Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен
ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі.
да
Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.
ГМО -нің түрлері
ГМО-нің пайдасы
Гендік-модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді, оларды зиянкестер де жей алмайды және олар климат талғамайды, қуаңшылық немесе суық аймақтарда да өсе береді. Гендік инженерияның соңғы жетістігі арқасында жылма-жыл азық-түліктік көкөністердің жоғары өнімін алып отыруға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан дүние жүзінің көптеген өркениетті мемлекеттерінде ГМО өндіру бұрынырақ қолға алынып, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқан. Сонымен қатар, ГМО өнімдер қазіргі таңда азық-түлік өндірумен қатар, дәрі-дәрмек өндіру үшін де қолданылып отыр. Гендік инженерияның дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор. Оның көмегімен ерекше аминқышқылдарды жинақтай алатын жаңа организмдер.
Қазақстанда ел аумағында гендік- модификацияға ұшыраған азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым министрлігі құрды.
Әзірге елімізде гендік модификация қызметіне тосқауыл қоятын заңнама жоқ. Кей мамандардың айтуынша, азық-түлік қорабында ГМО қоспасы жөнінде ақпарат берілмегендіктен қазақстандықтар гендік өзгеріске ұшыраған өнімді шамадан тыс пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |