Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Kahoot»



бет1/3
Дата03.04.2023
өлшемі19,6 Kb.
#78589
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
әріптестер пікірі


№42 Н.Балғымбаев атындағы орта мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі,
«Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренері
Бекболат Аругүл Бекболатқызының
2 желтоқсан 2022 жылы болған
зерттеу сабағына

П і к і р

Сабақтың өту барысы, оқушыға қойылған мақсаты, талаптары,
оқушының жас ерекшелігіне, тиімділігіне сай алынған.
Сабақ өткен сабақпен байланыстырылған, сұрақтар қою әдісін қолдану арқылы өткізілді.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында «Kahoot» ойыны және «Blum daizy» әдісі таңдалған. Бұл бөлімде оқушылардың білім деңгейін анықтау көзделген.
Жаңа материалды ашу бөлімінде classroomscreen.com тақтасын ұтымды пайдаланылды. Электронды тақта арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық танымдық белсенділігін арттырды деп ойлаймын. Бұл әдіс оқушылардың жаңа материалды тиімді меңгеруіне мүмкіндік туғызды деп есептеймін.
Сабақта «Деңгейлік тапсырмаларды» орындау компьютермен жұмыс арқылы жүргізіліп тақырып ұтымды пысықталды. Уақытында үй тапсырмасы берілді. Оқушыларды бағалау «Бағалау парағы» бойынша жүзеге асты. Бұлай бағалау әділ, ашық түрде оқушы білімін бағалайды.
Сабақ тиянақты көрнекілікпен, техникалық құралдар қолдану арқылы және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артып, сабақ мақсаты бойынша оқушылар ауа райы туралы жаңа сөздерді, сын есімнің салыстырмалы, күшейтпелі шырайларын меңгерді, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.
Пікір жазған: Махамбетова Асемгүл Махамбетқызы
Ағылшын тілі пәні мұғалімі, бірлестік жетекшісі
Педагогикалық еңбек өтілі 11 жыл

№42 Н.Балғымбаев атындағы орта мектептің


ағылшын тілі пәні мұғалімі,
«Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренері
Бекболат Аругүл Бекболатқызының жұмысына
Пікір

Мұғалім - мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Ұстаз – киелі мамандық. Осындай мамандық иесінің бірі №42 Н.Балғымбаев атындағы орта мектебінде 1 қазан 2022 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Бекболат Аругүл Бекболатқызы өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана білетін ұстаз.


Бекболат Аругүл Бекболатқызы шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы , инабатты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «таланты өсіретін – талап» екенін көруге болады. Биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін ұстаздың бірі. Келе сала, өз біліктілігін көрсетіп, коучинг, семинарлар ұйымдастырды. «Сыншы дос: мұғалім нәтижесінің негізі» атты коучинг ұйымдастырып, сыншы доспен жұмыс жасаудың тиімділігін ашып көрсетті.
Сонымен қатар, мектебімізге Lesson Study зерттеуді ұйымдастырып, «Шабыт», «Бастау» фокус топтарын құрып, белсенді жұмыс жасады. Фокус топ мүшелеріне үйретіп, 2-сыныпты зерттеу объектілерімен зерттеулер жүргізді.
Алдағы уақытта Бекболат Аругүл Бекболатқызына зор денсаулық, мол бақыт, талмас талап, еңбекте жеміс тілеймін.
Пікір жазған: тарих пәнінің мұғалімі,
Камешова Бөбек Бақтығалиқызы
Педагогикалық өтілі 18 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет