Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі19,56 Mb.
#7850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

29 қаңтар,

№5 (485)

8

«Жүгеріні қуырып 

бер!..»

Болат  ағай – Қызылқұрт  руына    жиен. 

Сондықтан,  бұл  атаның  ұрпақтарымен  қалжыңы  

жарасады.  Бірде    нағашы  жұртынан  Ырыскелді 

деген    кісі  жылқы  байлапты.  Бірақ,  əлгі  жылқысы 

өзінен-өзі  жүгері  жемей  қойыпты.  Бір    күні 

Ырыскелді көшеде Болатпен кездесіп қалады. 

– Əй, Болат жиен, сенің  əкең Ізбас талай  жыл 

жылқы  байлады  ғой.  Бірдеңе    білетін  шығарсың? 

Менің  байлауда  тұрған  жылқым  жүгері жемейді,  

қайтсем болады? –деп  сұрайды.

–  Жұғымды  болсын  десеңіз,  жібітіп    беріңіз. 

Бойына сіңімді болсын деп, булап беріңіз, – дейді 

Болат айтқыш.

«Жылқы семірткен кісінің  баласы  жөнін біледі-

ау.  Онда  сөйтіп  көрейін» – деп  Ырыскелді    қуана 

үйіне жүргелі жатса Болат:

– Жібіткен мен булағанды пысқырып қарамаса, 

ең дұрысы қуырып беріңіз, – деген  екен. 

Бағаналы бері  Бөкең  қалжың   айтып  тұрғанын 

сонда  ғана    түсінген  Ырыскелді    «Əй,  жиен-ай,  

саған дауа жоқ» – деп санын бір соғып, жөніне кете 

барыпты.

«Тіс ауру...»

Бір  жолы Болаттың тісі  қатты ауырып, түнімен 

тісіне  сарымсақ қойып, таңға дейін əрең  шыдайды. 

Ертеңіне   аудан орталығына барып, зақымданған 

тісін жұлдырып қайтып келе жатса, алдынан Келіс  

деген кісі жолыға кетеді. 

–  Ассалаумағалейкум,  Бөке,  жол  болсын! 

Қайдан  келесіз? –дейді Келіс.

–  Ауданнан  келемін.  Түнімен  тісім  ауырып, 

сарымсақ  басып,  əрең  шыдадым.  Бүгін  азанмен 

аудан  орталығына  барып,  ауырған  тісімді 

жұлдырып  келе  жатырмын, – деп  əуелі    жөнін 

айтады Болат.

– Тастай салды ма? – депті Келіс кенеттен.

– Нені  айтасыз,  жұлынған тісті ме? – деп Бөкең  

түсінбей.

– Жоқ. Сарымсақты айтам, – депті Келіс сонда.

– Е-е, сарымсақ па, оны қоқыс шелекке тастай 

салды  ғой.  Немене  нанға  жағып  жейін  деп  пе 

едіңіз? –деген екен сонда айтқыш Болат.   



«Жынды адам 

алгебрадан сабақ бере 

ала ма?»

Болат  мұғалім    математикадан    сабақ 

беріп  жатады.  Арасында  сөзіне    əзіл-қалжың  

араластырып, балаларға сабақ түсіндіріп   жатса, 

Назира деген оқушы қыз: «Осы ағай жынды сияқты» 

– деп  жанындағы қызға сыбыр ете қалыпты. Оны 

Болат Ізбасов естіп қойып:

–  Назира,  айтшы,  жынды  адам  алгебрадан 

сабақ  бере ма? –деген екен.

Дайындаған Есет ДОСАЛЫ.

ƏЗІЛ-МƏЗІР

ӨЗГЕГЕ ӨМІР СЫЙЛАУ ҮЛКЕН ІС

...жөн болар еді

СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ САҒЫН САТИРАМЕН 

ҒАНА «СЫНДЫРУҒА» БОЛАДЫ

Біз де студент болғанбыз...



АЙДАРЛЫНЫҢ  ЖІГІТТЕРІНІҢ  АШУЫ

Дайындаған Есет  ДОСАЛЫ.

–  Жамбыл  гидромелиорация-

құрылыс 

институтында 1974-

1979  жылдары    білім  алдым.  Бұл 

институттың  жаңа  кешендерінің  

көбісі 

сол 


кезде 

салынды, 

оған  өзіміз  де  үлес  қостық. 

Сол  кездегі  ректорымыз  Марс 

Үркімбаев  студенттерге  арнап  «Өз 

институтыңды  өз  қолыңмен  сал!» 

–  деген  бастама  көтерді.  Сабақтан  

тыс  кезде  Жамбыл    селикат  кірпіш 

зауытына  барып,  өзіміздің  оқу 

орнына  қажетті  өнімдерді    зауыт  

жұмысшыларымен  бірге  дайындап  

жүрдік. Сондай-ақ, аптасына  екі рет  

институттың    жаңадан  жасақталып 

жатқан  стадионына  шым  төсейміз. 

Жұмыстың  ауқымды    болуына 

қарамастан,  оқытушылар  сабақты 

да 

қатал 


қадағалайтын. 

Күн 


сайын  жалықпай  журнал  бойынша  

түгендейді.

–  Іңкəрбеков  қайда? – дейді 

оқушы    ағайлардың  бірі,  келмей 

қалғандарды түгендеп. 

–  Ағай,  ол    төрт  дүркін  əлем 

чемпионы  ғой,  сабақты  қайтсін! – 

дейміз əзілдеп.

– Райымқұлов  қайда,  ол мүмкін  

екі  дүркін    олимпиада  чемпионы 

шығар, – деп əлгі  ағай ашуланады. 

Сөйтіп    жүріп  сабаққа  да,  жұмысқа 

да,  қыздармен    қыдыруға  да 

үлгереміз. 

Мен  негізі  фотоаппаратпен 

суретке  түсіруді    мектеп  жасынан  

дағды  еткенмін.  Сондай    өнерімнің 

себебінен  ұстаздарға  да,  қыз-

жігіттерге  де  қадірлі  болдым. 

Ұстаздар өнерімді бағалап, институт 

корпусынан сурет түсіруге, шығаруға  

бір бөлме беріп қойды. 

Айтпақшы, əлгі қатарларымызды  

чемпион  деп    əзілдейтініміз    бекер 

емес.  Біздің    институтқа  сол 

жылдары    спортқа    ерекше  көңіл 

бөлінетін.  Мəселен, 1980  жылы 

біздің  институттың  студенті  Серік 

Қонақбаев Мəскеу олимпиадасының 

күміс  жүлдегері  атанды.  Сөйтіп,  

біздің    əзілдеп  айтқанымыз  бірер  

жылдан  соң,  институттың  басқа 

студенттері  арқылы  шындыққа  да 

айналып кеткені  бар.

Үшінші  курс  оқып  жүргенде 

Мойынқұм    ауданының  «Айдарлы» 

кеңшарына    жүгері  теруге  бардық. 

Атағы дүрілдеп  тұрған «Гидроның»  

жігіттеріміз. 

Спорттың 

барлық 

түрінен,  футбол  мен  волейболдан 



да  мықтымыз.  Студент  жігіттер  көп, 

қыздар  аз  болатын  тобымызда. 

«Айдарлының»  жергілікті    жігіттері 

сол 


азғантай 

қыздарымызды 

жағалап,  келеді  де  тұрады.  Біздің  

қыздар 


да 

шетінен 


əзілкеш, 

қалжыңқой:

–  Қане,  жігіттер,  келгендеріңе 

рахмет.  Біздің    студент    жігіттерді   

футбол    ойнаудан    ұта  аласыңдар 

ма,  ұтсаңдар    біз    сендермен 

дос  боламыз,  сендермен    бірге 

қыдырып  кетуге  дайынбыз, – дейді.  

«Айдарлының» жігіттері  бұған  көніп, 

қыздардан    дəмеленіп    қалады. 

Нəтижесінде,  студент  жігіттер,  яғни 

біздер  «Айдарлының» жігіттерін 8:0 

кейде   6:0 есебімен  ұтып  кетеміз. 

Ал,  біздің    қыздар    «Айдарлының» 

жігіттеріне «ренжімеңдер, бізге  осал  

жігіттер  керек  емес» – деп      бəрі 

қосыла  айқайлап  айтып,  жатын 

орынға  қарай  кетіп  қалады.  Анау  

жергілікті    жігіттер  түнге  қарай 

ызаланып келіп, төбелес  шығаратын. 

Студенттердің  барлығы  шетінен 

спортшы,  бұл  төбелесте  де  біздің 

мерейіміз  үстем  болып,  олардың 

бетін қайтарып тастаймыз. Ертеңіне  

бұл  жағдайды  оқытушыларымыз  

біліп  қойып,  ауылдағы  тəртіп 

сақшыларына  айтып,  екі  тарапты 

біраз  сұраққа  алып,  əурелегені 

бар.  Сөйтіп    жүргенде,  қайтатын 

уақыт  болып, айдарлылық  ызақор, 

намысшыл, бұзық  жігіттерден  əрең  

құтылғанбыз.



АЛМАБЕК ПЕН АЛТЫНБЕК

– 1990-1995  жылдары Жамбыл  

педагогикалық 

институтының 

филология  факультетінде  білім 

алдым.  Студент  атана    салып, 

Қордай      ауданы  «Алмалы» 

кеңшарына   алма  теруге  бардық. 

Ол  кезде  группадағы  қыз-жігіттер 

бір-бірімізді  жөнді  танымаймыз. 

Бізді    Темірхан  Əлиұлы  деген 

оқытушымыз    бастап  барды.  Алма 

теру 

оңай 


жұмыс 

емес. 


Ауылдағыдай  сілкіп-сілкіп  жинай 

салмайсың. 

Біртіндеп, 

аса 


сақтықпен  жинауың  қажет.  Күндіз 

ауыр  жұмыстан  шаршағандықтан, 

түннің    бір  мезгіліне    дейін  алау 

жағып, 


əндетіп,  отырамыз. 

Темірхан    ағай  гитарамен  əн 

айтады, 

арасында 

ойын 

ойнатқанды да қатырады. Бір жолы 



Темірхан  ағай  ойынымыз    алма  

туралы болсын деді. «Алма»  сөзіне 

жалғау 

жалғап, 


басқа 

сөзге 


айналдыратын  болдық.  Содан  сөз 

іздеуге 


көштік... «Алматы», 

«Алмажан», «Алмагүл», «Алмат»... 

Сол-сол  екен  тобымыздағы  екі 

ұлдың 


бірі 

Қайрат 


Науанов 

«Алмабек»  деп  қалғаны.  Сонда 

əзілкеш 

құрбымыз 

Лəззат 

Мейірманова:



–  Тобымызда    екі    жігіт  қана  

бар. Бірінің  аты – Алтынбек. Қайрат  

өзің ақыры «Алмабек» деп қалдың,  

сенің    атың  бүгіннен  бастап 

«Алмабек»  болсын, – дегені. 

Бəріміз    əзілдеп    күліп  жатырмыз.  

Содан    біздің  топтың    екі  жігіті 

Алтынбек  пен  Алмабек    атанып  

кетті. 

ТАСЫМОВ АҒАЙ ЖƏНЕ МЫҢ БІРЛІК

– Қазақ  Ұлттық  университетінің 

филология факультетінде  төрт жыл 

бойы  студенттік  қызықты күндерім  

өтті.  Белсенді    студенттің    бірі 

болдым    десем,  артық  айтпаспын. 

ІІ  курстан    бастап  университеттің 

студенттік    жастар  комитетін  

басқарғаным  бұл  сөзімді    растай 

түседі. Сондықтан,  болар   оқытушы  

ағай-апайлармен де еркін  сөйлесіп,  

кейде    əзілдесе  де  беретінбіз.  

Профессор, 

доцент 


Асылбек  

Тасымов  ағай əзілкештігімен  жəне  

аңғалдығымен  есте    қалыпты.  Ол 

ағай      жасы  біразға    келіп  қалған  

кісі еді.

Көбінесе, 

теңгесін 

қолыма 


ұстатып,  оқу  орнымызға  жақын 

маңдағы  дүңгіршектен    мерзімді 

басылымдарды 

алдыртатын. 

Бір    жолы: – Жандарбек,  маған  

дүңгіршектен    «Қазақ  əдебиеті»  

мен    «Жас  қазақтың»  жаңа 

нөмірін    алып  келе    қойшы, – деп  

қалтасынан  тиындарын  шығара 

бастады. 

–  Ағай,  екі  ғана  газет  болса, 

ақшасын 


өзім 

төлеп 


əкеле  

салармын, – деп    бəйек    болдым.  

«Ақшаң      көп  пе,  қалтаңа    сыймай  

бара  жатса,  маған    мың  теңгеге  

ұялы  телефоныма    бірлік    сала 

салшы, – дегені.  Ақыры  өз 

аузымнан  қағындым  емес  пе, 

айтқан газеттерін əкеліп, бірлігін де  

салып бердім. Жігіт  бір сөзді болу 

қажет емес пе?

Кейде Асылбек  ағайға  немересі 

ұялы  телефонмен  хабарласып, 

бір  цифрларды  айтып  жататыны 

бар.  Ағай    сол  цифрларды  теріп, 

тағы  бір  тетіктерді  басып,  мəз 

болып  қалады. Сөйтсем, немересі   

кəртішке  арқылы  профессордың  

ұялы  телефонына    бірлік    салып 

береді  екен үнемі. 

Бір 


жолы 

менің 


ұялы  

телефонымда    бірлігім  таусылып, 

сол бір кісілерге хабарласу қажет еді, 

оны салатын тиыным қалмай, қатты 

қиналып    тұрғанмын.  Профессор 

ағай  екеуміз  аудиторияда  бір 

жұмысты 

ақылдасып, 

оңаша 

қалған  едік.  Кенет  Асылбек  ағай  



шырылдаған      ұялы    телефонын 

көтерді  де  əлдебір  цифрларды 

жаза  бастады.  Немересі    бірлік  

салып беріп жатқанын біле қойдым. 

Ол  бірлік    маған  да  ауадай    қажет. 

Көктен  іздегенім  жерден  табылды. 

Дереу  маған  да  естіліп  тұрған 

цифрларды  тез-тез тере бастадым. 

Анау кісі өз-өзімен əуре. 12 цифрды 

жылдам  теріп, мың теңгенің  бірлігін  

өзіме    аударып  алдым  білдіртпей. 

Жаңағы  цифрларды  ағай да  теріп 

болды. Тексеріп көрді де,  ештеңеге 

түсінбей  таңданды. «Жандарбек,  

жаңағы  хабарласқан  немерем  ғой, 

бірлік  салып  еді,  маған  түскен 

жоқ,  ол қалай? Сен   жассың, тілін 

білесің, сол  нөмірлерді қайта теріп 

көресің бе? – деді. Əлгі 12 цифрды  

мен  де  тердім.  Түспеді  (түспейтіні 

белгілі ғой). «Жарайды немерем бір 

цифрды  қате  айтқан  шығар,  бұрын 

түсіп  жүрген  дүние  еді.  Ештеңе 

етпес, – деді   ағай сабырлы кейіпте.

Содан  сыртқа  шыққан  соң, 

қылығыма əбден ұялдым. Ертеңіне 

бір 

достардан 



қарыз 

сұрап, 


Тасымов  ағайға  мың  теңгеге  бірлік 

салдым  білдіртпей.  Немеремнен 

түсті  деп ойлаған болар, сірə. 

Осылайша, 

төрт 

жыл  


бойы  Тасымов  ағайды  талай 

таңдандырып,  ол  кісінің    сабырлы 

мінезіне  талай  таңданғаным  бар. 

Қызық күндердің  бір үзігі осы.



Рахманқұл БАЙТЕЛИЕВ, облыс əкімдігі құрылыс, 

жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары  

басқармасының басшысы:

Лəззат ҚУАНЫШБЕКОВА, Жамбыл медициналық 

колледжі директорының  орынбасары:

Жандарбек  АСАН, ТарМПИ-дің  баспасөз 

орталығының жетекшісі:

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН 

«ЖАРЫҚТЫҚПЕН» БІЗДІҢ ҚОҒАМ 

КҮРЕСУДЕЙ-АҚ КҮРЕСІП КЕЛЕДІ. 

АКЦИЯЛАР, СЕМИНАР-КЕҢЕСТЕР, 

ЖАҚСЫ МЕН ЖАЙСАҢДАР БАС ҚОСАТЫН 

«ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ОТЫРЫСТАРЫ, 

МЕКЕМЕ САЙЫН ОРНАТЫЛҒАН СЕНІМ 

ТЕЛЕФОНДАРЫ МЕН ЖƏШІКТЕР, СҰРАҚ- 

ЖАУАПҚА ҚҰРЫЛҒАН САУАЛНАМАЛАР, 

ТАҒЫ-ТАҒЫ БОЛЫП ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ. 

ƏРИНЕ, МҰНДАЙ НИЕТ-ПЕЙІЛІ ДҰРЫС 

ІСТЕРДІҢ «ЕШ ПАЙДАСЫ ЖОҚ» ДЕП 

ЕШКІМ АЙТА АЛМАС. ДЕГЕНМЕН, ЕНДІГІ 

ЖЕРДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗУ 

ТƏСІЛІН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК СИЯҚТЫ.

Негізі,  қазынаға  заңсыз  қол  сұғып,  мемлекет 

мүлкін талан-таражға салғандардың сазайын құқық 

қорғау  органдары  беретіні  басы  ашық  мəселе. 

Алайда, батпан құйрық тастап, оған қақпан құрып 

қойып, түскенін ғана ұрып алып отырсақ, ақыры не 

боларын ойлаудың өзі қауіпті. «Алдын-алу» десе, 

акция өткізу деп түсінетін, болмаса санасы семинар-

тренинг өткізуден əріге аса алмайтын біздегі базбір 

қоғамдық  бірлестіктердің  сылдырмағын  тастап, 

мемлекетке  сүйеу  болатындай  нақты  істерге 

көшетін кезі əлдеқашан келді. Себебі, бетінің суын 

бес  төгіп  жүріп  тендерден  ұтып  алған  ақшасын 

жоғарыдағыдай  іс-шаралар  өткізумен-ақ  түгесетін 

бірсыпыра үкіметтік емес ұйымдар мен құмырсқаша 

қаптаған  бірлестіктердің  құрғақ  жиынынан  осы 

күні  жалпақ  жұрт  безіп  қашатындай  жалықты. 

Мұндай  жиындарға  шыны  керек,  жай  адам  түгілі, 

əлгі  жемқорларыңыздың  өзі  миығынан  күліп 

қарайды  қазір.  Оның  үстіне  мемлекет  пен  бұқара 

халықтың  болашағына  балта  шабатын  қауіпті 

кеселді  Еуропа,  мұхит  асып  келген  əдіс-тəсілдер 

арқылы  шешем  деу  бекершілік,  ысырапшылдық-

ау.  Емеурініңнен  түсінетін  еуропалықтар  мен 

ерте  есейген  елдерге  еліктеп,  жоғарыдағыдай  іс-

шаралардың  неше  атасын  өткізсек  те,  біз  бəрібір 

еуропалық  бола  алмаймыз,  біздің  болмысымыз 

бөлек.  Əрбірден  соң  əр  халықтың,  ұлттың 

қайсыбір  мəселені  халыққа  жеткізуде,  шешуде 

қанына  сіңген  кеңінен  қолданатын  əдіс-айласы 

болады.  Қазақ  қанша  антұрған  болса  да,  елге 

күлкі  болмауды  ойлайды.  Ал  «Сөз  сүйектен 

өтетінін»  білетін  қазекем  қашанда  қызыл  тілдің 

құдіретінен  қорқатыны,  сақтанатыны  белгілі. 

Мəселен,  бұрынырақта  лауазымды  тұлғалардың 

қандай да бір былық-шылығы баспасөз беттерінде 

аяусыз  сыналып  жататын.  Одан  соң  ол  мақала 

тиісті  орындарда  талқыланып,  оның  нысанасына 

ілінген кейіпкер заңды жазасын бір алып, ел-жұрт, 

ағайын-туыс  алдында  фельетон  тілімен  масқара 

мазаққа айналатын. Содан барып, бетінде кішкене 

бір қытығы бар қазақ – шенеунік ондай қылмысқа 

баруға  үрейі  ұшып  қорқатын.  Өліп  бара  жатпаса 

ондайға  аяғын  аттап  баспайтын.  Қазір  ше?  Қазір 

түйені  түгімен,  пойызды  «жүгімен»  жұтқандар 

туралы  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жəй 

ғана  ақпарат,  ары  кетсе  сараптама  беріледі. 

Одан  соң  əлгі  жемсауы  бүлкілдегендерді  өздерін 

«демократия 

жолындамыз» 

дейтін 

газеттер 



сүттен  ақ,  судан  таза  етіп  ақтауға  кіріседі.  Соны 

арқаланған  кез  келген  жемқор  өзін  жазықсыз, 

жапа  шеккен  адам  ретінде  көрсетуге  тырысады. 

Жəне  соған  бірте-бірте  өзі  де,  ел  де,  ағайын  да 

сеніп  немесе  дүдəмал  күйде  қалады.  Сондықтан, 

жемқорлықтың алдын аламыз десек, ендігі тізгінді 

БАҚ өкілдеріне беріп, оның ішінде нағыз жауынгер 

жанр  фельетонистерді  іске  қосу  керек.  Сонда 

ғана  жалғанды жалпағынан басқандардың айылы 

жиылып, сыбайластықтың «сағы» сынар еді.



Салтан ƏЛІМ.

Белгілі  журналист, «Егемен  Қазақстан»  газетінің  облысымыз  бойынша 

меншікті  тілшісі  Оралхан  Дəуіттің  есімі  оқырманға  жақсы  таныс.  Қаламгер 

əр уақытта ел ішіндегі қызықты оқиғаларды, есте қалатын жайттарды жинап, 

қағазға  түсіріп  жүреді.  Сонымен  қатар  журналист  ел  арасынан  алынған 

əңгімелерді  сараптап,  əдеби  қалыпқа  түсіріп,  оқырман  қауым  назарына 

ұсынудан бір жалыққан емес. Əріптестер арасында өтімді əзіл əңгімелерімен, 

тауып айтатын айтқыштығымен көп көңілінен шығып жүрген қаламгердің ел 

аузынан естіген əзілдерін оқырман қауымға ұсынып отырмыз.

Ауырып қалу

Бір  кездері  «Хабардың»  Жамбыл 

облысындағы 

меншікті 

тілшісі, 

бүгінде «Қазақ радиосының» Оңтүстік 

Қазақстан  облысындағы  меншікті 

тілшісі  қызметін  атқарып  жүрген 

Ерсұлтан  Əмірбек  үйдің  ең  кенже 

ұлы. Ең үлкендері Көпекең ғой, Көпен 

Əмірбек.  Əкелері  Əмірбек  ақсақал 

балаға,  жалпы  бала  тəрбиесіне 

қатал  қарайтын  кісі  болған  екен. 

Ерсұлтанның  бірінші,  əлде  екінші 

сыныпта  оқып  жүрген  кезі  болса 

керек.  Сабақ  түскі  сағат  екіде 

басталады.  Бір  сəрсенбіде  Əмірбек 

ақсақал  Түркістандағы  мал  базарға 

кетіпті.  Əкесінің  үйде  жоқ  екенін 

пайдаланып 

Ерсұлтан 

анасына: 

«Апа, 

бүгін 


сабаққа 

бармай-ақ 

қояйыншы»  деп  қиғылық  салыпты. 

Ерекең  үйдің  кенжесі  əрі  анасының 

еркесі емес пе? Жұлқын апа: «Мейлі, 

бармасаң,  бармай-ақ  қой,  бүгінше 

демал...»  деп  көне  кетіпті.  Содан 

Ерсұлтан  бір-екі  сынып  жоғары 

оқитын  əпкесіне  «Біздің  апайға  мені 

ауырып қалды, сабаққа келмейді деп 

айта салшы» деп өтінеді. Алғашында 

əпкесі көнбепті. Ары жалынады, бері 

жалынады. Ақырында əпкесі «Мейлі» 

деп,  сөмкесін  асынып,  сабағына 

кетеді.

Сағат  түскі  екіні  соғады.  Бүгін 



сабақтан  қалғанын  анық  түсінген 

Ерекең  алаңсыз  ойнап  алмақ  болып, 

аулада  доп  қуып,  лəңгі  теуіп,  өзімен-

өзі  əуре  болып  жүргенде  есіктің 

алдына  «Волга»  көлігі  тоқтапты. 

Аңтарылып  қарай  бергенше  артқы 

есіктен  əкесі  түседі. «Əй,  сабақ 

қайда? Неге мектепке бармағансың?» 

деп  дүрсе  қоя  беріпті  жарықтық 

Əмірбек  ақсақал.  Доп  қуып  ырс-ырс 

етіп  тұрған  кішкентай  бала  басын 

салбыратып  «Бүгін  ауырып,  мазам 

болмай  тұрғаны...»  деп  бірнəрсені 

міңгірлейтін  көрінеді. «Бар,  тез  киініп 

шық,  мына  машинамен  мектепке 

апарып  тастайын...»  Қатал  əкенің 

айтқанына  қарсы  тұрар  шама  қайда? 

Ерекең  зып  етіп,  үйге  кіріп  кетіп,  тез 

киініп  шығады.  Мектептің  жанынан 

«Волгадан»  түскенде  екінші  сабақ 

басталып,  енді  қоңырау  соғылып 

жатыр 


екен. 

Көп 


балалармен 

араласып  Ерекең  сыныпқа  кіріп 

кетіпті.  Содан 

екінші 


сабақ 

басталады.  Бір  кезде  апай  сабақты 

түсіндіріп  жатқанда  есіктің  сыртынан 

біреу «Тық-тық» еткізіп ұрады. Апайы: 

«Бұл  кім,  кір...»  дегенше  болмай 

бөлмеге    Ерсұлтанның  əпкесі  кіріп 

келеді.  Сөйтеді  де  аптығып-үптігіп: 

«Апай,  бүгін  Ерсұлтан  сабаққа  келе 

алмайды,  ауырып  қалды»  дейді  ғой. 

Апайы  түсінбей  қалады. «Келмегені 

қалай?»  Сөйтсе  Ерекеңнің  Құдай 

бере  салған  əпкесі: «Апай,  бағана 

Ерсұлтан  қатты  ауырып  қалып, 

«Скорый  помощь»  шақырдық.  Жаны 

жаман  қатты  қиналды...  Сондықтан, 

бүгін  сабаққа  келе  алмайды»  депті 

тақ-тақ  етіп.  Апай  одан  бетер  аң-таң. 

«Ауырғаны  несі,  Ерсұлтан  міне  отыр 

ғой,  Түркістанның  мал  базарынан 

келдім  деп...»  Арт  жақта  отырған 

басы  тақырбас  Ерекең  орнынан  тұра 

береді. Оны көрген əпкесі бетін басып, 

далаға қашып шығып кетіпті. 

Ерекеңнің өзі айтады ғой... Үзілісте 

далаға  шықсам,  əпкем  аулада  бетін 

басып,  төмен  қарап  отыр  екен  деп... 

Түрі  қап-қара  боп  түтігіп  кетіпті. 

Қасына барып «Қалайсың?» дей беріп 

ем, тұра қуды, тұра қаштым деп...

«Қайдан келдің?»

–  Сегізінші  класта  оқып  жүргенде 

комсомолға 

өтетін 


болдық, – 

дейді  Арыстан  деген  ағамыз. – 

Сабақтан  кейін  қалып,  тиіп-қашып 

дайындаламыз. Дайындық барысында 

вожатый апайдың сүйікті де жаттанды 

бір  сұрағы  бар. «Комсомолға  қайдан 

келдің?» дейді. Бұл сұраққа «алдымен 

октябрятқа,  сосын  пионер  арқылы 

комсомолға  келдім»  деп  жауап  беру 

керек.  


Бірде  сабақтан  кейін  пионер 

вожатыйдың бөлмесінде дайындалып 

жатқанбыз.  Ербол  деген  құрдасым 

кезекші  болғандықтан  класта  еден 

жуып  қалған  еді.  Кезекпен  тақтаға 

шығып  жатырмыз.  Вожатый  апай 

сұрақ  қояды.  Ара-арасында  «қайдан 

келдің?» дейді. Біз «октябрят, пионер 

арқылы»  деп  тақ  ете  қаламыз.  Бір 

кезде  есікті  тақылдатып  Ербол  кірді 

де,  вожатыйдың  рұқсатымен  артқы 

жаққа  барып  отырды.  Бірақ,  партаға 

енді  жайғаса  бергені  сол  еді,  апай 

тақтадағы 

баланы 

отырғызып, 



Ерболды шақырды. Сөйтті де ең оңай 

сұрақты қойды. 

– Қайдан келдің?

Тақтаға  шыққан  Ербол  апайға 

таңданыспен бір қарады да:

–  Пол  жуып  келдім  ғой,  білмейсіз 

бе? – дегені.

Сынып іші қыран-топан күлкі.

Қаламгер қағытпалары

Ел  іші,  халық  арасы  қашанда  сөзге  ұста, 

тауып  сөйлейтін  шешендер  мен  айтқыштарға 

кенде  болмаған.  Қара  сөздің  қадірін  білетін 

халқымыз  оларды  əрқашанда  бағалай  білген, 

айтқандарын 

ауыздан 

ауызға 

таратып, 

жадында  ұстаған.  Сондай  жандардың  бірі 

Талас  ауданы,  Ойық      ауылының  тұрғыны, 

ұстаз Болат  Ізбасовтың айтқан қағытпа, ұтқыр 

сөздері ауыл ішінде кең тараған.

Ауылдың айтқыштары

Мəселен, жуырда Тараз қаласының белсенді 

жасотандықтары  аталмыш  акция  аясында  қан 

тапсырып,  донор  атанды.  Арнайы  ай  сайын 

ұйымдастырылатын 

осындай 

үлкен 


іске 

тамшыдай болса үлестерін қосуды мақсат тұтқан 

20  жас  өзгеге  өмір  сыйлайтын  жақсылығы  мол 

шараға  белсенді  қатысуды  өз  парыздары  деп 

санаған. 

–  Акцияны  ұйымдастырудағы  мақсат 

–  облыста  қан  қорын  толықтыруға  ықпал 

ету.  Қыс  айларында,  əсіресе,  мереке  күндері 

жол-көлік  оқиғалары  жиі  орын  алады.  Сондай 

кезде  қанға  мұқтаж  болған  адамдардың  өмірін 

құтқаруға үлес қосу. Мұндай шаралар жастарды 

мейірімділікке,  қайырымдылыққа  үйретеді, – 

дейді донор атанған жастар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет