Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.03.2017
өлшемі4,78 Mb.
#7518
1   2   3

Дайындаған Ұлжан ТӨЛЕУ

 



ТАҒЗЫМ

ЕШКІМ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ, 

ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАҚ ЕМЕС



4

Замана


 



ЕРКІН СҰХБАТ 



Батыр, ақын 

қыздардың ролі 

жаныма жақын

–  Осы  күнге  дейін  қанша  рөлдерді 

сомдап шықтыңыз, соның ішінде қан-

дай рөліңіз жаныңызға жақын болды?

–  Көп  рөльдерді  сомдадым  деп  айта 

алмаймын. Оқу бітіре салысымен осын-

да Ж.Аймауытов атындағы қазақ музы-

калық  драма  театрына  келдім.  Жаңа 

оқу  бітіргеннен  кейін  тəжірибе  жүзінде 

алдыңғы  буын  апайларымызды  үлгі  тұ-

тып, рольді қалай ойнайды деп бақылап 

жүрдім.  Бір  жарым  жыл  жұмыс  істеген 

соң, мен тұрмысқа шығып кеттім. Театр-

дан уақытша кетуім қажет болды. Міне, 

биыл  театрға  қайта  оралдым.  «Болма-

ған  оқиға»  спектакліндегі  «Тоқтының» 

ролі  кішентай  ерке  жануар  болса  да 

аңғал. Жануар болса да адам тілін түсі-

нетін жүрегі адам сияқты елжірейді.



– Неліктен актер мамандығын таң-

дадыңыз?

–  Қазір  өкінемін  деп  айтуға  келмес, 

алайда  қыз  бала  үшін  қиын  мамандық 

екендігін  түсіндім.  Отбасылық  өмірде  бі-

раз  қиыншылықтар  болады  екен.  Қазір 

Аллаға  Шүкір  сəбилі  болдым,  əйел  бол-

ғаннан кейін үлгермей қалатын уақыттар-

да  болады,  сол  уақыттарда  ойлаймын, 

мүмкін  басқа  мамандық  тандағаным  дұ-

рыс болар ма еді. Осы мамандықты таң-

дағанан кейін бұл кəсіптің ыстық-суығына 

төзу  керек.  Жұмысты  отбасымен  қатар 

алып  жүру  қиындығын  мен  тұрмысқа 

шыққан соң түсіндім.



–  Сіз  үшін  қандай  рольдерді  ойнау 

қиынға соғады?

–  Бізде  спектакльде  осы  рольді  алуға 

бола  ма  деп  ұсыныс  тастауға  болады. 

Мысалы,  «Жекпе-жек»  деген  спектакль-

де «Назере» роліне ұсыныс жасап, қазір 

соған  дайындалу  үстіндемін.  Өте  қиын, 

себебі  бастан  аяқ  сахнада  жүру  керек 

жəне түрлі-түрлі переходтар. Қыздың ба-

сынан  өтпеген  қиыншылық  жоқ.  Оның 

тағдыр  оспағына  көнбей,  мойымайтын-

дығы  ұнайды.  Көрермендерге  үлкен  ой 

салатын роль. Осы рольді керемет алып 

шықсам мойныман үлкен ауыр жүк түседі. 

Қазір мен бұл рольге үлкен дайындықта-

мын. Алғаш келген кезде жеңіл рольдер-

ден  бастадым,  «Тіл  табысқандар»  спек-

такльінде Дездемонаның ролін ойнадым.

–  Қандай  рольді  сомдауды  арман-

дайсыз?

–  Жалпы  сахнада  бастан  аяқ  рольді 

сомдасам деп армандағам, Аллаға шүкір 

ол  да  бола  жатар.  Болашақта  нəзік  қыз-

дардың  рөлінен  гөрі  батыр,  ержүрек 

Əлия,  Мəншүк  сияқты  қаһарман  қыздар-

ды сомдағым келеді. Болмаса батыр қыз, 

ия болмаса ақын қыз деген сияқты роль-

дер жаныма жақын.

Актриса болуды 

армандадым

– Қай жердің тумасы боласыз? От-

басыңыз  туралы,  жеке  өміріңіз  жай-

лы айта кетсеңіз,

– Жеке өмірім жайлы айтқым келмейді, 

бір айтатыным тұрмыстамын. Баянауыл-

дың қызымын, Моңғолияда туғанмын. Бір 

жасымда  Қазақстанға  көшіп,  Баянауыл 

ауданындағы  Бірлік  ауылында  өстім. 

Бірінші  сыныптан  тоғызыншы  сыныпқа 

дейін ауыл мектебінде оқыдым. Он жəне 

он  бірінші  сыныпты  дарынды  балаларға 

арналған облыстық Ыбырай Алтынсарин 

атындағы  мектеп  гимназиясында  оқы-

дым. Мектепте алғыр болдым. Мəнерлеп 

оқудан  байқауларға  жиі  қатысатынмын. 

«Мұқағали  оқулары»,  «Абай  оқуларына» 

қатыстып  жүрдім.  «Мұқағали  оқулары-

нан» республикалық деңгейге дейін шық-

тым.  2008  жылы  оқуды  бітірген  соң,  Ас-

танаға  арман  қуып  актриса  мамандығы 

бойынша білім алдым.

–  Кішкентай  бала  кезіңізде  кімге 

еліктеп өстіңіз?

– Сан түрлі мамандықтарға қызығатын-

мын.  Дəрігер  болуға  қатты  қызығатын-

мын.  Кейін  өсе  келе  теледидардан  Əми-

на  Өмірзақованың  «Тақиялы  періштеде» 

ойнаған образы, күлкісі мені еліктірді. Ол 

кісінің  дауысы  жаныма  өте  қатты  əсер 

етті.  Мен  өзім  де  қатты  сөйлеп,  қатты 

күлетінм  бар.  Көбісі  күлкімді  Əмина  ана-

мызға  ұқсата  бастады.  Қателеспесем, 

сегізінші  сыныптан  бастап  мен  актриса 

болуды арман еттім.



Театр – рухани орта

– Театр мен көрермендер арасындағы 

байланысты қалай бағалайсыз? 

–  Біз  сахнада  жүргендіктен  əрине,  зал-

да  көрермендер  көп  болғанын  қалаймыз. 

Көптің ішінде айтар ойды қағып алатын са-

палы көрерменіміз көп болса екен дейміз. 

Кейде  залда  елу  көрермен  жиналса  да 

ұйып  тыңдап  отырып,  қошеметін  білдіріп 

жатса,  əртіске  бұдан  асқан  бақыт  жоқ. 

Əртіс  өз  рольін  жүз  пайызға  сомдайтын 

болса,  келген  көрермен  содан  əсер  ала-

тын болса, онда көрермен мен əртіс ара-

сындағы  байланыстың  орындалғаны  деп 

білемін. Біз театрды – рухани орта дейміз 

ғой.  Егер  көрермен  театрдан  рухани 

азық алып шығатын болса, онда ол сенің 

жемісің  əрі  сен  өз  рольіңді  жақсы  алып 

шықанының белгісі.

–  Алдағы  он-жиырма  жылдан  кейін 

өзіңізді қалай елестетесіз?

– Арман көп, осы саланы таңдағаннан 

кейін  көптің  бірі  болып,  қатардағы  акт-

риса  болып  қалғым  келмейді.  Шынымен 

де  он-жиырма  жыл  өтіп,  Аллаһ  ғұмыр 

беретін  болса,  еңбегімнін  жемісін  жегім 

келеді.  Кім  де  болса  мəдениет  қайрат-

кері деген атаққа қол жеткізуге ұмтылады 

ғой. Мен де еңбегімнің ақталғанын қалар 

едім. Жəне ата-анамның үмітін ақтап, ба-

ламның  мақтанышы  болғым  келеді.  Мен 

ұлағатты,  танымалмын  деп  айтпай-ақ 

қояйын, өз ісімнің шебері болғым келеді.

Поэзия мен прозаны 

түйістіріп тәтті дүние 

жасағым келеді

–  Актер  мамандығын  игеремін  де-

ген жастарға қандай кеңес бересіз?

–  Біз  оқуға  түскен  кезде  менің  ұста-

зым  Қазақстанның  халық  əртісі  Тілектес 

Мейрамов:  «Осы  мамандықты  не  үшін 

таңдадың?» деп бізден сұрайтын. Ол кісі 

таңдаған  сəттен  бастап  бұл  мамандық-

тың  қызығынан  қарағанда  қиындығы  көп 

болады  дейтін.  Егер  сол  мамандықтың 

қызығына  жетемін  десең,  қиындығына 

да  көну  керек.  Əр  бейнеттің  түбі  зейнет 

екенін түсінген жөн. Қыз бала үшін əртіс 

мамандығы өте қиынның қиыны.



– Сіз өзіңіздін көрермендеріңізге жа-

қындай түсу үшін, қандай əлеуметтік 

желіде парақшаңыз бар?

– 

Instsgram-да, 



garmonia_sezim, 

Facebook-та Еркежан Төлеубек деп терсе 

мені табатын болады.

–  Актерге  кітап  оқу  қажет  дүние, 

сіздің соңғы оқыған кітабыңыз?

– Əртістің ең басты қаруы – сөз. Сөзің 

жақсы болсын десең, кітапты көп оқу ке-

рек. Шығармашылық адамы театрдан тыс 

жеке өзіндік жұмыстар жасау керек. Мен 

өзімнің  оқыған  мектебіме  барып,  оқушы-

лармен  кездесіп,  поэзия  мен  прозаны 

түйістіріп жсалған дүние ұсынғым келеді. 

Соған байланысты Фариза Оңғарсынова, 

Мұқағали  Мақатаев,  Төлеген  Айберге-

нов  жəне  соңғы  шыққан  Айжан  Тəбарақ, 

Бауыржан Қарақызұлы, Алмас Темірбай-

дың  өлеңдерін  байланыстырып  өткен 

күннің поэзиясы мен бүгінгі күннің поэзия-

сын қабыстыра отырып, тəтті дүние шы-

ғарғым келеді.



–  Көрермендеріңізге  жəне  «SMS+» 

жастар газетінің оқырмандарына ай-

тар тілек-ниетіңіз?

–  Жадырап  көктем  де  келді.  Көктемде 

адамдар  бір-біріне  мейрімін,  шапағатын 

шашып,  жадырап  жүрсе  екен.  Əлемде 

ешқандай қатыгездік бомасын. Бейбітшіл 

күндерде  жүздесе  берейік.  Театрда  кө-

рермендер көп болсын, біздің ойнаған əр 

рольден  корермендер  лəззат  ала  берсін 

деймін!

–  Алтын  уақытыңызды  бөліп,  сұх-

бат  бергеніңізге  үлкен  рахмет!  Алар 

асуларыңыз,  жетер  жетістіктеріңіз 

көп болсын!

Сұхбаттасқан: Назгүл ОСПАНОВА

ЖАС БУЫН – 

ЕЛІМІЗДІҢ 

КЕЛЕР КҮНГІ 

КЕЛБЕТІ

XXI  ғасыр  біздерге,  жас  ұрпақ-

қа,  қандай  міндеттер  жүктейді?  Өз 

еліміздің  өркендеуі,  қазіргі  жеткен 

жетістіктерін  əрі  қарай  дамыту  үшін 

біздер не істеуіміз қажет? Бұл жайлы 

Елбасымыз  Нұрсұлтан  Əбішұлы  На-

зарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-

экономикалық жəне рухани дағдарыс-

тарды  жеңіп  шыға  алатын,  ізгіленген 

XXI ғасырды құрушы, өмірге икемдел-

ген, жан-жақты жеке тұлғаны тəрбие-

леп  қалыптастыру»  деген  болатын. 

Елбасының  бұл  сөзінен  түсінгенім: 

XXI ғасырдың адамы – ол өз кəсібінің 

майталманы,  дарынды,  өнерлі,  та-

лантты  адам  болуы  керек.  Ал  бойы-

на  осыншама  қасиетті  жинақтайтын 

адам  –  өз  өміріне  жауапкершілікпен 

қарайтын  адам  деп  ойлаймын.  Сон-

дықтан  мен  əр  ісіме  жауапкершілік-

пен қарауға тырысамын. Менің қазіргі 

алға қойған мақсатым – білім алу, оқу 

озаты болып, алдағы уақытта арман-

даған  мамандығымның  майталманы 

болу.


Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар, қалан,

–  деп,  Абай  атамыз  айтқандай, 

білімнің теңізінен өзіме керектіні алып, 

өмірдегі  лайықты  орнымды  табу,  өз 

ана тілімді, өзге тілдерді де меңгеріп, 

елін  сүйген  ұлан  болып,  елімнің  өр-

кендеуі,  дамуы  үшін  өз  үлесімді  қос-

сам деймін. Мен өз елімнің гүлденуі-

не  қосатын  үлесім  –  білімді,  білікті, 

бір мамандықтың иесі болу  деп түсі-

немін.  Мəселен,  мен  дəрігер  болуды 

армандаймын.  Отанымның  медици-

насын дамытып, елімнің азаматтарын 

емдеп,  денсаулықтарын  жақсартсам 

жəне  мүгедек  жандарға  қалайда  қол 

ұшымды берсем деймін.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей қүйге жүрегімді бөледің.

Сенде тудым, сенде өстім, 

сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім,

–  деп,  Қасым  ақын  толғанған  туған 

жеріміз  –  Қазақстан.  «Отан  отбасы-

нан  басталса»,  менің  мектебім  –  Қа-

зақстан деп аталатын Отанымның бір 

бөлшегі.

Мен  Павлодар  қаласының  №39 

орта  мектебінде  оқимын.  Өз  мек-

тебімді мақтан тұтамын, себебі мұнда 

менің  достарым,  аяулы  ұстаздарым 

бар.  Мұнда  болашаққа  жол  сілтеп, 

«егеменді  елдің  болашағынан  үміт 

күттіретін  балғындарысыңдар»  деп 

тəрбиелейді біздерді.

Патриотизм – өзінің туған жері, ана 

тілі,  еліне  деген  сүйіспеншілік  сезімі, 

Отанымыздың  гүлденуі  мен  өсіп  өр-

кендеуі  үшін  өз  үлесіңді  қосу,  сол 

үшін  қызмет  ету.  Қазіргі  жас  буын  – 

еліміздің келер күнгі келбеті деп түсі-

немін.


Бақтияр Бектеміров,

№39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы

 



ЖЕЛКЕН

Әлия, Мәншүк сынды 

қаһарман қыздардың 

рөлін сомдағым келеді

Қымбатты оқырмандар! Сіз-

дерге Павлодар облыстық 

Ж.Аймауытов атындағы қазақ 

музыкалық драма театрының 

жас әртісі Еркежан Төлеубек-

пен өткен қызықты да мағына-

лы сұхбатымызды ұсынамыз.


5

 



МАХАББАТ ЖЫРЫ 



Бүгінгі  əңгі-

ме  қазақ  жазушыла-

рының  сатиралық  бағыттағы 

еңбектері төңірегінде болмақ.

Сатира  –  өзі  суреттеп  отырған  оқиғаны,  құбы-

лысты  немесе  кейіпкерді  өткір  сынға  алып,  əжуаға  ай-

налдыратын  көркемдік  бейнелеу  тəсілі  болып  табыла-

ды. Өзіміз өмірде естіп, көріп, қолданып жүрген анекдот 

болсын, памфлет, фельетон, пародия бұлар сатираның 

жанрларына  жатады.  Сатиралық  шығармаларда  əсіре-

леу, тұспалдау, юмор, жеңіл əжуа, ащы мысқыл, кекесін 

сынды бейнелеу тəсілдері кеңінен қолданылады. Қазақ 

сатирасы халық ауыз əдебиетінен бастау алады. Алысқа 

бармай-ақ  саралап  көрелік.  Кішкентай  кезімізден  əже-

аталарымыздың  аузынан  бəрімізге  белгілі  Алдар  Көсе, 

Қожанасыр  сынды  аңыз-əңгімелерді  тыңдап  өстік.  Бұл 

күлдіргі əңгімелер ащы мысқылға, улы кекесін, сынап-мі-

неу, астарлы əзілге құрылған.

Қазақ ауыз əдебиетінде Қожанасыр мен Алдар Көсе-

ден  басқа  елге  мəлім  ұлы  ақын  жазушылар  да  сатира 

жанрынан айналып өтпеген. Абайды алып қаралық, қа-

зақ  сатирасын  сапалық  жағынан  жаңа  биікке  көтерген 

адам.  Сатира  жанрына  тек  Абай  атамыз  ғана  үлесін 

қосып  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  Абайдын  поэзиялық 

мектебін  жалғастырушы  дарынды  шəкірттері  Шəкəрім, 

Көкбай,  Əріп,  Əсет,  Уəйс  жəне  тағы  басқалары  сатира 

жанрының дамуына өзіндік үлестерін қосты.

Жақында  С.  Торайғыров  атындағы  ПМУ  С.  Бейсем-

баев  атындағы  ғылыми  кітапханасының  қазақ  əдебиеті 

бөлімінде «Күллі əлемнің күлкісі» атты кітап көрме ұйым-

дастырылды.  Көрмеде,  шетелдік  сатириктердің  таң-

дамалы  туындылары  жəне  қазақ  əдебиетіндегі  сатира 

жанрындағы  кітаптар  көрсетілді.  «Күлкі  –  өмір,  күлдіре 

білу  –  өнер,  күлкі  болу  –  өлім»  демекші,  күлдіре  білу 

өнері – адамзатқа ортақ асыл қазына. Көрмеде Ə. Асқа-

ровтың  «Ағалардың  əзілі»,  «Құрдастардың  қалжыңы», 

Т.  Құлиясовтың  «Жалмауыз»,  Е.  Шайхыұлының  «Мы-

науың жынды екен», Қ. Қуанышбаевтың «Шаншарлар», 

Ғ.  Қабылұлының  «Изация»,  «Күлеміз  бе,  қайтеміз…» 

сынды  белгілі  қазақ  сатирасының  майталмандарының 

шығармалары ұсынылды.

Сатираның міндеті тамаша əлем – жақсылық, ақиқат, 

сұлулық  жайлы  естеліктерді,  ояту,  тірілту.  Оқырманға 

осы  идеяны  сездіре  білу,  өзінің  өткір  тілімен  бағыттал-

ған  құралды  толығымен  түсіндіру.  Бүгінде  баспасөз  құ-

ралдарында  «қазақ  сатирасы  дамымай  жатыр,  сатира 

жоқ,  жаза  алмайды»  деген  пікірлер  жиі  айтылып  жүр. 

Бұған  не  дерсіздер?  Шындығында  қазақ  сатирасының 

өз ауылы бар. Қазақ – қалжыңды сүйетін, əрлі əзілдері-

мен-ақ,  ішек-сілеңді  қатыратын  от  ауызды,  орақ  тілді 

екенін  білеміз.  Қазір  сахнаның  шаңын  шығарып жүрген 

«Əзіл  əлемі»,  «Шаншар»,  «Алдараспан»  театрларында 

сахналанып  жүрген  дүниелердің  барлығы  бүгінгі  сати-

раның айнасы. Олай болса, «қазақ сатирасы жоқ, өшті» 

деп қайғыра бермей, кітап сөрелерінде шаңға малынып 

тұрған  сатиралық  туындыларды  оқып,  жаңа  заманауи 

дүниелерді дүниеге əкелуге шабыттанайық!

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік  уни-

верситетінің С.Бейсембаев атындағы ғылыми кітапхана-

ның қазақ əдебиеті бөлімінен қазақ сатириктерінің тама-

ша еңбектерін таба аласыздар.



Амангүл Тилей

 

 КІТАП СӨРЕСІ



Күлкі - өмір

«Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні не-

месе «Ғашықтар күні» жыл сайын 14 ақпан 

күні əлем бойынша аталып өтетін қасиетті 

Валентин күніне қарсы қадам ретінде дү-

ниеге келген. Қоғамда Валентин күні оның 

ұлттық  менталитетке  жат  əрі  моральдық 

жағынан жастарға кері əсер ететіні тура-

лы  жиі  айтылды.  Сол  себепті,  Ғашықтар 

мейрамның  бастамашылары  қазақтың 

өзінің  төл  махаббат  мерекесін  ұйымдас-

тыруды жөн көрді. 

Қос  ғашықтың  махаббаттарын  ұғы-

нып,  осы  екі  жүрек  иелерінің  атына  күн 

белгілеп, махаббатты дəріптеуді ұсынып, 

бастама  көтерген  Дархан  Мыңбай  деген 

ел  ағасы.  Мереке  халық  арасында  1999 

жылдан бері тойланып келеді. Кейін осы 

бастаманы  ел  арасына  насихаттап,  рес-

ми  тойлауға  атсалысқан  Серік  Абас-шах 

мырза.  Бүгінде  бұл  мереке  төңірегінде 

қоғам екі қарама-қайшы пікірге топтасты. 

Бір-біріне  деген  адал  сезімін  өмірлерінің 

соңына  дейін  жүрегінде  сақтап  келген 

Қозы  мен  Баянның  махаббат  хикаясын 

көбі қос жүректің кіршіксіз сезімнің ныша-

ны  деп  қабылдайды.  Енді  бірі  ғасырлар 

белесінен  бүгінге  жеткен  ғашықтар  жы-

рындағы  екі  ғашықтың  махаббаты  баян-

сыз болды, бұл оқиғаның жастарға берер 

тағылымы да аз дейді. 

Дегенмен,  бүгінгі  жастар  бұл  мерекені 

бір-біріне  деген  ғашықтық  сезімдерін 

жеткізу үшін асыға күтеді. Жылына бір рет 

келетін Ғашықтар күнінде сүйген адамын 

қуанту  үшін  он  ойланып,  мың  толғанып 

жүргендер  де  бар-ау.  Ғашық  жүректерге 

шуақ  сыйлайтын  мерейлі  мерекеге  ар-

қау  болған  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу» 

күнін  қазіргі  жастар  тойлай  ма  екен,  ол 

жайында  қандай  пікірде  екенін  білу  үшін 

студенттер  арасында  сауалнама  жүргіз-

ген  едік.  Біреулері  қуана-қуана  тойлауға 

келіссе,  екіншілері  өз  қарсылықтарын 

білдіріп жатты.

Сабырбек Мадина:

Жоқ,  мен  «Қозы  Көрпеш  –  Баян  Сұлу» 

күнін  тойламаймын.  Көп  адамдардың 

ойынша,  бұл  күнді  ғашық  жанымен  бір-

ге, махаббатқа толы күн етіп өткеру керек. 

Меніңше,  олай  ойлайтын  адамдар  қате-

леседі.  Біз  əрбір  күнімізді  махаббатпен  өткі-

зуіміз керек. Сүйікті жаныңды қуанту үшін жыл 

бойында  бір  ғана  рет  келетін  күнді  күту  дұрыс  болмас. 

Тəрбиелік мəні жоқ мереке деп ойлаймын. Біз, қазақ хал-

қы мейрамдарға бай халықпыз. Ертеде ата-бабаларымыз 

осындай мерекелерді тойламаған. Жаңадан туылған ме-

рекелерді тойлағанша, сан ғасырлық тарихы бар 

мерекелерімізді  жаңғыртуымыз  керек 

деп ойлаймын. 

Жаңғырық


Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу 

күнін тойлайсыз ба?

Сауалнаманы жүргізген Ақмарал ЕРМАНАТ

Абзал Абдоллаев:

Бұл  мереке  біздің  ата-бабаларымыздың 

кіршіксіз,  пəк,  адал  махаббаттарының  құр-

метіне арналған деп санаймын. Сондықтан, 

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні деп атай 

отырып,  тойлаған  дұрыс  деп  есептеймін. 

Өзімізге жат басқа ұлттың мерекелерін тойла-

ғанша, жүрегі қазақ деп соққан жастарымызды 

осы мерекені тойлауға шақырамын. Бізде осындай 

мереке бар екенін басқа ұлттар да білсін. Абай атамыз 

айтқандай: «Махаббатсыз дүние бос». Өзіміз жақсы көріп, 

сыйлайтын жандарға бұл күні өз сезімдерімізді білдірсек 

те артық болмас. Бұл күні арнайы бағдарламалар, ойын-

сауық  концерттер  ұйымдастырылса,  жақсы 

болар еді.

Ақерке Имашхан:

15 сəуірді «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» 

ғашықтар күнін тойлауды қолдаймын. Бұл 

мереке ата-бабамыздан қалған фолькло-

рымыздың,  асыл  мұраларымыздың  бола-

шақ жастарға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуына 

орасан мол пайдасын тигізеді деп ойлаймын. 

Əдебиетіміздің кейіпкерлері тарихтан орын алғаны дұрыс 

қой. Бізге еш қатысы жоқ, басқа ұлттың күнін тойлап, бір-

бірімізге ашық хаттар сыйлағанша, өзіміз білетін Қозы мен 

Баян күнін тойлау дұрыс сияқты. Соған орай көптеген іс-

шаралар өткізілсе деп ойлаймын.



Еламан Ермағанбетұлы:

Мен  жырмен  өз  ойымды  білді-

рейін.

Əрбір қазақ сезіммен от салатын,

Ғашықтардың күні деп аталатын.

Бар қазаққа барынша дəріптейік,

Қозы менен Баянның махаббатын.

Болмаса екен бұрынғы жаза қылық,

Валентин деп аталған мазақылық.

Қозы менен Баянның күні болсын,

Қарсы емеспін, бұл да бір – Қазақылық.

Қаршыға Сайлаубай:

Бұл  күннен  басқа  мерекелеріміз 

де жетеді деп ойлаймын. «Ғашықтар 

күні» деп бұл күнді тосуымыз керек пе 

сонда? 365 күннің бір күнін ғана сүй-

ген адамына арнау керек пе? Əр күніміз 

де махаббатқа толы болу керек қой. «Ға-

шықтар  күні»  келсе,  барлығы  дүкендерден 

ойыншық, гүлдерін алып жүгіре кетеді. Басқа ұлттар-

да Ғашықтар күні бар екен деп, бізде күнтізбеге енгі-

зуіміз жөн деп санамаймын. «Əулие Валентин» күні 

деп  басында  оны  да  тойладық,  сол  күннің  жастар 

үшін берер ешқандай тəрбиелік мəні жоқ екенін көп 

ғалымдар  да,  қарапайым  халық  та  жар  салып  айт-

ты. Ал, енді ол мерекенің өзіміздің Ғашықтар күнінен 

қандай ерекшелігі бар. Олардың тек қана атауларын-

да  ғана  айырмашылық  бар.  Басқа  тойлау  мақсаты 

бір.  Жастардың  бұл  күні  қанша  қателік  жасайтыны 

да белгілі нəрсе. Жастар үшін де, қоғам үшін де еш-

қандай алатын орны, маңызы жоқ. Қазақ деген халық 

басқалардан ерекше жəне жоғары болуы тиіс. Одан 

да  болашағы  бар  ұлттық  салт-дəстүрімізді 

санамызда сақтап, жоғалтып алу-

дан сақтанайық, достар!



Мадина Маутқазиева:

Əрине  тойлау  керек.  Та-

рихымызда 

махаббатқа 

адал болып, өмірінің соңы-

на  дейін  бір-бірін  сүйіп  өт-

кен  ғашықтар  аз  болмаған. 

Бұл бір жағынан өткенді ұмыт-

пауға септігін тигізсе, екіншіден, 

жастардың  өз  сезімдерін  білдіруге  себепші 

болады.  Өзгелердің  мерекесін  тойлағанша, 

қазақша  төл  мерекемізді  атап  өту  –  ұлты-

мызға  құрмет  шығар.  Болашақ  қазақ  жас-

тары  өз  тарихымызды  біліп,  махаббатты 

қадірлей  білуді  үйренеді.  Себебі  махаббат 

деген  –  тұрақтылықтың,  тұтастықтың,  бірлік 

пен бейбітшіліктің негізгі тірегі. Сезім – ұлы 

құдірет. Ғашықтар өз сезімін білдіріп, жігіттер 

қауымы  сүйгендеріне  сөз  салып  қосылып 

жатса, демографиялық ахуалымыз жақсарар 

еді. Саналы халық пен саналы ұрпақ – шы-

найы махаббат жемісі. Үш қайнаса сорпасы 

қосылмайтын  қазақ  халқы  мен  өзге  елдің 

дəстүрін салыстырғанымыз жөн емес. Жас-

тарды  қоя  тұра,  орта  буын  өкілдерінің  Ва-

лентинді  тойлауы  мəселені  қиындатып  тұр-

ды осы уақытқа дейін. Баяндай ару қыз бен 

қайсарлық пен жігерді жанитын Қозыдай сері 

жігіттің  арасындағы  ұлы  күш  –  махаббатты 

неге тойламасқа? Əрине, керек! Артымызда 

өсіп  келе  жатқан  өскелең  ұрпақтың  бойына 

жат  елдің  қасиетін  сіңіріп,  санасын  улаған-

ша,  өз  халқымыздың  асыл  құндылықтарын 

дəріптетіп,  ұлттық  мерекелерімізді 

естен  шығармауға  тəрбие-

леуміз керек.



6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет