Газет Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2012 жылдың 2 тамызында тіркеліп, №12894-Г



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата22.02.2017
өлшемі12,46 Mb.
#4696
1   2   3   4   5

Э.ИСЕНКУЛОВА,

 аудандық көркемсурет мектебінің сурет пәнінің

мұғалімі.

«Ару қыздар»

байқауы

Байқау  шарттары 6 кезеңнен



тұрды.  Алдымен таныстыру кезеңі,

яғни «Мен қазақтың қызымын» деп

аталатын жыр шумақтарымен бас-

тап  қатысушылар өздерін   таныс-

тырды. 2-ші      кезеңінде «Қыз ер-

кем – кестесімен көркем»  тапсыр-

масы  бойынша әр қыз өзінің қолы-

нан  келетін  бір  ісмерлік  өнерін

көрсетсе,  келесі 3-ші  кезеңде

«Қызды  тәрбиелеген  ұлтты  тәрби-

елейді»  тақырыбымен  қыз  бала

тәрбиесіне  байланысты  даналық

сөздердің  мағынасын  ашу  болды.

Байқаудың    4-ші    кезеңінде  әрбір

ару  өз  өнерлерін  көрсетсе, «Сұлу-

лық  сыры»  атты 5-ші  кезеңінде

шаш  үлгілерін  жасау  бойынша  сы-

нға  түсті, «Зерделінің  ойы  озық»



«Тәуелсіздік –

 арманым ,

сыйымды

саған

арнадым!»

Еңбекші мектеп - балабақша-

сында  «Тәуелсіздік  –          арма-

ным,сыйымды  саған  арна-

дым!»  тақырыбында          Тәу-

елсіздік  күніне  арналған  сайыс

өтті. Мақсаты: оқушылардың өз

еліне,өз 

ұлтына 

деген


сүйіспеншілігін     арттыру, хал-

қымыздың  тарихын қастерлеу,

өз  елінің  болашақ  иесі  өздері

екендіктерін  ұғындыру.  Бұл

сайыс 5 кезеңнен  тұрды.

        Білімділер  сайысына  5-7

сынып  аралығындағы  оқушы-

лардан  құралған  «Жас ұлан»,

«Жалын», «Бейбітшілік» топта-

ры  қатысты.  Әділ  қазылардың

шешімі бойынша бұл   сайыста

білімділігімен,    шапшаңдығы-

мен,еліне  деген  сүйеспеншілігі-

мен  көзге  түсіп, «Жас  ұлан»

тобы 1- орын, «Жалын» тобы 2-

орын, «Бейбітшілік»  тобы 3-

орынды  иеленді.  Бұл  сайысты

6-  сынып  жетекшісі  Кәдірова

Сұлушаш  пен 7-сынып  же-

текшісі  Смағұлова  Ақмарал

ұйымдастырды.

   Оқушылардың  туған елге

деген  сүйіспеншілігін  арттыра-

тын осындай сайыстар көп бол-

са екен деймін.

               Ұ.ЖӘЛІМБЕТОВА,



Еңбекші  мектеп-

балабақшасының

11-сынып  оқушысы.

Елімнің бақытын

тербеткен

Тәуелсіздік



Жыл артынан жылдар

жүйткіп,  уақыт  шіркін

толассыз зымырап өтіп

жатыр. Енді міне дауыл

тербеген теңіздей буыр-

қанып,  жолындағысы-

ның бәрін ырғалта шай-

қалтып, сол бір қастерлі

де  қасіретті  күндерден

бергі 23 жыл  да  тарих

қойнауына тартып бара-

ды.

Сартоғай негізгі  мекте-

бінде  Ұлы  тарихтың  бір

елесі Желтоқсан оқиғасы-

на арналған салтанатты

кеш  өткізілді.  Бұрқасын

төпелде  қазақ  ұлтының

бостандығы  үшін  жан

беріп, қаһарлы айдың    ыз-

ғарына    шалдыққан,  жел-

тоқсанның қанды кешінде

сорлары қайнаған жастар-

ды  үлгі  ету  мақсатында

кеш шымылдығы көрініспен

ашылды.  Көріністе  1986

жылғы 

желто қсанда

бұлқынған  жастардың

жүрек  қағысы,  отаншыл-

дық жендетіне деген ашу-

ыза  анық  көрінді.  Қазақ

халқының, 

азатты қ

сүйгіш барша адамзат ба-

ласының 

еркіндікке

ұмтылған аңсарына деген

ескерткішке арналған жел-

тоқсан әндері орындалды.

Сонымен қатар, еліміздің

тірегі,  халқымыздың

жүрегі 

Елбасымыз

Н. Ә. Назарбаевтың қолда-

уымен  құрылған  «Жас

Ұлан» бірыңғай балалар мен

жасөспірімдер ұйымы қата-

рына оқушылар қабылдан-

ды.

Тарих бетіндегі таңбалы

жырға арналған  шежірелі

күй шертіліп, қанша сыннан

қаймықпаған қазақ халқы-

ның билері биленді.

Халықтың  ар-намысы

таразыға салынған сын са-

ғатта  дүлей  күшке  қай-

мықпай қарсы шыға келген

жастарымыздың  ерен

еңбегі  ешқашан  ұмытыл-

майды. Бүгінгі жас ұрпақпен

қатар, 

желто қсан

оқиғасын жүрегінен өткізген

қайсар ұл-қыздарымыз үшін

бұл  концерт  үлкен  тағы-

лым  болмақ.  Желтоқсан-

ның рухты әндері кім-кімді

де  ойға  жетелейді,  намы-

сын оятады, жігерін жани-

ды.

 Мектебімізде өткізілген

осындай  үлкен  шараның

ұйтқысы  бола  білген

жүргізушілер дене шынық-

тыру  пәнінің  мұғалімі

Аслан Тұрымұлы мен әлеу-

меттік педагог Таңшолпан

Айбекқызына 

мектеп

әкімшілігі  атынан  алғыс

білдіріллі.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры

биік,  халқымыздың  еңсесі

жоғары, егемендігіміз баян-

ды болсын деп тілейік.

А.АЙБЕКОВА,

                                         Сартоғай

негізгі мектебінің

9 класс оқушысы.

Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  Сартоғай  негізгі  мектебі-

Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  Сартоғай  негізгі  мектебі-

Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  Сартоғай  негізгі  мектебі-

Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  Сартоғай  негізгі  мектебі-

Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  Сартоғай  негізгі  мектебі-

нде  «Еркеназ»  қыздар  клубының    ұйымдастыруымен  осы

нде  «Еркеназ»  қыздар  клубының    ұйымдастыруымен  осы

нде  «Еркеназ»  қыздар  клубының    ұйымдастыруымен  осы

нде  «Еркеназ»  қыздар  клубының    ұйымдастыруымен  осы

нде  «Еркеназ»  қыздар  клубының    ұйымдастыруымен  осы

жылды  қорытындылау  мақсатында  қыздарды  халқымыз-

жылды  қорытындылау  мақсатында  қыздарды  халқымыз-

жылды  қорытындылау  мақсатында  қыздарды  халқымыз-

жылды  қорытындылау  мақсатында  қыздарды  халқымыз-

жылды  қорытындылау  мақсатында  қыздарды  халқымыз-

дың  ізгі  қасиеттері:  имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,

дың  ізгі  қасиеттері:  имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,

дың  ізгі  қасиеттері:  имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,

дың  ізгі  қасиеттері:  имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,

дың  ізгі  қасиеттері:  имандылық,  инабаттылық,  ізеттілік,

ісмерлік  негізінде                тәрбиелеу,  қыз  баланы  парасатты,

ісмерлік  негізінде                тәрбиелеу,  қыз  баланы  парасатты,

ісмерлік  негізінде                тәрбиелеу,  қыз  баланы  парасатты,

ісмерлік  негізінде                тәрбиелеу,  қыз  баланы  парасатты,

ісмерлік  негізінде                тәрбиелеу,  қыз  баланы  парасатты,

жан – жақты  білімді  болуға  әсемдік,  сұлулық  әлемін

жан – жақты  білімді  болуға  әсемдік,  сұлулық  әлемін

жан – жақты  білімді  болуға  әсемдік,  сұлулық  әлемін

жан – жақты  білімді  болуға  әсемдік,  сұлулық  әлемін

жан – жақты  білімді  болуға  әсемдік,  сұлулық  әлемін

түсінуге,  табиғат  сыйлаған  қасиеттердің  ашылуына  көмек-

түсінуге,  табиғат  сыйлаған  қасиеттердің  ашылуына  көмек-

түсінуге,  табиғат  сыйлаған  қасиеттердің  ашылуына  көмек-

түсінуге,  табиғат  сыйлаған  қасиеттердің  ашылуына  көмек-

түсінуге,  табиғат  сыйлаған  қасиеттердің  ашылуына  көмек-

тесу  негізінде  «Ару  қыздар  байқауы»  өткен  болатын.

тесу  негізінде  «Ару  қыздар  байқауы»  өткен  болатын.

тесу  негізінде  «Ару  қыздар  байқауы»  өткен  болатын.

тесу  негізінде  «Ару  қыздар  байқауы»  өткен  болатын.

тесу  негізінде  «Ару  қыздар  байқауы»  өткен  болатын.

атты  соңғы  кезеңінде  аруларымыз

лездік сұрақтарға жауап берді.

 Қыздар сынына, яғни «Еркеназ»

қыздар клубының мүшелері Қамбар

Гүлбаушан,  Қалдыбай  Аяулым,

Жантурина  Ұлболсын,  Еңсегенова

Айжан  атты  қыздарымыз  сынға

түсті.  Әділқазылар  алқасы  сайла-

нып, аруларымыздың реттік нөмер-

лері де белгілі болды. Байқау соңын-

да әділ қазылар    алқасынан бар-

лық ұпай сандары есептелініп, жең-

імпаздар анықталды. Байқау қоры-

тындысы  бойынша 6-класс  оқушы-

сы  Қалдыбай  Аяулым  бас  жүлдені

иемденіп, байқау өз мәресіне жетті.

Қыз баланы ізетті, инабатты асыл

жан етіп, ісіне көркі сай    тәрбиелеу,

қыз   сыйлау -     халқымыздың қаны-

на сіңген     қасиет, олардың айнала-

дағы  адамдармен  қарым – қатынас

жасай білуіне көңіл бөле отырып, ола-

рға нәзіктік пен сүйкімділік      қасиет-

терін бере білген.

«Қыз емес қыздың аты

                               қызыл алтын,

 Көрінер толған айдай

                            жүзі  жарқын,

     Үлкеннің алдын орап,

                                      сөз  сөйлемес,

     Халқының сақтай білген ізгі сал-

тын» - дегендей, қыздарымыз апала-

рының  өнегелі  істерін  өз  бойларына

дарытып өссе екен дейміз. Қыздары-

мыз  ата-бабаларымыздың  ықылым

заманнан  келе  жатқан  салт-дәстүрін,

әдет-ғұрпын  сөндірмей  жалғастыра-

тын өнерлі де ибалы боп өссе берсін.

   Байқауды ұйымдастырып,    тәрби-

елі  де  тағылымды  шара  ұсынып

отырған, «Еркеназ» қыздар клубының

жетекшісі, мектеп психологы Мауени-

язова  Сандуғаш          Бердімұратқы-

зына мектеп әкімшілігі атынан алғыс

білдірілді.



А.ҚҰБАЕВА,

Бастауыш  сынып  мұғалімі,

           Сартоғай негізгі мектебі.

ЖАҢА   ЗАҢНАМА



ҚОЛДАНЫСҚА   ЕНЕДІ

Қанаты қатайып, бұғанасы бекі-

ген  егеменді  еліміздің  бәсекеге

қабілетті  қоғамда әлемдегі озық ел-

дердің  санатына  енуі  әркез  ме-

рейімізді  өсіреді.  Әсіресе,  құқық

қорғау  органдары  саласында

өмірге келіп жатқан заңдар мен заң-

намалардың қазіргі заман талабы-

на  сай  өзгертіліп,  толықтырылып

жасақталуы күнделікті қоғам қажет-

тілігінен туындап отырғаны даусыз.

Осы орайда, жалпы қылмыстық

заңнаманы  ізгілендіру  Елбасы

Жарлығымен бекітілген 2020 жылға

дейінгі Құқықтық саясат тұжырым-

дамасына сәйкес жүргізіліп  отыр-

ған  құқықтық  реформа  аясында

жүргізіліп  отырғандығын  атап  өту

қажет.


Осылай  Қазақстан  Республика-

сы  Президентінің 09.04.2014 ж.

өкімімен  бекітілген  Қылмыстық

заңның  және  қылмыстық  сот

өндірісінің жаңа моделіне, жетілді-

рілген  әкімшілік  құқық  бұзушылық

туралы  заңнамаға  және  қылмыс-

тық  жазаларды  атқару  жүйесіне

көшу  жөніндегі  бірыңғай  мемле-

кеттік іс-қимыл жоспарын орындау

мақсатында үстіміздегі жылы жаңа

Қылмыстық  кодекс,  Қылмыстық

іс жүргізу кодексі, Қылмыстық  ат-

қару  кодексі  және  Әкімшілік  іс

жүргізу  кодекстері  қабылданып,

олар 2015 жылдың 1-қантарынан

қолданысқа енетіні белгілі.

Осыған  байланысты,  Темір

аудандық прокуратурасында жаңа

ҚК,  ҚІЖК,  ҚАК,  және  ӘІЖК  бапта-

рына түсіндірме дайындау кестесі

дайындалып,  қазіргі  кезде  осы

кестеге  сай  жаңа  заңнамалардың

алдағы уақытта тиімді және біркелкі

пайдалануы  бағытында  жұмыстар

жүргізілуде.

Аталған  кестеге  сай  аудан  про-

куратурасында ішкі істер органда-

ры,  қылмыстық-атқару      инспек-

циясы  қызметкерлерінің  қатысуы-

мен жаңа кодекстер түсіндіріліп, та-

лқылау бойынша сабақ оқылымда-

ры  өткізілді  және  алдағы  уақытта

осы  бағытта  жұмыстар  жалғасын

табуда.

Сонымен  қатар,  жаңа        қабыл-



данған Қылмыстық, Қылмыстық іс

жүргізу,  Қылмыстық – атқарушы-

лық және Әкімшілік құқық бұзушы-

лық туралы кодекстерінің новелла-

ларын талқылау сабақтары бейне

конференциялық  байланыс  арқы-

лы облыстық прокуратура қызмет-

керлерімен пікір алмасу, түсіндірме

жасау,  заңнамалардың  жаңа  мо-

дельдеріне өту кезенде орын алуы

мүмкін  өзекті  мәселедерді  шешу

жолдарын  анықтау  түрінде  апта

сайын  өткізілуде.

Аудан прокуратурасы күнделікті

жеке  және  заңды  тұлғаларды

қабылдап, қажет болған жағдайда

2015  жылдан  бастап  қолданысқа

енгізілетін заңнамалар бойынша да

түсіндірме  жұмыстарын  жүргізеді.

Жоғарыда  көрсетілген  жаңа  Ко-

декстердің  бірі  Қазақстан  Респуб-

ликасының  Қылмыстық  кодексіне

келсек, онда да бірқатар жаңа ере-

желер бекітілген.

Жаңа  Қылмыстық  кодекс 467

баптан, 98-і  жалпы  және 369-ы

ерекше бөлімнен тұрады. Жаңа ре-

дакциядағы кодекс әзірлеудің тағы

бір қажеттілігі оны ел Конституция-

сының жаңа нормаларымен, соны-

мен қатар, осы уақытқадейін рати-

фикацияланған халықаралық келі-

сімдермен  сәйкестендіруге  қатыс-

ты болып табылады.

Сонымен  қатар,  жаңа  Қылмыс-

тық  кодекс  тұжырымдамасы

дайындалу  барысында  заңды

тұлғалардың  қылмыстық  жауап-

кершіліктерін  енгізудің  маңызды-

лығы  да  қарастырылған.

Кодекс  жобасында  сыбайлас

жемқорлықпен ымырасыз күрестің

мемлекеттік саясаты да көрініс та-

уып,  сыбайлас  жемқорлық    қыл-

мысқа  жауапкершіліктің  кешенді

нормалары  қамтылды.  Бұдан

бөлек,  әлеуметтік  тұрғыдан  осал

адамдар  жасаған  қылмысқа

қатысты толеранттық ұстаным ке-

ңейтілді, екінші жағынан ауыр қыл-

мыстарға,  қылмыстың  қайталану

көріністеріне,  ұйымдасқан        қыл-

мысқа  және  сот  төрелігіне  қарсы-

лық  білдіруге  қатысты  шаралар

қатаңдатылды.

Қазақстан Респуликасының Бас

Прокуратурасы  ҚР  Қылмыстық

кодексі  жаңа  нұсқасының  жоба-

сында  бас  бостандығынан  айыру-

дың  баламасы  ретінде  айыппұл-

дар  мен  қоғамдық  жұмыстарға

тартуды  ұсынған  болатын.

Бұл  толықтыруылар  ұсақ  заң

бұзушылықтар  мен  қылмыстарға

бас  бостандығынан  айырудан  гөрі

айыппұл  салу  арқылы  сот  тәжіри-

бесін басқа арнаға бұруға жәрдем-

деседі.  Ұсақ  заң  бұзушылықтар

500 АЕК,      қылмыстарға 500-ден

10-мыңға  дейінгі  АЕК  көлемінде

айыппұлдар  салынады.

Едәуір көп көлемдегі айыппұлдар

қылмыскерлерге  бас  бостандығы-

нан айырғанмен бірдей әсер етеді.

Айыппұлдар орташа есеппен     50-

70  пайызға  дейін  артады.   Айып-

пұлдарды  алмастыруға  ең  қолай-

лы жаза ретінде қоғамдық жұмыс-

тарға  тарту  қарастырылған.  Егер

айыппұл 1000 АЕК-ке дейін қойыл-

са, онда оны қоғамдық жұмыстар-

мен  алмастыруға  болады.

Сонымен қатар, ескере отырсақ

бүгінгі  күні  тіркелген  қылмыстар-

дың 90 пайызын  онша  ауыр  емес

немесе  ауырлығы  орташа      қыл-

мыстар  құрайды.

Жаңа Қылмыстық кодекс бойын-

ша,  егер  айыпталушы  жәбірлену-

шімен  татуласса,  келген  зиянның

орнын толтырса, онда қылмыстық

жауаптан босатылады. Ең басты та-

лап – адам  қазасының  болмауы.

Жалпы  мұндай  мүмкіндік  қазіргі  Ко-

дексте  де  бар.  Бірақ,  екі  жақ  өзара

келіссе де қылмыстық істі қысқарту,

ол                тергеушінің,  прокурордың

немесе  соттың  құқығы – қысқартам

десе  қысқартады,  қысқартпаймын

десе қысқартпайды. Дегенмен, жаңа

Кодекс  талаптарына  сәйкес,  осы

тәртіп  өзгертіп  отыр.  Енді  татуласу

арқылы  істің  қысқаруы  жәбірле-

нушінің еркіне ғана байланысты.

Ал жаңа Қылмыстық іс жүргізу ко-

дексінің  басты  мақсаты – сот  про-

цесін жеңілдету, істердің тез қаралу-

ын  қамтамасыз  ету,  осы  арқылы

оның тиімділігін арттыру.

-  Біріншіден,  бұл  Кодекс  соттың

рөлін біраз күшейтеді. Тергеу судья-

сы деген жаңа фигура пайда болмақ.

Егер  бүгінгі  күні  судьялар  тек  екі-ақ

санкция  беретін  болса,  ол  қамауға

алу мен үй-жайға қамауға алу, жаңа

Кодекс бойынша осы 2 санкцияға 5-і

қосылып  отыр.Сонымен  қатар  тер-

геу  судьясы  тергеушінің,  прокурор-

дың кез-келген шешімі мен әрекетінің

заңдылығын тексеріп, олардың күшін

жоя алады.

- Екіншіден, бүгінгі Кодекске сәйкес,

егер сотталушының кінәсінің дәлел-

дері  жеткіліксіз  болса,  онда  сот  істі

қосымша  тергеуге  қайтаруы  мүмкін.

Соның  салдарынан  істердің  қаралу

мерзімі ұзаққа созылып, сотталушы-

ның құқықтарының бұзылуына әкеп

соғады.  Ал,  жаңа  Кодекс  бойынша

қылмыстық істі сот қосымша    тер-

геуге қайтара алмайды. Не айыптау,

не ақтау үкімін шығаруға міндетті.

-Үшіншіден. Көп жағдайда жәбірле-

нуші  ешқандай  қаржылық  көмек

көрмей, өз проблемасымен өзі қала-

ды.  Себебі,  не  қылмыс  ашылмаған,

не қылмыскердің материалдық жағ-

дайы жоқ. Әрине, бұл жәбірленушіге

қосымша  ауыртпалық.  Жаңа        Ко-

дексте  осы  мәселе  ішінара  шешіліп

отыр.  Жәбірленушілерге  материал-

дық  қолдау  көрсететін  арнайы  Қор

құрылмақ.  Оның  мақсаты  -қылмыс-

тан  келтірілген  зиянның  орнын  тол-

тыру.  Мұндай  тәртіп  бізде  бұрын

мүлде болмаған. Қор қылмыс жаса-

ғандардың  есебінен  қалыптасады.

Атап  айтсақ,  олардан  тәркіленген

мүлік,  салынған  айыппұл,  қылмыс

құралы болған заттар мен ақшалар.

Елбасы  ұстанған  саясат  жетегін-

де қолданысқа енгізілмек кодекстер

бұқара халықтың құқықтық сауатты-

лығын арттыруға септігін тигізеді деп

есептейміз.

«Тәртіпке  бағынған  құл  болмай-

ды»  дейді  батыр  Бауыржан

Момышұлы.  Мәдениеті  қарыштап

дамыған,  экономикасы  берік  орна-

ған  тәуелсіз  мемлекеттің  ұстанған

құқықтық жолы да сауатты, әлеуетті,

жоғары  дәрежеде  болуы  тиіс.  Осы

мақсатта  Темір  аудандық  құқық

қорғау органдарының біз бен Сіздің

атқаратын  еселі  еңбегіміз  бен

қажыр-қайратымыз  ел  кәдесіне  жа-

расын деген ниет бар.

Е.ЕСМҰХАНОВ,

Темір  ауданының  прокуроры.

     АТА-АНАЛАР

МӘСЕЛЕСІ  ҚАРАЛДЫ

Желтоқсан айының  басында аудан әкімі жанындағы

жасы  кәмелетке  толмағандардың  істері  және  олардың

құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы және  аудан әкімі

жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демография-

лық саясат жөніндегі комиссиясының бірлескен  отыры-

сы жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері мен

аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық де-

мографиялық  саясат  жөніндегі  комиссия  мүшелерінің

қатысуымен болып өтті.  Комиссия төрағасы  Н.Қалауов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусым-

дағы №789   Қаулысымен бекітілген  «Кәмелетке толмаған-

дардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі

комиссия туралы үлгі ережесіне» сәйкес комиссия мүше-

лері мен қатысушыларға комиссияның жұмыс мақсаты мен

негізгі функциялары, құзыреті мен қабылдайтын шарала-

ры мен қоса отырыстың күн тәртібімен таныстырып өтті.

Алғашқысы  Шұбарқұдық  кенті,  Жамбыл  көшесі  №132  үйдің  тұрғыны,

Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің 1 курс студенті Жұмағалиев Аслан

Таңатарұлының сабаққа себепсіз қалуы, оқуға келмейтіндігі жөнінде  өрбіді.

Комиссия  мүшелері    ҚР  «Білім  туралы»  Заңына  сәйкес  жасөспірім

А.Жұмағалиевтің орта білім алудың міндетті екендігі ескеріп, Ақтөбе ауыл-

шаруашылық  колледжінің  әкімшілігімен  сөйлесу,  колледждің 1 курс  сту-

денті  Жұмағалиев  Аслан  Таңатарұлын  сабаққа  қатыстыруға  ықпал  ету,

ата-ананың  жауапкершілігін  күшейту  арқылы  оқуын  жалғастыру  мәсе-

лесін шешу, жатақхана мәселесі бойынша қатынас хат беру, Жасөспірімнің

колледжде оқудан бас тартқан жағдайда орта мектепте оқуын жалғасты-

руына  ықпал етуді  аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Адаевқа ұсынды.

Екінші  мәселе бойынша аудандық ішкі істер  бөлімінің  ұсынысына  сәйкес

қиын      отбасы      есебінде    тұрған      азаматша      Воронкова    Анастасия

Викторовнаның үстінен жинақталған іс-құжаттары қаралды. Аудандық ішкі

істер  бөлімінің  жасөспірімдер  жөніндегі  инспекторы  Ғ.Қарасаеваның  ба-

яндауынша  азаматша  Воронкова  Анастасия  бала  тәрбиесімен  мүлдем

айналыспайды.  Тіпті  қазіргі  уақытта  қайда  жүргендігі  де  белгісіз  екендігі

айтылды.  Комиссия  мүшелері  қорыта  келе  азаматша  Воронкова  Анаста-

сия        Викторовнаның ата-ана ретінде балаларының тәрбиесімен айна-

лыспайтындығын,  жасы  кәмелетке  толмаған  балаларының  өмір  сүруіне

қажетті жағдай жасамағандығын, бірнеше айдан бері тұрғылықты жерінен

табылмай,  балаларын  қараусыз  қалдырғандығына  байланысты  ата-ана-

лық  құқынан  айыру  керек  деген  шешімге  келіп,  істі  облыстық  кәмелетке

толмағандардың  істері  жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық  соты-

на  жіберуді    ұсынды.  Сонымен    қатар    балалардың    әкесі      азаматша

А.Воронкованың  жұбайы  Кемалов  Ерланды  жұмыссыз  ретінде  есепке

қойып, жұмыспен қамту мәселесін шешу аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімінің  басшысы  А.Нұрғалиевке,

Шұбарқұдық ауылдық округінің әкімі А.Қалмағанбетовке отбасы жағдайы-

ның төмендігіне байланысты  Е.Кемаловтың отбасылық жағдайын ескере

отырып, балаларға жәрдемақы алу және тұрғын үй жәрдемақысын алуы-

на  қажетті  құжаттарды  жинақтауға  кеңес  беру  жүктеліп,  аудандық  білім

бөлімінің басшысы Ғ.Адаевқа  Ж.Кереев  орта мектеп әкімшілігіне Е.Кема-

ловтың  балаларын  Ж.Кереев  орта  мектебі  жанындағы  интернатқа  орна-

ластыру мәселесін қарастыру, ата-анасымен және балаларымен сөйлесу

тапсырылды.

  Аудандық  білім  бөлімінің  ұсынысына  орай  Ә.Молдағұлова  атындағы

орта мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрманова Аида мен 7 сынып оқушы-

сы  Нұрманов  Ринаттың  ата-аналары  Нұрманов  Ержан  Амандықұлы  мен

Омарова Кәмшат Қуанышқызының ата-аналық міндеттерін орындамауы,

балаларының  өмір  сүру  жағдайын  қамтамасыз  етпеуіне  сәйкес  ұсыныс

қабылдау, аталған мәселенің оң шешілуіне ықпал ету мәселесі қаралды.

Баяндамашының  айтуына  қарай  Е.Амандықұлы  «Достық»  ЖШС-нің

жұмысшысы болып келеді. Сонымен қатар айлығын ақшалай емес заттай

алып келгендігі сөз болды.  Комиссия мүшелері істі толықтай қарай келе

Шығырлы ауылдық округі әкімі С.Қадыров пен  Ә.Молдағұлова атындағы

орта  метеп  әкімшілігіне  Шығырлы  ауылының  тұрғыны  Нүрманов  Ержан

Амандықұлының  отбасын  бақылауға  алу,  әлеуметтік  тұрғыдан  қолдау

көрсету  тапсырылып,  аудандық  мәслихат  депутаты  Б.Қуандықовқа  сай-

лау  округінің  тұрғыны, «Достық»  ЖШС-нің  жұмысшысы  Е.Нүрмановқа

әлеуметтік қолдау көрсету жөнінде және ісі комиссияда қаралғандығы ту-

ралы  хат  беру  ұсынылды.  Одан  кейін  Шұбарши  ауылдық    округі  жанын-

дағы  жасы  кәмелетке  толмағандардың  құқықтарын  қорғау  жөніндегі  ко-

миссияның  төрағасы  А.Өсербаев.  Шұбарши  ауылдық    округі  жанындағы

жасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия-

ның 2014  жылғы  жұмыс  қорытындысымен  таныстырып  өтті.  Баяндама

назарға алына отырып аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Адаевқа, қала,

ауылдық  округ  әкімдеріне  жеке  басын  куәландыратын  құжатсыз  жүрген

балаларды  анықтау,  комиссияға  ұсыныс  беру,  2015 жылдың  қаңтар  –

ақпан айларында орта мектептерде ер балалар арасында жиналыс өткізу,

сондай-ақ,  аудандық білім бөлімінің басшысы Ғ.Адаевқа  Кеңқияқ, Саркөл

ауылдық  округі,  Шұбарши  кенті    әкімдеріне 2015 жылдың  қаңтар  –ақпан

айларында  орта  мектептерде  қыздар  арасында  жиналыс  өткізу  ұсыныл-

ды.

Бесінші  мәселеде  жасөспірімдер  арасындағы  суицидті  болдырмау,  ал-



дын  алу  бойынша  IV тоқсанда  жасалған  жұмыстардың  жайы  қаралып,

нәтижесінде  аудандық  білім  бөлімінің  басшысына  «Тәуекел»  тобында

тұрған  балаларды  бақылауға  алу,  профилактикалық  жұмысты  күшейту

тапсырылды.

Комиссия  төрағасы  облыс  әкімінің  орынбасары  С.Нұрқатованың

02.12.2014 жылғы № 8766 хатын қарап, комиссия мүшелерінің назарына

ұсынды.  Хат  барысы    назарға  алынып,  комиссияның  жұмысын  жандан-

дыру үшін комиссия мүшелерінің белсенділігін арттыру керектігі айтылды.

Әйелдерді  зорлық-зомбылықтан  қорғау,  әйелдерге  қатысты  жасалып

жатырған қылмыстардың алдын-алу шаралары туралы аудандық ішкі істер

бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторы Ғ.Қарасаева баяндап өтті.

Нәтижесінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан  қорғау, әйелдерге  қатысты

жасалып жатырған қылмыстардың алдын-алу шаралары есепке алынып,

әйелдерге зорлық көрсеткендер қатаң бақылауға алынатындығын жеткізді.

Сонымен қатар отырыста аудандағы әйелдер мен балалардың денсау-

лығын жақсартудағы атқарылған іс-шаралар мен  шартты түрде    соттал-

ғандарды  жұмысқа  тарту мәселесі қаралды.

Қорытынды шығару барысында мәжілістің күн тәртібіндегі қаралған бар-

лық  мәселелерде  комиссия  мүшелері  мен  қатысушылардың  ұсыныс,

пікірлері тыңдалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет