Геофизическое исследование скважин каз



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#22783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Колдеев Е.И. Ұңғымаларды геофизикалық зерттеулер

 

Ұңғыманың техникалық жағдайын зерттеу 

Бұл  зерттеулер  ұңғыма  оқпанының  (бойынын)  қисаюын, 

ұңғыманың нақты диаметрі мен қимасының кескінін (профилін), су 

жұтқыш қабаттарды  табу  жəне  ұңғыма  түбін (тереңдігін) анықтау, 

қаптама  құбырының  (обсадная  труба)  сыртындағы  судың 

айналымы  мен  ұңғыма  қабырғасының  цементтелу  деңгейін 

анықтау,  ұңғыма  апатынан  кейін  қалған  металдық  заттарды  табу 

жəне көптеген басқа мəселелерді шешу үшін жүргізеді. 



 

Мұнай  мен  газ  кен  орындарын  пайдалану  барысында 



бақылау жүргізу жұмыстары төмендегідей мəселелерді шешеді: 1) 

мұнай  мен  газды  қабатталу  бетінен  сығып  шығару  процесін 

зерттеу; 2) мұнай қабаттарының пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу; 

3)  ұңғыма  оқпанында  кездесетін  флюидтер  (газды  не  сұйық 

ерітінділер)  кұрамын  анықтау;  4)  пайдалану  жəне  айдамалау 

(нагнетательный) ұңғымаларының техникалық жағдайын зерттеу. 

Ұңғымада  атқылау-жару  жəне  басқа  жұмыстар  жүргізу 

қатарына  жататын  зерттеулер:  1)  ұңғыма  мен  оның  қабырғасы 

арасындағы  жапсарды  (контактіні)  жақсарту  үшін  қаптама 

құбырлар бойын тесу; 2) ұңғыманы жан-жақты зерттеу мақсатында 

бұрғылау құбыры бойынан жыныстар үлгісін (образец) алу. 

Ұңғыманы геофизикалық əдістермен зерттеу мұнай мен газ 

кəсіпшілігінде,  көмір  жəне  рудалық  кен  орындарын  барлауда, 

гидрогеология  жəне  инженерлік  геология  зерттеулері  барысында 

пайдаланылатын маңызды зерттеулер қатарына жатады.  

Ұңғымадан 

алынған 

материалдарды 

талдау 

дала 


геофизикасы 

жұмыстарына 

қарағанда 

жаңа 


геофизикалық 

интерпретациялау  тəсілдерін  қажет  етеді.  Олардың  нəтижелері 

ұңғыманың  геологиялық  қимасы  жəне  сол  қимадағы  пайдалы 

қазбалар қабаттары жайлы құнды мағлұматтар береді. Бұл процесс 

төрт кезеңнен тұрады.  

кезең - ұңғымада орналасқан аспаптардан кабель арқылы 

тіркеуші 

аспаптарға 

жеткен 


сигналдарды, 

геофизикалық 

параметрлерді 

сипаттайтын 

қисық 

сызықтармен 



ауыстыру 

(өрінерлік  жəне  тиімділік  кедергі,  меншікті  жəне  жасанды 

поляризациялар  потенциалдары  жəне  т.б.).  Бұл  процесс  дала 

жұмыстары  барысында  диаграмманы  жазу  арқылы  орындалады. 

Диаграмманы  талдаушы  интерпретатор-мамандар  қолына  жоғары 

сапалы эталондалған геофизикалық қисық сызықтар келіп түседі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет