Гендік модифицирленген өнім. Жоспар


Гендік модификацияланған өсімдіктерді химиялық улар: гербицид, пестицид, инсектицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды қолданбай-ақ өсіруге болады



бет6/10
Дата31.12.2021
өлшемі1,2 Mb.
#23019
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гендік модификацияланған өсімдіктерді химиялық улар: гербицид, пестицид, инсектицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды қолданбай-ақ өсіруге болады. Себебі, бұл организмдер құрғақшылыққа, суыққа шыдамды және зиянкестер олардың өнімділігіне әсер ете алмайды. Егер адамзат бүгінде ГМ- организмдерді өсіруден бас тартса, онда пестицидтер, гербицидтер және басқа улы химикаттарға қайта оралуға тура келеді.

Бұрынғы Кеңес дәуірі кезінде азық-түлік бағдарламаларын жоспардан тыс орындау мақсатында егіс алқаптарына, бау-бақшаларға улы дәрілер: пестицидтер ешғандай бақылаусыз себілген. Оның салдарынан топырақ улы химикаттармен ластанған, топырақта өскен жеміс-жидектерде тыңайтқыштар мен пестицидтердің мөлшері артып, тұтынған халық арасында улану жағдайлары көбейіп кеткен және өзекті мәселеге айналған. ГМО тыңайтқышсыз жоғары өнім бере алады.



Гендік инженерия медицина, ауылшаруашылығы салаларында пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі, өйткені климаттық жағдайы нашар аумақтарда да егіннің мол шығуына құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер түрлерін өсіруге мүмкіндік туғызады. Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде дәрі-дәрмек, азық-түлікті молынан өндіру үшін генді-модификацияланған организмдерді көптеп өсіріп, оларды тамақ өнімдерін, дәрілік заттар өндіру үшін барған сайын кеңірек қолдана бастады.

Жер бетінде халықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сондықтан адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып отыр. ГМО-өнімдері ғаламшарымызды ашаршылықтан сақтайды. Себебі, гендік модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді және климаттың ерекшеліктері де олардың өнімінің жоғары болуына әсер ете алмайды, ал керісінше, гендік модификацияға ұшырамаған өсімдіктер климаттың өзгерісіне сезімтал болғандықтан, қаншама халықтар кейбір ауа райының қолайсыз болған жылдары небір аштықты басынан өткізіп, тіпті қырылып қалып отырғаны тарихтан мәлім.

Алғашында ГМО өнімдерін ғаламшарымызды мекендейтін халықтарды ашаршылық қаупінен сақтау мақсатында өндіре бастаған. Ғалымдардың айтуы бойынша халықтар санының өсу қарқынында тек ГМО өнімдері ғана әлемді аштық пен жұттан сақтап қала алады, себебі гендік-модификация арқылы тағамның шығымы мен сапасын арттыруға болады. Сондықтан, ГМО өнімдері Африканың кейбір ең кедей деген елдеріне жіберілген, соңынан әлемнің барлық дамушы елдеріне таралды.

Тарихи деректер бойынша талай халықтар түрлі себептермен небір ашаршылықтарды басынан өткізген. Мысалы, Германияда 1939 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін химиялық тыңайтқыштарды қолданбай, тек табиғи компост,  органикалық тыңайтқыштарды ғана қолданып өсіру туралы үкімге қол қойылған еді, Үшінші Рейхтың эксперименті сәтсіз болып шығып, Германияда ашаршылық басталған болатын. Ал қазіргі кезде генетикалық модификацияланған организмдер бұл химиялық тыңайтқыштарсыз өсе береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет