Газет Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2012 жылдың 2 тамызында тіркеліп, №12894-Г


Г.КӨБЕЕВА. Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата22.02.2017
өлшемі12,46 Mb.
#4696
1   2   3   4   5

Г.КӨБЕЕВА.

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігі

ҚАУЛЫ

Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдесіндегі №194 қаулысының күшін жою туралы

Қазақстан  Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 «Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті

мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңының 31, 37 баптарына  сәйкес  Темір  ауданы  әкімдігі

ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1.

Темір ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 шілдесіндегі №194 «Темір ауданы аумағында көшпелі сауданы



жүзеге асыру үшін арнайы орындар белгілеу туралы» қаулысының күшін жойылды деп танылсын.

2.

Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.



Б.ҚАНИЕВ,

Аудан  әкімі.

Акимат Темирского района Актюбинской области

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

О признании утратившим силу постановления акимата Темирского района от 16 июля 2014 года №194

В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государ-

ственном  управлении  и  самоуправлении  в  Республике  Казахстан»  акимат  Темирского  района

ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1.  Признать  утратившим  силу  постановления  акимата  Темирского  района  от 16 июля 2014 года  №194 «Об

определении  специальных  мест  для  осуществления  выездной  торговли  на  территории  Темирского  района».

2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.



Б.КАНИЕВ,

Аким  района.

ЖАСӨСПІРІМДЕР  МЕН





k

temir.gazet72@mail.ru

temir.gazet72@mail.ru

 

 31 желтоқсан 2014 ж



       31желтоқсан 2014 ж

3

6

НЕТКЕН



НЕТКЕН

НЕТКЕН


НЕТКЕН

НЕТКЕН


ҒАЖАП ӘЛЕМ!

ҒАЖАП ӘЛЕМ!

ҒАЖАП ӘЛЕМ!

ҒАЖАП ӘЛЕМ!

ҒАЖАП ӘЛЕМ!

Ғажайып  өмір!  Сұлулық  пен

үйлесімділікті  талап  ететін  тәтті

өмір!  Адам  мен  адамгершілікті

қалайтын  тамаша  өмір! «Өмір»

шынымен де тәтті, ғажап, тамаша.

Алайда,  осы  сұлулықты,  өмірдің

қадірін түсінбейтіндер көп қой.Қай-

таланбас  осы  өмірде  бір  сәттік

қызығушылықтар  мен  рахат  үшін,

естен  айрылатын  дүниелік  ләззат

үшін, ар намыс, ұят, адамгершілік,

АПТАЛЫҚ өтті

Мектепте Қазақстан Республи-

касы  БҰҰ-ның  Бала  құқықтары

туралы конвенцияны ратификаци-

ялағанына 20 жыл толуына орай

Қазақстанда 2014 жылғы 19 – 28

қараша  аралығында  «Зорлық-

зомбылықсыз балалық шақ» атты

республикалық  ақпараттық      на-

уқанының    іс-шаралар  жосапары

бекітіліп,  ұйымдастырылды.

Науқанның мақсаты – балала-

рға  қатысты  зорлық-зомбылық

проблемалары  және  оның  бала-

лар  мен  ересектерге  салдары,

сонымен қатар, осы салада халы-

қаралық және ұлттық заңнама не-

гіздері  туралы  қоғамды  ақпарат-

тандыру.

Қараша  айының 19-28 күндері

аралығында  «Түнгі қаладағы ба-

лалар», «Көше», «Жасөспірім»

атты  акция  өткізіліп,  мұғалімдер

рейдке шығарылды. Рейдтің  мақ-

саты  жасөспірімдер  арасында

құқық бұзушылықтың алдын-алу,

кәмелетке  толмағандарға  темекі

мен алкоголь өнімдерінің сату де-

ректерін анықтау және       жасөс-

пірімдердің  түнгі  мезгілде  заңды

өкілдерінсіз  ойын  сауық  орындарын-

да болуына жол бермеу.

«Зорлық-зомбылықсыз  әлемін

қалай құруға болады» тақырыбында

8-9  сынып  оқушылары  арасында

үздік  эссе  байқауын  ұйымдастырыл-

ды.  9- сынып  оқушысы  Г.Дакесова-

ның  жұмысы  үздік  эссе  деп  бағала-

нып,  марапатталды.

22  қараша    күні  «Қоғамның,  отба-

сының, мектептің проблемасы – зор-

лық-зомбылықтың алдын алу» тақы-

рыбында  ата-аналарға  арналған  се-

минар  ұйымдастырып,  өткізілді.

24-25  қараша  күндері  мектептің 7-

9  сынып оқушылары арасында «Ба-

лаларға  қайырымдылық»  атты

фильмдер мен слайдтар ұйымдасты-

рылды. 8-9 сыныптың  слайд-шоуы

жоғары деген бағамен бағаланды.

26  қараша  күні    дене  тәрбиесі

пәндерінің  мұғалімдерінің  ұйымдас-

тыруымен      бастауыш  сынып

оқушылары арасында «Тең теңіне»

спорттық марафон өткізілді.

Балалар – еліміздің  болашағы.

Оларды  тәрбиелеу,  оқыту,  білім

беру, болашаққа қадам бастыртып

осы өмірде өз орнын таптыру әр ата

- ананың міндеті. Ананың бесік жы-

рынан  басталатын  қарым - қаты-

насы, іс - әрекет, әдет - ғұрып, салт

- дәстүр  осылардың  бәрі  адамның

дүниетанымын, сана - сезімін, мінез

- құлқын қалыптастыратын тәлімдік

мұра.


А.МЫҢБАЕВА,

№6  Шұбарқұдық  негізгі

мектебінің

  әлеуметтік  педагогы

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ



АЛДЫН АЛУ

  Оқушыларға  зорлық-зомбылық

туралы  мағлұмат  беру  және  ол

адамның  ең  жаман  қасиет  екенін

айта  отырып,  адам  ағзасына  тіке-

лей әсер ететінін түсіндіру. Жаман

әдеттерден бойларын аулақ ұстап,

теріс әрекеттерге бармауға тәрби-

елей  отырып,  адамгершілігі  мол

саналы азамат болып өсуіне ықпал

жасау  мақсатында  Н.Байғанин

атындағы  мектеп-балабақшасын-

да  «Зорлық-зомбылықтың  алдын

алу»  атты  тақырыпта  мектеп

оқушылары  мен  ауыл  учаскелік

инспекторы  және  мұғалімдердің

қатысуымен кездесу кеші өткізілді.

Кездесуде  Ақсай  ауылы  учас-

келік  инспекторы  Базылбеков  Мей-

рамбек  зорлық  жасамауға  және  оны

болдырмауға,  болған  жағдайда  ҚР-

ның Конституциясында бекітілген заң-

дарға  сәйкес  жауапқа  тартылатын-

дығы жөнінде айтып өтті.

Келесі сөз кезегін, мектептің тәрбие-

ісі 


жөніндегі 

орынбасары

Есенғалиева Алмагул және тәртіп сақ-

шысы  Құлбалаев  Әскербек  оқушы-

ларға  интернет  желісінде  кездесетін

түрлі  зорлық-зомбылықтарды  қара-

мауға  және  олардың  ешбірін  қайта-

ламауға  кеңес  бере  отырып,  мектеп

ережесін  мұқиятты  орындау  туралы

сөз  қозғады.  Осындай  келеңсіз  жағ-

дайларды болдырмаудың алдын алу

жөнінде әлеуметтік педагог Ермеко-

ва  Қама  апай  мен  мектеп  психоло-

гы      Байғали  Айгерім  оқушыларға

түсіндірме  жұмыстарын  жүргізіп,

тренинг  өткізді.  Тәуелсіздіктің    туын

көкке көтеріп, еліміздің ертеңгі мәрте-

бесін  асқақтататын  да  осы  жастар.

Олай болса, Ұлы Абай атамыз  айт-

қандай,  талаптың  тұлпарына  мініп,

тас  қияға  өрлей  беріңіздер  егемен

елдің жастары.



Н.ИБРАЙМОВ  ,

Н.Байғанин  атындағы  мектеп

балабақшасының

құқық  кеңесінің  төрағасы.

ЗОРЛЫҚ-


ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ  БАЛА

ЖАН ДҮНИЕСІНЕ ТИГІЗЕР

ӘСЕРІ

«Балалық  шағы-патшаның  тағы»  деп  ақын  жырлағандай  балалық



шақ  адамның  саналы  ғұмырындағы  ең  қымбат,  ең  асыл,  еш  нәрсеге

айырбастамас  алтын  уақыты.  Бала-адамның  ұрпағы,  ғұмырының

жалғасы, өмірінің мәні. Қазақ халқы бала тәрбиесіне құрсақтан-ақ мән

берген. 6 айлық  нәрестесінің  болашағына  алаң  болып,  дана  қарияға

келген анаға дана қарт бала тәрбиесінде тура 6 айға кешіккендігін айт-

қан екен. Бұдан халқымыздың бала тәрбиесіне өте ерте кезден көңіл

бөлгендігін  көруге  болады.  Халқымыз  «ұлға  ұрпағымның  жалғасы,

қызға-өрісім»  деп  қараған.  Ұяда  балаға  өнегелі  тәрбие  беру  арқылы

ұлт болашағын тәрбиелеген. С.А.Макаренконың мынадай сөзі бар екен:

«Балаға берілген дұрыс тәрбие-бұл бақытты қарттық. Нашар тәрбие-

біздің болашақтағы сорымыз, біздің көз жасымыз». Өте орынды айты-

лған. Өскен ортасында үлгілі тәлім мен өнегелі тәрбие алған бала - ата-

ананың да, ұлттың да жарқын болашағы. Егер біз қазір       балалары-

мызға  тәрбие  беруде  дұрыс  бағыт-бағдар  беріп  жіберсек,  онда  Тәу-

елсіз еліміздің болашағы үшін алаңдамасақ та болады.

Қазіргі  таңда  БАҚ-та,  ғаламторда  балаларға  сан  түрлі  қиянат  пен

зорлық-зомбылықтың жасалатындығын көріп, оқып жан шошиды, төбе

шашың  тік  тұрады.  Бұл  қоғам  не  болып  кетті?  Қай  ғасырда  ғұмыр

кешіп жатырмыз? Бұдан сәл бұрын мұндай сұмдықтардың шетелдер-

де болатындығын ғана естіп, жағамызды ұстайтынбыз. Батыс елдер-

іне үрке қарап, «ұрпақтарымызды осындайдан сақтай гөр» деп отыра-

тын      қарттарымыз. Ал, бүгін ше? Мұндай масқаралықтың тек қана

куәсі емес, «басты кейіпкері»  де өзіміз болып отырғанымыз не? Бала-

ларды ұрлау, тәнін саудалау, дене мүшелерін сату, өзегін жарып шық-

қан  өз  шаранасынан  безініп,  ақшаға  айырбастау,  бала  жанын  жара-

лап,  қиянат  жасау  сияқты  атын  атауға  ауыз  бармайтын  бәлекеттер

қоғамда орын алып, етек жайып бара жатыр. Не деген сұмдық? Мұндай

оқиғалардың өз топырағымызда орын алып жатқанын естігенде сұмдық

күйді бастан кешірдім. Безбүйрек ана баласынан безінген. Шырылда-

ған  сәби  қатыгез  әке  мен  мейірімсіз  әженің  қолында  қалған.  Келінге

ерегескен  әжесі  сәбиді  құт  мекені,  ұлтымыздың  талай  ұрпағын  әлди-

леп  өсірген  бесігіне  таңып,  оны  тозақ  мекеніне  айналдырған.  Бесікте

бала жанбасы тесілгенше жатқан. Мұндай бала жанын қорлау қай за-

манда болып еді?

 Өз отының басында өгейлік күй кешіп жүрген қаншама жаутаң көздер

бар? Өгей әкенің қорлығын көрген бүлдіршін, өгей шешенің зәбірін көрген

баладан    болашақта  қандай  үміт  күтуге  болады?  Олар  өмірге  өкпелі

болып  өспей  ме?!  Өз  Отанында  осындай  айуандықтың  құрбанына

айналған  сәби  жүрек  есейгенде  қатыгез  қылмыскерге,  өз  тәнін

саудалаған  жезөкшеге,  нашақор  мен  маскүнемге  айналмасына  кім

кепіл? Өз тұнығымызды өзіміз лайлап, өз болашағымызға өзіміз балта

шабудамыз. Бұл- бір ғана адамның жан айқайы емес, бүкіл қоғамның,

ұлттың жан айқайы.

Сәби күнінде бала жанын аялап, оған ата-ана, мектеп, бүкіл қоғам

мүшелері болып қамқор болсақ, қиянат атаулыдан қорғай жүрсек бол-

май ма? Мұзбалақ ақын Мұқағали «Сәби болғым келеді, сәби болғым»

деп жырлап еді. Сәби шақ- адамның ең бір алаңсыз, уайымсыз бақыт-

ты мезгілі. Кім болса да есейгенде сәби шағын сағына еске алар еді.

Ал, қоғамда қатыгездіктің құрбанына айналып отырған балалар жәбір

көрген  сәби  мезгілін  жиіркенішпен  еске  алатын  болар.  Сұмдық!  Бұл

үшін  ұрпақ  алдында  біз  кінәліміз.  Сәби  жанына  араша  бола  алмай

отырған қоғам кінәлі.

Тағы  бірде  ақын  «сәбидің  тәтті  ұйқысын  бұзбауын,  анасынан

бұлқынған бөбегінің жөргөктен қолын босатуын талап етті»  Ақын жүрегі

сәби  жан  дүниесіне  мейіріммен,  соншалықты  бір  нәзіктікпен  үңіледі.

Сәбиге берілетін тәрбиенің өзі сондай нәзік болуы керек, бала тәрбие-

сінде үлкендер әр сөзіне, әрбір ісіне абай болуы қажет. Бала- бабалар

аманаты.  Аманатқа  қиянат  жасамайық..

Жүгірген аң мен ұшқан құс та баласын қызғыштай қорғайды. Қанаты

қатайып  ұядан  өз  бетінше  ұшып  кеткенше  қамқорлығында  ұстайды.

Сонда  біз,  адамдар,  құс  екеш  құс  құрлы  болмағанымыз  ба?

Ойланайық..



Қ.САТАЕВА  ,

Кеңқияқ  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен

  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ



БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Сартоғай  негізгі  мектебі  бойынша  19  қараша  мен 28 қараша  аралы-

ғында  «Зорлық-зомбылықсыз  балалық  шақ»  атты  онкүндік  өткізілуде.

Бала  құқықтары  туралы  конвенцияны  ратификацияланғанына 20 жыл

толуына  орай  ұйымдастырылып  отырған  шараға  мектеп  мұғалімдері

мен оқушылары белсене қатысуда. Шараның негізгі мақсаты-балаларға

қатысты зорлық-зомбылық проблемалары және оның балалар мен ере-

сектерге  салдары,  сонымен  қатар,  осы  салада  халықаралық  және

ұлттық  заңнама  негіздері  туралы  қоғамды  ақпараттандыру.

Науқан  шеңберінде  әлеуметтік  қауіпті  жағдайдағы  балаларды  анық-

тау  мақсатында  «Түнгі  балалар»  акциясы  өткізіліп,  класс  жетекшілер

рейд  ұйымдастырды.  Рейдтің  қорытындысында  әлеуметтік  қауіпті

жағдайдағы  балалар  анықталған  жоқ. «Зорлық-зомбылықсыз  әлемін

қалай  құруға  болады?»  тақырыбында  үздік  эссе  байқауы  ұйымдасты-

рылып, тіл мамандары аталған шараның өз мәнінде өтуіне белсене ат-

салысты. «Қоғамның,  отбасының,  мектептің  проблемасы – зорлық  –

зомбылықтың алдын  алу»  тақырыбында  ата-аналарға  арналған  семи-

нар  өткізіліп,  мектебіміздің  психологы  С.Мауениязова    пен  әлеуметтік

педагогы Т. Айбекова  түрлі тренингтер ұйымдастырды. «Тең теңіне»

тақырыбындағы спорттық марафонды дене шынықтыру пәні мұғалімі

А.Тұрым  және құқық қызметкерлерімен кездесуді тарих пәнінің маманы

Қ.Табылдина  өткізуді жоспарлап отыр.

Аталған  науқанның  өткізілуіне  жауапкершілік  тәрбие  ісі  әдістеме

бірлестігінің жетекшісі Бақыт Бекеноваға жүктеліп отыр.

Б.СМАГУЛОВА,

Сартоғай  негізгі  мектебі.

тазалық,имандылық  деген  ұлы

сезімдерді айырбастап кете баратын-

дары  өкінішті.  Осындай  жандарды

көргенде    қандай  өкініш  деп  ойлай-

сың, өмірді нағыз түсінер кезде олар

оны қадірсіз бір дүние,бітпейтін  қай-

таланып келе беретін күндер ретінде

түсінетініне қайран қаламын.

№6 Шұбарқұдық негізгі мектебінде

24-29  қараша  аралығында « Неткен

ғажап әлем!» атты мектепішілік  апта-

лығы  өтті.  Бұл  апталықтың    негізгі

мақсаты:  жасөспірімдердің  суицид-

ке,  қауіп-қатерге  бас  тігудің  алдын

алу үшін  жас  ұрпақтың психологи-

ялық  имунитетін  қалыптастыру,

жастардың  рухани-адамгершілік

сана сезімін оятып ,  қоршаған орта-

мен қарым-қатынасын нығайту.  Ап-

талық  барысында  5-9 сынып

оқушылары  арасында  мектеп  пси-

хологінің    басшылығымен  «Бәрі

сенің қолыңда» , «Өмір керемет » ,

«Бес  құндылық», «Мен  және  менің

ортам»  тақырыбында  флеш -  тре-

нингтері өткізілді.

  И.ЖҰМАНОВА,

№6  Шұбарқұдық  негізгі

мектебінің  педагог-

психологы.

Еңбектің  нәтижесі

Еңбектің  нәтижесі

Еңбектің  нәтижесі

Еңбектің  нәтижесі

Еңбектің  нәтижесі

Зейнетақы  төлеу  мемлекеттік

орталығы    ауданымыздағы    ірі

мекемелер  қатарына  жатады.

Елбасы Н.Назарбаев  тапсырма-

сына орай жылма жылғы  өсіріліп

отыратын  зейнетақы    мен

жәрдемақы    мөлшерін  есептеп

жүйеге  келтіру,  құжаттар  қабыл-

дап тиісті орындарға айна қатесіз

жіберу  осы    мекеме  қызметкер-

лерінің басты міндеті болып табыла-

ды.  Еңбегі еленіп  аудандық  зейне-

тақы    төлеу  орталығы    мемлекеттік

мекемесінің    басшысы    жыл  сайын

аудан  әкімінің,  облыс  әкімінің  алғыс

хаттарымен  марапатталып отырады.

Сонымен қатар Тәуелсіздіктің 10 жыл-

дығына  байланысты  ҚР  Денсаулық

сақтау  және  әлеуметтік    даму

мнистрлігі  тарапынан  алғыс  хатпен

марапатталған.

Биылғы  Тәуелсіздіктің 23  жылдығы

да  бұл мекеме  үшін  үлкен қуаныш

болды.  Облыстың барлық  ауданда-

ры  арасынан оза  шауып   аудандық

зейнетақы    төлеу  мемлекеттік    орта-

лығы    басшысы    Актурина  Лида

Нұрғалиқызы Қазақстан Республика-

сы Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму  министрлігі  тарапынан  «Әлеу-

меттік  еңбек  саласының  үздігі»

төсбелгісімен 

марапатталды.

Төсбелгіні  аудан  әкімі  Бауыржан

Нұралыұлы  Қаниев  мекеме,  кәсіпо-

рын  басшыларының  алдында  салта-

натты жағдайда  табыстады. Мекеме

басшысы: «Республика    бойынша

облыстық  зейнетақы төлеу орталығы

І орында  болса жалпы облыс    көле-

мінде аудандық зейнетақы  төлеу мем-

лекеттік    орталығы  екінші  және

үшінші орындарда келеміз. Биылғы

қараша  айының  қорытындысы

бойынша  екінші  орында келе жа-

тырмыз. Қызметіміз өте ауыр және

күрделі  болған  соң    уақытпен  са-

наспай  жұмыс    жасаймыз.  Сол

себепті   болар қандай да  марапат

боларын  күттім. Бірақ  кешегі  өткен

тәуелсіздік  күнінде министрлік та-

рапынан  төсбелгі  табысталады

деп    мүлдем    ойлаған    жоқпын.

Облыс бойынша медаль бір маған

ғана  табысталды.  Бұл  менің  ғана

емес  осы мекеменің барлық  қыз-

меткерлерінің  еңбегі  деп білемін.

Бұл өте  қуанатын жайт. Еңбегімізді

елеп, марапаттап  жатқан  ел ағала-

рына    алғысымыз  шексіз.  Бүгінгі

таңда жаңа  жылдан кейінгі  бола-

тын тоғыз  пайыз  өсімді де қараша

айында    дайындап    сұранысқа

енгізіп  отырмыз.  Қаңтар  айында

халық  өскен  зейнетақыны  қолда-

рына  алатын  болады»  деп  Лида

Нұрғалиқызы  өз  қуанышын

жеткізді.



                                Г.КӨБЕЕВА.

Баға тұрақты

Баға тұрақты

Баға тұрақты

Баға тұрақты

Баға тұрақты

Кеңқияқ,  Шұбарши,

Кеңқияқ,  Шұбарши,

Кеңқияқ,  Шұбарши,

Кеңқияқ,  Шұбарши,

Кеңқияқ,  Шұбарши,

Саркөл  округтеріндегі

Саркөл  округтеріндегі

Саркөл  округтеріндегі

Саркөл  округтеріндегі

Саркөл  округтеріндегі

сауда  орындарындағы

сауда  орындарындағы

сауда  орындарындағы

сауда  орындарындағы

сауда  орындарындағы

әлеуметтік  маңызы

әлеуметтік  маңызы

әлеуметтік  маңызы

әлеуметтік  маңызы

әлеуметтік  маңызы

бар  азық-түлік    баға-

бар  азық-түлік    баға-

бар  азық-түлік    баға-

бар  азық-түлік    баға-

бар  азық-түлік    баға-

ларын  тұрақтанды-

ларын  тұрақтанды-

ларын  тұрақтанды-

ларын  тұрақтанды-

ларын  тұрақтанды-

руға  байланысты  штаб

руға  байланысты  штаб

руға  байланысты  штаб

руға  байланысты  штаб

руға  байланысты  штаб

отырысы  өтті.  Оты-

отырысы  өтті.  Оты-

отырысы  өтті.  Оты-

отырысы  өтті.  Оты-

отырысы  өтті.  Оты-

рысқа  штаб  төрағасы,

рысқа  штаб  төрағасы,

рысқа  штаб  төрағасы,

рысқа  штаб  төрағасы,

рысқа  штаб  төрағасы,

мүшелері,  сауда  орын-

мүшелері,  сауда  орын-

мүшелері,  сауда  орын-

мүшелері,  сауда  орын-

мүшелері,  сауда  орын-

дарының  басшылары

дарының  басшылары

дарының  басшылары

дарының  басшылары

дарының  басшылары

қатысты.


қатысты.

қатысты.


қатысты.

қатысты.


Штаб төрағасы,аудан әкімінің орын-

басары  М.Мұңайтбасов;

-Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 Азық-

түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне монито-

ринг  жүргізу  ережесін  бекіту  туралы

Қаулысына  сәйкес,  аудандық

кәсіпкерлік  бөлімі  тарапынан    әлеу-

меттік  маңызы  бар  азық-түлік  тауар-

ларына бөлшек сауда бағаларын қада-

ғалау 

мақсатында 



мониторинг

жүргізіліп  отырады.   Мемлекет  тара-

пынан  жасалып    отырған  көмек  бар,

нан бағасын тұрақты ұстау мақсатын-

да    жасалған  меморандум  бар.

Наубайханаларға арзандатылған баға-

мен    кг 47 теңге 1 сұрыпты  ұн  беріп

отырмыз.Нан  бағасы  наубайханалар-

да 50 теңге, дүкендерде 10 пайыздық

үстемеден асырмай 55 теңгеден саты-

луы  керек.  Округ  әкімдері  бақылауға

алыңыздар.  Желтоқсан айының 11 нен

бастап жанар-жағар май бағасы арзан-

дады.  Енді  бағаны  қымбаттатуға  еш

негіз  жоқ.  Алдымызда  тәуелсіздік  ме-

рекесі, жаңа-жыл мерекесі келе жатыр

осы орайда округ әкімдері, кәсіпкерлік

бөлімі  мерекелік  сауданы  қадағалап,

негізсіз  баға  өсімін  болдырмауымыз

керек, -деп    штаб  төрағасы,  аудан

әкімінің  орынбасары  М.Мұңайтбасов

қадап тұрып айтты.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік маңы-

зы  бар  азық-түліктердің  Кеңқияқ

өңірі  бойынша  тұрақтылығы  тура-

лы аудандық кәсіпкерлік бөлімі бас-

шысы  Е.Жолдығарин айтып өтті.

  -  Тұтынушылық  нарықтағы  ба-

ғаны  тұрақтандыру  жайы  қазіргі

уақыттағы  ең  өзекті  мәселе,  оған

арнайы  Үкімет  бекіткен  әлеуметтік

азық-түлік  түрлері  бар.  Соның

ішіндегі  ең  маныздысы 1 сұрыпты

ұн  мен  нанның  бағасының  тұрақ-

ты болуы, сондықтан аудан бойын-

ша  бұл  мәселе  үнемі  бақылауда  ,

себебі  халыққа  ең  қажетті  зат  ол

нан  мен  ұн,  соған  байланысты

ауданға  бекітілген  Меморандум

аясында  арзандатылған 1 сұрып-

ты  ұн  «Жаңа-Әлжан»  ұн  комбина-

тынан  ай  сайын  кестеге  сәйкес

бөлініп отыр.

Осы 1 сұрыпты  ұннан  пісірілген

нанды  тұтынушы  халыққа  тиімді

бағамен  сатуға,  осы  жағдайдың

тұрақты  болуына  жергілікті  округ

әкімдері барынша ықпал етуі тиіс.

Меморандум  аясында  «Жаңа-

Әлжан    ұн  комбинаты»  ЖШС-нен

ауданға  қыркүйек-қазан  айларына

80,8  тонна 1 сұрыпты  ұн  бөлінген,

бүгінгі  таңда  толығымен  тасымалда-

нып алынды. Ағымдағы жылдың қара-

ша бойынша 23,7 тонна 1 сұрыпты ұн

бөлініп отыр, желтоқсан айында толық

тасып  алуымыз  керек.

Жергілікті  округтер  бойынша  1

сұрыпты  ұнды  тасып  алу  үшін  опера-

торлар белгіленді. Ұн көлемінің аз бо-

луына  байланысты  қазіргі  таңда  нан

бағасын  ұстау  үшін  наубайханаларға

бөлініп отыр.

Меморандуммен  бөлінген 1 сұрып-

ты ұн бағасы 49 теңге 1 килограмы, ал

пісірген  бір бөлке нан аудан бойынша

наубайханалар 50 теңгеден тапсырып,

сауда  нүктелері 55 теңгеден  халыкқа

сатуда.


Кеңқияқ  ауылдық  округі  бойынша

2014  жылға  оператор  болып  жеке

кәсіпкерлер: 

Каюпов 


Ислам,

Мұқанова Венера және Оразбаев Али-

шер бекітілді. Қазан айына дейін  Кең-

қияк  округі  бойынша  61,5 тонна

1сұрыпты  ұн    тасымалданды.

Саркөл  ауылдық  округі  бойынша

оператор болып Жұмашев Ғани және

Қазмағамбетов  Уахит  бекітілді,  бұл

округ бойынша тасылғаны 15,0 тонна.

Шұбарши  ауылдық  округі  бойынша

оператор болып жеке кәсіпкер Умир-

бекова Дәмеш бекітілді, 25,0 тонна 1

сұрыпты  ұн  тасымалданған.

Әлеуметтік  азық-түлік  түрлерінін

бағаларын  үнемі  бақылауда  ұстау,

әр-жеті  сайын  баға  көрсеткіштерін

тапсыру  жергілікті  округ  әкімдеріне

тапсырылды. Қазақстан Республика-

сының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544

сауда қызметін реттеу туралы Заңы-

ның 8 бабының 7 тармағына  сәйкес

әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк та-

уарларына  рұқсат  етiлген  шектi

бөлшек  сауда  бағалары  мөлшерiнiң

сақталуына жергілікті атқарушы орган

мемлекеттiк  бақылауды  жүзеге  асы-

рады  делінген.  Бұл  тұрғыда  монито-

ринг  жүргізіп  отырған  кәсіпкерлік

бөліміне  апта  сайын  округтегі  әлеу-

меттік маңызы бар азық түліктің ба-

ғалары  округ  әкімінің  қолымен  рас-

талып беріліп отыруы қажет.

   Ағымдағы жылдың қаңтар айын-

да  облыс  әкімінің  тапсырмасына

сәйкес  жергілікті  округ  әкімдігі  мен

сауда нүктелерімен тұтыну нарығын-

дағы бағаны тұрақтандыру бойынша

өзара  Меморандумға  қол  қойылып,

дайындалды.   Бүгінгі күні аудан бой-

ынша  көкөніс  бағаларын  қазан  айы-

мен  салыстырғанда    бағаның  өсуі

байқалады, себебі қыс айларына бай-

ланысты, мысалы: 1кг  картоп 60-70

теңге  болса,  желтоқсан  айында 80-

90 теңге, қырыққабат 60 теңге болса,

бүгінгі  күні 80 теңге,  пияз 75 теңге

болса,  бүгінгі  күні  90-95 теңге.

Кәсіпкерлік  бөлімі  тарапынан  апта

сайын Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік

бөлімімен  байланыс  жасалып  баға

көрсеткіштері  алынып  отырылады.

Ақтөбе  қаласының  бағасынан 10

пайыздық  үстемеден  аспауын  бақы-

лап  отырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет