Слайд-риторика



бет1/12
Дата29.09.2023
өлшемі103 Kb.
#111477
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
РиторЛекцМусалы


МҰСАЛЫ Л.Ж РИТОРИКА пәнінен дәріс

КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ:

1. Риторикалық өнердің пайда болуы мен дамуы


*Ертедегі латын жұрты сөзге ұтқыр, ділмар адамды Ора`тор (лат. Orator < orare говорить – тот, кто произносить речь, выступает с речью, а также тот, кто обладает даром произносить речи, красноречием) десе,антикалық гректер РИ`ТОР, РИТО`РИКА деген атауларды енгізген. Бұларға мынандай анықтамалар берілген: РИ`ТОР – (гр. rhetor оратор) – 1.у древних греков и римлян – учитель красноречия; 2. уст. Оратор, речь которого состоит из пышных и красивых, но малосодержательных фраз. Бірінші жағдайда, көне гректер мен римдіктер оратор - сөзшеңдікке (қызылсөзділікке) үйрететін мұғалім деп түсінсе, екінші жағдайда, оратор - сөзі асып-тасқан әдемі, бірақ сөзінің дәм-тұзы шамалы адам деп ұққан. РИТО`РИКА – (гр. rhetorike) – 1. в античности и в последующие времена – теория и исксство красноречия;
2. напыщенная, красивая, но малосодержательная речь. Бірінші жағдайда, антикалық және одан бергі уақыттарда – сөзшеңдік (ділмарлық) өнерінің теориясы делінсе, кейінгі жағдайда, асып-тасқан, әдемі, бірақ дәм-тұзы шамалы сөздер деп білген.
*Міне, осындай-осындай мәселелерді сөз ету барысында еріксіз назар аударуға тура келетін жайлар аз емес. Мысалы, келешекте қандай мамандықтың басын ұстасақ та біз қалайық-қаламайық, қоршаған ортамен, айнала-төңіректегі адамдармен араласамыз, сөйлесеміз, ойымызды дәләлдеу үшін талас-тартысқа түсеміз. Мұндай харакет, көбінесе, әлеумет ісімен шұғылданушыларға, журналистікті, мұғалімдікті, ақын-жазушылықты, саясаттанушылықты аудармашылықты кәсіп қылғандарға тән болып келеді.
*Қазақтың «Көп қорқытaды, терең батырады» деген қанатты сөз бар. Неге олай? Себебі, мыңдаған адам сиятын алаңдар мен жүздеген кісі отырған залда сөз алу былай тұрсын, күнделікті өзің көріп-біліп жүргендерге арнап баяндама жасаудың өзі оңай емес. Көп алдына шықпас бұрын, кім де болса айтар сөзін ойша шолып көреді, өзінің бой-басына қарайды. Содан мұндай іске кезікпегендіктен, қобалжи бастайды. Ондайға ұшырамас үшін, риторикалық өнерге төселудің сан-сала жолдары бар. Оны келесі дәрістерде рет-ретімен айтатын боламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет