Геодезияның негізгі ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері



Дата26.12.2023
өлшемі265,37 Kb.
#144144
Байланысты:
DOC-20231220-WA0001.

ГЕОДЕЗИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

Дайындаған: Абылхаева А. А

Тексерген: Кауметова Д. С.


Дайындаған:
Ж.Рахат
А.Дәурен

Геодезияның негізгі аспаптары

Геодезия

  • Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) — Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы.Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады. Г-дағы координаттық негіздер триангуляция, полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Г-сын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің фотогр. бейнесі алынды, осыған байланысты Г-ның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын (кен қазбаларын, мұнай мен газ өнімдерін, т.б.) меңгеруде инж.-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты Г-сының маркшейдерияның) тәсілдері қажет. Г-ның ғыл. және практикалық шешу әдістері матем. мен физ. заңдарына негізделген. 

Тахеомерт – геодезияның негізгі аспаптардың бірі.

Қазақстандағы геодезия

  •  Республикада ғылыми және практикалық мәні зор көптеген геодезиялық және топогр. жұмыстар жүргізіліп келеді. Егер 1917 ж. дейін Қазақстан аумағының тек 13,5%-іне 1:126000 масштабты аспаптық түсіру жұмыстары орындалса, 1945 ж. ол 86,6%-ке жеткізілді және масштабы 1:100 000, 1:200 000 топогр. карталар жасалды. 1920 — 45 ж. 22800-ден астам пункттің триангуляциясы анықталды. 1950 жылдары Қазақстан аумағы толығымен түсіріліп бітті. 1954 ж. масштабы 1:25000 картографиялық түсірілу басталды. Дәлдігі жоғары 1-, 2- және 3- класты мемл. триангуляция торы құрылды. Бұрынғы шығарылған масштабы 1:100 000 карталар жаңартылды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық институтытының Қазақстан филиалы Геодезия және картогр. Бас басқармасының картогр. материалдарын пайдаланып Қазақстан аумағының фотокартасын түсірді және а.ш-ғының картасын жасады (1960). Г-лық тәсілдермен жер сілкінудің алдын ала болжау мүмкіндігін анықтау мақсатында, жер қыртысының жылжуын зерттеу үшін Тянь-Шань аймағында геодинамикалық болжау полигоны құрылды. Полигонда қазіргі кездегі жер қыртысының жылжуының вертикаль және горизонталь құраушылары зерттеледі.

Аэрофототопография

Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын жерден және әуеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудьщ әдістерін талдаумен айналысады. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдайды.

  • Аэрофототопография жердің карталары мен пландарын жерден және әуеден түсірген фотосуреттер бойынша жасаудьщ әдістерін талдаумен айналысады. Теңіз геодезиясы мұхиттар мен теңіздер түбінің табиғи корларын барлау мен картаға түсіруге байланысты арнайы өлшеу әдістерін талдайды.
  • Қолданбалы немесе инженерлік геодезия іздеулер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, жабдыктарды құрастыру, сонымен қатар еліміздің табиғат байлықтарын пайдалану кезінде атқарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда геодезиялық әдістері кең пайдаланылады, ал кейбір жағдайларда оны өз тәсілдері мен құралдары арқылы шешеді.
  • Геодезияның шаруашылықтың түрлі салаларында практикалық маңызы зор. Мысалы, геодезиялық олшеулер жолдар, каналдар, жер асты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілер) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы қазба кен орындарын барлау және игеру кездерінде кең қолданылады. Геодезия жерді орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, әскери операцияларға талдау жасау және тағы да басқалары үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде "ОР5" спутниктік нави-гация жүйесінің пайда болуына байланысты жер бетіндегі нүктелердің үш өлшемді координаталарын анықтау тез және жоғары долдікпен орындалатын болды. Геодезиялық түсірулерді жүргізу мақсатымен жетілдірілген электрондық тахеометрлер, сандық нивелирлер, лазерлік рулеткалар және тағы да басқалары шығарыла бастады. Осыған орай геодезия ғылымында инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жургізудің технологиясы мен әдістері біршама езгеруде. Геодезияның, картографияның, аэротүсірудің, электрониканыц және ғарыш геодезиясының соңғы жетістіктері инженерлік объектілерді жобалаудың, салудың және пайдаланудың автоматтандырылған жүйесінің жаңа технологиясын жасауға және оған өтуге мүмкіндік тудыруда.

Ғарыш геодезиясы

  • Жердің жасанды серіктерінің көмегімсн жер беті нүктелерінің геометриялық арақатынастарын зерттейді. Геодезия немесе топография жер бетінің біршама шағын телімдерін түсірумен байланысты мәселелерді зерттейді. Картография жер бетінің едәуір аумағының кескіндерін әр түрлі мақсаттағы карталар түрінде жасау әдістері мен процестерін, оларды жасау және көбейту технологиясын зерттейді.

Назарынызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет