989 миллибар = 743.6 мм сынап бағанасы;
1,33 Жауабы: 989 миллибар атмосфералық қысым, 743,6 мм сынап
бағанасына тең.
мысал: 100 м жүргенде бірінші рет 158, екінші рет 157, үшінші рет 159
қадам шықгы. Бір қадамның орташа мөлшері.
Шешу жолы: Ең алдымен, 3 рет өлшеген кездегі қадамдар санының
арифметикалық ортасын табамыз. Ол үшін, 3 көрсеткішті қосып, 3-ке бөлеміз.
Сол кезде, орташа 158 қадам шығады. Енді, 1 қадамның неше метрге тең екенін
табу үшін, 100 метрді 158 қадамға бөлеміз:
100 м 158
≈0,63 м;
Жауабы: 1 қадамның орташа мөлшері 0,63 метрге, немесе 63
сантиметрге тең.
мысал: Erep желдің жылдамдығы 90 км/сағ болса, онда желдің
секундына неше метр жылдамдықпен соғатынын тап.
Шешу жолы:жылдамдықты км/сағ-тан м/с-қа айналдыру үшін, 3,6-ға
белу керек. Ал егер, керісінше, м/с-тан км/сағ-қа айналдыру керек болса, онда
3,6-ға көбейтеміз.
90 км/сағ
= 25 м/с; 3,6 Жауабы: Желдің жылдамдығы 25 м/с-қа тең.
мысал: Қазақстанның темір кенінің қоры 17 млрд тонна. Оның 93%-ы
Соколов-Сарыбай, Қашар, Аят, Лисаков кен орындарында шоғырланған.
Аталған кен орындарының қоры неше тоннаға тең?
Шешу жолы: Бұндай типтегі есептерді қарапайым пропорция куру
арқылы шығарады. Темір кенінің жалпы қорын 100%-ға теңестіріп, Х-ті 93 %- ға
теңестіріп аламыз: