Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының тарихында Хақназардай
ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол – ел басқаруда, әскери-саяси істерде қабі-
леттілік танытқан қайраткер. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда диплома-
тиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Қазақ хандығының тарихын зерттеген
тарихшылардың пікірінше Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы «қайта түледi» деп баға
беріледi.
4
Насихат
ҰШҚЫН
Уақыт – адамзатқа аманат етілген
асыл қазына. Ал қазіргі кезде сізді «Уа-
қытты қадірлеп жүрмін бе?» немесе
«Өмірімді қаншалықты пайдалы өткізіп
жүрмін?» деген сауалдар мазалап
жүрген болар. Əрине жоқ. Сіз ұйықтап
жатқанда уақыт өтуде, сіз тамақтанып
отырғанда уақыт өтуде, сіз қалай табыс
табам деп жүргенде де уақыт зымырап
өтуде. Уақыт – керуен. Бір жыл – бір ай
секілді. Бір ай бір жұма, бір жұма бір
күн, бір күн бір сағат, ал бір сағат бір ми-
нут секілді өтеді де кетеді. Ал сіз болса-
ңыз талай уақытыңызды босқа жұмсап
отырсыз.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан-
баев он бесінші қара сөзінде: «Егерде
есті кісілердің қатарында болғың келсе,
күнінде бір мəрте, болмаса жұмасын-
да бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен
өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алған-
нан бергі өмірді қалай өткіздің екен,
не білімге, не ахиретке, не дүниеге
жарамды, күнінде өзің өкінбестей қы-
лықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не
қылып өткізгеніңді өзің де білмей қа-
лыппысың?», дегенінде өз-өзіне есеп
беріп, уақытты қалай дұрыс өткізуді ай-
тады.
Бұл тұста əлемге танымал ғалым
Отто Шмидттің 14 жасында өз өмірін
уақытқа негіздеп жоспар құрғанын ай-
тып кетуге болады. Бұл жоспарда өзінің
бүкіл ғұмыры ішінде қандай кітаптарды
оқып бітіру, қандай ғұламаларды білу,
қандай іспен айналысу, қандай мəсе-
лелерді шешу керектігін жəне т.б. атап
көрсеткен. Ал осының бəрін жазып,
кейін қанша уақыт кететінін есептеп
шығарған кезде 900 жыл керектігін кө-
реді. Содан, қысқартады, бұл қысқар-
тылған жоспарға 500 жыл керек бола-
ды да, соңында тағы қысқартылып 150
жылды қамтитын бағдарлама шығады.
Өз өмірінің əр минутына дейін есептеп
қойған ғалым өмірінің аяғына дейін 150
жылдық жоспарын орындайды. Оның
64 жылы өмір сүргенін ескерсек, ол өзі-
не міндетті істі үш еседей дерлік артық
орынданған. Бұл жерде бір қызық мы-
сал келтірейін. Егер адам 70 жас өмір
сүрді деп жобаласақ, орта есеппен
оның уақыты былай өтеді: 18-20 жылы
жұмыс істеуге, 20-23 жыл ұйықтауға, 2
жыл уақыт сөйлеуге, 6-7 жылы ас ішуге,
6 жыл теледидар қарауға, 4-5 жыл жеке
басының тазалығын ұстауға, 3 жыл жол
жүруге кетсе, оның 1 жылға жуығы кеп-
теліске кетеді. Екі жарым жыл емделуге,
180 күн қоңырау шалу мен телефон қо-
ңырауын қабылдауға, 108 күн шаш та-
рауға, 52 күн жылауға, 3 тəулікке жуығы
сағатқа қарауға, 10 ай əлеуметтік желі-
лерде отыруға кетеді екен.
Уақыт бізге емес, біз уақытқа мұқ-
тажбыз. Батыстықтар үшін уақыт
бұл – ақша. Ал мұсылман халықтары
үшін уақыт бұл – өмір. «Уақыт өлтіру»,
«Уақытты құр өткізу» секілді термин-
дер мұсылмандарға жат ұғымдар.
Уақыттың қадірін жете түсінген имам
Уақиға қарны ашқанда нан жемей тек
сұйық тамақ ішеді екен. Ол адамнан
себебін сұрағанда: «Нанды шайнауға
жұмсалған уақытта күніне 50 аят жəне
хадис оқуыма болады», – деп жауап
беріпті. Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Ал-
лаһ елшісі (с.ғ.с.) бір кісіге үгіт айтып
жатып былай деді: «Бес нəрседен бұ-
рын бес нəрсенің қадірін біл: қартай-
май тұрып жастық шақтың қадірін біл,
ауырмай тұрып денсаулықтың қадірін
біл, кедейліктен бұрын байлықтың
қадірін біл, қысылтаяңнан бұрын бос
уақытты қадірле жəне өлмей тұрып
тірлігіңді ғанибет біл».
Ал Сіз сағат тілі неге оңнан солға қа-
рай жылжиды деп ойлап көрдіңіз бе?
Оған екі түрлі себеп бар. Бірі, ежелгі
мысырлықтар күннің шығыстан шығып,
батыстан батуына байланысты алғаш
күн сағат ойлап тапқан. Содан бергі
салт əлі сақталған. Екіншісі, сағаттың
солдан оңға қарай, яғни, алға қарай
жылжуы уақыттың кері қайтып келмей,
тек алға жүруін көрсетеді.
Өмір болғаннан кейін қуаныш пен қай-
ғы қатар жүреді. Бір кезде сүрініп құлай-
сың, бір уақытта қайта тұрасың. Бір уа-
қытта ауырсаң, бір уақытта тəуір болып
шығасың. Бір уақытта жылайсың, бір уа-
қытта күлесің. Алма кезек ауысқан бұл
жалғанда жан жазасына уақыт емші де-
мекші сабырлық танытып мойымау қа-
жет. Əрбір берілген минутымызды сарп
етпей саналы түрде сауапты да, сали-
қалы істерге жұмсау қажет. Себебі уа-
қыт – алақанымызға құйылған су секілді,
шөлімізді қандырып үлгеруге тиіспіз.
Максим Горький: «Бір күнге кішкентай
өмір сияқты қарау керек» демекші, мен
күн сайын көзімді ашқан кезде алдымда
екі тандау тұрады. Бірі, оятқыш сағатты
сөндіріп тастап ары қарай тəтті ұйқым-
ды жалғастыру, я болмаса, күнделікті
жасап жүрген пайдалы жұмысымды
жалғастыру. Жəне əркімнің де алдында
осындай тандау тұрары анық. Қалай
дегенмен де қамшы-
ның сабындай ғана
қысқа ғұмырымыз-
ды ғибратты өткі-
зейік.
Бексұлтан
КАБЫШЕВ
ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстандық жол» еңбегінде атап айтқандай:
«Жас ұрпақ ірі мәселелерді шешу жолындағы қиындықтарды жеңе білуі, үнемі өзгеріп
тұратын экономикалық және технологиялық ортада дұрыс бейімделе білуі қажет, әрі
бұл жағдайды өз пайдаларына орай әрқашан екі қадам алда болулары тиіс».
Біз қазіргі еліміздің өрендей
жастары Отанымыздың гүл-
денуіне аянбай тер төгіп, та-
рихын ұмытпай қастерлейтін
ұрпағымыз! Ұлттық санамызды,
тілімізді, дінімізді құрметтей
отырып, ұлттық құндылықтары-
мызды көрсетуіміз шарт! Жүгі
нарда, қазаны теңде болып,
көшпелі ғұмыр кешкен қазақ
халқы ертеден-ақ ана тілін, ту-
ған жері мен əдет-ғұрыптарын
есте сақтап, бойтұмар еткен.
Қазіргі таңда тəуелсіздіктің пар-
қына ешкім жете бермейді. Та-
рихқа көз салып қарасақ, бодан-
дық жолында қаншама азапқа
толы бітпеган дау-жанжалдар,
күлкісіз күндер мен ұйқысыз
түндер, қайғыға толы жүрек
назы, аяусыз қатігездік, өкініш,
сағыныш бəрі болған. Айта бер-
сек халқымыз көп қиыншылық-
тарды көргенін ұмытпағанымыз
жөн. Тəуелсіздіктен кейін дүние-
ге келген жастар тек тəуелсіз Қа-
зақстанды ғана біледі, олардың
санасы мен психологиясында
тəуелділік, бодандық деген
ұғымдар жоқ, тіпті, болмай-ақ
қойсын деп тілеймін.
Қазақ қазақ болғалы қилы
замандардың теперішін көрді.
Ата-абаларымыздың сан ғасыр-
лар бойы аңсап өткен арманы
тəуелсіздік еді. Бүгінгі жастар
сол тəуелсіз елдің ұрпағы. Күні
кеше яғни, тəуелсіздікке дейін
əлемде «Кеңестей ел жоқ» де-
ген импералистік саясат та қа-
зақты мойындамай қырғыз-қай-
сақ атады. Алаштың маңдайына
біткен арыстарымызды атып,
асқан тəуелсіздікке ұмтыл-
ған жастарымызды еш аяусыз
ұрып-соққан қасіреттен құты-
лып, əлемнің аузын айға білеген
алпауыт елдермен қазіргі күнде
тереземіз тең ел болдық.
Қазіргі таңда қоғамда жастар
арасында «Мемлекеттік жастар
саясатының 2020 жылға дейінгі
тұжырымдамасы» сөз болуда.
Мұндағы негізгі мақсат – жас-
тардың əлеуметтік, азаматтық-
құқықтық, патриоттық, иннова-
циялық жəне шығармашылық
əлеуеттерін дамыту болып
табылады. Қазір елімізде жас-
тарға деген қамқорлық барлық
салада көрініс беруде. Елбасы
Н.Ə.Назарбаевтың жыл сайын-
ғы Қазақстан халқына Жол-
дауында, қабылданып жатқан
барлық мемлекеттік бағдар-
ламаларда жастардың рөлі
мен белсенділігіне ерекше мəн
берілген.
Бүгінгі жастар – ел ертеңі. Қа-
зақстандық патриотизм – бүкіл
қазақстандықтарға, əсірісе енді
ғана құлпырып, өсіп келе жат-
қан жалынды жастарымызға
тəн. Оларға ең алдымен жо-
ғары білім қажет. Мен өзімді
ұлтжандымын деп ұғынамын
жəне менің бойымда ұлттық
патриотизм басым. Жастары-
мыздың əлемдік, халықаралық,
республикалық түрлі жарыстар-
да, спорттық олимпиадаларда
жүлделі орындар алып Көк бай-
рағымызды желбіретуі – біздің
рухымызды биіктеткенмен тең.
Осыдан қарап-ақ, жалынды
жастардың қатары көбейіп, пат-
риоттарымыздың еліне деген
асыл сезімі жоғары екенін тани-
мыз. Жастарымыз тек алға ғана
самғау қажет. Қазақ көкірегінде
намысы, көзінде оты бар жас-
тарын тынбай талаптандырып,
үзбей іздендіріп, ерінбей еңбек-
тенуге үйретуі қажет.
Біз келесі мыңжылдыққа бар
халықты бауырымызға тарта
отырып, жастарымыздың ақыл
парасатымен, саналы тəрбиесі
жəне сапалы білімімен ғана аяқ
басуымыз тиіс. Сонымен қатар
қазақты қазақ етіп танытатын
салт-дəстүріміз бен тілімізді де
естен шығармауымыз қажет.
Өскелең ұрпақ, болашақ жалын-
ды жастар ұлттық рухты жоғалт-
пай, олардың жігері мен намыс-
тары қайралып, бойларындағы
Отан деген ұлы
сезім мен оған
деген мұрат-
тары баянды
болсын!
Нұрбөпе
РАХИМОВА
«Тайм менеджмент»,
Уақытты қаншалықты
тиімді пайдаланып жүрміз?
немесе
Сұлу бойжеткендер! «Қызғалдақ» айдарынан қыздар
арасындағы сырлы да салиқалы әңгімелерді, аты
аңызға ерген дана да дара, батыл да мейірімді нәзік
жандылардың тағылымын, қызықты жаңалықтар
мен ғибратты сөздерді, бойжеткендерімізге арналған
кеңестерді оқи аласыздар.
БАТЫР ҚЫЗ
СӘН-СЫМБАТ
БОЙТҰМАР
СЫРЛАСУ
«… Сол кезде Əлияның туған анасы Мар-
жан қайтыс болды да, кішкентай Əлия менің
тəрбиемде қалды. Кейінірек, 1934 жылдың
қазан айында бұрынғы əскери-транспорт
академиясына оқуға түстім де, бір жыл өт-
кен соң отбасымызбен қоныс аударуға тура
келді. Əулиеатада екінші класты тəмамда-
ған Əлия біздің семьямызбен бірге Москваға
келгеннен кейін Краснопресненск ауданын-
дағы орта мектептің үшінші класында оқы-
ды. Ал осы академия 1939 жылы Ленинг-
радқа көшірілген еді. Сөйтіп, үй ішімізбен
Ленинградқа көшіп бардық», – деп жазады
нағашысы Əбубəкір Молдағұлов. Нағашысы
оқу мерзімі аяқталған соң Ташкентке қыз-
метке кетеді. Ал оның əйелі Сəн Молдағұло-
ва жүкті болғасын, жолды көтере алмайтын
болғасын балаларға бас-көз болып Ленинг-
радта қалады. Жоқ-жұтаң кезде өзінен кіш-
кентай жиендеріне қамқор болған Əлияны
Сəн сол үйдің тірегі, таянышы деп есептеді.
Соғыс басталған уақытта Əлия Сапардың
досы Сашамен бірге Молдағұловтар отба-
сын Ташкентке шығарып салып, өзі Ленинг-
радта қалды.
«Сапарға аттанар алдында Əлия Ленинг-
радта қалатынын айтты. Мен жылап: «Ағаңа
не деп айтамын, мен əдейі тастап кеткен-
дей болам-ау», – деп едім, хат жазып берді.
Онда: «Нағашы, жеңешемді кінəлама. Өзім
қалдым. Соғыс аяқталған соң елге қайта-
мын» деп жазыпты» деп еске алады Сəн
Молдағұлова.
Сөйтіп, соғыс басталып, Əлия тəрбие-
леніп жатқан балалар үйінің тəрбиеленуші-
лері түгелдей уақытша Ярославль облысын-
дағы лагерьге жіберіледі.
Əлияның көзін көрген майдангер жазушы
Жекен Жұмахановтың «Майдан дəптерін-
де» адам өлтіру түгілі тауық өлтіріп көр-
меген» қайсар да нəзік қазақ қызының не
себепті «көзі жасты, көңілі бос бола тұра
шортынан қайтып, белді берік байлап, сол-
дат болғаны» айтылады.
Əлиямен арнайы іздеп барып сөйлескен
сұхбатында мерген қыз жазушыға жаудың
жауған оғынан тас-талқаны шыққан Ленинг-
рад туралы, өртеніп, күлі көкке ұшқан балалар
үйлері, мектептер, балалар бақшалары ту-
ралы, өртеніп жатқан үйлердің бірінен жүгіре
шыққан 9-10 жастар шамасындағы Володя
деген бала туралы айтып береді. Сол əңгі-
менің ауанына ойыссақ, Володяны жетегіне
алған Əлия дамылсыз жүгіріп келе жатқанда
аспан гүрілге толып, бомба сол маңның астан-
кестеңін шығарады. Володя қайтыс болады.
– Володяның сүйегін көтеріп жүрген сол
сағаттарда мен қатаң бір мектептен өттім.
Сол күні түнде ұйқы көргенім жоқ, қол-ая-
ғы былқ-сылқ етіп, телмірген ай сəулесінде
жатқан Володя көз алдымнан кетпей қой-
ды, қаланы кезіп кеттім де, военкомат атау-
лының бірін тауып алып арыз еттім: «Мені
майданға жіберіңіз, жауды көбірек құртатын
жұмыс тапсырыңыз» деп жаздым, солай
деп айттым, солай деп жыладым. Военком-
ның алдынан кетпей қойдым, көз алдыма
мөп-мөлдір көздері жайнап, Володя тұрып
алды, – дейді Əлия.
Ж.Жұмаханов. «Майдан дәптерінен»
Ерте заманның бірінде қазақ да-
ласына шабуыл жасаған дұшпан-
ның қалың қолы бір қаланы қоршап
алады. Қалаға келетін ауыз суды
тоқтатып қорғаннан өте алмаған
жау халықтың берілуін күтіпті. Бір-
неше күн өтсе де, қала берілмепті.
Сонда дұшпанның əскер басы мы-
надай бұйрық шығарыпты:
– Қаладан көтергенше жүк алып,
əйелдердің кетуіне рұқсат етемін, –
дейді.
Əйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді. Дұшпан қалаға
кіріп қараса, бір де бір еркек жоқ. Əйелдер ер азаматтарын қапқа салып кө-
теріп кетіпті. Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп
қаладан шығып кетіпті.
Осылай бір халықты əйелдер аман алып қалған екен. Кішкене қыздар ұл
балаларды көтеріп шығарыпты. Сен осылай жасай алар ма едің? Достық
деген қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек адал адамдар арасында ғана қа-
лыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
Болашақ
бойжеткендермен сырласу
Іштеріңнен шығады жаңа дарын,
Бізден биік болады саналарың.
Бізден бөлек болады ғасырың да,
Бізден бөлек болады модаларың.
Соғыс салған жараны көрмейсіңдер,
Жоқтық, аштық дегенге көнбейсіңдер.
Біздің ұрпақ əкесін жау өлтірген,
Деген, сірə, «ертекке» сенбейсіңдер.
Бізден басқа ырғақта əн айтасыңдар,
Басқаша əуен аспабын тартасыңдар.
Біздер тамақ пісірген қазандарды,
Тамашалап музейден қайтасыңдар.
* * * * * *
Бойжеткені болашақ ғасырымның,
Айып болмас сендерге ашылуым.
Сендер үшін – ескілік ар сақтаған,
Сендерде жоқ бүкпе сыр, жасырын мұң.
Қастерленбес Баяндай сертің бүгін,
Ажыратты бояудан көркіңді кім?
Осы күннен даярлап жатырсыңдар,
Махаббат пен сезімнің еркіндігін.
Шаршатпаған пəк сезім болып қайғы,
Сендік жүрек сүюден қорықпайды.
Махаббаттың «еркіні» еш ғасырда,
Өз жолында бақытқа жолықпайды.
Ақұштап Бақтыгереева
Сəн мен стиль патшайымы Коко
Шанель өмірден өткен ғасырда өтсе
де, сəн мен сұлулық əлемінде еш
теңдесі жоқ аңыз əйел болып қала
бермек. Коко өзінің ерекше талғамы
мен жан сұлулығына деген ынтасы-
мен танымал. Сонымен қатар, оның
артынан қалған қанатты сөздері
ешкімді ойландырмай қалдырмай-
ды. Бүгінгі мақалада мен əрбір əйел
заты оқу керек деп есептейтін Коко-
ның 20 қанатты сөзін қазақ тіліне ау-
дарып, ұсынып отырмын.
*Сəн-салтанат – қолайлы болу керек,
əйтпесе ол сəн-салтанат емес.
*Кішкентай қара көйлекке бас иіңіз-
дер!
*Сəн өтеді, ал стиль қалады.
*Əдемілікке күтім жасаған кезде, жү-
рек пен жаннан бастау керек, əйтпесе,
ешқандай косметика көмектеспейді!
*Сіз мен туралы не ойлайтыныңызды
білмеймін, ол туралы мүлде ойламай-
мын.
*Шалбар əйелді ерікті етеді.
*Жиырма жасыңызда сізде таби-
ғат берген бет, отыз жаста сізде өмір
салып берген бет-əлпет, елу жаста
сізде өзіңізге лайық бет-əлпет бола-
ды.
*Мінсіз белдемше тізені жауып
тұру керек.
*Алғашқы əсер қалдыру үшін сізде
екінші мүмкіндік болмайды.
*Баға жетпес əйел болу үшін үнемі
өзгеріп тұру керек.
*Иіс су – көрінбейтін, бірақ ұмы-
тылмайтын үздік сəнді аксессуар.
Ол əйелдің келгені туралы хабар
беріп, ол кеткеннен кейін де оны еске
түсіріп тұрады.
*Қартаю махаббаттан сақтамайды,
бірақ махаббат қартаюдан сақтайды.
*Əрбір əйел əдемі болып туылмай-
ды, егер ол 30 жасқа келгенше, сұлу
болмаса, онда ол жай ғана ақымақ.
*Егер қандай да бір əйел сізді сұлу-
лығымен таң қалдырса, бірақ сіз ол
қандай киімде болғанын есіңізге түсіре
алмасаңыз, онда ол əйелдің киінгені
мінсіз болған.
*Əйелді тым қымбат киім секілді еш
нəрсе қартайта алмайды.
*Қолдар – қыздың визит карточкасы,
мойын – төлқұжаты, кеуде – шетелдік
төлқұжаты.
*Боянбайтын əйел – тым өркөкірек.
*Сұлулық қалады, ал жақсы сырт-
қы келбет жоғалады. Алайда əйелдер
сұлу болуды емес, жақсы келбетті бо-
лып қалуға тырысады.
*Талғамы жақсы адамдар бижуте-
рияны тағады, ал қалғандары алтын
тағуға мəжбүр.
5
Қызғалдақ
Әлия Молдағұлова
туралы естелік
Әйел
адалдығы
Коко Шанель: сән өтеді,
стиль қалады
66
Желкен
СТУДЕНТ
Қазақстан жоғары оқу орында-
рында «Академиялық ұтқырлық»
деген бағдарлама бар. Ол көптеген
студенттердің арманын орындау-
ға мүмкіндік беретін бағдарлама
десек те болады. Яғни, студенттер
Қазақстанның кез келген қаласы-
ның жоғарғы білім ордасына неме-
се шет елдегі озық жоғары мектеп-
терден білім алу мүмкіндігіне ие
болады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс
пайдаланып жүрген студенттер
білімін жетілдіру мақсатында көп-
теген мемлекеттерге жол салып
жүр.
2010 жылы 11-12 наурыз күндері
Болон үрдісіне қатысушы елдердің
Білім министрлігінің ІІ Болон Фору-
мында Қазақстан Болон деклара-
циясына қосылып, Болон үдерісіне
47-ші мемлекет ретінде мүше болды.
Қазақстан Республикасы – Болон
декларациясына қосылу мəртебесі-
не ие болған жəне еуропалық білім
кеңістігіне енген бірінші Орта Азия-
лық мемлекет. Қазақстанның Болон
үдерісіне қосылуы еліміздің жоғары
мектептері студенттеріне жаңа білім
көкжиектеріне жол ашты.
Болон Декларациясының басты
ұстанымдарының бірі – оқытушылар
мен студенттердің академиялық ұт-
қырлығы.
Академиялық ұтқырлық – бұл
білім алушылардың немесе оқы-
тушы-зерттеушілердің
білім
алуға немесе зерттеу жүргізу-
ге байланысты өз ЖОО-да кре-
диттік жүйеге негізделген білім
беру бағдарламасының міндетті
қайта сынақтан өту тəртібіне
жəне ережеге сəйкес семестр
немесе оқу жылына белгілі ака-
демиялық кезеңге өтуі. Қазіргі
таңда білім алушылардың ака-
демиялық ұтқырлығы Tempus,
Erasmus Mundus, Erasmus Mundus
Partnership жəне т.б. айырбастау
бағдарламалары арқылы қамта-
масыз етіледі.
Бұл бағдарлама 2020 жылға дейін
еңбек нарығының қажеттілігін қа-
нағаттандыратын, мемлекеттің яки
өңіріміздің
индустриалды-иннова-
циялық дамуын нығайтатын, білім
саласындағы озық тəжірибелерге
сай келетін жоғары білім сапасының
артуына қолжеткізу міндетін арқалап
келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Респуб-
ликасы өз азаматтарының қабілет-
тері мен мүмкіндіктерін кеңінен қол-
дана отырып, үздіксіз оқыту арқылы
жоғары білім аясын кеңейту жолымен
үлкен табыстарға жетуіне мақсат қой-
ды. Нəтижесінде оқыту мен ұтқырлық
білім алушылардың өзгермелі еңбек
нарығында біліктілік, белсенділік,
жауапкершілік құзыреттілігін артты-
руға мүмкіндік береді.
Бүгінде С.Торайғыров атындағы
ПМУ оқытушылары мен студент-
терінің академиялық ұтқырлығы қар-
қынды дамып келеді. Білім ордасын-
да 2011 жылдан бері академиялық
ұтқырлық орталығы жұмыс жасап
келеді. Құрылымдық бөлімнің қызметі
студенттер мен оқытушыларды ішкі
жəне сыртқы академиялық ұтқырлық-
пен қамтамасыз етуге бағытталған.
2013-2014 оқу жылында сыртқы
академиялық ұтқырлық бағдарла-
масы бойынша 71 білім алушылар
білімін ұштап келді.
2013-2014 оқу жылында ішкі
академиялық ұтқырлық бағдар-
ламасы бойынша 68 студенттер
мен магистранттар білім алды.
2014 жылы сыртқы академия-
лық ұтқырлық бағдарламасына
33 білім алушы қатысты. Олар-
дың 29-ы 2014-2015 оқу жылының
күзгі семестрінде АҚШ, Польша,
Чехия, Болгария, Латвия, Лит-
ва жəне Ресей Федерациясында
білімін ұштап келді.
2014 жылдың ішкі академиялық
ұтқырлық бағдарламасы шең-
берінде күзгі семестрде 24 сту-
дент білім алды.
Достарыңызбен бөлісу: