Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата06.03.2017
өлшемі19,56 Mb.
#7850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Талас ауданы.

«ТАУЫҚБАЗДАҒЫ» ТІРЛІК ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРАДЫ

Кәсіп түбі – нәсіп



Мемлекеттен    бекітілген  түрлі  бағдарламалар  ауыл  шаруашылығына  шырай 

беруде.  Мұндай  игі  тірліктен  ақкөлдік  шаруалар  да  шет  қалып  отырған  жоқ. 

Солардың  бірі – «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алып, қазақтың ақ бас 

сиырын көбейтуді қолға алған «Мақсат» шаруа қожалығы.

Бұл    қожалықтың    егесі – Есенкүл 

Қожамсейтова.  Əкесі  Қожамсейт  өмірін  

малшылыққа  арнағандықтан,  төрайымға  

бұл  сала  тосын  емес.  Сондықтан  болар, 

мемлекеттік 

«Сыбаға» 

бағдарламасы 

бойынша несие алуға  бірден ынталы болды. 

Жұрт «бұл қалай болар екен?» – деп ойланып 

жүргенде 2011 жылы  алғашқылардың  бірі 

болып 5 млн. 700 мың  теңге    көлемінде 

несие алған қожалық 35  бас тауарлы  сиыр 

сатып  алуға  қол  жеткізді.  Бүгінгі  таңда 

мұндағы  мүйізді  ірі  қара  саны 75-ке  жетті. 

«Мақсаттың» түпкі мақсаты – ет бағытындағы 

қазақтың ақ бас сиырын көптеп өсіру. Қазіргі 

ауыл  тұрғындарының  қолындағы  бір  сиыр 

170  келі  тартса,  қазақтың  ет  бағытындағы 

бір  ақ  бас  сиыры  кемі 450 келі  ет  береді. 

Тиімділік  деген міне осы! Сиырдың  бұл түрі 

жаздың  ыстығына,  қыстың  суығына  төзімді. 

Шетелдік экспортқа шығатын сапалы  мəрмəр 

ет  сиырдың  дəл  осы  түрінен  алынады. 

Қожалық  алған  несиесі  үшін  жылына 1 млн. 

теңге  банкке  құйып  отыр.  Есесіне, 44 бас 

аналық  сиырға  əр  басына 18 мың  теңгеден 

жылына 790 мың  теңге  қайтарымсыз 

субсидия алуға қол жеткізуде.   Бұл қожалық 

сиырмен шектелмей, төрт түлік малды түгел 

өсіруде. 20 жылқы, 5 түйе, 200-ден астам қой 

еңбекқор  шаруашылыққа  көрік  беруде.  Жаз  

мезгілінде  Қаратау  қаласына  тəулігіне 50-60 

литр  қымыз  өткізетін  (литрі 400 теңгеден) 

қожалық жағдайларын күн сайын жақсартып 

келеді.  Қысқасы, мұнда мал шаруашылығын 

дамытудың  арнайы  жүйесі  бар.  Ауыл 

шаруашылық 

техникалары, 

трактор, 

жайылымдық жер, бəрі-бəрі  жетерлік. Мұхтар 

Сайлауұлы,  Мақсат  Орманов,  Арайлым 

Қуантаева, Зиякүл Қатышева  секілді жастар 

төрт  түлік  малда  береке  барын  бек  түсініп, 

ен далада еңбек көркін қыздыруда. Отағасы  

Сайлау  мұндағы  шаруашылықтың  жан-

жақты  жүргізілуін  қадағалайды.  Еліміздегі  

ауыл    шаруашылығының    жетістіктері  мен 

жаңалығын,  бағдарламаларын  қолдағаны 

үшін  Есенкүл  Қожамсейтқызы 2012 жылы 

облыс  əкімінің  «Құрмет  грамотасымен» 

марапатталған.  Өзі  жеті  ұл-қыз  тəрбиелеп 

отырған  «Алтын  алқа»  иегері.  Қожалық 

басшылары    Сайлау  мен  Есенкүлдің  

«Тауықбаз» 

деп 


аталатын 

бұл 


мал 

жайылымында  қысы-жазы  отырғандарына 

30  жылға  жуықтады.  Енді,  осы  жерден 

бір  баласына    үлкен  үй  салып  жатыр. 

«Тауықбазда»  тұрақтаған  бұл  қожалық  

төрт  түлік  малдан  табыс  тауып,  еңбектің  

тайқазанын қайнатуда.

Есет  ДОСАЛЫ

Елімізде  сəбилердің  туылуы  жағынан  алдыңғы 

қатардан  көрініп  жүрген  облысымыздың  перинаталдық 

орталығы  бүгінге  дейін 160 орындық  төсекпен  қызмет 

көрсетіп  келеді.  Ол  шаңырақ  талай  нəрестелердің 

дүниеге  келуіне  көмектескен,  қаншама  аяғы  ауыр 

келіншектерді  босандыруға  жəрдем  жасаған  қастерлі 

орын.  Əулиеата  өңірін  қоныстаған  барша  тұрғындарға 

əйелдердің  жүктілігі  кезінде  көрсетілетін  медициналық 

жəрдемін  жасап,  қызмет  етіп  келе  жатқан  облыстық 

перинаталдық  орталыққа  келушілер  көп.  Əсіресе,  жаз 

айларында мұндағы 160 төсек орын аздық ететін көрінеді. 

Көбіне  жаз  айларында  орталықтың  қызметіне  жүгініп 

келушілер  саны 200-ге  жетеді  екен.  Сондықтан,  бұл 

орталыққа Тараз қаласынан 200 орындық жаңа ғимарат 

салу көзделген. Құрылысы өткен жылдың қарашасында 

басталған ғимарат дəл қазір түгел əзірленіп, үстіміздегі 

жылдың  қазан  айында  пайдалануға  берілуі  керек. 

Бұл  нысанның  құрылыс  жұмыстарын  «Тараз  Құрылыс 

Дизайн»  ЖШС  жүргізуде.  Жалпы,  сметалық  құны 6 

905373,03  мың  теңгені  құраған.  Жаңа  ғимараттың 

құрылысында  перинаталдық  орталықтың  заманауи 

қызметіне қажетті жабдықтардың бəрі де қамтылған.

Ал, 


облысымыздың 

медициналық 

қызметін 

арттыруға  бағытталған  келесі  ғимарат  Тараз  қалалық 

аурухананың  құрылысын  «Сапар  Консалтинг»  ЖШС 

жүргізуде. 



–  Негізгі 4 блоктан  тұратын  ғимараттың 

құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазір тек ішкі 

жұмыстары  жасалып  жатыр.  Жұмысшылардың  дені 

жергілікті  тұрғындардан  қамтылды.  Ішінара  шалғай 

елді  мекендерден  келетіндер  де  бар.  Олар  осында 

жатып,  жұмыс  істеп  жүр.  Жалақылары  уақтылы 

беріліп  тұр.  Тек  биылғы  құрылысқа  қажетті  қаржы 

əлі  түсе  қойған  жоқ.  Дегенмен,  ол  жұмыс  қарқынына 

кедергі  болмайды, – дейді  мердігер  компанияның  өкілі 

Мұхамедғали Өмірбаев. 

Ал,  құрылыс  басқармасы  бастығының  орынбасары 

Əділет Ахатаев:



–Тараз  қаласынан  тұрғызылып  жатқан  қос  емдеу 

мекемесінің құрылысына биылғы жылға қарастырылған 

қаржы  алдағы  сəуір  айында  жіберіледі.  Жоспар 

бойынша облыстық перинаталдық орталықтың жаңа 

ғимараты қазан айында, ал Тараз қалалық аурухананың 

көпсалалы  ғимараты  қыркүйекте  тапсырылады.  Бұл 

екі  ғимарат  та  қазіргі  заман  талабына  сай  керекті 

жабдықтармен  қамтылады.  Қалалық  аурухананың 

өзінен  жедел  жəрдем  бөлімі  де  қарастырылады  деп 

күтілуде, – дейді. 

Ел билігі ерекше назар аударып отырған медицина 

қызметі  заман  ағымынан  қалыс  қалмай  дамуда. 

Мамандар да дамыған елдердегі озық технологиялармен 

тəжірибе  алмасып,  шет  елдерден  оқып  келіп  жатыр. 

Қиындықтарды 

жеңілдетер 

құрал-жабдықтар 

да 

алынуда. Ендігі күтеріміз – медицина қызметінің нəтижелі 



жұмысының жемісі ғана.

Қ. РАХМЕТУЛЛИНА.

КҮЗДЕ ҚОС ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШЕДІ

КҮЗДЕ ҚОС ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШЕДІ

Назардағы нысан



Облыс  орталығынан  қос  емдеу  мекемесінің  жаңа  ғимараттары  бой 

көтерді.  Оның  біреуі  Тараз  қалалық  ауруханаға  арналса,  екіншісі  облыстық 

перинаталдық  орталыққа  пайдаланылмақ.  Бүгінде  екі  ғимарат  та  толықтай 

тұрғызылған,  шатыры  жабылып,  сыртқы  қасбеті  жабылған.  Тек  ішкі  сырлау, 

əрлеу  жұмыстары  ғана  жүргізіліп  жатыр.  Бұйыртса,  алдағы  күзде  екеуі  де 

облыс тұрғындарының игілігіне берілмекші.

ШАҺАРДЫҢ ШАМШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН «ЭНЕРДЖИ-ТАРАЗ»

Әлеуеті артқан Әулиеата



ДƏЛ  ҚАЗІР  ЕЛІМІЗДЕ  ЭЛЕКТР  ШАМДАРЫН  ШЫҒАРАТЫН 

ӨНДІРІС  ОРЫНДАРЫ  САУСАҚПЕН  САНАРЛЫҚ.  ƏСІРЕСЕ,  ЭЛЕКТР 

ҮНЕМДЕГІШ ШАМДАР ШЫҒАРАТЫНДАР ТІПТЕН СИРЕК. БҰЛ РЕТТЕ 

14 ЖЫЛДАН БЕРІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН 

«ЭНЕРДЖИ-ТАРАЗ»  ЖАУАПКЕРШІЛІГІ  ШЕКТЕУЛІ  СЕРІКТЕСТІГІНІҢ 

ОРНЫ БІР БӨЛЕК. 

Тараз қалалық ауруханасының жаңа ғимараты.

Тараз қалалық ауруханасының жаңа ғимараты.

Т. Бидайшиев

Т. Бидайшиев

Облыстық перинаталдық орталықтың жаңа ғимараты.

Облыстық перинаталдық орталықтың жаңа ғимараты.


5

29 қаңтар,

№5 (485)

ОҚШАУ ОЙ

–  Мəрзия  апа,  Ұлы  Жеңістің  70  жылдық 

мерейтойы  жақындап  келеді.  Бүгінгі    бақытты  

ұрпаққа  бейбіт  өмір  сыйлаған  Ұлы    Жеңіске 

сіздің  де  қосқан    үлесіңіз    бар.  Тыл    еңбеккері 

ретінде    ерінбей-жалықпай  майдандағылар 

үшін еңбек еткендеріңіз анық. Сол  жылдардың 

қасіретті көріністері əлі   көз алдыңызда болар... 

–  Ол  сұрапыл  күндер  қалай  ұмытылсын, 

шырағым.  Ол  кезде  мен  осы  əулеттің  жиырма 

жастан жаңа асқан жап-жас  келінімін.  Соғыс өртінің 

1941 жылғы 22 маусымда тұтанғанын жұрттың  бəрі 

біледі ғой. Арада 18  күн өткенде, яғни,  10  шілде 

күні    тұңғыш  перзентім  Рахматулла  өмірге  келді.  

Ел    басына  күн  туған  ауыр  шақта  бүркеніп  жату 

қайда,  үш-төрт  күн    өз-өзіме  келген  соң,  сəбиді  

енеме  тастап,  белімді  бекем  буып,  колхоздың  

қайнап жатқан жұмысына  шығып кеттім.  Менің екі 

бірдей    енем  болды.  Өзімнің    туған  енем  Зылиха 

сол  кездерде  жетпістің    үстіне    шығып  қалған  еді. 

Екіншісі – сол  кісінің    сіңлісі    Қайры.  Ол  кісіні  де 

енем  ретінде  мойындайтынмын.  Осы  екі  апама 

арқа  сүйеп,  үйдегі шаруаға аса алаңдағаным жоқ. 

Бірыңғай  колхоз  жұмысында  жүрдім.  Араға    бір 

жыл  салып    менің  өмірлік  жолдасым  Ташболат  та 

майданға  шақыртылып,  сұрапыл  соғысқа  аттанды. 

Атты    əскер    құрамында  Беларусь,  Украина 

жерлерінде  жүрді.  Елде  жүрдік  дегеніміз  болмаса, 

біздің    де  көрген  азабымыз  майдангерлерден    кем 

болған жоқ. Майданға  жөнелтеміз деп əр түтінге  40 

келі май, 40 келі еттен салық салды. Біздің  көршіміз 

Оразбай  Құдайбергенов  деген  кісі  ауылымыздан 

жиналған  сол  азық-түлік,  жылы  киімді  майданға 

жеткізу  үшін    аттанып,  майдан  далаларында,  от 

пен оқтың ортасында алты ай жүріп қайтты. Ол кісі 

солдат емес,бірақ  елдің сəлемдемесін өз қолымен 

жеткізді. Ауылда да əскери дайындық өтетін. Кейде  

жас келін болсақ та біздің өзімізге   комиссариаттың 

адамдары  окоп  қаздырып,  түтікше  кигізіп,  əлдебір  

жағдайға  дайындайтын.  Үрейлі  сəттер  еді  ол.  Біз  

кешке    дейін  қара  жұмыста    жүреміз,  түнделетіп 

жіп  иіреміз.  Енелеріміз    майдангерлерге  арнап 

шұлық,  жылы киімдер тоқиды. Сол күндерде  біздер  

ұйқыны    ұмыттық.  Таңғы  алтыдан  кешкі  алтыға 

дейін  он  екі  сағат  бойына  колхоздың  жұмысы  бір 

толастамайды.  Тізе    бүкпей,  аяқ  суытпай    еңбек 

етеміз.  Кей  күні  кешкі  сағат  алтыдан  таң  атқанға 

дейін  колхоз    бастығының    жиналысына  қатысып  

отырамыз. Колхоздың  төрағалары өте қатал болды. 

Ол кезде басшы міндетті түрде қаталдық танытпаса  

болмайтын  еді.  Сонымен  ұйқы  көрмейміз.  Əлгі  

кішкентай    сəбиімді  емізіп,  маңдайынан  иіскеуге 

əрең  дегенде  уақыт  табамын.  Тыныш  ұйқыны, 

бейбіт  өмірді,  мамыражай  кезеңді  армандадық. 

Міне,  басымыздан    осындай    ауыр  күндер  өтті. 

Сол сұрапыл майданға біздің осы  Қызыл  жұлдыз 

колхозынан  алпысқа    жуық  азаматтар  аттанса, 

солардың  көпшілігі  елге оралмады. Күн аралатып 

бір  үйге  майдан  даласынан  «Қара  қағаз»  келеді.  

Қара  жамылған  үйдің қайғысын  бөлісеміз. Бөлісе  

жүріп,  соғыс даласында  жүрген өз азаматымыздың 

аман-есен 

оралуын 


Жаратушыдан 

тілейміз. 

Менің      жолдасым 1944  жылы    ауыр  жараланып 

елге  оралды.  Келе    сала  жарақатына  қарамай 

колхоз    жұмысына  араласты.  Қазір  мен  отырған 

қара  шаңырақ    майдангердің  шаңырағы  болып 

саналады. Тылдағы  сұрапыл күндер,  жанқиярлық 

еңбек,  ұйқысыз күндер қалай  ұмытылсын, ешқашан 

ұмытылмайды!

–  Еңбегіңіз  еленіп,  Еңбек  Ері  атандыңыз. 

Алтын  жұлдыз  сізге  қандай  мүмкіндіктер 

сыйлады?

– Көзімді  ашқалы көргенім қара жұмыс болды. 

Қызылша      өсірумен  ес  білгелі  айналыстым.  Бір  

колхоздан  табан  аудармай  қырық  жыл  бойы  еңбек 

еттім.  Қырық  жыл  қызылша  звеносының  жетекшісі  

болдым. 1947  жылы  өзімнің  жауапкершілігіме   

берілген 4 гектар    алқаптың  əр    гектарынан 820  

центнерден  тəтті түбір жинағанымыз  үшін Дариға 

Жантоқова,  Сындыбала  Оңғарбаева  үшеумізге  

Еңбек  Ері  атағы  берілді.  Анығын  айтқанда,  

Дариғаның    жинаған  өнімі  біздерден      біраз 

жоғарылау  болды.  Сол    жылы  колхоз    төрағасы 

Махамғали  Нұрбаев,  қызылша    бригадасының 

бригадирлері  Айтжан  Бөгенбаев,  Рүстем  Шүпенов, 

Керімбай Мырзақұловтар да Еңбек Ері  атанды.  Бұл 

жоғары марапаттың біздерге тапсырылуы да ерекше 

болды.  Қазіргі  Тараз  теміржолы    вокзалында 21 

 

ақшаңқан киіз  үй тігіліп, үш күн  тойладық. Еңбек Ері 



алтын жұлдызын  кеудемізге  сол кездегі  облыстық 

партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  өз  қолымен 

табыс етті. Араға  екі  жыл салып,  Алтын жұлдызды 

еңбеккерлер 

қатарын 

озат 


қызылшашылар 

Қанымқыз Тортаева мен Шитанова  (атын ұмыттым, 

қарашай  ұлтының  қызы еді)  толтырды. Сөйтіп, осы 

кішкентай ғана ауылдан тоғыз «герой»  шықты.

Кеудемізге  алтын  жұлдыз таққан  соң, біздерді  

облыстық,  республикалық    жиындарға    көбірек  

шақырып  жүрді.  Сондай    жиындарда    сөз  сөйлеп,  

еңбеккерлердің  жағдайын,  оларға  қамқорлықты 

қашанда  молайту  қажеттігін  шама-шарқымызша 

жеткізіп  жүрдік.  Əр  жылдары    облысымызға 

келгенде,  еңбек  даласын  аралағанда  Дінмұхамед 

Ахметұлы  Қонаев    ағаның  қолын    алып,  тілдесіп  

жүрдік.  Аудан    көлемінде    үлкен  абыройға  ие 

болдық.  Мұның    барлығы  да  қарапайым  еңбектің 

жемісі. Ол кезде  жұмыссыздық мəселесі болмаушы 

еді,  қайта жұмыссыз жүрген  жастар жазаланатын. 

Ауылымыздың  кейбір  тұрғындары  отын-су,  пəтер 

алу,  ұл-қыздарын  оқуға  түсіру  жағынан  жəрдем 

сұрап  келгенде  қолдан  келген  көмегімізді  аянып 

қалмадық.  Алтын    жұлдыз  таққаным  ескеріліп, 

алты  жыл аудандық  сотта алқа мүшесі де болдым. 

Соттың    күрделі    процестерін  шешуге  қатыстық. 

Ең  бастысы,  алдымызда  адам  тағдыры  тұрғанын, 

қызметіміздің зор жауапкершілік жүктейтінін сезіндік.  



– Сіздер  Қызыл  жұлдыз ауылында қырық 

жыл бойы қызылша егіп,  батыр атандыңыздар. 

Сол  жылдары  қызылшашылар  басқа  аудан, 

ауылдарда  да    болды  ғой.  Өнімді  артық  

жинауларыңыздың  сыры неде? 

–  Ол    кезде  жер  құнарлы  əрі  тың  еді.  Оның 

үстіне біз қызылшаны бірінші сортты тұқымнан ектік. 

Көршілес  №1  кеңшарда  (қазіргі  Қостөбе  ауылы) 

қызылша      тұқымы  арнайы  егілді.  Содан  кейін 

өзімізге    бөлінген    төрт  гектар  қызылша  алқабына 

қыстай өгіз арбамен  көң тасып төгетін едік. Біздің  

колхоз  негізінен    егіспен    шұғылданады  ғой.  Мал 

ұстайтын жеке  тұрғын үйлердің  сыртқа  шығарып 

тастаған  көңіне  бүкіл  қызылшашы  таласатынбыз. 

Сөйтіп, таласып-тармасып жүріп,  алқабымызға көң 

төктік.  Сол  жылдары  тыңайтқыш  қоспай-ақ,  тонна-

тонна  қызылша  өнімін  алдық.  Тыңайтқыш      қосу 

деген нəрсе кейіннен шықты ғой. Қызылша  өсірудің  

құпиясы  осы ғана. Одан  кейін, əрине еңбек керек. 

Біз  соғыс  жылдарында  тылда  еңбектеніп,  еңбек 

майданында шынықтық. Жердің  қасиеті мен елдің  

тілегі бізді қолдады.



–  Жоғарыда  екі  бірдей  ененің  тəрбиесін 

көргеніңізді  айттыңыз.  Енелер    мектебі    сізге 

қандай  тағылым  берді?  Қазіргі  кездегі  ене 

мен  келін  арасындағы  байланысты  қалай 

бағалайсыз?

–  Мен    қос  бірдей    енемнен  өміріме  жетерлік 

тəрбие  алдым.  Бар  болғаны  он  алты  жасымда 

келін  болып  түстім.  Анамыз    қанша    жақсы 

тəрбиелесе  де  он  алты  жасар  адамға    бəрібір  əлі 

көп  өнеге,  бағыт,  жақсы    жол  қажет  емес  пе?  Мен 

осы  қажеттіліктердің  барлығын енелер  мектебінен 

алдым.  Ол  үшін    өзімді  бақытты  сезінемін.  Үлкен  

ұлым Рахматулланы  сол Зылиха  деген қайыненем 

бауырына  басты.  Сондықтан,  тұңғышымды 

апасының    баласы  санап,  атын  да  атамай  келдік 

осы  күндерге  дейін.  Рахматулла  болса  маған  

əзілдеп    «Мария  Ивановна»  деп  ат  қойып  алды. 

Енді-енді ғана  мені анасы ретінде  мойындап жүр. 

Үлкен  қайыненем    ғасыр  жасап, 101 жасқа    келіп 

өмірден  озды.  Соғыстың    қиын  шағында    да  ене-

келін бір-бірімізге сүйеу болдық, бірімізге біріміздің 

жанымыз ашып жүретін.   Ол кездің  үлкені де, кішісі 

де мейірімді еді ғой.  

Қазіргі  келіндерді  де  жаппай    жазғыруға  

болмас. Жақсы  келіндер бар, нашары да жетерлік. 

Көбіне  жастар  үлкенді    сыйламайтын  болып  бара 

жатқан  секілді.  Енесін  ардақтаған,  тыңдаған  келін 

ешуақытта жаман болмайды. Ондай  адамға Құдай  

бақ береді, жақсылық береді. Үлкеннің алдын кесіп 

өтпеген  бұрынғылардың  ешқайсысы  да  жаман 

болған  жоқ.  Ене  мен  қайын  атаның  сөзі    бұрыс 

болса  да  дұрыс  болуы  тиіс.  Жас  келіндерге  айтар 

ақылым осы. Ене мен келін арасындағы сыйластық 

екі  жаққа  да  байланысты,  кейде  енелердің  де 

кешірімшіл  бола  салғаны  дұрыс  шығар.  Негізі,  əр 

ана    өз  қызына    болашақтағы  өзге  үйдің  адамы 

ретінде  қарап,  дұрыс  тəрбие    бергені      жөн.  Оның  

еш  сөкеттігі    жоқ.  Қызына    тұрмысқа    шыққанда  

қор  болмас  үшін  тамақты  жақсы  əзірлеуді,  киімді 

жақсы тігуді, ата-ананың қабағына қарауды, өмірлік 

жолдасын  бағалауды,  əрбір  істе  сабырлы  болуды, 

өз  Отанының  бақытын  бағалауды  үйреткен, 

түсіндірген ана өте ақылды, бақытты ана  дер едім. 

Сондай  анадан    тəрбие  алған  қыз  қандай  қиын 

жағдай болса да жақсы келін болады. Қазіргі жастар 

сəл  қиындыққа,  болмашы  келіспеушілікке  бола 

ажырасып жатады. Ол  жақсы емес. Мұның бəрі де 

кейбір  ата-аналардың  өз  қыздарының  тəрбиесіне  

салғырт, немкетті  қарағанынан болады деп білемін. 

Сондықтан, қыз  балаға  тəрбие беру үлкен мақсат, 

жауапты міндет болуы тиіс. 

–  Бірнеше    ұл-қыз    өсірген    ана  ретінде, 

шөбере  сүйген    əже  ретінде  ене-келін 

сыйластығына,  жас  отбасылардың    жарасым 

табуына қаншалықты  үлес қостыңыз?

–  Алла      берген    екі  ұл,  үш  қызымыз  бар. 

Жолдасым – Ташболат өмірден өтіп кетті. Сол  ұл-

қыздардың    қызығын  көріп    жүрміз.  Мен    əсіресе, 

қыздарыма    қатал  болдым. «Қызға  қырық  үйден 

тыйым»  деген.  Оларды  ешқашан  киноға  жіберген 

емеспін,  əр  қадамын  қадағалап  отырдым.  Ол 

кезде  бүгінгідей  қаптаған  кино  да  жоқ  қой.  Клубта 

қабырғаға жапсырылған  үлкен ақ шүберекке жарық 

түсіріп  кино  көрсетуші  еді.  Қыздарымның  ондай 

киноға баруына да рұқсат етпедім.  Нарбүбі, Гүлнар, 

Айсара      деген  қыздарым    қазір  тұрмыста,  бəрі  де 

жақсы  келін  болды  деп  ойлаймын.  Себебі,  қыз  

баланың  тəрбиесін, оның жат жұрттық  екенін  өмірі 

есімнен шығарған емеспін.  

–  Ұзақ  жылғы  табанды  еңбегіңіздің 

арқасында халық   қалаулысы  да болған екенсіз. 

Кезінде ел тілегін орындай  алдыңыз ба?

– Еңбек Ері атанғаннан үш жылдан кейін алты 

жыл бойы облыстық кеңеске депутат болдым. Сол 

халық  қалаулысы    болған  кезде    біздің    ауылдың  

жолын, Жібек  жолы бойындағы 105-ші  бұрылыстағы  

разъездің  жолын, көпірін  жөндеттіріп  бергенім бар. 

Елдің  басқа  да  талап-тілегіне    құлақ  астық.  Ауыл  

шаруашылығы  саласының  өркендеуіне,  оның 

ішінде  егіс саласының,  канал-тоғандардың  дұрыс 

тазалануына ықпал еттім  деп айта аламын.  Əйтеуір,  

барынша аманатқа адал болуға  күш салдым.

–  Басына    қиын  іс  түскенде    көрнекті 

мемлекет 

қайраткері 

Асанбай 

Асқаровты 

ақтауға атсалысқандардың  ішінде  сіздің де бар 

екеніңізді  айтады  жұрт...

–  Енді    Асанбай  Асқаровтың    елімізге  сіңірген 

өлшеусіз 

еңбегі, 


адалдығы, 

облысымыздың  

дамуына қосқан үлесінің мол екенін  алдыңғы  буын  

жақсы    біледі.  Біз  де    оны    білеміз,  көзіміз  көрді. 

Кеңшар,  колхоздарды    жиі  аралап,  қарапайым 

еңбеккерлермен  ой  бөлісіп,  ашық    əңгімелесе 

жүретін  ол  кісі.  Талай    дастархандас    болған  да 

жағдайымыз  бар.  Содан    ол  кісіге  жасы  келген  

шақта    жала  жабылып,  жанының  жазықсыз  азап 

шеккені  кім-кімнің  де  қабырғасына    батады  ғой. 

Төрт жылдан астам  тергеу жүрді. Ол уақыттың  əр 

күні азапқа толы екенін кейіннен өзінің өлеңдерінде 

жазды. Осындай қайраткерге қайтсек араша  түсеміз 

деп    ойлағанымыз  рас.  Соңғы  рет  Асқаровтың  ісі 

Қырғызстанда  қаралды.  Кім    барса  да    босатпай 

жатқанын естідік. Содан  бір жолы  сегіз кісі  біздің 

облыстан барып, Қырғызстанның бірінші басшысына 

кірдік. Арамызда Дариға Жантоқова да бар. Қырғыз 

елінің  сол  кездегі  Президенті  Асқар  Ақаев  бізді 

жақсы  қабылдады.  Айтқан  сөздерімізді  тыңдады. 

Жағдайымыздың  дұрыс  болуын,  мəселенің  оң 

шешілуін көмекшілеріне тапсырды. Содан қайтадан 

кері қайттық. Арада  бір айға жетпейтін  уақыт өткенде  

Асанбай Асқаров ақталып шықты. Бұрыннан өзі де  

шешімін табайын деп тұрған мəселе шығар бұл, кім 

біледі?..  Бірақ,  біздің  барғанымыз  сол  оң  шешімді 

жеделдетті деп білемін. Еңбек Ері  болғанымыздың  

бір пайдасы осы болды-ау деп ойлаймын. Ақталып  

шыққанда    Асанбай  Асқаровтың  жағдайын  сұрап  

үйіне  де  бардық.  Бірақ,  кейіннен  өмірден  озғанда 

бара  алмадық.  Біздерге  хабар  берген  де  ешкім 

болған жоқ. «Мен де бөрі болғанмын, тайды  жарып 

жегенмін» – дегендей, кезінде  мұндай-мұндай елдік 

жұмыстардың ортасында жүрдік.



–  Ғибратқа  толы  ғасырға  жуық  өміріңізде 

қуанышты да, қайғыны да көрдіңіз. Арманыңыз  

бар ма? 

–  Құдайға  шүкір,  ұл-қыздарым,  ұрпағым    өсіп 

жатыр.  Немерелерімнің    алды  шетелде,  Түркияда 

үлкен  оқу  орындарында  оқиды.  Оқу  бітіргені  түрлі 

сала  бойынша  қызмет  атқарып  жүр.  Бəрі    жақсы. 

Самиха    Қоңырова    деген    қызым    өзі  басқаратын 

Жамбыл  медициналық  колледжіне  жиі  кездесуге 

шақырады.  Осы    Байзақ  ауданының  бірнеше  

мектебі  менімен  кездесулер  өткізіп жүр. Ондайда  

жастарға батамды берем, оқушыларға жақсы сөзімді 

айтып жүремін.  Қазіргі  заман басқа, жақсы заман  

бұл.  Қиыншылық    біздің  заманмен  кетсін,  жастар 

енді бақытты болсын! Мен  1918 жылғымын, талай 

нəрсені  көрдім.  Бақыттымын,  менде  ешқандай 

арман  жоқ.  Енді  еліміз  тыныш,  Елбасымыз 

абыройлы болсын!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет