бұл айтыс Қоблан Қуановпен
арада өтіп, айтыс жеңімпазы
атанды. Осы жылдарда Қаратөбе
ауданында ұйымдастырылған,
республикаға танымал айтыскер
ақын Шолпан Қыдырниязованың
айтыс-тәлімгерлік
мектебінен
өтті. Содан кейін ауданда
өткізілетін ақындар айтысына
жалғасты. Алғашқы айтысы
аудан ақыны, марқұм Қажығали
Кенжеғалиевпен өткен. Одан
кейінгі
айтыс
ақындары
Қайырбай Нұрқанов, Дариға
Нұрашева, Александр Қауенов,
Жақсылық Исламғалиев, Ертай
Бимұханов т.б. арасында өтті.
Бұл айтыстардың барлығында
да жүлдесіз болған емес. 2000
жылы облыстық айтыста облыс
ақындары Үзілдік Елеуова,
Айгүл Дүйсенова және ақын
Сапия
Қарағойшиналармен
өтіп,
айтыстың
жеңімпазы
және
«Облыс
ақыны»
атағын алған. Одан кейінгі
облыстық
айтыстардағы
сөз қағысулар облыс ақыны
Жаңылай
Меңдіғалиева,
Ләззат Мұштанова, сырымдық
Қайыржан
Ғайсағалиев,
республикалық,
аймақтық
айтыстардан Бекарыс Шойбеков,
Зухра Өтепова сынды ақындар
арасында өрбіді.
Ақынның поэзия әлеміндегі
өлеңдері
республикалық
«Жас алаш», облыстық «Орал
өңірі», «Жайық үні», «Жайық
ұстазы», «Еділ-Жайық» т.б.
басылымдарға жарыққа шықты.
2005 жылы «Өмір-бұлақ...»
атты алғашқы өлеңдер жинағы
облыстық
«Полиграфсирвис»
баспаханасынан шықты. Екінші
өлеңдер жинағы «Ақиқат айнасы»
(«Таңбалы» баспасы, Алматы
қаласы, 2015 ж.), үшінші өлеңдер
жинағы «Жанардағы жарық күн»
(«Таңбалы» баспасы, Алматы
қаласы, 2015 ж) шыққан.
Топтама өлеңдері «Жырлайды
Жайық», «Темірқазық», респу-
бликалық «Жайық толқындары»,
«Құтқарушы қырандар» жинақ-
тарына енді.
2007 жылдың қараша айында
Түркістан қаласында өткен екінші
республикалық «Иасауитану»
жыр мүшайрасына қатысып,
бас жүлде иеленді, мүшайраның
«Абыз ақыны» атанды. 2013
жылы Солтүстік Қазақстанда
өткен II республикалық «Мағжан
көктемі» өнер фестивалінің
лауреаты.
2002 жылы бойында поэзияға
деген құштарлығы бар жас
буынды тәрбиелеу мақсатында
облысымызда
тұңғыш
рет
«Ақберен»
жас
ақындар
мектебін
ашты.
Құрамда
мектеп оқушысынан бастап,
облысымыздағы жоғарғы оқу
орындарының студенттері бар.
Шәкірттерінің тұңғыш өлеңдер
жинағы «Балғын жүрек, балғын
жыр» атауымен жарыққа шықты.
2010 жылы «Жас жүректер
жырлайды» жыр жинағына 12
шәкіртінің өлеңдері енгізілді.
Шәкірттері
республиканың
түкпір-түкпірінде
тәлімгер
ағаларының ісін жалғастыруда.
Бұл
еңбегі
бағаланып,
2006 жылы «Жоғары санатты
қосымша білім беру педагогы»
дәрежесін алды. 2013 жылы ерен
еңбегі үшін облыс әкімінің алғыс
хатымен марапатталған.
Ертай БИМҰХАНОВ,
«Қаратөбе өңірі»
Туған өлке перзенті
Қуаныш Талап Таймасұлы – ғалым-ұстаз, педагог-тәлімгер, филолог, өлкетанушы, республикалық
деңгейдегі ақын, айтыскер ақын, БҚИГу-нің аға оқытушысы, облыстық «Ақберен» жас ақындар мектебінің
ұйымдастырушысы, жетекшісі. Сөзге шешен, өзіндік табиғи даусымен жырлай да, толғай да ән салып, күй тартып,
сурет сала білетін, топырағына тартқан дарын иесі. Атақ-даңқы жер жармаса да, бұйығы тірлігінде бір басында жеті
өнері бар, елін сүйген азамат.
25 ақпанда Ұлы Отан
соғысының ардагері, қарасөздің
шебері атанған қаратөбелік
Қажыгерей
Қайырғалиевтің
туғанына -110 жыл толуына
орай Мұхит Мерәлиев атындағы
Қаратөбе аудандық тарихи-
өлкетану музейінде «Ерлігін
елі ұмытпайды» атты еске алу
шарасы оздырылды.
«Қарабура
Қажыгерей
айтыпты» деп, сөз саптау
шеберлігіне сай құрметпен
ел есінде қалған Қажыгерей
ақсақал 1905 жылы Саралжын
ауылдық округіндегі «Өзек»
атты мекенде дүниеге келіпті.
Саралжын ауылдық кеңесінің
хатшысы, төрағасы қызметтерін,
Саратов
қаласындағы
«Автожол» институтының 2
курсын тәмамдаған Қажыгерей
Қайырғалиев аудандық жол
бөлімінің басшысы қызметтерін
атқарған. Әкесі туралы естелік
айтқан Қажыгерей ақсақалдың
Астанадан келген үлкен ұлы
Амангелді Қажыгерейұлының
айтуына қарағанда Брянскі
майданына қатысып, жасақ
командирі болған Қажыгерей
ақсақал Брянскі қаласының
көшелеріндегі жаумен ұрыста
ауыр жарақат алып, Орынбор
қаласындағы госпитальда болып,
8 айдан соң елге оралған.
Қ.Қайырғалиев елге келгеннен
кейін бейбіт өмірде елеулі еңбек
етіп,1959 жылы зейнеткерлік
демалысқа шыққан. Майдангер
аға 1973 жылы дүниеден озды.
Келешек
ұрпаққа
үлгі,
тәрбиелік үлкен маңызы бар шара
барысында аудандық мәслихат
хатшысы Батырғали Тойшыбаев,
елдің тарихын зерттеп, ел
перзенттерінің
еңбектерін
дәріптеп
жазып
жүрген
қаламгер, өлкетанушы, ақын-
жазушы, Қазақстан журналистр
одағының мүшесі, Қазақстанның
құрметті журналисі Қайыржан
Хасанов, аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Орынғали
Ермекқалиев,
аудандық
мәслихаттың
депутаты
Мағзом Есендосов Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіс, тылдағы
еңбек, соғыстың зардаптары,
Жеңісті
жақындатқандардың
бірі, соғыс ардагері Қажыгерей
Қайырғалиевтің
майдандағы
ерлік істері мен еңбек жолдары
туралы әңгімелеп, естеліктер
айтып,
айтулы
шараны
ұйымдастырған
Қаратөбе
аудандық Мұхит Мерәліұлы
атындағы
тарихи-өлкетану
музейінің директоры Ажар
Берікқалиеваға
алғыстарын
білдірді.
Қажыгерей Қайырғалиевтің
ұлы Амангелді Қажыгерейұлы
әкесінің майдандағы сәттері
туралы айтылған әңгімелері
мен елге оралғаннан кейінгі
еңбектері туралы естеліктер
айтып, ол кісінің 1963 жылы
жазған «Қарттық» атты өлеңін
оқып берді. Әкесіне деген
құрметке риза болған Амангелді
Қажыгерейұлы
шараны
ұйымдастырушы аудан басшысы
Асхат Шахаровқа, мұражай
директоры Ажар Берікқалиеваға,
әкесі туралы кітап жазып оның
еңбегінің жарыққа шығуына
арқау болған, бірге өскен досы
Қайыржан
Хасановқа
зор
ризашылығын айтты. Аудандық
мәдени демалыс орталығының
көркемөнерпаздары сазды ән
әуендерімен шара шырайын
келтірді.
Музейдегі тәлімді шараға
ардагер ағаның кенже ұлы,
Қаратөбе ауылдық округінің
әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев
және тума-туыстары қатысты.
Қажыгерей Қайырғалиевтің
туғанына -110 жыл толуына орай
еске алу мақсатында ұрпақтары
әкелерінің аруағына бағыштап
ас берді.
Ерболат РАЙСОВ,
«Қаратөбе өңірі»
Қара сөздің шебері
Маңызы зор тарихи
оқиға Ұлы Отан
соғысындағы Жеңіске
биыл 70 жыл толады.
Айтулы мереке
қарсаңында ауданда
ауқымды шаралар жүзеге
Достарыңызбен бөлісу: |