Геграфиялық есептер Ұбт-ға дайындалуға арналған кітапша


Шешу жолы: ші қадам



бет14/22
Дата15.11.2023
өлшемі0,92 Mb.
#122784
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Өмірзақ Н Б Географиялық есептер

Шешу жолы:

  1. ші қадам: Табиғи өсу коэффициентін табу үшін, туу коэффициентінен
    өлім-жітім коэффициентін азайтамыз:

31 ‰- 19 ‰= 12 ‰;

  1. ші қадам: табиғи өсу коэффициенті 12 ‰ екені анықталды, енді табиғи
    өсімнің неше адамды құрағанын табу үшін, 12-ні 3 500 - ге көбейтеміз, себебі
    «О» елінің халық саны 3 500 000 адам:

12×3500 = 42 000 адам;
Жауабы: 2005 жылы «О» мемлекетінің табиғи осу коэффициенті 12 ‰-re
тең болды, ал халықтың табиғи өсімі 42 000 адамды құрады.

  1. мысал: Жыл басында Берлин қаласында халық саны 3 660 000 адам еді.
    Жылдық туу коэффициенті 16 промиллеге (%o), өлім-жітім коэффициенті 22
    промиллеге (‰) тең болды. Берлин қаласының табиғи өсу коэффициентін тап.

Шешу жолы:

  1. ші қадам: Табиғи өсу коэффициентін анықтау үшін, туу коэффициентінен
    өлім-жітім коэффициентін азайтамыз:

16 ‰- 22 ‰ = -6 %o, яғни табиғи осу коэффициенті теріс мәнге ие.

  1. ші қадам: -6 - ны 3 660-қа көбейтеміз, себебі, Берлин қаласының халық
    саны 3 660 000:

-6 × 3 660 = -21 960 адам


Жауабы: Берлин қаласының табиғи осу коэффициенті -6 ‰-гe тең болды,
яғни, әр 1000 адамға шаққанда халық саны 6 адамға кеміді (табиғи өсу
коэффициенті теріс мәнге ие).




§4.3. Халықтың механикалық өсімін және механикалық өсу
коэффициентін анықтау

Мемлекет аумағындағы халық әртүрлі себептермен қоныс аударады. Кейде,
мемлекет аумағына басқа елден адамдар көшіп келеді, кейде басқа елге көшіп
кетеді.
Халықтың механикалық өсімі дегеніміз - мемлекет аумағына көшіп
келген адамдар мен көшіп кеткен адамдардың айырмасы. Мемлекет аумағына
басқа елден көшіп келген адамды иммигрант, ал көшіп кеткен адамды эмигрант
деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет