Гендік модифицирленген өнім. Жоспар



бет9/10
Дата31.12.2021
өлшемі1,2 Mb.
#23019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ерлан РАМАНҚҰЛОВ,

Қазақстанның ұлттық биотехнологиялық орталығының басшысы

импортталатын тағам өнімдерінің басым бөлігінің құрамында ГМО барын атап көрсету керек. Мысалы, дәмдегіш ретінде кеңінен пайдаланылатын кетчуптар мен майонездердің құрамында Еуропаға АҚШ -тан экспортталатын және гендік-модификацияланған соя бар. Яғни, біз өзіміз білмей, құрамында ГМО бар өнімдерді бұрыннан тұтынып келеміз.

Гендік-модификацияланған азық-түліктер ХХ ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Гендік-модификацияланған өсімдіктерді өсіру талай халықтарды аштықтан алып қалудың бірден-бір шешімі болып отыр, өйткені мұндай организмдер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді, қуаңшылық жағдайда да, суық аймақтарда да өсе береді, оларға зиянкестер де тимейді және климат талғамайды, жылда мол өнімге қол жеткізуге мүмкін болып отыр. Сондықтан дүние жүзінің көптеген өркениетті мемлекеттерінде ГМО өндіру бұрынырақ қолға алынып, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан. Соңғы жылдар ішінде гендік-модификацияланған өсімдіктерді өсіретін алқаптардың аумағы 40 есе артып отыр. Гендік инженерияның дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор. Оның көмегімен ерекше аминқышқылдарды жинақтай алатын жаңа организмдер өндіріліп, дәрі-дәрмек өндіруде жаңа әдіс технологиясы дами бастады. Сонымен қатар, трансгенді организмдер табиғи экологиялық жүйелерді де қайтымсыз өзгеріске ұшырататыны дәлелденіп отыр, себебі мұндай организмдердің басқа өзгертілмеген өсімдік түрлерінен артықшылықтары басым, яғни әрі өсімтал, әрі күй талғамайды, суды да аз қажет ететіні олардың маңыздылығын тіпті арттыра түседі. Трансгенді өсімдіктерді химиялық тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолданбай өсіруге болады. Мұндай өнімді құрт жемейді, шірімейді және ұзақ сақталады. Қазақстан климаты шұғыл континентті, егіс алқаптарының аумағы өте үлкен территорияларды алып жатыр, олардың басым көпшілігі жаңбырдың жылдық мөлшері егін егуге жеткіліксіз аймақтарда орналасқан, сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін арттырудың ең қолайлы жолы - гендік-модификацияланған өсімдіктерді өсіру болып отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ



Қазақстан климаты шұғыл континентті, егіс алқаптарының аумағы өте үлкен территорияларды алып жатыр, олардың басым көпшілігі жаңбырдың жылдық мөлшері егін егуге жеткіліксіз аймақтарда орналасқан, сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін арттырудың ең қолайлы жолы - гендік-модификацияланған өсімдіктерді өсіру болып отыр. Қазақстанда гендік- модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылғанымен, әзірге елімізде гендік модификация қызметін реттейтін заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, елімізде дүкен сөрелерінде көріп жүрген азық-түліктердіі маркировкасында ГМО қоспасының бар немесе жоқтығы жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланатын мемлекеттер қатарына жатады.

Қарап отырсақ, ғылыми-зерттеулердің барлығы өзге елдердікі. Бірақ сол өнімді Қазақстан да пайдаланады. Мамандардың айтуынша, біздің елде ГМО-ға тексерістің мүлдем жүргізілмейтінін оны өндірмейтіндігімізбен түсіндіруге болады. Демек біз үшін ГМО-ны өндіруші негізгі ел АҚШ зиянсыз десе, «ГМО зиянсыз» деген сөз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет