Төрегелді ШАРМАНОВ, Қазақ тағамтану академиясының президенті
Негізі, оның адам ағзасына қабылдайтын әсері ғана бар. Ал әсер ететін түрлендіру факторы (модифицирующий фактор) сыртта қалады, ішке кірмейді. Көпшілігі «ГМӨ генетиканы өзгертеді екен» деп адастырады. Ол ешбір дәлелдеуге келмейтін, дәлелдеу мүмкін емес жалған ұғым. Өйткені генді өзгерту үшін генді модификацияланған факторды үлкен инженерлік әсермен ғана кіргізеді.
Адамның ғана емес, өсімдіктердің, жан-жануарлардың клеткасы бірнеше қабат қорғалған, оған кіруі мүмкін емес. Қанша тырыссаң да кіргізе алмайсың. Мысалы, Америкада соя бұршағының 70 пайызы генді модификацияланған. Мұндай тамақтарды Америкадан артық ешбір ел дайындамайды. Тамақтың көптеген түрлерін тек Қытай, Жапония, Корея жасайды. Америкалықтар – өз денсаулығын күту, сақтау жағынан алдына жан салмайтын халықтардың бірі. Олар ғылыми жолмен әрбір азаматтың денсаулығын сақтауға мұқият қарайды, арнайы ұйым да жұмыс істейді. Америкада өсімдіктер жылма-жыл өсіп жатыр, жиырма жылдан асты әлі бірде-бір зиянын көрсеткен ғылыми дерек жоқ. Зиянды әсері болып жатқан күнде ғылыми түрде жан-жақты тексеріліп, жойып жібереді. «Генді модификацияланған өнімдерді пайдаланамыз» деп Елбасының өзі айтты ғой. Ендеше, оны жай айтқан жоқ, ғылыми деректерге сүйеніп барып айтып отыр.
- Сіздің пікіріңізше, гендік модификацияланған өнімдердің қаупі бар ма, әлде қауіптенуге себеп жоқ па?
Халық ғылыми-техникалық прогрестің жаңа, бірегей жетістіктеріне сенімсіздікпен қарайды, әсіресе бұл тұтынушылардың көп көлеміне қатысты болған жағдайда. Біз ғалымдар ретінде адамдардың алаңдаушылығына түсіністікпен қараймыз, өйткені ГМО тұтынудан белгілі бір салдар туындау мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.
Сонымен қатар, менің пікірімше, халық арасында ГМО туралы аңыздар мен ертегілер тым көп. Олардың көбі негізсіз болып жатады. Түрлі елдерде ГМО-ларды тұтынудың 20 жылдық тәжірибесі оның адамның денсаулығына зиянды әсерінің бір де бір дәлелін көрсеткен жоқ, ал Батыстың халқы өз денсаулығы мен тамағының сапасына аса қамқорлықпен қарайтынын ескеру керек.
Қазақстандағы ГМО проблемасына тоқталсақ, елімізге
Достарыңызбен бөлісу: |