хабар берген.
жоқ.
деген күдікпен 9 мыңға жуық адамды қамауға алды. «The Hindu» таратқан
ғасырдағы үлкен ғылыми жаңалық болмақ.
департаменті жоққа шығарған еді.
желісінде «Руслан Маекеев» есімімен тіркелген қолданушы болып шықты.
Қолға түскен азамат Т.Рысқұлов ауданының тумасы көрінеді.
Ғалымдар ол Жерге еш қауіп төндірмейді деп отыр.
ұстанымға келді.
адамдардың тез шаршайтындығын айтады.
Мəрзия ИБРАГИМОВА, Еңбек Ері, тыл ардагері
түйді. Содан кейін облыстық мешіттің наиб-
жүректері нұрланып тұрғандай еді.
айтып берді.
жатқанын түсіндік.
кең көлемде аталып өтті.
6
29 қаңтар,
№5 (485)
ШЫНДЫҚТЫҢ ЖҮЗІ
САЙТТЫҢ «САЛҚЫНЫ» ГАЗЕТТЕРГЕ ТИІП ЖАТЫР
Серік ЖОЛДАСБАЙ
Нарық пен халық
немесе арзан көлік кім үшін тиімді?
РЕСЕЙГЕ САЛЫНҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САНКЦИЯЛАРДЫҢ САЛҚЫНЫ
ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ДЕ КЕРІ ƏСЕРІН ТИГІЗІП ЖАТЫР. БҰЛ ТУРАЛЫ КҮНІ КЕШЕ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ БАРАК
ОБАМАМЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ ТІЛДЕСКЕНДЕ МƏЛІМ ЕТКЕН БОЛАТЫН.
ШЫНЫНДА, ҚАЗІРГІ ТАҢДА РЕСЕЙ ЭКОНОМИКАСЫ ҚИЫН КҮНДЕРДІ
БАСТАН ӨТКЕРІП, ШАТҚАЯҚТАП ТҰР. МƏСЕЛЕН, ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ
БАСЫНДА 1 РУБЛЬДІҢ ҚҰНЫ 6,30 ТЕҢГЕДЕН ЖОҒАРЫ БОЛСА,
ҚАЗІРГІ ТАҢДА ОНЫҢ ҚҰНЫ 3 ТЕҢГЕДЕН ДЕ ТӨМЕНДЕП БАРАДЫ.
Алайда, рубльдің құнсыздануын еліміздің
кейбір азаматтары тиімді пайдаланып қалуға
тырысуда. Нақтырақ айтсақ, іргелес жатқан Ресей
елінен арзан көлік сатып алып, елге əкелген
отандастарымыздың қарасы қалың.
Ресей рублінің құнсыздануы шалғайдағы
Əулиеата жұртына да əсер етіп жатыр. Мəселен,
Тараздың іргесіндегі көлік сататын базарға
барғанда темір тұлпарлардың бағасының едəуір
арзандағанын байқадық. Мысалы, өз көлігін сатып
тұрған Əділет Қасымұлының айтуынша, базардағы
көліктің құны 1-2 мың долларға арзандаған.
Алайда, ол соған қарамастан автокөлік сатып
алып жатқан азаматтардың аз екенін айтады.
– Бұған дейін 7-8 мың доллар болған
автокөліктерді қазір 5-6 мың долларға сатып
алуға болады. Алайда, көлік қанша жерден
арзандаған күннің өзінде жұрттың жапа-тармағай
көлік сатып алып жатқанын байқамайсың.
Себебі, қарапайым халықтың қолында ақша
жоқ. Сондықтан, Тараз тұрғындарының көбісі
көліктерін түрлі нұсқамен көлікке айырбастауда.
Мысалы, бір азаматтар 1-2 мың доллар қосып
тəуір автокөлік сатып алса, енді бірі керісінше
тəуір көлігінің үстінен ақша көріп жатыр. Ұзын
сөздің қысқасы, көлік базарда «варианттың»
бəсі басым болып тұр, – дейді Əділет Қасымұлы.
Бірнеше аптадан бері көлігін сата алмай жүрген
ол жескенбі күні небəрі 4-5 көлік сатылатынын
айтады. Тіпті, соңғы кезде көлікті қолма қол
ақшаға сатып алып жатқан жанды көрмепті.
Себебі, былайғы жұрт Ресейден арзан автокөлік
сатып алуға елеңдеп отыр. Мысалы, қазақ елінде
10-15 мың доллар тұратын автокөлікті Ресейден
5-7 мың долларға алуға болады екен. Алайда,
бұл қарапайым азаматтарға тиімді болғанымен
мемлекет үшін тиімсіз болып отыр. Сондықтан,
еліміздің Инвестиция жəне дамыту министрі Əсет
Исекешев отандық өнеркəсіпке қолдау көрсету
мақсатында халықты өзге елден емес, өзімізден
тауар сатып алуға шақырған еді.
Таразда тек көлік қана емес, сонымен қатар
жылжымайтын мүлік те арзандаған сияқты.
Өйткені, тұрғын үйлерді сатып алып жатқан халық
аз. Ал, сұраныс болмаған жерде тауардың бағасы
қымбаттамай, керісінше, арзандайтыны белгілі.
Осы сəтті пайдаланып екінші деңгейлі банктерден
несие рəсімдеп, үй алғысы келетін азаматтар
арамызда жоқ емес, бар. Солардың бірі Əлия
Елібаева. Алайда, еліміздегі банктер бұрынғыдай
оңды-солды несие бермей, аяғын аңдып басып
отыр.
– Ресейге көшіп бара жатқан азаматтың
Тараз қаласындағы үйін 21 мың долларға сатып
алуға келіскен болатынбыз. Алайда, үй алуға
жетпеген 3-4 мың долларды банктен алу қиын
болып тұр. Мəселен, бұрын еліміздегі банктер
ары кетсе 1-2 күнде несие рəсімдеп беретін.
Өкінішке қарай, өзіме қажетті несиені алу бірнеше
күнге созылып кетті. Дəл осы сəтте доллардың
теңгеге шаққандағы бағамы көтеріліп, келісіліп
қойған үйді ала алмай қаламыз ба деп уайымдап
тұрмын, – дейді ол.
Екінші деңгейлі банктерді бұрынғыдай несиені
оңды-солды бермеуінің өзіндік себебі бар. Өйткені,
соңғы айларда экономикалық болжам жасау
қарапайым азаматтарды айтпағанда, тіс қаққан
мамандардың өзіне өте күрделі болып кетті.
Осыны ескерген ел Үкіметі қаржыны бұрынғыдай
шаша бермей, тиімді пайдалануға көшкен.
Үкіметтің мұндай қадамға баруына Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өздеріне
жүктеген тапсырмасы түрткі болып отыр.
– Біз бюджетке бір рет өзгеріс енгіздік,
қажет болған жағдайда мұны тағы жасау керек.
Барлық нəрседе үнемдеуге кіріскенімізді халыққа
нақты түсіндіру керек. Тəуелсіздік жылдарында
біз 700-ден астам мектеп жəне сонша аурухана
салдық. Қазір жүріп жатқан құрылысты аяқтап,
бірқатар инвестициялық құрылыс жобаларына
қоса жаңа нысандарды салуды тоқтату
керек. Бұл жұмыстар дағдарыс аяқталған соң
жалғастырылатын болады, – дейді мемлекет
басшысы.
ОН ЖЕТІ МЫҢ ТЕҢГЕ
ОН ЖЕТІ МЫҢ ТЕҢГЕ
ШӘКІРТАҚЫ НЕГЕ ЖЕТЕДІ?
ШӘКІРТАҚЫ НЕГЕ ЖЕТЕДІ?
Арай ШАБДЕНОВА
Халің қалай, студент?
Дегенмен,
бүгінгі
нарықтық
заманда
біреуге өкпе айтып, кінə тағу артық шығар.
Себебі, өмірдің өзі жастарды осындай тірлікке
итермелеуде. Əйтпесе, студенттердің «қарыны
тоқ, көйлегі көк» болса, жұмыс іздеп, көше
кезіп несі бар?
Мұндай сəтте бір емес бірнеше баласын
оқытып жатқан ауылдағы ата-анаға да өкпе
арта алмайсың. Олардың басым көпшілігі
«əйтеуір, балам оқу грантын жеңіп, шəкіртақыға
қол жеткізсе болғаны» деп отырады. Бірақ,
мемлекет тарапынан берілетін шəкіртақы да
студенттердің жұмырына жұқ болмай тұр.
Себебі, олардың қолына тиетіні бар болғаны
17 мың теңге. Ал, он жеті мың теңге қай
жыртықты жамауға жетсін? Осыдан барып,
студенттер жұмыс іздеуге мəжбүр...
Қазір қаладағы оқу ордалары студенттерді
жаппай баспанамен қамтамасыз ете алмай
отыр. Жатақханалардағы орындар санаулы.
Сондықтан да, жатақханадан орын таппай
сандалған студенттерге пəтер жалдаудан
артық амал жоқ. Ал, бүгінде бір бөлмелі
пəтердің құны Таразда 20 мың теңгеден
жоғары. Екі немесе одан да көп бөлмелі
пəтердің құны 30-40 мыңнан асып түседі. Оған
коммуналдық қызмет ақысын қосыңыз. Қала
берді күнделікті тұтынатын азық-түлік те қалта
қармайды. Əсіресе, көп жағдайда ашқұрсақ
жүретін студенттер үшін күн санап, азық-түлік
бағасының өсуі тіптен қиын.
Дəрігерлердің
айтуынша,
уақытында
тамақтанбау адамның есте сақтау қабілетін
нашарлатады екен. Дегенмен, таңертеңгілік
сабаққа үлгеру үшін студенттердің көбі таңғы
асты елей бермейді. Ал сабаққа таңғы сағат
08:00-де кірген студент, түскі үзіліске 13:00-
де бір-ақ шығады. Аш қарынмен оқуға келген
студенттің ойына да, бойына да білім қонбасы
анық қой. Асханадан тамақтана салайын десе,
ондағы баға да бас білдірмейді.
Мəселен,
қазіргі
кезде
асханаларда
тамақтану үшін студентке кем дегенде 200-
500 теңге қажет. Бұл дегеніңіз – қарапайым
студент үшін күнде табыла бермейтін ақша.
Сондықтан, студенттер бір самса мен сүтсіз
қара шайды қорек етуге мəжбүр болады.
Тағы бір айта кетерлігі, студенттердің жол
ақысы. Бұрнағы кезі студенттерге жол жүру
билеті берілетін. Қазір бұл жол жүру билеттері
келмеске кетті. Ал, студенттердің қоғамдық
көлікте қатынауы жыл басында шарықтай түсті.
Бірден 55 теңгеге өскен жол күре жастарға оңай
соқпай отырғаны сөзсіз. Қарапайым есепке
салсақ, студент күнделікті сабаққа барып
қайтқанының өзіне 165 теңге шығындайды
екен. Ал, оқу орнының өзге бөліктерінде
сабақтары болса, бұл сома еселене түсетіні
анық.
Иə, байқап тұрсаңыз, білім сапасы мен
жоғары оқу орындарындағы парақорлықты
айтпағанның өзінде, студенттің əлеуметтік
мұқтаждығы жетіп артылады. Қымбат пəтер,
бағасы шарықтаған жол күре студенттің білім
іздемей, жұмыс іздеп кетуіне басты себеп.
Білім жолына түскен жастардың шəкіртақысын
көбейтсе, олар қаражат табам деп сабылмай,
сабақтарын уақытында оқып, үздіксіз ізденісте
болар еді.
Бұл оқу грантын жеңіп алып, шəкіртақының
өзімен күнелте алмай жүрген жастардың
жайы. Ал, ақылы бөлімде оқитын студенттердің
жағдайы не болып жатқандығын өзіңіз
бағамдай беріңіз.
НТІ БАРАК
ОЛАТЫН.
ДІ
АҚШАСЫ БАРЛАР РЕСЕЙ АСТЫ...
АҚШАСЫ БАРЛАР РЕСЕЙ АСТЫ...
Ойтаразы
Содан бері талай уақыт өтті.
Қоғам алға басып, халық жаппай
сауаттанды. Елімізде жыл санап
басылымдардың саны артып, оларға
тиісті деңгейде көңіл де бөлінді.
Қазақ баспасөзі бірқатар ұлттық
басылымдармен толықты. Қоғамның
дертіне айналған мəселелерді түп-
тамырымен қопарып жазып, жоғары
жетістіктерімізді сүйіншілеген газет-
журналдар халықтың ықыласына
ие болды. Бұрынғы «Лениншіл жас»
газеті мен «Жұлдыз» журналының
қойшылардың
қонышына
дейін
жүретінін еститін едік. Бүгінде
кітапқа,
газет-журналға
деген
құрмет төмендеді ме қайдам,
əйтеуір халықтың біразы басылым
беттерін парақтамайды. Мүмкін,
мұның бір себебі қазіргі таңдағы
топан судай қаптаған қызыл, сары
басылымдардың
көптігіне
де
байланысты болар. Қазір оның үстіне
сайт деген дүние шықты. Бұған кіру
тіптен оңай. Бүгінде əркімнің үйінде
компьютер бар. Болмаса соңғы
үлгідегі ұялы телефондар арқылы
да сайттағы қажет дүниелерді
дер кезінде оқып ала қояды. Ал,
мүлдем керек қылмаса газетті де
оқымайды, сайтты да қарамайды.
Мысалы, Əулиеата өңірін алайық.
«Қазпошта» АҚ облыстық филиалы
мерзімді баспасөз басылымдарын
тарату бөлімінің берген мəліметіне
сүйенсек, жергілікті басылымдар
саны барлық қабылданған басылым
санының 67 пайызын құрайды
екен. Мəселен, ауылдық жерлерде
халықтың
жазылған
басылым
саны 123530 дана болса, қалалық
жерде 34547 дана болып отыр. Бұл
ауылдық жердегі басылым үлесі 78
пайызды құрайды деген сөз.
Сондай-ақ, газетқұмар халық
үшін пошта тарапынан тағы бір тың
жаңалық бар. Күн сайын бір жетістікті,
мəселені шешудің төте жолын
ойлап тауып жатқан ғылымның
бұл да бір жетістігі. Былтырғы
жылдың 20 желтоқсанынан бастап
еліміздің пошта жүйесіне үйден
шықпай-ақ
ғаламтор
арқылы
жазылым қабылдау жүйесі енгізілді.
Ендігі жерде бұрынғыдай кезек
күтіп, поштаға сабылмай-ақ, үйде
отырып алып қалаған басылымға
жазыла беруге болады. Бұл жүйе
поштаның ережесі арқылы жүзеге
асады. Ал, ғаламтор арқылы
басылымға жазылу барысында
тиісті құжаттарды толтырған кезде
жазылушының есеп кəртішкесінің
белгілі
он
алты
саны
қоса
көрсетіледі екен. Сонда ақшаны да
кассаға апарып əуреленбей-ақ, үйде
отырып төлей беруге мүмкіндік бар.
Яғни, тұтынушының есеп шотынан
қажетті қаражат ұсталынады. Бұл
да бүгінгі ғылымның дамыған
көрінісі. Алайда, сайт десек те,
түрлі əлеуметтік желілерді жарыса
мақтасақ та бəрібір тасқа басылып,
таңбаланған
газетке
ештеңе
жетпейді.
Хамит ЕСАМАН
ҚАРАТАУҒА ҚАТЫНАУ
ҚАРАТАУҒА ҚАТЫНАУ
ҚИЫНДАП КЕТТІ
ҚИЫНДАП КЕТТІ
1-бетте
«Қазір Жаңатас пен Қаратауға пойыз
тұрақты қатынап тұр ғой. Онда жолаушыларға
жақсы жағдай жасалған. Сонымен, қалауынша
қатынай бермей ме?» деген қамқор кеңесін
де қосып қойды. Өзі басқарып отырған
мекемесінің атауында «жолаушылар көлігі»
деген тіркес тайға таңба басқандай, соқырға
таяқ ұстатқандай жазулы тұрған, жолаушылар
тасымалы мəселесін шешетін жəне шешуге
тиіс басшының жауабы осы. Бұл жауап
бізге немқұрайдылау көрініп отыр. Əйтпесе,
«қалталары шыдаса» деген сөз халыққа қамқор
болуға тиіс басшының аузынан шығатын сөз
бе?!.
Ал, енді Рахманқұл Байтелиев мырза
«қалауынша
қатынай
бермей
ме»
деп
ақылгөйсіген теміржол көлігі бұл өңірдің
Қаратауға қатынап жұмыс істейтін жəне сауда-
саттық жасайтын тұрғындары үшін тиімді
болып тұрған жоқ. Пойыз Жаңатастан Таразға
таңертең өтеді де, кешке қарай кері қайтады.
Рас, вагондар көбейгені де, онда қолайлы
жағдай жасалғаны да шындық. Бұл көлік облыс
орталығында шаруасы барлар үшін тиімді
əрі қажет. Осы жерде Жұма, Өрнек, Ерназар
ауылдарының тұрғындары күнкөрісін ажырату
үшін саудалайтын азын-аулақ тауарларын
Таразға əкеліп сатпайтыны, одан ешқандай
пайда да таппайтыны ол кісіні ойландырмайтын
сыңайлы.
Жалпы, шешілмейтін мəселе жоқ, болмайды
да. Тек халықтың қамын ойлайтын нағыз
қамқоршы басшы керек. Енді «жағымды жауап
сондай қамқоршыдан болар» деген үміттеміз.
Əйтпесе, Қаратауға қатынудың қиындығы
шешілетін түрі жоқ.
Осы мақаланы дайындау үстінде Жамбыл
ауданы Айша бибі ауылының тұрғыны Əлімбай
Найзабаев облыс орталығынан аталмыш
ауылға соңғы үш жылда арнайы автобус
қатынамайтынын айтты.
– Бұл жайдан облыс басшылары да
хабардар. Мен бұрынғы арнайы бағытты
қайтадан ашуды өтініп, осы мəселені Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтында
облыс басшылығы қатысқан алқалы жиында
да айтқанмын. Бірақ, əлі күнге нəтиже жоқ...
Жолаушылар
тасымалына
жауапты
мекемелер басшылары Айша бибі ауылының
үстінен өткінші автобустар көп өтетінін алдыға
тартып, «жолаушылар соларға мініп кетеді»
деген уəж айтулары мүмкін. Ол сылтау емес.
Көрінгенге көз сүзіп, əр көлікке бір қол көтеріп,
жəутеңдеп тұрғанның несі жақсы! Одан гөрі,
бұрынғы Тараз – Айша бибі бағыты қалпына
келтіріліп, уақтылы қатынап тұрса, ауыл
тұрғындарына көп көмек болар еді.
«Бір жоқты бір жоқ табады» дегендей, осы
бір егіз қозыдай екі мəселе шешімін тапса, нұр
үсітіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: