ІІІ. ЖАҺАНДАНУЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ ІІІ. ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІ
Тарауда қарастыратын ұғымдар мен терминдер: Тіл иермені – берілген тілді (әдетте оның ана тілі болып табы-
лады) әртүрлі тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және кәсіби қа-
рым-қатынас саласында белсенді қолданатын, тіл ережелерін
білетін лингвистикалық қауымдастықтың өкілі.
Мұра тіл – азшылық (иммигрант немесе байырғы тұрғын)
тілі, ана тілінде сөйлейтіндер балалық шағында алғаш үйре-
нетін тіл, бірақ әлеуметтік ортада сұраныстың жоқтығынан
ешқашан толық дамымайды.
Лингвицизм – белгілі бір этникалық топта сандық немесе
әлеуметтік жағынан үстемдік етуші тілді білмеу немесе нашар
білу салдарынан жеке немесе этникалық топтың азаматтық
және / немесе экономикалық құқықтарының бұзылуы.
Неолиберализм – еркін нарық пен шексіз бәсекелестікті эко-
номикалық даму негізіндегі әлеуметтік әділеттікке жету мен
дамуды қамтамасыз етудің негізгі құралдары ретінде қарасты-
ратын саяси экономика мен философияның бағыты.
Релятивизм – дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар өзара
тек салыстырмалы қарым-қатынаста болады деген методоло-
гиялық қағида.
Тубон заңы – француз үкіметінің француз тілінің мемлекеттік
құжаттардағы, жұмыс орнындағы, маңдайшалар мен тауар-
лық белгілердегі, коммерциялық келісім-шарттардағы, іскер-
лік байланыстағы және басқа да салалардағы басты ресми тіл
мәртебесін бекіту туралы заңы.
Кеңес беру орталығы (Common Sense Advisory) – аударма
менеджментінің технологиялары мен озық тәжірибелерін, тіл
индустриясының өлшемдері мен сипаттамаларын қамтитын,
бірнеше мүшелік бағдарламалары арқылы Еуропа, Азия және
Америкадағы компанияларға тәуелсіз зерттеу жүргізетін дер-
бес компания.
Глокализация – бұл аймақтық айырмашылықтарды есепке
алып, оларды сақтау және нығайту арқылы жергілікті жағдай,
талап, салт-дәстүр, тіл, мәдениетпен санасып, жаһандану
жағдайында көп бағытты үрдістердің қатар өмір сүруімен
сипатталатын экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму
үдерісі.