Г.Ә. Омарбекова тіл және жаһандану


Әлеуметтану мен коммуникация салаларында



Pdf көрінісі
бет2/67
Дата10.04.2023
өлшемі1,32 Mb.
#81089
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Әлеуметтану мен коммуникация салаларында 
жаһандану заманауи мәдени өнім құралдары (фильм-
дер, теледидар, интернет, жаппай жарнама және т.б.) 
үстемдік ететін ғаламдық бұқаралық мәдениет деп 
түсіндіріледі. Мұнда батыстың мәдени құндылықта-
ры мен техникалары басым болуда. Қазақстанның 
мәдени-қоғамдық кеңістігінде жаһандану міндетті 
түрде модернизациямен «жаңғырумен» бірге дамуда. 
ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа 
бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы [1] аясында 
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа 
оқулық» жобасы, «Мемлекеттік тілді латынға көшіру 
жөніндегі жоба, «Туған жер» жобасы, «Қазақстан-
ның киелі жерлері» жобасы, «Жаһандағы заманауи 
қазақстандық мәдениет» жобасы қолға алынып, іске 
асуда. Н. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты 
мақаласында [2] жеріміз бен халқымыздың тарихын 
зерттеуге және ұғынуға баса назар аударуға шақыра-
ды. Бұл жобалардың басты мақсаты – жаһандық бәсе-
келестікте өз рухани құндылықтарымызды сақтау, 
дамыту және әлемге қазақи бірегейлігімізді паш ету, 
тарату, жастарды елжандылыққа, өз құндылықтары- 
мызды қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. 

Білімнің жаһандануы. Жаһанданудың артықшылығы 
білім саласында әлемдік білім алуды қолжетімді жа-
сады. Жаһандану объективті шындық ретінде жоғары 


4
5
ТІЛ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ
білім берудің ұлттық жүйесінен жалпы адамзаттық 
этикалық құндылықтарға бағытталған, халықаралық 
ынтымақтастық қажеттілігін ескеретін жаңаша мақ-
сатты бағдарлануды талап етті. 2010 жылы Қазақстан 
жоғарғы білім берудің еуропалық аймағына қатыса-
тын елдердің Білім беру Министрлерінің ІІ Болондық 
Форумында – Қазақстан Болондық үдеріске енді. Бо-
лон процесінің қағидаларына сәйкес, ЖОО-да білім 
беру, ғылыми, қаржылық, халықаралық және өзге де 
қызметтерін жүзеге асыруда еркіндік берілді. Бұл сту-
денттердің академиялық кеңістікте әлемдік ұтқыр-
лығын арттырды, сонымен қатар түлектерге жаһандық 
сұраныстағы жұмыстарға орналасуларына мүмкіндік 
берді. Дүниежүзілік азаматтар (notion of global citizens) 
мен дамыған жаһандық жүйенің білімді жұмыс күші 
(the well-educated workforce) деген түсініктердің пай-
да болуы білім берудің басымдықтарын өзгертті және 
тез өзгеретін жаһандық бизнес-ортаға даярлау үшін 
білім берудің дәстүрлі қалыптасқан стандарттары мен 
бағдарламаларына өзгерістер енгізілуде. Себебі сту-
денттер жаһанданған әлемнің өздеріне қойып отырған 
міндеттерін шеше алулары үшін көпмәдениетті, көпса-
лалы ұжымдармен жұмыс жасауға қажетті дағдылар-
мен қарулануы керек. Сонымен қатар, жаһанданудың 
шапшаңдығын мойындай отырып, кейбір елдер жаһан-
данудың жаңа тенденцияларының талаптарына жауап 
беретін білім беру шеңберіндегі өздерінің мәдени 
әралуандығын нақтылау бойынша тиімді ізденістер 
жасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет