Газет 1936 жылғы 16 наурыздан


Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата07.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#3620
1   2   3   4

Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен 

Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Женістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Семинар-кеңестің  мақсаты 

отбасы  тәрбиесі  мен  мектептегі 

тәрбиенің  үйлесімдік  табуына 

қол  жеткізу,  отбасы  мен 

мектептің  арасындағы  қарым-

қатынасты нығайту бағыттарына 

негізделді.

Шараның 

ұйымдастыру 

бөлімінде  мектеп  психологі 

Айман  Әндірованың  «Біз  –  бір 

командамыз» 

тренингімен 

басталды.

Пракикалық  бөлімде  тәрбие 

сағаттары  мен  ашық  сабақтар, 

оқушылар  шығармашылығынан 

көрмелер  т.б.  шаралар  жүзеге 

асырылды.

Шара 

аясында 


мектеп 

директорының  орынбасарлары 

Г.Бектілеуова, 

А.Есендосова, 

Г.Оңдағанова  «Білім  сапасын 

арттырудағы ұстаз бен ата-ананың 

рөлі», «Бала тәрбиесіндегі ұстаз 

бен ата-ананың жауапкершілігі», 

«Білімді  бала  биікке  самғар» 

тақырыптарында ой қозғады.

С е м и н а р - к е ң е с 

«Отбасы  –  бақыт  мекені» 

сазды 

бағдарламасымен 



қорытындыланды.

Айсұлу ЕСҚАЙРОВА, 

Мұхит атындағы ЖОББМ-

нің бастауыш сынып мұғалімі

 

  



Тағылымды кеңес

Таяуда Мұхит атындағы 

ЖОББМ базасында «Ата-

ана – оқушы – ұстаз 

ынтымақтастығы» 

тақырыбында семинар-

кеңес оздырылды.

Жұма

27 ақпан 2015 жыл 

7 бет

дүние-дидар

Меншік иесі:

«Жайық Пресс» ЖШС

бас директор

Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС

Қаратөбе филиалы

«Қаратөбе өңірі» Қаратөбе аудандық 

қоғамдық-саяси газетінің 

директор-редакторы:

Меңдешов Нұрлан Құмарұлы

Газет жарияланымдарындағы автор 

пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы 

болып есептелмейді. Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, оны 

қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін 

автор жауапты.

Газет ҚР-ң Байланыс және ақпарат 

министрлігінің Ақпарат және мұрағат 

комитетінде 19.01.2012 жылы тіркелген. 

Тіркеу нөмірі

№12264-Г.

Мекен-жайымыз: 090800

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы

Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 23-бөлме

Телефондар: Редактор: 31-1-61

Жауапты хатшы (факс): 31-3-35

Біздің электронды поштамыз:

E-mail: Karatobe_oniri@mail.ru

 белгісімен жарияланған 

материалдар ақылы болып есептеледі.

ж

Газет Қаратөбе аудандық «Қаратөбе 



өңірі» газеті редакциясында 

компьютерлік әдіспен теріліп, беттеледі.

«Жайық Пресс» ЖШС баспаханасында 

басылды.


Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1

Газет аптасына 1 рет шығады

Көлемі 2 баспа табақ

Тапсырыс: 8 

Таралымы: 1572 дана

Қаратөбе 

ауданының 

кезіндегі 

тұрғындары,  ардақты  әкеміз  Хасен 

Ғабделовтің дүниеден озғанына 27 ақпанда 

10 жыл, ініміз Арыстанғали Ғабделовтің 

дүниеден 

озғанына 

наурыз айының 9-ында 1 

жыл болады.

Аяулы 

жандарды 



сағынышпен  еске  ала  отырып,  төмендегі 

жыр  жолдарын  марқұмдардың  рухына 

бағыштаймыз:

Жүректен көңіл мұңды ән тыңдады,

Ұрпағы өсіп-өнген артындағы.

Бүгінде сағынышпен еске аламыз,

Арадан ерте кеткен марқұмдарды.

Отбасың аман-есен күн кешуде,

Замана, уақыт көші ілесуде.

Әрдайым топырағы торқа болсын,

Мәңгілік тағзым еттік бейнесіне. 

Сағынышпен  еске  алушылар:  Тілес-Гүлмира,  Аянбек-

Айсана,  Манарбек,  Айымгүл,  Қарлығаш,  Жазылбек-

Әйгерім, Нұрлы, Аружан

Қаратөбе  ауданы,  Шөптікөл  совхозы 

Соналы  ауылының  тұрғыны  Пангереев 

Нұрғазы  Бекболатұлы  24  ақпан  күні 

арамызда  болғанда  22  жасқа  толтырар 

едік. Бірақ сұм ажал ерте алып кетті.

Өміріңнің шаттық, қызық бар күнін,

Тастап кеттің, тастап кеттің барлығын.

Жоқтайды артыңызда бар ұрпағың,

Мәңгілікке торқа болсын топырағың.

Еске  алушылар:  папа-мамасы  Темірболат-Талшын, 

ата-анасы  Бекболат-Нұржамал,  аға-жеңгесі  Қайырболат-

Ақжарқын,  апа-жездесі  Альбина-Медет,  ағасы  Балғазы, 

інісі Иманғазы, қарындастары Дамира, Айымгүл, жиендері 

Райхан, Саят

Қаратөбе  аудандық  білім  беру  бөлімі  және  аудандық  білім 

беру  қызметкерлерінің  кәсіподақ  ұйымы  Үшағаш    негізгі 

орта  мектебінің  директоры  Қатауов  Талғат  Тұрсынғалиұлына 

ауданның  білім  беру  саласында  ұзақ  жылдар  ұстаздық  қызмет 

атқарған анасы



Нағима Бимұханованың

қайтыс  болуына  байланысты  қайғысына  ортақтасып  көңіл 

айтады.

Қ

азірдің 



өзінде 

ұзақ 


кезекте  тұрып,  уақытты 

босқа  өткізбей-ақ  мемлекеттік 

анықтамалар  алуға  болады    көп 

нәрсені  өз  компьютеріңізден 

бітіруге  болады.  Атап  айтқанда, 

жылжымайтын 

мүліктеріне 

тіркелген 

құқықтары 

(ауыртпалықтары)  және  оның 

техникалық 

сипаттамалары 

туралы  анықтамалары, жылжы

майтын  мүлігінің  (бар  болуы) 

туралы,  салымшы  қаржысының 

түсуі  және  қозғалысы  туралы 

анықтамасы, 

 мекенжай 

анықтамасы  және  т.б  көптеген 

мемлекеттік  қызметтер  мен 

анықтамаларын халыққа ұсынып 

отырмыз. Электрондық қызметті 

алу  үшін  -  «электрондық 

үкімет» порталынан мемлекеттік 

анықтама  болсын,  электрондық 

мемлекеттік сатып алуда саудаға 

қатысу  немесе  мемлекеттік 

органдарда 

электрондық 

өтініштерге  қол  қою  болсын, 

оған  электрондық  цифрлық 

қолтаңбаның 

(ЭЦҚ) 

бар 


болуы  міндетті.     Порталдағы 

электрондық 

қызметтерді 

пайдаланбас 

бұрын, 

жаңа 


пайдаланушы  ретінде  порталға 

тіркелу  қажет.  «Электрондық 

үкімет» 

арқылы 


халыққа 

көрсетілетін 

электрондық 

қызметтерде онлайн төлемдер мен 

айыппұлдар  төлеуге  мүмкіндік 

ашылды. Электрондық қызметтер 

тізімінде  көптеген  тармақтар 

кілттің  суретімен  белгіленген. 

Бұл  қызметті  пайдалану  үшін 

пайдаланушының  электрондық 

цифрлық  қолтаңбасы  (ЭЦҚ) 

болуы тиіс. Тиынның суреті бар 

белгі  бұл  қызметке  ҚР  Салық 

кодексіне  сәйкес  мемлекеттік 

баж салығын төлеу қажет екенін 

білдіреді. 

 Гүлдара ТӨЛЕГЕНОВА, 

аудандық  ХҚКО 

инспекторы 

Электронды үкімет 

порталының мүмкіндігі шексіз

  Электронды үкімет - ақпараттық технологиялар 

көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, 

мемлекет пен азаматтар арасындағы, сондай-ақ, 

мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігінің 

бірыңғай механизмі. Мемлекеттік органдарға кезекті 

қысқартып, анықтама, куәлік, рұқсат құжаттарын 

және тағы басқаларын алуды жеңілдетуге әрі 

жылдамдатуға  мүмкіндік берген де дәл осы 

механизм. 

Сұлтанова Фариданың 1990 жылы Саралжын орта мектебін бітір-

гендігі туралы сериясы №644119 санды аттестатының жоғалуына бай-

ланысты жарамсыз деп танылсын.

Аудандық қылмыстық-атқару 

инспекциясы аудандық ішкі істер 

бөлімі қызметкерлерімен бірлесе 

отырып    жасақталған  жұмыс 

жоспарына  сәйкес  жұмыстар 

атқарды.


Пробация 

қызметі 


инс-

пекторлары  қоғамнан  оқшау-

лауға 

байланысты 



емес 

жазаға  сотталған  тұлғаларды 

тұрғылықты  жері,жұмыс  орны 

және  ішкі  істер  бөлімінің 

әкімшілік 

деректер 

базасы 

бойынша тексеріліп жатыр.



Қаратөбе аудандық пробация 

қызметі есебінде қазіргі таңда 9 

сотталған есепте тұр.Оның ішінде 

8-і  бас  бостандығын  шектеу 

жазасына,біреуінің  жаза  өтеуі 

кейінге 


қалдырылған.Есепте 

тұрған  барлық  сотталғандарға 

бақылау  жасалып,олар  жөнінде 

түрлі  ақпарат  бере  алатын 

туыстары,көршілері және жұмыс 

орындары  бойынша  тексеріліп, 

түсініктемелер 

алынуда.


Қазіргі  таңда  есепте  тұрған 

сотталғандардың түзелу жолына 

түскені байқалады.

Н.ИСКАРИН,

Қаратөбе аудандық 

пробация қызметкері,

әділет лейтенанты                                                                        

Пробация шарасы

ҚР ІІМ ҚАЖК-нің 2015 жылғы 12 ақпандағы №16-ОД бұйрығына сай ҚР ІІМ ҚАЖК 

аумақтық қылмыстық-атқару инспекцияларында 2015 жылдың ақпан  айының 16-22-сі 

аралығында «Пробация» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті.

ХАБАРЛАНДыРу

Қаратөбе аудандық сотында 2015 жылдың наурыз айының 4 

күні сағат 9 

00

-ден 12



00

-ге дейін аудандық сот ғимаратында «Ашық 

есік күні» өткізіледі.

Мекен жайы: Қаратөбе ауылы, Құрманғалиев көшесі, №24, 3 

қабат. Тел: 31-1-33

Нағима  Бимұқанова  1936 

жылдың  20  қыркүйегінде  БҚО, 

Қаратөбе  ауданының  Қоскөл 

ауылында өмірге келген.  Аудан 

орталығындағы 

Қаратөбе 

орта  мектебін  (қазіргі  Мұхит 

атындағы) 

бітіріп, 

Ақтөбе 


қаласындағы 

 

мұғалімдер 



даярлайтын  институтқа  оқуға 

түсіп,  1955  жылы  физика-

математика  пәндерінің  мұғалімі 

мамандығын  алып  шығады. 

Сол  жылы  ұстаздық  еңбек 

жолын  Соналы  жеті  жылдық 

ауыл  мектебінен  бастайды. 

Бұдан  соң  Төлен  бастауыш 

мектебі,  Киров  мектебі  (Қазір 

Б.Аманшин атындағы ЖОББМ), 

Саралжын сегіз жылдық мектебі 

(қазіргі  Б.Қаратаев  атындағы 

ЖОББМ), Қаракөл және Қоскөл 

орта  мектептерінде  ұстаздық 

қызметін жалғастырды. 

«Мұғалім  -  бала  жанының 

бағбаны,  мектептің  жүрегі»  деп 

тектен-текке  айтылмаса  керек, 

кішкентайынан 

ұстаздықты 

таңдап,  осынау  мәртебелі  де 

мерейлі 


мамандықты 

жан-


тәнімен  қалаған    жылдар 

арада  жылжып,  мол  тәжірибе 

жинақтай  келе  кәсіби  біліктігі 

жоғары,  шеберлігі  шыңдалған, 

шығармашылықпен 

жұмыс 


істейтін, 

шәкірттері 

елінің 

мақтанына  айналған  ұлағатты 



ұстаздардың санатына қосылды. 

Адамгершілік 

қасиетке 

бай,  жақсылық  жасауға  жаны 

құмар,  үлкенді  үлкендей,  кішіні 

кішідей  сыйлай  білетін,  түсінігі 

терең,  жаны  нәзік  еді.  Ата-

баба  жолын  берік  ұстанған 

қазақи  имандылығы  жоғары, 

мейірімді,  кішіпейіл  жан  еді. 

Адамгершілікті,  сыйластықты, 

татулықты  бағалай  білген    ол 

ұжымының, аймақтың құрметтісі, 

сыйлысы атанды. Мемлекет жас 

ұрпаққа  білім  беру  мен  тәрбие 

беруде  орасан  үлес  қосқан 

Нағима  Бимұқанқызын көптеген 

Құрмет  грамоталарымен  және 

медальдармен марапаттады.

1986 


жылы 

Нағима 


Бимұқанқызы 

зейнеткерлік 

жасына  жетіп,  құрметті  еңбек 

демалысына  шықты.  Жұбайы 

Қатауов  Тұрсынғалимен  1955 

жылы  отбасын  құрып,  он  бір 

перзентті  дүниеге  келтіріп, 

тәрбиеледі.  Балаларының  бәрі 

де өмірден өз орындарын тауып, 

ата-ананың 

өнегелі 

жолын 


өрісті  етті.  Ұлағатты  ұстаз 

өмірден  өткенімен,  соңында 

отын өшірмейтін іздері, жарқын 

істері,  тағылымды  да  тәрбиелі, 

көзі  тірісінде  айтқан  мағыналы 

сөздері  мен  мәнді  де  мазмұнды 

әңгімесі қалды. 

Орынғали ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Қаратөбе аудандық 

ардагерлер 

кеңесінің төрағасы

 

Ардагер ұстаз  өмірден озды....



Ұлағатты ұстаз, Батыр 

ана, «Алтын алқа» иегері, 

ардақты ана, әзиз әже 

Нағима Бимұқанқызы   79 

жасқа қараған шағында 

дүниеден озды.

Жұма

27 ақпан 2015 жыл   

8 бет

соңғы бет

Әлимаш Бақытжанқызы 1957 

жылы  ақпан  айының  18-інде 

Егіндікөл  ауылдық  округінің 

Жігерлен елді мекенінде дүниеге 

келген.


Аудан орталығындағы Мұхит 

орта мектебін бітірісімен Ақтөбе 

мәдени-ағарту 

училищесінің 

«Қазақ  оркестрі»  бөлімінің 

қобыз  класына  оқуға  түсіп, 

аталмыш оқу орнын 1978 жылы 

бітіріп шығады.

Еңбек  жолы  1978  жылдың 

тамыз 


айынан 

бастап 


Қаратөбе  аудандық  мәдениет 

үйінде  әдіскерлік  қызметтен 

басталады.

1982-1986 

 

жылдары 


Жігерлен  ауылында,  1987-

1992  жылдары  Тұщықара  елді 

мекенінде  клуб  меңгерушісі 

болып қызмет жасайды.

1993 

жылдың 


қаңтар 

айында  Егіндікөл  ауылдық 

округі 

мәдени-демалыс 



үйінің 

меңгерушілігіне 

тағайындалады.

-  «Ауыл    ұлттың  абыройы, 

мәдениеттің  қайнар  бұлағы» 

дегендей,  ауыл  халқы  заман 

ағымына сай ауыл мәдениетінен 

рухани  нәр  алып,  өсіп  келеді 

десек, артық айтқандық емес. 

Мәдениет саласында 35 жыл 

қызмет  жасап  келемін.  Осы 

уақыт  ішінде  ауданда  құрылған 

ұлт аспаптар оркестр құрамында 

болып,  үлкен  жетістікке  жетіп, 

«халықтық» атақ қорғадық.

Облыс 


көлемінде 

белгілі 


болып, 

ауыл-аудан 

мәдениетінің 

өркендеуіне 

үлес 

қосқандығымызды 



мақтанышпен айта аламын.

Сол 


кезеңде 

мәдениет 

үйлерінде 

бүгінгідей 

қызметкерлер  саны  көп  емес-

тұғын. 


Соған 

қарамастан 

жергілікті 

жердегі 


өнерлі, 

дарынды  жастарды  тауып, 

олардың көпке танылуына, сахна 

мәдениетіне  тез  икемделуіне 

ықпал  ету  бағытында  ауыл 

мәдениеті  тың  серпілістерге 

бастау 

алғандығын 



жақсы 

білемін,    дейді  Егіндікөл 

ауылдық 

округі 


мәдениет 

үйінің  меңгерушісі  Әлимаш 

Бақытжанқызы.

-  1997  жылы  Егіндікөл 

ауылында  жаңа  мәдениет  үйі 

салынып,  оның  салтанатты 

ашылу  рәсіміне  сол  кездегі 

Примьер-министр 

Нұрлан 

Балғымбаев  арнайы  келіп, 



мәдениет үйінің лентасын қиып, 

тұсаукесер  рәсімін  жасап,  өз 

қолынан  музыкалық  орталық 

сыйлығын 

табыстағаны 

есімізде. 

Салтанатты 

шарада 


Н.Балғымбаев 

Егіндікөл 

ауылының  көркемөнерпаздары-

ның  концерттік  бағдарламасын 

тамашалап,  риза  болғандығы 

соншалық,  концерт  соңында 

мәдениет  қызметкері  Әлимаш 

Бақытжановаға 

бұрылып, 

алғысын айтты, - дейді әріптесі 

туралы 

аудандық 



мәдени-

демалыс  орталығы  жанындағы 

халықтық  театр  жетекшісі 

Анаргүл Темірғалиева. 

Осылайша,  ел  құрметіне 

бөленіп, ауыл мәдениетін көтеру 

мен  дамытуға  ат  салысқан 

мәртебелі 

мамандық 

иесі 


таяуда  зейнеткерлік  құрметті 

демалысқа шықпақ.



Ертай БИМҰХАНОВ,

“Қаратөбе өңірі”

А

қпан 



айында 

Шөптікөл 

ОЖББМ-

б а л а б а қ ш а с ы н ы ң  



орыс  тілі  пәнінің  мұғалімі 

Балжан 


Темірованың 

ұйымдастыруымен 

«Поэт, 

пришедший воспеть жизнь» атты 



әдеби-сазды  кеші  оздырылды. 

Атаулы  кеш    қазақтың  дарынды 

ақыны  Мұқағали  Мақатаевтың 

шығармашылығына 

арналды. 

Мектебіміздің  9-11  сыныбының 

оқушылары  орыс  және  қазақ  

тілдерінде  өлеңдер  оқып,  ақын 

өмірінен  көріністер  көрсетті.  9- 

сынып  оқушысы  Мәди  Исатаев 

Мұқағалидың  бейнесін  шебер 

сомдады.  Оқушылар  «Тридцать 

пятая 

весна», 


«Реквием 

Моцарта»,  «Родина»  өлеңдерін 

нақышына  келтіре  орындап, 

кеш 


барысында 

ақынның 


өмірі  мен  шығармашылығына 

арналған 

слайд 

көрсетілді.



Ақын  өлеңдеріне  жазылған 

«Сәби  болғым  келеді»,  «Көкем-

ай»,  «Бақыт  деген...»  әндері  

шырқалды.  Қос  тілде  өткен 

атаулы  кеш  өте  тартымды  өтті. 

Оқушылар  ақынның  терең  де 

мәнді  поэзиясымен  сусындап, 

көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.



                                                  

   Диана ШАДЕНОВА,

 Шөптікөл ОЖББМ-

балабақшасының 9-сынып 

оқушысы

Cырға толы кеш

Өнердің озық өкілі

Өмірдің өзі «Өнер 

– жұтамас байлық» екендігін 

әлдеқашан дәлелдеген. Соның 

ішінде ауыл мәдениетін 

көтеру, жергілікті халыққа 

мәдени қызмет көрсетуде 

уақытпен санаспай еңбек 

еткен жандардың мәртебесі 

қашан да артпақ.

Ел құрметіне ие мәдениет 

қызметкерлерінің бірі 

Әлимаш Бақытжанова 

әңгімемізге арқау болмақ.

Х

усаин  Мардаушин  1902 



жылы  туылған,  туған 

жері  Сарман  қ.  Татар  КСАР 

немесе  БҚО  Ақжайық  ауданы 

Сарман ауылы болуы мүмкін. 

Германия  және  Польша 

аумағында  жерленген  және 

тұтқында 

қайтыс 


болған 

жауынгерлер  туралы  мәліметті 

ҚР  Президенті  әкімшілігінің 

мекен 


жайына 

Ленинград 

облысы 

Тосненско 



ауданы 

Тельман  ауылының  тұрғыны 

А.В.Назарова ұсынған. 

Хусайн      Мардаушиннің 

тұтқынға 

түскен 


уақыты 

07.10.1941 

жыл, 

тұтқынға 



алынған 

жері 


Дорогобуж, 

қайтқан уақыты 10.01.1942 жыл, 

жерленген жері Городно.

Ұлы  Отан  соғысына  қатыс-

қан  туыстарын  іздеп  жүрген 

адамдар  болса,  соларға  көмегі 

бола  ма  деген  үмітпен  осы 

мәліметтерді  жергілікті  газетке 

жолдап отырмыз.

Ғабдыжәлел НИЯЗАЛИЕВ,

аудандық қорғаныс істері 

жөніндегі бөлім бастығы 

Қаратөбе ауданының қорғаныс істері 

жөніндегі бөлімі БҚО қорғаныс істері 

жөніндегі департаментінің 2015 жылғы 12 

ақпанындағы 4/402 санды қатынас қағазына 

сәйкес  Ұлы Отан соғысының жауынгері Хусаин 

Мардаушиннің туыстарын іздейді.

Жауынгердің 

туыстарын іздейміз...

Облыстық 

оқу-әдістемелік 

кабинеттің  ұйымдастыруымен 

ағымдағы  жылдың  20  ақпан 

күні  №48  «Мұрагер»  балалар 

бақшасында  өткен  байқауға 

барлық  аудандық  және  қалалық 

білім  беру  бөлімінің  әдіскерлері 

қатынасты.  Қаратөбе  ауданынан 

аудандық  білім  беру  бөлімінің 

мектепке  дейінгі  тәрбие  және 

оқыту  бойынша  ІІ  санатты 

әдіскері 

Гаухар 

Жекенова 



қатынасты. Әдіскерлердің кәсіби 

құзырлылығын, 

әлеуметтік 

мәртебесін 

арттырып 

және 


олардың 

педагогикалық 

шеберлігін 

ынталандыруды 

мақсат  еткен  байқау  «Мен-

әдіскермін...», 

«Әдістемелік 

ринг»,  «Қазіргі  әдістемелік 

жұмыс»  атты  үш  бөлімнен 

тұрды. 


Бірінші 

бөлімде  

қатысушы заманауи ақпараттық-

коммуникациялық  құралдардың 

көмегімен 

педагог-әдіскер 

мамандығын  ұсынды.  Екінші 

бөлімде қойылған сұраққа тез әрі 

нақты  жауабын  берді.  Үшінші 

бөлімде  қатысушылар  кәсіби 

қызметінің  мазмұнын  жаңарту 

мен  технологияларды  енгізу 

бойынша  әдістемелік  жұмысты 

ұйымдастырудағы  қазіргі  және 

инновациялық 

амалдарды 

айқындайтын 

шеберлік 

сыныбын  көрсетті.  Байқаудың 

әділ-қазылар 

алқасының 

шешімімен 

ауданымыздан 

қатысқан жас әдіскер «Мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  оқыту 

бойынша  үздік    әдіскер»  атты 

байқауының «Жаңашыл әдіскер» 

номинациясымен марапатталды. 

Гаухар Жақияқызы 2004-2008 

жылдар  аралығында  Ақтөбе 

мемлекеттік 

педагогикалық 

институтында «Мектепке дейінгі 

оқыту және тәрбиелеу»  біліктілігі 

және    бакалавр  академиялық 

дәрежесін  меңгерген  маман. 

Еңбек  жолын  Ақтөбе  қаласы 

№34  «Таңшолпан»  бөбекжай-

балалар  бақшасында  тәрбиешісі 

қызметінен  бастап,  2012  жылы 

Қаратөбе  ауданы  «Балдырған» 

бөбекжай-балалар  бақшасында 

тәрбиеші қызметін жалғастырды. 

Өзінің  еңбек  жолында  әрдайым 

кәсіби  біліктілігін  арттырып, 

тәжірибесін 

толықтырып 

отырады.  Оған    2010  жылы 

Ақтөбе қаласы  КДИ,2012 жылы 

Алматы қаласы «Бөбек» ҰҒПББ 

және  СО,  2013  жылы  Орал 

қаласы  «21  ғасырдың  білікті 

педагогы»  курсын,  2014  жылы 

Астана  Отбасылық  тәрбиелеу 

Институты, 2014 жылы Қазақстан 

Оқу Ассоциациясында арттырған  

біліктіліктері  мен  тәжірибелері 

дәлел. 


Аз 

уақыт 


ішінде 

ұйымдастырушылық 

қабілеті  

жоғары,  жауапкершілігі  мол, 

талап  қоя  білетін  жаңашыл 

әдіскердің 

ұйымдастыруымен 

қол  жеткен  жетістіктері  де  аз 

емес.  Халықаралық  ғылыми-

әдістемелік 

семинарына 

қатысқаны  үшін  С.Ақдөңова 

«Дарын» 

республикалық 

ғылыми 

практикалық 



орталығының  сертификатымен, 

«Үздік  педагог»  байқауының 

«Шығармашыл 

педагог» 

аталымы бойынша А.Утегалиева 

облыстық білім  басқармасының 

грамотасымен,  «Үздік  мектепке 

дейінгі  ұйым  тәрбиешісі-2014» 

байқауының І дәрежелі жүлдегері 

А.Аманжолқызы  облыстық білім 

басқармасының 

дипломымен,  

«Ең  үздік  шағын  орталық 

тәрбиешісі-2014»  байқауының 

Бас  жүлде  иегері  Г.Есқайырова 

облыстық 

оқу-әдістемелік 

кабинетінің 

дипломымен, 

«Кел, 


балалар, 

оқылық!» 

байқауында  Бас  жүлде  иеленген 

Ә.Рахымғалиев 

облыстық 

тілдерді  дамыту  басқармасының 

дипломымен,  «Үздік  ауылдық 

балабақша» 

байқауында 

ІІ 


дәрежелі  дипломмен  «Жазира» 

бөбекжай-балалар 

бақшасы 

облыстық 

тілдерді 

дамыту 


басқармасының 

дипломымен 

марапатталған 

болатын. 

Астана  Отбасылық  Тәрбиелеу  

Орталығының 

директоры 

С.Л.Евдокимова 

«Бақытты 

отбасы»  атты  Республикалық 

жобаға  белсене  қатысқаны  үшін 

Г.Жекенованы  алғыс  хатпен 



марапаттады. 

Балзира ХАСАНОВА,

«Қаратөбе ұстазы» 

газетінің

 бас редакторы

Жаңашыл 

жас әдіскер

Б

атыс Қазақстан облысының  аудандық, қалалық білім беру 

бөлімінің  әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі тәрбиелеу 

мен оқыту бойынша  әдіскерлері арасында «Үздік мектепке дейінгі 

тәрбие мен оқыту бойынша әдіскері» облыстық байқауы өткізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет