Жер шарының өз осінен айналу нәтижесінде күн мен түн ауысады. Жердің
формасы шар тәріздес болғандықтан, Күн Жер бетіне біркелкі түспейді. Осының
нәтижесінде, Жер шарының əp жерінде, тәуліктің əp уақыты болып тұрады.
Есептеуге ыңғайлы болу үшін, Жер шарын 24 сағаттық белдеугебөлген.
Сағаттық белдеулердің есептеу тікелей географиялық бойлықтарға байланысты
жүреді. Жер шары 180° батыс бойлық және 180° шығыс бойлыққа бөлінген.
Жалпы осы 360° бойлықтарды 24 сағаттық белдеуге бөлген кезде, əp сағаттық
белдеуге 15° бойлық аралығы тиесілі болады.
Гринвич меридианынан 7o30' б. б.
жэне 7o30' ш. б. аралығы нөлдік белдеу
(оның өзі 24-ші де) болып есептеледі.
Белдеулердің есебі осыдан шығысқа
қарай жүргізіледі. Яғни 7° 30' ш. б. пен
22o30' ш. б. меридиандардың аралығы -
бірінші белдеу, 22°30' пен 37°30' аралығы -
екінші белдеу, 37°30' пен 52°30' аралығы -
үшінші белдеу, одан əpi төртінші, бесінші болып 24-ші нөлдік белдеуге дейін
жалғасады.
Жер шары өз осінен
батыстан-шығысқа қарай
айналады, сол себепті Күннің
Жерге түсуі шығыстан-батысқа
қарай жүзеге асады.
180° меридианды датаның
ауысу сызығы деп атайды, жаңа
тэулік 180° бойлықтан бастап,
батыс бағытта Жер шарына
енеді. Жапониямемлекеті жаңа тәулік алғаш енетін мемлекеттердің бірі, себебі,
180° меридианға жақын орналасқан. Сол себепті, Жапония елін «күншығыс елі»
деп атайды.
Мысалы, Токио қаласы 139° шығыс бойлықта (ш.б.) орналасқан. Мысалы,
Токио қаласына жаңа тәулік еніп, 11-желтоқсан 00:00 болғанда, Токиодан
батысқа қарай 15° бойлыққа алшақ, 124° шығыс бойлықта орналасқан қалада,
жергілікті уақыт 10-желтоқсан, 23:00 болады. Яғни, бұл бойлыққа әлі жаңа