48
49
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
ды. 1990 жылдары трансмәдениеттің теориялық бейнесін
жаһандық мәдениет деп тұжырымдаған жетекші шетелдік әлеу-
меттанушылар мен антропологтар А. Аппадурай, Р. Робертсон,
М.Фэзерстоун, Э. Смит, М. Уотерс және басқалар еді. Теория-
лардың негізгі бағыты
гибридизация процестерінің ағынын
көрсететін біртұтас ағым (global flow) идеясымен байланысты
мәдениеттің жаһандану процесі болып табылады. Мәдени ағым
тақырыбы және М. Уотерстің «виртуалды кеңістік» түсінігін
енгізу ғалымдарға енді «дәстүрлі» кеңістікті уақытқа, мол, то-
лассыз ақпарат легіне және нақты орны жоқ белгісіздікке қатыс-
ты қайта қарауды мәжбүрледі. А. Аппадурай теориясы ғалам-
дық процестердің бейреттілігін, жылдамдығы мен масштабын
аффиксі арқылы береді. Ол ғаламдық конфигурациялардың
ағындарымен байланысқан жоғары технология (high-tech),
жабдық, байланыс және т. б.
техноландшафтты (texnoscape);
капиталдың, трансакциялардың, инвестициялардың ағымдары
тән
қаржылық ландшафтты (finance scape); иммигранттар,
туристер, босқындар, еңбекші-мигранттар ағымымен сипат-
талатын
этникалық ландшафтты (ethnoscape); электронды
ақпараттар ағынына қосылатын суреттердің, символдардың
және белгілерден тұратын
медиа ландшафтты (mediascape),
Ағартушылық дәуірінің дүниетанымымен біріктірілген сим-
волдардың, идеялардың, ой-тұжырымдардың ағымымен ұсы-
нылған
идеологиялық ландшафттарды (ideoscape) ажыратады.
Аппадурайдың
лингволандшафт (linguascape) ағындар теория-
сына сүйеніп, ағылшын тілі лексемалардың отандық лингво-
кеңістіктегі нақты гибридтелген мысалдарын ұсынуға болады.
Сонымен,
техно-ландшафттарда мультимедиа (multimedia)-
бейне/аудио жазбаларды қамтамасыз ететін құралдар жиын-
тығы, дыбыстық бластер (sound blaster) (дыбыстық бластер-
дыбыстық карта), card reader (картаны оқу құралы, картадан
оқу), wi-fi (Wi-Fi - сымсыз Интернет); I-Pad (i-pad - планшет),
т.с.с.
Қаржылық ландшафтта - time share (таймшер - курорт-
тық аудандардағы ұжымдық меншік нысаны), tranche (транш-
облигация шығарылымының үлесі; ХВҚ-дағы квоталар), мер-
чандайзинг (merchandising -сауда-саттық, сату), smart card
(смарт-карта - микропроцессоры бар несие картасы), және т.б.
Медиаландшафтта - prime time (прайм-тайм - теледидарды
жаппай қарау уақыты), poster (плакат, постер), press release
(пресс-релиз), jingle (джингл - музыкалық логотип), art house
(өнер үйі - кәсіби фильм жұмысы), инсерт (insert - жарнама-
лық қосымша), флайерс (fliers парақшалар, үлестірме мате-
риалдар) т.б.
Ағылшын тілімен мұндай қосындылар пиджиндік ағыл-
шын негізінде жасалып, әртүрлі этникалық тілдерде стихиялы
түрде пайда болуда және олардың қолданыс мерзімі аз болып
келеді, бұл – гибридизация үрдісінің нақты мысалы. Ғалымдар-
дың берген анықтамаларының ішінен лингвомәдени аспектіні
нақты көрсететін, ең перспективалы – жетекші британдық
лингвист Д.Граддолдың жаһандану тұжырымдамасын атағы-
мыз келеді. Оның анықтамасына сәйкес, «
Жаһандану – бұл
гомогенизация мен біртектілікке әкелетін процесс емес, жаһан-
дық ықпал жергілікті дәстүрлер, құндылықтар мен әлеуметтік
контекстке сәйкес тілдің, мәдениеттің және саяси ұйымдардың
жаңа гибридті формаларын жасайтын процесс». Бұл анықтама,
шын мәнінде, гибридизацияның әсерін мойындап, ал гомоге-
низацияны жоққа шығарады, ғалымның тұжырымдамасының
мәні – қазіргі жағдайдағы тілдер мен мәдениеттердің бейімде-
лу қабілетін көрсету. Гибридизация, егер жаһандану тілі басқа
мәдениеттерді ассимиляцияға түсірмей, танымдық-коммуни-
кативті қызметті атқаратын болса, жүзеге асады. Осы нақты-
ланған функцияны бұзу идеологиялық тұрғыдан сөлекет және
философиялық негізсіз әрекеттерге әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: