Геофизическое исследование скважин каз



Pdf көрінісі
бет6/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#22783
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
4  кезең  -  геологиялық  зерттеу  нəтижелерін  жоғарыда 

келтірілген 

мəселерді 

шешу 


үшін 

пайдалану. 

Бұл 

интерпретациялаудың  қорытынды  кезеңі,  ол  болашақ  зерттеуді 



жоспарлап, аймақтық геология мəселерін шешу үшін жүргізіледі.  

Ұңғыманы  зерттеудің  алғашқы  геофизикалық  əдістер 

қатарына оның температурасын өлшеу жатады. Мұндай зерттеулер 

өткен  ғасырдың  екінші  жартысында,  алдымен  артезиандық 

ұңғымаларда 

жүргізілген. 

Ал 

мұнай 


ұңғымаларының 

температурасын  өлшеу  1906-1916  жылдары  белгілі  ғалым  Д.В. 

Голубятников 

басшылығымен 

Əзербайжан 

жəне 


Дағыстан 

жерлерінде  жүргізілді.  Бұл  зерттеулер  нəтижесі  ҰҒЗ  əдісінің 

практикалық пайдалылығын толығымен дəлелдеп шықты.  

1926-1928 жылдары К.Шлюмберже (Франция) алғашқы рет 

ұңғыманың  геологиялық  қимасын  электрлік  əдіспен  (көрінерлік 



 

меншікті электр кедергісін өлшеу арқылы) зерттеу əдісін ұсынды. 



1931 жылы Кеңес Одағы геофизика мамандарымен біріге отырып, 

«Шлюмберже» 

фирмасының 

жаңа 


«меншікті 

поляризация 

потенциалдары»  атты  əдісін  практикаға  енгізді.  Осы  əдісті  іс 

жүзінде  пайдалану  нəтижесінде  ұңғыманың  үздіксіз  геологиялық 

қимасын  зерттеуге  мүмкіндік  туды,  ал  бұл  нəтиже  кəсіпшілік 

геофизикасының өсіп, дамуына өз көмегін тигізді. 

Бұрынғы  КСРО  аумағында  кəсіпшілік  геофизикасының 

дамуына  белгілі  ғалым,  мұнай  геологиясының  негізін  салушы, 

академик  И.М.Губкиннің  еңбегі  мол  болды.  1932  жылы  КСРО 

аумағында кəсіпшілік геофизикасының дала партия сандары басқа 

елдерге  қарағанда  1,5  есе  артық  болды.  Бұл  сол  кезде  осы  əдістің 

дамуына аса көңіл бөлінгенін көрсетеді. 

ҰГЗ  зерттеулерінің  саны  көбеюімен  қатар,  бұл  салада 

техника  жəне  əдістемелік  жұмыстар  да  қарқынды  түрде  жүргізіле 

бастады.  1931  жылдан  бастап  ұңғыманың  қисаю  бұрышы  мен 

азимутын өлшейтін арнайы инклинометр атты аспап жасалып, іске 

қосылды.  Құбырларды  бұрғылау  барысында,  оның  қисаюы 

геологиялық қима тұрғызылғанда есепке алынатын болды. 

Ұңғыманы  геофизикалық  əдістермен  зерттеуде  электрлік 

тəсілдердің  үлесі  басқа  тəсілдерге  қарағанда  əлдеқайда  жоғары. 

Кейінгі  кезде  электр  тəсілінің  жаңа  түрлері  іске  енгізіліп,  олар 

мұнай  мен  газ,  көмip,  рудалар  жəне  т.б.  ұңғымаларын  зерттеуде 

кеңінен пайдаланылуда. 

1945—1955  жылдар  аралығында  И.М.  Губкин  атындағы  мұнай 

институтында  (Москва)  кəсіпшілік  геофизикасы  кафедрасының 

ғалымдары  ұңғыманы  микро  деңгейде  зерттеу  үшін  практикаға 

бipнeшe  жаңа  тəсілдер  енгізді.  1948  жылы  X.  Г.  Долль  электр 

əдісінде  электромагнит  өрісінің айнымалы тоғын зертгеуге негізделген 

жаңа индукциялық əдісті практикаға енгізді. 

Ұңғыманы  радиактивті  əдіспен  зерттеу  жұмыстары  1933—1934 

жылдары  КСРО  аумағында  гамма-əдісті  сынамалаудан  басталды.  1941 

жылы  белглі  физик-ғалым  Бруно  Понтекорво  ұңғыманың  қимасын 

зерттеу үшін нейтрондық гамма-əдісін пайдалануды ұсынды. 1942 

жылы А. И. Заборовский мен Г. В. Горшков жаңа нейтрон-нейтрондық 

əдісті практикаға енгізді. 

Ұңғыманы  термометриялық  əдіспен  зерттеу  1931-1932 

жылдары  өнеркəсіп  саласында  электр  термометр  пайда  болуынан 

басталды. Кейін, 1952-1958 жылдары бұл салада жүргізілген талдау-

қорытындылау  жұмыстары,  ұңғыманы  термометриялык  зерттеудің 



 

тиімділігінің жоғары екендігін дəлелдеді. 



Ұңғыманы  магниттік  əдістермен  зерттеу  КСРО-де  1934—1936 

жылдары басталды. Бip топ ғалымдар ұңғыма бойымен жыныстардың 

магниттік    қабілеттілігін  өлшеу  əдісінің  маңыздылығын  дəлелдеп,  бұл 

əдісті іс жүзінде қолдана бастады. 

1935 жылы С. Я. Литвинов пен Г. Н. Строцкий ұңғыма оқпаны 

диаeтpінің өзrepicін өлшейтін жаңа кавернометрия атты əдісті ұсынды. 

Акустикалық 

əдістердің 

ұңғыманы 

зерттеуде 

кеңінен 

қолданылуы  XX  ғасырдың  50-жылдары  басталды.  Алғашкы 

акустикалық 

аппарат 


(ұңғыма 

қимасы 


бойымен 

серпінді 

толқынның  таралу  жылдамдығын  өлшеу  үшін)  АҚШ-та,  кейіннен 

КСРО-да  (Жер  физикасы  жəне  ВНИИГеофизика  институттарында) 

шығарыла басталды. 

ҰҒЗ  əдісінің  өciп  дамуымен  катар,  жер  бетінде  (ұңғыма 

ернеуінде)  тipкeyшi  геофизикалық  аспаптар  мен  құралдар,  ұңғыма 

бойымен  аспаптарды  жоғары-төмен  көтеріп-түсіретін  қондырғылар  да 

шығарыла бастады.  Алғашқыда,  потенциометр  атты  қарапайым  аспап 

көмегімен  ұңғыма  бойымен  аралығы  0,5-1  м  сайын  өлшеулер 

жүргізілетін  болса,  1932  жылдан  бастап  жартылай  автоматты  түрде 

(кейіннен  толық  автоматты)  жыныстардың  көрінерлік  кедергісі  мен 

меншікті  поляризациялық  потенциалдарын  диаграммаға  жазатын 

арнаулы тipкeyшi аппараттар құрастырылды. 

1950  жылдан  бастап  өнеркəсіпте  ұңғыманы  геофизиялық 

əдістермен  зерттеуге  арналған  геофизикалық  лабораториялар  іске 

қосылып, 

көптеген 

өлшеу 

жəне 


өңдеу 

жұмыстары 

автоматтандырылды. 

Қазірде, 

ҰҒЗ-зерттеуі 

толық 


автоматтандырылған 

лабораториялық  кешендермен  жабдықталып,  тіркеу  npoцeci  сандық 

түрде жүргізіледі. Алынған мағлұматтарды өңдеу процесі бірден сол 

лабораториялық кешенде жүргізіліп, нəтижелері жедел талданады. 

 

Негізгі əдебиет 1 нег. [4–10] 



Қосымша əдебиет 1 қос. [7] 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет