4
Қазақ хандары
ЖАУЖҮРЕК ХАН ЖӘҢГІР
Қазақ хандарының белді бір өкілі – Жәңгір хан туралы деректерді жинастырып,
оқырманмен бөлісуді жөн көрдік.
Салқам Жәңгір – Қазақ Ордасының он бесінші ханы. Есім ханның белгілі үш ұлының бірі
әрі бірегейі. Шежіреге сүйенсек, қазақ хандары Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженнен
тарайды. Бергі жақтан алсақ Ақ Орданың соңғы ханы Барақ, одан Жәнібек, Жәнібектен
Жәдік сұлтан, Жәдіктен Шығай хан, Шығайдың ұлы Есім хан. Салқам Жәңгір – Есім ханның
ортаншы ұлы. Шын аты Жаһангер, парсыша жаулап алушы деген мағынаны білдіреді.
Тарихи дерек
Тарихи деректерде Салқам Жәңгірдің
туған жылы нақты жазылмаған, 1652
жылы қайтыс болған деген дерек бар.
Ол хан тағына әкесі Есім хан өлген соң
отырды. Ол Қазақстан аумағында XIIІ
ғасырдың басынан бері үздіксіз билік
құрған Шыңғысхан әулетінің тікелей өкілі.
Жәңгір ханның билік еткен жылдары
жоңғар феодалдарының қазақ жерін
жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар
кезеңіне сай келеді. Жәңгір хан Бұхар
хандығымен одақтастық келісімге келіп,
жоңғар басқыншыларына қарсы күрес
жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен
де осындай қарым-қатынас орнатуға
ұмтылды.
Мұның
бәрі
жоңғар
шабуылынан қорғану мақсатынан туып
еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен
ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы
қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың
басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер
және Сырдария өзені бойындағы сауда
орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол
кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша,
Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат
жоңғарлары арасында үш ірі шайқас
болған: бірінші шайқас – 1635 жылы,
екіншісі – 1643-1644 жылдары, үшіншісі –
1652 жылы.
1635
жылғы
шайқаста
қазақ
әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған
жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды.
Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде
мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде
Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз
уақыттан соң қашып құтылғаны туралы
деректер кездеседі. Сол кезден бастап
Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл
жасап тұрады. Ең алғаш Жәңгірдің
жоңғарларға
тұтқынға
түскендігін
И.Е.Фишер
өзінің
Сібір
тарихына
арналған кітабында жазады. Онда автор
1635 жылы ойраттардың көсемі Батыр
хонтайшының Есім ханмен соғысқанын
айта келе, оның ұлы Жәңгір сұлтанды
жоңғарлардың
тұтқынға
түсіргенін
баяндап өтеді. Автор онда бұл дерегін
қайдан алғандығын көрсетпейді. 1959
жылы Мәскеу қаласында жарық көрген
орыс-монғол қатынастарының жинағында
осы тарихи оқиғаға қатысты мәлімет
кездеседі. Ол мәлімет 1635 жылдың 19
шілдесінде Тобольск приказдығының
кеңсесінде ойрат тайшысы Абақтың
елшілерінен жазылып алынған. Ол
мәліметте ойрат тайшыларының бір
тобы 1635 жылдың қыс айларында
Қазақ Ордасына аттанғандығы, ал
Қазақ Ордасы адамдарының ойраттарға
жорыққа шыққандығы, екі жақтың бір-
бірімен кездесіп қалып, үлкен шайқастың
болғандығы,
ойраттардың
жеңіске
жеткендігі, Есім ханның ұлы Жәңгір
сұлтанның тұтқынға алынғандығы және
қазіргі кезде ол сұлтанның ойраттардың
қолында екендігі айтылады.
Ш. Құдайбердіұлы Тәуке ханды Салқам
Жәңгірдің қалмақ ханының қызынан
туған ұлы деп жазады. Тәуке ханның
1715 жылы ұзақ өмір сүріп қайтыс
болғанына қарап және әкесі Жәңгір
ханның билігі тұсында Қашқарияға қазақ
елшілігінің құрамында барғанына қарап,
оны шамамен 1630-шы жылдардың
ортасында дүниеге келген деуге болады.
Тәукенің анасы қалмақ тайшыларының
бірінің қызы болса және туылған жылы
XVII ғасырдың 30-шы жылдарының екінші
жартысына сәйкес келсе, сондай-ақ
Хұндүлен тайшының Жәңгірді ұлым деп
санайтындығын ескерсек, онда Жәңгірді
жоңғар тұтқынынан құр қол қайтпаған
деуге болады. Осыған байланысты
тарихшылар мынадай қорытындылар
жасайды.
Біріншіден,1635 жылы қазақ-жоңғар
соғысында жау қолына тұтқынға түскен
Жәңгірдің тағдыры екі ел арасындағы
қарым-қатынаста аса маңызды орын
алғанына қарап, сол жылдардың өзінде
оны хан болмаса да қазақ қоғамының ішкі
саяси өмірінде ерекше орын алған тұлға
деп санайды.
Екіншіден, оның жоңғар тұтқынынан
босануына Жоңғарияның ішкі саяси
өміріндегі ахуал әсер етіп, Батыр
хонтайшыға қарсы топтың әрекетінің
нәтижесі деп ұғынады.
Үшіншіден,
Хұндүлен
тайшының
Жәңгірді ұлым деп есептеуін онымен
жақын болуын оның болашақтағы
қазақ ханымен саяси одақтас болудың
жолдарын іздестіруі деп біледі.
Осылайша, Жәңгір сұлтан 1635 жылы
жоңғар
тұтқынынан
жоңғарлардың
өз қолымен босап, туған еліне аман-
сау оралады, жоңғар тайшыларының
арасынан өзіне одақтастар тауып
қайтады. Бұл одақтастықтың оған 1643
жылғы Батыр хонтайшы әскерімен
шайқасында көп көмегі тиеді.
Орбұлақ шайқасы
1643 жылдың жазында қазақ қолын
басқарған Жәңгір мен Жоңғар қолын
басқарған Батыр қонтайшы арасында
Орбұлақ шайқасы өтті. Сол жылдың қыс
айларының бірінде Батыр қонтайшы
қазақ жеріне шабуыл жасайды. Бұл
қазақ-жоңғар соғысы туралы ең алғашқы
хабарды Г.Ильин береді. Ол 1644 жылы
ақпан айында Батыр хонтайшының
ордасынан Тобольскіге қайтып оралып,
воевода Куракинге осы соғыс туралы
баяндайды. Дәл осы жылы және сол айда
Тобольскіге келген ойрат көсемдерінің
бірі Абылай-тайшының елшісі Бахтыйдың
хабарламасында да 1643-44 жылғы қазақ-
жоңғар соғысы туралы айтылып, ол да
Г.Ильиннің мәліметін растайды және оны
толықтыра түседі.
Батыр хонтайшының қазақтарға қарсы
жорығы 1643 жылдың қысында басталып,
1644 жылдың жазының ортасына дейін
созылады. Жоңғар билеушісі жағында
көптеген ойрат тайшылары, Халха
билеушісінің ұлы Омбо-Эрдени болып,
жалпы саны 50 мың әскер жорыққа шығады.
Бұл жорыққа Жәңгірдің одақтастары
Хұндулен тайшы, Далай тайшының
ұлдары қатысудан бас тартқанын елші
Бахтыйдың мәліметі дәлелдейді. Бір
қызығы, Г.Ильиннің дерегінде Батыр
хонтайшының Жәңгір сұлтанға қарсы
аттанғандығы баса айтылады. Сол кездегі
қазақ ханы Жәңгірдің ағасы Жәнібек болса
да, ол туралы ешкім де сөз қылмайды.
Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін
жаулап алып, он мыңға жуық адамды
тұтқынға түсіреді. Жәңгір ханға көмекке
Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр
келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі
арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста
жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге
мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған
жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық
адамынан
айырылады.
Сақталып
қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл
шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық
дарын мен әскери шеберлік таныта
білген.
Осы шайқаста бар жоғы алты жүз
қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына
төтеп берді. Орбұлақ шайқасында Жәңгір
мылтықпен қаруланған 300 адамды тау
ішіндегі тар өзекке ор қазып бекінуге,
ал екінші жартысын жоңғарлар тар
өзектегі орға жеткенше таудың арғы
бетіне жасырына тұруға бұйырды.
Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр
қонтайшы қаймықпай қорғанған ор-
бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте
Жәңгір жауға ту сыртынан лап қойып,
білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды.
Осы
кезде
Самарқаннан
алшын
Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен
көмекке келіп, 10 мыңнан аса адамынан
айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар
кері шегінді. Осы шайқас Жәңгір ханның
даңқын шартарапқа жеткізді. Жәңгір хан
жоңғар билеушілеріне қарсы күресте
моңғолдардың жәрдеміне сүйенуге де
күш салып, тату көршілік қатынаста
болу мақсатымен оларға екі рет елшілік
жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке
мен Аппақ сұлтандар басқарып барды.
Жәңгірдің даңқы
1643-1644
жылдардағы
шайқаста
толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта
болатын соғысқа мұқият дайындала
бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643-1644
жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған
иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс
қалаларынан қару-жарақтар және оқ-
дәрілер сатып алады.
1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар
арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ
әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан
қаза табады.
Хандық дәуірдегі қазақ хандарының
өкілі ретінде Жәңгір хан бүкіл саналы
өмірін ел қорғау ісіне арнайды. Оның атақ-
даңқы сұлтан кезінде-ақ танымал болып,
жоңғарлармен күресте ірі жеңіске қол
жеткізеді. 1643 жылы Батыр хонтайшының
50 мыңдық әскерін 600 әскермен
шегіндіруі оның есімін қазақ халқының
есінде мәңгіге қалдырады. Оның атақты
Жалаңтөс батырмен достығы Қазақ
хандығы мен аштарханилар әулеті
арасындағы
қарым-қатынастардың
нығаюына көп септігін тигізеді.
Хан ұрпақтары
Жәңгір ханның екі қызы және үш ұлы
болған. Оның басқа да ұл-қыздары
болуы мүмкін, бірақ олар жөнінде
ешбір деректе айтылмайды. Жоғарыда
айтып өткеніміздей, Жәңгір ханның
деректерде кездесетін екі қызының бірі
– аштарханилық Абд ал-Азиз ханға,
екіншісі, Қазақ ханым атты қызы – Шығыс
Түркістандағы шағатайлық Абдоллах
ханның ұлы Жолбарыс ханға ұзатылады.
Ұлдарының үлкені – Аппақ сұлтан.
Жәңгір ханның тұсында оның қазақ
елшілігі құрамында Шығыс Түркістанға
барғаны
Шах
Махмұд
шоростың
дерегінде айтылады. Келесі ұлдарының
бірі – Тәуекел сұлтан. Ол қазақ тарихында
– Тәуке, Әз Тәуке деген есіммен қалады.
Тәукенің де әкесінің хандық билігі
тұсында алғаш рет қазақ елшілігімен
Шығыс Түркістанға барғаны белгілі.
Ш.Құдайбердіұлының материалдарында
Жәңгір ханның тағы бір ұлының есімі
аталады. Оның есімі – Уәлибақи. Ол
Үргеніштегі Ғайып ханның қызынан туған
делінеді және қалмақ әйелден туған Тәуке
әкесінен соң таққа отырғанда, өкпелеген
Уәлибақи Үргеніштегі Ғайып ханға кетіп
қалған еді делінеді.
Салқам Жәңгір хан ел арасында
лайықты бағасын алғанмен, кейіннен
кеңестік заманның кесірінен ұмытыла
бастаған тұлға. Ол тарихта даңқты
Орбұлақ шайқасының басты тұлғасы
болып бүгінге дейін жетті. Алайда халық
арасында бұл тарихи шайқас туралы да,
Жәңгір хан туралы да насихат аз.
Дайындаған Мәдениет СҮЛЕЙМЕНОВ
5
Еркін сұхбат
ЖЫР ТАРТУ
АҚЫНДЫҚ – АНАНЫҢ СҮТІМЕН,
ӘКЕНІҢ ҚАНЫМЕН КЕЛГЕН ДҮНИЕ
АҚЫНДЫҚ – АНАНЫҢ СҮТІМЕН,
ӘКЕНІҢ ҚАНЫМЕН КЕЛГЕН ДҮНИЕ
Бүгінгі қонағымыз ұшқыр ойдың иесі, дарынды айтыскер ақын С.Торайғыров
атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті, Оразбек Саяхат.
Оразбектің жас болса да қазақтың төл өнері айтыста бағын сынап жүргеніне
біршама уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында көптеген аламан додаларға
қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Олай болса, өнерлі жас ақын
Оразбекпен құрған тартымды әңгімеміздің куәсі болыңыздар.
Ақындыққа келуіме ұстаздарым ықпал етті
– Қайырлы күн, Оразбек! Өзіңнен бүгін
қасиетті де, киелі қазақтың төл туындысы
айтыс өнері жайлы сұхбат алатыныма өте
қуаныштымын. Айтыс, нағыз дүлдүлдердің
бәйгесі екенін айтпасақ та болар. Олай болса
киелі сахнаға шығып, қазақтың қос ішекті
домбырасын күмбірлете ойнап, айтыс деген
аламан додаға қалай келіп жүрсің?
– Қайырлы күн! Шынымен де, өнер жолы – ауыр
жол ғой. Айтысқа келуіме тікелей отбасымның
әсері бар. Ақындық – ананың сүтімен, әкенің
қанымен келген дүние. Ата-анам әдебиеттің
ауылынан алыс емес, әдебиетке жақын адамдар.
– Отбасың жайлы айта кетсең?
– Отбасымда екі баламыз. Өзімнен үлкен
әпкем бар. Әкемнің есімі – Домысхан Саяхат,
мамандығы – геолог. Жас кезінде өлеңге
жақын болған. Анамның есімі – Күлзипа Сағит,
мамандығы бастауыш мұғалімі. Кезінде айтысқа
қатысқан, қазір де өлең жазып, поэзиямен
айналысады.
– Сахнаға неше жасыңнан бастап шыға
бастадың?
– Қателеспесем, айтысқа 11-12 жасымнан
бастап шыға бастадым. Бастауыш сыныпты
бітіргеннен кейін облысымыздағы талай
оқушылардың бағын ашқан Ыбырай Алтынсарин
атындағы дарынды балаларға арналған
гимназияға оқуға түстім. Білім ордасы нақты
гуманитарлық бағытқа өте жақын болғандықтан,
бойымдағы ұшқынымды ары қарай алып кетуіме
тікелей ұстаздарым ықпал етті десем артық
болмас. Айналамдағы өнерге, әдебиетке жақын
адамдарға қарап бой түзедім.
– Үлгі тұтар тұлғаң?
– Ы. Алтынсарин атындағы гимназияға
келгеннен кейін «Ақындар» үйірмесі ашылды.
Сол үйірмені облысымызға танымал айтыскер
ақын Асығат Тұрғанбек ағамыз басқарды.
Басында жай ғана 5-6 сыныптарда өлең жазып
келсем. Одан кейін тікелей айтысқа келуіме
Асығат Тұрғанбек ағамның үлесі зор. Айтысқа
қатысып келгеннен бері бар ақылын айтып,
әрдайым бағыт-бағдар беріп отырды.
Айтыс – билік пен қара халық арасныдағы көпір
– Бұрындары айтыс халық мәселелерінен
хабар беріп қана қоймай, оның шешілуіне
септігін тигізер жүгі ауыр өнер түрі болғаны
баршаға аян. Бүгінгі айтыс, өңірдегі айтыс
қаншалықты
қоғамның
мәселелеріне
ортақтасып, ел арасындағы түйткілді шешіп
жүр?
– Иә, келісемін. Айтыс билік пен қара халық
арасындағы көпір ғой. Бұрындары да болған,
қазір де айтыста бірталай елдің мәселелері
айтылып жүр. Бір болған айтыста жоқ дегенде
бір мәселе көтеріледі десем артық емес.
Көшелердің атауы, ескерткіштер деген сияқты
елдік рухқа байланысты айтулы мәселелер
айтылады. Мысалға айта кететін үлкен жетістік:
көгілдір экранды жаулап алған сериалдар
туралы біршама ақындар айтып жүрді. Ақырында
корей сериалдарын Жандарбек Бұлғақовтың
айтуымен енді көрсетпейтін болды. Мәселені
ақындар көп айтады. Бірақ, оны шешу жолын
жоғарғы жақтағылар қарастырады.
–
Шығармашылық
жолда
қандай
жоспарларың бар?
– Алла жазса оқыған адамға шамшырақ
бола алатындай дүниелер жазсам деген біраз
жоспарлар бар. Ол да, әрине, өз кезегінде уақыт
пен үлкен еңбекті қажет ететіні белгілі.
Қарысласымның өткір сөзіне қарап тұра алмаймын
– Осы күнге дейін қандай айтыстарға қатысып
үлгердің?
– Қазаққа танымал сазгер, ақын Иманжүсіп
Құтпанұлының 150 жылдығына арналған облыстық
айтысқа, Баян батырдың 300 жылдығы мен Ата
Заңның 20 жылдығына арналған тағы басқа
көптеген айтыстарда бағымды сынап жүрмін.
– Жалпы, айтыста жұптар қалай таңдалынады.
Ең алғаш кіммен айтыстың?
– Ең алғаш Мәрес Байронмен оқушылар
айтысында айтыстым. Одан кейін жеребе тарту
арқылы ұстазым Асығат Тұрғанбек ағаммен
айтыстым. Бірақ, көбінесе жеребе тарту арқылы
анықталынады.
– Өзіңе шабыт қалай келеді? Айтыс
барысында ше?
– Шабыт деген әр адамға әртүрлі келеді ғой. Ал,
маған көбінесе шиеленіскен сәттерде, көңіл-күйіме
байланысты келеді. Айтысып отырған уақытта
қарсыласыңның айтып жатқан өткір сөздеріне
қарап тұра алмай, одан да артық жауап беруге
тырысамын. Сол кезде өзінен-өзі жүректен шығып
отырады.
– Армансыз адам қанаты жоқ құспен тең. Олай
болса өзіңнің қандай арманың бар?
– Иә, шынымен де солай ғой. Дәл қазіргі
таңда, оқуымды оқи жүріп, шығармашылығымды
шыңдағым келеді. Көкейде жүрген сұрақтарға
өлеңіммен жауап берсем деймін. Болашақта
асабалықты да қолға алуды ойлап жүрмін.
Абайдың еңбектері көзіңді ашып, көкіректі оятады
– Қазақтың қай ақынын үлгі тұтасың, қай
ақынның шығармашылығы жаныңа жақын?
– Қазақтың бас ақыны Абайды жаныңа жақын
тұтпау мүмкін емес. Әрбір жазылған еңбектері
көзіңді ашып, көкіректі оятады. Сонымен қоса
Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы ұнайды. Оның
еңбекқорлығы, шығармашылық жолы мен үшін бір
өнеге. Мұқағали қай қазаққа болса да жақын шығар.
– «SMS+» газетінің оқырмандарына оқуға
кеңес берер кітабың бар ма? Жалпы өзің кітап
оқығанды ұнатасың ба? Соңғы оқыған кітабың
қандай?
– Оқимын дейтін адамға кітап көп қой. Енді, әркім
өзінің талғамына, танымына, біліміне байланысты
оқитын болар. Өз басым Мұхтар Әуезовтың, Әзілхан
Нұршайықовтың, Мұхтар Мағауиннің, Шерхан
Мұртазаның кітаптарын оқуға кеңес берер едім.
Ақындардан: Мұқағали, Абай, Жұмекен, Шәкәрім,
Қадыр сынды ағаларымыздың өлеңдерімен
сусындаса дұрыс болады деп ойлаймын. Қазіргі
таңда Мұхтар Мағауиннің әңгімелер жинағын оқып
жатырмын.
– Оразбек, уақытыңды бөліп, «SMS+» газетінің
оқырмандары үшін танымды да тартымды
сұхбат бергеніңе көп рахмет. Оқуда табыс,
айтыс өнерінде есімің барша жұртқа танымал
мықты айтыскер ақын болуыңа тілектеспін!
Сұхбаттасқан Ақмарал ЕРМАНАТ
Түп тамыр
(Қазақ хандығының 550
жылдығына)
Талай сырды жұмбақ күйде
жасырған,
Талай адам «өткенім» – деп бас
ұрған,
Том-том
болған
тарихымнан
толғанып,
Қозғайын мен 15-ші ғасырдан.
Осы тарих
«Әбілқайыр хандығы» – деп
санаған,
Түркілердің бар тайпасы қараған,
«Өзбек ұлысы» деген аты аралаған
жер-көкті,
Әбілқайыр басқаратын ел бопты.
Тағдырының жұмсағы ма әлде
қатаңы?!
Жек дара шықпай тұрған атағы,
Ал қазақтар,
Ұрыс ханнан тарайтын,
Бұл хандыққа қарайтын,
Ұлыс болып күнін кешіп жатады.
Оңай кімге ордалы елді басқару?!
Өрлеуің де, құлдырау да қас-қағым.
Шыдамасаң шыңырауға құлатар
Билігіңді көтере алмай мастану.
Әбілқайыр әділ қайыр танытпай,
Өз беделім тұр екен деп шарықтай,
Қазақтардың
сұлтандарын
бөлектеп,
Қысым қылып, озбырлығы ерек боп,
Осы ұлысқа үстемдігі қойды түбі
жарытпай.
Шайбаниттік басшы ақыры бүліне
Қайран иттік жетіп тынды түбіне.
Бұндай
күйде
болашағы
бұлынғырлау көрініп,
Қазақ ұлысы бұл хандықтан бөлініп,
Шегіне кеп араздасу, шекісу,
Көшкен екен мекенім деп – Жетісу.
Бұл бөліну қазағыма мерей боп,
Жәнібегі – жаны боп, керегесі –
Керей боп,
Жұдырықтай жұмылып, еңселері
тұрған тік
Осылайша өмірге туды жаңа бір
хандық.
Содан бері 550 жыл өтті.
Дүниеге кім келмеді кім өтті?!
Бұл жалғанда қазақ – қазақ болғалы
Бірде күліп, бір кездері дір етті.
Түркіге – орда, менің арда халқыма
Енді құдай көрсетпесін түнекті.
Даңқты жанартау
«...Оңыма да, солыма да мән берем,
Өйткені ақын жанартауға тең дер ем:
Сөнген, өшкен жанартаулар – даңқты,
Атылмаған жанартаулар – қауіпті!
Қадыр Мырза Әли
Жалын қылып бойға жинап шабытты,
Сілкіндіріп, күйден ауып қалыпты,
Жыр арнасын жанартауға – даңқты,
Атылмаған бір жанартау – қауіпті.
Жанартау ең дер кезінде атылған,
Бар әлемге даңқың асқан атыңнан.
Сүйсінгендер қасиетіңе тамсанып,
Кейбіреулер қорқатұғын отыңнан.
Сол қасиет сөнсе дағы көшпейтін,
Ешкімі де оның жолын кеспейтін,
Сенің алтын қойнауыңнан атылып,
Үнің қалған, жырың қалған өшпейтін.
Поэзия жаныңменен бір еді.
Асыл сөзге тұнған үлкен жүрегің.
«Нағыз қазақ – домбыра» - деп
білгендер,
Нағыз ақын – Қадыр деп те біледі.
Қызыл тілдің шеберлері көп еді,
Сенсің соның ішіндегі кемелі.
Шеберлігің асқандығы – өзгеге
Бар қазақты таныта алған өлеңің.
Сен – жанартау сөнген, өшкен даңқты,
Өлеңімен таныта алған халықты,
Ал қазағың – даңқты әрі бақытты
Дәл өзіңдей тудыра алған алыпты!
Сен жүрсің
Сағым боп сен жүрсің қашықта,
«Жаным» деп кел жетіп, асық та.
Ғашықтық қауқарды жасытпа.
Қашықтық сын әркез ғашыққа.
Сағым боп сен жүрсің алшақта,
Жалын боп ойым жүр сан-сақта.
Мені еске ал, алшақта болсақ та.
Сен есте тұрасың әр шақта.
Сағым боп сен жүрсің жырақта,
Жарым боп жанымда тұрақта.
Үйілген мән бермей сұраққа,
Сүйінген сезімді құлатпа.
Сағым боп сен жүрсің тағы да.
Таңым көп тағдырдың заңына.
Ем берші тек сен бір жаныма.
Сен болшы еккен гүл бағыма.
Жадымды құсасыз қылшы өзің.
Кәдімгі дәрідей бір сөзің.
Енжарлап кетпесін бұл сезім.
Сен жаулап сананы тұршы өзің.
Тек өзің!
Достарыңызбен бөлісу: