Газетіміздің 2015 жылғы 22 қаңтардағы №4 (484) санында «Ауыл əкімдері «емтихан»
тапсыруды бастады» атты мақала жарық көрген болатын. Газет тілшісінің салғырттығынан
аталған мақалада қателік кеткен. Сондықтан, оқырман қауымнан кешірім сұрай отырып, Сарысу
ауданында ауылдық округ əкімдері халық алдындағы есептері 26-шы қаңтардан басталғандығын
хабарлаймыз.
11
29 қаңтар
№5 (485)
СЕРГЕК
СЕРГЕК
Саңлақ
Бәрекелді!
ТАРМУ-ДЕ ТРЕНАЖЕР ЗАЛЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
ЕНДІ «ҚАЗФОСФАТТЫҢ» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ
АЛАҢСЫЗ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНАДЫ
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨНЕРІНІҢ КЕҢ ТАРАҒАН
ТҮРІ – ТАЭКВОНДОНЫ АЛЫП КЕЛГЕН АЛАШТЫҢ АЙБОЗ ҰЛЫ МҰСТАФА
ӨЗТҮРІК ЕКЕНІ ДАУ ТУДЫРМАЙТЫН БОЛСА, ЕЛІМІЗДЕ АЛҒАШ
ТАЭКВОНДО ФЕДЕРАЦИЯСЫН ҚҰРҒАН БЕКСЕЙІТ ТҮЛКИЕВ ЕКЕНІН ЕКІНІҢ
БІРІ БІЛЕ БЕРМЕЙДІ. ШЫҒЫС ЖЕКПЕ-ЖЕГІНІҢ ШЕБЕРІ, ҚР ТАЭКВОНДО
ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, КҮЛЛІ ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫН
ƏЙГІЛІ «ҰЛЫ КӨШ» КАРТИНАСЫНА СЫЙДЫРА БІЛГЕН ТАЛАНТТЫ
СУРЕТШІ, МҮСІНШІ БЕКСЕЙІТ ƏБДЕЗҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА БИЫЛ 60 ЖЫЛ
ТОЛДЫ.
Небəрі 43 жасында қандықол
қарақшылардың қолынан қаза тапқан
қазақтың арда ұлы 1955 жылдың 22
қаңтарында қазіргі Оңтүстік Қазақстан
облысының Төле би ауданына
қарасты Қасқасу ауылында дүниеге
келген. Сурет өнерін жанына серік
еткен Бексейіт 1981 жылы Мəскеудегі
жоғары
көркемөнер
училищесін
бітірген.
«3амандастар», «Əке», «Ата-
баба жері», «Суретшінің түсі», «Əже»,
«Əкені майданға шығарып салу»,
«Түсіру алаңы» секілді кескіндемелік
туындыларымен танылған Түлкиевтің
шығармалары кезінде бүкілодақтық
жəне
халықаралық
көрмелерге
койылып, жастар көрмесінің лауреаты
жəне КСРО Халық шаруашылығы
көрмесінің дипломанты болған.
Ел арасына Бексейіт «Ұлы Көш»
картинасы арқылы кеңінен танылды.
Замандастарының
естеліктерінде
қазақтың үш мың жылдық тарихын
топтастырып салу идеясын 1995
жылы
Иманғали
Тасмағамбетов
ұсынғаны, бұл алып туындының
алғашқы
нобайлары
Бексейіттің
туған ауылы Қасқасуда, бүгінде
сондағы
өзінің
атын
иемденіп
отырған мектепте 1996 жылы түсіріле
бастағаны туралы айтылады. 1996
жылдың аяғында Тараз қаласының
маңындағы демалыс үйінің үлкен
акт залында жұмысын жалғастырған
Б. Əбдезұлының бұл туындысы
1997 жылдың соңында Новосібір
қаласында 10 мың
данамен
плакат түрінде басылып шығып,
Қазақстанның
түкпір-түкпіріне
таралған. Тіпті, сол жылы Тəуелсіздік
мейрамы қарсаңында картинаны
Елбасы
көріп,
ұнатып,
өзінің
резиденциясына ілуге рұқсат берген
екен. Қазіргі таңда аталмыш туынды
Алматы
қаласындағы
Елбасы
Нұрсұлтан
Назарбаевтың
шетел
мемлекет басшыларын қабылдайтын
резиденциясының үшінші қабатында
ілулі тұр.
Кім-кімнің де болмасын өнердің
өте нəзік саласы суретшілікпен
қатар спорттың қарқынды, қимыл-
қарекетті көп қажет ететін түрі –
таэквондоны қатар алып жүруі –
ерекше таңғаларлық жағдай. Осы
екі өнерді бір-бірімен үйлестіріп,
таразысын тең ұстап өткен Бексейіт
Түлкиевтің аталған спортқа деген
қызығушылығы Мəскеу қаласындағы
сурет
жəне
қолданбалы
өнер
училищесінде оқып жүрген кезінен
басталған. Басында каратэ, кейін
у-шу, келе-келе таэквондо саласында
ерекше табыстарға қол жеткізген
ол 1991-1998 жылдары Қазақстан
Республикасының
таэквондо
федерациясының
президенті
қызметін атқарды. Алаштың ардақты
ұлы Мұстафа Өзтүрікпен, аты əлемге
əйгілі шығыс жекпе-жегінің шебері,
актер Джеки Чанмен айырылмас
дос болған Б.Əбдезұлының өмірден
өткеніне бүгінде 17 жылға таяп
қалды.
Қазіргі
таңда
Мұстафа
мен
Бексейіттің ізін жалғастырушылардың
қарасы қалың. Оған облысымыздың
Жуалы ауданында Бексейіттің көзі
тірісінде ашылған, өз атын иемденген
спорт мектебі де өз үлесін қосып отыр.
Б.Түлкиевтің ізбасары, Қазақстан
таэквондо федерациясы төрешілер
алқасының төрағасы, қара белбеу ІV
дан иегері, танымал жаттықтырушы
Имантай Əбеев тізгінін ұстап отырған
аталмыш мекеме спортқа қабілетті
дарынды жастарды тəрбиелеп отыр.
–
Тоқсаныншы
жылдардың
бас кезі болатын. Ол кезде мен
Алматыда
таэквондоның
қыр-
сырын меңгеріп жүргенмін. Сəті
түсіп, Бексейіт ағамен таныстым.
Ол кісімен жолыққан күннен бастап
етене жақын араласып кеттік.
Əрине, бірінші Алланың, содан соң
ағамыздың арқасында мен осы
күнге жеттім. Ол кісі менің өмірдегі
ұстазым болған жан. Бойындағы күш-
қуатын Қазақстан таэквондосын
дамытуға
жұмсады.
Мұстафа
Өзтүрікпен бірігіп республикамызда
таэквондо
мектептерін
ашуға
мұрындық болды. Қазақтың қос
ұлының болашақ үшін бірігіп еңбек
етуі
талайларды
таңғалдырып
қана қоймай, тарихта мəңгілік із
қалдырды. Жəне де Бексейіттің
барлығымыз
сүйсінетін
ерекше
қасиеті, ол кісі үлкенмен де, кішімен
де тіл табыса кететін. Атақ-
абыройы асқақтап тұрса да, барлық
адамды бірдей көретін. Бөліп-жаруды
мүлдем білмейтін. Сондықтан да,
ағамыздың мəртебесі бəрімізден
биік болатын, – деп сыр тарқатқан
Имантай Айбатырұлы Б. Түлкиев
атын иемденген таэквондо мектебі
туралы да айтып өтті.
1997 жылы іргетасы қаланған бұл
мектепте бүгінде болашақ Бексейіттер
шынығуда. Республикамыз бойынша
Бексейіт
Түлкиевтің
атындағы
жалғыз мектеп Жуалы ауданында
болғандықтан қазір клубқа мемлекет
тарапынан ерекше көңіл бөлініп
отыр. Қажетті құрал-жабдықтармен
толық
қамтылған.
Тəжірибелі
жаттықтырушылар жұмыс істейтін
мектепте айта кететін тағы бір
жайт, тəжірибе алмасу мақсатында
Оңтүстік Кореядан бапкерлер келіп
тұрады. Бүгінгі таңда мектептің
жас таэквондошылары облыстық,
республикалық, əлемдік додаларда
сынға түсіп жүр.
Артында қалған ұл-қыздарымен
байланысып отыратынын айтқан
И.Əбеев
Қазақстан
таэквондо
федерациясының ұйымдастыруымен
жыл
сайын
Б.Түлкиевті
еске
алу мақсатында турнирлер өтіп
тұратынын атап өтті. Республиканың
барлық облыстарынан келген жас
таэквондошылардың
шеберлігін
шыңдайтын
мұндай
турнирлер
барда Бексейіттің аты өшпейтінін
айтқан бапкер 2005 жылы Қазығұрт
баспасынан Б.Түлкиев туралы «Қос
өнердің жұлдызы» атты кітап жарық
көргенін, биыл 60 жылдығына орай
бірқатар іс-шаралар ұйымдастырып,
кітапты
көпшілікке
таныту
жоспарланып отырғанын тілге тиек
етті.
Қалай болған күннің өзінде де аз
ғана ғұмырында қазақ сурет өнері
мен Қазақстан таэквондо спортының
арбасын алға сүйреген Бексейіт
Түлкиевтің есімі ел есінде мəңгі
қалары даусыз.
Мұратхан ƏЛІМХАН
ҚОС ӨНЕРДІҢ ЖҰЛДЫЗЫ – БЕКСЕЙІТ
М.Х.ДУЛАТИ
АТЫНДАҒЫ
ТАРМУ-ДЕ
ҚАЗІРГІ
ЗАМАНҒЫ
СПОРТТЫҚ
ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ТРЕНАЖЕР ЗАЛЫ АШЫЛДЫ. ЕНДІ ОҚУ
ОРДАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЖАТТЫҒУ ЗАЛЫНДА
СПОРТПЕН АЛАҢСЫЗ ШҰҒЫЛДАНАТЫН БОЛАДЫ.
Бір мезгілде жиырма адам спортпен
шұғылданатын залдың көлемі 103 шаршы
метр.
Тренажер
залында
жаттығуға
арналған заманауи үлгідегі түрлі құрал-
жабдықтар қойылған. Жаттығудан кейін
жуынатын душ кабинасы да қарастырылған.
Дене тəрбиесі теориясы мен əдістемесі
кафедрасының
меңгерушісі
Сұлтан
Қасымовтың айтуынша, университетіміздің
спорт
залдарының
материалдық-
техникалық базалары бүгінде едəуір
нығая түскен. Жаңадан каратэ, гимнастика
жəне хореография залдары ашылып,
бұрынғы үлкен ойын залы, кіші ойын залы,
үстел теннисі, күрес залдарына жөндеу
жұмыстары жүргізіліп, жабдықталыпты. Ең
бастысы, университет ректоры Махметғали
Сарыбеков дене шынықтыру мен спорттың
ұжымның денсаулығы үшін маңыздылығын
пайымдап, осы саланы қаржылық жағынан
қолдап отырғандығы қуантады.
Лəззат ТАЛҒАТҚЫЗЫ,
ТарМУ-дың баспасөз қызметкері.
Жегіқұрт
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ –
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ –
ҚОҒАМ ДЕРТІ
ҚОҒАМ ДЕРТІ
Тəуелсіз
еліміздің
экономикасының
дамуына кедергі келтіріп, қоғамның дертіне
айналған мəселенің бірі сыбайлас жемқорлық.
Жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес
мақсатында қыруар шаруалар атқарылып,
арнайы
заңдар
мен
бағдарламалардың
қабылдануына қарамастан, бүгінде бұл дерттің
тамырына балта шабу оңай болмай тұр.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас
жемқорлықпен күрес ең өзекті мəселелердің
бірі. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен
жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа
шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер
əкелетіндігі күмəнсіз. Сондықтан, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік саясатының
негізгі басымдықтарының бірі осы кеселмен
күресу. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа
орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін
біріктіріп, осы дерттің одан əрі ушықпауы үшін
оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану
арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде
қарсы тұруға болады.
Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен
күресу еліміздің барлық азаматтарының
азаматтық борышы деп білу керек.
Нұрғалым ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,
Тараз қаласы
мамандандырылған ХҚКО инспекторы.
БҮГІНДЕ ӨҢІР СПОРТЫН ДАМЫТУҒА ƏР МЕКЕМЕ ƏРҚАЛАЙ ҮЛЕС ҚОСУДА.
ƏСІРЕСЕ, ЖЕКЕ КƏСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫМЕН БОЙ КӨТЕРІП ЖАТҚАН
НЫСАНДАР АЗ ЕМЕС. ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА «ҚАЗФОСФАТ» ЖШС-НЫҢ ОРНЫ
БӨЛЕК. АТАЛМЫШ СЕРІКТЕСТІК БҮГІНДЕ БІРҚАТАР АУДАНДАРДА ШАҒЫН СПОРТ
КЕШЕНДЕРІН САЛУДА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСУДА. МІНЕ, ОСЫ ИГІ БАСТАМАНЫҢ
ЖАЛҒАСЫ
РЕТІНДЕ
АПТА
БАСЫНДА
ӨҢІРДІҢ
ХИМИЯ
ӨНЕРКƏСІБІНІҢ
ЛОКОМАТИВІНЕ АЙНАЛҒАН СЕРІКТЕСТІК ТАҒЫ БІР СПОРТ НЫСАНЫН ЕЛ ИГІЛІГІНЕ
БЕРДІ.
Төле би көшесінің бойынан бой
көтерген спорт кешенінің құрылысына
120 миллион теңге қаражат жұмсалыпты.
Нысан шағын болғанымен, спортпен
шұғылданамын
дегендерге
барлық
жағдай жасалған. Қос қабатта орналасқан
жаттығу залдары мен шынығу бөлмелері
барлық талаптарға сай. Келушілерге
жуыну жəне тынығу бөлмелері де
қарастырылған.
Кешеннің ашылу салтанатында сөз
алған «Қазфосфат» ЖШС басқарма
төрағасы Мақсұтбек Есенов спорт
нысанының
құрылысына
ерекше
тоқталып өтті.
– Бұл нысан зауыт қызметкерлері
үшін үлкен қазына болып тұр. Себебі,
серіктестік мамандары қай кезде
де спортқа жаны жақын, физикалық
шынығуға құмар. «Спорт – жан
серігің» демекші, енді аталмыш кешен
жастарды да спортқа тартуға мол
үлес қосатынына сенемін. Сондықтан,
жаңа
нысанның
ашылуымен
барлықтарыңызды құттықтаймын, –
деп ізгі тілегін білдірді.
Өз кезегінде сөз алған облыс əкімінің
бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков
жаңа нысанның облыс спорты үшін қосар
үлесі ерекше екенін атап өтіп, жұмысына
сəттілік тіледі. Одан кейін, Бекболат
Серікбекұлы мен Мақсұтбек Есенов
кешеннің алқызыл лентасын салтанатты
түрде қиды.
Соңынан
салтанатты
шараға
жиналғандар кешенді аралап, жаттығу
залдарымен танысып,
құрылыстың
сапасына дəн ризашылықтарын білдірді.
Australian Open
ЗАРИНА ƏЛЕМНІҢ ЕҢ СҰЛУ ТЕННИСШІСІ
ЗАРИНА ƏЛЕМНІҢ ЕҢ СҰЛУ ТЕННИСШІСІ
Қазақстандық теннисші Зарина Диас «Australian Open-2015» додасында шамамен 100 мың АҚШ
доллары көлемінде табыс тапты.
Диас биыл Үлкен дулыға сынында сəтті өнер көрсетті деуге толық негіз бар. Себебі, ол бəсекенің
үшінші айналымына дейін жетіп, плей-офф кезеңіне шығу жолында əлемнің №2 ракеткасы Мария
Шараповадан ғана жеңіліп қалды.
Жалпы, Мельбурнда өтіп жатқан теннис турнирі
бюджеті жағынан əлемдегі ең жоғарғы бəсекелердің
көшін бастап тұр. «Australian Open» додасының
ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл бұл
бəсекенің жалпы бюджеті 40 000 000 АҚШ долларын
құраған екен. Ал, «жасыл құрлық» төрінде өтіп жатқан
сынға 256 теннисші қатысыпты. Оның тең жартысы
ерлер болса, жартысы əйелдер.
Биыл «Australian Open» бəсекесінің жекелей
сынында топ жарған теннисші қомақты қаржыны
қалтасына басады. Ресми мəлімет бойынша,
жеңімпазға 14 398 000 АҚШ доллары дайын тұр.
Жұптық сында үздік шыққан спортшылар 5 165 200,
ал миксте (аралас жұп) мықты шыққан теннисшілер
480 000 АҚШ доллар алады.
Сондай-ақ, бұл турнирдің негізгі кезеңінде өнер
көрсеткені үшін жəне əрбір жеңіс үшін берілетін
сыйлықтар да бар. Сол сыйлықтардың барлығын
есептеп келетін болсақ, отандасымыз Зарина Диас
жекелей сында 97 500 АҚШ долларды жеңім алып
отыр.
Сонымен қатар, Оңтүстік Африка Республикасының
теннисшісі
Шанель
Схиперспен
жұп
құраған
қандасымыз жұптық сайыстың бірінші кезеңінен аса
алмады. Сондықтан Зарина жұптық бəсекеде небəрі 11
500 доллар көлемінде пайда тауыпты. Ал, екі бəсекенің
қорытындысы бойынша Диастың есепшотына 109 000
(97 000 + 11 500) АҚШ доллары аударылған.
Бұдан бөлек, Зарина əлемдегі ең сұлу
теннисшілердің қатарына еніп отыр.
Турнир барысында Еуроспорт басылымы əлемдегі
ең сұлу деген 16 теннисшінің тізімін жасаған екен.
Міне, осы тізімнің ішіне отандасымыз да еніп отыр.
Əлемдік сарапшылар, тіпті қандасымызды ең жас,
ең сұлу, ең сымбатты теннисші деп бағалаған екен.
Олардың ішінде Заринаға журналдардың мұқабасына
түсуге шақырғандар да аз болмапты.
Бұл, əрине біз үшін мақтаныш. Отандық
спортымызға бір кездері жат көрінген теннис
спортынан жерлестеріміздің жұлдызы жанғаны еліміз
үшін де үлкен абырой. Жаңа белес!
Бетті дайындаған С.САТЫЛҒАНОВ.
Б.Түлкиев атақты актер Джеки Чанмен бірге
Б.Түлкиев атақты актер Джеки Чанмен бірге
Туған ауылындағы ескерткіш бюсті
Туған ауылындағы ескерткіш бюсті
12
29 қаңтар,
№5 (485)
Жамбыл облыстық «АРАЙ» газетінің редакциясы ЖШС, ЖСК KZ51319Е010004665197, БСК ABKZKZKX, СТН 211500223161, КБЕ 17, КНП 851, БСН 050740003533 «БТА банк» АҚ Жамбыл филиалы
E-mail: aray2008@mail.ru
www.ar-ay.kz
МЕНШІК ИЕСІ
«Жамбыл облыстық «АРАЙ»
газетінің редакциясы»
жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі
Директор –
Бас редактор
Гүлнұр ЕМБЕРДИЕВА
Газет 2012 жылғы 17 сəуірде Қазақстан
Республикасы Мəдениет жəне ақпарат
министрлігінде тіркеліп, мерзімді баспасөз
басылымдарын жəне ақпарат агенттіктерін
есепке алу туралы №12681-Г куəлігі берілген.
Дəулет ТӨЛЕНДІ – бас редактордың орынбасары
Шолпан БӨГЕНБАЕВА – жауапты хатшы
БӨЛІМДЕР:
Мəдениет жəне өнер – Хамит ЕСАМАН
Экономика жəне жастар саясаты – Серік ЖОЛДАСБАЙ
Ауыл шаруашылығы жəне əлеумет – Саятхан САТЫЛҒАНОВ
Компьютер орталығы – Ғани СҮГІРƏЛИЕВ
Фототілші – Алтынбек ҚАРТАБАЙ
А – материалдың жариялану ақысы төленген
Газет аптасына бір рет шығады
Газет редакцияның компьютерлік
орталығында теріліп, беттелді
Газет «Сенім» ЖШС баспаханасында
басылды
(Тараз қаласы, Төле би көшесі, 22)
Газет индексі – 66250
Тапсырыс – №57
080012, Тараз қаласы,
Ə.Əйтиев көшесінің 2-ші қиылысы, 7-а
Қабылдау бөлімі: 8 (7262) 43-69-00,
43-69-04, Факс: 43-69-04
Тілшілер: 43-69-06
Бухгалтерия: 43-69-08
Мекен-жайымыз:
Редакция
телефондары:
Мақала авторы пікірінің редакция көзқарасын білдіруі міндетті емес
Жарнама мен хабарландырулардың мəтіні мен тіліне жарнама
беруші жауапты
Газетте жарияланған материалдар мен суреттерді сілтемесіз көшіріп
басуға болмайды
Редакция оқырман хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды
жəне авторлар қолжазбасы өңделеді
Көлемі бес компьютерлік беттен асатын материалдар
қабылданбайды
Кейбір суреттер интернет сайттарынан алынды
Таралымы 12220
Кезекші редактор:
Қамар ҚАРАСАЕВА.
АҚШАМ
АҚШАМ
Рахат ЖАҚСЫБАЙ, «Дарын» мемлекеттік жастар
сыйлығының лауреаты
Сырсарай
– Рахат, білуімізше студент кезден бастап
еңбекке ерте араластыңыз. Сол кезде
жинақтаған тəжірибе өмірлік тəжірибеге
айнала алды ма?
– Жалпы, еңбекке араласуым оқушы кезімнен
басталды. 10-11 жасымда
материалдың
шамамен қалай жазылатыны, телесюжеттердің
қалай əзірленетіндігі туралы менде практикалық
тəжірибе болды. Студент кезімде де, оқу мен
жұмысты қатар алып жүруге тырыстым. Оқушы
кездегі жай қызығушылық болса, студент
кезіңдегі еңбекке араласуды өмірге бейімделу
деп атауға болатын шығар. Бұл тəжірибенің екі
жағы бар: біріншіден – оқи жүріп жұмыс жасасаң,
толық білім алуға кей сəттері мүмкіндігің болмай
қалуы мүмкін, екінші жағынан – университет
бітіріп, қолыңа диплом алған кезде, адамдармен
қарым-қатынас жасауды білесің, жұмысқа
орналасудың жолдары мен ретінен хабардар
боласың, шын мəнінде «өмір сүруге дайын
маман» деген теңеуге лайығырақ болып
шығасың.
– Университет қабырғасында жүріп-ақ
«Хабар» арнасының «Азамат» бағдар лама-
сының қатысушысынан телеарна редак-
торына, кейіннен жүргізушісіне айналдыңыз.
Пікірсайыстың, «Азамат» бағдарламасының
өміріңізде алар орны қандай?
– Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің І курс студенті үшін «Хабардың»
«Азамат» жастар жобасына жай көрермен боп
қатысу үлкен мəртебе еді. Бірақ, бұл саладағы
«тəжірибем» сөз сайысына түсуден гөрі,
турнирлерді ұйымдастыру, үйлестіру ісінде
басымырақ болды. Жалпы, кейбір көршілес
елдердегі бүліктердің бастауында демей-ақ
қоялық, қозғаушы күштердің басында жастардың,
оның
ішінде,
пікірсайыспен
шұғылданған
жастардың тұрған жайы бар. Алайда, Қазақстанда
бұл қозғалыс, жастардың белсенділік мектебі
бола білді деп айта аламын.
– «Хабар»
арнасында
көптеген
жобалардың бастамасышы бола білдіңіз. Бұл
жобалар көрерменге не берді деп ойлайсыз?
– Мемлекеттің басты арнасындағы еңбек
тəжірибеме 7 жылдан асып барады екен. Осы
уақыт
аралығында
телевизияның
барлық
шығармашылық сатыларынан өткендеймін. Қазір
«Арнайы Хабар» болып шығып келе жатқан
«Арнайы репортаж» хабарының эфирдегі бірінші
шығарылымын оңтүстік өңірлерді су алып кеткен
оқиғаға
байланысты
режиссер
Өркен
Əліпбаевамен бастаған едік. Ринат Думанұлы
жүргізіп бастаған, көптеген журналистердің
тəжірибе шыңдау мектебі болған «Таразы»
ақпараттық-сараптамалық
бағдарламасының
сценариін 2 жыл бойы жазып шықтым. «Азамат»,
«Азамат
жастар
Парламенті»
жастар
жобаларында
өзімді
редактор,
жүргізуші,
продюсер ретінде сынап көруге мүмкіндік алдым.
Одан əрі 2011 жылы бас продюсер Ринат
Думанұлы көпшілікке танымал болуыма сеп
болған «Сонымен, солай дейік», «Біз» ток-
шоуларына жүргізушілікте болумен қатар,
«Бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас
редакторы» деген қызметке ұсынды. Қызметіңе
байланысты дирекция шығаратын барлық
өнімдерге араласуың, қатысуың қажет. Тиісінше,
2011-2014 жылдар аралығында эфирге шыққан
«Орталық Хабар», «Жекпе-жек», «Жігіт сұлтаны»,
«Көзқарас», «Арнайы хабар», «Топжарған»,
«Патриот» жəне тағы басқа бағдарламалардың
хабарларына, бұдан басқа, ондаған деректі
фильмдер тобына атсалысқаным бар. Сондай-
ақ, «Астана – түркі əлемінің астанасы» деп
аталатын деректі фильм 2012 жылы «Шабыт»
халықаралық фестивалінің Гран при иегері
атануыма себеп болды.
Достарыңызбен бөлісу: