Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі6,2 Mb.
#5520
1   2   3

Ақмарал ЕРМАНАТ

Елбасымыздың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында «Жаңа Қазақстандық 

патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр», – деген болатын.

Нағыз патриоттық сезім Еліміздің тарихын, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін терең білуден басталады. Өз еліміздің 

тарихын білмесек, осы күнге дейінгі ата-бабамыздың тәуелсіздік үшін қанша қиындықтар мен азаптардан өтіп, қан 

мен терін төге жүріп еткен еңбектерін бағалай алмасақ нағыз патриот бола алмаймыз.



ПАТРИОТТЫҚ РУХ ӨТКЕН 

КҮНДЕРДЕН БАСТАУ АЛАДЫ

Елбасымыз  Ұлытаудағы  сұхбатында: 

«Біз  өз  тарихын  жаңадан  біліп  жатқан 

елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны бі-

луіміз керек», – деген еді.

Керей мен Жəнібек 1465 жылы алғашқы 

хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің 

тарихы  сол  кезден  бастау  алады.  Бəлкім 

ол  бүгінгі  шекарасындағы,  бүкіл  əлемге 

осынша  танымал  əрі  беделді,  осы  ұғым-

ның  қазіргі  мағынасындағыдай  мемлекет 

болмаған да шығар. Бірақ бұл «мемлекет» 

термині  кейіннен  қолданысқа  енгендіктен, 

сол кездегі хандық дəреже қазіргі мемлекет 

сөзімен тең мағына береді. Ал Елбасы Н.Ə. 

Назарбаев бабалардың ұлы ісін жалғасты-

рушы мұрагер болып табылады десем қа-

телеспеспін. Биыл біздің ел Қазақ хандығы-

ның 550 жылдығын тойлауда.

Былтырғы жыл Қазақтың тарихы жылы 

ретінде 

жарияланып, 

қуанышымыз-

ға  орай,  дүниежүзінен  қазақтың  жазба 

жəдігерлері  жиналып,  зерттелді.  Біздің 

елдігіміз,  қазақ  жұртының  арғы  түбі  ғұн-

дардан  басталады.  Ғұндардан  кейін  көк 

түріклердің  мемлекеті  болады.  Одан 

кейін  Алтын  Орда  орнығады.  Сөйтіп,  ол 

хандық  дəуірге  ұласып,  кейін  біртіндеп 

Тəуелсіздікке  келіп  тіреледі.  Осындай 

үлкен  тарихымызды  жастарымыз  білуі 

керек.  Біз  кеше  ғана  пайда  бола  қалған 

халық  емеспіз.  Ұлытау  –  жаңағы  айтқан 

ғұндардың  да,  көк  түріктердің  де,  Алтын 

Орданың да орталығы болған жер.



ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Елді ел қылатын, қазақты қазақ қылып 

тұратын ол – əдет-ғұрпы, салт-дəстүрлер 

емес пе?! Шынында да ұлттар мен ұлыс-

тар бір-бірінен мəдениеті мен əдеп-ғұрпы, 

салт-дəстүрлерімен ерекшеленеді.

Қазір  де  біріміз  білсек,  біріміз  біле 

бермейміз  ұлыттық  құндылыққа  осы  мə-

дениетіміз,  салт-дəстүріміз,  ата-бабала-

рымыздан  қалған  құнды  жəдігерлер  мен 

өсиет  сөздері  жатады.  Осы  құндылық-

тарымызбен  мақтануымыздың  орнына 

ұмытып,  қайдағы  жат  елдің  түсініп  бол-

майтын  əдетіне  əуеспіз.  Бұл  бір  өкінішті 

жағдайымыз. Ел қазынасының ең үлкені – 

бейбітшілік  пен  тамыры  тереңде  жат-

қан  тарихымызбен  салт-дəстүріміз  екені 

белгілі. Егер біз өзімізден кейінгі жастарға 

үлгі көрсете алмасақ, онда еліміздің бола-

шағы не боларын бір ойланып көрейікші. 

Жастарымыз  үлкендерге  қарап  бой  тү-

зейді.


БІЛІМ-ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІ

2016  жылдан  бастап  мектептердегі 

бастауыш сынып оқушыларына «Ғылым-

ға  кіріспе»  деген  пəн  оқытылатыны  ту-

ралы  хабардар  болдым.  Мысалыға  осы 

секілді мектеп бағдарламасына, ЖОО оқу 

бағдарламасына,  «Болашақ»  бағдарла-

масымен  білім  алушылардың  қабылдау 

емтиханына  салт-дəстүрмен  таныстыра-

тын пəндік жоспар енгізілсе құп болар еді. 

Мұндағы мақсат, бір жағынан патриоттық 

сезіміміздің  артуына  үлесін  қосып,  ұмы-

тылып  жатқан  дəстүрімізді  де  жаңартар 

едік. Сондай-ақ, өзіміздің асылдай алтын 

салт-дəстүрімізді  бағалай  отырып,  өзге 

елдердегі  дəстүрлерді,  əдет-ғұрыптарды 

салыстыра  отырып,  өз  дəстүріміздің  ар-

тықшылығын  сезінер  едік.  Бұл  қадамдар 

жастардың  патриоттық  сезімін  оятып, 

«Болашақ»  бағдарламасымен  жат  елге 

білім алуға кеткен жастарымыз басқаның 

жағымсыз əдеттерін өз бойына сіңіруден 

сақтануға жол салады. Сол арқылы қоғам 

санасына  жағымсыз  ғұрыптардың  еніп 

кетуіне тосқауыл жасар едік, тарихымыз-

дың сақталуына жəне еліміздің болашағы 

жарқын болуына аз да болса оң істер ат-

қарар едік.

Елімізде  білім-ғылымды  дамыту  үшін 

көп  еңбек  пен  қаражат  жұмсалуда. 

Бүгінгі  жас  ұрпақтың  шетелдерде  білім 

алып келуі қазір ешқандай қиындықсыз 

іске  асырылып  жатыр.  Мұндағы  мақ-

сат  –  ел  болашағы  жастар  болғандық-

тан білім алсын, өзге елдегі озық үлгіден 

тəжірибе алмасып, білімі мен кəсібилігін 

дамыту. Бұдан бөлек, бүгінде қазақстан-

дық жоғары мектептерде «Академиялық 

ұтқырлық»  сынды  бағдарлама  білімін 

жетілдіремін,  біліктілігін  арттырамын 

деген  студенттер  мен  магистрантар 

игілігіне қызмет етуде.



ҰЛТТЫҚ САНА

Теледидарлардан  əдет-ғұрып,  салт-

дəстүрлерді  паш  ететін  бағдарлама-

лар  көрсетілсе  игі  болар  еді.  Осыдан  он 

шақты  жыл  бұрын  «Қазақстан»  телеар-

насынан  ұлттық  мəдениет  пен  дəстүрді 

насихаттайтын  «Алтын  Сақа»,  «Мың  бір 

мақал,  жүз  бір  жұмбақ»,  «Сөз  мерген» 

сынды  бағдарламалар  көрермен  наза-

рында  болды.  Ол  теле  жобалардың  кө-

рермендерге бергені көп болды.

«Тіл – əр халықтың кешегі жүріп өткен 

жолын,  бүгінге  жалғасқан  ғұмырының 

ертеңге  апарар  мүддесін  бейнелеуші, 

яғни бар тарихының куəгері, деректі көзі» 

деп  түріктанушы  Сəрсен  Аманжоловтың 

айтқанындай  ана  тілімізге  мəн  беріп, 

күн  санап  дамытуымыз  керек.  Себебі 

«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған 

жұрт  –  жойылған  жұрт»  деп  халқымыз 

бекерге  айтпаған.  Олай  болса,  ЖОО-

ларда, кəсіпорындарда жəне мемлекеттік 

мекемелерде  ана  тілімізді  оқытатын  екі-

үш  айлық  тегін  курстар  ашып,  акциялар 

өткізсек жақсы болар.   Бұлардың  бəрі 

құр сөзбен айтып қоймай іске көшетін кез 

келді деп ойлаймын.

Соңында, «Қазақтың қамын жемеген – 

нанын да жемесін!» деп Бекболат Тілеу-

хан ағамыздың сөзімен аяқтайын.



Ержігіт Тағай,

С. Торайғыров 

атындағы 

ПМУ 

сәулет-құрылыс 

факультетінің 

студенті

немесе


Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?

Патриотизмнің идеялық негізі ұлттық құндылықтарда жатыр



Бағдарлама арқылы шетелдің озық 

жоғары оқу орнында білім алдым

Фарида Жаңабай,

С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия

машинажасау жəне көлік факультетінің Мт-301 

тобының студенті.

Мен  академиялық  ұтқырлық  бағдарламасы  бойын-

ша  Болгарияның  озық  жоғары  оқу  орындарында  өз 

білімімді шыңдап келдім.

Академиялық  ұтқырлық  –  студенттердің  білімін  те-

реңдетіп,  біліктіліктерін  арттыруға  арналған  бағдар-

лама.  Осы  бағдарлама  арқылы  өзімнің  армандап 

жүрген мемлекеттерге білімімді шыңдау мақсатында, 

баруыма жол ашылды. Ең алдымен Болгарияда 3 ай 

білім алдым. Астанасы – София қаласы. Ол жақта ауа 

райы өте жылы екен. Қаланың ерекшелігі тарихи ғи-

мараттар өте көп екен. Болгарияны дамыған мемле-

кеттердің қатарына да жатқызуға болады. Адамдары 

үнемі күліп жүреді, өте мейірімді көрінеді.

University  of  Chemical  Technology  and  Metallurgy 

оқу  орнында  шетелдерден  келген  студенттердің  көп 

екенін аңғардым. Сонымен қатар, София қаласының 

өзінде Қазақстаннан барған 30-ға жуық біздің студент-

тер білім алып жүр екен. Қытай, Мысыр, Грекия, Гер-

мания,  Түркия  сияқты  мемлекеттерінен  студенттер 

болды. Олармен бір топта білім алдық. Аздап болгар 

тілін үйрендік. Орыс тіліне жақындығы, ұқсастығы бар 

екен. Көбінесе ағылшын тілінде сөйледік. Берген білім 

сапасының  деңгейі  жоғары  деуге  болады.  Ондағы 

оқуым өзіме өте қатты ұнады, керемет əсермен елге 

оралдым. Ол жақта ең жақсы баға «6». Сынақ ауызша 

жəне жазбаша түрде өтеді екен. Бізге естелік ретінде 

студенттік сынақ кітапшасын берді. Болгарияның 3 қа-

ласына бардық. София, Благоевградта жəне бұрынғы 

астанасы  Велико-Тырновада  болып,  қалалардың  ең 

көрікті деген жерлерін тамашаладық. Білім ала жүріп, 

ел аралап, жер таныдық. Мемлекет тарапынан акаде-

миялық  ұтқырлық  бағдарламасы  арқылы  білім  ізде-

ген студенттердің жолын ашып, қолдап жатқаны мені 

қуантады.  Бірнеше  жылдардан  кейін  бұл  игіліктің  де 

жемісін көреміз деген сенімім бар.



ҰТҚЫРЛАРҒА АРНАЛҒАН «АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ»

7

Балбұлақ


АРДАҚТЫЛАРЫМ

Аяулы анам,

Кішкентайдан 

өсірген. 

Ардақты əжем,

Қатемді менің 

кешірген.

Ғалымжан 

Альжанов

АНАШЫМ – АҚЫЛШЫМ

Анам мені 

еркелеткен,

Тəрбиелеп, өсірген.

Ақыл қосып 

əрқашанда,

Қиында жол 

көрсеткен.



Диас Адилов

СҮЙІКТІ АНАМ

Сүйікті анам, жан 

анам,

Гүл сыйлайын мен 



саған. 

Ал өскенде көп 

гүлге,

Құшағыңды 



толтырам.

Асанəлі Алғожин

СҮЙІКТІ АНА

Аяулы менің 

анашым, 

Əдемі əрі сүйікті.

Мерекеңмен 

құттықтап, 

Əн айтып, гүл 

сыйлаймын.



Ризабек Төлеубай

ЖАН АНА

Анам, анам, жан анам!

Сүйіктімсің, 

гүл анам.

Мейірімге 

толысың, 

Бəрінен де 

сұлусың.


Аружан 

Уатқанова

ƏН ШАШУ

Сегізінші наурыз!

Кел қыздар, 

билейік!


Аналарға жыр 

сыйлап, 


Əн шашудан 

төгейік!


Анел Тəнкеева

8 НАУРЫЗ

Сегізінші наурыз – 

Аналардың 

күндері.


Анама сыйлаймын 

Кəмпит пенен 

гүлдерді.

Əн айтамын анаға, 

Би билеймін 

анама.


Жақсы көрем анамды,

Жақсы көрем, қашанда.



Айда Ұюқбай

АҚ АНАМ

Мерекеңмен жан 

анам, 

Құттықтаймын мен 



сені.

Бақытты болып жүре 

бер, 

Мейірімге толы ақ 



анам.

Арайлым Сəулет

БАҚЫТТЫСЫҢ

Бақыттысың 

анашым,

Бейбіт аспан 



астында. 

Тату-тəтті күн 

кешіп, 

Қуаныштымыз 



бəріміз. 

Аяулым 

Дүйсенбекова 

МАҒАН ӨМІР 

СЫЙЛАДЫҢ

Маған өмір сыйладың,

Мейірімге бөледің.

Еркелігімді көтеріп, 

Білгеніңді үйреттің. 

Нұрдəулет 

Байзақ

МЕРЕКЕҢМЕН!

Мерекеңмен жан 

анам,

Мəпелеген, 



өсірген. 

Ауырмашы 

ешқашан, 

Бақытты бол, 

жан анам!

Алтынай 

Күспекова

АНАШЫМ

Өмірге мені əкелген,

Бағып-қағып 

жеткізген.

Анам менің ойымды

Айтпасам да 

түсінген.

Құттықтаймын мен 

Сізді 

Сегізінші наурызбен!



Амина 

Мұқашбаева

АЯУЛЫ АНА

Əніңмен əлдилеп,

Аяладың жан 

анам.


Оң мен солды 

үйретіп, 

Қуанышқа 

бөледің.


Анашым бір өзіңе 

Таудай алғыс 

айтамын!

Рысгүл 

Серікбаева

Бүгінгі  «Балбұлақтың»  қонақтары  Павлодар  қала-

сындағы  №35  ЖББОМ-ның  3  «Ә»  сынып  оқушы-

лары. Сынып жетекшісі Жаркина Камал өз оқушы-

ларын ерекше қабілетті әрі дарынды деп санайды. 

Сондықтан, Камал Қабдоллақызы балаларын бөліп-

жармай  бір  шумақ  өлеңдерін  жариялауды  өтінді. 

Балақайлардың  аналарына  арнаған  жырларымен 

таныс болыңыздар. 

 



ҚЫЛҚАЛАМ



«Қылқалам» айдарында 3 «Ә» сынып 

суретшілерінің қаламынан туған туындылар.

Алтынай Күспекова

Ризабек Төлеубай

Арайлым Сәулет

МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: А. Тилей,  

Н. Рабилова, Ұ.Төлеу, 

А. Ерманат, Б. Кабышев,

М. Сүлейменов.



Ақылдастар алқасы: 

Қ. Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А. Тойшыбайұлы, А. Эсеналиева.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• Таралым «PrimaLux» баспасында 

басылған. Мекен-жайы: Екібастұз 

қаласы, Əуезов көшесі, 15. Тел: 

8 (7187) 75-50-44.

• ГАЗЕТ айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № г15-3013

8

 



БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ

 



КІТАП СӨРЕСІ

САЛАУАТТЫ БАЛА – 

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ



Бүгінгі ұрпақты теледидар мен компьютерге телміріп отырған

қолында ұялы телефон мен планшетсіз елестету мүмкін емес-ау. 

«Заманды тұрмыс билейді» деген екен белгілі жазушымыз Шерхан 

Мұртаза. Ертегі тыңдап, ертегінің қиялына берілген буынның орны-

на айтқанды қайталайтын, көргенді екі етпейтін осы дәуірдің жаңа 

буыны келді ме өзі?!

Ойын  баласының  күнделікті  тұрмысын 

теледидар,  компьютер,  ұялы  телефон, 

планшет,  айфондарсыз  елестету  мүмкін 

емес. Олардың пайдасы бар əрине, алай-

да,  денсаулыққа  зиянын  əсіресе,  бала 

денсаулығына залалының қомақты екенін 

дəрігерлер  мен  ғалымдар  айтып  жүр. 

Қазіргі  уақытта  бала  аулада  асық  атып, 

доп  теуіп,  жүгіріп  ойнамаса  да  үйдегі 

дүңгірленген жəшікке телміріп отырғаны.

Жау үйде

Бүгінгі балдырғандар ақпаратты ата-ана-

сынан емес осы электронды сандықтардан 

алып жатқаны шын. Ол ақпараттың балаға 

қажеттісі бар, керек емесі де көп. Ертегінің 

орнын басқан сериалдар бүгінгі оқушының 

тəрбиесіне  зор  ықпал  етуде.  Балдырған-

дар жан-жағын, дүниені, басқа ұлт тарихы 

мен дəстүрлерін, сол елдің мəдениеті мен 

өнерін сериалдар арқылы бойларына сіңі-

руде.  Балалар  өздерінің  дəстүрлерінен 

гөрі  өзгенің  салт-ғұрыптарын  жап-жақсы 

игеріп  алады.  Теледидарда  «прайм  тайм» 

яғни, көрерменді көп жинайтын уақытында 

үндінің,  түріктің  сериалдары  көрсетіледі. 

Əулеттің үлкені мен кішісі жиналып теледи-

дар көріп мəре-сəре болған шақта, жүгіріп 

жүрген  балаға  ешкім  мəн  бере  қоймайды. 

Ал  ол  құр  жүрген  жоқ,  ойына  тоқып  жүр. 

Осы  кезде  баланың  ақпаратқа  құлағы  тү-

рулі,  көзі  ашық,  есіне  жатталып  жатқанын 

естен шығармаңыздар. Міне, осындай сəт-

тері ол нені көріп, нені естіп жатқанын қа-

дағалаған дұрыс. Мəселен, өз-өзін өлтіргелі 

жатқан адамдар, бір-бірін өлімге қиған, зор-

лық-зомбылық, жаман қылықтар мен ессіз 

əдеттерді  паш  ететін  кино  оқиғаларына 

балаларымыз жиі куə болып жатады. Олар-

дың  көретін  кинолары  мен  мультфильм-

дерін қатаң бақылауда ұстаған жөн.

Қанға,  зорлыққа  көзі  əбден  үйренген 

бүлдіршін  қаныпезер,  безбүйрек  болып 

өсетіні туралы психолгтар да дабыл қаға 

жеткізуде. Мамандардың пікіріне келіспес-

ке амал жоқ. Бүгінгі балалардың əңгімесі 

де,  болмысы  да,  қабылдауы  да  өзгерек. 

Оған  себеп,  бала  санасында  теріс  ақпа-

раттың тым көптігі. Оның қайсысы дұрыс 

қайсысы  бұрыс  екенін  бала  айыра  бер-

мейді.  Екіншіден,  бала  бұрыс  ақпаратты 

ата-анасы  көріп  отырғаннан  кейін  дұрыс 

деп  есептейтіні  де  түсінікті.  Сондықтан, 

ата-ана баламен бірге телидидар көрген-

де ақылға салып, бағдарламалар мен ки-

ноларды дұрыс таңдап көргені абзал.

Балаңызды кім тәрбиелеуде?

Ал  америкалық  психологтар  теледи-

дарға  телміру  –  балаларға  агрессиялық 

мінез-құлықты қалыптастыратынын мəлім-

дейді.  Бүлдіршіндер  музыкаға  одан  кейін 

теледидарға  тез  тəуелді  болады  екен. 

1998 жылы Англияның Селия Вард деген 

ғалымы  теледидардың  балалардың  тəр-

биесіне қалайша ықпал ететінін зерттепті. 

Оның  айтуынша,  ата-аналар  балалары-

ның тəрбиесін электрондық құрылғыларға 

тапсырған болса, онда бала дамуы 20 па-

йызға кідерске тап болады екен. Осы зерт-

теу  жұмысына  қарағанда  теледидар  мен 

ғаламтор  біздің  балаларды  тəрбиелемеуі 

тиіс деп дөп айта аламыз. Бастауыш сы-

нып оқушыларының ой-өрісі даму үстінде. 

Сол себепті, ата-ана баламен миды дамы-

татын  ойындар,  логикалық  есептер  шы-

ғарып,  ұлттық  фольклормен  сусындатып 

отыруды əдетке айналдыруы керек.

Баланың  миы  5-6  сағат  мектепте  қар-

қынды  жұмыс  жасайды.  Бұл  логика,  ой-

лау,  есте  сақтау,  сараптама  жасау,  нəти-

же  шығару  сынды  мидың  жұмыстарын 

дамытуға  өте  пайдалы.  Ал  ата-ана  мек-

тептен  тыс  үйде  болғанда  өз  тарапынан 

баласының  электрондық  құрылғыларға 

байланбағанын  қадағалауы  қажет.  Бала-

ның денсаулығына, психологиясына зиян 

əдеттерден арылуды мақсат етсеңіз ұялы 

телефон, планшет, компьютер, теледидар 

сынды құралдарды қолдануын шектеңіз.

Теледидардың залалы

Мамандардың  айтуынша,  бастапқыда 

бөбектер  теледидарды  мақсатсыз  түс-

тердің  жарқылына  қызығып  көреді  екен. 

Кейін бала сол түрлі-түсті жарқылға бойы 

үйреніп  алады.  Яғни  көз  жарқ-жұрқ  еткен 

түстерге тəуелді бола бастайды екен. Те-

ледидар  көрудің  қажеті  болмаса  да  оны 

қосып  өзі  басқа  іспен  айналысып  жүр-

ген  біреуді  көрсеңіз  онда  оның  теледи-

дарға  тəуелді  адам  деп  түсініңіз.  Олар 

үшін  бірнəрсе  жарқылдап  көздің  жауын 

алып  тұрса  болғаны.  Содан  кейін  мидың 

тəуелділігі  орнай  бастайды.  Бұл  ең  қор-

қыныштысы.  Қорқыныштысы  сол,  теле-

дидарға  тəуелді  болған  адамның  ойлау 

қабілеті əлсірейді. Былайша айтқанда, ми 

жұмысы  шектеліп,  баланың  белсенділігі 

төмендейді.  Мұндай  электронды  құрал-

дарға  тəуелділігі  бар  балаларды  басқа 

да  тəуелділікке  байлап  тастауға  оп-оңай 

екенін естен шығармаңыздар.

АҚШ-тың  Оңтүстік  Каролина  универси-

тетіндегі  ғалымдар  «теледидар  баланың 

когнитивтік қызметінің дамуына кері əсер 

етеді,  сондай-ақ ойын жұмылдыруға кері 

əсерін  тигізеді»  деген  тұжырым  жасап 

отыр. Көгілдір экранның əсері ең алдымен 

көру мүшесіне ғана емес, есту қабілетіне 

де  зиянын  тигізеді.  Ғалымдардың  зерт-

теулерінше, бала теледидарды қарамай-

ақ,  маңында  ойнап  жүрген  күннің  өзінде 

назар  аудару,  принциптік  ойды  жұмыл-

дыру  қабілеті  нашарлап,  оның  миында 

кереғар  реакция  жүреді.  Тіпті  теледидар 

басқа бөлмеде қосулы тұрса да, бала оны 

естиді,  сөйтіп  ойнап  жүрген,  кітап  оқып, 

үй жұмысын жасап отырған баланың миы 

тұрақты  режимде  керексіз  ақпараттарды 

қабылдап, оны алаңдатады. «Көгілдір эк-

ран үйде күніне 90 минуттан артық қосыл-

мауы тиіс» деген кеңес береді ғалымдар.



Қауіпті телефон

Ұялы  телефон  балалардың  денсаулы-

ғына кері əсер етеді. Есте сақтау қабілеті 

нашарлайды.  Танымдық  қабілеті  төмен-

дейді.  Бойды  селқостық  пен  бойкүйездік 

билейді.  Балалардың  көбісі  ашушаң, 

шаршағыш келеді, жүйкесі тез құриды. Ал 

ұялы  телефонмен  ұзақ  сөйлесетін  бала-

лардың  жүйкесі  жұқарып,  депрессиялық 

синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Бұ-

ның бəрін дəрігерлер хабарлайды. Бүгін-

де  балалар  күндіз-түні  ұялы  телефонға 

жабысып,  қолдарынан  бір  тастамайды. 

Əйтеуір қолдарына тыным жоқ. 

Қуаттағыш  қондырғы  жарты  метр  жер-

де  болса,  онда  жоғары  кернеулі  электр 

сымының  астында  ұйықтағанмен  бірдей 

екен. Тіпті мұның соңы мида қатерлі ісіктің 

пайда  болуына  əкеледі.  Ғалымдар  сұм-

дық сорақы жайттарды да анықтап отыр. 

Ұялы  телефонмен  ұзақ  сөйлессеңіз,  ол 

адам миын бір градусқа дейін қыздырады 

екен.

Сөзімді түйіндейін, ертегі тыңдап, қиял-



ға қанат бітіріп армандай білген бала өзі-

не  сенімді  жəне  қиындықтан  қорықпай-

тын жігерлі азамат болып шығады. Олай 

болса,  балаңыздың  дені  сау,  саналы  да 

салауатты болғанын қаласаңыздар бала-

ға электронды құрылғыларды пайдалану 

уақытын азайтуға көмектесіңіздер.

Камал ЖАРКИНА

№35 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

Айна


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің академик 

С.Бейсенбаев атындағы ғылыми кітапханасының көркем әдебиет бөлімінде 

ағартушы-педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің шығармашылы-

ғына арналған «Даланың тұңғыш қоңырауы» атты әдеби кеш өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты кітап-

хананың көркем əдебиет бөлімі-

не студенттерді шақыру, көркем 

əдебиетті  оқуға  ынталандыру, 

студенттердің ой-өрісін кеңейту, 

сөйлеу  тілін  байыту,  тіл  мəде-

ниетіне көңілдерін аудару, Отан-

ға,  елге  деген  сүйіспеншілігін, 

патриоттық  сезімін  арттыру, 

қазақ  əдебиетіндегі  асыл  мұра-

ларды құрметтеуге баулу болып 

табылады.

Кездесуді  ұйымдастыруға  көр-

кем əдебиет бөлімінің кітапхана-

шылары  мен  қазақ  əдебиетінің 

шын  жанкүйер  студенттері  атса-

лысты.  Атап  айтсақ,  гуманитар-

лы-педагогикалық  факультеттің 

студенттері  Ақерке  Имашхан, 

Сəулегүл  Хошорбайқызы  жəне 

агротехнологиялық 

факультет 

студенті Гүлжан Елешова шараға 

белсене қатысты. Сонымен қатар 

кітапханашылар  қатысушылар-

дың қызығушылығымен қойылған 

сұрақтарға да жауап берді.

Студенттер  Ыбырай  Алтын-

сариннің  «Жан-жануарлардың 

дауласқаны»,  «Əке  мен  бала» 

жəне  «Бір  уыс  мақта»  əңгіме-

леріндегі ойтүйер сəттерін бей-

нелеген  қойылымын  көпшілік 

назарына ұсынды. Əдеби кеште 

кітапсүйер  жастар  Ыбырай  Ал-

тынсариннің  шығармашылығы-

мен  танысып,  көптеген  еңбек-

тері,  хаттары  ұсынылған  кітап 

көрмесін тамашалады.

Ғылыми 

əдебиеттермен 



қызмет 

көрсету 


бөлімінің 

меңгерушісі  Гүлжан  Амано-

ва:  «Ы.  Алтынсариннің  көр-

кем  шығармаларының  басты 

идеялары  адамгершілік  пен 

еңбексүйгіштік, 

əдептілікпен 

инабаттылық,  зейінділік  пен  зе-

ректілік  жəне  ата-ана,  ел  мен 

жерге  деген  сүйіспеншілік,  тəр-

биелік  сипатына  бағытталған. 

Ұлы  ағартушының  кітаптары 

орта мектептің мұғалімдері мен 

оқытушыларына арналған. Сон-

дай-ақ,  қалың  оқырмандарға 

да  өте  пайдалы  кітаптар  екені 

сөзсіз», – деп ой бөлісті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-

дың  С.  Бейсембаев  атындағы 

ғылыми  кітапхананың  қызмет-

керлері  Жүрсилə  Абилдинова, 

Гүлнəр  Мусина  Ыбырай  Ал-

тынсариннің  шығармашылығы 

мен өмірі туралы кітап көрмесін 

жəне  виртуалды  кітап  көрмесін 

ұйымдастырды. Ал университет 

кітапханасының көркем əдебиет 

бөлімі  кітапханашысы  Елена 

Лиханова  Ы.  Алтынсариннің 

еңбектеріне  ақпараттық  шолу 

өткізді.

Ақерке ИМАШХАН

Даланың тұңғыш қоңырауы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет