«Самұрық-Энерго» АҚ
Жылдық есеп 2011
«Самұрық-Энерго» АҚ құрылымы
Активтер
Жарғылық
капитал
Активтердің
құрылымы
Қоғамның ЕТҰ туралы ақпарат
Қаржы-шаруашылық қызметі
Тәуелсіз
аудитордың
есебі
Жиынтық кіріс туралы шоғырландырылған есеп
Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп
Ақша қаражатының қозғалысы туралы
шоғырыландырылған
есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
Инвестициялық
қызметі
Тәуекелдерді
басқару
Қазақстандық
құрам
Әлеуметтік
саясат
Қызметкерлер құрамын басқару
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
Қоршаған
ортаны
қорғау
МАЗМҰНЫ
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі
Төрағасының алғы сөзі»
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма
Төрағасының алғы сөзі
Қызметінің басты көрсеткіштері
Компания
туралы
Даму
стратегиясы
Қоғамның миссиясы
Қоғамның мұраты
Қоғамның мақсаттары
Атқаратын қызметінің басым
бағыттары мен өндіретін негізгі өнімдері
Өндіріс
қуаты
Басты
нарық
Инновациялық қызмет
Халықаралық ынтымақтастық
Корпоративтік басқару
Акционерлер туралы ақпарат
Директорлар
кеңесі
Басқарма
Ішкі
аудит
қызметі
Елеулі корпоративтік оқиғалар
Қазақша
Русский
English
жылдық есеп.
2011
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі Төрағасы Бектеміров Қуаныш Әбдуғалиұлының алғы сөзі
«Самұрық-Энерго» АҚ үшін Қазақстан Республикасы тәуел-
сіздігінің 20 жылдығы елдің электр энергетика нарығындағы
орнын нығайтуда маңызды кезең болды.
Есеп беру жылының мамыр айында Қоғамға «Болат Нұржанов
атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС қатысу үлесінің 50 пай-
ызы сенімді басқаруға тапсырылды. Мұндай жағдайдың
ескерілуімен «Самұрық-Энерго» АҚ электр станцияларының
белгіленген жиынтық қуаты 7 670,9 МВт құрады. Бұл Қазақстан
Республикасының бүкіл БЭЖ белгіленген жиынтық қуатының
40 % жуығын құрайды. Осылайша, «Самұрық-Энерго» елдегі ал-
пауыт электр энергетикалық компанияға айналды.
Қоғамның ықпалдасқан сатылас топ болуы – «Самұрық-
Энерго» АҚ басым жақтарының бірі. Бұл энергия қуатының
сенімді түрде жарақталуын және Қазақстан экономикасының
нақты секторының орнықты дамуы үшін жағдай жасалу-
ын, сондай-ақ халықтың электр және жылу энергияға деген
мұқтаждықтарының қанағаттандырылуын қамтамасыз етеді.
2011 жылы Қоғам менеджменті Қоғамның 2011–2020 жж. даму
стратегиясының және Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
стратегиясының талаптарына сай келетін Әлеуметтік саясаттың
жүргізілуіне ерекше мән беріп келді. «Самұрық-Энерго» АҚ
қазан айында БҰҰ Жаһандық шартына қосылып, өз стратегиясы
мен күнделікті қызметінде ықпалдық саласы шегінде Жаһандық
шарттың 10 ұстанымына қолдау көрсететінін растады.
«Самұрық-Қазына» АҚ мен Қоғамның Директорлар кеңесі
корпоративтік басқарудың одан әрі де ілгері дамуына, бизнес-
процестердің жетілдірілуіне,тәуекелдердің басқарылуына,
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы стандарттарының
арттырылуына, ерекше мән беріп келіп, бұл маңызды салаларда
ілгерілеуді байқап отырмыз. Нәтижесінде, «Самұрық-Энерго»
АҚ ISO 9001:2008 халықаралық стандарт талаптарының сапа
менеджменті жүйесінің халықаралық сәйкестік сертифика-
тын алды.
Қазақстан экономикасының даму қарқынының артуы 2012
жылы тұтынылатын электр энергия мен энергетикалық көмірдің
одан әрі де өсуіне әкелуі тиіс. Директорлар кеңесі 2012 жыл да
«Самұрық-Энерго» АҚ үшін табысты жыл болатынына сенімді.
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар
кеңесі Төрағасы
Бектеміров Қуаныш
ӘБдуғалиұлының
алғы сөзі
жылдық есеп.
2011
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы Сатқалиев Алмасадам Майданұлының алғы сөзі
«Самұрық-Энерго» АҚ 2011 жылы электр энергетика және көмір
салаларында жүргізген жұмысы бекітілген жоспарларға сәйкес
жүзеге асырылып, тұтас компания бойынша белгіленген жұмыс
көлемі толығымен орындалды.
«Самұрық-Энерго» АҚ 19 компанияны басқарады. Олардың 16
1-деңгейдегі компания болса, 3 компания жанама қатысу жолы-
мен басқарылады.
2011 жылы өндірілген электр энергия 13 397 млн кВт/сағ құрады.
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоспарланған
деңгейден 5% жоғары. Өсім 5,6% құрады. Бұл «Екібастұз ГРЭС-2
станциясы» АҚ, «Алматы электр станциялары» АҚ, «Т.И. Батуров
ат. Шардара ГЭС» АҚ, «Жамбыл ГРЭС» АҚ сияқты өндіріс орын-
дары жүктемесінің артуымен түсіндіріледі.
Есеп беру жылы өндірілген жылу энергия көлемі 7 756 мың Гкал
құрады. Жоспарға өсім 3%, өсім 4% құрады. Бұл жылыту ма-
усымында сырттағы ауа температурасы төмен болғанда жылу
жүктемесінің артқанымен байланыстырылып отыр.
«Богатырь Көмір» ЖШС өндіріп, өткізген көмір көлемі
40,6 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда жоспардан 1% артық. Өсім болса, 3% құрады.
Нәтижесінде, 2011 жылы келтірілген жалпы кіріс 87 795 млн
теңгені құрады. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда
кіріс 491 млн теңгеге немесе 8% артты.
Есеп беру кезеңінде түскен таза пайда 14 794 млн теңгені
құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда пайда 3 932 млн
теңгеге немесе 36% артты. Пайданың артуына өндірілген
электр энергия көлемінің артуы мен Қазақстан аумағында
сатылған көмір көлемінің артуы, сондай-ақ РФ сатылатын көмір
бағасының қымбаттауы септігін тигізді.
Компания активтері 32% 322,3 млрд теңгеге дейін, міндет-
темелер 14% 150,50 млрд теңгеге дейін, меншікті капитал 53%
171,83 млрд теңгеге дейін, жарғылық капитал 57% 120,29 млрд
теңгеге дейін өсті.
Акционерлер Қоғам менеджментінің алдына қойған басты
міндет электр энергия мен көмір өндірісі саласындағы «Ұлттық
Оператор» мәртебесіне қол жеткізуге бағдар алған Даму
стратегиясының іске асырылуы болды.
Қоғам басты назарын осы мәселеге аударатын болады. Біз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Самұрық-Қазына»
Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ қолдауымен мемлекеттік саясат,
әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде, сондай-ақ еңбек пен
қоршаған ортаны қорғау ұстанымдарын ұстану арқылы осы
мақсатқа қол жеткізетінімізге сенімдіміз.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы
СатҚалиев алмаСадам
майданұлының
алғы сөзі
жылдық есеп.
2011
8
Қызметінің басты көрсеткіштер
Есеп беру жылы «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі –
«Самұрық-Энерго» АҚ немесе Қоғам) өз жұмысын
бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырып келді.
Тұтас компания бойынша белгіленген өндіріс көлемі
орындалды.
Өндірілген электр энергия көлемі 13 млрд 397 млн
кВт/сағ құрады. 2011 жылдың жоспарына 106%.
Өндірілген жылу энергиясы – 7 млн 755 мың Гкал,
2011 жылдың жоспарына 104 %.
Есеп беру жылы тасымалданған электр энергия
көлемі 7 млрд 961 млн кВтм/сағ құрады.
5 млрд 330 млн кВт/сағ электр энергия сатылып,
40,6 млн тонна көмір қазылды.
Электр энергия өндірісі (млн кВт/сағ)
Жылу энергия өндірісі (мың Гкал)
Электр энергиясын тасымалдау қызметінің көлемі (млн кВт/сағ)
Қызметінің басты
көрсеткіштер
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
жоспар
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
жоспар
Сатылған электр энергия көлемі (млн кВт/сағ
)
Көмір өндірісі (млн тонна)
7 756
мың Гкал
7 961
млн кВт/сағ
40,6
млн тонна
5 330
млн кВт/сағ
13 397
млн кВт/сағ
11 628
12 686
13 397
14 251
7 616
7 460
7 756
7 867
7 382
7 547,50
7 961,4
8 311
4 950
4 993
5330,4
5541
34,7
38,9
40,6
40,4
Үш жылда қол жеткізілген нәтижелердің серпіні
жылдық есеп.
2011
Компания туралы
Компания туралы
Жаңа өндіріс орындарын іске қосу және бұрынғыларын жан-
дандыру бойынша ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат дайын-
дап, оны іске асыру мақсатында құрылтайшылардың жалпы
жиналысының шешімімен 2007 жылғы 18 сәуірде «Самұрық-
Энерго» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Энерго» АҚ
немесе Қоғам) құрылған болатын. Қоғам құрылған уақытта оның
құрылтайшылары «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ және «ҚазТрансГаз» АҚ
болды.
Қоғам 2007 жылдың 10 мамырында тіркелді. Қоғамның
Орталық аппараты Алматы қ. орналасты.
2008 жылдың 3 қарашасында «Самұрық» мемлекеттік
активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ
мен «Қазына» Орнықты даму қоры» АҚ біріктіру жолымен
жүргізілген қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қоғам акционері
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі» АҚ құқықтық мұрагері болып табы-
латын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болды.
«ҚазТрансГаз» АҚ да акционерлер құрамында қалды.
2008–2011 жж. «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына бірқатар
компаниялар кірді. Олардың арасында әлемдегі ең ірі көмір
қазындығы бар «Богатырь Көмір» ЖШС, сондай-ақ «Екібастұз
ГРЭС-2» Станциясы» АҚ, «Болат Нұржанов ат. Екібастұз ГРЭС-1»
ЖШС, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ, «Т.И. Батуров ат. Жамбыл ГРЭС» АҚ,
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алматы электр станциялары»
АҚ, «Шардара ГЭС» АҚ және т.б. бар.
2010 жылдың мамыр айында Қоғам Алматы қаласынан Астана
қаласына көшті.
2011 жылы «Самұрық-Энеро» АҚ корпоративтік басқару
жүйесіне диагностика жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша
«Самұрық-Энерго» АҚ әлемдегі үздік корпоративтік басқару
жүйесіне сәйкес келу деңгейі 61,9% құрады.
Бүгінгі таңда Қоғам – халықаралық энергия балансына та-
быспен ықпалдасқан, өз акционерлеріне құн құрайтын
және Қазақстанның барлық салаларының орнықты дамуын
қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары энергия қуатымен қамту
жүйесін қалыптастыруға бағытталған көп салалы ең ірі энерге-
тика холдингі.
жылдық есеп.
2011
Атқаратын қызметінің басым бағыттары мен өндіретін
негізгі өнімдері:
• электр энергия өндіру
• жылу энергия өндіру
• электр энергия тарату және бөлу
• энергетикалық көмір өндіру
• энергетикалық объектілерді қайта құру, кеңейт және
құрылысын жүргізу
Қоғамның еншілес компанияларының:
• электр энергия өндіруге, таратуға және бөлуге;
• жылу энергия өндіруге;
• электр станцияларды, электр желілері мен подстанциялар-
ды пайдалануға;
• қатты пайдалы қазбалар өндіруге;
• энергетикалық жабдықтарды жобалауға, дайындауға,
монтаждауға және оларды жөндеуге лицензиялары бар.
Өндіріс қуаты
Электр станциялардың белгіленген қуаты (31.12.2011 ж. жағдай
бойынша) – 3 670,9 МВт. Бұл ҚР БЭЖ электр станцияларының
белгіленген жиынтықталған өндіріс орындарының 18,5%
құрайды.
Электр станциялардың (31.12.2011 ж. жағдай бойынша) қуаты –
3 062,2 МВт. Бұл ҚР БЭЖ электр станцияларының жиынтық
қуатының 19,4% құрайды.
Электр тарату желілерінің (ЭТЖ) ұзындығы:
• ЭТЖ 220 кВ – 971,5 км
• ЭТЖ 110 кВ – 4 117,6 км
• ЭТЖ 35 кВ – 3 451,0 км
• ЭТЖ 6-10 кВ – 13 941,5 км
• ЭТЖ 0,4 кВ – 10 858,5 км
Кернеуі 35 кВ жоғары 264 подстанцияның (бұдан әрі – ПС)
трансформаторлық қуаты 7 953 МВА құрайды.
Орнатылған трансформаторлық қуаты 2 270 МВА кернеуі
6-10/0.4 кВ құрайтын 7 298 бірлік трансформаторлық подстан-
ция бар.
Қоғамның миссиясы
«Самұрық-Энерго» АҚ миссиясы – экономиканың барлық сек-
торлары мен халықты (энергия ресурстарымен қамтамасыз
ету және компанияның қолданыстағы электр станциялары мен
электр тарату желілерін заманауи техникалық және экологиялық
талаптар мен әлемдік стандарттарға сай жандандыру және жаңа
электр станциялардың құрылысын салу арқылы) жылу және
электр қуатымен сенімді әрі сапалы қамтамасыз ету.
Компания туралы
Даму стратегиясы
Қоғамның мұраты
«Самұрық-Энерго» АҚ мұраты – электр энергиясы мен көмір өндіруде бүкіл ел бойынша үлесі кемінде 40%
құрайтын Қоғамды бәсекеге қабілетті жетекші электр энергетикалық холдинг ретінде биіктерден көріну.
Қоғамның мақсаттары
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметін ең алдымен, сапалы әрі сенімді жылу және электр қуатымен қамтамасыз
ете отырып, ел мүддесі мен электр энергиясына деген өсіп жатқан сұранысты ескеріп барып, бұдан әрі де
жүзеге асыруға ниетті. Қоғам экологиялық стандарттарға қойылатын өсіп жатқан талаптарды назарға ала
отырып, қызметін дамытуда негізгі серпінді инновациялық технологияларға қоятын болады. Бұл зиянды
шығарындыларды біршама азайтып, электр станциялардың жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік
беретін болады.
Орташа шұғыл келешекте төмендегідей негізі мақсаттарды ажыратуға болады:
• Алматы қ. мен Алматы облысында энергетикалық объектілерді қайта құру және жандандыру.
• Жаңа энергоблоктардың құрылысын салу арқылы Екібастұз ГРЭС-2 қуатын арттыру, сондай-ақ № 1-2
энергоблоктардағы технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесін енгізу.
• Қапшағай ГЭС контрреттеушісі болатын және шекті қуаттың берілуін 112 МВт арттыруға мүмкіндік
беретін Кербұлақ ГЭС құрылысын бастау.
Мұнымен қоса, «Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылға қарай алға қойылған төрт негізгі стратегиялық мақсатқа
қол жеткізуді жоспарлап отыр:
• ВИЭ шығарылатын электр энергия көлемін 4% дейін арттырып, электр энергия қуатының өндірісін
7 986,8 МВт дейін арттыру;
• Операциялық тиімділікті арттыру: ROACE – 13,53% және EBITDA маржасы 19% дейін;
• 2020 жылға қарай жаңа өнімдер мен технологиялардың әзірленуі мен қолданысқа енгізілуіне
қажетті инвестиция көлемін компанияның шығысымен салыстырғанда 8% арттырып, 10 жобаны/
рационализаторлық ұсынысты енгізу;
• 2015 жылға қарай қазақстандық құрам үлесін 84% дейін, соның ішінде сатып алынатын тауарларды –
80%, жұмыстар мен қызметтерді – 87% дейін арттыру.
жылдық есеп.
2011
ЖАлпы ӨнДІрІСТІК ИнДИКАТорлАр
Индикатор атауы
Өлш. бірл.
2011 ж. (іс жүз.)
2015 ж. (болжам)
2020 ж. (болжам)
Электр станциялардың
белгіленген қуаты
МВт
3 670,9
4 674
7 986,8
Электр энергия өндіру
млрд кВт/сағ
13,4
17,41
34,94
Энергетикалық көмір қазу
млн тонна
40,64
42,25
43,7
Қазақстан БЭЖ электр станция-
лардың белгіленген қуатының үлесі
%
18,5
20,75
32,68
«БТЭС» АҚ, «ЭГРЭС-1» ЖШС және ГЭС Ертіс каскадын қоспаған кездегі белгіленген қуаты. 2020 жылы ГЭС Ертіс каскадының станциялары
есепке алынды.
Қоғамның өндірістік міндеттері:
• электр және жылу энергиясының қажетті көлемін өндіру;
• қоршаған ортаға келтірілетін зиянды әсерді азайту;
• отынның меншікті шығымын азайту, жабдықтың жұмыс
режимдерін оңтайландыру;
• энергетикалық жабдықтың қолданыстағы нормативтік
талаптарға сәйкес пайдаланылуын қамтамасыз ету;
• энергетикалық өндіріс орындарын қалпына келтіру, жан-
дандыру және қайта құру, сондай-ақ жаңа энергетикалық
өндіріс орындарының құрылысын салу
Басты нарық
«Самұрық-Энерго» АҚ ЕТҰ ҚР БЭЖ аймақтары бойынша
өткізетін өнімдер (электр энергияның көтерме және бөлшек
нарықтары, жылу энергиясының жергілікті нарықтары) мен
қызметтердің негізгі нарықтары:
• Солтүстік аймақ – Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан об-
лыстары мен Астана қ.
• Оңтүстік аймақ – Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік
Қазақстан облыстары мен Алматы қ.
• Батыс аймақ – Маңғыстау облысы
Энергетикалық көмір өткізілетін негізгі нарықтар болып,
көмірдің 62% сатылатын Қазақстанның ішкі нарығы, сондай-ақ
Ресей Федерациясы табылады (38%).
Қазақстан Республикасындағы негізгі көмір тұтынушылары
болып, энергетика саласы мен коммуналдық-тұрмыстық
шаруашылық саласындағы төмендегідей кәсіпорындары
табылады:
• «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС
• «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ
• «АлЭС» АҚ
• «Астана-Энергия» АҚ
• «СевҚазЭнерго» АҚ
• «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС
• «ДЖЕТ-7» ЖШС
• «Павлодарэнерго» АҚ
• «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК
• және басқалары
«Богатырь Көмір» ЖШС өндіретін энергетикалық көмірдің Ресей
Федерациясындағы тұтынушылары болып, келесі компаниялар
табылады:
• Рефтин ГРЭС, ОГК-5
• Троицк ГРЭС, ОГК-2
• Серов ГРЭС, ОГК-2
• Верхнетагил ГРЭС, ОГК-1
• Омск ЖЭО-4, ЖЭО-5, ТГК-11,
• Черепетск ГРЭС,
• «Бийскэнерго» ААҚ
Компания туралы
жылдық есеп.
2011
Инновациялық қызмет
Елдегі ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен
ынтымақтаса отырып, жаңа инновациялық технологиялар-
ды енгізу Қоғам қызметінің басты бағыттарына қол жеткізу
үшін қажетті шарттардың бірі. Есеп беру кезеңі ішінде осы
ұйымдардың қатысуымен инновациялық технологиялардың
қолданылған бірқатар жобалар іске асырылды.
ПӘК қолданыстағы 35–36% (қолданыстағы энергоблоктар) 41%
(салынып жатқан энергоблоктар) арттыруға мүмкіншілік беретін
бу параметрлері жоғары (қолданыстағы энергоблоктардағы
540
о
С қарсы 565
о
С) технологиялар мен жабдықтарды енгізу:
• Екібастұз ГРЭС-2, № 3 энергоблок, Р = 630 МВт;
• Балқаш ТЭС, Р = 1320 МВт (2х660 МВт).
Алматы ЖЭО-1 ПӘК 55% дейін арттырып және газ көлемінің
бірлігіне электр энергияны 35% және одан жоғары пайызға
шығарып, бу-газ циклын (ПГУ) енгізу.
Екібастұз ГРЭС-2, №1, 2 энергоблоктар ТП АБЖ микро-
процессорлық техникасы негізінде заманауи бақылау және
басқару жүйелерін енгізу жолымен электр энергиясын өндірген
уақытта еңбек өнімділігін арттыру.
Төмендегілердің есебінен жылу электр станцияларынан
шығатын зиянды шығарындыларды азайту:
• Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2 күл ұстау коэффициенті
99,6% дейін жететін электр сүзгілерді енгізу;
• Алматы ЖЭО-2 күл ұстау коэффициенті 99,4% дейін
жететін екінші буындағы эмульгаторларды орнату.
Қалпына келтірілетін энергия көздерін балансқа кіргізу:
• 300 МВт дейінгі перспективамен қуаты 51 МВт Ерейментау
ЖЭС жел агрегаттарының инновациялық технологиялары
мен 300 МВт дейінгі перспективамен қуаты 60 МВт Шелек
ЖЭС пайдалану есебінен;
• қуаты 2 МВт Капшағай КЭС күн панелдерінің инновациялық
технологияларын пайдалану есебінен.
2012 жылы жоғарыда аталған жобалардың іске асыры-
луы жалғастырылатын болады. Қалыпқа келтірілетін энер-
гия көздерін энергобалансқа одан әрі кіргізу үшін және
инновациялық жел агрегаттарын әзірлеу үшін құйын жел
турбинасының жаңа конструкциясын әзірлеу бойынша
теориялық және эксперименталды зерттеулер қарастырылуда.
Жел турбинасының жаңа конструкциясы жел ағынының
жылдамдық арынын пайдаланатын және жел бағытына бағдар
алмай жұмыс істейтін болады.
Халықаралық ынтымақтастық
«Самұрық-Энерго» АҚ өзінің инвестициялық қызметін жүзеге
асырған уақытта халықаралық компаниялармен белсенді
ынтымақтасады.
2011 ж. тамыз айында Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Корея Республикасының Үкіметі арасында Балқаш ЖЭС
дамыту, қаржыландыру, жобалау, құрылысын салу, пайдалану
және техникалық қызмет көрсету саласындағы келісімге қол
қойылды. Жобаны KEPCO мен Samsung компанияларының кон-
сорциумы іске асыратын болады.
«Мойнақ ГЭС» Құрлысы» жобасының бас мердігері болып,
Қытайдың су шаруашылығы және энергетика корпорациясы
табылады. Бұдан басқа, 2011 ж. қыркүйек айында Қазақстан
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің
арасында «Қытай Халық Республикасы Үкіметінің Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметіне өтеусіз көмек ретінде техникалық жәрдем
көрсетуі туралы» келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес
Қытай Үкіметі Қазақстанға өтеусіз негізде күн батареялары мен
жел энергетикалық қондырғылардың тәжірибелік партиясын
ұсынатын болады. Жобаның іске асырылуын Қазақстан тара-
пынан қадағалайтын оператор болып, «Самұрық-Энерго» АҚ
айқындалды.
2011 ж. жел электр станцияларының құрылыс жобалары бой-
ынша Dar Muhendislik Musaverlik A.S. компаниясымен (Түркия-
Англия) ТЭН әзірлеу бойынша шарттарға қол қойылды.
№ 3 энергоблокты орнату арқылы «Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту
және қайта құру» жобасын іске асыру шеңберінде Lahmeyer
International GmbН консорциумымен (Германия) арада Тапсырыс
беруші Инженерінің қызметтеріне шарт жасалды.
Мұнымен қоса, «Самұрық-Энерго» АҚ көптеген инвестициялық
жобалар бойынша халықаралық қаржы институттарымен және
даму институттарымен белсенді ынтымақтасады. Осылай-
ша, 2011 жылдың маусым айында «Самұрық-Энерго» АҚ мен
Қытайдың Экспорттау-Импорттау Банкі жалпы сомасы 500 мил-
лион АҚШ долларына электр станциялардың, тарату желілерінің
құрылыс жобаларын және басқа да перспективалы жобалар-
ды іске асырудағы қаржылық ынтымақтастық туралы шекті
келісімге қол қойды.
Компания туралы
жылдық есеп.
Достарыңызбен бөлісу: |