4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы: Зерттеу және зерттеушілер. Саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесі; далалық, картографиялық, теориялық географиялық зерттеу әдістері; географиялық нысандар мен құбылыстарды номинациялау ерекшеліктері; зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістері; зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістері.
Географиялық карталар. Географиялық деректер базасы. Маңызды қазақстандық географиялық нысандарды, үдерістер мен құбылыстарды карталардан көрсету барысында сипаттайды; Статистикалық деректерді талдау нәтижелері бойынша картограммалар мен картодиаграммаларды жасайды; Қашықтықтан зерделеу әдістерінің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді; Қазақстанның географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді. Географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді; Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдана отырып, географиялық деректер базасын құрастырады. Шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпараттық технологияларын қолданудың маңыздылығын сипаттайды; Геоақпараттық әдістер мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) технологияларының ерекшеліктерін, басқа ғылымдар мен өндіріс салаларымен байланыстарын түсіндіреді. Жерді қашықтықтан зерделеудің әдістерін сипаттап, маңыздылығы мен ерекшеліктерін түсіндіреді. Шаруашылық пен ғылым салаларында геоақпарат технологияларын қолдану маңыздылығын сипаттайды.
Физикалық география. Литосфера. Литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды; жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды. Жер бедерінің қалыптасу және таралу заңдылықта рын зерттейді; Қазақ оронимдерін жіктеп, мағынасын түсіндіреді және транслитерациясын үш тілде ұсынады.
Литосфераның тектоникалық қозғалыстары. Литосфералық катаклизмдер. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг; Дүние жүзінде және Қазақстанда литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді; Қазақстандық компонент негізінде литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіреді.