Халықтың механикалық осу коэффициенті дегеніміз - иммиграция
коэффициенті мен эмиграция коэффициентінің айырмашылығы.
ҰБТ-да келетін есептерде кейде механикалық өсім (жалпы адамдардың
саны), кейде механикалық осу коэффициенті беріледі (‰).
мысал: 2013 жылдың басында «И» мемлекетінің жалпы халық саны
6 500 000 адам еді. 2013 жылы мемлекет аумағынан 95 000 адам басқа елдерге
көшіп кетті (эмигранттар), 115 000 адам ел аумағына көшіп келді
(иммигранттар).2013 жылы И мемлекетінде механикалық өсім қанша адамды
құрағанын, жэне механикалық өсу коэффициенті неше промиллеге(‰) тең
болғанын тап.
Шешу жолы: ші қадам: Механикалық өсімді анықтау үшін, көшіп келген адамдар
(иммигранттар) санынан, көшіп кеткен адамдар (эмигранттар) санын
азайтамыз:
115 000 - 95 000 = 20 000 адам
ші қадам: Механикалық өсу коэффициентін анықтау үшін, механикалық
өсім санын, 6 500-ге бөлеміз, себебі, мемлекеттің халық саны 6 500 000:
20 000 6 500
= 3, 1%о
Жауабы: 2013 жылы «И» мемлекетінің механикалық өсімі 20 000 адамды
құрады, ол мемлекет халқының əp 1000 адамына шаққанда, 3,1 адамды құрайды.
Демек, механикалық өсу коэффициенті - 3,1 %о.
§4.4. Халықтың жалпы өсімін анықтау
Халықтың жалпы өсімі дегеніміз - табиғи өсім мен механикалық өсімнің
қосындысы.
1-мысал: 2020 жылдың басында Намибия мемлекетінің халық саны
2 448 000 адам. 2020 жылы табиғи өсу коэффициенті 36 ‰-гe тең болды, ел
аумағынан 39 500 адам көшіп кетіп, ел аумағына 8 600 адам көшіп келді. 2020
жылы Намибияда халықтың жалпы өсімі неше адамды құрады және жыл
соңында халық саны қанша болды?