Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Әртүрлі қалалардың уақыт айырмашылығын есептеу



бет19/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Өмірзақ Н Б Географиялық есептер

Әртүрлі қалалардың уақыт айырмашылығын есептеу


Әр 15° бойлық сайын сағаттық белдеулер өзгеретін болғандықтан, әртүрлі
қалалардың уақыт айырмашылығы, ол қалалардың бойлық бойынша неше
градус айырмашылық жасайтынына тікелей байланысты.
1-мысал: 116° ш.б. орналасқан Пекин қаласында жергілікті уақыт 12:00
болғанда, 13° ш.б. орналасқан Берлин қаласындағы жергілікті уақытты тап.
Шешу жолы:

  1. ші қадам: Ең алдымен, екі қаланың бойлықтар бойынша неше градус
    айырмашылық жасайтынын тауып алу керек. Екі қала да шығыс бойлықта
    орналасқандықтан, 116° - тан 13°-ты азайтамыз. Демек, екі қаланың бойлық
    бойынша арақашықтығы 103°-қатең.

  2. ші қадам: Енді осы бойлық бойынша арақашықтығын 15°-қа бөлеміз,
    себебі, əp 15° бойлық өзгерген сайын, уақыт бойынша 1 сағат айырмашылық
    жасайды:

= 6,8 сағат, немесе жуықтап алғанда, ≈7 сағат;

  1. ші қадам: Екі қаланың уақыт айырмашылығы 7 сағат екені анықталды.
    Енді, 7 сағат алға немесе 7 сағат артқа қарай өзгеретінін анықтау керек. Eгep, біз
    уақытын тапқалы отырған қала, бізге берілген қаланың батыс бөлігінде
    орналасса, онда уақыт артқа қарай жылжиды. Ал егер, керісінше болса, уақыт
    алға қарай жылжиды. Біз уақытын тапқалы отырған қала - Берлин қаласы, бізге
    берілген Пекин қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Демек, Берлиндегі уақыт
    Пекиндегі уақыттан 7 сағат артта:

12:00 - 7 сағат = 05:00;
Жауабы: Берлин қаласындағы жергілікті уақыт таңғы 05:00.
2-мысал: 74° батыс бойлықта (б.б.) орналасқан Нью-Йорк қаласында 15-
қараша, сағат 20:00 болған кезде, 77° шығыс бойлықта (ш.б.) орналасқан Алматы
қаласында қай күн және сағат неше?
Шешу жолы:
1-ші қадам: Алдымен, екі қаланың бойлықтар бойынша неше градус
айырмашылық жасайтынын тауып алу керек. Қалалардың біреуі батыс
бойлықта, біреуі шығыс бойлықта орналасқан. Сол үшін 74()-қа 770-тi қосамыз.




Сол кезде, екі қаланың бойлық бойынша градустық арақашықтығы шығады, ол
151°-қа тең.
2-ші қадам: Енді осы бойлық бойынша арақашықтығын 15°-қа бөлеміз,
себебі, əp 15° бойлық өзгерген сайын, уақыт бойынша 1 сағат айырмашылық
жасайды:
=10,1 сағат, немесе жуықтап алғанда, ≈10 сағат;


  1. ші қадам: Екі қаланың уақыт айырмашылығы 10 сағат екені анықталды.
    Енді, 10 сағат алға немесе 10 сағат артқа қарай өзгеретінін анықтау керек. Erep,
    біз уақытын тапқалы отырған қала, бізге берілген қаланың батыс бөлігінде
    орналасса, онда уақыт артқа қарай жылжиды. Ал егер, керісінше болса, уақыт
    алға қарай жылжиды. Біз уақытын тапқалы отырған қала - Алматы қаласы, бізге
    берілген Нью-Йорк қаласының шығыс бөлігінде орналасқан. Демек,
    Алматыдағы уақыт Нью-Йорктегі уақыттан 10 сағат алда:

15-қараша, 20:00 + 10 сағат = 16-қараша, 06:00;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет