Геофизическое исследование скважин каз



Pdf көрінісі
бет2/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#22783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 



дəрісКІРІСПЕҰҢҒЫМАНЫ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ 

ƏДІСТЕРМЕН ЗЕРТГЕУ 

 

1. Əдістің маңыздылығы жəне қалыптасуы 



Ұңғыманы  геофизикалык  əдістермен  зерттеу  (ҰГЗ)  - 

қолданбалы  геофизиканың  6ip  саласы.  Ол  пайдалы  қазбалар  кен 

орындарын  іздестipy,  барлау  жəне  пайдалану  барысында  геологиялық 

жəне техникалық мəселелерді шешу үшін кеңінен пайдаланылады. 

Геофизикалық  əдістер  ұңғымадан  тасбаған  (керн)  алмай-ак, 

оның  геологиялық  қимасы  жайлы  толық  мағлұматгар  алуға  мүмкіндік 

береді.  Ал,  бұл  бұрғылау  жұмыстарының  тиімділгін  арттырып, 

пайдалы  қазбалар  кен  орындарын  барлау  жəне  пайдалану 

жұмыстарының бағасын арзандатады. Əсіресе, бұл айтылғандар терең 

ұңғыма  арқылы  шығарылатын  мұнай  мен  газ  кен  орындарына 

тікелей байланысты. 

Жалпы  геологиялық  жəне  геофизикалық  барлау  əдістері 

арасында  осы  зерттеудің  маңызы  жылдан-жылға  өсуде.  Бұл  əр 

түрлі жағдайға байланысты: 

Біріншіден,  жер  бетіне  жақын  жатқан  кен  орындары  жыл 

сайын 


азайып 

келеді, 


сондықтан 

жер 


қойнауының 

терең 


бөліктеріндегі  кенді  алу  үшін  терең  ұңғымалар  бұрғылау  қажет. 

Олардың  тиімділігін  арттыру  үшін  белгілі  геофизикалық  əдістерді 

кеңінен қолданып, тасбаған алуды жойып немесе азайту керек. 

Екіншіден,  ұңғыма  тереңдеген  сайын,  одан  тасбағанды  алу 

қиындай  түceдi  жəне  оны  жер  бетіне  шығарып  зерттеу,  табиғи 

астасуына сəйкес келмейді. 

Геофизикалық  əдістермен  зерттеу  əдетте,  мұнай  мен  газ 

ұңғымаларын бұрғылау кезінде сынамалауда (опробование) жəне оны 

пайдалануда  кеңінен  қолданылады.  Бұл  əдістер  төрт  түрлі  бағытта 

жүргізіледі:  

1)

 

ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу;  



2)

 

ұңғыманың техникалық жағдайын бакылау;  



3)

 

мұнай мен газ кен орындарын игеру барысына бақылау 



жасау;  

4)

 



геофизикалық  жұмыстар  жүргізілетін  ұңғымаларда 

атқылау-жару жұмыстарын орындау. 




 

Ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу  -  аталған бағыттар 



арасындағы 

маңыздысы 

болып 

саналады. 



Бұл 

бағытта 


геофизикалық  əдістердің  барлық  турі  яғни  электрлік,  магниттік, 

paдиоaктивтік,  термиялық,  акустикалық,  механикалық  геохимиялық 

жəне  баска  да  əдістері  пайдаланылады.  Аталған  əдістердің  ic 

жузінде  пайдаланылуы  əр  түрлі  табиғи  жəне  жасанды  физикалық 

өрістерді зерттеуге негізделген. 

Кез  келген  өрістің  қарқындылығы  əртүрлі  факторларға,  ең 

алдымен,  ұңғыма  қимасын  құрайтын  жыныстардьң  физикалық 

қасиеттеріне  (меншікті  электр  кедергісі,  диэлектрлік  жəне 

магниттік 

өтімдiлiri 

— 

өткізгіштігі, 



электрохимиялық, 

қарқындылығы,  радиактивтігі  жəне  т.б.)  байланысты.  Осы  аталған 

касиеттерді  сипаттайтын  параметрлер  (көрінерлік  меншіктi  электр 

кедергісі, жыныстардың меншікті немесе жасанды поляризациялық 

потенциалдары,  ток  күші,  гамма-сəулелену  қарқындылығы, 

жылулық  нейтрондардың  тығыздығы,  температура,  серпімді 

толкындардьң  таралу  уакыты  мен  жылдамдығы  жəне  т.б.)  зерттеу 

кезінде  диаграмма  түрінде  үздіксіз  тіркеледі  (жазылады)  немесе 

белгілі  бip  интервалмен  қайта  өлшенеді.  Сол  өзrepicінe  қарай 

ұңғыма  қимасының  литологиялық-петрографиялық,  коллекторлық 

жəне басқа сипаттамалары бағаланады. 

Ұңғыманың  геологиялық  қимасын  зерттеу  нəтижесінде 

алынған  геологиялық  жəне  геофизикалық  мағлұматтар  əртүрлі 

мəселелерді  шешу  үшін  пайдаланылады:  1)  қиманы  геофизикалық 

параметрлер  өзгерісіне  байланысты  болу  жəне  геофизикалық 

коррелятивтерді  (реперлерді)  табу;  2)  ұңғыма  қимасын  құрайтын 

жыныстарды  ажырату;  3)  коллекторларды  табу  жəне  олардың 

қасиеттерін (кеуектілігі, өтімділігі, саздыльғы жəне т.б.) зерттеу; 4) 

əр  түрлі  пайдалы  қазбаларды  (мұнай,  газ,  таскөмір,  тасты  тұз, 

рудалар,  жер  асты  сулары  жене  т.б.)  тауып,  олардың  орналасуын 

анықтау; 5) пайдалы қазбалардың қорын есептеу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет