География өзінің одан әрі даму сатысында (XVIII ғ.) геологияға, XIX ғасырдың I жартысында экономикалық (алғашында “статистикалық”) және физикалық географияларға жіктелді. Географияның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, XX ғасырдың басында география ғылымдарының жүйесін қалыптастырды.
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б.пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
•География және табиғат: Ғылыми-педагогикалық журнал: 2004-2005. Қазақстан: Ұлттык Энциклопедиясы: 1-7 томдар. Алматы, 2004.