Жаңадан игеріліп жатқан аудандар: Аляска (АҚШ), Канаданың солтүстігі, Гренландия (Дания), Аустралияның шөлді аудандары
Дамушы елдердегі аумақтық құрылымның отарлық типінің басты белгілері: елдің жекелеген бөліктерінің күшті айырмашылық жасауы, дамыған өнеркәсіп және ауылшаруашылықты аудандардың аздығы, көлік жолдарымен қамтылудың төменгі деңгейі, аумақты пайдаланудың ошақты сипаты
Дамушы елдерде басты орталықтың қызметін атқарады: астана
Экономикалық астаналар: Үндістан-Мумбаи, Бразилия-Сан-Паулу, Марокко-Касабланка
Дүниежүзілік мұхитқа шығуын қамтамасыз ететін теңіз порты болатын қалалар: Мехико үшін Веракус, Сантьяго үшін Вальпараисо, Кито үшін Гуаякиль
Бразилия астанасыв Рио-Де-Жанейро қаласынан Бразилиаға ауыстырылу себебі: экономиканың жеделдету үшін
Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын, даму ерекшеліктерін көрсететін көрсеткіштер: ел экономикасының типі, ЖІӨ көлемі мен құрылымы, халықтың өмір сүру дейгейі мен сапасы, елдің ғаламдық бәсекеге қабілеттілігі
Дүниежүзіндегі ЖІӨ көлемі ең жоғары елдер: Қытай, АҚШ, Үндістан, Жапония, Германия, Ресей, Бразилия, Индонезия, Ұлыбритания
ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіші жоғары ел: Катар
ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіші төмен ел: Орталық Африка Республикасы
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер саны: 35
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Азия елдері: Түркия, Корея Республикасы, Жапония, Израиль
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Америка елдері: Канада, Мексика, АҚШ, Чили
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше Еуропа елдері саны: 25
Қазіргі кезде дамыған елдер экономикасының басты қозғаушы күші: ғылыми-техникалық прогресс
Достарыңызбен бөлісу: |