Газет 2005 жылдың 28 Қазанынан бастап шығады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата20.02.2017
өлшемі7,58 Mb.
#4550
1   2   3   4

Оразбек Саяхат

66

Ұстазға тағзым 

ЖАҢАШЫЛ МҰҒАЛІМ 

БОЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

«Жаңа  Қазақстан,  жаңашыл  ұстаз, 

жаңа ұрпақ» – бұл білім беру жүйесіндегі 

бәсекеге  қабілетті  маман  даярлау,  білім 

кеңестігіндегі мәдениет пен өнердің даму 

кепілі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: 

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің 

қатарына  ену  үшін  заман  талабына 

сай  білім  қажет.  Қазақстанды  дамыған 

елдердің  қатарына  жеткізетін,  терезесін 

тең ететін – білім» дей келе, ол үшін «Бізге 

экономикалық  және  қоғамдық  жаңару 

қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы 

білім  беру  жүйесі  қажет»,  –  деп  айтқан 

болатын.  Мемлекет  басшысының  бұл 

сөзі  еліміздің  барлық  білім  ошақтарында 

жүзеге  асырылып,  мұғалімдер  де  жаңа 

бағыттағы жұмысын бастап кеткен. 

Мәселен,  Павлодар  қаласының  №35 

жалпы  орта  білім  беру    мектебінің 

мұғалімдері  бүгінгі  күннің  озық  үлгілері 

бойынша  жұмыс  жасап  жүр.    Ал  қазіргі 

заман талабына сай деңгейлік бағдарлама 

бойынша  біліктілігін  арттырған  мектептің  

ұстаздары  коучинг  сабақтар  өткізіп  

отырады.  Бұл  коучингте  «Lesson    Study 

» «Бірлескен топтық жұмыс», «Оқытумен 

оқудағы  жаңа тәсілдер», «Оқуды бағалау, 

оқыту    үшін    бағалау»,  «Дарынды 

және  таланты  балалармен  жұмыс»  

тақырыптарында  А.С. Дүйсенбаева, А.Д. 

Орумбдаева,  М.Б.  Нәжім,  А.  Узбен,    Қ.Х. 

Жүнүспаева коучингтер өткізді.    

«Lesson    Study»  тәсілі  бойынша  сабақ 

беру  арқылы  мұғалімдер  оқушылардың 

оқудағы 

қажетеліктері 

мен 

мінез-


құлықтарына  назар аударып, әр оқушыны 

көбірек  біле  отырып,  оқушы  қажеттілігін 

ескеріп,  әрбіреуін  анағұрлым  жақсы 

тани  бастайды.  Бұл  тақырыптан  кейін 

параллель  сыныптар  арасында  жиі 

сабақтастық пайда болды. «Дарынды және 

таланты  балалармен  жұмыс»  тақырыбы 

бойынша 


жұмысты 

ұйымдастыру 

және  жүргізу  сабақ  барысында  жүзеге 

асады.  Оқушылардың  шығармашылық 

қабілеттеріне  сай  деңгейлік  жұмыстар 

ұйымдастырылады. 

Мен осы  коучинг тақырыптарын  басты 

назарға ала отырып, әдістемелік  күндерде  

ашық сабақтар  өткіздім. «Оқуды бағалау, 

оқыту    үшін    бағалау»  тақырыбындағы 

коучингі    өз  сабағымда  оқушыларды 

бағалауда  көп  көмегін  тигізді.  Коучингтің 

тәжірибемдегі  маңызы  рефлексияның 

тиімді өтуіне де әсері зор болды. 

Түйін. 

Мұндай 


жұмыстар 

әріптестерімізбен 

бірігіп 

кездесетін 

қиындықтарды  да  шешуге  әсері  көп. 

Коучинг    өткізетін    мұғалімдер  өз 

тақырыптарында    өздерінің  әртүрлі  әдіс-

тәсілдерін  ортаға  салады.  Тәжірибе 

алмасу  барысында  әр  мұғалім  өзіне 

қажеттісін  алады,  өз    іс-тәжірибесінде 

қолданады.  Осылайша,  коучинг  арқылы 

әріптестер арасында ынтымақтастық пен 

кәсіби деңгей арта түседі.

Бакыт Шарбақбаева, 

Павлодар  қаласының №35 ЖОББМ

 бастауыш сынып мұғалімі.

«Ұстазы  жақсының  –  ұстамы  жақсы» 

деген  сөз  бар  халық  арасында.  Білім 

мен  таным  беріп  қана  қоймай,  қоршаған 

дүниені сезінуді, оған жақсылық жасауды, 

бір-біріне  мейірімділік  пен  қайрымдылық 

танытуды,  жалпы  жақсылық  атаулыны 

үйреніп,  аға  ұрпақтың  игі-жақсылығын 

жалғастыруға  жол  салып  беретін  де 

осы  аялы  ұстаздар.  Сондықтан,  басқа 

мамандықтардан  қарағанда,  қиындығы 

мен жауапкершілігі басым кәсіп иесі болу 

да  оңай  шару  емес.  Ел  арасында  бұл 

кәсіпті таңдағандардың жүрегінде түгі бар 

деп тегін айтпаса керек. 

Ұлы  ғұлама  Әл-  Фарабидің  айтуынша: 

«Ұстаз  жаратылысынан өзіне айтылғанның 

бәрін жете түсінген, көреген, естіген және 

аңғарған нәрселердің барлығын жадында 

жақсы  сақтайтын,  бұлардың  ешнәрсесін 

ұмытпайтын    алғыр  да  аңғарымпаз 

ақыл  иесі,  меніңше  шешен,  өнер-білімге 

құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-

намысын ардақтайтын, жақындарына да, 

жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне 

жақсылық пен ізеттілік көрсетіп қорқыныш 

пен  жасқану  дегенді  білмейтін  батыл, 

ержүрек болуы керек». 

Еліміздің  болашағы  бүгінгі  мектеп 

қабырғасындағы  ұрпақ  екені  даусыз.  Ел 

келешегіне ие болатын балаларымыздың 

өркениет жаңалықтарынан қалып қоймай, 

жан-жақты  білімді,  мәдениетті  болуы 

–  ұстаздарға  жүктелген  жауапкершілік. 

Ал  баланы  қандай  арнаға  бағыттасаң 

сол  бағытта  еркін  самғайтын  болады. 

Сол  себепті,  саналы  да  зияткер,  ел 

болашағына  жауапты,  ұлт  тарихына, 

дәстүріне, мәдениетіне, құндылықтарына 

құрметпен  қарайтын  алтын  ұрпақты 

тәрбиелейтін мұғалімдер екені де белгілі. 

Тіпті, мұғалімнің ауызынан шыққан әр сөзі 

мен  ісі,  жүрісі,  көзқарасы  психологиялық 

және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен 

орын  алады.  Сондықтаң,  бүгінгі  әрбір 

ұстаз  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастыруда 

мол  білім,  ақылдылық,  іскерлік  пен  оң 

дағдыларды қолдануы қажет. 

Қазақтың  ойшылдары  мен  белді 

тұлғалары  ұстазды  мектептің  жүрегіне, 

енді  бірі  ұлттың  діңгегіне  теңеп  жатады. 

Әлбетте,  бұл  –  мұғалімнің  өз  кәсібінде 

көтерер жүгі ауыр болғандықтан айтылған 

сөздер.  Ұлт,  мемлекет,  жаһан  алдында 

зор  жауапкершілікке  ие  болған  аялы 

ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап,  

отбасыларына  амандық,    шаттық, 

еңбектеріңіздің  жемісін  көре  беріңіздер  

деген ақ тілегімді ақтарамын. 

 

Камал ЖАРКИНА,

Павлодар  қаласының №35 ЖОББМ

 бастауыш сынып мұғалімі.

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – 

ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

 





АҚ ЛЕБІЗ

ӘЖЕМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ ӨЛШЕУСІЗ

АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ

ҰСТАЗ

Кішкентайдан мені, аялап өсірген

Тәрбиелеп өсіріп, қатемді кешірген

Жақсы көріп сізді, әрдайым өмірде

Мақтан тұтам сізді,мейірімді маған берген

Павлодар  облысы,  Лебяжі  ауданы,  

Шоқтал ауылында менің Күлжиян есімді 

нағашы әжем тұрады. Әжем көп жылдар 

бойы  ұстаздық  етіп,  мектеп  директоры 

болған.  Күлжиян  әжемнің  жүрегі  кең, 

мейірімді,  ақжарқын  жан.  Ол  өзінің 

алты  баласымен  қатар  ауылдың  талай 

адамдарына  білім  беріп,  жол  көрсетіп, 

тәрбиеледі.  Әжем  күллі  балаларға 

тәрбиеші, ұстаз, қамқоршы ана. Әжемнің 

маған  деген  сезімі,  көңілі  өзгеше.  Ол 

қазіргі  кезде  зейнеткер,  сонымен  қатар, 

әжем сегіз қырлы, бір сырлы шебер жан.  

Мен әжемді мақатан тұтамын.

Жазғы  демалыста  мен  ауылға  әжеме 

барып  көмектесемін.  Әжемді  Қарттар 

күнімен және әжемнің жолын қуған Камал 

анашымды,  нағашы  апайым  Қадиша, 

Бақыттыбала 

апайымды 

ұстаздар 

күнімен құттықтай отырып зор денсаулық 

ұзақ өмір тілеймін.

Ізгі тілекпен жиеніңіз, қызыңыз Гүлім.

№ 35 ЖББОМ 3 «А» сынып 

оқушысы Гүлім Бекболат.

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім 

нәрімен  сусындатып,  тәлім-тәрбие  беру, 

жақсы  қасиеттерді  бойына  дарытып, 

адамгершілік рухта тәрбиелеуде ұстаздың 

еңбегі зор.

Осындай 

аялы 


жандардың 

бірі 


Павлодар қаласындағы №35 жалпы білім 

беретін орта мектептің 4 «Ә» сыныбының 

сынып  жетекшісі  Камал  Қабдоллақызын 

Ұстаздар  күнімен  оқушылары  мен  ата-

аналары шын жүректен құттықтайды.

Сіздің 


оқушыларыңыз 

кішкентай 

балдырғандар 

болып, 


мектеп 

табалдырығын  аттап,  онда  қызықты  да 

терең білім алып, қоршаған дүниені танып 

келеді.  Бүгінде  балаларыңыз  жан-жақты 

білімді,  саналы,  өнегелі  бала  болып  өсіп 

келеді. Бұл жолда Сіздің атқарған еңбегіз 

өлшеусіз.

Ұстаздың  адал  пейілді  көңілі  әр 

оқушының  жан  дүниесін  нұрландырып, 

жүрегіне 

шапағат 

нұрын 


төгеді. 

Сондықтан, мұғалімнен өнеге-білім алып, 

өмір  теңізіне  құлаш  жайған  кез  келген 

шәкірт  ұстазымен  мақтанады.  Сіздің 

оқушыларыңыз  да  өз  ұстазын  мақтан 

тұтады.


Ал ата-аналар бүгінгі білімді де тәрбиелі 

балаларының 

болашағына 

салған 


еңбегіңізді  бағалап,  алғысын  білдіреді. 

Қоғамның  белді  мүшесін  тәрбиелеу 

әрі  білім  беру  ісінде  тоғысқан  еңбегіңіз 

табысты  болып,  болашақта  да  қажырлы 

жұмысыңыздың  жемісін  көруге  жазсын 

демекпіз.

Сізге алдағы уақытта ұзақ өмір, мықты 

денсаулық,  қажымас  қайрат,  еңбегіңізге 

тың  идеялар  мен  шығармашылық 

табыстар тілейміз! 



№35 ЖББОМ 4 «Ә» сынып 

оқушылары мен ата-аналары.

Алғаш  мектепке  келгенде  қолынан 

ұстап  жетелеген  бейтаныс  мұғалімнің 

балдырған 

өмірінде 

қаншалықты 

маңызды  болатынын  әсте,  сол  сәтте 

ешкім  ойлана  қоймас.  Алайда  бетіңе 

күлімсірей  қараған  ұстаздың  бала  үшін 

өмір бойы есте қалатыны шын.  Өйткені, 

алғаш  қалам  ұстатқызып,  әріп  танытқан, 

дүниенің  барлық  қыр-сырын  үйреткен, 

қалай  сөйлеп,  жүруді  көрсеткен  жан 

әркімнің жүрек түкпірінде сақталады. 

№ 35 жалпы орта білім беретін мектептің 

1 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары 

шын  жүректен  алғаш  әріп  үйреткен 

ұстазын,  сынып  жетекшісі  Шатанова 

Айжан Әділбекқызын мұғалімдер күнімен 

құттықтайды. 

Сіз мектеп табалдырығын жаңа аттаған 

балапандарға  біліммен  қоса,  өмірдің 

жақсысы  мен  жамандығын  айыруды, 

жақсылық  жасауды  үйретіп,  оң-солын 

танымайтын  бүлдіршіндерге  келешекте 

ел үмітін ақтайтын азамат ету мақсатында 

тәлім-тәрбие  беріп  келесіз.  Міне  осы 

жолдағы    Сіздің    еңбегіңізді  ата-аналар 

шын бағалайды.   

Кәсіби мерекеңізбен құттықтай отырып,  

Сізге  зор  денсаулық,  еңбегіңізге  табыс 

және отбасыңызға құт-береке тілейміз!  



№35 ЖББОМ 1 «В» сынып 

оқушылары мен ата-аналары.

Оқулықты - қадірле,

Оқулықты - құрметте. 

Оқулықты - таза ұста,

Жеткізер сені - мұратқа.

№35 ЖББОМ 3 «А» 

сынып оқушысы Эльмира Ғалым. 

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» – деген,

Қуаныш та, бар  тіршілік  ұстазбенен.

Ұстаздарды жеткіземіз мұратына

Білім іздеп лапылдап жана берер, 

– 

дей отырып бүкіл №35 



мектеп 

ұжымдарын 

және  сынып  жетекші- 

міз  Бақыт  Қабдына- 

сырқызын    ұстаздар  

күнімен 


құттықтай- 

мын!


№ 35 ЖББОМ  3 «А» 

сынып оқушысы Аян 

Қуандық.

7

Тағлым


 



ДЕГЕН ЕКЕН



 



ҒИБРАТТЫ СӨЗ



АҚАН СЕРІ ДЕГЕН ЕКЕН:

Әйгілі 


әнші-сері 

Балуаншолақ 

Баймырзаұлының  (1864-1919)  ел  ішіндегі 

еркіндік-еркелігін, 

серілік-серкелігін 

көре  алмағандар  соңына  сөз  ілестіріп, 

Атбасар  әкімдерін  оған  айдап  салады. 

Ақыры  пәле-жаланы  қаптатып,  мазалай 

берген  соң,  Балуаншолақ  1908  жылы 

дау-шардың  ізі  суысын  деген  мақсатпен 

өзінің  әрі  нағашысы,  әрі  рухани  ұстазы 

Көкшетаудағы  Ақан  сері  Қорамсаұлының 

ауылына келеді.

Құшақ  жайып,  құрақ  ұшып  қарсы  алған 

Ақан сері Балуаншолаққа ел-жер көрсетіп, 

көңілін  сергітейін  деген  мақсатпен 

Қостанай  жеріндегі  қанжығалылардың 

ауылына  алып  жүреді.  Бұл  елде  қадір 

білетін  Шөңке  бидің  ауылында  біраз 

қонақ  болып,  одан  әрі  шекті  еліне  барып 

қайтпақшы болады.

Алыс ауыл, шалғай жұртқа талып жеткен 

Ақан  сері  мен  Балуаншолақ  шектілердің 

шетіне  іліккен  соң-ақ  бір  ауылдағы 

еңселілеу үйдің есік алдында қара-құрасы 

мол болған соң, қонағуар үй болар деп ат 

басын бұрды.

Қос  жолаушы  сәлем  беріп  үйге  кіріп 

келсе, үй іші толған қонақ дейді. Самарқау 

сөйлеп,  сыздана  сәлем  берулеріне 

қарағанда  үйдегі  қонақтардың  басы 

көпшілігі  қожа-моллалар  болып  шығады. 

Олар  қонақ  келді-ау  деп  көңіл  бөле 

қоймайды, дағарадай сәлделерін 

изесіп, 

шариғат 


туралы 

әңгімелерін  жалғай  береді.  Ақан 

сері мен Балуаншолақ бел шешіп, 

елеусіздеу  жайғасады.  Қожа-

моллалар  қазақшылық  жолмен 

жөн де сұрамайды, қонақжайлық 

танытып  ығыспайды  да.  Бір-

бірімен 


жарыса 

сөйлесіп, 

шариғат 

жолын 


айтысумен 

болады.


Әрі-беріден  соң  Ақан  сері 

қожалардың  дүмшелігін  сезіп, 

өнімсіз  сөздерінен  жалығып, 

төңірегіне қараса, іргеде қалақтай 

бір  домбыра  сүйеулі  тұр  екен, 

қолына  алып  шерте  бастайды. 

Қожа-моллалар 

домбыра 


дауысын 

естігенде 

шетінен 

одырая  қарасып,  жақтырмаған 

шырай  танытады.  Сол  кезде 

төрде көсемсіп отырған біреуі сөз 

бастап:

–  Ау,  муһминдер,  шариғат 



жолын  сөз  етіп  отырғанда, 

шайтан  ісімен  бөлмес  болар. 

Тоқтатыңдар  ызылдатпай!  –деп 

қабақ шытады.

Сонда  Ақан  сері  домбырасын 

қағып-қағып жіберіп:



− Мұндайлар күндіз жатып, түнде үреді,

Ұрлықты түнде қылған кім біледі.

Жегені қожалардың адал емес,

Баланың шөтейінен күн көреді.

Жігіттер жақсы болсаң іс біліңдер,

Дем салып қожаларды үшкіріңдер.

Сүннәтін пайғамбардың көп айтады,

Алдымен осыларды піштіріңдер.

Көбейді осы күнде торпақ молла,

Аят пен хадиске шорқақ молла.

Ішін ашып қарасаң дәнеңе жоқ,

Пітір мен садақаға ортақ молла, −

дегенде,  үй  ішінде  отырған  жұрт  ду 

күледі.  Бұл  екі  арада  үй  иесі  де  келіп, 

Ақан серінің келгенін сырттан естіген екен, 

қуанышты  ықыласпен  амандасады.  Ақан 

сері бір бет алған соң тоқтай ма, үй иесімен 

амандасқан  соң,  төрдегі  қожаларды 

мегзеп:


– Қожа-молла көбейіп,

Отыр төрде шөмейіп.

Сәлдесін үлкен орасып, 

Жауған қардай борасып,

Мені молла десін деп,

Шариғатқа таласып! – 

дегенде,  қожа-моллалар  Ақан  серінің 

арынынан  ығып,  үй  иесіне  сауға  сұра 

дегендей жаутаңдай қарайды.

Үй иесі отырған жұртқа Ақан серінің атын 

айтқанда, даңқын алыстан білетін көпшілік 

қауым  дуылдаса  қуанады.  Ал,  қожа-

моллалар  мүлде  абдырып,  өздерінен-

өздері ығыстап, орталарынан ойып тұрып 

қос қонаққа орын береді. Сол кезде Ақан 

серінің атақ- даңқына қанық біреу отырып:

–  Уа,  сері,  атақ-абыройың  алашқа 

жайылған  азамат  екеніңді  білеміз.  Хош 

келіпсің! Сендей жанның серігі де тегін кісі 

болмаса керек, танымадық-ау! – дейді.

Бұл  сауалға  Ақан  сері  жауап  берудің 

орнына,  домбырасын  Балуаншолаққа 

ұстата  салады.  Сонда  Балуаншолақ 

домбыраны безілдете тартып келіп:

–Жапалақ құс болғанмен неге дәрі?

Жаманның кісілікке бар ма сәні?!

Жаманға айтқан сөзің еш қонбайды,

Ағады құлағынан сөздің бәрі.

Жапалақ жарбақтайды жар басында,

Немене жоқтың күні бар қасында!

Жігіттің мейманасы асып кетсе,

Ақыры түспей қоймас тәубасына.

Жасымнан мен жақсыға жақын жүрдім, 

Дария аққан судай тасып жүрмін.

Жаласы сексен өгіз маған ауып,

Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.

Арқаға атым шыққан– Балуаншолақ,

Басыма Тәңірім берген күш пенен бақ.

Көргенде сұлу әйел шыдамсызбын,

Қайтейін тал бойымда мінім сол-ақ! – деп 

өлеңдетіп қоя береді.

Өнері де, өнегесі де ерекше қос серіге үй 

иесі риза болып, сыбаға арнап қам жасап, 

айырықша ықылас көрсеткен екен дейді.

* * *

Ақан серімен үзеңгілес дос Сұлтанмұрат 



деген  әнші  болған.  Оның  әншілік  өнеріне 

Ақансерінің  өзі  қатты  қызығып,  тәнті 

болады  екен.  Сұлтанмұраттың  бір  міні 

туғаннан  өңсіздеу  болып,  ол  аз  дегендей 

жас  кезінде  шешек  шығып,  бет-дидары 

да  шұбарланса  керек.  Бірақ,  жүрегі  таза, 

өнерпаз  жігітті  Ақан  сері  жанына  ертіп, 

дос  санап,  қалжыңдасып  отыратын 

көрінеді.  Тіптен,  кейде  Сұлтанмұраттың 

әншілігіне  сүйсінген  Ақан  сері:  «Шіркін, 

өңділеу біреудің дидарын қаптап қойып ән 

айттырар ма еді!» – деп әзілдейді екен.

* * *

Аға  сұлтан  Шыңғыс  Уәлихановтың 



жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазыға құмар 

Жақып  деген  баласы  болған.  Ел  ішіне 

Жақып  төре  деген  атпен  танылған.  Сол 

Жақып төре Ақан серінің Құлагеріне қатты 

қызығып,  күндердің  бір  күнінде  төрелік 

мінезіне сыйдырып Құлагерді сұрайды.

Сонда,  Ақан  сері:  «Әй,  Жақып, 

сұлтандықпен  әкеңнің  даңқы  шықты, 

ақындықпен  Орынбайдың  даңқы  шықты, 

жүйріктікпен Құлагердің даңқы шықты. Енді 

осы  сөздерімді  әкеңе  жеткізіп  сынатшы, 

Құлагердің  жайын  сонан  соң  көреміз»  – 

депті.

Бұл  сөзге  үміттеніп,  қуанып  кеткен 



Жақып әкесіне Ақан серінің айтқан сөздерін 

жеткізеді.  Сонда  Шыңғыс:  «Әй,  балам-

ай, Ақан серінің бұл сөзінде Құлагер мал 

болса  да,  аға  сұлтан  әкеңмен  бара-бар, 

ақын  Орынбаймен  бара-бар  деген  астар 

жатқан жоқ па! Біреу мені сұраса берер ме 

едің?!» – деген екен.

Осы  сөзден  кейін  Жақып  төре  Ақан 

серіге  көрінуге  көпке  дейін  қысылып 

жүріпті. 



Әдебиет порталынан алынған 

ЖЕТЕЛЕГЕН ИТ АУҒА ЖАРАМАЙДЫ

ЖЕТЕЛЕГЕН ИТ АУҒА ЖАРАМАЙДЫ

«Бүркіт көп өмір сүреді, бірақ ол өзінің 

ұзақ  өмірінде  ұяда  жатқан  балапанын  

не  бәрі  бір  рет  қана  ұшырып  үйретеді. 

Енді ғана темір қанат болып келе жатқан 

балапанын  бүркіт  тістеп  алған  күйінде 

көз  жетпес  аспан  тұңғиығына  самғап 

ұшып  шығады  да,  кенет  аузындағы 

балапанын  төмен  қарата  лақтырып 

жібереді.  Әлі  бір  рет  те  қанат  жазып, 

ұшып  көрмеген  өз  балапанын  аямайды 

екен – ау деп қаласың.

Бірақ қас-қағым сәтте әлсіз қанаттарын 

ашуға  шамасы  келмей,  жерге  қарай 

құлдырап бара жатқан балапаны соңынан 

ана  бүркіт  құйындай  ағып  келеді.  Егер 

балапан  жерге  жақындағанша  қанатын 

аша алмаса, онда ана бүркіт шүйіліп кеп 

оны қағып алады да, қайтадан биік шың 

басындағы  өз  ұясына  апарып  қояды. 

Бірақ ана қыран шексіз аспан әлемінде 

өз  күш-қуатымен  бірден  самғап  кете 

алмаған  темір  қанат  балапанына  қайта 

мойын бұрып қарамайды екен. Енді әлгі 

балапан  өзінің  жер  бауырлап  жүретін 

жылан  емес,  аспан  әлемінде  құйындап 

ұшатын қыран екенін тек өз қайратымен, 

ерік-жігерімен ғана дәлелдей алады.

Егер  оған  рухы  жетпей  қалса,  онда 

қайырымсыз 

қанаттарына 

қарғыс 


айтып,  үн-түнсіз  мына  жарық  дүниемен 

мәңгілікке  қоштасады  екен...  Өмір 

сүргің келсе – өз бетіңмен тіршілік етуді 

қазірден бастап үйрен. Өмір аспанында 

өз қанатымен ұша алатын қыран екеніңді 

балапан  кезіңде  көрсет.  Мен  сені 

сақалың  шыққанша  сүйрей  бермеймін. 

Жетелеген  ит  ауға  жарамайды.  Өз 

әрекетіңді өзің жаса...»

Түрколог-ғалым, 

филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор, 

Қазақстан  Республикасы  Гуманитарлық 

ғылымдар  академиясының  академигі  

Немат  Келімбетовтің  дәл  осы  сөзі  мені 

көп  ойдың  жетегіне  жетеледі.  Шын 

мәнінде  әр  адам  өз  әрекетін  өзі  жасап 

үйренуі  қажет.    Көп  жағдайда    бүгінгі 

кезеңде  тамыр-таныссыз  ешқандай 

жетістікке  жетуге  болмайды    деген 

сөздерін  естігенде  жабырқап  қаламын.  

Іштей    ал  арман  қайда?  –  деп  жауап 

беремін.    Мен  адамның  ақ  адал 

армандарының 

орындалатынына 

сенемін.  Біреу  ғарышқа  ұшқысы  келеді, 

екіншісі  елінің  өркендеуіне    өз  үлесін 

қосқысы келеді. Иә, адамның қиялында 

шектеу  жоқ.    Өлердей  балет  өнеріне 

ғашық  болған  қызға:  «Сен  балерина  

болма» деп айта аласыз. 

Адам өзінің   ісін жақсы көргенде ғана 

шын бақытты бола алады. Жетемін деген 

адам өзінің күш – жігеріне сенім артады. 

Кім айтты армандардың орындалмайды 

деп, олар   орындалады. Ол үшін әрекет 

қажет.  Әрекетсіз  іс  өңбейді  демекпін.  

Армандаған асуымызға жетейік достар!



Назгүл РАБИЛОВА

Жігіттер жақсы болсаң іс біліңдер

Көз – адамның айнасы

* Көздің мүйізгек қабығы – денедегі 

қан  айналымы  жүрмейтін  мүше.  Бұл 

мүше оттегіні ауадан алады. 

*  Әйелдер  ерлерге  қарағанда 

көздерін екі есе аз жыпылықтады. 

*  Адам  көзі  10  миллион  түстердің 

реңін айыра алады.

* Көздері көк адамдар ауруға басқа 

адамдарға қарағанда сезімтал келеді. 

*  Көздің  ішкі  тор  қабығы  650 

кв.  мм  аумақты  алып,  жарықты 

сезгіш  137  миллион  жасушаларды 

құрайды:  қара-ақ  түстерді  көру  үшін 

130  миллион  таяқшалар  және  әр 

түрлі  түсті  көру  үшін  7  миллион 

дөңгелекшелер.

* Адам көзі туылғаннан бір көлемде 

болады,  ал  мұрын  және  құлақтар 

өсуін тоқтатпайды

* Көздің фокустандыру бұлшықеттері 

100000 рет күніне қозғалады.

* Ашық көзбен түшкіру мүмкін емес.

* 1 пайыз адамдар инфрақызыл, 1 

пайызы ультракүлгін сәулелерін көре 

алады.


Миың болса басыңда...

*  Адам  миының  сыйымдылығы  4 

терабайт.

* Бір күннің ішінде бір адамның миы 

түрлендіретін  электірлік  импульстері 

әлемдегі  барлық    телефондар 

түрлендіретін  электрлік импульстерін 

қосындысынан да көп.

* Адам өз сөзінің 90 пайызын естен 

шығарады. 

*  Адам  денесіндегі  жылудың  80 

пайызы бастан шығады екен. 

* Адам туылғанда оның миында 14 

миллиард  жасушалар  болады,  бұл 

сан  өмір  соңына  дейін  көбеймейді. 

Керісінше  25  жастан  кейін  күніне 

100 мыңға дейін қысқара береді. Бір 

минуттық  кітап  оқығанда  70  жасуша 

өледі.  Ал  40  жастан  кейін  мидың 

деградациясы  бірден  жедел  жүреді, 

50  жастан  кейін  нейрондар  (нерв 

жасушалары)  құрғап,  мидың  көлемі 

қысқарады. 

* Адам миында бір секунта 100000 

химиялық реакциялар болады.

* Адам өмірінің аяғына дейін орташа 

150  триллион  бит  ақпарат  есінде 

болады. 


*  Кейбір  зерттеулерге  сүйенсек, 

ұйқы біздің қажет емес ойларымызды 

тазартады.

*  Ақылдылық  қызметіне  жауап 

ретінде  адамдар  өмір  бойы  жаңа 

нейрондарды жасап шығарады.

*  Алкоголь  нейрондардың  арасын 

жалғайтын 

процесске 

кедергі 


жасайды.

* Дауыстап оқу, кішкентай баламен 

ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін 

тигізеді.

Нью-Йорктегі 



миллион 

студенттерді 

түскі 

ас 


кезінде 

консервантсыз, 

бояғышсыз, 

хош 


иістендіргішсіз 

тамақпен 

тамақтандырғанда,  олар  зерттеуге 

қатыспаған  студенттерге  қарағанда 

IQ-н 14% жоғары нәтиже көрсетті.

* Ми адам мүшесінің ең майлы жері, 

мүшенің 60% майын құрайды.

*  Мидың  сол  жақ  бөлігі  оң  жақ 

денені,  мидың  оң  жақ  бөлігі  сол  жақ 

денені басқарады.

Гипоталамус, 



алдыңғы 

мидың  бөлігі,  термостат  сияқты 

температураны 

реттейді. 

Гипоталамус 

сіздің 


денеңіздің 

қалыпты температурасы қанша болу 

керектігін  біледі  (98,6  Фаренгейт,  37 

Цельсий  бойынша).  Егер  денеңізге 

тым  ыстық  болса,  гипоталамус  оны 

терлеу  арқылы  көрсетеді.  Егер  сізге 

суық болса, ол діріл арқылы білдіреді. 

Терлеу  және  мұздау  арқылы  дене 

температураны реттейді.

*  Күніне  85000  ми  қабығының 

нейрондары  мида  жоғалып  кетеді. 

Қуанышқа  орай,  бұл  білінбейтін 

залал.

*  Зияткерлік  қабілеттілік  кезінде 



мидың  көлемі  мен  салмағы  бірдей 

болмайды.  Мысалы,  Эйнштейннің 

миы 1230 грамм болған, тіпті адамның 

орташа миынан да жеңіл.

Жұдырықтай жүрегім

*  Адам  жүрегі  өз  өмірінде  182 

миллион литр қан айдайды. 

*  Әйел  адамның  жүрегі  еркектің 

жүрегінен жылдамырақ соғады. 

*  Адам  жүрегі  шамамен  оның 

жұдырығындай  болады.  Ал  ересек 

адам  жүрегінің  салмағы  220-260 

граммды құрайды.  

* Адам жүрегі қанды төртінші қабат 

деңгейіне  дейін  көтеруге  жететіндей 

қысым жасайды. 

* Неміс зерттеушілерінің мәлеметіне 

сәйкес,  аптаның  басқа  күндеріне 

қарағанда  дүйсенбі  күні  жүрек 

талмасына ұшырау қауіпі жоғары. 

*  Түшкірген  сәтте  ағзаның  барлық 

қызметі, тіпті жүрек те тоқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет