Геофизическое исследование скважин каз



Pdf көрінісі
бет22/37
Дата31.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#22783
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
 

Бақылау сұрақтары

 

1.

 



ГГƏ қандай түрлерін білесіз? 

2.

 



ГГƏ  диаграммасында  қуыстарға  жəне  тығыздығы  төмен 

қабаттарға  тəуелді  1

уу

  минимумудары  бір-бірінен  қалай 



айырмаланады?  

3.

 



ГГƏ-ның екізондты ұңғымалық аспабы не үшін 

қолданылады?  

4.

 

ГГƏ зерттеу радиусын атаңыз.  



5.

 

ГГƏ арқылы шешілетін мəселелер.  



 


 

55

10 дəрісҰҢҒЫМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ НЕЙТРОНДЫҚ 

ƏДІСТЕРІ 

 

Нейтрондық  каротаж  (НК)  ұңғыма  қимасындағы  жыныстарды 

нейтрондармен  атқылау  барысында 

γ

  -  сəулелену  жəне  нейтрондық 



сипаттамаларды  зерттеуге  негізделген.  Іс  жүзінде  тұрақты  (стационарлы) 

нейтрондық жəне импулъсті нейтрондық зерттеу əдістері пай-даланылады. 

Тұрақты  (станционарлы)  нейтрондық  əдістеріне  нейтрондық 

гамма-каротаж (НГК), нейтрон-нейтрондық каротаж (ННК) кіреді. 

Нейтрондық  гамма-каротаж  (НГК)  сыртқы  нейтрондар  көзі 

(бастауы)  əсерінен  жыныстарда  пайда  болатын 

γ

-сəулелену  өpici 



сипаттамаларын  өлшеуге  негізделген.  НГК  əдісінде  тіркелетін 

γ

-



сəулеленудің  жалпы  шамасы  үш  түрлі  компоненттер  жиынтығынан 

тұрады:  

1) жыныстарды атом ядроларымен атқылау əсерінен туындайтын 

γ

-сəулелену қарқындылығы I



НГК

  

2)  индикаторға  нейтрондар  көзінен  тікелей  əсер  ететін  немесе 



γ

-

сəулесінің  ұңғыма  қабырғасынан  шашыраған  бөлігінің  индикаторға 



əсерінің қарқындылығы I

ГГК


  

3) жыныстардың табиғи 

γ

-сəулелену қарқындылығы I



ГК

I



НГК

  мөлшері  жағынан  I

ГГК

  мен  I


ГК

-ден  əлдеқайда  жоғары, 

сондықтан  да  НГК  қисық  сызығының  пішініне  жəне  жиынтық 

көрсеткішіне I

НГК

-тің əсері көбірек. 



Шөгінді тау жыныстары нейтрондық қаситеті бойынша екі топқа 

бөлінеді: сутегі мөлшері көп жəне аз. Бірінші топқа (cyтeгi мөлшері көп) 

ылғал  сыйымдылығы  жоғары  (кеуектілігі  жоғары)  саздар,  гипстер, 

корбанаттық  жыныстар  жатады.  Бұл  жыныстар  НГК  диаграммасында 

(үлкен  зондтармен  L

3

»40  см  өлшегенде)  төменгі  көрсеткіштермен 



сипатталады. 

Екінші топқа (сутегі мөлшері аз) кеуектілігі аз жыныстар  -тығыз 

ізбестастар жəне доломиттер, алевролиттер, ангидриттер, тас тұзы жəне т.б. 

жатады.  НГК  диаграммасында  бұл  жыныстар  жоғары  көрсеткішпен 

сипатталады. 

Құрамында  cyтeгi  мөлшері  бірдей  мұнай  мен  су  көрсеткішгері 

НГК  диаграммасында  бірдей  болады,  ал  газды  қабаттар  болса  жоғары 

көрсеткішпен  сипатталады  (қапталған  ұңғымада).  Қапталмаған  ұңғымада 

газды қабаттарды бұл көрсеткішпен бөлу қиынға түседі.  



 

56

Нейтрон-нейтрондық  каротаж  (ННК)  сыртқы  нейтрондар  көзі 



əсерінен  жыныста  пайда  болатын  нейтрондық  сəулелену  өрісінің 

сипаттамаларын өлшеуге негізделген. ННК əдісінің НГК əдісіне қарағанда 

артықшылығы,  оның  көрсеткіші  табиғи 

γ

-сəулеленуден  жəне 



γ

-сəлелену 

көзіне тəуеді еместігінде. 

ННК əдісінің тереңдік қабілеті 20 см<-ден 30 см<-ге дейін cyтeгi 

мөлшері көбейген сайын терендік қабілеттілігі азая түседі. 

Ұңғыма  диаметрі  артқан  сайын  жəне  қоршаған  ортаның 

(жыныстардың)  кеуектілігі  азайған  сайын  стационарлық  нейтрондық 

каротаж (НК) нəтижелеріне ұңғыманың əсері өсе  түседі. Сонымен қатар, 

ұңғыма қабырғасындағы сұйық қабыршағының жəне сазды қабыршақтың 

қалыңдығы  НК  көрсеткішіне  тікелей  əсер  етеді  (аспап  пен  ұңғыма 

қабырғасы  арасы  өседі).  Қапталған  ұңғымаларда  НГК  көрсеткіштері 

кемиді,  сондықтан  да  НГК  каротажы  қапталмаған  ұңғымаларда 

жүргізіледі.  Минералды  сұйықтармен  толтырылған  (ұңғыманы  жуатын) 

ұңғымаларда  тұщы  сумен  (немесе  мұнаймен)  толтырылған  ұңғымаларға  

қарағанда 

γ

-сəулелену қарқындылығы жоғары болады. 



Стационарлық  нейтрондық  əдістер,  əдетте,  гамма-каротаж  басқа 

геофизикалық əдістермен бірге жүргізіліп, айтарлықтай нəтижелер береді 

(сазды,  тығыз  жыныстарды  немесе  кеуектілігі  қабаттарды  ажырату 

барысында).  Мұнай  жəне  газ  ұңғымаларын  зерттеуде  НГК  əдісі  кеңінен 

пайдаланылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет